ҚАРАҚЫТАЙЛАР ЖЕТІСУДА



1 Қарақытайлар мемлекетінің кұрылуы
2 Хорезмде алымдар мен салықтарды гурханның арнайы жіберген жинаушылары
3 Езгінің күшеюі және феодалдық қырқыстар
Қарақытайлар мемлекетінің кұрылуына Орталык Азиядан келген көшпелі тайпалардың шапқыншылығы себепші болды, олардың үстем тобы едәуір аумақта билікті басып алды. Бірақ тұтас алғанда қарақытай конфе-дерациясы Қарахан билеушілері тұсында да шекаралык қызмет атқарған, сөйтіп бұл үшін «наградалар мен үлестер» алған Оңтүстік-Шығыс Қазақ-стан мен Алтай тайпаларының жетекші рөл атқаруы жағдайында жергілікті этникалық-саяси негізде қалыптасты.
1925 жылы Елюй Даши әскерінің Емілге келуі Жетісуда қалыптасқан мемлекеттік институттарға түбегейлі өзгеріс енгізген жок. Қаракытайла-рдың саяси ықпалы Жетісудың бір бөлігіне, Сырдариянын оң жағалауына және басқа аудандарға таралды72.
Қарақытай бірлестігін басқару органдарының калыптасуына жергілікті дәстүрлер күшті ықпал жасады. Мұның өзі қарақытай армиясындағы өзгерістердің мысалынан айқын көрінеді. Армияны әскери бөліністерге бөле отырып, Елюй Даши Қатұн-Балықгың өзінде-ақ әрбір отрядтың са-нын 500 адамнан белгіледі. Бірақ Жетісуда гурхан бұл тәртіпті күрт өзгертті: бір әскери басшының кол астында жүзден аспайтын жауынгер болуға тиіс болды. Осы арқылы армияны басқару ішінара бөлшектенді. Жергілікті тай-палардың шекараларды қорғау жөніндегі қызметі сақталып қалды.
Бұдан былай қарай өз құрамына Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның тай-паларын қамтыған қарақытай әскері мұндай әскери ұйым сипатынан айрыл-ды. Жаулап алу барысында қарақытайлардың әскери жасағы негізінен құрамында түркі тілдес тайпалар мен халықтардан тұрған армиямен алмас-тырылды. Сонымен бірге алғашқыда Жетісуда, ал сонан соң Мауараннахр-да — жергілікті этникалық ортада келімсек этникалық топтардың шаруа-шылық жәнг этникалық «сіңісуі» жүріп жатты.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАРАҚЫТАЙЛАР ЖЕТІСУДА
Қарақытайлар мемлекетінің кұрылуына Орталык Азиядан келген көшпелі
тайпалардың шапқыншылығы себепші болды, олардың үстем тобы едәуір аумақта
билікті басып алды. Бірақ тұтас алғанда қарақытай конфе-дерациясы Қарахан
билеушілері тұсында да шекаралык қызмет атқарған, сөйтіп бұл үшін
наградалар мен үлестер алған Оңтүстік-Шығыс Қазақ-стан мен Алтай
тайпаларының жетекші рөл атқаруы жағдайында жергілікті этникалық-саяси
негізде қалыптасты.
1925 жылы Елюй Даши әскерінің Емілге келуі Жетісуда қалыптасқан
мемлекеттік институттарға түбегейлі өзгеріс енгізген жок. Қаракытайла-рдың
саяси ықпалы Жетісудың бір бөлігіне, Сырдариянын оң жағалауына және басқа
аудандарға таралды72.
Қарақытай бірлестігін басқару органдарының калыптасуына жергілікті
дәстүрлер күшті ықпал жасады. Мұның өзі қарақытай армиясындағы
өзгерістердің мысалынан айқын көрінеді. Армияны әскери бөліністерге бөле
отырып, Елюй Даши Қатұн-Балықгың өзінде-ақ әрбір отрядтың са-нын 500
адамнан белгіледі. Бірақ Жетісуда гурхан бұл тәртіпті күрт өзгертті: бір
әскери басшының кол астында жүзден аспайтын жауынгер болуға тиіс болды. Осы
арқылы армияны басқару ішінара бөлшектенді. Жергілікті тай-палардың
шекараларды қорғау жөніндегі қызметі сақталып қалды.
Бұдан былай қарай өз құрамына Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның тай-паларын
қамтыған қарақытай әскері мұндай әскери ұйым сипатынан айрыл-ды. Жаулап алу
барысында қарақытайлардың әскери жасағы негізінен құрамында түркі тілдес
тайпалар мен халықтардан тұрған армиямен алмас-тырылды. Сонымен бірге
алғашқыда Жетісуда, ал сонан соң Мауараннахр-да — жергілікті этникалық
ортада келімсек этникалық топтардың шаруа-шылық жәнг этникалық сіңісуі
жүріп жатты.
Қарақытайлар келгенде қалалар мен отырықшы қоныстарды қиратып келген
жоқ. Қарақытайлар Орта Азияның қалаларымен және егіншілік аймактарымен
үнемі сауда жүргізуге мүдделі болды. Олардың арасында мал өсірушілермен
қатар егіншілікті білетін жартылай көшпелі топтар аз емес еді.
Деректемелерде: карақытайдың таралуы бейбіт сипатта болғанын бір ауыздан
атап көрсетеді73. Олар (қарақытайлар) қаланы алған кезде, оның тұрғындары
үшін еш өзгеріс жасамады, — деп жазды Ибн әл-Асир, — тек әр үйден бір
динардан ғана алды. Егістік пен сол тәрізділерге келетін болсақ, олар
халыққа берілді74. Бұл орайда үлестік жерлерді иеленушілер өздерінің
гурхан қамқорлығында екендігінің белгісі ретінде өзінше бір үлгідегі сақ-
тау грамоталарын (пайцзалар) алды.
Жағдай XII ғасырдың 40-жыддарының басында Салжұқтардың Мауаран-нахрда
жеңілуінен кейін өзгерді. Жаңадан жаулап алған аймақтарда карақы-тай
әскерлері шоғырланды және оларға алым төлеу міндетті бола бастады.
Қарақытайлар тұтас алғанда өздеріне дейінгі болған саяси құрылымдыжәне
әр түрлі аймактар арасындағы өзара байланыстарды өзгертпеді. Жергілікті
жерлерде билік басында осында бұрын билік еткен әулеттердің өкілдері
отырды. Орын алып келген талас-тартыстар сарыны жойылмай, кайта күшейе
түсті, өйткені Түркістан патшалары, Жүзжанидың айтуы-нша, қарақытайлардың
көмегімен бір-бірін бағындыру және талқандау әрекеттерін жалғастыра
берді75. Үдайы жанжалдармен өздерін титықтата отырып, қарақытай әскерлерін
ұстауға мол сыйлықтар беруде шаш-етек-тен шығындарға ұшырап, жаулап
алушыларға алым төлеп, жергілікті биле-ушілер оздерінін үлестерін
бөлшектеуді күшейггі, ал мұны гурхандар бел-сене қолдап отырды. Осының
салдарынан қаракытай иеліктерінің кұрамы-на кіретін Қазакетан мен Орта Азия
аймақтары, сондай-ақ гурхандарға вас-салдык тәуелділікті мойындаған
бірлестіктер шаруашылық және саяси жағынан әлсіреді. Жетісуда,
Мауараннахрда, Ферғанада бір мезгілде бірне-ше ұсақ және ірі мәліктер мен
сұлтандар биледі.
Іле алкабы мен Мауараннахрдың қарлұқтары, Бесбалық ұйғырлары,
Самарқандтағы соңғы Қарахандар іс жүзінде өздерінен алым жинайтын гурхан
билеушілерінің басқаруында болды. Қарақытай шонжарларының басқаруы үлкен
ауыртпалыққа ұшыратты, ал олардың кысым жасауы, әсіресе салықтар жинау
кезіндегі шамадан тыс талаптары наразылык туғы-зды77. Ибн әл-Асир былай деп
атап корсетеді: каракытайлар Түркістан мен Мауараннахр елінде тұрды және
олардың халқын ауыр езгіге салды. Олардың әрбір қалада билеушісі (болды),
ол қарақытайларға ақша жеткізіп беріп тұрды.
Хорезмде алымдар мен салықтарды гурханның арнайы жіберген жина-
ушылары79 мезгіл-мезгіл жинап алып отырды, басқа аудандарда алым жи-нау мен
оны қаракытайлардың астанасына жеткізу құқығы жергілікті фео-далдарға
берілді.
Империяның жариялануына дейін өздерінен де күшті болған намест-никтер
институтына сүйене отырып, қарақытай көсемдері оздерінің әулет меншігі
ретінде үлесті жерлерді иемденуге талаптана коймады. Кекбір олке-лердің,
мәселен Тараздын наместниктері кейін келе толык билік жүргізген әміршілерге
айналып алды.
Санжар сұлтанды жеңгеннен кейін гурхан Баласағұн түбінде Ғұз-орда-да өз
ордасын кұрды. Үйғыр көпестері Жетісуды Чуғал (Жікіл) деп атады.
Деректемелерде хабарланғанындай, оныңтұрғындары бейбіт, егіншілікпен
айналысады, билеушінің пайдасына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарақытайлар мемлекеті
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Қарахандықтар мемлекетінің қалыптасуы
Күшлік хан
Наймандар, Кереиттер және Жалайырлар. Қарақытайлар Жетісуда
Ерте орта ғасырдағы (VI-X) және дамыған ғасырлардағы мемлекет (X-XIII)
Ерте және кейінгі ортағасырлық мемлекеттер
Түркі қағанаты
Қарахан мемлекеті жайлы
Қарахан мемлекеті, жер аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы, саяси құрылысы, мәдениеті
Пәндер