“Мектеп педагогикасы” пәні бойынша типтік бағдарлама


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы
К. Ж. Жолтаева, Ұ. Б. Төлешова,
С. Ә. Рамазанова
МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ
( "05010- Педагогика және психология "мамандығы үшін
оқу- әдістемелік кешені)
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және саясаттану факультеті
” Бекітілді ”
Факультеттің ғылыми кеңесі
отырысында бекітілді
Хаттама № ”” 2007 ж
Декан (аты-жөні)
”” 2007 ж
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәні ” Мектеп педагогикасы ”
Мамандығы 050103- “педагогика және психология”
Күндізгі
Оқу бөлімі
( күндізгі, кешкі, сырттай, қысқартылған)
Кредит саны
Курсы
Семестр
Дәріс сағат
Семинар --- сағат
СӨЖ - сағат
Сынақ сағат
АБ саны 2
Барлық аудиториялық сағат сағат
Алматы 2007
Оқу жұмыс бағдарламасы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті психология-педагогика факультетінің бастауыш мектеп педагогикасы, бастапқы әскери және дене дайындығы кафедрасының оқу-әдістемелік бірлестігі ендірген “Мектеп педагогикасы” пәні бойынша типтік бағдарлама негізінде жасаған.
Жалпы және этникалық педагогика кафедра мәжілісінде ““2007 ж. қаралды. Хаттама№
Жалпы және этникалық педагогика кафедрасының меңгерушісі,
Жалпы және этникалық педагогика кафедрасының әдістемелік кеңес төрайымы (төрағасы)
Философия және саясаттану факультетінің әдістемелік кеңесінде
““2007 ж. құпталды. Хаттама№
Философия және саясаттану факультетінің әдістемелік кеңес (төрағасы) төрайымы
АЛҒЫ СӨЗ
Соңғы он жылдықта білім беру жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер қоғамның сұраныстарына, талабына сәйкес тез арада жылдам жауап беруі қажет. Ол үшін педагогика курсын оқытудың зор мәні бар, жүйелі білім және іскерлікпен дағдыны меңгеруге бағдар беру, болашақ маманның зерттеу және тәжірибелік міндеттерді шығармашылықпен, ғылым мен техниканың мәдени жетістіктерін дамыта отырып өздігінен және жауапкершілікпен шешуіне мүмкіндік береді.
Курстың мақсаты болашақ мұғалімдердің теориялық білімдер жүйесі мен дағдысын тұтас педагогикалық процесс жағдайындағы тәжірибелік әсерін қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
- студентерді кәсіби іс-әрекет теориясымен қаруландыру болашақ мұғалімдерді дайындаудың негізі;
- болашақ мұғалімдерде өзіндік кәсіби іс-әрекетінің жүйелі түрде көрінуінің қалыптастыру;
- болашақ мұғалімдерде тұлғалық, мәнді, кәсіби (гумандық, педагогикалық ойлау, қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдеп, төзімділік т. б. ) сапаларды қалыптастыру;
- студенттердің өзін-өзі білімін көтеруге, шығармашылықпен ғылыми ізденіс жұмысына дайындығын қалыптастыру.
Бағдарлы гуманитарлық білімдер жүйесіндегі педагогика ғылым ретінде тұлғаның интелектуалдық жағынан қалыптасуында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруды “Мектеп педагогикасы“ курсын оқыту әлеуметтік-гуманитарлық пәндер (философия, әлеуметтану, жасөспірімдер психологиясы, мәдениеттану т. б. ) сонымен қатар педагогика саласы бойынша “Педагогикалық мамандыққа кіріспе“, “Адамзат тарихындағы педагогикалық ойлар мен мектептердің дамуы“ т. б. курстарды оқытуды талап етеді. Бұл пәнаралық байланыс жағдайында педагогикалық процестің ерекшелігін педагогика курсын оқыту барысында түрлі педагогикалық құбылыстарды байқауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік стандартқа сәйкес жоғарғы кәсіптік білім беруде педагогика курсын оқыту барысында студенттердің міндетті түрде меңгеретін білімдері:
- педагогиканың теориялық-әдіснамалық негізі бойынша;
- теория мен тәжірибедегі тұтас педагогикалық процесс бойынша;
- тұтас педагогикалық процесті басқару;
Сонымен қатар студенттер төмендегідей іскерлікті меңгеруі тиіс:
- тұтас педагогикалық процесті таратудың технологиялары бойынша ;
- педагогикалық процестің тәрбиелік миханизмдері мен заңдылықтарына сәйкес келетін оқу-тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру;
- сыныптағы оқу-тәрбие процесінің диагностикасының негізгі сипаттарына қарай (ауыспалы) және оның одан әрі қарай дамуын болжауды жүзеге асыру;
- оқу-тәрбие міндеттерін тұжырымдау, осы міндеттерге сәйкес іс-әрекет түрлерін, формалары мен әдістерін талдай білу;
МОДУЛЬ1. ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ, МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1 апта.
1-тақырып. Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негіздері 2 сағат
Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогика ғылымының алатын орны, оның басты ерекшеліктері: арнайы пәні, ғылыми- терменологиялық аппараты зерттеу әдістері.
Педагогика- адам тәрбиесі туралы ғылым. Тәрбиенің тарихы мен оның негізгі сипаты, оның қазіргі қоғам дамуындағы көрнісі. Педагогика ғылымының негізгі әдіс-тәсілдері туралы жалпы түсінік. Педагогиканың қызметі, пәні және объектісі. Педагогиканың ұғым - түсініктік аппараты. Педагогиканың негізгі категориялары. Педагогиканың методологиялық негіздері. Педагогиканың философиямен, культурологиямен, социологиямен, психологиямен, физиологиямен және басқа да ғылым салаларымен байланыстылығы. Педагогикалық жүйе. Педагогика ғылымының қазіргі міндеттері. Педагогикалық әдістердің түрлері.
2-тақырып. Жеке тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің қалыптастырудың өзара байланысы және сипаты- 2 сағат
Тұлға туралы ұғым. "Адам", "тұлға", "индивид". Тұлға құрылымының көп қырлылығы, күрделілігі, оның барлық компоненттерінің өзара байланысы. "Тұлғаны дамыту", "тәрбиелеу", "қалыптастыру" ұғымдарына сипаттама. Оқушының дамуы - педагогикалық проблема. Тұлғаның даму проблемасына әртүрлі көзқарас. Баланың даму процессі. Оқушылардың жас ерекшеліктері. Оқушылардың дербес ерекшеліктері. Әлеуметтік факторлар және тұлғаның қалыптасуы. Тұлғаның қалыптасуына тәрбиенің өскен ортасының әсері.
2 апта.
3-тақырып. Балалардың жас және дербес ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесінде есепке алу 2 сағат
Оқушылардың жеке тұлғалық дамуының жас ерекшелік кезеңдері, оларға сипаттама. Жеке тұлға дамуының педагогикалық проблемасы. Жеке тұлғаның даму проблемасына әртүрлі көзқарас. Баланың даму процесі.
Жеке тұлғаның дамуындағы жағдайаттар. Қазіргі қоғамның даму кезеңінде жеке тұлғаны қалыптастырудың ерекшеліктері. Оқушының оқуға деген шынайы мүмкіндіктерін педагогикалық процесте ұйымдастыруда есепке алу (мазмұны, құралдары, түрлері мен оқу-тәрбие іс-әрекетінің әдістері) .
Негізгі ұғымдар: тұлға, жас ерекшелігіне байланысты жаңа тұжырым беру, дербес ерекшеліктері, даралап оқыту.
МОДУЛЬ 2. Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы
3 апта.
1-тақырып. Тұтас педагогикалық процесс- педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі 2 сағат
Педагогика пәні және мұғалімнің іс-әрекет объектісі мектеп тәжірибесінде, оқу құралдарында, бағдарламаларда осы ұғымдардың дамуы, осы мәселелердің көрніс табуы. Мұғалімнің объектісі туралы ұғымның қалыптасу тарихы. Педагогикалық процестің мәні, оның құрылымдық компонентері. Оқушы-педагогикалық процестің субъектісі.
Жеке тұлғаның тұтастығы- педагогикалық процестің үш бірліктегі қызметін іске асыруды түсіндірудің негізі. Жеке тұлғаның шығармашылығы. Педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары. Педагогикалық процесс. Ұғым. Жүйе. , , Мектеп жүйесі,, . Оқутыдың тәрбиелеудің бірлігі - процестің негізгі мәні. Өзара біріккен іс - әрекеті. Оқу - тәрбие процесін басқару. Оқытудың заңдылығы мен заңы (мақсат, мазмұн, талап және тұлғаның деңгейі) . Оқытудың принципін сипаттау: дамыту, тәрбиелеу санналылық нәтижелік ғылымилық көрнекілік өмірмен байланыстылық жүйелілік, бірізділік шамаға лайықтылық ұжымдық және жеке оқыту.
3 апта.
2-тақырып. Педагогикалық процестің заңдылықтары 2 сағат
Педагогикалық процесс-күрделі дамушы жүйе. Оның жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі. Оқу-тәрбие процесін болжау, мұғалімнің әдіснамалық бағытына тәуелді. Оқу-тәрбие процесіне байланысты әртүрлі көзқарастар.
Табиғаттағы және қоғамдағы құбылыстардың және процестердің даму заңдылықтарының философиялық мәні.
Педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары, оларға сипаттама: қоғамның әлеуметтік-экономикалық талаптарымен келісуі; оқушы мен оқытушының екі жақты міндетті іс-әрекетімен байланыстыөзара қарым-қатынасы; оқушылардың белсенділігін арттыру мұғалімнің алдын-ала мұқият ойланған және ұйымдастырылңан іс-әрекетінің нәтижесі; оқушылар арсындағы өзара іс-әрекетті мұқият ұйымдастыру педагогикалық процестің тиімділігін арттырудың шарттары.
4 апта.
3-тақырып Тәрбиенің мақсаты, әлеуметтік келісім 2 сағат
Мақсатылық және әлеуметтік келісімділік-педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары. Педагог пен оқушылардың іс-әрект нәтижесінің идеалдық моделі.
Қоғамдық мәдениет - жас ұрпақ тәрбиесінің мақсатын айқындаудың әдіснамалық негізі (материалдық, рухани, әлеуметтік-нормативтік мәдениет) .
Сана мен мінез - құлық бірлігі. Балалардың шығармашылық белсенділігі мен дамуын есепке алу. Тәрбиені өмірмен, әлеуметтік ортамен байланыстыру. Жағымды тәжірибеге сүйену. Жеке бала мен қатынас. Тәрбиенің гумандық сипаты. Тұтастығы мен бірлігі. Балаға талап пен құрметті қатар қою. Оқушылар ұжымына сүйені.
Тәрбиенің әлеуметтік институттары. Мектеп - осы институттар жұмысын ұйымдастырушы және біріктіруші. Педагогикалық ынтымақтастық.
Отбасылық тәрбие, оған қойылатын талаптар. Отбасының педагогикалық мәдениеті. Республика Конституциясы отбасылық тәрбие туралы.
Мектептің ата - аналар, қоғамдық ұйымдармен жүргізілетін жұмысының түрлері. Педагогикалық насихат. Отбасын және байланыс орнату. Ата - аналар активін құру. Оларды мектептік тәрбие жұмысына қатыстыру.
Негізгі ұғымдар: тәрбиенің мақсаты, жалпы адамзаттық мәдениет, жеке тұлғаны әлеуметтендіру және дербестендіру, жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту, тұлғаның шығармашылық мүмкіндігі.
5 апта.
4- тақырып: Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде 2 сағат
Дүниетанымның негізгі компоненттері мен мәні. Дүниетанымның түрлері. Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері. Философия, оның әртүрлі бағыттарының қалыптасушы тұлғаның дүниетанымдық көзқарасын бағалаудың ролі. Дүниетанымды қалыптастырудың психологиялық негіздері. Жеке тұлғаның құндылық бағыттары. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен құралдары: ғылыми білімді қалыптастыруда көзқарасы мен көзін жеткіз, оқытудың әдістері мен формаларының, мазмұнның ролі; оқушыларға әлемді түсінуін қалыптастырудағы көзқарасын қазіргі әлеуметтік жағдайаттарға талдау жасау; әртүрлі іс-әрекеттер түрлеріне оқушыларды қалыптакстыру; оқушыны тұлғалық әлеуметтендіру мен дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудағы мектеп пен жанұяның бірлеаскен іс-әрекеті.
5-апта.
5-тақырып . Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің мазмұны 2 сағат
Педагогтік білім жүйесінде мұғалім тұлғасының дамуы. БПП-тің даму жолдары. Оқытудағы дүниетанымдық сұраныс пен қызығу дәлелдеудің негізі. Оқытудың әсерленуі, оқытудың ұйымдастырудың жүйесі және жолдары туралы түсінік (жеке оқыту, класс - сабақ жүйесі, лекциялық - семинарлық жүйе т. б. ) . Сабақтың типтері және құрылымы. Мұғалімнің БПП-ті зерттеудегі орны. БПП-тегі әдістердің түрлері, ұйымдастырылу жолдары. Білімнің мазмұны қоғамның және жеке субъектінің қажетінен туады. Мұғалімнің жеке басының үлгісі. К. Ушинскийдің талабы. Баланы зерттеу және оның жеке арын сыйлау, қадірлеу. «Тәрбиеші баланың қаһарлы қожасы болмасын, жұмсақ жолдары болсын « (Мағжан) .
Тәрбиедегі этникалық талаптар. Халықтың ұлттық тәрбиесі және оны қолданудың маңызы.
Педагогикалық этика. Мұғалім мәдениеті. Оқушылар пікірімен санасу, есепке алу.
Оқыту әдістері туралы ұғым, оның дамуы. Оқыту әдістеріне қойылатын педагогикалық талаптар. Оның атқаратын функциялары: білім беру, дамыту, тәрбиелеу, оқуға ынталандыру және бақылау.
- оқыту әдістері мен тәсілдері туралы жалпы түсінік.
- Оқыту әдісінің даму тарихы.
- Оқыту әдісінің классификациясы.
- Сабақ. Кітаппен жұмыс. Әдістеме.
Біртұтас педагогикалық процестің мақсаттарының тәрбие ісіндегі заңдылықтар. Педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі мақсаттары. Өмірмен байланыс. Оқыту мен тәрбиені еңбекпен байланыстыру. Оқыту мен тәрбиені еңбекпен байланыстыру. Оқыту мен тәрбиенің түрлері: көрнекілік, жалғастық, бірізділік және жүйелілік.
МОДУЛЬ 3. Мектептің тұтас педагогикалық процесін басқару
5 АПТА.
1- тақырып Мектеп туралы нормативтік құжаттардың сипаты 2 сағат
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы білім беру мәселелері. Қазақстан Республикасының, , Білім беру,, туралы Заңы. Қазақстан республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарты туралы ереже. Базалық оқу жоспары, варианттық оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары.
Мектеп түрлері, олардың сипаттамасы, ондағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
Негізгі ұғымдар: нормативтік құжат, білім беру стандарты, әртүрлі үлгідегі мектептер.
2-тақырып. Мектептің оқу-тәрбие жұмысын диагностикалау-басқарудың негізі ретінде . Мектеп ішілік бақылау. 2 сағат
Халыққа білім беру жүйесіндегі оқу орны ретінде, әртүрлі үлгідегі мектептерді басқару және жетекшілік ету. Басқару қағидалары. Әкімшілікті басқару объектісі- мектептегі педагогикалық процесс ретінде. Мектеп басшыларына қойылатын талаптар. Оқу-тәрбие жұмысы бойынша мектеп директорының, орынбасарларының атқаратын қызметі.
Мұғалім еңбегі- мектептегі педагогтардың ұжымдық іс-әрекетінің негізгі бөлігі ретінде. Педагогикалық қарым-қатынас құрылымы. Педагогикалық қарым-қатынас - шығармашылық іс-әрекет. Бірлесіп қарым- қатынас жасаудағы педагогтың тәсілдері мен шешімдері. Педагогтың қарым- қатынастық әр кезеңдегі іске асырылу жағдайлары. Педагогикалық қарым - қатынас қойылатын талаптар. Қарым - қатынас жасаудың ауызша және басқа түрде жүргізілетін тәсілдері. Педагогтің жеке тұлғалық қарым-қатынас жасау стилін айқындаудың әдісі және оның педагогтың кәсіптік өзін - өзі тәрбиелеудегі қалыптасуы.
6 апта.
1-тақырып. Мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушылық әдістемелік басқару 2 сағат
Оқу-тәрбие процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі жағдайы мен оның жұмыс істеуі туралы ақпарат -диагностиканың негізі. Педагогикалық процестің жағдайы туралы ақпарат түрлері: бастапқы тактикалық, оперативті. Мектеп директорының және оқу- тәрбие ісі бойынша орынбасарының кластан тыс, мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруда атқаратын қызметі. Мектеп құжаттары. Мектеп ішіндегі бақылау жұмыстары. Сабақтарды талдау, кластан тыс жұмыстардың сапасын талдау. Мектеп жұмысын ғылыми негізде жоспарлау. Педагогтар кеңесінің, әдіскерлер бірлестігінің, класс жетекшінің жұмыс жоспары. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен мұғалім даярлау ісінде талапты күшейту. Өз дайындығы мен мұғалімнің шығармашылық қабілеті дамып, қалыптасуы, оқу-тәрбие ісін тиімді ұйымдастыруда әдістеменің алатын орны.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу және өздігінен білімін көтеру. Алдыңғы қатарлы іс-тәжірибенің үйрену және пайдалану. Озық тәжірибелерді үйрену және оны насихаттау. Жаңашыл педагогикалық тәжірибелердің мазмұны. Ғылым мен озық тәжірибені ендіру.
СЕМИНАР ТАҚЫРЫПТАРЫ.
1 апта
1-тақырып. Сыныптың тәрбиелік жүйесі. Сынып жетекшісінің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесі ретінде 2 сағат
Тәрбие жүйесі туралы ұғым. Сыныптағы тәрбие жүйесі. Тәрбиелік технологиялар. Тәрбие жүйесінің моделін жасау. Тәрбие жүйесін құрудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті. Тәрбиелік іс-шараларды дайындаудың әдістемесі. Педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекетін үйлестірудегі сынып жетекшісінің ролі. Сынып жетекшісінің қызметі. Сынып оқушыларының іс-әрекетін ұйымдастыру түрлеріне сипаттама. Сынып жетекшісінің іс-әрекетін болжау, және диагностикалау.
Сынып жетекшісінің оқушылардың отбасымен ынтымақтастығының түрлері. Тәрбие процесінде этнопедагогика материалдарын пайдалану.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық процесс, оның жүйелері, сынып жетекшісі, үйретуші, диагностика, болжау, жоспарлау, ынтымақтастық, тәрбие жүйесі, тәрбие жүйесін модельдеу.
2 апта.
2 тақырып: Отбасы тәрбиесінің негіздері. 2 сағат
Отбасындағы балалар тәрбиесі. Отбасы тәрбиесі туралы Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухамлинскийдің педагогикалық идиялалары.
Отбасында педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориялық негіздері. Отбасында педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі компоненттері.
Отбасындағы ересектер мен балаларды, тіршілік әрекетін ұйымдастырудың әдістері, мақсаты, міндеті, мазмұны, құралы, формалары мен отбасындағы педагогикалық процестің негізгі сипаттамалары оны үйретудің әдістері.
Отбасы мен мектептің ынтымақтастығының түрлері. Отбасы мен педагогикалық ұжымның жұмысындағы сынып жетекшісінің ролі. Отбасындағы этнопедагогикалық тәрбие.
Негізгі ұғымдар: отбасылық және қоғамдық тәрбие, отбасы және мектептегі педагогикалық процесс, ата-аналардың педагогикалық белсенділігі, ынтымақтастық түрлері, отбасы және мектептің тәрбиелік мүмкіндіктерінің интеграциясы.
3-тақырып. Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны 2 сағат
Білім берудің мазмұнын анықтаудың ғылыми-педагогикалық негізі: білім беу және оның мазмұны туралы жалпы ұғым, мектеп тарихындағы білім мазмұнының мәселелері мен педагогикалық ой-пікірлер; кеңес мектептерінің дамуы мен қалыптасу дәуіріндегі білім мазмұнын құраудың негізгі кезеңдері; жалпы адамзаттық мәдениет; әлеуметтік тәжірибе білім берудің негізгі құрамын анықтаудың негізі ретінде. Білім беру мазмұнының компоненттеріне сипаттама: табиғат, қоғам, техника, адам, іс-әрекет қабілеті туралы білім негіздері: алынған білімге сезімдік- құндылық қатынасын тәрбиелеу.
Жалпы, политехникалық, кәсіби білім берудің өзара байланысы. Білім мазмұнындағы пәнаралық байланыстың мәселелері.
Негізгі ұғымдар: білім беру, білім мазмұны, мәдениет, пән аралық байланыс, оқушылардың оқу мүмкіндіктері.
4-тақырып Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің мазмұны 2 сағат
Педагог пен оқушылардың іс-әрект нәтижесінің идеалдық моделі. Тәрбиенің жан-жақты үйлесімді мазмұны, міндеті, мақсатының өзара диалектикалық байланысы. Тұлғаның жан-жақты мазмұнды сипатта дамуы адамзаттық мәдениетті меңгеруменбайланысты. Дүниетаным әлемге, адамдарға,, өзіне деген көзқарастардың жүйесі ретінде мәдениеттің дамуы және меңгерілуінің белсенді шартары.
Жеке тұлғаның ақыл-ой мәдениеті, оның мәні. Жалпыадамзаттық мәдениет әлеміне ену процесіндегі базалық білімнің ролі. Ақыл-ой күші және қабілеті. Сөз мәдениеті және ойлау мәдениетінің тәрбиесі. Ғылыми дүниетаным жеке тұлғаның ақыл-ой компоненті ретінде. Танымдық қызығушылықтың ақыл-ой мәдениетіндегі алатын орны.
5-ТАҚЫРЫП. Тәрбие процесінің теориялық негіздері 2 сағат
Тәрбие жүйесі туралы ұғым. Педагогикалық процесте бала мен жасалатын қатынастар және оларды тәрбиелеуге қойылатын талаптар.
Мұғалімнің жеке басының үлгісі. К. Ушинскийдің талабы. Баланы зерттеу және оның жеке арын сыйлау, қадірлеу. «Тәрбиеші баланың қаһарлы қожасы болмасын, жұмсақ жолдары болсын « (Мағжан) .
Тәрбиедегі этникалық талаптар. Халықтың ұлттық тәрбиесі және оны қолданудың маңызы.
Педагогикалық этика. Мұғалім мәдениеті. Оқушылар пікірімен санасу, есепке алу. Сынып жетекшісінің қызметі. Сынып оқушыларының іс-әрекетін ұйымдастыру түрлеріне сипаттама. Сынып жетекшісінің іс-әрекетін болжау және диагностикалау. Сынып жетекшісінің оқушылардың отбасымен ынтымақтастығының түрлері. Тәрбие процесінде этнопедагогикалық материалдарды пайдалану.
6-тақырып. Мектептің оқу-тәрбие жұмысын диагностикалау-басқарудың негізі ретінде . Мектеп ішілік бақылау. 4 сағат
Педагогикалық қарым - қатынас құрылымы. Педагогикалық қарым - қатынас - шығармашылық іс - әрекет. Бірлесіп қарым - қатынас жасаудағы педагогтың тәсілдері мен шешімдері. Педагогтың қарым - қатынастық әр кезеңдегі іске асырылу жағдайлары. Педагогикалық қарым - қатынас қойылатын талаптар. Қарым - қатынас жасаудың ауызша және басқа түрде жүргізілетін тәсілдері. Педагогтің жеке тұлғалық қарым - қатынас жасау стилін айқындаудың әдісі және оның педагогтың кәсіптік өзін - өзі тәрбиелеудегі қалыптасуы. Қазіргі мектептердегі оқытушылар мен тәрбиешілердің білімдерін жетілдіру сабақтары.
3-тақырып Тәрбиенің мақсаты, әлеуметтік келісім 4 сағат
Мақсатылық және әлеуметтік келісімділік-педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары. Педагог пен оқушылардың іс-әрект нәтижесінің идеалдық моделі құрастыру.
Мақсатылық және әлеуметтік келісімділік-педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары. Педагог пен оқушылардың іс-әрект нәтижесінің идеалдық моделі.
Педагогикалық процесс-күрделі дамушы жүйе. Оның жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі. Оқу-тәрбие процесін болжау, мұғалімнің әдіснамалық бағытына тәуелді.
Оқу-тәрбие процесіне байланысты әртүрлі көзқарастар. Табиғаттағы және қоғамдағы құбылыстардың және процестердің даму заңдылықтарының философиялық мәні.
Педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары, оларға сипаттама: қоғамның әлеуметтік-экономикалық талаптарымен келісуі; оқушы мен оқытушының екі жақты міндетті іс-әрекетімен байланысты өзара қарым-қатынасы; оқушылардың белсенділігін арттыру мұғалімнің алдын-ала мұқият ойланған және ұйымдастырылңан іс-әрекетінің нәтижесі; оқушылар арсындағы өзара іс-әрекетті мұқият ұйымдастыру педагогикалық процестің тиімділігін арттырудың шарттары.
СОӨЖ ЖӘНЕ СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz