Жамбыл және оның ақындық ортасы
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... 4 . 10 б.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Жамбылдың ақындық ортасының алып арнасы . айтыс ... ... ... ... ... 11 . 21 б.
1.1. Қазақ әдебиеті тарихының кезеңдерімен сабақтастық және туысқан түркі халықтары поэзиясымен үндестік ... 22 . 30 б.
2. Қайта туған Феномен. Жамбыл бейнесінің сомдалуы ... ... ... ... ... ...31 . 39 б.
2.2. Жамбыл өлең.жырларының көркемдігі.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... 46 . 48 б.

Ғасырлар бойы қалыптасу, даму жолдарынан өтіп келе жатқан қазақ халқы 90-жылдардың басынан бері өз тарихына жаңаша көзқарастармен қарай бастады. Бұл – әлемдік өркениеттің қауымдастыққа өз тұлғасымен толық танылуға ұмтылған ұлттық жаңғыру, жаңару жолы. Халық тарихының көп ғасырлық жолындағы сөз өнерінің көрнекті тұлғаларына да бүгінгі уақыт талаптарына орай жаңаша көзқарастармен қайтадан лайықты бағасын беру – бүгінгі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі. Қазақ әдебиетінің тарихында ақындық өнерімен елеулі мұра қалдырған ұлы тұлғаларының бірі Жамбыл Жабаев шығармашылығын, ақындық ортасын қайтадан қарастырылуы табиғи заңдылығы екендігі даусыз ақиқат.
Жамбыл ақынның мұрасы қазақ әдебиеттану, фольклортану зерттеулерінде кеңестік дәуір әдебиеті кезеңінің құрамында қарастырылып келді. Бұл қарастырудың да өзіндік себептері болды. Яғни, Жамбыл шығармалары 1934-1945 жылдар арасында кеңестік идеология үшін өте маңызды қызмет атқарды. КСРО мемлекетіндегі діндері, тілдері, әдеп-ғұрыптары әр түрлі жүздеген ұлттардың, ұлыстардың коммунистік идеологияның туы астында топтаса түсуі үшін халықтың нағыз өкілі Жамбылдың және сол тектес ақындарды, жыршыларды насихаттық көрнекті жанды құрал түрінде пайдалану керек болды. Шынында да, КСРО мемлекетінің коммунистік насихат жүйесінің арқасында халық арасындағы талай-талай таланттар танылды. Ұлы жазушы ғалым М.Әуезов «Жамбыл және халық ақындары» деген мақаласында дәуір талаптары арқасында тарих сахнасында кең танылған тұлғаларға баға берген еді: «Егер Гомердің есімі ғасырлар бойы гректің тамаша эпосын жасаушы халық ақындарының тұтас буынының жинақтаушы атауы болса, соңғы дәуірдегі халық шығармашылығының толық жинақталған және тұтастанған тұлғалары болып Ашуг Стальскийдің, ақын Жамбылдың және басқа да халық поэзиясының осындай өкілдерінің есімі аталады.

1. Әуезов М. О. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Зерттеулер, мақалалар. - Алматы: Жазушы, 1985. – 18-т. – 448 б.
2. Назарбаев Н.Ә. Адалдық пен адамгершіліктің, әділеттілік пен ізгіліктің алып жыршысы// Қазақ әдебиеті. 1996. 27 тамыз.
3. Әдеби мұра және оны зерттеу: Қазақ әдебиетінің негізгі мәселелеріне арналған ғылыми теориялық-конференция материалдары. - Алматы: ҚазССР Ғылым академ. баспасы, 1961 – 37 б.
4. Ақындар жыры: Қазақтың қазіргі халық поэзиясы (Халық ақындарының республикалық кеңесі) 3-5 август, 1961 жыл. – Алматы. ҚазССР ҒА баспасы. – 196 б.
5. Қазіргі айтыс: дәстүрі, келешегі, көкейкесті мәселелері: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары: // Қазақ әдебиеті, 28 наурыз, 2003 жыл, 3.
6. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – 2-бас. – Алматы: Жазушы, 1985. – 570 б.
7. Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991. – 464 б.
8. Жамбыл туралы сөз: Баяндамалар мен мақалалар жинағы/ Жауапты редакторы Б. Б.Мамраев. Жауапты шығарушы Қ. Х.Сәлімгерей. – Алматы: Комплекс, 1996. – 153 б.
9. Бегалин С., Тәжібаев Ә., Ритман-Фетисов М. Жамбыл. – Алматы, ҚБМБ, 1946. – 64 б.
10. Қабдолов З. Көзқарас: Талдаулар мен толғаныстар. – Алматы: Рауан, 1996. – 256 б.
11. Садырбайұлы С. Жамбыл жайындағы алғашқы жарияланымдар// Егемен Қазақстан. – 1996. – 16 сәуір - №76.
12. Ғабитова Ф. Алыптар тағдыры: Күнделік дәптерден. – Алматы: Жазушы, 1995. – 144 б.
13. Сүйіншәлиев Х. Жамбыл Жабаев - қазақ халқының ақыны. - Алматы: Қазақ мем. бас.,1955. – 42 б.
14. Бегалин С. Сахара сандуғаштары. - Алматы: Қазақстан, 1976. – 167 б.
15. Бегалин С. Жамбыл. – Алматы: Жалын, 1996. – 184 б.
16. Бес ғасыр жырлайды: 2 томдық/ Құраст. М.Мағауин, М.Байділдаев. Алматы: Жазушы, 1989. – 1-т. – 354 б.
17. Әуезов М. Жиырма томды шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1985. – 20-т. – 496 б.
18. Өтемісұлы Махамбет. Ереуіл атқа ер салмай: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 144 б.
19. Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы. – Алматы: Ғылым, 1976. – 176 б.
20. Турецкая ашыкская поэзия. Пер. С тур. Сост. предисл. коммент. Х.Короглы, Москва: Худож.лит., 1983. – 192 с.
21. Юнус Емре. Таңдамалы өлеңдер. - Алматы: Нұрлы әлем, 1996. – 132 б.
22. Досмұхамедұлы Х. Аламан. - Алматы: Ана тілі, 1991. – 176 б.
23. Жолдасбеков М. Жамбыл және оның ақындық дәстүрі. Филол.ғылым...докт...дисс.автореф. - Алматы, 1993. 4-5 бб.
24. Елеукенов Ш. Халық жүрегі// Лениншіл жас, 1938. 20 мамыр.
25. Негимов С. Өлеңдері// Жамбыл Жабаев творчествосы. - Алматы: Ғылым, 1989.
26. Жармағанбетов Қ. Жамбылдың өмірі мен творчествосы.- Алматы, 1955, - 44 б.
27. Қирабаев С. Айтыс – асыл қазына// Егемен Қазақстан, 2003. – 18 наурыз. – 62 б.
28. Ақындардың атасы: Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл толуына арналған ғылыми сессия материалдары// Қазақ әдебиеті, 1996. – 27 тамыз. – 35б.
29. Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет: Әдебиет туралы ойлар, толғаныстар. – Алматы: Жазушы, 1982. – 352 б.
30. Қожакеев Т. Жамбыл – сатирик// Егемен Қазақстан, 1996. – маусым. – 107.
31. Кедрина З. Из живого источника.
32. Дастан-ата: Жамбыл Жабаев туралы естеліктер/ Құраст. Н.Төреқұлов. – Алматы: Жазушы, 1989. – 416 б.
33. Жамбыл – менің жай атым: Жамбыл туралы естеліктер/ Құраст. Н.Төреқұлов. – Алматы: Санат, 1996. – 224 б.
34. Жабаев Жамбыл. Екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы. Алматы: Ғылым, 1996. – 1-т. – 384 б.
35. Жамбыл бейнелеу өнерінде. Альбом/ Л.Г. Плахотная, Н.А. Полонская. Алматы: Өнер, 1999. – 144 б.
36. Дәдебаев Ж. Халық оның шын аты// Қазақ тілі мен әдебиеті. 1996. – 2. -3-14 бб.
37. Жамбылдың музей-үйі. Алматы: Қазақстан, 1968. – 36 б.
38. Кәкішев Т. Жамбылдың алғашқы хатшысы кім?// Егемен Қазақстан, 1996. – 3 шілде.
39. Намық Кемал Зейбек. Түрік дүниесінің тұлғасы// Заман Қазақстан. – 1996. – 23 тамыз. – 23.
40. Жүзден жүйрік шыққандар: Ұлы Жамбылдың 150 жылдық мерейтойына арналған мүшәйра жүлдегелерінің өлеңдері// Қазақ әдебиеті. – 1996. – 27 тамыз. – 35. - 8-10-бб.
41. Төреқұл А. Абай мен Жамбыл// Түркістан, 1996. – 14 ақпан.– 7.
42. Жамбыл Жабаев творчествосы. Алматы: Ғылым, 1989. – 272 б.
43. Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия. Алматы: Қаз.мем.көркем әдебиет баспасы, 1960. 345 б.
44. Қаратаев М. Жамбыл – халық поэзиясының алыбы// Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы. Алматы: Ғылым, 1975.
45. Әуезов М. Жамбылдың айтыстағы өнері// Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 18 т., 176-189 бб.
46. Садырбаев С. Жамбыл және Мұратәлі күйші// Қазақ әдебиеті, 1986. 14 февраль.; Алагушев Б. Мұратәлі. Фрунзе: Қырғызстан, 1960.
47. Бегалин С. Жамбыл: Өмірбаяндық хикаят. Алматы: Жалын, 1996. – 184 б.
48. Бұлдыбаев А. Дастандары// Жамбыл творчествосы. Алматы: Ғылым.
49. Естаев Е. Сүйінбай творчествосын зерттеу мәселесі// Тіл және әдебиет мәселелері. Алматы, 1965. 116-118 бб.
50. Бекхожин Қ. Сыншылармен сырласу// Қазақ әдебиеті, 1955. 2 сентябрь.
51. Балақаев М. Жамбыл өлеңдерінің тілі туралы// Халық мұғалімі, 1948. №9. 23-24 б.
52. Елеукенов Ш. Халық ақындарының традициясын сақтаған ақын// Социолистік Қазақстан, 1938. 20 мамыр.
53. Нұртазин Т. Жамбыл туралы ойлар// Әдебиет және искусство, 1954. №10. 115-124 бб.
54. Елеукенов Ш. Ортақ ақын// Қазақ әдебиеті. 10 сәуір.
55. Исмаилов Е. Соғыс кезіндегі қазақ поэзиясының жайы мен міндеттері туралы ССРО ҒА Қазақ филиалы хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы, 1942.
56. Эвентов И. Казахский герояческий эпос и песни Джамбула// Советский фольклор. 1939. №6. С.70-85.
57. Қалдыбай Мамытбек. «Мен білетін Жәкең...» (Бауыржан Момышұлы щерткен сыр) // Қазақ әдебиеті. – 1996. - 23 шілде. – 30.
58. Жамбыл әзілдері (Жинаған Сейіт Кенжеахметұлы) // Қазақ әдебиеті. – 1996. – 9 көкек. – 15.
59. Мәмиев Е. Жырдың қызыл жолбарысы// Егемен Қазақстан – 1996. – 23 шілде. – 141.
60. Қыдырбаева А. Жамбыл шығармашылығының зерттелуі. Канд.дис.автореф. – Алматы, 2001. – 28 б.
61. Тебегенова А. Ұлттық сипат және дәстүр жалғастығы. Канд.дис.автореф. – Алматы, 2003. – 82 б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА
УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
БАКАЛАВРЛЫҚ БІТІРУ (ДИПЛОМ) ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Жамбыл және оның ақындық ортасы
Орындаған:
050117 – қазақ тілі мен әдебиет
мамандығын бітіруші
Нұрғалиева Н.Е.
4-курс, 4 жылдық, күндізгі бөлім
Ғылыми жетекшісі:
п.ғ.к., доцент м.а.
Әбдіқадырова Т.Р.
Норма қабылдаушы:
Қорғауға жіберілді:
Хаттама: № ___ ___________2009 ж.
Кафедра меңгерушісі:
ф.ғ.д., профессор
Ыбырайым Б.Б.
Алматы 2009
РЕФЕРАТ
ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Жамбыл және оның ақындық ортасы
ЖҰМЫСТЫҢ КӨЛЕМІ: 54 беттік жұмыс
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 62
ЖҰМЫСТЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ: Диплом жұмысында баяндау, талдау,
жинақтау, топтау, сараптау әдістері қолданылды. Сыни сипат,
астарлы ой, шеберлiктiң поэтикалық салмағын зерделеу. Зерттелу
жайын анықтау.
ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ: Бұл жұмыста Жамбыл
Жабаевтың қазақ поэзиясындағы ақындық шығармашылық тұлғасына тән
қасиеттерді жүйелі және жан-жақты жинақтау, талдаулар жасау мақсат
етілді. Зерттеудің негізгі міндеттері ретінде ең алғашқы орынға
ұсынылатын мәселелер:
1. Шығармаларының мәтіндік негізінде Жамбыл Жабаевтың ақындық
мұрасының, ақындық ортасының, дәстүрлі халық өнерінің заңды
жалғасы екендігін таныту.
2. Ақынның суырып салмалық өнерінің поэтикалық-психологиялық
табиғаты.
3. Ақын шығармаларындағы қазақ ұлтының этностық-этнографиялық
тіршілік мазмұнындағы тұрмыстық-салттық, әдет-ғұрыптық
дәстүрлердің жырлануына баға беру.
4. Жамбылдың жыршылық, орындаушылық өнерінің ерекшеліктерін
саралау.
5.Өмір құбылыстарын шыншылдықпен, сыншылдықпен жырлаудағы
зар заман поэзиясы ақынымен үндес азаматтық әуендерін айқындау.
6. Ақынның сатиралық өлеңдерінің әлеуметтік-эстетикалық
мәнін, маңызын анықтау.
7. Жамбыл шығармашылығын түркі халықтары ақындары поэзиясымен
үндестік, айырмашылық тұрғысында салыстыра, сабақтастыра
қарастыру.
8. Жамбылтану ғылымының қалыптасуын, дамуын ұлттық және
әлемдік таным деректері бойынша жүйелі пайымдау.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ: Зерттеу жұмысы кіріспеден,
іштей жіктелген параграфтары бар екі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ЖҰМЫСТА ҚОЛДАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ: Ғылыми еңбектер,
мақалалар, сыни талдаулар.
ЖОСПАР
І. КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..4 – 10 б.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Жамбылдың ақындық ортасының алып арнасы –
айтыс ... ... ... ... ... 11 – 21 б.
1.1. Қазақ әдебиеті тарихының кезеңдерімен сабақтастық және
туысқан түркі халықтары поэзиясымен
үндестік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .22 – 30 б.
2. Қайта туған Феномен. Жамбыл бейнесінің
сомдалуы ... ... ... ... ... ...31 – 39 б.
2.2. Жамбыл өлең-жырларының
көркемдігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...40 – 45 б.
ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 46 – 48 б.
КІРІСПЕ
Ғасырлар бойы қалыптасу, даму жолдарынан өтіп келе жатқан
қазақ халқы 90-жылдардың басынан бері өз тарихына жаңаша
көзқарастармен қарай бастады. Бұл – әлемдік өркениеттің
қауымдастыққа өз тұлғасымен толық танылуға ұмтылған ұлттық
жаңғыру, жаңару жолы. Халық тарихының көп ғасырлық жолындағы сөз
өнерінің көрнекті тұлғаларына да бүгінгі уақыт талаптарына орай
жаңаша көзқарастармен қайтадан лайықты бағасын беру – бүгінгі
кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі. Қазақ әдебиетінің тарихында
ақындық өнерімен елеулі мұра қалдырған ұлы тұлғаларының бірі
Жамбыл Жабаев шығармашылығын, ақындық ортасын қайтадан
қарастырылуы табиғи заңдылығы екендігі даусыз ақиқат.
Жамбыл ақынның мұрасы қазақ әдебиеттану, фольклортану
зерттеулерінде кеңестік дәуір әдебиеті кезеңінің құрамында
қарастырылып келді. Бұл қарастырудың да өзіндік себептері болды.
Яғни, Жамбыл шығармалары 1934-1945 жылдар арасында кеңестік
идеология үшін өте маңызды қызмет атқарды. КСРО мемлекетіндегі
діндері, тілдері, әдеп-ғұрыптары әр түрлі жүздеген ұлттардың,
ұлыстардың коммунистік идеологияның туы астында топтаса түсуі үшін
халықтың нағыз өкілі Жамбылдың және сол тектес ақындарды,
жыршыларды насихаттық көрнекті жанды құрал түрінде пайдалану керек
болды. Шынында да, КСРО мемлекетінің коммунистік насихат жүйесінің
арқасында халық арасындағы талай-талай таланттар танылды. Ұлы
жазушы ғалым М.Әуезов Жамбыл және халық ақындары деген
мақаласында дәуір талаптары арқасында тарих сахнасында кең
танылған тұлғаларға баға берген еді: Егер Гомердің есімі ғасырлар
бойы гректің тамаша эпосын жасаушы халық ақындарының тұтас
буынының жинақтаушы атауы болса, соңғы дәуірдегі халық
шығармашылығының толық жинақталған және тұтастанған тұлғалары
болып Ашуг Стальскийдің, ақын Жамбылдың және басқа да халық
поэзиясының осындай өкілдерінің есімі аталады.
Дүниежүзі халықтарының барлығында да әлемдік эпос пен
фольклордың асыл туындыларын жасаушы ақындары болған, бірақ олар
тарихқа атаусыз аэдтар, рапсодтар, баяндар, бардтар, ақындар,
жыршылар болып кірді [1].
Шынында да, ХХ ғасырдың 30-40 жылдары қазақтың халық
поэзиясындағы халық ақындары шоғыры елдің қоғамды-әлеуметтік
өмірінде даралана танылды. Олардың шығармаларын зерттеуге ерекше
көңіл бөлінді. Бұл туралы қазақ әдебиеті мәселелеріне арналып
өткізілген республикалық ғылыми-шығармашылық мәслихаттарда
(2,3,4,5) кезінде үнемі аталып келді. Халық әдебиетінің ұлттық
мәдениеттегі жетекшілік ықпалын әйгілеген осындай тұлғалар хақында
1970 жылғы мәслихатта академик М.Ғабдуллин атап көрсеткен: Бұл
ретте Жамбыл мен Нұрпейісті, Нұрлыбекті, Айманкүл мен Болманды,
Қалқа мен Үмбетәліні, Сәт пен Омарды, Қуат пен Нұрқанды, Қайып пен
Кененді, Есдәулет пен Сапарғалиды, Ілияс пен Төлеуді, Саяділ мен
Тұрмағамбетті, Орынбай мен Жақсыбайды, Ғабдыман мен Қалиханды,
тағы осылар сияқты сандаған саңлақтарды атаймыз (5,6).
Жамбыл шығармаларының 40-жылдардағы тақырыптық-идеялық
мазмұнына, саяси-идеологиялық үгіттік қуатына ерекше мән берілді.
Ақынның бүкіл мұрасын қарастыра айтқанда да тек қана таптық
көзқарас тұрғысында бағалау белсенді сипат алды. Ақынның кедей
табының жыршысы екендігіне ғана назар аударылды да, оның
шығармашылығындағы ұлттық, халықтық мұраттар мазмұны тұтастай
қарастырылмады.
Жамбыл – қазақ халқының ұлттық болмысын этностық-
этнографиялық дәстүрлерін, күрескерлік рухын, арманын, үмітін және
т.б. қасиеттерді жинақтаған тұлға. Сондықтан, оның
шығармашылығындағы әдебиеттің ұлттық, халықтық негіздерін,
эстетикалық табиғатын жан-жақты жаңаша пайыммен саралай зерттеудің
өзектілігі айқындалады.
Жамбылдың 150 жылдық мерейтойы 1996 жылы Қазақстан көлемінде
аталып өткізілді. Ұлы адамдардың тарихи тұлғаларын тану көзқарасы
сол кісілердің осынау фәни жалған дүниеге іңгәләп күннен
басталып, тіршіліктің бақилық кезеңіне ұласады, одан әрі
ғасырларға жалғасады, сөйтіп олар мәңгілік ұмытылмас есімдерге
айналады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.Назарбаевтың
ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың туғанын 150 жыл толуына арналған
мерейтойдағы баяндамасында осындай мәңгілік өмір ұлағатына айрықша
баға берілді: Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат
тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман-
аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына
адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында
басымызды иеміз...
Әрбір ұлттық мәдениетті бүкіл әлемге тиесілі есімдер, жалпы
адамзаттық рухани құндылықтың өлшем-белгісі болған есімдер бар.
Соған орай олардың осындай жасампаздық істері күллі адамзатпен
біртұтас, әрі өзіміздің өткенімізбен, қазіргі кезімізбен және
болашағымызбен ажырағысыз байланысты екенімізді еске салып, ерекше
мән-мазмұнмен толықтыратыны жасырын емес [8,15-16].
Жамбылтану – ұлттық мәдениетіміздің үлкен бір арнасы. Жамбыл
шығармашылығы мен оның дәстүріндегі халықтық өнер табиғатын тұтас
қарастыру арқылы қазақтың ұлттық дәстүрлерін тереңдей, жан-жақты
қарастыру жолы жаңғыра түседі. Қазақ халқының өзіне ғана тән
табиғи бітім-болмысының Жамбыл сынды дара бітімді тұлғаның
шығармашылығында көрініс тапқаны – ұлттық мәдениеттің дербес
ерекшелігі.
Жамбылдың ақындық дәстүрі жолындағы қазақтың халық поэзиясы
өкілдері шығармашылығының зерттелуі де Жамбылтану өрістілігінің
бір көрінісі.
Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы сөз өнері тарихындағы жыршы
ақындар мұрасына айрықша мән береді. Академик З.Ахметов Жыршы
ақындар поэзиясы атты мақаласында былай дейді: Жыршы ақын өлеңді
негізінен ауызша шығаратын (жазу сызу білсе де, хат таныса да),
ауызша (домбырамен) айтатын нағыз импровизатор, әдебиетті,
поэзияны жасаушы, шынай өнерпаз творчестволық тұлға деп қараймыз.
...Жинақтап айтқанда, қазақ әдебиеті тарихында кейде кең
мағынасында жыршы, жырау аталатын, ауызша поэзияны дәстүрлеріне
сүйенген ақындардың творчествосы аса үлкен тарихи-әдеби процесс,
құбылыс дейміз [9].
Ал, Жамбылтану мұрасын жаңаша көзқарастар тұрғысынан қарау,
оны бүкіл қазақ мәдениеті дамуымен біртұтас бағалауға ұштастырады.
Сондықтан, Жамбылдың ақындық мұрасын қазіргі тәуелсіз Қазақстанның
қайтадан жазылып жатқан жаңа тарихымен сабақтастыра қараймыз. Бұл
орайда, Жамбылдың шығармашылығын байырғы түркі өркениеті, Алтын
Орда, қазақ хандығы, ХІХ-ХХ ғасырлар кезеңдеріндегі ақындық
поэзияның өнернамалық ерекшеліктерімен дәстүр жалғастығы
тұрғысынан қараудың өзектілігі туындайды. Сонымен бірге, қазақтың
ақындық-жыраулық поэзиясымен тектес, үндес қырғыз, қарақалпақ,
түркмен халықтарының көрнекті ақындары мен Жамбыл шығармаларын
тақырыптық-идеялық, композициялық-стильдік жақтарынан салыстыра
қарастыру да ұлттық мәдениетіміздің еңсесін биіктете түсетін
жұмыс.
Шығармалары әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылған
Жамбылдың бүгінгі таным, талғам түсінік аясында жаңаша бағалау
арқылы біз өзіміздің ұлттық көзқарастарымыздың өркениеттік
бағдарламасына бағыт түзейміз. Академик-жазушы З.Қабдолов қазіргі
егемен еліміздегі жаңаша көзқарастармен қаруланудың тарихи
маңыздылығын ерекше бағалайды: ...өз дәуірінің айнасына айналған
суреткер – шын мәніндегі шыншыл суреткер. Шыншылдықты адал
байыптап, әділ бағалау үшін шыны көз емес, шынай көзқарас керек
[10].
Демек, шынай көзқарас бағдарымен Жамбыл шығармашылығын
қайтадан ой елегінен өткізе бағалау – тақырып өзектілігінің
негізгі арқауы.
Жамбыл шығармаларының жариялануы мен зерттелуінің қалыптасқан
жолы бар. Ұлттық мәдениеттің маңызды деректеріне сүйіне отырып,
Жамбылтану тарихының да өзіндік дара сипаттарымен ерекшеленетін
кезеңдері бар екендігін байқаймыз.
Жамбылтану – ХХ ғасырдың қазақ әдебиетіндегі кең арналы сала.
Бұл саланың негізгі өзегі – қазақ поэзиясының алыбы Жамбылдың
ұлттық әдебиетіміздің жыраулық-ақындық дәстүрлерін бойына жинаған
шығармашылық әлемі. Сондықтан, бұл арада біз зерттеуші
М.Дүйсеновтің Жамбылтану өрісі деген еңбектеріндегі әдебиет
тарихындағы алып тұлғаларды бағалаудың табиғи заңдылықтарына
айтылған пікірлеріне сүйенгіміз келеді: Әдеби процесті
айқындайтын өлшем – көркем сөз өнері иелерінің ізденістері мен
табыстары, қалыптастырған дәстүрлері. Мұны көрсетуші үшін, ең
алдымен, солардың көш басында тұрған ірі-ірі өкілдерінің өзіндік,
даралық болмыстарын қарастырып, тереңірек ашу қажет. Абай, Жамбыл
сияқты ақын, жырау-жыршылардың творчестволық өмір жолдары арнайы
зерттеу объектісіне айналуының осындай заңдылығы бар.
...Абай мен Жамбыл сияқты ақын-жыршылар творчествосы әдеби
сын мен әдебиеттану ғылымынан өзекті орын алып, Абайтану,
Жамбылтану қазірде өз алдына үлкен сала болып қалыптаса бастады
[11,5].
Ұлы Жамбылды халықты алғаш тануы – оның балалық шағындағы
ақындық атының естіле бастаған кезі. Қазақ пен қырғыз халықтарына
есімдері мәлім атақты ақын Сүйінбайдан, Майкөттен бата алып,
ұлттық сөз өнері тарихындағы ұлы Абайдан, Махамбеттен, Базардан;
Майлықожадан, Құлыншақтан, Орынбайдан, Шөжеден және т.б. көрнекті
ақындардан шығармашылық үндестік тапқан Жамбыл даңғыл жолды
болашаққа бет алды.
Ауызша ақпа-төкпелік жыршылықты, суырып салма (импровизация)
өнерін ту еткен толғанысшыл лирик, қиссашы-дастаншы, эпик,
айтыскер ақындық шеберлік қырларымен Жамбыл бүкіл Жетісуға,
Оңтүстік Қазақстанға, Сыр бойына, Сарыарқаға танымал тұлғаға
айналды. Жамбылды танудың көшпелі тұрмыстың табиға мазмұнына тән
оны көзбе-көз көру мен сыртқа даңқының жайыла бастауына
негізделген жарты ғасырлық шығармашылық уақыты – Жамбылтанудың
бірінші кезеңі. Бұл – Жамбылды шынайы табиғи дарын, үздік өнер
иесі ретінде танудың тарихи мерзімі. Негізгі сипаты – тек қана
ауызша танылуы.
Жамбылтанудың екінші кезеңі – оның бейнесінің, шығармаларының
қағаз бетіне тұңғыш түскен жылдары. Оның біріншісі – Жамбыл
бейнесінің тұңғыш рет 1913 жылы Ресей патшасы әулетінің таққа
отыру мұрагерлік тарихының 300 жылдығына арналып, осы Алматыда
өткізілген ауылшаруашылық өндірісі көрмесінде ұйымдастырылған
айтыста Жамбыл бірінші орын алып, қобызшылар мен домбырашылардың
да бірінші орын алғандарымен бірге суретке түсірілгені [12].
Жамбыл есімінің тұңғыш 1925 жылы Ташкент қаласынан шыққан
Терме жинағына енгеніне байланысты профессор С.Садырбайұлы осы
жарияланым туралы нақтылап баяндайды: Бұнда мынадай деректер
айтылады: 1922 жылы 9 маусымда Ұзынағашта (қазіргі Алматы облысы,
Жамбыл ауданы) Жетісу облысының кедей-батырақтарының съезі болады.
Сол съезге Жетісу өлкесінен ең таңдаулы 10 ақын шақырылды.
Солардың арасында Көрұғлы дастанын 15 күндей жырлайтын Жамбыл да
бар, - дейді автор. Сонан соң әрбір ақынның аты-жөні, руы, жасы,
жатқа айтатын жырлары, өлеңдері, айтыстары атап-атап айтылады.
Автор бірінші сөзді Жамбылдан бастайды. Жапаұлы Жамбыл Ұлы
жүз, Шапырашты, Екей, жасы - 68-де, жылы қоян, сауаты жоқ, дауысы
нашар, тұратын жері Ұзынқарғалы болысы, 4-ауыл. Жатқа білетін
өлеңдері Көрұғлы Сұлтан дастаны, Ерназар Бекет, Сүйінбай мен
Қатағанның айтысқаны, Садыр патша мен Жамбыл патша, өзінің
Құлмамбетпен айтысуы, Шалтабай дастаны, Абылайханның Бұқар
жыраумен үш жүздің баласын аралағаны және әр түрлі шежірелер мен
термелер [12].
Қазақ мәдениеті қайраткерлерінің бірі Фатима Ғабитова 1923
жылы Жамбылдың үйлеріне келгенін, тұңғыш көргенін, жырлағанын
тыңдағанын айтады. Бірінші мен Жамбылды 1923 жылы февральдың аяқ
шенінде көрдім. ...Біздің ұлды болғанымызды естіген Жамбыл жанына
бір жолдас ертіп, құттықтауға келіпті. ...Жамбылды қарсы алдық.
Жетпістен асқан, сирек қара сақалы аздап күмістелген, өткір
қой көзді, орта бойлы шал, өзін аттан түсіріп қоршап алған
оқушылардан батыл түрде сытылып шығып, кебісін ауыз үйге тастай
сала, тура залдың төріндегі төселген көрпені басып шешіне бастады.
...Жамбылдың үстінде томар бояуға боялған қызылкүрең, қара әдіппен
әдіптелген тері тон, басында қара елтірі албан бөрік, бұтында тері
шалбар, аяғында киіз байпақпен киген мәсі. Тон ішінен киген
киімдері де қолдан тоқылған шекпеннен істелген киімдер еді...
Жиналған қауымды күттірмей-ақ Жамбыл домбырасын қолына алды.
Мұғалімдердің кейбіреуі Жамбыл сөздерін жазып алғансып жатыр.
Ілияс, Хажым, Шамғали сияқты Жамбылдың кейбір айтыстарының
тақырыбын білетіндері сол айтыстарды айтуын қалап айтқызып жатыр.
...
Қарлығыңқырау дауыспен ұзақ түнге Жамбыл шаршамай өлең айтты
[13,43].
Ф.Ғабитова Жамбылмен екінші кездесуім деген мақаласында
1932 жылы Наркомпроста халық ауыз әдебиетінің бөлімін басқарғанын,
Жазушылар одағы халық ауыз әдебиетін ескі ел әдебиетін жинау,
бастыру туралы Халық Комиссарлары Кеңесінің алдына мәселе қойғанын
айтады. І.Жансүгіров, Ғ.Мүсірепов, Ф.Ғабитова Жамбыл шығармаларын
жазып алу үшін үкіметтен ақша бөлдіреді. Осындай мемлкеттік мән
беру арқасында 1932 жылы ...Жамбылдың айтыстары мен өлеңдері
жазылған қалың екі дәптер [13] Ф.Ғабитова арнайы үкіметтік
тапсырыспен Жамбылдың өзінен жазылып алынған қолжазба Жамбылтануға
негіз болған маңызды іс болды.
Қазақ әдебиетінің қалыптасу тарихындағы тұтас бір ғасырлық
уақытты қамтитын алып ақынның шығармашылық өмірін, тұлғасын жан-
жақты тануда бұл күндерге дейін қыруар жұмыстар атқарылды, әрине,
дәстүрлі жолға түскен солардың жалғаса түсері де анық. Атқарылған
жұмыстарды жинақтап қарағанда, Жамбылтануға негіз болған, ең
әуелі, айтылатын маңызды мәселелер сараланып көрінеді. Біріншісі –
ақын шығармаларының жиналуы, жариялануы. 1932 жылы С.Сейфуллинннің
Қазақ әдебиеті кітабында Құлмамбетпен болған айтысы тұңғыш рет
жарияланып, содан бері Жамбыл шығармалары академиялық толық жеке
жинақ (1946) және екі томдық (1982, 1996 ж.ж.), сонымен қатар,
қазақ, орыс тілдерінде бірнеше рет жеке кітаптар болып үздіксіз
жарияланып келеді. Ақын шығармаларының толық академиялық түрде
текстологиялық тексерулермен сұрыпталып жариялануы – ақынды қалың
жұртшылықтың мәңгілік бағалауына, ұмытпауына берік негіз қалаған
аса маңызды жұмыс. 30-40 жылдар – Жамбылтанудың жарқын беттері.
Бұл Жамбылтанудың екінші кезеңі. Осы кезеңге Жамбыл бүкіл мұрасы
жинақталып, жеке жинақтар жарияланды. Жамбылтанудың әр салаларына
қатысты көркем шығармалар жазыла бастады. Зерттеудің алғашқы
нысандары байқала бастады.
Жамбылтануға негіз болған тағы бір сала – ақынның
шығармашылық өмірбаянының жазылуы. Сөз өнері тарихындағы барлық
ірі тұлғалардың шығармашылық өмірбаяны нақты деректерге негізделе
отырып жазылады. Бұл – тарихи тұрғыда қалыптасқан дәстүр. 1944
жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы өз ішінен Жамбыл
атындағы сектор ашты. Содан бастап ұлы ақынның мұрасын жинау,
жариялау, өмірбаянын, ақындық қалыптасу жолдарын жазу жұмыстары
жүйелі жүргізіле бастады. Көрнекті жазушы Сапарғали Бегалин 1944-
1946 жылдары Жамбылдың өмірбаянын, ақындық қалыптасу жолдарын
Жамбылдың өзінің аузынан, замандас ақындарынан, халық арасынан
жазып алу, жинау жұмыстарына белсенді араласады. Сондай кең
ауқымды жұмыстарының нәтижесінде Жамбыл Жабаев туралы монография
(1946) жазды. Кейіннен Сахара сандуғаштары деген кітабында [14]
Жамбылдың ата-тегіндегі арғы ата-бабалары, ағайын-туыстары толық
қамтыла баяндалды. 1946 жылы Жамбылдың жүз жылдығына арналып
жазылған С.Бегалин, Ә.Тәжібаев, М.Ритман-Фетисовтің Жамбыл
(қазақ-орыс тілдерінде) атты қысқаша очерк [15] – ақынның балалық,
жастық шағын, алғашқы ақындық қадамдарын, Жетісу аймағындағы
қазақтардың ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы саяси-әлеуметтік,
тарихи-этнографиялық жағдайларын нақты сипаттаған тұңғыш еңбек.
Әрине, аталған еңбектер - ақынның өмірбаянын қарастырудың алғашқы
қадамдары ғана еді.
Жамбылтанудың ғылым ретінде кешенді түрде қалыптасып,
салиқала сала ретінде даму жолына түскен кезі - 50-80-жылдар.
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Жамбылтану
бөлімінің, Қазақстан Жазушылар Одағының, мәдениет министрлігінің,
үкіметтік басқару, атқару басшылық мекемелеріндегі мәдениет
жөніндегі бөлімдердің ұйымдастыру ықпалымен жалпы қазақтың
поэзиясына және Жамбылтануға қатысты ұланғайыр жұмыстар атқарылды.
Халық ағарту жүйесінде бастауыш, жоғары сыныптар аралығындағы
әдебиет пәндерінің оқулықтарында Жамбыл шығармалары тұрақты
енгізілді. Әдебиеттану, фольклортану, кейін педагогика ғылымдары
салалары бойынша арнайы жазылған көлемді кітаптар жарияланды.
Ақындық поэзияның және Жамбылтанудың ұлттық сөз өнеріндегі алып
арналы салаға айналуында Ш.Уәлихановтың, А.Байтұрсыновтың,
Х.Досмұхамедұлының, С.Сейфуллиннің, М.Әуезовтің, С.Мұқановтың,
Ә.Марғұланның, Ә.Қоңыратбаевтың, С.Бегалиннің, Е.Исмаиловтың,
Қ.Жұмалиевтің, Х.Сүйіншалиевтің, Ә.Тәжібаевтың, С.Қирабаевтың,
З.Қабдоловтың, Т.Кәкішевтің, Р.Бердібаевтың, Т.Қожакеевтің,
З.Ахметовтің, М.Дүйсеновтің, М.Жармұхамедұлының әдебиет тарихына,
өлең сөздің теориясына байланысты еңбектері бар. Ал фольклор мен
әдебиет, жыраулар поэзиясы, әдеби байланыстар хақында
М.Сәтбаеваның, Н.Төреқұловтың, С.Садырбаевтың, М.Жолдасбековтің,
С.Қасқабасовтың, М.Мағауинның, Е.Тұрсыновтың, Ө.Күмісбаевтің,
Я.Амандықовтың, Ж.Дәдебаевтың, Б.Абылқасымовтың, С.Негимовтің,
Қ.Әбдезұлының, С.Дәуітұлының, А.Егеубайдың, З.Сейітжанұлының,
Ж.Тілеповтің, С.Қорабайдың, Қ.Мәдібаеваның, Б.Омарұлының және т.б.
ғалымдардың зерттеулері бұл бағдардағы арналарды кеңейте,
тереңдете түсті.
Қорыта келгенде айтарымыз, Жамбыл туралы еңбектер әлі де
жазыла береді. Себебі, ұлттық мәдениеттің әрбір кезеңінің өзіндік
жаңа міндеттері сөз өнері мұраларына жаңаша көзқарастар тұрғысынан
қарауды міндеттейді. Бұрын Жамбыл тек қана кеңестік идеологияның
біржақты таптық көзқарастары тұрғысынан бағаланып келді. Енді біз
Жамбыл шығармаларындағы халықтық, ұлттық ерекшеліктерді егемен,
тәуелсіз қазақ мемлекеті жағдайындағы жаңа таныммен зерттеуіміз
керек. Бұл – тарихи шындыққа негізделген заманның өзекті талабы.
ЖАМБЫЛДЫҢ АҚЫНДЫҚ ОРТАСЫНЫҢ
АЛЫП АРНАСЫ – АЙТЫС
Жамбыл ақындығының қайнар көзі мен бастауы да, алып арнасы
мен дариясы да айтыстағы өнері екендігі белгілі. 1938 жылғы
М.Әуезов, 1956 жылғы Е.Исмаилов зерттеулерінен кейін барша
ғалымдар осы пікірді бір ауыздан қайталап айтып келеді.
Жамбыл және халық ақындары және Жамбылдың айтыстағы өнері
атты еңбектерінде Мұхтар Әуезов оның ақындығының негізі
айтыскерлігінде екенін ғана көрсетіп қоймайды, бағдарлама боларлық
іргелі ойлар да айтады, болашақ зерттеушілерге жол да сілтейді.
Зерттеушілердің қайсысы болса да Жамбыл қазақтың дәстүрлі
айтыс өнеріне айтарлықтай жаңалық әкелді, жеке адамды, байларды
ғана сөз қылмай әр айтыста халықтың әлеуметтік жағдайын көтерді,
ел тағдырын қозғады, батырлықты байлықтан, адалдықты алдамшыдан
жоғары қоя жырлайды дейді.
Жамбыл Жабаев творчествосы деген кітапта М.Дүйсенов ақын
айтыстарын екіге бөле қарайды: бірі – жас шағындағы (17-30 жас)
айтыстары, екіншісі кемеліне келген ақынның елге белгілі, атақты
ірі ақындармен өнер жарыстары (30-70 жас) [34].
Жамбыл – өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан
тұтастырып жатқан ұлы жырау. Ақынның XX ғасырдың басына дейінгі
шығармашылық өмірбаяны туралы деректер аз, өлеңнен ауыз жаппаған
кісінің ұшан-теңіз жыр-толғау, айтыстары да түгел сақталмаған.
Әйтсе де бала Жамбылдың дүмше молданы мысқылдап шығарған "Шағым",
ақындық жолына рұқсат сұраған "Әкеме", "Менің пірім Сүйінбай"
деген өлеңдері, бозбала кезінің мұңды да шуақты көркем жыры –
"Айкүміспен айтысы", сылқым бойжеткен Кәмшат сұлуға шығарған
құрбылық наз өлеңі сияқты дүниелер сақталған. Одан бертіндегі
Жетісуды, Қаратау, Сыр өңірін өнеріне тәнті еткен, қырғыздың
шалқар "Манасын", Шығыстың әйгілі қиссаларын жырлаған ақын
мұрасынан бірталайының аты ғана белгілі. "Кедей күйі", "Пұшықтың
ұрыға айтқаны", "Әділдік керек халыққа", "Кәрібайдың төбеті",
"Жылқышы", "Мәңке болыс" тәрізді тегеурінді де өжет ақындык
мінезден, халықтық даналықтан туған өлеңдері, әйгілі Құлмамбет,
Сарбас, Нұрмағанбет, т.б. ақындармен айтысы, Өтеген, Сұраншы
батырлар туралы ұзақ дастандары – даңқты шайырдың төңкеріске
дейінгі шығармашылығынан сақталған қомақты мұрасы. Осылардың
өзінен-ақ, Жамбылдың халықтың ақындық қазынасын жете, зерделей
меңгеріп, жаңғырта, жаңарта дамытқан, өмір-тіршілік даналығын
көкірегіне тоқыған, елдің арғы-бергі тарихын әділдік, шындық сөзін
ешкімнен де тайсалмай айтатын, өлеңі тау өзеніндей тасқынды үлкен
дарын иесі екенін танимыз.
Жамбыл айтыстарының қайсысы да бізге толық күйінде жеткен
жоқ. Жамбылдың Құлмамбетпен айтысынан басқасы 1936 жылдан кейін
ғана ақынның өз аузынан немесе ел есінде қалғандарынан,
шәкіртерінен алынған.
Жамбылдың өлеңге, ақындыққа құмарту сезімі ерте оянған.
Өзінің айтуынша, 13 жасынан бастап ақын болуға бекем бел байлайды.
Дүмше молдадан оқығанша, "домбыраны қолға алам" деп, әкесінен
рұқсат сұрайды.
Жас талаптың Жетісу өңірінің даңқты ақыны Сүйінбаймен
кездесіп, батасын алуы оның ақындық бағын ашқан айтулы оқиға
болады. Бірде 14-15 жастардағы Жамбыл жарапазан айтуды
сылтауратып, Сүйінбай ауылына келеді. Үйінің сыртында ат үстінде
тұрып, жарапазанға жалғастыра өз жанынан өлең шығарып, ұзақ
жырлайды.
Ардақты үйдің иесі,
Бата бер менің жырыма.
Қуат бітіп үніме,
Көңілін тапсын елімнің.
Жар бол да, өзің жәрдем ет,
Жібер мені бір демеп, –
деп өтінеді жасөспірім ақын. Айтқандарына сүйінген Сүйінбай
Жамбылды үйге шақырып, ұзақ отырып, өлеңін зор ықыласпен тыңдайды.
Бала ақынның болашағынан үлкен үміт күткен көреген жырау: "Осы
шабысыңнан тайма! Өлең-жырыңды дауылдата бер! Жолың болсын!
Бақытың ашылсын, балам! Шындықты айт, әділдікті жырла! Кәне,
тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, даңғыл жолға түс! Өлеңің
бүкіл халық сүйсініп, көңілімен иіліп тыңдайтын өлең болсын! Сенің
көңіліңнің асылы патшаның қазынасынан да бай болсын!" – деп бата
береді. Жамбыл да:
Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлеймін сиынбай.
Сырлы сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп жырласам,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай, –
деп, Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап, ұстазының
есімін ардақтаумен өтеді [13].
Жамбыл ақындық айтысқа 17-18 жасында араласып, "Көрұғлы",
"Өтеген" сияқты дастандарын да сол тұстарда жырлай бастаған.
Ақын "Менің өмірім" шығармасында:
Топ десе он жетімде тартынбадым,
Семсердей майдандағы жарқылдадым.
Ақынды ауылға ермек басып озып,
Жұлдыздай көзге түсіп, жалқындадым, –
дейді.
Ел таныған ақын болу үшін, әрине, сол өңірдің ақындарымен
түгел танысып, өнер сынасу керек. Жамбыл да бұл жолды өтіп,
ақындық сайыстарда үлкен табыстарға жетеді.
Байдың қойын бағып жүргенде он үштегі кезінде ұйықтап қалып,
түсінен ақын болып оянған Сүйінбай ұстазы сияқты, Жамбылға да
ақындық түсінде аян беріп қоныпты. Ол туралы Жамбылдың өзі: "Бір
күні Жетісай жайлауында жылқы бағып жүріп, түс көріппін. Түсімде
ақсақалды қария келіп: "Өлең аласың ба, көген аласың ба?" – деген.
Мен: "Өлең!" – деппін. Оянып кетсем, түсім екен, көкірегімді бір
толқын кернеп, алқымыма тығылғандай, дереу үйге жетіп, домбыраны
ала салдым да, оңды-солды төгіп-төгіп жіберіп едім, кеудем ашылып,
орта түскендей болды", – деп еске алады.
Жамбыл жиырма жасында сол кездің атақты ақыны – Жаныспен
айтысып, оны жеңеді. Әлгі "Менің пірім – Сүйінбай" деген өлеңін
Жамбыл осы Жаныспен айтысқанда айтады. Жамбылдың "Жылқышы",
"Пұшықтың ұрыға айтқаны" сияқты белгілі өлеңдері сол шамада
шығарылады. Атақты "Айкүміспен айтысы" да осы тұста болады.
Одан кейін "Сәт сайланарда", "Жалғызбын деп жүрмесін",
Алматыда Абайдың баласы Әбдірахманның қайтыс болуына байланысты
көңіл айтуы, "Өсиет", "Әділдік керек халыққа", "Кәрібайдың төбеті"
тәрізді белгілі өлең, толғаулары туады.
Жамбыл 35 жасында, яғни 1881 жылдың күзінде Іле бойында өткен
бір үлкен жәрмеңкеде сол кезде орта жастардағы атақты ақын
Құлмамбетпен айтысып, жеңіске жетеді. Сөйтіп, Жамбыл осыдан былай
Жетісу өңірінін нөмірі бірінші ақынына айналады. Бірақ, айтыстан
кейін де екі ақын бірін-бірі құрметтеп, ардақтап өткен. Атақты
Бақтыбай ақынмен кездескенде де:
Қаздай қалқып, ерінбей,
Өлең тердім жасымнан.
Майкөт ақын, Құлмамбет
Орын берді қасынан, –
деп, Жамбыл аға ақынның есімін құрметтеп, ардақтай ауызға
алады.
Жамбылдың атын қазақ, қырғыз арасына мәлім еткен атақты
Құлмамбетпен айтысы 1931 жылы С.Сейфулиннің Қазақ әдебиетінің
нұсқалары кітабында жарық көрген. 1936 жылдан кейінгі нұсқадағы
осы айтыстың көлемі С.Сейфулиннің жариялаған нұсқадан екі еседей
көп. Мазмұны жағынан да айырмасы айтарлықтай. Кейінгі нұсқадағы
негізгі назар айтыстың әлеуметтік сипатына аударылғаны аңғарылады.
Жамбылдың жастық шақ айтыстарынан да ресми идеологияның
таптық, әлеуметтік қисындарына сай келмейтін шумақтар мен ұлы ақын
бейнесіне көлеңке мен күдік тудыратын жолдарды түзегеніне, алып
тастағанына күмән жоқ. Мәселен, Жамбыл айтысқан қыздар қатарында
Бұрым да айтылады [42,44]. Ал, осы сөз сайысының ешқандай үлгісі
Жамбыл жинақтарында жарияланбаған. Біздің ойымызша, дүниені
жалпағынан басқандай болып арқаланып жүрген бозбаланың алғаш рет
әлеуметтік теңсіздікке көзін жеткізген, адамдар арасындағы
қоғамдық қатынастарда еріксіз көндіретін күш бар екенін көрсеткен
осы Бұрымға қатысты тартыстар емес пе? Осы тартысқа қатысты
Ә.Тәжібаев өз зерттеуінде орынды пікір айтады: Бұл өлеңде
Айырылдым арманнан арман, махаббат қана емес, есею, айналаға
жаңа көзбен қарап, өмірдің күңгірт, алдамшы жерлерін қайта тану да
бар. Бұл Жамбыл өміріндегі алғашқы тосқауыл, белеңнің бір кезеңі
сияқты.
Іштен тоқу, үйрену, әзірлену, ұлы дүрмектерді көп көріп, көп
тыңдау, біраз көріну, өзін-өзі тай жарысы сияқты шағын жиындарда,
құрбы ішінде сынап, баптау ақынның өсу жолындағы мектебі сияқты
[13].
Осыған қарағанда, Бұрым туралы жырлардан Жамбылдың есінде бұл
өлеңнен басқа да (Айырылдым арманымнан) біраз нәрселер қалуға
тиіс еді. Ойлану үстінде екі түрлі болжамға баруға болады. Бірі –
Бұрым мен Жамбыл арасында айтыс болған жоқ; екіншісі – жігіт пен
қыз арасындағы сырларға құрылған кәдімгі тұрмыстық айтыс. 1936-
1945 жылдар арасындағы қиын кезде бұл айтысқа онша мән
берілмегендіктен жазылып алынбаған, сөйтіп беймәлім қалған.
Жамбылдың Жаныспен, Сарымен айтыстары, Бақтыбаймен
жауаптасуы, Майкөтпен дидарласуы, Шыбыл шалға айтқаны т.б.
зерттеушілер еңбектеріндегі талдануы ұқсас, зерттеулердің жалпы
мазмұндары мен қорытындылары да негізінен сәйкес келеді.
Жамбылдың Сарыбаспен айтысы туралы түрлі деректер бар.
Жамбыл—Сарыбас айтысының бізге жеткен үлгілерінде осы шығармада
айтыстан гөрі кезектесіп жыр, дастан айту тәрізді ерекшелік
байқалады. Мұхтар Әуезов айтқандай, осы кездесуде Жамбыл дербес үш
дастан жырлап шыққандай [36].
Бұл айтыс алғаш рет 1940 жылы жарық көрген Жамбылдың бір
томдық шыармалар жинағында жарияланған. Қазақ ССР ҒА қолжазбалар
қорындағы нұсқасы бойынша жариялаған – Е.Исмалов. Жамбыл музейінде
де осы айтыстың бір нұсқасы бар. Алайда, соңғы кезде 1938 жылы
С.Шәріпов мұрағатқа өткізген нұсқа да зерттеушілер назарына іліге
бастады [17].
С. Бегалиннің көрсеткен деректеріне қарғанда бұл шығарма
айтыстан гөрі екі ақынның дербес дастандар жырлауы тәрізді. Осы
Сарыбас ақын мен Жамбыл айтысы қашан болғанын Кенен ашып айта
алмады...және Кенен бұл екеуі айтысқан жоқ. Осының қайдан шыққанын
білмейміз, - дейді [7]. С. Бегалин Жамбылдың осы Сарыбаспен
кездесуі, айтысуы кезінде Құлмамбетпен де бірге болғанын,
олардың таныстығын айтады [7]. Айтыстар 1895 жылы Верный
(Алматы) қаласындағы Қожамберді байдың үйінде болды деген дерек
бар [9,17]. Бұл дерек Жамбыл мен Құлмамбеттің айтысы 1986 жылы
1897 жылдары болды деген пікірлерді жоққа шығарды. Жамбыл мен
Құлмамбет айтысында олар бірін-бірі танымайды емес пе?
Біреуді Жамбыл деген ел мақтайды,
Еркек қойдай құйрығын салмақтайды, -
деген сөздің артында Құлмамбеттің Жамбылмен таныс еместігі
әрі оның ақындығын бағаламауы байқалады.
Жамбыл Жабаев творчествосы атты кітаптағы Жамбыл айтыстары
туралы М.Дүйсенов пен Н.Төреқұловтар жазған бөлікте бұрыннан
белгілі деректер мен талдауларға қосылған тың деректер мен жаңа
ойлар онша көп көрінбейді. Негізінен, айтыстың өткен уақыты мен
болған жеріне, жүйесіне байланысты кейбір мәліметтер ғана
дәйектеледі. Алайда, осы мақсатта қолданылған дерек көздері
негізінен тағы да ел аузындағы әңгімелерге ғана негізделген.
Жамбыл шығармашылығы туралы көптеген еңбектер жазған белгілі
ғалым Р.Бердібаевтың зерттеулерінде ақынның айтыстағы өнері оның
алғашқы айтыстарынан бастап кемелденген шағына дейінгі аралықта
қарастырылады. Ақын айтыстың дәстүрлі өнеріне, түріне, мазмұнына,
өзгеше жаңалық әкелді деген ойларды тереңдетеді. Айтыс ақындары
қарсыласын кемсіту үшін ру, ағайынның күштілігін айтқан, байлығына
мақтанған, дәріптеген, айбат шегіп өктемдік көрсетуге ұмтылған.
Мұндай тәсілдерді Жамбыл да қолданған. Алайда, ақын рулас,
ағайындардың байлығы мен барлығына қоса батырлығын, ел үшін
жасаған ерлігін алға тарта жырлайды. Зерттеуші ақынның бөтен елді
шапқыншылыққа ұшыратқандарды, зорлықшыларды емес, ел тәуелсіздігі
үшін атқа мінген батырларды жырға қосатынына мән береді. Жамбылдың
көп айтыстарындағы дәстүрлі желі осы.
Бұл ойлардың бастауы М.Әуезов, Е.Исмаилов, Ә.Тәжібаев
еңбектерінде екені белгілі. Алайда, Р.Бердібаев оны нақты мысал,
әдеби-тарихи деректерді мол қолдану шығарма көркемдігін талдау
арқылы жан-жақты негіздейді.
Р.Бердібаев Жамбыл мен Құлмамбет айтысына көбірек тоқталып,
ерекше мән берген. Жамбыл ақындығына ықпал еткен айтыс Жетісудың
ірі ақындарының бірі – Құлмамбетпен айтысты зерттеушілердің бір
тобы ХІХ ғасырдың сексенінші жылдары өткен дейді. Жалпы бұл
айтыстың өткен уақыты мен орны туралы түрлі мәліметтер бар. 1881,
1894, 1896, 1897 жылдар аталады. (С.Мұқанов, Е.Исмаилов,
Ә.Тәжібаев, С.Бегалин, С.Садырбаев) [12,15,13,7,44].
Жамбылмен айтыста Құлмамбет елдің ірі байларына арқа сүйей
сөйлейді. Ел намысын ойлаған, жерді жаудан қорғаған белгілі
батырлар жайын айтқан Жамбылға оның несін мақтайсың, Сұраншы мен
Саурық жаудан өлді, жат жерде жаназасыз көмілді емес пе деп
тиіседі.
Жамбыл Құлмамбеттің елге пайдасы аз, қайырымсыз байларды
көтермелеген долбарына қайтарған жауаптарында парасаты мен рухани
биіктігін танытады, - дейді ғалым Р.Бердібаев зерттеулерінде
Жамбыл халық тәуелсіздігі мен ел қамын ойлаған батырлар ерлігін өз
шығармашылығының алтын өзегі есебінде жүйелі қолданылуы арқылы
қазақтың айтыс өнеріне жаңа леп, бағыт әкелді деп атап көрсетеді.
Осы бағытты Жамбылдың Сарыбас ақынмен айтысында да
ұстанатынын айта отыра, ел, халық мұраты үшін ерлікке барған
батырларды ақынның қалай дәріптейтінін көрсетеді. Жамбылдың осы
айтыстарда Намыссыз көптен, өжеттігі өшпеген, ұяты, ожданы
ұмытылмаған, қаһармандыққа қабілеті аздың өзі артық деген
қорытындыға келетінін талдаудар арқылы дәлелдейді. Сарыбаспен
айтыста Жамбыл ел тарихын қазақ, ру шежіресін жақсы білетіндігін
танытады - деп атап көрсетеді. Досмағамбет Жамбыл елінің кейбір
кемшілігін бетіне басса да, ел қамын жырға қосқан Жамбылдың сөзі
мықты, дәлелі орнықты шығып отырады. Ол Досмағамбеттің, дүмше
молдалардың уағызы, жалған дүниеқорлығы шектен шыққан деген
ойларды өмірден алынған нақты мысалдар арқылы дәлелдеп
Досмағамбетті тоқтатады.
Жамбылтанушы ғалым С.Садырбаевтың Фольклор және Жамбыл
атты кітабында Жамбыл айтыстары туралы байсалды тұжырымдар бар.
Ғалым еңбегінде фольклордың өзіне тән ерекшеліктері халық
әдебиетінің эстетикамен, этнографиямен, риторикамен, тарихпен
байланысы жан-жақты зерттелген. Суырып-салма ақындық өнер туралы
жан-жақты айта отырып, оның айтыс өнеріндегі ерекше рөліне
тоқталған. Ақындар айтысын мақсаты мен мағынасына қарай талай
түрлерге бөлінетінін айтады. Ғалым өз ойларын Жамбыл мен Айкүміс
айтысын талдаудан бастайды. Зерттеушінің айтуы бойынша, Жамбыл мен
Айкүміс айтысының толық нұсқасы сақталмағанымен, жарияланып жүрген
қысқаша нұсқаларының да құны жоғары. Айкүміс пен Жамбылдың айтысы
ақынның жастық шағын, сыпайы сөз сынасын білдіретін қыз бен жігіт
айтысына жатады. Айкүміс – өнерпаз ақын қыздардың бірі. Шудан,
Балқаштан Айкүміспен айтысамыз деп іздеп келген ақын жігіттер
жеңіліс тауып отырған. Жамбыл Айкүмістің ақындығы мен атағы туралы
осындай ел ішіндегі әңгімелерді естіп айтысуға, кездесуге
құмартқан. Осы сәт қазақ, қырғыз жиналған Ақбасты жайлауындағы той
үстінде туған.
Айтысты Жамбыл бастайды. Зерттеуші осы сәтке мән береді.
Айтысты бастау жүректілікті, біліктілікті білдіреді. Адымен, ә
дегенде сөз бастау қиын: бірінші шумақтың интонациясы болашақ
айтыстың мазмұынын анықтайды. Жігіттер қыздарды сөзге шақырғанда,
басы жоқ, аяғы жоқ белгісіз, бірдемені айта салмайды: ойланып,
толғанып бастайды. Айтыста Жамбылдың қарсыласының көңіл-күйін
жақсы білгені, Айкүмісті сыйлай, құрметей сөйлегені байқалады,
дейді ғалым. Оның дәстүрлі қазақы әдет-ғұрытан шыға алмай
атастырылған жеріне, сүймеген адамына ұзатылуын құптамай сынай
тұрса да тілектес, түсіністік көңілмен айтысқанын Жамбылдың өзге
бір қыры ретінде бағалап, байымдау керек деген ғалым тұжырымдары
орынды.
Айкүміс қанша өткір ақын болғанымен, қалыптасқан әдет-ғұрыпқа
қарсы шыға алмайды, өзі мен өмірдің арасындағы басталғалы тұрған
қарама-қайшылықтың ара жігін ретіне қарай, жағдайға орай көрмек
болған. Жамбыл болса, Айкүмістің икемділік, бейімділік,
бағыныштылық мінез-құлқына оншама разы болмайды. Алайда, өзіне де
жақсы таныс салт-сана, қоғамдық жайлардың тегеуірінді ағысынан
шыға алмаған құрбыысына түсіністікпен қарайды. Жамбылға
жауаптарында мұндай жай барша қазақ қыздарының, жастарының басында
бар. Сенің де қара басыңда мәселелер жетеді – дегенді сыпайы
ескертеді. Осы сөзге Жамбыл тоқтаған. Осы айтыс туралы
зерттеулерінде М.Жолдасбеков шығарма мазмұнында ақындардың жеке
басындағы сырларға тоқталу көп, сырласуға ұқсайды. Драмадан гөрі
лирикалық сыр басым - деген пікірді айтады. [11].
С.Садырбаев Жамбылдың Бөлектің қызымен айтысын кезінде
көпшілікті елеңдеткен терең мәні бар айтыс - деп бағалайды. Көш
бойындағы қыз бен Жамбылдың жарыса айтысын – халықтық ғажап дәстүр
ретінде айта келе, оның бастауындағы кездейсоқтықпен аяқталуындағы
тосын жайлардың түрлі әлеуметтік топтардың қоғамдағы орнына да
байланысты екенін байқатады. Ғалымның талдауларында: көш тауға
беттеп бара жатыр Жамбыл өлеңді тау-тасты жаңғырықтырып, бастап
кетеді.
Бұл не деген салт, сірә, қазақтардың сөз өнері – аспан мен
жердің арасын жалғастырушы киелі күш деп санауларына байланысты
шығар - деген тәрізді шығарма мазмұнынан тыс толғаныстар да
кездеседі [44].
С.Садырбаев зерттеулерінде Жамбыл мен Құлмамбет айтысын айтыс
өнерінің биік сатыларының бірі деген ойды айта келе, Жамбыл
шығармашылығы жайлы көптеген байсалды пікір айтқан. Көрнекті
жазушы Л.Соболевтің Импровизация – өткеннің романтикасы деген
пікіріне сілтеме жасайды.
Ғалым Жамбылдың Құлмамбетпен айтысы туралы ойларын, оқиға
өткен орын мен уақытты дәйектеуден бастайды. Көптеген жаңа
деректер ұсынады.
1897 жылы Ұлы жүз Албан елінің жайлауында Шәрипа деген қыздың
ұзатылу тойы болады. Соған қырғыз, қазақтан көп қонақ шақырылады,
жүздеген ақ үй тігіледі, ұлттық ойындар болады. Осы тойда сегіз
қанатты екі үйді жалғастырып, Жетісу мен Ыстықкөлден жиналған
даңқты ақындардың айтысын өткізеді. Бірінші, екінші күндері тоғыз
ақын айтысып, соның барлығы Құлмамбеттен жеңіледі. "Әлгі
Жамбылдарың қайда, шақыртыңдар" – дейді. Жамбыл табалдырықтан
аттай бергенде, домбырасын қолына ала салып:
Болғанда мен ақсұңқар, сен – бір тауық,
Сен – әтеш айғайлағыш ауық-ауық.
Болмаса аты шыққан Сүйінбайың,
Басқасын қою керек жылы жауып.
Ажал түртіп жүрмесін аңдамастан,
Оқтаулы ақ перенге қарсы шауып, –
деп, Жамбылды біржолата тұқыртып тастамақ ниетімен тұрпат-
тұрқынан бастап, кем-кетігін санамалай жөнеледі. Одан әрі
майталман жырау таныс даңғылға түсіп, елінің атқа мінерлерін, бай-
манабын мадақтап, Жамбыл жағын жамандап, сөз нөсерін төгеді-ай
келіп.
Жамбыл-ау, Албан да ағаң, Дулат та ағаң,
Не қылса да артық тұр сенен бағам.
Қасқарау Нұрқанның жылқысын мен қаптатсам,
Қырылар, Шапырашты, бұзау, танаң.
Бұлбұл қабақ бастанған Екейім-ай,
Жұлып алып басыңды кетейін бе-ай!
Не деп айтқалы отырсың бұл өлеңді,
Түбіңе, таза тақыр, жетейін бе-ай!
Айтыс дәстүрінде мұндай "психологиялық шабуыл" кешірімді,
сыйымды саналады. Анық дарынды, алғыр ақын әріптесінің айбатынан
қаймықпай, қарсы жауап әзірлеп, алып ұратын сәтін күтеді.
Құлмамбет өзінің тегеурінді екпінін байқатқан соң, елінің байлығын
тізбелеп мақтауға көшеді.
Мұндайдың талайын көрген өжет те дарынды Жамбыл бойын тез
жинап, аға ақын күтпеген, әрбір ақын өз руын мақтайтын үйреншікті,
ескі сүрлеуге қарсы жаңа – халықтық сарынға көшеді. Өлеңнің түрі
мен ырғағын сан құбылта, құйқылжыта келіп:
Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап әуре болмай жөніңе қайт, –
дейді. Адамдық, батырлық, елдік жоқ жерде адам мен мал
басының көптігінде ешқандай қасиет болмайтынын дәлелді, қисынды
етіп алға тартады. Осылайша қарсыласын тыңдаушылардың көкейіне
қонымды, салмақты уәжбен тұқыртып алған соң, оның мақтаған байлары
мен саудагерлеріне қарама-қарсы елдің тәуелсіздігі үшін күрескен
Сұраншы, Сауырық батырларды нағыз ерлер, халық қалаулылары етіп
көрсетеді.
Батыр Сауырық, Сұраншы жауда өлген,
Халық үшін шайіт болып, жанын берген.
Елді қорғап өлгеннің арманы не,
Қалың қазақ құрметтеп, соңына ерген.
Қажылық қып кетті ме Мақсұт ағаң,
Ағайынмен ұрысып, даудан өлген.
Мақтаған байларыңның оңғаны жоқ,
Төңіректің төрт бұрышын жалмап өлген...
Жамбылдың сынауы мен мадақтауының тағы бір ұтымды артықшылығы
– олардың ел-жұртқа, мына тыңдаушылардың бәріне мәлім шындыққа,
нақты деректерге негізделуінде. Екі батырдың есімі де, олардың
Жетісуды қоқандықтардан азат етудегі басшылық және қаһармандық
ерліктері де баршаға белгілі жайт. Бұған қарсы қисынды ештеңе таба
алмаған Құлмамбет айтысты доғаруға мәжбүр болады.
Бұл айтысқа қатысты зерттеушілер қолданылып жүрген қазір
көпке белгілі деректерді жоғарыда айттық. Жамбыл осы жолы
Құлмамбетті жеңбесе, онда ақындықпен қоштасатыны рас еді. Жамбыл
мұндай қайғылы жағдайды жақсы білетін деген пікірін ғалым
Жамбылдың өз сөзімен дәйектейді: Ол кезде қазақ даласында айтыста
ақынның жеңілгені – ол ақынның өлгені болып саналады, - дейді
Жамбыл 1937 жылы Литературная газетаның анкеталық сұрағына
қайтарған жауабында [44].
Жамбыл шығармашылығының негізі мен ерекшелігі туралы
пікірлерінде ғалым осы анкета сұрақтарына әр кез назар аударып
отырғаны байқалады. Ақындылық, тапқыштық, тез және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz