Кәсіпкерлік қызметке салық салу мәселелері


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Қаржы кафедрасы
Диплом жұмысы
Кәсіпкерлік қызметке салық салу мәселелері
Орындаушы:
Ғылыми жетекші: Досжан Р. Д
Норма бақылаушы: Досжан Р. Д
Кафедра меңгерушісі:
Қорғауға жіберілді Арзаева М. Ж
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ САЛЫҚ САЛУ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуы . . . 5
1. 2 Еуропа елдері және Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметке салық салу тәртібін салыстыру . . . 14
2 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
2. 1 Кәсіпкерлік қызметке салынатын салық түрлері . . . 26
2. 2 Алматы қаласы Бостандық ауданының салық басқармасы бойынша кәсіпкерлік қызметтен түскен салықтар түсімдеріне талдау . . . 40
3 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ САЛЫҚ САЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ . . . 49
3. 1 Кәсіпкерлік қызметке салық салу бойынша ұсыныстар. . 49
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайының тұрақты дамуына, ең алдымен мемлекет тарапынан қабылданған және жүзеге асырылған реформалар нәтижесінде қол жеткізуге болады. Отандық тәжирибе көрсетіп отырғандай, ел экономикасының дамуы тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстың нәтижесін көрсетеді.
Кәсіпкерлік қызметті дамытудың негізгі жолдарының бірі - салықтық реттеу болып табылады. Салық салудың нәтижелілігі олардың атқаратын рөліне тікелей байланысты. Өйткені, егер салық салу тәжірибе жүзінде максималды мүмкіндікке ие болатын болса және олардың атқаратын қызметтері арасында үйлесімді тепе - теңдік сақталатын болса бұл рөл жағымды болып келеді. Салық салуды дұрыс жолға қоюды қатамасыз ету күрделі және қарама қайшы мәселе болып табылады, өйткені мемлекет үшін ең бірінші және ең негізгі мәселе болып салық салуды жоғарылату болатын болса, ал жеке тұлғалар мен шаруашылық субъектілер салық төлеуді азайтуға ұмтылады.
Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін ынталандыруға немесе шектеуге, бюджет кірісін қамтамасыз етуге, қоғам мүддесін қолдауға болады. Салық ауыртпалығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым салық төлеушінің салық төлеуге деген ынтасы мен мүмкіншілігі төмендейді. Сондықтан мемлекеттер салықтар, салық ставкалары мен жеңілдіктері тәрізді реттеу құралдары арқылы реттеушілік қызметін жүзеге асыру барысында оның экономиканы, өндіріс пен инвестицияны ынталандыруға тигізетін әсерін де басты назарда ұстауы қажет.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет экономиканың маңызды саласы болып табылады. Бұл саланың дамуына да мемлекет тарапынан көптеген жұмыстар іске асып жатыр. Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрлерін қолданбай еліміздің экономикасын, халықтық әлеуметтік ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі кәсіпкерлік қызметің дамуы. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық белсенділіктің негізгі факторы.
Нарықтық экономика жолын ұстанған тәуелсіз елімізде кәсіпкерлік қызмет барысында кедергі келмейтін салық жүйесін қалыптастыру маңызды мәселелер қатарына еніп отыр. Осы мақсатта кәсіпкерлік қызметке арнайы салық режимі қолданылады. Салық режимі - салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы.
Тиімді нарықтық экономиканы құруда кәсіпкерлік қызметтің мәні оның бәсекелік ортаны қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесетін құрылымдық фактор ретіндегі орны мен рөлімен анықталады. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі функциялары - бұл көбінесе жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылу мәселесін шешудегі жәрдем. Бұндай мәселелердің оңтайлы шешілуі ауыспалы кезеңде орын алатын әлеуметтік дағдарыстың зардаптарын азайтады.
Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің экономикадағы рөлінің аса маңыздылығын дәлелдейді. Оның негізгі маңыздылығын ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты кәсіпкерлік» деп аталынғандығы айқындайды. Сондықтан, кәсіпкерлікті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кәсіпкерлік дамыған нарықтық шаруышылықтың бөлінбес бір элементі болып табылады. Кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, жаңа қосымша жұмыс орындарының ашылуын құру сияқты дәйекті мәселелер оның актуалдылыгын көрсетеді және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.
Сондықтан, бұл жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму сипаты мен ерекшеліктері және оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни оның даму үрдістерін және проблемаларын айқындау және оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау болып табылады.
Диплом жұмысы Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметке салық салу деген тақырыбына арналған. Бұл тақырыпты таңдап алған себебім, Кәсіпкерлік қызмет нарықтық экономиканың маңызды әрі біртұтас құрылымдарының бірі. Олар экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне жүктелген міндеттері бар.
Аталған дипломдық жұмыс негізгі үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде - Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметке салық салу негіздері қарастырылды .
Екінші бөлімде - Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметке салық салу тәртібі талданды.
Үшінші бөлімде - Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметке салық салуды жетілдіру бағыттарына талдау жүргізілді.
1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ САЛЫҚ САЛУ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуы
Қазіргі таңдағы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі - кәсіпкерлік қызметті дамыту. Өйткені ол әлеуметтік - экономикалық мәселелерді дамыту бағдарламасын шешу барысындағы қуатты тұтқалардың бірі болып табылады. Біздің елімізде қазіргі таңда экономиканың аталмыш секторындағы субъектілердің саны күн санап өсуде және оның дамуына басым көңіл бөлінуде, елбасы ұсынған “Қазақстан-2030” стратегиялық даму бағдарламасының бөлімдерінің бірі елдегі шағын бизнесті дамыту болып табылады. Экономиканың аталмыш секторын қолдау барысында біршама шаралардың жүргізіліп жатқаны баршаға атап айтқанда, олардың іс-әрекет барысына ықпал ететін нормативтік құжаттар қабылданып, жұмыс жасауда, жаңа Салық Кодексі іске қосылып, онда шағын бизнес субъектілеріне салық салудың арнайы салық режимі қарастырылып, банктер тарапынан әр түрлі мерзімге несиелер берілуде. Осындай қол жеткізілген нәтижелерімізді одан әрі жетілдіру барысында жекелеген қағидаларды басшылыққа ала отырып, жұмыс жасаумыз керек.
Кәсіпкерлік қызметті дамытудың негізгі жолдарының бірі - салықтық реттеу болып табылады. Салық салудың нәтижелілігі олардың атқаратын рөліне тікелей байланысты. Өйткені, егер салық салу тәжірибе жүзінде максималды мүмкіндікке ие болатын болса және олардың атқаратын қызметтері арасында үйлесімді тепе - теңдік сақталатын болса бұл рөл жағымды болып келеді. Салық салуды дұрыс жолға қоюды қатамасыз ету күрделі және қарама қайшы мәселе болып табылады, өйткені мемлекет үшін ең бірінші және ең негізгі мәселе болып салық салуды жоғарылату болатын болса, ал жеке тұлғалар мен шаруашылық субъектілер салық төлеуді азайтуға ұмтылады.
Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін ынталандыруға немесе шектеуге, бюджет кірісін қамтамасыз етуге, қоғам мүддесін қолдауға болады. Салық ауыртпалығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым салық төлеушінің салық төлеуге деген ынтасы мен мүмкіншілігі төмендейді. Сондықтан мемлекеттер салықтар, салық ставкалары мен жеңілдіктері тәрізді реттеу құралдары арқылы реттеушілік қызметін жүзеге асыру барысында оның экономиканы, өндіріс пен инвестицияны ынталандыруға тигізетін әсерін де басты назарда ұстауы қажет.
Сонымен бірге, салық жүйесі салық қатынастарының негізін қалыптастыратын белгілі бір қағидаларға негізделеді.
Салық Кодексінде еліміздің өзінің салық салу қағидалары тұжырымдалған. Олар:
салық салудың міндеттілігі, яғни салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді толық әрі уақытылы төлеуге міндетті;
айқындылығы, яғни салық төлеушілердің салық міндеттемелерінің туындауының, орындалуының, тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртіптерін салық заңнамаларында бекіту мүмкіндігін көрсетеді;
салық салудың әділеттілігі, яғни Қазақстанда салық салу жалпыға бірдей міндетті болып табылады, ал жеке сипаттағы салық жеңілдігін беруге тыйым салынады.
салық жүйесінің біртұтастылығы, яғнм Қазақстан Республикасының салық жүйесі бүкіл ел аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады;
салық заңнамаларның жариялылығы, яғнм салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.
Біздің пікірімізше Қазақстанның салық салу қағидалары барлық талаптарға сай. Дамыған шет мемлекеттер тәжірибесі дәлелдеп отырғандай мемлекеттің экономиканы жанама реттеуі тікелей реттегенге қарағанда әлдеқайда тиімдірек. Салық салу қағидалары, салық ставкалары мен жеңілдіктері тәрізді реттеу құралдарын ұтымды пайдалана білген ретте шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына өзіндік оң әсерін тигізеді.
Мемлекеттің экономикалық қызметі - шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің іс - әрекетіне араласпай, экономика саласындағы әрекетін ретке келтіріп отыру. Соның ішінде салықтық реттеу мемлекеттік қаржылық реттеудің құрамдас бөлігі болып табылады. Салықтық реттеу экономикаға, экономикалық процестерге салық түрлерін, салық ставкаларын, салық жеңілдіктерін өзгерту, салық салудың жалпы деңгейін арттыру немесе төмендету арқылы жанама түрде ықпал ету, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлға табысының бір бөлігін алу арқылы олардың өндірістік емес мүмкіндігін төмендету арқылы әсер ету болып табылады. Салықтық реттеудің басты мақсаты өндірістің, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету, шетелдік инвесторларды, ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру шараларын жүзеге асыру.
Демек, салықтық реттеудің бір жағынан жиынтық сұранысқа әсер ету арқылы ұдайы өндіріс деңгейін өзгертуге бағытталса, екінші жағынан төлеушіні ынталандыру арқылы әсер етуге бағытталады. Сондықтан нарықтағы кәсіпкер заңды және жеке тұлғалардың, өзге субъектілердің іскерлік белсенділігін ынталандыру, олардың бәсекелік қабілеттерін арттыру, экономика салаларының қалыпты дамуына жағдай жасау үшін салықтардың мемлекеттік басқа да реттеу құралдарымен үйлеісімді қызмет етуін жандандырған жөн.
Экономикалық бағамның өсуі, шағын және орта кәсіпорынның дамуы мен ұлттық экономиканың көтерілуін білдіреді. Қазақстанның халықаралық еңбек және айырбас бөлімінде өткізуді салыстыру артықшылығы және халықтың жұмыспен қамтылуын дамыту, шекті түрде ішкі шаруашылықтың дамуы бұл шағын кәсіпорынның шаруашылық қызметін, шаруашылық түрлерінің көптігін ынталандыру қажет.
Кәсіпкерлік туралы түсінік 18 ғасырда пайда болып, жекеменшігі бар адаммен қатар тұрды. Экономикалық тәуекелге қандайда болмасын коммерциялық идеяны және өз ресурстарын тиімді слудан ғана тәуелді емес екенін түсінді. Маңызды факторы-өндірісті рационалды ұйымдастыру болып табылады. Бұл кезеңге кәсіпкіндік пайда алу үшін жұмыс істейтін жекеменшік адам кәсіпкерді бейнелейді А. Смит.
Кантильонның А. Смит ойынан айырмашылығы, ол кәсіпкер адамдарды белгілі бағаға сатып алғысы келетіндер мен белгісіз бағаға сататын, яғни нарықтық сұраныс пен ұсыныс арасындағы пайданы алу мақсатында. Бұл ойға Ж. Б. Сэйдің көзқарастары да қосылады, яғни бұл да кәсіпкерді төмен табыс облысына ресурстарды жеткізетін адаммен бейнелейді. Бұл жағдайда кәсіпкер меншік иесіне қарағанда кеңірек қарастырылады: яғни максималды шаруашылық нәтижелеріне жету мақсатында, өндіріс факторларын қамтитын экономикалық агентті айтады.
Басқа анықтамалардан өзіне назар аударатын И. Г. Тюненнің әдісі, кәсіпкерлікті инновациялық қызметке байланыстырып, ал кәсіпкердің функцияларын новатор адаммен байланыстырады.
Кейінгі зерттеулерде кәсіпкерлерді жұмыссыздарға жұмыс беретін адамдар деп санады. Бұл әдістің нәтижесінде капиталға икемдену негізінде құрылған еңбекшілерді жұмысқа салу теориясы өмірге келді. Капиталист кәсіпкердің синонимы болып, ал функциялары кәсіпкерлік табыс алудағы, қосымша құнға тіркелген.
Кәсіпкерлік теорияға маңызды үлес қосқан Й. Шумпеттердің ойынша кәсіпкерлерді экономикалық дамудың ілгерлеуші күші болып табылатынын есептеген.
Шағын және орта кәсіпкерлік қызмет көптеген ауырлықтарға қарамастан, дамуда, яғни экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық мәселерді шешудегі өсу темпіріне қарағанда. Шағын және орта кәсіпкерлік әлеуметтік белгіленген нарықтық шаруашылық жағдайында қоғамдық өндіріс процесінің теңқұқылық қатысушысы болып табылады. Кәсіпкерлерді шаруашылық субьектілерін деп айтсақ болады.
Нарықтық шаруашылықтың қазіргі заманғы жүйесі шағын кәсіпкерліктің тиімді үйлесімді болуын талап етеді. Бұл - ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дамыған елдердің экономикасының маңызды ерекшелігі - шағын кәсіпорындардың пайдасына ірі құрылымдық алға жылжу, бұл бәсекеге қабілеттілікпен, сұранысқа жылдам үн қатумен және ғылыми - техникалық алға басуды тездетумен, кадрларды орынды қолданумен, ақша қаражатының аз жұмсалуымен және т. б. байланысты. АҚШ-та, мысалы, тіркелген 18, 1 млн фирманың 97%-ы қызметкерлерінің саны кемінде 500 адам шағын кәсіпкерлік санатына жатады, фирмалардың 90% - да 15-тен аз адам еңбек етеді. Шағын кәсіпкерліктің үлесіне ЖІӨ 38%-ы және жұмыс күшінің 47%-ы келеді. АҚШ шағын кәсіпкерлікті қолдапудың мемлекеттік құрылымдары кадрларды дайындау, маркетинг, сыртқы рыноктарға шығу және т. б. бағдарламалардың бір қатарын іске асырды. Жетпіс мыңға жуық шағын кәсіпорындарға мемлекеттік бюджет есебінен 2 млрд. доллардан аса инвестиция жаңа және жұмыс істейтін кәсіпорындарды құру мен дамытуға бөлінген. Тек соңғы он жылдықта ғана шағын кәсіпорындарға (ШК) 31 млрд. доллар несиеге 180 мың мемлекеттік кепілдіктер берілген. Мұнда " Шағын бизнес туралы" заң тағы 1953 жылы қабылданған болатын. Демек, АҚШ-та: «шағын бизнес - күллі экономиканың жотасы» деп тегін айтылмайды.
Қазіргі заманғы экономикаға ШК кемінде екі үлкен тобының бар болуы маңызды екенін атап кету керек. Олардың бірі өнеркәсіп алыптарының қосымша жеткізушілерінің рөлі ретінде, ал екіншісі - дербес жұмыс жасауды артық көреді. Бұл топтардың арақатынасы АҚШ-та -50:50, Ұлыбританияда -20:80, Жапонияда -70:30, Францияда - 40:60.
Бұдан басқа, әр түрлі мемлекеттердің ғалымдары мен сарапшылары шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыссыздықпен күрестегі мағынасы өте зор деген қорытындыға келді. Ол дамыған елдерде азаматтардың 70-80%-на жұмыс және мемлекеттік бюджетке түсімдердің басым үлесін береді. Бүгінгі күні әлемнің жетекші державаларында осы экономиканың осы әр 10 секторының 9-ы, ал Жапонияда, Германияда - барлық кәсіпорындардың жартысы жатады, оларда халықтың еңбекке қабілетті 2/3-тей бөлігі жұмыс істейді. Үлгі ретінде Голландияны келтіруге болады. Халқының саны 16 млн. адам бұл елде (Қазақстанда 15, 0 млн. ) 4 млн. -ға тарта шаруашылық жүргізетін субъектілер бар.
ҚР статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша елімізде 2009 жылдың 1-қазанына тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны (бұдан әрі - ШКС) 626187, жұмыс істеп тұрғандарының саны - 481623 немесе жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жалпы санының 90, 1%, олардың ішінде шағын бизнес кәсіпорындарының саны 103291 (19, 33%) жеке кәсіпкерлер - 231440 (43, 3%) болған. ШКС-де істейтіндердің саны - 1343, 3 мың адам немесе жұмыс істейтіндердің жалпы санының 18, 88% -ы болған.
Сондықтан экономиканың одан арғы даму кезеңді шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға қажетті байланысты (құқықтық, салықтық) талаптардың жасалуымен.
Мәлімет үшін: 1987 жылдың 1-мамырында Қазақстанда 1986 жылдың 19-қарашасында «Жеке еңбек қызметі туралы» КСРО заңы күшіне енгізілгенде жеке кәсіпкерлікке іс жүзінде рұқсат етілді. 1990 жылдың 11-желтоқсанында «Қазақ КСР-дағы шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы» заң қабылданды, бұл шын мәнінде кәсіпкерліктің дамуының негізіне айналды, ал 1992 жылдың 4-шілдесінде Қазақстан Республикасының «Жекеше кәсіпкерлікті қорғау туралы» өте маңызды заңы қабылданды. 1992-1994 жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі бірінші екі мемлекеттік бағдарламаның Қазақстан экономикасы үшін күрделі кезеңде іске асырылғанын, соған қарамастан республикада жеке кәсіпкерліктің құрылу мен қалыптасу негізінің қалануына мүмкіндік берді. Олардың нәтижелері бойынша мемлекеттік мүлікті мерзімінен ұзарта сату, жеке және заңды тұлғаларға несиелік көмек көрсету, мемлекеттік меншіктің еңбек ұжымдары мүшелерінің меншігіне акциялар түрінде өтуі үшін, соның ішінде жеңілдік бағалармен сату жолымен жеңілдік талаптарын жасау енгізілді. Сол кезеңде тауарлық биржалар, бағалы қағаздардың биржалары, валюталық биржалар коммерциялық банктер, тұтас-делдалдық кәсіпорындар, маклерлік институттар, коммерциялық ақпараттық орталықтар, жарнамалық агенттіктер және басқалары құрыла бастады. Қазіргі таңда кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған кезекті бағдарламасының тиімді түрде іске асырылып жатқанын атап кету керек. Оның негізгі міндеті - жоғары технологиялық өндірістерді құруға бағдар алған шағын кәсіпкерлікті дамыту жолымен орта тапты қалыптастыруға бағытталған институттық жағдайларды жетілдіру. Ұлттық мүддеге орай ескеру және дүниежүзілік жалпыға бірдей әлемдік үрдіс жағдайында кәсіпкерлік қызметті мәдениетті түрде жүргізуді ғаламдандыруға жаңа талаптарды ескеру керек.
Кәсіпкерлік қызметті дамыту қарқынын арттыру үшін 1997 жылдың маусымында-ақ: "Жеке кәсіпкерлік туралы", "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" заңдар қабылданды; қолданыстағы заңнамалық актілерге бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеудің, оларды жабудың, лицензиялау мен патенттеудің тәртібі оңайлатылды; оңайлатылған есептілік құрылымы жасалды, оның өсуін көтермелеу мақсатында қолданылмайтын мемлекеттік мүліктің бөлігі шағын кәсіпкерлікке берілді, мемлекеттік қолдау, соның ішінде қаражаттық қолдау жүйесі ұйымдастырылды. 1997 жылдың 19-маусымындағы " шағын кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы туралы" заңға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеке кәсіпкерлер, өндірістік кооперативтер, шаруашылық серiктестiктері (акционерлік қоғамдардан басқалары) - қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің орташа жылдық жалпы құны алпыс мың есептік көрсеткіштерден аспайтын кәсіпорындар жатады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өндірістік алаңдарды, офистік жайларды мерзімін ұзартуа сату көзделді, орнында болғанмен елдің алыс аудандарында жатқан кәсіпорындарға жеңілдіктер айқындалды және т. б. Бұдан басқа мәселенің өзектілігіне орай орай 1999 жылдың қазанынан бастап барлық бақылайтын органдардың тексерулері ҚР Үкіметінің қаулысына және ҚР Бас прокурорының 1999 жылдың 29-қазанындағы бұйрығына сәйкес прокуратура органдарында заңдылық пен олардың негізділігіне қатысты тіркеуден және тексеруден өткізіледі. Шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін ҚР мемлекеттік кіріс министрлігі патент бойынша жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерліктің қызмет түрлерінің тізімін 1999 жылы 56 -дан 2000 жылы 131-ге дейін көбейтті. Бірақ атап өту керек 2001 жылы Салық кодексінде бұл тізімнің күші жойылды: тізім кәсіпорындағы қызметкерлердің табыс мөлшері мен саны бойынша шектеулермен ауыстырылды. 2000 жылдың 11-сәуірінен 31- желтоқсанына дейін және 2003 жылдың 1-қаңтарынан 1-қазанына дейін министрлік шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тоқтатқан болатын. 1999 жылдың қазанынан бастап шаруа (фермер) қожалықтары үшін бірыңғай жер салығы енгізілді. Бір жолғы талондар енгізілді. Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша 50-дей инфражүйе объектісі, соның ішінде: АҚ «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құрылды, кәсіпкерлікті қолдауы үшін оған 10 млрд. -тан аса теңге. 20 кәсіпкерлік - инкубатор және 3 техникалық бақ бөлінді. Бұл тәуір нәтижелер берді. Алдымен «кәсіпкерлік» ұғымына қазақстандық заңнамаға сәйкес анықтама береміз, себебі кәсіпкерлік қызметтің негізгі белгілер содан туындайды. ҚР Азаматтық кодексіне (бұдан әрі ҚР АК) сәйкес «Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады». Кәсіпкерліктің төмендегідей белгілерін атауға мүмкіндік береді:
1. Дербестік. Кәсіпкердің мүліктік және ұйымдық дербестігін шартты түрде бөліп көрсетуге болады. Қызметтің экономикалық базасы сияқты мүліктік дербестік кәсіпкерде айрықша өзіндік мүліктің бар болуымен анықталады. Мүліктік дербестік көлемі негізінде осы мүліктік субъекті жататын заңдық атағына байланысты болады. Мүліктің меншік иесінің дербестігі анағұрлым басым. Шаруашылық жүргізу құқығында жұмыс істейтін кәсіпорындардың да айтарлықтай мүліктік, бірақ заңмен шектелген дербестігі бар. Ұйымдық дербестік - кәсіпкерлік қызмет барысында дербес шешімдерді қабылдау мүмкіншілігі. Осындай қызметпен шұғылдану туралы шешім қабылдау, қызметтің түрін, ұйымдық - құқықтық нысанын, құрылтайшылардың шеңберін таңдау - мұның бәрі - ұйымдық дербестіктің көрінуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz