КҮЛІК (КУЛИКОВ) СОҒЫСЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ
1 Күлік соғысы неден туды?
2 Күлік (Куликово) соғысы қай жерде болды?
2 Күлік (Куликово) соғысы қай жерде болды?
1312 жылы Өзбек хан ислам дінін Алтын Орданың мемлекеттік діні етіп жариялады. Ал Күлік соғысының 1380 жылы болғанын ескерсек, бұл кезде Алтын Орданың мұсылман елі болғанына 70 жыл болып қалған. Ендеше, моңғол-татарлар деп отырғаны - түркілер, яғни қазақтар, біздің ата-бабаларымыз. Ол кезде моңғол деген ұлт жоқ. Қазан татарлары өздерін Алтын Орданың тікелей мұрагерлеріміз деп мақтаныш тұтады.
Ал шын мәнінде, еуропалық бұлғарларға болмаса, олардың моңғол-татарларға ешқандай қатысы жоқ. Керісінше, тікелей мұрагерлері — қыпшақтар, яғни қазақтар екені туралы жақ ашпаймыз. «Кез келген адамнан Дмитрий Донскойдың кім екенін сұраңызшы? Куликово шайқасы, моңғол-татарлардан азат етуші... Егер Дмитрий Донскойға осы сөзді айтыңызшы - «моңғол-татарлардан азат етуші» — ол ақылынан адасар еді. Өйткені ол мойындаған жалғыз патша осы моңғол-татар ханы болатын. Және осы ханды ол жалған билеуші Мамайдан жанын сала корғаған еді.
Ал шын мәнінде, еуропалық бұлғарларға болмаса, олардың моңғол-татарларға ешқандай қатысы жоқ. Керісінше, тікелей мұрагерлері — қыпшақтар, яғни қазақтар екені туралы жақ ашпаймыз. «Кез келген адамнан Дмитрий Донскойдың кім екенін сұраңызшы? Куликово шайқасы, моңғол-татарлардан азат етуші... Егер Дмитрий Донскойға осы сөзді айтыңызшы - «моңғол-татарлардан азат етуші» — ол ақылынан адасар еді. Өйткені ол мойындаған жалғыз патша осы моңғол-татар ханы болатын. Және осы ханды ол жалған билеуші Мамайдан жанын сала корғаған еді.
КҮЛІК (КУЛИКОВ) СОҒЫСЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ.
Күлік соғысы неден туды?
1312 жылы Өзбек хан ислам дінін Алтын Орданың мемлекеттік діні етіп
жариялады. Ал Күлік соғысының 1380 жылы болғанын ескерсек, бұл кезде
Алтын Орданың мұсылман елі болғанына 70 жыл болып қалған. Ендеше,
моңғол-татарлар деп отырғаны - түркілер, яғни қазақтар, біздің
ата-бабаларымыз. Ол кезде моңғол деген ұлт жоқ. Қазан татарлары өздерін
Алтын Орданың тікелей мұрагерлеріміз деп мақтаныш тұтады.
Ал шын мәнінде, еуропалық бұлғарларға болмаса, олардың
моңғол-татарларға ешқандай қатысы жоқ. Керісінше, тікелей мұрагерлері —
қыпшақтар, яғни қазақтар екені туралы жақ ашпаймыз. Кез келген адамнан
Дмитрий Донскойдың кім екенін сұраңызшы? Куликово шайқасы,
моңғол-татарлардан азат етуші... Егер Дмитрий Донскойға осы сөзді
айтыңызшы - моңғол-татарлардан азат етуші — ол ақылынан адасар еді.
Өйткені ол мойындаған жалғыз патша осы моңғол-татар ханы болатын. Және
осы ханды ол жалған билеуші Мамайдан жанын сала корғаған еді.
Ал бұл деген — біздің тарихымыздың тазадан да тазасы. Орыстың жаңашыл
көзқарастағы оқымыстысы Юрий Афанасьев жалған тарих жасаушыларға қарсы
осылай дейді. Сонда Дмитрий Донской азат етуші емес, бірінші қызметші
ғана болғаны ма? Ол да мүмкін. Ізашар Александр Невский мен ізбасар
Дмитрий Донской жеке бастарының мақсаты, жеке биліктері үшін Алтын
Орданың көмек-қолдауына сүйенуі. Бірақ ол маңызды емес. Ал олардың
әулиелігі сол, Ордамен одақтаса білгендігінде еді.
Батысшыл тарихшылар Бату ханның өкіл баласы Невский мен оның жолын
қуушы Донскойдың Орда хандарымен достық қарым-қатынасын ашық жазып,
мұны олардың сатқындығы мен тұмақ киген хандардың табанын жалаған
байғұстығына балайды. Солай дей тұра, Батыстың сол заманда Руське қарсы
крест жорығын жариялағаны туралы жақ ашпайды.
Сондай-ақ Батысты сүймейтін патриот-славяншылдар да бұл жөнінде
үндегісі келмейді. Керісінше, Алтын Ордаға қарсы әулие князьдардың ұлы
ерлігін мадақтауға құмар. Әлі күнге Мамай Алтын Орданың ханы, ал
Дмитрий Донской Күлік (Куликово) даласында Алтын Орданы жеңген болып
саналып келеді. Шын мәнінде, Шыңғыс ханның кіндігінен тарамағандықтан,
Мамай хан бола алмайтын, сол себептен мыңбасы болып жүріп, ол Қырымда
өзінің жеке Мамай ордасын кұрады. Ал Мамай ордасы мен Алтын Орданы
шатастыруға болмайды. Орыс жылнамаларында айтылмағанмен, ежелгі армян
жазбаларында бұл жөнінде тайға таңба басқандай жазылған.
(Айтпақшы, жақында Армения Президентінің Қазақстанға келген сапарында
Елбасының уағдаласқанындай, ежелгі армян жазбаларындағы қыпшақ тарихына
қатысты тұстармен танысуға мүмкіндік алатын болғанымыз қандай жақсы
болды! Кеңес Одағы тұсында бұған әдейі жол жабылып келді.
Экономикамыздың арқасында армян ағайындардың тілін тапсақ, тарихтың
талай қоймасы ақтарылуы мүмкін). Тарихқа үңілсек, ұлы князь Дмитрийдің
рухани әкесі, митрополит Алексий Жәнібек хан мен Тайтула ханшамен
үзеңгілес дос болып, Алтын Ордамен мәңгілікке әскери-саяси одақ құрған
болатын. Егер Тоқтамыс хан Алтын Орданың билігіне келсе, католик
шіркеуінің жоспары, Александр Невскийдің тұсындағыдай, тағы да іске
аспай қалатын.
Литва ол кезде Шығыс Еуропадағы Алтын Ордадан кейінгі алып империя
ретінде Батыстың (Ватиканның) Шығысқа кезенген найзасы болатын.
Қысқасы, ол кездегі шағын Мәскеу Русін (ұлысын) православ дінінен
католик дініне кіргізу үшін Рим папасы тәж-таққұмар Мамай мен ұлы Литва
князі, католик дініндегі Ягайлоны жалдап, армиясын жарақтандырып,
Мәскеуге қарсы аттандырған. Тарихтан белгілі, 1380 жылдың 8
қыркүйегінде болған атақты Күлік соғысы осылай туған. Нәтижесінде,
Мамай жеңіліп, Донской Тоқтамыстың тағын сақтап қалды. Мамайға
көмектесуге тиіс Ягайло мен Олег ұрысқа кешігіп, үлгере алмады. Ал
Мамайдың, Олег Рязанскийдің, Владислав Ягайлоның армиясы қосылғанда,
бүгінгі Ресейдің болмауы да мүмкін еді.
Ал орыс шіркеуі Тоқтамыс ханның қолтығына тығылып қана аман қалғанын,
қаңғыбас татарлардың үш ғасыр бойы православ дініне католиктік
экспансиядан теңдессіз қалқан болғанын жақсы біледі. (Осындайда Ресей
патриархының Астанаға келіп кеткен Рим папасын Мәскеуге жолатпай
қойғаны еріксіз еске түседі екен). Ресей православ шіркеуі тарапынан
Александр Невский мен Дмитрий Донскойдың әулиелер тарапына енгізілгені
де сондықтан. Күлік соғысының моңғол-татарлардан азат етуге ешқандай
қатысы жоқ. Осы шайқастан екі жылдан кейін Тоқтамыс Мәскеуді өртегенде,
Донской неге қаланы қорғап қалмады? Оның үстіне Күлік соғысынан кейін
де Ордаға алым-салық төлеу жүз жылға дейін созылған.
Күлік (Куликово) соғысы қай жерде болды?
Күлік соғысы туралы басты дерек Задонщина шығармасы арқылы жеткені
белгілі. Зерттеушілердің айтуынша, бұл шығарма бізге дейін әлденеше рет
өңделіп, бұрмаланған. Жалпы, орыс тарихын тазарту, түзеу (күзеу)
батысшыл, сақал күзегіш I Петрден бастау алады. Аталған шығармаға
сәйкес тарихтағы ұлы шайқас өткен Куликово даласы қазіргі Тула
облысының Куркинск ауданындағы Дон өзені жағалауындағы жазық дала деп
есептеледі.
Бұл - шамамен Мәскеуден 300 шақырымдай жер. Осы даланы тарихи жер
ретінде күтіп-баптау I Александр, I Николай патшалардың тұсында
басталды. 1850 жылы ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz