«ЗАР ЗАМАННЫҢ» БIР АҚЫНЫ – МАЙЛЫҚОЖА



1 Майлықожа ақын
2 Майлықожа ақынның шығармалары
Қазақ тарих ғылымында әлi күнге тарихи дереккөзi ретiнде қарастырылмай келе жатқан халық мұрасының бiр саласы – қазақ ақын-жырауларының шығармалары десек артық айтпаймыз. Бұл шығармалардағы деректер өзiнiң дәлдiгi, нақтылығы жағынан кез-келген тарихи құжаттарды алмастыратындай дәрежеде. Сонымен бiрге, бұл шығармаларда автордың, кейiпкердiң немесе қоғамның белгiлi тарихи оқиғаға қатысты көзқарасы да қамтылады. Әсiресе, XIX ғ. өмiр сүрген ақын-жыраулар шығармаларында сол кезеңнiң тарихи шындығы кеңiнен орын алған. Осы кезеңде өмiр сүрген қазақтың ақын-жырауларға әдебиет ғылымының «зар-заман» ақындары деп айдар тағуы сол кезеңнiң бүкiл тарихи шындығын, елдiгiнен айрылған халықтың мұң-зары мен қайғы қасiретiн өз шығармаларына арқау етуi болса керек. Дулат Бабатайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Шортанбай т.б. ақын-жырау шығармаларында өзiнiң елдiгiнен айырылып, өзгеге бодан болған халықтың мұң-зары, елiнiң өткенiн аңсау мен мақсатына жете алмасын бiлген ақындарының зарығуы мен торығуы бар. Осы кезеңде өмiр сүрiп, қазақтың, жалпы Орта Азия мұсылмандарының орысқа бодан болғанын көрген Майлықожа ақын шығармаларында да «зар-заман» ақын-жырауларына тән тақырып аясының толық қамтылғандығын көремiз. Майлықожа ақынның «Қонысты орыс алғаны» атты шығармасы Ресей империясының Орта Азияны жаулау саясатының қысқаша тарихы десе болады. Ол алдымен өз шығармасында сол кезеңдегi Қоқан хандығының iшкi ахуалына талдау жасап, мемлекеттiң жағдайының тұрақсыздығын былайша сипаттап бередi:

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ЗАР ЗАМАННЫҢ БIР АҚЫНЫ – МАЙЛЫҚОЖА

Қазақ тарих ғылымында әлi күнге тарихи дереккөзi ретiнде қарастырылмай келе
жатқан халық мұрасының бiр саласы – қазақ ақын-жырауларының шығармалары
десек артық айтпаймыз. Бұл шығармалардағы деректер өзiнiң дәлдiгi,
нақтылығы жағынан кез-келген тарихи құжаттарды алмастыратындай дәрежеде.
Сонымен бiрге, бұл шығармаларда автордың, кейiпкердiң немесе қоғамның
белгiлi тарихи оқиғаға қатысты көзқарасы да қамтылады. Әсiресе, XIX ғ. өмiр
сүрген ақын-жыраулар шығармаларында сол кезеңнiң тарихи шындығы кеңiнен
орын алған. Осы кезеңде өмiр сүрген қазақтың ақын-жырауларға әдебиет
ғылымының зар-заман ақындары деп айдар тағуы сол кезеңнiң бүкiл тарихи
шындығын, елдiгiнен айрылған халықтың мұң-зары мен қайғы қасiретiн өз
шығармаларына арқау етуi болса керек. Дулат Бабатайұлы, Мұрат Мөңкеұлы,
Шортанбай т.б. ақын-жырау шығармаларында өзiнiң елдiгiнен айырылып, өзгеге
бодан болған халықтың мұң-зары, елiнiң өткенiн аңсау мен мақсатына жете
алмасын бiлген ақындарының зарығуы мен торығуы бар. Осы кезеңде өмiр сүрiп,
қазақтың, жалпы Орта Азия мұсылмандарының орысқа бодан болғанын көрген
Майлықожа ақын шығармаларында да зар-заман ақын-жырауларына тән тақырып
аясының толық қамтылғандығын көремiз. Майлықожа ақынның Қонысты орыс
алғаны атты шығармасы Ресей империясының Орта Азияны жаулау саясатының
қысқаша тарихы десе болады. Ол алдымен өз шығармасында сол кезеңдегi Қоқан
хандығының iшкi ахуалына талдау жасап, мемлекеттiң жағдайының тұрақсыздығын
былайша сипаттап бередi:
Қоқанды Құдяр хан сұраушы едi,
Алматы, Ақмешiттен қараушы едi,
Билеген Ташкенттi пәрманашы,
Жарлығы бiздiң елге тараушы едi.

Әулиеата, Ташкент саркар едi,
Олармен Түркiстан да қатар едi.
Жазғырған сыпайыны паткарда ғып,
Үй көрмей Иткешуде жатар едi.

Құдяр хан залымдыққа болды табын,
Үкiметтiң бұрынғыдай қылмай бабын.
Басына құтайтпады құдай тағын,
Маллахан мiнiп алды Қоқан тағын – деп, Қоқан хандығының iшкi жағдайына
талдау жасайды. Сонымен бiрге, Қоқанның әскер басы болған қырғыз Әлiмқұлдың
халыққа көрсеткен зәбiрi мен Байзақ датқаны жазықсыз жазаға тартуы, бұл
оқиғаның орыс әскерiне қарсы тұрған мұсылман әскерiнiң iшкi бiрлiгiне
нұсқан келтiргенi баяндалады.
Ұрысқан сарбаз қырылып қалды демде,
Дұрыстық кем екен ғой қырғыз елде.
Өз қарасын көбейткен Байзақты
Әлiмқұл ұстап алып, қылды пенде.
Және бiр Шәрнәйiптен қосын келдi,
Бұ қосын тау жағынан тосын келдi,
Жазықсыз Байзақты өлтiргенi
Қоқанның дәулетiне кесiр келдi.
Соған қарамастан, қазақтар орысқа қарсы барын салып соғысады. Майлықожа оны
өз шығармасында былайша баяндайды:
Атылды зеңбiректiң даусы тынбай,
Қиямет күн болар ма сiрә мұндай,
Көмешқақпа жағынан көлденеңдеп,
Онда қайрат көрсеттi қыпшақ Мыңбай.
Ер Мыңбай жау жағына қалқа болды,
Ұрысқа оқ тиген соң арқа бердi.
Нешеуiн арыбадан шауып тастап,
Есiл ер оқ тасалап қайта бердi,
немесе
Қоқан қорықты ұрысты көре-көре,
Әр кiлтiн қорғанының бере-бере,
Иқанның бiр ұрысында ерлiк қылды,
Баласы Кене ханның Сыздық төре.
Мұнан ары қарай Майлықожа ақын орыс әскерлерiнiң Самарқан, Каттақорған,
Қоқан, Бұхар, Хиуа жерлерiн алғанын рет-ретiмен баяндайды. Жалпы Майлықожа
ақынның бұл шығармасы көлемi шағын болғанымен өзiнiң тарихи оқиғаларды
баяндалуы жағынан келгенде сол тарихи оқиғалардың жылнамасы десе болады.
Майлықожа ақын орыс жаулаушылығын тек қазақ халқының басына түскен нәубет
деп емес, жалпы мұсылман халықтарының басына түскен ауыртпашылық деп
түсiнедi. Басқа ақындарда Қоқанды да, орысты да қазақ мемлекетiн жоюшы деп
бағаласа, Майлықожа ақында Қоқан билеушiлерiне деген құрмет байқалады. Оған
Майлықожа ақынның Қоқан ханы Құдярдың баласы Мәдәмин бек Ташкент түрмесiнде
жатқан кезiнде iздеп барып, оған көңiл айтуы, кешегi қазаққа тiзе батырған
ханның ұлы деп қарамай, құрмет көрсетуi соның айғағы. Оның Мәдәмин бекке
айтқан мына арнауы Қоқан мемлекетiн де өз мемлекетiм деп қабылдағанынан
хабар бередi:
Дүниенiң дәулетi
Дұшпанға толқып ауысқан.
Байлауда тұрған тұйғындар
Басына қарға, сауысқан,
Сәлем бере келемiн
Аман-есен бармысың,
Кереге-темiр тор қамап,
Көкiрегiне шер жамап,
Керiле алмай тұрған арыстан.
Майлықожа шығармасындағы осы сарын Датқалардың Петiрборға барғаны атты
шығармасында да анық аңғарылады. Қазақ жерiнiң оңтүстiгi мен өзбек, қырғыз
халықтарын толығымен өз қоластына алғаннан кейiн орыс патшасы жаңа қосылған
жерлердегi қазақ, қырғыз, өзбектiң игi жақсыларын жинап, Петербургке
алдырады. Осы оқиға Майлықожа ақынның аталмыш шығармасында баяндалып, сапар
барысында датқалардың басынан өткерген оқиғалары мен сапар нәтижелерi жыр
жолдарына толық арқау болған. Майлықожа өз шығармасында патша өкiметiнiң өз
қоластына енген халықтың психологиялық ахуалы мен оның жауынгерлiк
қабiлетiне баса мән беретiнiн де байқап, ол факторды да шығармасында атап
өтедi. Мысалы, қазақ тайпаларының әрқайсысынан жеке-жеке өкiл алдырса,
қырғыз бен өзбектен бiр-бiр кiсi ғана өкiл алдырады. Осы топ өкiлдерiнiң
әрқайсысына Майлықожа ақын арнайы тоқталып, олардың кiм екендiгiне мән
бередi. Олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XІХ ғасырдың әдебиеттің ерекшелігі
Майлықожа сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармашылық қызметі
Қисса Сейітбатталдың тақырыптық, нұсқалық және көркемдік ерекшеліктері
«Зар заман» ағымы ақындарының әдеби мұрасы
Жабаев Жамбыл– қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Қазақтың ақын жыраулары
Қазақ әдебиетіндегі Зар заман ағымы мен нәзирагөйлік дәстүр (ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы)
Дүние деген сары алтын
Шортанбай шығармашылығын жан-жақты талдау
Жамбыл жырлары - теңіздің терең түбінде жатқан тұңғиық сырдай қол жетпес асыл қазына
Пәндер