Ірі қараның халық шаруашылығындағы маңызы
1. Кіріспе (вариант бойынша осы бағыттағы шаруашылықтың қысқаша сипаттамасы) ... ... . 3
2. Негізгі бөлім
2.1. Малды күтіп.бағу технологиясын санитариялық бағалау (микроклимат параметірлері, желдету жүйелері, төсеніш материялдары) және оларды жетілдіру шараларын ұйымдастыру ... ... ... 4.15
2.2. Малды азықтандыру және азық сапасына қойылатын санйтариялық.гигиеналық талаптар ... ... ... ... .. 16.20
2.3. Малды сумен қамтамассыз ету жүйелері және суға қойылатын санйтариялық.гигиеналық талаптар ... ..
2.4. Ветеринариялық.санйтариялық нысандарға қойылатын гигиеналық талаптар (қи сақтауға,өлекселерді өтелдеуге арналған орталар) ... ... ... ... . 26.30
2.5. Шаруашылықты инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтау шаралары (дезинфекция, дезинсекция, дератизация)
2.6. Зооантропонозды аурулардың алдын алу және мал шаруашылығы қызметкерлерінің еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары ... ... ... .. 36.37
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер

Ірі қара еліміздің мал шаруашылығы экономикасында маңызды орын алады. Қай заманда болмасын адам тіршілігінде ірі қара малының орыны өте зор болған.
Халық шаруашылығына түсетін қаржының тең жартысына жуығын ірі қара шаруашылығы береді. Сол себепті дұрыс күтіп - бағу жолдарымен малдың денсаулығын сақтап, оның өнімділігін арттыру қай шаруашылық болмасын олардың мақсаты. Сондықтан бұл тарауға ірі қараны ұстап - бағу жүйелері мен күту әдістері толық баяндалып, олардың жынысына, жасына және пайдалану мақсатына қарай азықтандыру, суару, сауу, өсіру және бордақылау ерекшеліктері қорытындалған.
Ірі қарадан ет, сүт және одан жасалатын тағамдар (май, құрт, ірімшік, қышқыл сүт тағамдары) және жеңіл өнеркәсіп өндірісіне қажет шикізат алынады. Сонымен қатар, ірі қара органикалық тьщайтқыш — көңмен қамтамасыз ете алады.
Ірі қара терісінен аяқ киім ұлтаны және жоғары сапалы былғары дайындалады. Ірі қара мүйізінен тарақ, түйме, әр түрлі әшекей жасаладьі. Қанынан қан ұнтағын, альбумин, қан шұжығын дайындайды. Сүйегінен желім, сүйек ұнтағын, ал қылшық жүнінен шетка, қылқалам жасайды. Ірі қара ірі азықты (пішен, сабан, топан) тиімді пайдаланып, жұмсалған азықты сүтпен, қосымша салмақпен тиімді ақтай алады. Малдың бұл тұқымы жер таңдамайды, тез жерсінетіндігінен кез - келген жерде өсіріледі.
Бұрын - Қазақстанда ірі қараның басым көпшілігі жергілікті қазақы мал болды да, солтүстік облыстардың кейбір аудандарында ғана қьірдың қызыл сиыры, Жетісуда және оңтүстік облыстарда швиц тұқымы мен қара ала тұқым малы өсірілді,
Қазақстанға отызыншы - жылдардың басында герефорд, швиц, симментал, қырдың қызыл сиыры және қара сиыр тұқымы көптен әкелінді де, олармен жергіліқті ірі қараны будандастыру кеңінен жүргізілді.
Кейбір шаруашылықтарда биологиялық қасиеті жағынан таза қанды немесе жақсартушы тұқымға ұқсас мал алу үшін сіңіре будандастыру тәсілі кеңінен қолдакылды.

1. Ветеринариялық гигиена Ж. Мырзабеков, П. Ибрагимов Алматы «Білім» 2005
2. Ірі қара шаруашылығы Таңатаров А. Алматы 1993
3. Микробиология және иммунология Б.Т. Толысбаев, К.Б. Бияшев Алматы «Нур-Принт» 2006
4. Оқу-Әдістемелік нұсқау. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті Алматы, 2006

Курстық жұмысты орындауға арналған жоспар
1. Кіріспе (вариант бойынша осы бағыттағы шаруашылықтың қысқаша
сипаттамасы)----------------------- -----------------------------
----------------- 3
2. Негізгі бөлім
. 2.1. Малды күтіп-бағу технологиясын санитариялық бағалау
(микроклимат параметірлері, желдету жүйелері, төсеніш материялдары)
және оларды жетілдіру шараларын ұйымдастыру------------------------ -
4-15
. 2.2. Малды азықтандыру және азық сапасына қойылатын санйтариялық-
гигиеналық талаптар--------------------------- --------------- 16-20
. 2.3. Малды сумен қамтамассыз ету жүйелері және суға қойылатын
санйтариялық-гигиеналық талаптар--------------------------- ----------
----- 20-25
. 2.4. Ветеринариялық-санйтариялық нысандарға қойылатын гигиеналық
талаптар (қи сақтауға,өлекселерді өтелдеуге арналған орталар)--------
----------------------------------- ----------------------------------
26-30
. 2.5. Шаруашылықты инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтау
шаралары (дезинфекция, дезинсекция, дератизация)----------- 30-36
. 2.6. Зооантропонозды аурулардың алдын алу және мал шаруашылығы
қызметкерлерінің еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары----------------
----------------------------------- ------------------------ 36-37
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
ІРІ ҚАРАНЫҢ ХАЛЫҚ
ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Ірі қара еліміздің мал шаруашылығы экономикасында маңызды орын алады.
Қай заманда болмасын адам тіршілігінде ірі қара малының орыны өте зор
болған.
Халық шаруашылығына түсетін қаржының тең жартысына жуығын ірі қара
шаруашылығы береді. Сол себепті дұрыс күтіп - бағу жолдарымен малдың
денсаулығын сақтап, оның өнімділігін арттыру қай шаруашылық болмасын
олардың мақсаты. Сондықтан бұл тарауға ірі қараны ұстап - бағу жүйелері мен
күту әдістері толық баяндалып, олардың жынысына, жасына және пайдалану
мақсатына қарай азықтандыру, суару, сауу, өсіру және бордақылау
ерекшеліктері қорытындалған.
Ірі қарадан ет, сүт және одан жасалатын тағамдар (май, құрт, ірімшік,
қышқыл сүт тағамдары) және жеңіл өнеркәсіп өндірісіне қажет шикізат
алынады. Сонымен қатар, ірі қара органикалық тьщайтқыш — көңмен қамтамасыз
ете алады.
Ірі қара терісінен аяқ киім ұлтаны және жоғары сапалы былғары
дайындалады. Ірі қара мүйізінен тарақ, түйме, әр түрлі әшекей жасаладьі.
Қанынан қан ұнтағын, альбумин, қан шұжығын дайындайды. Сүйегінен желім,
сүйек ұнтағын, ал қылшық жүнінен шетка, қылқалам жасайды. Ірі қара ірі
азықты (пішен, сабан, топан) тиімді пайдаланып, жұмсалған азықты сүтпен,
қосымша салмақпен тиімді ақтай алады. Малдың бұл тұқымы жер таңдамайды, тез
жерсінетіндігінен кез - келген жерде өсіріледі.
Бұрын - Қазақстанда ірі қараның басым көпшілігі жергілікті қазақы мал
болды да, солтүстік облыстардың кейбір аудандарында ғана қьірдың қызыл
сиыры, Жетісуда және оңтүстік облыстарда швиц тұқымы мен қара ала тұқым
малы өсірілді,
Қазақстанға отызыншы - жылдардың басында герефорд, швиц, симментал,
қырдың қызыл сиыры және қара сиыр тұқымы көптен әкелінді де, олармен
жергіліқті ірі қараны будандастыру кеңінен жүргізілді.
Кейбір шаруашылықтарда биологиялық қасиеті жағынан таза қанды немесе
жақсартушы тұқымға ұқсас мал алу үшін сіңіре будандастыру тәсілі кеңінен
қолдакылды.
Ірі қараны күтіп-бағу жүйелері мен ұстау әдістерін гигиеналық
тұрғыдан бағалау
Қазақстан Республикасында мал шаруашылығының жетекші салаларының бірі —
ірі қара шаруашылығы. Халықты азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлерімен
ет, сүт және т.б. қамтамасыз ету осы саланың өркеңдеуіне тікелей
байланысты. Сондықтан малды күтіп-бағу және ұдайы өсіру жүйелерін жақсарту,
микроклиматты ыңғайлы ету, азықтандырудың гигиеналық жағын жақсарту,
селекциялық тұқым асылдаңдыру жұмыстарын жетілдіру, шымыр да шыныққан төл
өсіру, малдың саналалы ауруларымен күрес, сауу гигиенасы, яғни тазалығы мен
сүт сапасын арттыру басты міңдет болып табылады.
Малды күтіп-бағу жүйелері мен әдістері деп мал шаруашылықтары
орналасқан ауданның табиғи және эконо-микалық жағдайларына қарай
материалдық және еңбек ресурстары шығындарын аз жұмсай отырып, мал
өнімдерін барынша мол алуды көздейтін шаруашылық, ветеринариялық-
санитариялық, гигаеналық және ұйымдастыру шараларьшьщ жиынтығын айтады.
Сонымен, сауын малын қолда-жайылымда, қолда-лагерьде және қолда - күтіп-
бағу жүйелері ұсынылады. Оларда сиырды байлап және байламай ұстау әдістері
пайдаланады. Соған орай ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық
ережелер, мал бағудың жүйелері мен ережелеріне ферманың бас жоспарынан
бастап, малды күтіп-бағу және азықтандыру технологиясына жатқы-зылатын
барлық тәсілдеріне дейін сай келуге тиіс.
Колда-жайылымда ұстау сауын сиыр шаруашылығында анағұрлым кең тараған
жүйе. Қолда бағу кезеңінде мал қора-жайда, ал жайылым кезеңінде жасанды
немесе табиғи өрісте ұсталады. Малдәрігерлік гигиена тұрғысынан ол малдың
физиологиялық жағдайына толық сай келеді. Өйткені, бұл жағдай сиырдың
табиғи түрде қанын таратып, ұдайы өсу қызметін жақсартады. Себебі, мұндай
да мал еркін жүріп күн сәулесіне қыздырынады, белокқа, витаминге, микро-
элементке бай аса құнды шөпке жайылады. Жайылым кезеңінде малдың жалпы
жағдайы жақсарады, өнімділігі артады, қыстыкүні қолда бағылған кездегі
кейбір ауру-сырқаудан өздігінен айығады.
Колда-лагерьде бағу жүйесінде мал жайылым кезеңінде жеңіл жаппалармен,
басқа да қосалқы қора-жайлармен, сондай-ақ сауьш қондырғыларымен
жабдықталған жазғы лагерьде ұсталады. Мал ұстаудың бұл жүйесі оның
денсаулығына оңды әсерін тигізеді және ол малды қыста қолда бағу үшін де
кезінде негізгі фермада жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ малдәрігерлік-
санитариялық сақтық шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Клда (қолда-серуендетіп) бағу жүйесінде мал жыл бойы ферма қорасы мен
серуендету алаңында ұсталады. Бұл әдіс мал кеп шоғырланатын сүт және ет
өндіретін шаруашылықтарда қолданылады. Мұндай жүйе кезінде малды жайылымда
ұстау тиімсіз деп табылады. Керісінше, бұл кезде мал қалқаларда
серуеңдетіліп, шабылған кок балаусамен азықтандырған орынды және
экономикалық жағынан тиімді деген тұжырым бар. Алайда мұндай жүйе кезінде
азықтандыру, күтіп-бағу технологиясы бұзылса және уақтылы серуендетілмесе
мал түрлі ауруларға көбіне жаппай шалдыққыш келеді. Республикамыздың
тұрақты аймақтарындағы шаруашылықтарда малды жыл бойы қолда серуендетіп, ал
таулы аймақтарында қолда-жайылымда ұстау қалыптасқан.
Сиырды күтіп-бағу әдістері. Дүние жүзі тәжірибесінде барлық жерде сауын
сиырларды күтіп-бағуды байлап және байламай бағу деген екі әдісі
қолданылады.
Сиырларды байлап бағу кезінде еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл
технологиялық операциялар механикаландырылады, жартылай автоматты бас
жіптер, сүт түтіктері қолданылады, сиыр сауын алаңында сауылады, азық
үлестіру мен қи шығаруға механикаландырылған құралдар пайдаланылады.
Малды күтіп-бағудың бұл әдісі кезінде шаруашылық мамаңдары мен мал
күтушілерге олардың денсаулығы мен өнімділігін бақылау жеңіл. Тұрақты
азықтандыру және суару, тынығу және сауу орнының болуы, жылы да құрғақ
төсеніш құрылғы, кең де жарық, жақсы желдетілген қора-жай, жеке-жеке
азықтандырып, сауу, тағы басқа операциялар күтіп-бағудың бұл әдісі кезінде
сиырлардың өнімділігін тиімді түрде арттыруға мүмкіндік береді.
Малды байлаусыз күтіп-бағудың әдісі еңбек шығынын аздап кемітеді,
еңбекті көп қажет ететін процестерді өте жақсы механикаландыруға мүмкіндік
береді. Қазіргі кезде бұл әдіс өте көп қолданылады. Бірақ байлаусыз бағып-
күтуге қыстыкүні микроклимат реттеуге келетін жақсы қоражай, жеткілікті
түрде төсеніш, қатты едеңді серуендету қорасы, механикалаңдыру құралдары
керек. Сонымен бірге малды топтарға бөлу қажет.
Қазіргі кезде малды байлаусыз бағып-күтудің екі түрі қолданылады. Олар
- қалың төсеніш үстінде бағып-күту және бокстарда төсенішсіз бағып-күту.
Көбіне, бокстарда байлаусыз бағу әдісі қолданылады. Азық ленталы
транспортермен таратылса, сауу қондырғыларымен сауылса, қи тор еденнен
дельтаысырғышпен шығарылса, негізінен сүт өндірудің өнеркәсіптік
технологиясын қанағаттандырады.
Ірі қараға арналған қора-жайға қойылатын санитариялық-
гигиеналық талаптар
Ірі қара фермасы өндірістік бағьпы, экономикалық және климаттық
жағдайларына қарай төмендегідей болады:
• асыл тұқымды мал фермасы — негізгі мақсаты жаңа тұқым шығару
және қолда бар ірі қара
тұқымын жетілдіру, аса бағалы асыл
тұқымды төл өсіру;
• тауарлы ферма-сүт, сиыр етін және аралас, яғни сүт-ет өндіреді;
* одан әрі өсірілетін, яғни табын толықтыратын төл өсіреді;
* ірі қара бордақылайтын арнайы ферма.
Ірі қара өсіретін шаруашылықтарда малды күтіп-бағу әдісі мен ферманың
бағытына қарай 50, 100 және 200 сиырлық қоралар, жаңа туған бұзаулар үшін
профилакторийлер мен бұзаулау бөлімдері болуы керек. Бұлардан басқа төлді
одан әрі өсіретін және бордақылайтын қора-жайлар және қолдан ұрықтандыратын
орын қарастырылады.
Сүт фермаларында, сондай-ақ сүт блоктары мен сауын залдары сиырды күтіп-
бағу әдістеріне қарай орналастырылады.
Ірі қара шаруашылықтарын жобалау, салу және пайдалану ірі қара қора-
жайларын технологиялық жобалау нормасына сай НТП-1-89 жүргізіледі.
Сиырларды байлап баққанда көп қатарлы мал орындары қолданылады. Ол үшін
мал орындарының екі қатарлы жалпы азық жолымен немесе қи жолымен
біріктіріледі. Бір үздіксіз қатарға 50 орыннан секциядан артық жасауға
болмайды. Сиырлардың әрбір секциядан серуендету алаңына, серуендету-
азықтандыру ауласына немесе өріске шығу ыңғайлылығы қамтамасыз етілуі тиіс.
Сиыр қорасының ортаңғы немесе бүйір бөліктеріне сүт бөлімі орналастырылады.
Сиыр қоралар бір қабатты етіп салынып, төбесі жылыландырылып, желдетілетін
жабынмен немесе шатыр жабынымен жабылады.
Малды байлап бағылатын сиыр қоралардың еденіне өте жоғары талап
қойылады. Ол мал тұратын орындарда не тұтас, не жартылай жабық торлы етіп
салынады. Еден жылы болуға, жылу сіңімділігі 12 ккалм2-ч- °С -тан аспауы
тиіс. Егер бұл көрсеткіштен асып кетсе, онда сиырлар өз денесінен еденді
жылытуға көп шығын шығарады да организмнің тым сууына әкеп соқтырады. Соның
салдарынан малдың өнімділігі төмендеп, азық шығыны артады. Мысалы, 12
сағатта 1 м2 ағаш не бетон еденді жылытуға сағатына 100 ккал жылу жұмсалса
жылудың жұтылуындағы айырмашылық ол калориясы бойынша 2 л сүтке сәйкес
келеді.
Мал сабан төсенішсіз ұсталса оның орнына резина төсеніштер
пайдаланылады, сондай-ақ торлы едендер де кеңінен қолданылады.
Германия, Швейцарияда көптеген мал қораларының едені ірі қара төлін
ұстау үшін жарым-жартылай саңылаулы етіп салынады. Сонда малға әрі жылы,
әрі ыңғайлы болады.
Еден құрылысы сиыр қорадан қи шығару әдісімен анықталады (скреперлі,
штангалы, шнекті, гидравликалық және т.б.).
Сиырлар тынығу үшін арналған орынның өте үлкен мәні бар. Малды байлап
баққан кезде сауын сиырларына, суалған сиырларға, тұмсаларға деген орын
нормасы тауарлы фермаларда 1,7—2,3 м2-ге тең, асыл тұқымды фермаларда —
2,1—2,4 м2 (ұзындығы 1,8—2,0 м және ені 1,2 м).
Тәжірибенің көрсетуінше мал тұратын орын қысқа (110-140 см), торлы жағы
ұзын (60—75 см) болса, ол орын суып, сиыр желіні мен емшегіне зиян
келтіріп, желінсауға шалдығады, тұяқтарына зақым келеді. Еденнің торлы
жағының ұзындығы 40 см, саңылау аралықтары 3,5—4,5 см, сырықтарының ені
8—12 см аспауға тиіс.
Мал тұратын орын енінің еңістігі 2°С шамасында болу керек. Оның, яғни
мал тұратын орынның тым қысқа болмағаны жөн. Өйткені, мал артқы аяқтарын
бүгіп тұруға немесе орынның ең шетін басып тұруға мәжбүр болады. Содан
тайғанақтай береді. Соның салдарынан тұяқтары ауруға шалдығады.
Мал тұратын орынның әрбір қатарының ішкі жағын қуалай оттықтар қойылды.
Оның ұзындығы мал тұратын орынның еніне сай келуге тиіс. Олардың үстіңгі
ені 0,6 м, түбіндегі ені 0,4 м тең; алдыңғы жақтауының биіктігі 0,3 м, мал
мойнын салатын ойықтары 0,1 м, ал артқы жақтауының биіктігі 0,60—0,75 см-ге
тең. Оттықтардың түбі мал тұратын орынның табанынан 5—7 см биік болуы
керек.
"Бас жіп" конструкциясы сиырдың жатып-тұруына ынғайлы болуға тиіс.
Қазір Грабнердің қысқа жеке-жеке "бас жібі" мен Калмыковтың тіркемелі
жүйесі кең тараған.
Сауын малына автоматты "бас жіп" сенімді әрі ыңғайлы да қауіпсіз. Бұл
жабдықтар малды оттық алдында жеке-жеке автоматты түрде шешілуін, яғни
босауын қамтамасыз етеді.
Сиыр қораның оңтүстік жағынан серуендету алаңы салынады. Қатты
төсенішті серуендету алаңында әр Сиырды серуендету алаңы сиырға 8 м2,
ал қатты төсеніш болмаса 15 м2 бөлінеді. Серуендету алаңынан қи арнайы
құралдармен шығарылады.
Малды байлаусыз бағып-күтілетін сиыр қоралар. Қалың төсенішті мұндай
қоралардың төрт түрі бар. Олар: жаппа түрінде, жартылай ашық, арнайы
есіктен серуендету алаңына сиыр еркін шыға алатын жылытылмаған жай және мал
мезгілімен ғана шығарылатын жылытылған жай.
Бұл сиыр қоралардың алғашқы екеуі Оңтүстік Қазақстанда, жылытылғандары
ауаның сыртқы температурасы — 15°С және одан да суық болатын аудандарда
салынады.
Жылытылған қоралардың еденіне төсеніш төселеді. Сиыр қоралар жасы мен
тәуліктік сауылатын сүтіне қарай бөлінген әрқайсысы 50—60 сиырлық
секцияларға бөлінеді. Әрбір мал тобының бір сиырға 4-5 м2 есебінен
тынығатын орны болуы керек. Сиырлар көбінесе, серуендету алаңында
азықтандырылады. Серуендету алаңы әр сиырға 8—15 м2 келетіндей есеппен
жасалады. Сол алаңға суды электрмен жылытатын юптык, автосуат
орналастырылады.
Қора-жайда өкпек жел соқпас үшін бір қабырға қақпақсыз салынады. Суық
ауа тартпас үшін қора-жайға есік салынатын ойыққа ауа бүркенішін жасау
тиімді.
Сиыр қоралар барынша табиғи жолмен желдетілуі тиіс.
Төсенішті әр малға 3—5 кг мөлшерінде тәулігіне бір рет қосымша төсеп
отырады. Қи жылына 1—2 рет қана шығарылады. Барлық серуендету алаңы қатты
төсенішті етіліп, канализация басқышына қарай 3—4 градус еңкіштікпен
жасалады.
Бокстар мөлшері мал еркін сыятындай, ал қи ол орынды ластамайтындай
болуға тиіс. Ол үшін бокстың ұзындығы 1,9-2,1 м, ені 1-1,2 м болуы, ал
едені қи торынан кем дегенде 15—20 см биіктікке салынуы керек. Бөлгіш
биіктігінің жоғарғы жағы 120 см аспауы, төменгі жағы 55-60 см болуы қажет.
Бокстар қора-жайдың сыйымдылығына қарай қора-жайды қуалай немесе кесе-
көлденең жасалады.
Бокс қатарларының аралығында, әдетте қора-жайдың ортасына, жем-шөп
платформасы немесе оттық орналастырылады. Бокс секцияларындағы 10—12 сиыр 1
автосуаттан су ішеді. Бокстардың артқы жағында беті тормен жабылған қи жолы
бар.
Сиырлар гигиенасы
Сиыр организімінің өзіне тән биологиялық және шаруашылық ерекшелігі-
физиологиялық процестердің-буаздықтың және қарқынды сүт өнімінің, сүт беру
мерзімінің бір мезгілде үйлесім табуы болып табылады. Бұл процестер
организмнің алмасу процестеріне, күрделі физиолошялық қызметтеріне үлкен
күш түсіреді. Осы кезеңде сиыр үшін жем-шөп те, микроклимат та, күтім де,
бір сөзбен айтқанда жан-жақты қолайлы әсер ететін технологаялық шаралардың
маңызы зор.
Сиырдан сүттің мол шығуына септігі тиетін азықтандыру деңгейі мен
қамтамасыз ету жағына баса назар аударған дұрыс. Рационда құрамына ірі
азық, балғын азық, жем, минералды азықтар мен микроэлементтер енуі тиіс.
Сондай-ақ рационның салмаққа, сауылатын сүті мен жыл маусымына да қатысты
болғаны жөн және олардың малдың белоктарға, минералды заттарға,
витамиңдерге деген физиологаялық қажеттерін өтеуі де керек. Өйткені әр
минут сайын сүтпен бірге 0,66 г жуық май, 0,80 г лактоза және 0,60 г белок
бөлінеді.
Сондықтан жоғалтқан энергия мен пластикалық материалдардың орнын
толтыру үшін сиыр күніне 30 кг-ға дейін азық қабылдауы керек. Себебі 1 л
сүт пайда болу үшін сиырдың емшегінен 300-500 л қан жүру керек.
Сапасы жақсы пішен, сүрлем, бұршақ тұқымдастардың көк балаусасы немесе
астық тұқымдастар мен бұршақ тұқымдастардың шөп қоспасы, сондай-ақ
тамыржемістер рационыңдағы протеин, витамин, минералды заттар мөлшері мен
қант-протеин қатынасын арттырады.
Сиыр рационындағы ірі азық пен шырынды азықты қоректілігі жағынан жас
шөптен салынған пішендемемен алмастыруға болады, жемнің өте көп мөлшері
сүттің майлылығын кемітетіндіктен оны қалыпты мөлшерде ғана берген жөн.
Рационда протеин жетіспесе жем қоспасының құрамына аминді-жем қоспасы
немесе мочевина қосылады. Сонда малдың протеинге деген 20-25 пайыз қажетін
алмастыруға мүмкіндік бар.
Сауын малын азықтандыру кезінде минералды заттардан рацион құрамында
кальцийдың, фосфордың, хлорлы натрийдің, калийдің, магаийдің, йодтың,
кобалытың, мыстың, темір, марганец, мырыштың болуын қадағалау қажет.
Сауын малының рационына енетін жем-шөпке сүттің құрамы, оның дәмдік
сапасы мен технологиялық қасиеті қатысты келеді. Сүттің құрамы мен қасиеті,
малды сапасыз жем-шөппен, шіріген немесе көгерген пішен, сүрлем және
пішендеме сүттің құрамын бұзады.
Рационда азыкдық шалқан, қызылша, тамыржемістер пәлегі көп болса сүт
ашқылтым тартып, жем-шөп татып тұрады.
Айқыш гүлді өсімдіктер сүтке қыша иісін беріп, оның дәмін бұзады.
Азықтандырудың сиыр суалтудағы маңызы да зор. Суалту— сиырды
азықтандыруды және саууды өзгерту жөніңдегі сүттің бөлінуін тоқтатуға
бағытталған тәсілдер жиынтығы. Сиыр дер кезінде суалтылса желінсау ауруының
алдын алуға болады, сиырдың денсаулығы жақсарады, тіршілікке бейім төл
алуға мүмкіндік туады, сондай-ақ өнімділігі артады.
Сиыр бұзаулауына 2 ай қалғанда суалтылуға тиіс. Сондықтан да сүт беру
кезеңінің 7 айынан соң, саууды тоқтату керек. Сондай-ақ желінді сылауды да
тоқтатып, рационнан мол, сүт шығаруға қатысты азықтарды жем, шырынды азык
түгел алып тастау керек. Сөйтіп, жұмсақ пішен беріледі. Бірте-бірте сиыр
сауу саны да қысқартылады. 3-4 литрге дейін ғана сүт шығаратындар бірден
суалтылады. Әдетте, сиырды 7-10 күннің ішінде суалтуға болады. Сиыр
неғұрлым сүтті болса, суалту мерзімі де соғұрлым ұзаққа созылады.
Суалған кезеңде сиыр мүлде сауылмайды. Бұл кезеңнің ұзақтығы — 45-60
күн. Сиырларды қолайлы суалту кезеңінің олардың өнімділігін арттырып,
денсаулығы мықты төл алу ісіндегі мәні жөнінде ғылыми бақылаулар бар. Бұл
кезеңнің қолайлы ұзақтығы - 45-60 күн.
Суалған кезінде малды жақсы азықпен қамтамасыз етіп, дұрыстап күтіп-
бағу қажет. Қолда ұстау кезінде суалған, желіндеуге жақын сиырлардың
рационына 25-35 пайыз пішен мен шөп ұны, 25-30 пайыз сүрлем мен сапасы
жақсы пішендеме, 25-35 пайыз жем және 8-10 пайыз тамыржемістер енгізу
ұсынылады.
Буаз сиырларды жаздыкүні мүмкіндігінше оты жақсы өрісте ұзақ ұстауға
тырысып, әрқайсысына тәулігіне 60-70 кг шөп есебінен қосымша азықтандыру
керек.
Буаз сиырларды үсіген немесе сапасыз азықпен азықтандырып, тым суық
сумен суаруға болмайды.
Суалған сиырлардың бұзаулауына 7-10 күн қалғанда олардың рациондарынан
шырынды азықтар алынып тасталынады. Олардың пішенмен және іш жүргізгіш
жемнен дайындалған быламықпен азықтандырылғаны дұрыс. Бұзаулауына 2-3 күн
қалғанда рациондарынан жем мүлде алынып тасталынады.
Сиырды күтіп-бағу гигиенасы. Азықтандыру, жем-шөп пайдалану анағұрлым
қолайлы болатындай микроклимат жағдайларын жасаумен, серуендетумен және
басқа да сиыр күтіп-бағу жағдайларымен үндесіп жатуы керек. Бұл тұрғыда
жетекші орын микроклиматқа тиеді. Қора-жай кең, құрғақ, жылы, таза, жақсы
желдетілетін, өкпек жел соқпайтын болуға тиіс. Сиырдан сауылатын сүтке
ауаның алмасу көлемі, температура және салыстырмалы ылғалдылық едәуір әсер
етеді. Ауаның температурасы +3 градустан төмендесе, сауылатын сүт 4-25
пайыз азаяды. Температура 25 градустан асса да сүт өнімділігі кемиді.
Салыстырмалы ылғалдылық 85 пайыздан артса, сиыр өнімділігі 1-1,5 кг
төмендейді.
Сиырларды байлап бағу қора-жай микроклиматына айырықша әсер етеді. Ол
сиырға жылы әрі жылы болуымен бірге, ылғалдылықты азайтып, ауадағы аммиак
құрамын кемітеді.
Сиырларды серуендетусіз ұстау микроклиматты нашарлатады, малдың
өнімділігі мен денсаулығына зияңды әсер етеді.
Сиырларды ұстауда қолайлы жағдай туғызу — олардың табиғи төзімділігін
нығайтып, ауруларын азайту және өнімділігін көтеру деген сөз.
Сиырларды күту. Сауын сиырларын бағып күту және қарқынды пайдаланудың
дұрыс жүйесінің маңызды буыны олардың терісін, аяқтарын дұрыс күтуді және
тұрақты түрде серуендетуді ұйымдастыру болып табылады. Белгіленген күн
тәртібін сақтау қажет. Өйткені, малда уақытқа деген рефлекс өте тез
қалыптасады. Сиырлар белгілі бір азықтандыру, суару, саууға үйренеді. Сол
тәртіп бұзылса сиырлар мазасызданып, сүті кемиді. Күн тәртібі мал ұстаудың
маусымына қатысты мәселе. Ол сиыр сауу реттілігімен және азықтандыру
тәртібімен анықталатын мәселе.
В.Ф.Матусевичтің және т.б. зерттеулері сиырларды үнемі серуендетудің
бұзаулауды қалыпқа келтірудің, ұдайы өсу қызметін жақсартудың, олардың
өнімділігін арттырып, денсаулығы мықты төл алудың маңызды тәсілі екенін
дәлелдеді. Егер сиырды ұстау технологаясында белсенді серуен
қарастырылмаса, серуендету алаңының нормасы сақталмаса, өріске шығарылмаса
алдын-ала-ақ мұндай шаруашылықта қысыр мал пайызы, гинекологиялық ауру,
желінсау, аяқ-тұяқтарының ауруы, белок және минерал заттардың алмасуының
бұзылуы көбейеді, яғни гипокинезия басты проблема болады.
Бұзаулату және жаңа бұзаулаған сиырлар гигиенасы. Сиырларды бұзаулауына
7-12 күн қалғанда тазалайды. Бөксесінің артқы бөлігі 2 пайыз сода
ертіндісімен, ал тұяқтары креолин ертіндісімен жуылып, бұзаулау бөліміне
көшіріледі. Бұзаулау бөлімі, сондай-ақ 10-15 күнге дейін бұзаулар тұратын
профилакторий әдетте бұзау қора немесе сиыр қорада негізгі қорадан
қабырғамен бөлініп жабдықталады. Олар біркелкі төлдейтін болса бүкіл малдың
10 пайыз, біркелкі төлдемейтін болса 15-20 пайыз есебінен жасалады.
Бұзаулау бөлімі барынша жарық 50-70 лк, жылы, құрғақ, таза, тасқынды-
сору желдеткішті және канализациялы болуға тиіс. Сиыр бұзаулайтын орынның
кеңдеу болғаны жөн. Бұзаулау уақытында бөлімге тәуліктік кезекшілік
белгіленеді. Мұнда қол жуғыш, сабын, таза сүлгі, таза артық халат, таза
кенеп, дәрі-дәрмегі бар аптечка, қажетті аспаптар мен дезинфекция жасайтын
заттар болуы керек.
Төлдеудің алғашқы белгісі білінген бойда сиырдың бөксесін, яғни аяғын
және құйрығын соданың 2 пайыз ертіндісімен, ал сыртқы жыныс органдарын жылы
калий перманганат 1:5000 ертіндісімен жуып, төсеніш ауыстыру керек.
Әрине, мал арнайы жабдықталған, мөлшері кемінде 2,5x3,5 немесе 3x3 және
қабырғасының биіктігі 1,6-1,8 м бокстарда төлдетілсе, тіпті жақсы. Бокстар
саны бүкіл мал санының кемінде 1 пайыз есебіне тең келуге тиіс. Онда
сиырлар төсеніш колдана отырып байлаусыз үсталады. Бұзау бокста енесімен
бірге кемінде 24 сағат тұрады.
Қалыпты төлдеу 3 сағатган аспайды. Бұзаулап болған бойда сиырдың сыртқы
жыныс органдары, желіні жылы сумен жуылып, сабанмен құрғатылып сүртіледі.
Ластанған төсеніш ауыстырылады.
Бұзаулаганына 30 минут өткен соң, сиырға 8-10 л жылы тұзды бір шелекке
100-150 г түз су беріледі. Өйткені бүл уақытта сиыр қатты шөлдейді.
Суарған соң желін ауруының алдын алып, су алмасуының бұзылуын болдырмауға
болады.
Бірінші рет сиыр бұзаулаған соң, 60-90 минуттан кейін сауылады. Уызы
бірден бұзауына беріледі.
Бұзаулағаннан кейінгі 3-4 күнде сиырға қыстыкүні тек қана жақсы пішен,
жазда кепкен шөп, ал жемнен 1-2 кг сүлы ұны немесе бвдай жармасы беріледі.
4-5 күннен бастап, жем, шырынды және басқа азықтар мелшері бірте-бірте
ұлғайтылып, 10-12 күнге қарағанда рацион толық нормаға жеткізіледі.
Сауар алдында желіні жылы сумен жуылып, таза сүлгімен құрғатып
сүртіледі, емшектеріне бор жарық майы жағылады. Алдын алу мақсатымен сиыр
тәулігіне 4 рет сауылады. Сауылар алдында және одан кейін желінді уқалап,
сылау қажет.
Сиыр сауу және сүт өндіру гигиенасы
Сиыр сауу — еңбекті көп кажет ететін процестердің бірі.
Қолда байлап ұстау кезінде сиырлар өздері тұратын орындарында тасымал
шелегіне АД-100Б, ДАС-2В сауу қондырғысын пайдалана отырып немесе сүт
өткізгішке АДМ-8А-1, АДМ-8А-2 сауу қондырғысын пайдаланып сауылады .
Соңғы кездерде көптеген фермалар автоматты бас жіпті ОСП-Ф-26 малды қолда
ұстау жабдықтарымен жабдықталған. Олар сиырды сауын залында ДДС-8А, УДА-
16А "Елочка" тиші, УДТ-6, УДА-8А "Таңдем" тиші және УДА-100 "Карусель"
типті сауу қондырғыларын пайдаланып саууға мүмкіңдік береді.
Мал өрісте ұсталса сиыр сауу үшін УДС-ЗА және УДС-ЗБ сауу агрегаттары
пайдаланылады.
Аса сапалы сүт өндіру үшін МСТ 13 265-88 "Сиыр сүті. Дайындау
кезіндегі талаптар" шаруашылықтар мынандай жағдайларды орындауға тиіс. Мал
қораны таза ұстау, үнемі дезинфекция жасап тұру керек, мүмкіндігіне қарай
сиырды сауын алаңында сауу қажет. Сиырларды жүйелі түрде тазалап, қора-
жайды дер кезінде жинау керек. Мал қорасы жақсы желдетілуі тиіс. Ыдыстар
мен аппаратуралар мұқият жуылып, дезинфекцияланып, санитариялық ережелерді
сақтай отырып, арнайы орында сақталуы керек.
Сүт ыдыстары мен жабдыкщарының санитариялык; жағдайына
баға беру
Ауру немесе ауруға күдік туғызған сиыр дереу жалпы табыннан бөлінуге
тиіс.
Сиырды саууға дайындау. Сауу — күрделі рефлекторлы процесс. Өйткені,
оған жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері, т.б. көптеген органдар қатысады.
Сиырлардың сүт беру рефлексін күн тәртібін, әсіресе азықтандыру және
суару тәртібін сақтау жолымен қолдап отыру керек. Мал сауу кезінде
азықтандыруға үйренеді де 5-7 минуттың ішінде жақсы сүт береді. Соған орай
азық беру жағын қатаң сақтау қажет.
Сиырды күнде бір мезгілде сауған жөн. Сауатын қорада тыныштық сақтау
қажет, сауын аппаратының жағдайын алдын-ала тексеру керек. Желін таза да
жылы 40-45°С сумен жуылады, құрғатылып сүртіледі, сүттің алғашқы 2-3
тамшысын бөлек ыдысқа сауып алынады. Сауын залы немесе алаңы бар фермаларда
желін ағынды сумен, яғни шлангамен-ақ жуылып, таза сүлгімен сүртіледі.
Сауыншының сауу кезіндегі басты міндеті: сауын аппаратын желінде көп
ұстап қалуға болмайды. Өйткені, сиыр желіні мен емшегін ауыртуы мүмкін.
Сүттің таусыла бастаған сәтін қарау әйнегінен немесе сауу уақыты арқылы
білуге болады.
Саууды аяқтау сәтін дұрыс анықтай білудің маңызы зор. Сондай-ақ сауу
стакандарын дер кезінде емшектен алудың да маңызы одан артық болмаса кем
емес. Өйткені, сауын аппаратын мерзімінен көп ұстау желіннің қабынуына әкеп
соқтырады.
Машинамен сауып болған соң, емшек құрғатылып сүртіледі, сыланады,
сөйтіп, антисептикалық эмульсия жарық май жағылады.
Машинамен саууға емшегі жақсы жетіліп, дұрыс біткен ұзындығы 8-9 см,
ені 2-3 см сиырлар іріктеледі. Емшектері ұзын, жіңішке, жуан және
зақымданған сиырлар тек қолмен ғана сауылады.
Қолмен сауу. Бұл әдіспен сауылуы қиын және тұңғыш бұзаулаған сиырлар
сауылады. Оның ең жетілген түрі — жұдырықтап сауу. Қолмен неғұрлым жылдам,
сиыр толық сүт бергенге дейін минутына 80-90 рет қысу біркелкі сауған
жөн. Әуелі алдыңғы, содан соң артқы емшектер сауылады. Бұл әдістің
кемшілігі - сүттің санитариялық сапасы нашарлайды, машинамен сауғанға
қарағанда микроорганизмдер 17 есе көп болады, шелекке түскен 1 түйір қи 1
литр сүтте 100 мыңға дейін микроорганизмдер жинайды.
Желінді күту. Сүт безінің өнімділігі, сүт сапасы және сүт безінің
жағдайы желінді күтуге байланысты жайттар. Желінді күту мынандай жолдардан
тұрады: оны құрғақ және таза, жарақаттандырмай, салқын тигізбей ұстау,
малды үнемі таза да жылы төсеніш үстінде бағу ылғал және лас еден желіннің
суыққа ұрынуына, ластануына, емшек үрпінен микроб енуге әкеп соқтырады
желінді әрбір сауын алдында жуу судың жылылығы — 45° С және сүрту.
Желінсаудың алдын алу. Сауын аппаратының жұмысы сиырдың сүт құрау және
сүт беру процестері секілді физиологиялық қызметіне қатаң түрде сай келуі
керек.
Желінсаудың жиі кездесетін себептері: машинамен сауу ережелерінің
бұзылуы ақаулығы, аппаратты көп ұстап қою, вакуум тәртібінің бұзылуы,
желінді лас сумен жуу, сарқа саумау, суық тигізу, лас төсеніш төсеу, бағып-
күту жағдайларының төмендеуі.
Желінсаудың алдын алу тұрғысындағы негізгі шаралар — сауын ережелерін,
сиыр бағып-күтудің зоогигиеналық нормаларын сақтау, сондай-ақ дұрыс
азықтандыру және сауыншының жеке гигиенасы сақталуы.
Қысқаша қорытынды
Ірі кара малының денсаулығын сақтау және өнімділігін артты рудың басты
кепілі оны дұрыс багып-күтуді ұйымдастыру. Ғылым және шаруашылық
тәжірибесінде ірі қараны ұстаудың озық әдістері жинащпалған. Крзіргі
уақытта бұл салада жетпейтін мәселе сиырларга арналып салынган және
пайдаланып келе жатқан қораларда оптимапъды микроклиматты қамтамасыз ететін
жүйелердің жоқтығы және оларда санитариялық-гигиеналық талаптардың
сакталмауы. Ал енді жеке шаруашылық жағдайларында ірі қара малы жеңіл-желпі
қораларда, қалыптаскан белгілі бір бағу жүйесіз ұсталуда, ал азықтандыру
мен оларды бағып-күтуде гигиеналык-саншпариялық талаптарға аса мән
берілмеуде. Нәтижеснде мал өнімділігінің көрсеткіштерінің төменділігі,
әртүрлі арулардыңмал арасында етек алуы. Ал ірі қара мал шаруашылығын
қарқынһы дамытудың бірден-бір бағыты заман талабына сай озык күтіп-бағу
жүйелерін енгізу және санитариялык-гигиеналык талаптарды қатаң сақтау болып
табылады.
Ауа райы, климат, микроклимат және олардың мал организміне әсері
Ауа райының мал организміне тікелей де, жанама да әсер ететін
гигиеналық маңызы бар. Ауа райының организмге тікелей әсері оның жылу
алмасу процесіне ықпалы арқылы жүзеге асырылған. Ауа райының жылы, ыстық
болуы малды қорада ұсталғанда да, өрісте баққанда да тіпті тасымалдау
кезінің өзінде организмді қыздырып малға ыстық өтуі мүмкін. Суық ауа райы
кезінде малға әсіресе төлге, суық тиіп жиі ауырады. Күзде, қыста, тіпті
көктемнің ызғарлы салқын кезінде, күн сәулесінің, әсіресе ультракүлгін
сәулелерінің қарқындылығы төмендейді. Сонымен бірге ауа райы жағдайы шөптің
жақсы кектеуіне мүмкіндік береді немесе нашар өсуіне әкеліп соқтырады. Не
болмаса, табиғи су көздерінің су қорын арттырады немесе оны төмеңдетеді.
Сондай-ақ індетті және қүрт аурулардың өршуіне немесе олардың таралуьш
тежеуге әсер етеді.Метеорологаялық жағдайлар қолайсыз жайылым уақытын
қысқартып, азықтың көп шығындалуына әкеп соғады. Ал, жазда ыстық ауа райы
мадды әлсіздендіреді.
Кең географиялық территорияның климаты макроклимат деп аталады.
Керісінше, шектеулі бір қеңістіктің климатына микроклимат деген ұғым
берілген.
Мал шаруашылығында микроклимат деп мал қораның климатын айтады. Мал
қораның микроклиматы ауаның физикалық жағдайына оның газбен, микробпен,
тозаңмен ластануына тікелей байланысты болады. Микроклиматтың пайда болуына
және оның көрсеткіштеріне сыртқы ортаның барлық факторлары әсер етеді:
ауаның физикалық жағдайы, газдық құрамы, күн сәулесі, өсімдіктер мен су
көздерінің болуы, жер рельефі және т.б.
Былайша айтқанда, микроклимат ғимарат пен бүкіл технологиялық
қондырғылардың физикалық, химиялық және механикалық жағдайларын қоса
алғаңца, ауаның физикалық жағдайының газдық құрамының, сонымен қатар, шаң
мен микроорганизмдердің болуының жиынтығы деп түсінуге болады.
Мал қораларында микроклимат жасаңды болуы да мүмкін. Оны жасау
жергілікті климатқа, ғимарат жақтауларының жылу сақтау қасиеттеріне,
желдетуге, жылыту көздеріне, канализацияға, малдың орналасу тығыздығына,
ұстау технологиясына және т.б. тікелей байланысты. Микроклимат жағдайын
малға ыңғайлы оптимальды жасау үшін өзгертіп отырады.
Егер ауаны мал тіршілік ететін қоршаған ортаның ең маңыздысы деп алатын
болсақ, онда оны өзгерту арқылы малдың денсаулығы мен өнімділігін артгыруға
болады. Қора-жайларда қолайлы ауа температурасын ұстаса, оған қосымша дұрыс
азықтандыра білсе, бүгінгі талапқа сай, дені сау, мол өнімді мал өсіруге
өбден болады.
Мал қора ауасын санитариялық-гигиеналық бағалаудың
негіздері
Мал қора-жайының ауа ортасы езінің физикалық қасиеті мен құамы жағынан
әрқашанда бірдей емес. Ол оның құылысы, орналасқан сапасы, оның
санитариялық-техникалық жабдықталуы, кубатурасы және ауданы, сонымен қатар
онда малды ұтау тәсіліне байланысты ауаның физикалық қасиеті және оның
газдық құамы көп немесе аз болса да өзгеріп тұады. Мал қора-жайының ауа
ортасының физикалық және химиялық көрсеткіштері мүмкіндігінше шекті
оптимальды көлемде ауытқып отыруы қажет.
Қора-жай ауа ортасын белгілі бір оптимальды деңгейде ұтау және сақтау
үшін оны объективтік көрсеткіштері бойьшша бағалайды. Ауа ортасын бағалау
үшін қолданылатын негізгі көрсеткіштерге: температура, ылғалдылық, ауа
қозғалысының жылдамдығы, көмірқышқыл, аммиак, күкіртгі сутегі, сонымен
қатар қора-жайдың табиғи жарықталынуы жатады. Қорытындылай келе ауа
жағдайын бағалауда ондағы кемірқьпдқыл газы, аммиак және күкіртгі сутегін
анықтаудьщ маңызы өте зор. Мал қора-жайының ауа ортасын гигиеналық тұғыдан
қарағанда неізгі және шешуші мәні: температурасын анықтау, салыстырмалы
ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығын тексеруге байланысты.
Мал қораларын желдету жүйелері
Желдетудің негізгі қызметі - қора-жай ішінен ластанған ауаны шығарып,
оны сыртқы таза ауамен ауыстыру. Жануарлар мен құтар айналаға жылу, дымқыл
бу, көмірқышқыл газын шығарады және жануарлар қи нәжісіндегі органикалық
аттар бұзылады да, аммиак, күкірттісутегі және басқалар пайда болады. Ауасы
толық тазартылмаған қора-жайда зияңцы заттар тым көп жинақталып қалады.
Содан барып малдың зат алмасу процесі төмендейді, жалпы физиолошялық
жағдайы әлсірейді, жемін қорытуы мен сіңімді заттарды қабылдауы төмеңдейді.
Соның салдарынан малдың табиғи төзімділігі мен денсаулығы төмендейді,
өнімділігі мен өнім сапасы азаяды. Сондықтан да қора-жай ішінде
микроклиматтың қалыпты сақталуы үшін ауаны тазартып тұру аса пайдалы.
Ауа алмасу жүиелері
Төсенішті пайдалану гигиенасы
Мал төсеніштерінің негізгі міндеті — мал үшін жататъш орынның құғақ,
жұсақ және жылы болуы. Төсеніш мал тұатын орындарға, станоктарға, мал жеке
тұатын бөлмелерге, едендерге төселеді. Ондай материалдар құғақ, жұсақ,
жылуды аз өткізетін дымқыл тартқыш болуға тиіс. Сонымен бірге мал жүніне
жабыспайтын, құамында зиянды және улы өсімдіктер мен олардың тұқымдары жоқ,
шаңдатпайтын болуы керек. Және ауадағы зиянды газдарды жұтып алатьш,
микроорганизмдерге қарсы әсер тигізетін болғаны жөн.
Фермалар мен кешендерде түрлі төсеніш материалдары — сабан, үгінділер,
ағаш ұнтақтары, жапырақтар, қияқ және басқаларын пайдаланады. Әсіресе,
сабанды жиі қолданады. Өйткені, ол жылуды аз өткізетін және ылғал тартқыш
арзан материал.
Төсеніш материалдарын пайдалану малдың тері жабындысының таза болуын
және олардың жататын жерлерінің құрғақ әрі жұмсақ, жылы болуын қамтамасыз
етеді.
Дене температурасы мал өнімділігі мен денсаулығына айтарлықтай әсер
етеді. Малдың суық еденде ұзақ жанасып жату дейін нәтижесінде жылу жоғалту,
азық шығынының жоғарылауы, өнімділігінің төмендеуі және суық ұстау
байқалады. Төсеніш материал айтарлықгай малдың едеңде демалу кезідце жылу
жоғалтуын азайтады. Осы мақсатпен жылу өткізгіштігі аз, жылу ұстағыш, ылғал
өткізбейтін гигроскопиялық және газ жұтқыш қасиеті бар материалдар өте
тиімді. Төсеніш материаддар кебу, құрғақ, шаң емес, улы және арам шөп жоқ,
зенденбеген болуы қажет. Кейбір төсеніш материаддар бактериостатикалық және
бактериоцидтік қасиеттерімен ерекшеленеді.
Төсеніштік материалдың ылғал ұстағыштығы шекті мөлшерде ауытқиды: сабан
(қамыс) 370-450 пайыз, ағаш ұнтағы — 270-520 пайыз және торф — 1000-1200
пайыз аралығында.
Сабан дәстүрлі төсеніш материалы болып табылады, оның жылу өткізгіштігі
төмен және ылғал ұстағыштығы жоғары. Ылғал ұстағыштығын жоғарлатуы үшін оны
майдалап бөлшектейді (15-20 см).Сабанның бактериостатикалық және
бактериоцидтік қасиегі жоқ. Оны барлық ауыл шаруашылығы малдарына
төсеніштік материал ретінде пайдалана береді.
Ағаш ұнтағы өте жоғары ылғал ұстағыш және жұмсақ, жылы төсеніш больш
саналады. Ағаш ұнтағы малдың ұзын тері арасында, жүнінде, тұяқ арасы немесе
басқа да жеріңце ұсталып, тұрып қалады. Ағаш ұнтағы төсеніш материал
ретінде ірі қара мен шошқаға қолайлы, бірақ қойға жарамсыз болып келеді.
Төсеніштерді пайдалану әдісіне байланысты келесі түрлерін ажыратамыз:
күнделікті ауыстырылатын, кезеңімен ауыстырылатын және қалың
ауыстырылмайтын — байлап бағу кезінде 1-2 рет, ал құс шаруашылығында еденде
өсіру айналымы аяқталған соң ауыстырады.
Төсенішті күнделікті ауыстыру сиыр, бұзау, шошқа, жылқыларда және қой
қорасында, ал қалың төсеніш ірі қара және қойды айдап-бос бағу әдістерінде
қолданады.
Төсеніштерді пайдалану әдісі мал түріне және жасына, ұстау әдісіне,
төсеніш материал түріне байланысты болады.
Төсеніш материалының тәуліктік шығын нормасы 1 басқа ірі қара байлап
бағылған кезде: сабан - 0,5-1,5 кг, ағаш ұнтағы - 3-4 кг, бос бағылса сабан
- 3-5 кг, шошқа үшін сабан - 1-2 кг, ағаш үнтағы - 2,5-3 кг, жылқылар үшін:
сабан - 2-3 кг, ағаш ұнтағы - 2-8 кг, қой үшін: сабан - 0,3-0,5 кг.
Малды лас және ылғалды төсеніште ұстау, малдың денесін салқындатып,
тері жабындысы мен желінін ластайды, аяқ тұяқтарының (тұяқ жұмсаруы, шіруі,
микробактериоз, т.б.) аурулары туады. Сонымен бірге қора - жай микроклиматы
айтарлықтай төмендейді: аммиак, шаң және микроорганизмдердің ауадағы
концентрациясы жоғарылайды. Ластанған төсенішті күнделікті алып, орнына
жаңа төсеніш қосады, ал егер төсеніш кезеңімен ауыстырылатын және қалың
ауыс-ырылмайтын болса онда оны күнделікті қосып отырады.
Қалың ауыстырылмайтын төсеніш биотермиялық процестер дамуы нәтижесінде
малға жылы жататын орын болып саналады.
Қысқаша қорытынды
Жыл бойы терімен тұяқты мұқият күту, төсеніш пайдалану, малды
серуендету мен шынықтыру олардың денсаулыгын сақтаудың, көп шығын керек
етпейтін бірде-бір жолы.
Мал азығы мен азықтандыру гигиенасы
Ең бастысы малдың денсаулығы мен оның өнімділігінің азықтың мөлшері мен
санитариялық тұрғыдан қауіпсіздігіне байланысты екені белгілі. Кейінгі
кезде азықтың құндылығының төмендеуіне байланысты және де рацион құрамының
тапшылығы мал денсаулығына зиян келтіріп, олардың өнімділігін едәуір
азайтты. Азықтың мал организмі үшін маңыздылығы және сапалы әрі құнды
азықтар дайындау жолдары мен зерттеу әдістері осы тарауда толык,
келтірілген.
Азықтың зоогигиеналық маңызы
Малды азықтандыру — олардың денсаулығына, өнімділігі мен өнім сапасына
тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі.Жануарлардың
азыққа деген қажеттілігі олардың тіршілігін қамтамасыз етуде, өсу және
семіру кезінде денеге жаңа ұлпалардың қалыптасуы мен жаңаруына, өнім
өндіруге, репродуктивті қызмет пен денсаулықты сақтауға керекті энергия мен
қоректік және биологиялық белсенді заттардың барлығымен анықталады.
Қорек арқылы организм, ассимиляция процесінде өліні тіріге, ал
диссимиляция кезінде, керісінше, тіріні өліге айналдыра отырьш, сыртқы орта
заттарын қабыддайды. Бұл процестер бір-біріне қарама-қайшы болғанмен, бір-
бірінен ажыратуға болмайтын бүкіл тірі дүниеге тән қасиет болып табылады.
Малды азықтандыру бәрінен де бұрын тиімді (рациональды) әрі құнарлы
болуы керек, яғни рациондар малдың тек энергияға деген қажетін ғана емес,
сонымен бірге керегінше және дұрыс қатынасты түрлі қоректік заттарға
организмді толық құнды белоктар, көмірсутегі, майларға, минералдық
заттарға, микроэлементтер мен витаминдерге деген қажетін де
қанағаттандыруға тиіс.Ауылшаруашылық жануарларының қабылданған шикізатты
(азықты) тамақтық өнімге өңдейтін организм ретіндегі ерекшелігі, олар үшін
азықтағы қоректік заттар бір жағынан өнім өндіретін шикізат болатын болса,
екінші жағынан тіршілік үшін керекті энергетикалық материал болып табылады.
Азықтандыру кезінде белгілі бір режим мен жем-шөп беру кезектілігін
сақтау керек. Бірақ, ең алдымен, азық сапасы мал түлігіне, оның жасы мен
физиологиялық жағдайына, жынысына, сондай-ақ малдың өсірілу бағытына сай
болуы қажет. Былайша айтқанда, малды дүрыс азықтандьіру дегеніміз
азықтандыру мен күтіп бағу жағдайларының әсерінен болатын ас қорыту
процестерінің заңдылықтарын білу және сақтау арқылы қарын-ішек жолының
азықты толық сіңіру қабілетін арттырып, соның арқасында қоректік заттардың
пайдалану тиімділігі мен азықтың өнім өндіруге бағытталған өсерін күшейту.
Құнарлы дұрыс азықтандырудың басты негізгі принциптері: мал
организмінің азыққа деген керекті көлемі мен мөлшерін қамтамасыз ету; мал
азығындағы бүкіл қоректік заттар құрамын жеткілікті деңгейде ұстау; жақсы,
дәмдік сапасын сақтау; қоректік заттардың ас қорытуға жеңілдігі; жем-шөпте
патогенді организмдердің, соның ішінде микробтардың, зиянды және улы
заттардың болмауы. Азықтандырудың аталған принциптері бұзылған жағдайда мал
арасында әртүрлі аурулар тууы мүмкін. Мұндай аурулар азықтық немесе
алиментарлық деп аталады. Бұл аурулардың себептері биотикалық (тірі) және
абиотикалық (өлі) патогендер болуы мүмкін.
Биотикалық патогеңдерге жататындар: бактериялдық (сібір жарасы,
сіреспе, сүзек және б.) және вирустық (аусыл, вирустық гепатиттер және б.)
жұқпалы аурулардың қоздырғыштары; инвазиялық аурулардың қоздырғыштары
(фасциолез, диктикаулез және б.); микоз ауруларын тудыратын қоздырғыштар
(аспергиллез, фузариоз және б.).
Абиотикалық патогендер шығу тегіне қарай физикалық (азық температурасы
және б.), механикалық (үшкір зат, азықтың ірі бөлшектері және б.), химиялық
(зиянды және улы заттардың болуы, минералдық және органикалық заттардың,
витаминдердің аз немесе көп болуы және т.б.) және ұйымдастыру тәртібінің
бұзылуы болып бөлінеді.
Азықтардың тепе-теңсіздігі, жеткіліксіздігі немесе шамадан көп берілуі,
азықтандыру тәртібінің бұзылуы және азықтың сапасыздығы мал организмін
стрестік жағдайға әкеп соқтырады. Стресс жағдайының азыққа байланысты
себептері азықтық стресс факторлары деп аталады. Егер, организм кейбір
маңызы зор қоректік заттарды жеткіліксіз немесе толық қабылдамаса жете
азықтандырылмаған, жартылай немесе толық ашығады деген сөз.
Азықтағы қоректік заттардың гигиеналық маңызы
Азық тапшылығына әсіресе жас, өсіп келе жатқан мал, буаз мал, сүтті
сиырлар төзімсіз. Толдің өсуі бұзылады және сүйек қаңқасының бұрын оте
қарқынды өскен дене беліктері одан әрі жетілмей қалады. Терілерінің
серпімділігі жоғалып, қатпарланады өзіне тән жылтырлығынан айырылып,
ұйпаланады. Азық тапшылығы одан әрі өсірілетін төлдің жыныстық жағьшан
жетілуін тежейді, ұрғашы мал төлшілдігінің, ұрықтануының төмендеуіне,
сондай-ақ төлдегсннен кейін бұрынғы жьшыстык циклінің қалпына келуін 2-3 ай
кідіртуге әкеліп соқтырады.
Азықтағы белоктардың, көмірсутектердің және майлардың маңызы. Жем-шөп
мал организміне сыртқы ортадан бірден-бір протеин жеткізуші. Құнарлы
протеин жетіспесе қан сары суында белоктар синтезі, әсіресе альбумиңдік
фракция синтезі темендейді, клеткалар мен ұлпаларда қалыпқа келтіру
процестері тежеледі, олардың корғаныш қызметі әлсірейді. Құнарсыз протеин
тұтынылса асқазан-ішек жолы мен тыныс алу органдарының инфекцияға ұрынуына
әкеп соқтырады. Бұған, әсіресе шошқа мсн құс төзімсіз.
Белоктың жетіспеуі белоктық алмасу ғана емес, сонымен : бірге жалпы зат
алмасудың бұзылуьша да ұрындырады. Белоктың жетіспеуін алдын алу үшін
алмастырылмайтын синтетикалық амин қышқылдарын беру керек. Сонда зат
алмасудың бұзылуын, өнімділіктің, ұдайы өсу қабілетінің, мал организмінің
табиғи тезімділігінің төмендеуі секілді жағдайлардың алдын алуға болады.
Кейбір май қышқылдары (липолен, арахндон және линолен қышқылдары)
малдың зат алмасуына, өсуі мен жетілуіне сүйеу болу үшін өте қажет.
Сондықтан, олар азықпен бірге тұрақты түсіп тұруға тиіс. Азықта қоректік
май мөлшері қалыпты болса, тәбет ашуға, ас қорытуға және қоректік заттардың
ішекте сіңірілуіне мүмкіндік береді. Қорек майымен бірге организмге майда
еритін дәрмендәрілер (витаминдер) түседі. Азықта май жетпесе малда майда
еритін дәрмендәрілер (А, Д, Е және К) жетіспеушілігі туындайды.
Мал организмі көмірсутектердің жетіспеуіне ұзақ уақыт шыдай алады.
Өйткені, майлар мен белоктардың ыдырауы кезінде де ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz