Дыбыс, дыбыстардың әртүрлі орталарда таралу ерекшеліктері


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Дыбыс, дыбыстардың әртүрлі орталарда таралу ерекшеліктері

Дыбыс деп серпінді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысын айтамыз. Осы тербелістерді адам немесе жануардың есту мүшесіне әсер еткенде дыбыс түйсігін туғызады. Адам құлағы жиілігі 20 Герцтен 20. 10 үш Гц аралығында дыбыстарды ести алады. Оны естілетін дыбыстар деп атайды. Ал, жиілігі 20 Гц-тен төмен дыбыстарды адам құлағы естімейді. Оны инфрадыбыстар деп атайды. Ал, жиілігі 20*10 үш Гц-тен жоғары дыбыстарды ултьрадыбыстар деп атайды. Оларды да адам естімейді. 10*9 Гц-тен 10*13 Гц-ке дейінгі дыбыстарды гипердыбыстар деп айтайды.

Дыбысты жиілік дыбыс анализі деп аталатын қарапайым гармониялық тербелістерге жіктеу нәтижесінде спектр алынады. Егер дыбыс тербелісінің энергиясы өте кең аймақта таралып жатса, онда оны тұтас спектр, тұтас спектрлі дыбысты шу, ал үздік-үздік жиіліктерден құралатын спектрді сызықты деп атайды. Музыкалық дыбыстар еселі жиіліктері бар сызықтық спектрге жатады. Дыбыстың негізгі жиілігі-дыбыс биіктігін, ал оның гармониялық құраушыларының жиыны дыбыс тембірі деп аталады.

Резонанс құбылысы

Резонанс деп қайсы бір тербелмелі жүйедегі еріксіз тербелістердің амплитудасының кенеттен тез өсетінін айтады. Резонанстың пайдалы және зиянды жақтары да бар. Резонанс құбылысының техникадағы рөлі де зор. Көптеген машиналар, көпірлер, құрылыстар тербеліп тұрады, яғни өз меншікті тербеліс болады. Сондықтан да сырттан үнемі әсер ете берсек, онда олар резонансқа түсуі мүмкін. Айталық, еспе қалақшының белгілі бір айналасының нәтижесінде бүкіл кеменің резонансқа түсен жағдайы болады. Құрылыс фундаменті де резонансқа түсуі мүмкін. Бұл резонанстардың зиянды жақтары. Бұл жағдай болмауы үшін резонансқа қарсы жағдайлар ойластырылады.

Атап айтқанда, тербелісті жұтып қоятын материалдар пайдалынылады немесе тербелісті тыныштандыратын заттар ойластырылады. Болмаса тербеліске түскен жүйені оның меншікті тербелісі сырттан әсер ететін дененің тербелісінен әлдеқайда алшақ болатындай етіп жасалынады. Резонанстың пайдасы радиотехникада әбден білінеді. Мысалы, бізге қажетті радиостанцияның тербелісін басқа радиостанциялар жіберіп жатқан тербелістерден ажыратып алу үшін осы резонанс құбылысы пайдаланылады.

Резонанс құбылысы биомеханикада зерттеледі. Атап айтқанда, бұлшық еттердің серпінділігі пайдаланғанда осы резонанс құбылысы жүзеге асады. Бұлшық еттің жұмысын тербелмелі қозғалысқа теңесек, онда ол әрбір тербелісінде аз да болса, химиялық энергияның бір бөлігін механикалық энергияға айналдырып отырады. Сөйтіп, бұлшық еттің энергиясы көбейе түседі. Әсіресе, спортшылар қысқа қашықтыққа жүгіргенде оның бұлшық етінде пайда болатын резонанс құбылысына байланысты қатты екпін алады. Сөйтіп, спортшы қозғалысы өсіп, қозғалыстың жиілігі, яғни екпіні арта түседі. Бұл спортшылардың өте жоғары нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Вебер-Фехнер заңдары

Аукустикада түйсік пен түршігудің арасындағы байланыс Вебер-Фехнер заңымен анықталады. Бұл заң бойынша қаттылық (қыттылық физиология тұрғысынан алып қарағанда есту түйсігінің деңгейін білдіреді) түршігу күшінің салыстырмалы логарифміне тура пропорционал. Демек, қаттылық шкаласы он үш бөліктен тұратынын байқаймыз. Бұл шкаланың бірлігін - бел деп атайды. 1 Б=10дБ (децибел) .

Инфрадыбыс, оның қасиеттері және жануарлаға әсері

Дыбыстың жиілігі 20 Гц-тен төмен болса, оны инфра дыбыс деп атайды. Инфрадыбысты адам естімейді. Инфрадыбыс табиғатта көптеп кездеседі. Айталық, адамдар мен жануарлар жүрген кезде, жел әсерінен телеграф сымдарының қозғалуынан, жапырақтың сыбдырынан және т. б. инфрадыбыс пайда болады. Сол сияқты машиналар мен механихмдер де инфрадыбыс шығарады.

Сағатына 100 км жылдамдықпен қозғалып келе жатқан автомобиль де инфрадыбыс шығарады. Инфрадыбыс теңіздер мен мұхиттарда да пайда болады. Қала тұрғындары далаға шықса тынығып, қала шуылынан құтылады. Осы қала шуылының ішінде адам организімне өте қатты ететін инфрадыбыс бар. Адамның ішкі құрылысы 6-8 Гц-те тербеліп тұрады. Егер, осы денеге жиілігі дәл осындай инфрадыбыспен әсер етсек, онда резонанс құбылысы байқалады, адам жағымсыз әсер алады. Атап айтқанда, адамның ішкі құрылысында жағымсыз діріл пайда болғандай әсер туады. Теңіз толқынында да инфрадыбыс бар.

Инфрадыбыстың жиілігі 16Гц-тен төмен дедік. Ал жануарлар немесе адам организмінің әртүрлі мүшелері де өте төмен жиілікте телбеліп тұрады. Олай болса, инфрадыбыс тербеліс жануарлар мен адамдарға өте қауіпті болып саналады. Жер сілкінісі кезінде де инфрадыбыс таралады. Осы инфрадыбыстарды жануарлар қабылдайды ды (ит, мысық, қой, сиыр, жылқы және т. б. ) өте мазасыздана бастайды.

Ультрадыбыстың қасиеті

Ультрадыбыстың 2 қасиеті бар:

1) Ультрадыбыстың толқын ұзындығы. Естілетін дыбыс толқыны өзін шығарып тұрған құралдың жан-жағына бірдей таралады. Былайша айтқанда, естілетін дыбыс толқынын бір ғана нүктеге естілетіндей етіп бағыттап жіберуге болады. Мысалы, адамның сөйлеген сөзі оның барлық жағынан бірдей естіліп тұрады. Ал, жарық толқыны белгілі бір нүктеге ғана түсетіндей етіп бағытталады. Мысалы, автомашинаның сыртқы шамы жарықты тек белгілі бір нүетеге ғана бағыттай алады. Басқаша айтқанда жарық толқыны дыбыс толқыны сияқты барлық жаққа бірдей таралмайды.

2) Ультрадыбыс энергиясы. Ультра дыбыстың тамаша қасиеттерінің бірі - энергияны өте көп тасымалдайды.

Тербеліске түскен ауаның бөлшектері белгілі бір жылдамдыққа ие болады.

Тербеліс жылдамдығы артқан сайын, оның таситын энергиясының мөлшері де арта түседі. Ультрадыбыс толқындары, материалдық бөлшектердің серпімді тербелісі болғандықтан, өзі таралған ортада белгілі бір мөлшерде энергия тасиды. Ал, біз ультрадыбыс тербелісінің жиілігі естілетін дыбыстың жиілігіне қарағанда 100 00 есе артық энергия тасымалдайды. Олай болса, ультрадыбыс миллион есе артық энергия тасмалдайды екен.

Диагностиканың дыбыстық әдістері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа буын оқулығы бойынша электрондық оқулық (9-сынып)
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері туралы ақпарат
Естуді жоғалту деңгейі
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері туралы мәлімет
Қоршаған ортаның шумен ластану туралы жалпы сипаттама
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері жайлы
Жылу және дыбыс изоляциялық материалдар
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу туралы
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстардың адам организіміне әсері. Статикалық электр тогы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
Шуыл, діріл, олардың адамға әсері. Қорғаныстық шаралар. Нормалануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz