Қостанай облысына жалпы сипаттама



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қостанай облысына жалпы сипаттама
2. Қостанай облысының халқы
3. Қостанай облысының шаруашылығы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Солтүстік Қазақстан эканомикалық ауданы еліміздің қиыр солтүстігінде Есіл, Тобыл өзендерінің алабында, шығыс бөлігі Ертіс өзенінің орта ағысында орналасқан. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының жер аумағының көлемі жөнінен Батыс және Оңтүстік Қазақстан аудандарынан кейін бірінші орынды алады. Оған Қазақстан жер көлемінің 22%-н келеді.
Халқының жалпы саны және орташа тығыздығына Солтүстік Қазақстан елімізде Оңтүстік Қазақстанға ғана жол беріп, бір шаршы шақырымға -7,2 адам болып келеді. Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығының жетекші саласы егіншілік, оның ішінде негізгі орынды астық шаруашылығы алады. Егістік жерлердің 78% дәнді дақылдар, соның ішінде жетекші орынды жаздық бидай алады. Солтүстік Қазақстан елдегі астық өнімінің 90% береді. Мал шаруашылығының жем шөп базасында табиғи мал азығы басым. Солтүстік Қазақстан сүтті және етті сүтті ірі қара шаруашылығы жетекші орында. Оған Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысының орманды дала және дала зоналарының табиғат жағдайы қолайлы болып келеді. Мұнда сүт бағытындағы даланың қызыл сиыры, ал оңтүстікте қара ет бағытында қазақтың ақ бас сиыры өсіріледі. Аудан өнеркәсібінеде тамақ және жеңіл өнеркәсіп жетекші орын алады.
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданына Қостанай облысы, Ақмола облысы және Павлодар облысы кіреді.
1. Алматы энциклопедиясы. VI том Алматы1999, 112-125 беттер.
2. «Егемен Қазақстан» газеті 2005, 1-2 беттер.
3. Е.Р. Ердаулетов «Экономическая и социальная география Казахстана » Алматы 1997, 80-83 беттер.
4. Н.Н Карменова « Қазақстанның облыстар географиясы» Алматы 2004.
5. Қостанай облысының энциклопедиясы. 2006, 250-270 беттер
6. Қазақ- орыс сөздігі, 2000
7. М.Ш. Ярмухамедов «Экономическая география Казахской ССР» Алматы, Мектеп 1975, 95-100 беттер.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қостанай облысына жалпы сипаттама
2. Қостанай облысының халқы
3. Қостанай облысының шаруашылығы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Солтүстік Қазақстан эканомикалық ауданы еліміздің қиыр солтүстігінде
Есіл, Тобыл өзендерінің алабында, шығыс бөлігі Ертіс өзенінің орта ағысында
орналасқан. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының жер аумағының көлемі
жөнінен Батыс және Оңтүстік Қазақстан аудандарынан кейін бірінші орынды
алады. Оған Қазақстан жер көлемінің 22%-н келеді.
Халқының жалпы саны және орташа тығыздығына Солтүстік Қазақстан
елімізде Оңтүстік Қазақстанға ғана жол беріп, бір шаршы шақырымға -7,2 адам
болып келеді. Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығының жетекші саласы
егіншілік, оның ішінде негізгі орынды астық шаруашылығы алады. Егістік
жерлердің 78% дәнді дақылдар, соның ішінде жетекші орынды жаздық бидай
алады. Солтүстік Қазақстан елдегі астық өнімінің 90% береді. Мал
шаруашылығының жем шөп базасында табиғи мал азығы басым. Солтүстік
Қазақстан сүтті және етті сүтті ірі қара шаруашылығы жетекші орында. Оған
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысының орманды дала және дала зоналарының
табиғат жағдайы қолайлы болып келеді. Мұнда сүт бағытындағы даланың қызыл
сиыры, ал оңтүстікте қара ет бағытында қазақтың ақ бас сиыры өсіріледі.
Аудан өнеркәсібінеде тамақ және жеңіл өнеркәсіп жетекші орын алады.
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданына Қостанай облысы, Ақмола
облысы және Павлодар облысы кіреді.

1. Қостанай облысы – Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық
бөлігі. 1936 жылы 29 шілде де бұрынғы Қостанай мен Торғай губернияларының
негізінде құрылған. Құрамында 5 қала, 13 кент, 16 аудан, 808 ауылдық
(селолық) елді мекен бар. Орт. – Қостанай қаланың жер аумағы 196,0 мың
км. Тұрғыны 913,3 мың адам (2004). Облыстың географиялық орны өте
қолайлы. Ол солтүстік – батысы мен солтүстігінде Ресейдің Орынбор,
Челябинск, Қорған облыстарымен, шығысында және оңтүстік – шығысында
Қазақстанның Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарымен,
оңтүстік – батысында Ақтөбе облысымен шектеседі. Облыс аумағы негізінен
жазық дала. Солтүстіктен- оңтүстікке қарай тым созылып жатуына байланысты
(740км) әр түрлі физикалық-географиялық белдеулерден тұрады: батыс жағында
Орал маңы үстіртін (250-400м), солтүстігінде Батыс Сібір ойпатының (150-
200м) оңтүстік бөлігінде, оңтүстігінде Торғай үстіртінің басым бөлігін (250-
300м), қиыр оңтүстік – шығысында Сарыарқаның батыс бөлігін (450-500м)
қамтиды. Орал маңы үстірті негізінен, шығысқа қарай еңістене келіп,
солтүстігінде Золотая Сопка (Алтын шоқы) тұсымен, оңтүстігінде Тобыл
өзенінің жоғарғы ағысының аңғарымен шектеледі. Мұның оңтүстік жағында
жекелеген шоқылар (мысалы, Жітіқара тауы, 414м, т.б.) кездеседі. Батыс
Сібір ойпатының оңтүстігін көл қазаншұңқырлары бар Қостанай жазығы мен
Обаған-Есіл суайрығы және Есіл жазығы алып жатыр. Облыстың оңтүстігіндегі
Торғай үстіртінің солтүстік бөлігін көл қазаншұңқырлары мол Солтүстік
Торғай жазығы (Құсмұрын көлінен Тобыл өзеніне дейінгі суайрықты), орта
бөлігін сыпсыңағаш қолатымен және Өлкейек, Қабырға, Теке, Сарысу
өзендерімен тілімденген Торғай үстіртінің орта бөлігін алып жатыр. Мұндағы
суайрықтарды Қарғалы (310м), Теке (262м), Қызбел (219м) және Сарыадыр
(360м) деп аталатын төрткіл тау жұрнақтары, қиыр солтүстік-батысында
Қоңыртау орналасқан. Торғай үстіртінің жалғасы саналатын Оңтүстік Торғай
жазығы Сарықопа көлінің оңтүстік бөлігін қамтиды. Ол Торғай мен Ұлыжыланшық
өзендерімен тілімденген. Облыс аумағының бір ерекшелігі – оның қиыр
оңтүстік-батысынан солтүстігіне қарай Торғай, Сарыөзен, және Обаған
өзендерінің аңғарларын қамти отырып, Тобыл өзеніне дейін жететін ұзындығы
700км торғай қолаты жатыр. Облыстың ең биік бөлігі шоқылы кеген Сарыарқа
бөлігі. Мұнда Қарақұс (Шарықты шыңы, 397м), Көкшетау (478м),Қайыңдышоқы
(569м),т.б. көптеген тау –шоқылары кездеседі. Ұлыжыланшық пен Қараторғай
өзендерінің суайрығын Жыланшықтүрме қыраты алып жатыр. Қостанай облысының
жер қойнауы кен байлықтарына өте бай. Мұнда магнетиттік және оолиттік темір
кендерінің, бокситтің, алтынның, никельдің,асбесттің, қоңыр көмірдің,
құрылыс материалдарының (цементтің, флюстік әктастың), доломиттің, отқа
төзімді балшықтың, қыш және кірпіш балшықтарының, әйнектік құмның,
диориттің, ұмтастың,т.б. мол қоры бар.
Қостанай облысының климаты, өзен көлдері және топырағы. Облыс климаты
тым континенттік. Қысы суық және ызғарлы, қаңтардың орташа температурасы
солтүстігінде – 18-19С, оңтүстігінде – 16-17С. Кейбір қатаң
жылдары - 40С-тан төмен болады. Қысы ұзақ, қар жамылғысы 5 айға дейін
жатады. Жазы біршама ыстық, шілденің орташа температурасы 19-20С. Кей
жылдары 35-40С-қа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері
солтүстіктен оңтүстікке қарай 300мм-ден 170мм-ге дейінгі аралықта, оның 70-
75%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. Облыста қуаңшылық болып тұрады.
Кейінгі 50 жылдың мәліметі бойынша қуаңшылық әр 10жылда 3-4 ретқайталанған.
Желсіз күндер аз. Желдің жылдық орташа жылдамдығы солтүстігінде 4-4,5 мс
–тан, оңтүстігінде 5-6 мс-қа жетеді.
Қостанай облысы өзендер мен көлдерге бай. Өзендер Тобыл мен Торғай және
Ұлыжыланшақ өзендерінің алабына жатады. Тобыл өзенінің алабына жататын
өзендер (Үй, Тоғызақ, Әйет, Желқуар, Шортанды)бастауларын Орал маңы
үстіртінен, ал Обаған өзені Торғай қолатының орта тұсынан алады. Торғай
алабындағы өзендер, негізінен, Торғай және оның салалары бастауларын Торғай
үстіртінен (Өлкейек, Қабырға, Теке)және Сарыарқаның батыс беткейінен
(Сарыөзен, Мойылды және Үлкен Дәмді, Жалдама, Қарынсалды, Тасты, Ащытасты,
Қараторғай, Сарыторғай, Үлкен Сабасалды,Сабасалды, т.б.) алады. Облыстың
қиыр оңтүстігінде Торғай өзені алабынан Ұлыжыланшық өзені Жақсы Ақкөлге
құяды. Қостанай облысында 7 мыңнан астам көл бар. Олар көбіне тұщы келеді.
Тұзды көлдер солтүстік Торғай жазығында, Сыпсыңағаш пен Торғай
қолаттарынның орталық тұстарында шоғырланған. Көлдердің ең ірілері Торғай
қолатында (Сарықопа, Күйік, Ақсуат, Сарымойын, Құсмұрын, Алакөл, Теңіз,
т.б.) облыстың солтүстік- шығысында (Қойбағар, Алабота, Тімтәуір, Жаншора,
Биесойған, Сарыкөл, Сарыоба, Жасылбағар, Қарақамыс, Тоқта, т.б.) солтүстік
– батысында (Шұбаркөл, Сасықкөл, Үлкен Бөрілі, Тоқтас, Жолжарған, т.б.) ,
Солтүстік Торғай дазығында (Шыбындысор, Айқаныс, Қарасор мен Тентексор
көлдер топтары, т.б.), Сыпсыңағаш қолатында (Қулыкөл, Кіндікті, Орқаш,
Жақсыбай, Шоғыркөл, Мамыркөл, т.б.) және оңтүстігінде (Жалтырсор, Барақсор,
Тентексор, Жаман Ақкөл, Жақсы Ақкөл, Ащы Алакөл, т.б.) орналасқан. Кейбір
тұзды көлдердің (Әулиесор, Сабынды, Қарабысты, Қарақалпақ, Жылысор,
Балықты, Ақсуатсор, т.б.) емдік және курорттық маңызы бар. Тобыл мен Торғай
өзендеріне және олардың салаларында көптеген бөгендер мен суару жүйелері
салынған. Олар Тобыл өзені мен оның саларарында Жайылма, Жоғарғы, Тобыл,
Қаратомар, Қостанай, Желқурай, Шортанды бөгендері, Торғай өзендерінде
Албарбөгет суару жүйесі мен Үлкен Дәмді өзендеріндегі көлдетіп суару
жүйесі, т.б. Жер асты сулары облыстың барлық жерлерінде бар. Орал мезо-
кайназойдың құмды-сазды шөгінділері мен палеозой жыныстарында шоғырланған.
Қостанай облысының аумағы үш ірі топырақ белдемінде орналасқан.
Солтүстік жағынан қара топырақ, орталық бөлігін қоңыр-қызғылт топырақ, ал
оңтүстік бөлігін сұр топырақ белдемі алып жатыр. Қара және қоңыр –қызғылт
топырақтар облыстың солтүстік және орталық аудандарында егін шаруашылығы
мен мал шаруашылығын өркендетуге қолайлы. Оңтүстіктегі сұр топырақты бөлігі
құнарлығының төмен болуына байланысты негізінен, мал шаруашылығына қолайлы.
Облыс жеріндегі топырақ жамылғысының бойлық бағытта белдемдік байланыстағы
өсімдік жамылғысы таралған. Оның солтүстік жіңішке бөлігін орманды-дала
белдемі алып жатыр. Орманды жерлері негізінен, әр түрлі бұталар өскен терек
аралас қайыңды шоқтардан тұрады. Кей жерлерде олар едәуір қамтитын қайыңды
орман өңірлерін құрайды. Дала белдемі әр түрлі шөбі басым селеу мен боздан
тұрады, ал құрғақ дала белдемінде, негізінен, әр түрлі шөптер араласқан
бетегелі-селеулі шөптер өседі. Дала және құрғақ дала белдемдерінің құмдақ
топырақты жерлерінде қайың мен қарағайы басым Арақарағай, Аманқарағай және
Наурызымқарағай ормандары өскен. Наурызымқарағай шоқ орманы негізінде 1930
жылы мемлекеттік қорық ұйымдастырылды (қ. Наурызым қорығы).
Жануарлар әлемі. Облыстың жануарлар дүниесі әр түрлі жыртқыш аңдардың
ішінен қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен жиі кездеседі. Ақ қоян, Ор қоян, құм
тышқаны, сарышұнақ, аламан, қосаяқ секілді кеміргіштер көп тараған. Орманды
–дала белдемінде елік, оңтүстіктің шөлейтті жерлерінде ақбөкендер жайылады.
Облыста құстардың сан алуан түрлері мекендейді.

Қостанай облысының халқы
Халқының саны бойынша Қазақстанның ең ірі облыстарының бірі
(республикада 5-орында). Халықтың жартысынан көбі қалалық жерде орналасқан
(54,2%). Олар негізінен облыс орталығында- Қостанай қаласы мен ірі
өнеркәсіп орталықтары саналатын қалаларда (Рудный, Лисаков, Арқалық және
Жітіқара) және кеніштер маңындағы (Қашар, Павловск, Горняк, Октябрь)
кенттерде шоғырланған. Ауылдық жерде облыс халқының 45,8% -ы қоныстанған.
Халқының басым көпшілігін қазақтар мен орыстар құрайды.
Арқалық – Қостанай облысының оңтүстік шығысындағы қала, Сарарқаның
батыс жағындағы Ақжар өзенінің жағалауында, құрғақ дала белдемінде
орналасқан. Іргесі 1956 ж. Торғай боксит кен орнын игеруге байланысты
қаланды.1970-86 ж. және 1991-97 ж. Торғай облысының орталығы болды.Тұрғыны
57,0 мың адам (1997). Арқалық –ірі өнеркәсіп орталығының бірі. Мұнда
Павлодар алюминий зауытының базасы болып саналатын боксит кеніші, темір
құйматас бұйымдарды комбинаты, ЖЭС, нан, ет, сүт заттары, педагогикалық
институт, ауыл шаруашылық техникумы, кеншілердің мәдениет сарайы, қонақ үй,
тарихи - өлкетану музейі, қалалық аурухана бар. Қала тұрғындары облыс
орталығы- Қостанай қаласымен, елді мекендермен автомобиль және әуе жолдары
арқылы қатынасады.
Рудный-қала экономикасы мен өнеркәсібінің негізін Соколов-Сарыбай кен
байыту комбинатын құрайды. Оның құрамында Соколов және Сарыбай ашық
кеніштері, 2байыту және кен жентектеу фабрикалары бар. Комбинаттың үлесіне
қала өнеркәсіп өнімінің 80% - ы, ал Қазақстанда өндірілетін темір кенінің
85%-ы тиесілі. Рудныйда қара және түсті металлургия салаларында жұмыс
істейтін кадрларды даярлайтын политех институт, индустриялық коледж, спорт
мектептері, жалпы білім беретін 25 мектеп, 2 Мәдениет үйі, музей, 6
кітапхана, 7 аурухана дәріханалық мекемелер бар .Қала негізінен көп қабатты
тұрғын үйлерден тұратын бірнеше ықшам аудандардан құралады. Тобыл өзенінің
жағасында демалыс саябағы, Сергеев пен Қаратомар бөгендері салынған.
Қостанай облысы негізінен он жеті ауданнан тұрады.Бұны төмендегі
кестеден көруімізге болады:
1-кесте
№ Аудандар Аудан орталықтары
1 Алтынсарин Обаған
2 Амангелді Амангелді
3 Әулиекөл Әулиекөл
4 Денисов Денисовка
5 Жангельдин Торғай
6 Жетіқара Жетіқара
7 Қамысты Қамысты
8 Қарабалық Қарабалық
9 Қарасу Қарасу
10 Қостанай Затобольск
11 Мендіқара Боровской
12 Наурызым Қараменді
13 Сарыкөл Сарыкөл
14 Таран Таран
15 Ұзынкөл Ұзынкөл
16 Федоров Федоровка
17 Арқалық Арқалық

Қостанай облысының шаруашылығы

Қазан төңкерісіне дейін Қостанай облысының жерінде көшпелі мал
шаруашылығы қалыптасқан. 19 ғасырдың соңына қарай орыс қоныстанушыларының
егін шаруашылығы дами бастады. Жітіқара қаласында алтын өндіру және
Қостанай қаласында ауыл шаруашылығына негізделген ұн өндіруөнеркәсібі
дамыды. 1939 – 40 жылы Ақмола-Қарталы, 1958 жылы Қостанай- Рудный –
Жітіқара темір жолдарын салуға, темір мен асбест кен орындарын, тың және
тыңайған жерлерді игеруге (1954-60) байланысты облыс экономикасы жедел
дамып, Қазақстандағы аса ірі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық облыстарының
біріне айналды. Өнеркәсібінің басты саласы – темір кені, боксит және асбест
өндіріп, байытатын ірі кәсіпорындары бар тау-кен өнеркәсібі саналады. Оған
көмекші салалар есебінде энергетика, машина жасау, металл өңдеу
өнеркәсіптері дамуда. Тау-кен өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары – Соколов-
Сарыбай (Рудный қаласында), Қашар (Қашар кентінде), Лисаков (Лисаковск
қаласында ) кен байыту комбинаттары. Бұларда Қазақстандағы кен тасының 85%-
ы өндіріледі.Лисаков кен байыту комбинаты өзі өндіретін оолиттік темір
кенін Германияның қара металлургия кәсіпорындарына жеткізеді. Жітіқара
қаласындағы асбест комбинаты өз өнімін көптеген шет ел мемлекеттеріне
шығарады. Боксит кені Арқалық пен Краснооктябрь кен орындарынан алынып,
Павлодардың аллюминий зауотына өңдеуге жіберіледі. Облыс өнеркәсібінің
басқа ірі салаларына құрылыс материалдарын өндіретін, тамақ және жеңіл
өнеркәсіптері жатады. Тамақ өнеркәсібінің құрамында ет, сүт, сары май,
ұнжарма, нан, сыра, минералды су өндіретін салалар дамыған. Олардың ең ірі
кәсіпорындары – Қостанай мен Жітіқараның ет комбинаттары, Қостанай, Рудный,
Жітіқара, Лисаковск және Арқалық қалаларының сүт комбинаттары. Аудан
орталықтары мен кейбір ірі ауылдарға май зауыттары орналасқан. Жеңіл
өнеркәсіп құрамында мата тоқу, киім мен аяқ киім тігу кәсіпорындары бар.
Олардың ең ірілері Қостанайдағы комвольдішұға Большевичка комбинаты,
тігін және аяқ киім фабрикалары, Рудныйдағы тігін фабрикасы. Машина жасау
мен металл өңдеу өнеркәсібінің орталықтары:Қостанай (Дормаш жөндеу-мех.,
дизель жөндеу, т.б. зауыттары), Рудный (Имсталкон зауыты), Қарабалық
кенті (Тоғызақ мех. зауыты), Затобольск кенті (арнаулы машина жасау
зауыты), т.б. Облыстың электр энергетикасы Бұхара газы мен Екібастұз
көмірін пайдаланады.
Ауыл шаруашылығы. Қостанай облысы Қазақстандағы ең ірі егін және мал
шаруашылығымен айналысатын аймақ. Мұнда Республиканың 18%-ға жуық егіс
алқабы және 13%-дай ірі қара малы шоғырланған. Ауыл шаруашылық жерінің
жалпы аумағы 18,1 млн. га, оның 4 723,3 мың га-сы егістік жер, 136,0 мың га-
сы шабындық, 450,0 мың га-сы жайылым. 1997 жылға дейін ауыл шаруашылығымен
облыста 188 кеңшар, 4 құм фабрикасы, 1 жылқы зауыты, 8 ұжымшар айналысты.
Кейінгі кезде олардың негізінде 37 ЖШС пен АҚ-дар жүздеген фирмалар мен
шаруа қожалықтары, ӨК-тер құрылды.
Қостанай пима фабрикасы – жеңіл өнеркәсіп орны. 1930 жылдан Пима басу
кәсіпшілік- кооператив артелі ретінде жұмысістеп бастаған. 1967 жылы
Қостанай киіз етік фабрикасы болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы кітапханалары жаңа жағдайда: мәселелері, даму жолдары
Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым - Ахмет байтұрсынұлы
Ақмола облысы аумағына халықтарды депортациялау
Ахмет Байтұрсынұлы автобиографиясы
Ақтөбе облысына жалпы сипаттамасы
Барлық зерттелген шаруашылық
Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы туралы
Ұлы отан соғысы жылдары Қазақстанға эвакуацияланған тұрғындардың тағдыры
Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жылдар)
Ахмет Байтұрсынұлы өмір белестері, тарихы
Пәндер