Халықаралық несиелердің экономикалық мазмұны



Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. 3

I Халықаралық несиелердің экономикалық мазмұны

1.1 Халықаралық несиелер және түрлері ... 4

1.2 Халықаралық сауда қатынастарында экспортты қаражаттардың ұлттық жүйесі ... 11

II Халықаралық несиенің шарттары
2.1 Төлем және есеп айырысу әдістері ... .. 14
2.2 Халықаралық есеп айырысу
ІІІ. Халықаралық несиелердің Қазақстандағы ролі

3.1. Қазақстанда Халықаралық несиелеуді жүзеге асыру ... ... ... ... ... . 21

Қорытынды ... ... ... ... . 26

Қолданылған әдебиеттер..
Халықаралық несиелік қатынастардың қазіргі формалары әр алуан. Олар зайымдық қаражаттарды пайдаланудағы дүниежүзілік шаруашылық қажеттіліктің өсуін көрсетеді.
Халықаралық несие олардың тағайындалуына, экономикалық мазмыны, несиені беру көздеріне қарай жіктеледі.
Халықаралық несиелер көбіне сыртқы сауда ағымдарына қызмет етумен, көрсетілген қызметтерге ақы төлеумен, ең бастысы ғылыми-техникалық білімдерді экспорттаумен тікелей байланысты келеді.
Сонымен қатар, халықаралық несиелердің маңызды бөлігі, тек ғана нақты сыртқы экономикалық мәмілелерді қаржыландыру үшін емес, сол сияқты банкаралық несиені беру немесе әр елдің төлем балансын реттеу мақсатына пайдаланылады.
Қазіргі жағдайда халықаралық несиелер-бір жағынан, экспорттық және қаржы несиелері мен зайымдары ретінде, екінші жағынан, жеке және мемлекетаралық несие түрінде қарастырылған.
Экспорттық несиелер өнеркәсібі дамыған елдер арасында жиі қолданылады. Экспорттық несие берудің көлемі ғана емес, сондай-ақ қаржыландыру әдістері де өзгеруде.
Жаңа несиелік құралдар пайда болып, несиелік операйияға қатысушылар құрамы кеңейді, қатысушылардың өзара қатынасу жүйесі жетілдірілді, кейбір қаржыландыру көздерінің ролі мен маңызы төмендеді.
Импортерлерге өнім жабдықтаушыларының беретін несиелері, сондай-ақ импортерлердің ұзақ мерзімді несиелерді коммерциялық банктерден тікелей алуы (коммерциялық несиені) салыстырмалы түрде қарағанда сирек болатын құбылыс.
Ең бастысы, сыртқы сауда операциялары кейде қолма-қол ақшаға, кейде қысқа мерзімде есеп айырысу формалары негізінде жүзеге асты.
1. ҚР «Ұлттық банк туралы» заң.

2. ҚР-ң заңдары мен заңды актілері.

3. ҚР Ұлттық банктің нармативтік актілері.

4. Мақұш.С.Б. «Ақша айналысы және несие» Алматы 2004.

5. Мақұш.С.Б. Илиясов. «Банк ісі» Алматы 2004.

6. А.Н.Б-Р. Оқулығы: Сейтқасымов Алматы 2004.

7. Алексеев. Рынг. мен бумаг М-финанс статистика 1992ж.

8. Көшенов. А.Н.Б. валюталық қатнастар Алматы 2004.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I Халықаралық несиелердің экономикалық мазмұны

1.1 Халықаралық несиелер және түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4

1.2 Халықаралық сауда қатынастарында экспортты қаражаттардың ұлттық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... . 11

II Халықаралық несиенің шарттары

2.1 Төлем және есеп айырысу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2.2 Халықаралық есеп
айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
16

ІІІ. Халықаралық несиелердің Қазақстандағы ролі

3.1. Қазақстанда Халықаралық несиелеуді жүзеге
асыру ... ... ... ... ... . 21

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... . 26

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 27

Кіріспе

Халықаралық несиелік қатынастардың қазіргі формалары әр алуан. Олар
зайымдық қаражаттарды пайдаланудағы дүниежүзілік шаруашылық қажеттіліктің
өсуін көрсетеді.
Халықаралық несие олардың тағайындалуына, экономикалық мазмыны,
несиені беру көздеріне қарай жіктеледі.
Халықаралық несиелер көбіне сыртқы сауда ағымдарына қызмет етумен,
көрсетілген қызметтерге ақы төлеумен, ең бастысы ғылыми-техникалық
білімдерді экспорттаумен тікелей байланысты келеді.
Сонымен қатар, халықаралық несиелердің маңызды бөлігі, тек ғана нақты
сыртқы экономикалық мәмілелерді қаржыландыру үшін емес, сол сияқты
банкаралық несиені беру немесе әр елдің төлем балансын реттеу мақсатына
пайдаланылады.
Қазіргі жағдайда халықаралық несиелер-бір жағынан, экспорттық және
қаржы несиелері мен зайымдары ретінде, екінші жағынан, жеке және
мемлекетаралық несие түрінде қарастырылған.
Экспорттық несиелер өнеркәсібі дамыған елдер арасында жиі қолданылады.
Экспорттық несие берудің көлемі ғана емес, сондай-ақ қаржыландыру әдістері
де өзгеруде.
Жаңа несиелік құралдар пайда болып, несиелік операйияға қатысушылар
құрамы кеңейді, қатысушылардың өзара қатынасу жүйесі жетілдірілді, кейбір
қаржыландыру көздерінің ролі мен маңызы төмендеді.
Импортерлерге өнім жабдықтаушыларының беретін несиелері, сондай-ақ
импортерлердің ұзақ мерзімді несиелерді коммерциялық банктерден тікелей
алуы (коммерциялық несиені) салыстырмалы түрде қарағанда сирек болатын
құбылыс.
Ең бастысы, сыртқы сауда операциялары кейде қолма-қол ақшаға, кейде
қысқа мерзімде есеп айырысу формалары негізінде жүзеге асты.

I Халықаралық несиелердің экономикалық мазмұны

1.1 Халықаралық несиелер және түрлері

Халықаралық несиелік қатынастардың қазіргі формалары әр алуан. Олар
зайымдық қаражаттарды пайдаланудағы дүниежүзілік шаруашылық қажеттіліктің
өсуін көрсетеді.
Халықаралық несие олардың тағайындалуына, экономикалық мазмыны, несиені
беру көздеріне қарай жіктеледі.
Халықаралық несиелер көбіне сыртқы сауда ағымдарына қызмет етумен,
көрсетілген қызметтерге ақы төлеумен, ең бастысы ғылыми-техникалық
білімдерді экспорттаумен тікелей байланысты келеді.
Сонымен қатар, халықаралық несиелердің маңызды бөлігі, тек ғана нақты
сыртқы экономикалық мәмілелерді қаржыландыру үшін емес, сол сияқты
банкаралық несиені беру немесе әр елдің төлем балансын реттеу мақсатына
пайдаланылады.
Қазіргі жағдайда халықаралық несиелер-бір жағынан, экспорттық және
қаржы несиелері мен зайымдары ретінде, екінші жағынан, жеке және
мемлекетаралық несие түрінде қарастырылған.
Енді осы екі несие формаларын жеке қарастырамыз.
Халықаралық сауданы экспорттық несиелеудің ерекшелігі-оның кредитор
елінен экспорттық жабдықтауымен өзара байланысты болып келуі, бұл
несиелерді халықаралық несие нарығындағы ерекше категория ретінде бөліп
қарауға негіз болады.
Бұл жерде импортер мен экспортерлер де өздерінің шетелдік
контрагенттерінен немесе оларға қызмет көрсетуші банктерден тікелей несие
алады.
Несиенің берілуі сыртқы сауда контрактісінің жасалуымен байланысты.
Несиенің көлемі, оның мерзімі пайызды төлеу және қайтару шартты
экспортер мен импортер еліндегі экономикалық және саяси жағдайларға
тауардың түріне, екі жақтың өзара қарым-қатынасына тәуекелді.
Экспорттық несиелер өнеркәсібі дамыған елдер арасында жиі қолданылады.
Экспорттық несие берудің көлемі ғана емес, сондай-ақ қаржыландыру әдістері
де өзгеруде.
Жаңа несиелік құралдар пайда болып, несиелік операйияға қатысушылар
құрамы кеңейді, қатысушылардың өзара қатынасу жүйесі жетілдірілді, кейбір
қаржыландыру көздерінің ролі мен маңызы төмендеді.
Импортерлерге өнім жабдықтаушыларының беретін несиелері, сондай-ақ
импортерлердің ұзақ мерзімді несиелерді коммерциялық банктерден тікелей
алуы (коммерциялық несиені) салыстырмалы түрде қарағанда сирек болатын
құбылыс.
Ең бастысы, сыртқы сауда операциялары кейде қолма-қол ақшаға, кейде
қысқа мерзімде есеп айырысу формалары негізінде жүзеге асты.
Экспортты қысқа мерзімді қаржыландырудың (6 айға дейін) басты
құралы сауда векселі болды. Бұл мәмілелер экспортер мен импортер арасындағы
несиелік қатынастарын болуын қаламады және олар сыртқы сауда
котрактілерінде көрсетілмеді.
Несие беру негізінен ірі банктер арқылы жүзеге асты, олар
экспортерлердің тауарды жөнелту туралы құжаттарына қарсы алған тратталарын
есепке алып, тауарды сатушыларға траттарды ақша нарығында сатуға келісім
береді.
Несиелік операциялар импортер банкі мен вексель бойынша кепіл
роліндегі келісім беруші банк арасында корреспонденттік қатынасқа
негізделіп, экспортер үшін жабдықталуына мүмкіндік береді.
Сол уақыттарда экспортердің банктері ұзақ уақыт бойы өздерінің
қаражаттарының қозғалыссыз қалуынан қашып, сыртқы сауда мәмілелерінде
жанама қатысушы ретіде ғана қалып отырды.
Экспортты несиелеу 50-жылдардан басталады. Оған сату нарығындағы
күрестің шиеленісуі ықпал етті.
Сыртқы сауда операцыаларын қаржыландыруға арналған жеке капиталдардың
ұлттық нарығында шетелдік ұзақ мерзімді зайымдарды орналастыру несие беру
құралының көзі ретінде соғысқа дейінгі ролін қалпына келтіре алды.
Бұл негізінен, соғыс жылдарындағы инвесторлардың мұндай операцияларға
деген сенімсіздігін өсуіне себеп болды. Дамушы елдердің экономикалық және
саяси тұрақсыздығы инвесторларды ондай бағалы қағаздарды сатып алудан бас
тартуға итермеледі.
Мұндай зайымдарға кредитор-елдердің үкіметінен және сауда өнер кәсіп
тарапынан қолдау болмады, сондықтан да оларды алушыларға сол елдің
тауарларын сатып алуға мүмкіндік туғызды.
Сыртқы сауда операцияларын қаржыландырудағы қажеттілік халықаралық
коммерциялық несие берудің басқа да формалары есебінен қанағаттандырылды:
- шетелдік сатып алушыларға тауарларын шығаратын өндірушіге берілетін
фирмалық несиелер;
- экспортталатын бұйымдармен көрсетілетін қызметтерді жабдықтаушыларымен
сатып алушыларына берілетін банктік несиелер;
- әр түрлі мемлекетаралық келісімдер шегінде берілетін несиелер.
Экспортты фирмалық несиелеу 60-жылдардан бастап тез қарқынмен дами
бастады. Осы кезде фирмалық несиелер машиналар мен құрал-жабдықтар
экспорттың қаржыландырудың негізгі әдісі болды.
Коммерциялық несиені фирмалық және банктік деп болу, импортердің
несиені кімнен алатына қарай: жабдықтаушы-фирмадан немесе банктен алады.
Егер сыртқы сауда контрактісінде жабдықталатан тауар уақыты кешіктіріліп
төленетін болса, одан несие фирмалық болып саналады.
Экспортер мен импортердің арасындағы несие шарттында тауарды
жабдықтау туралы жасалатын келісім бойынша міндеттеме формасы несие беру
мерзіміне, мәміленің көлемі мен сипатына, екі жақтын өзара қарым-қатынас
ерекшелігіне байланысты.
Тұрақты сауда қатынасы мен тауарды өнемі жабдықтау барысында несие
ашық шот шартыменен беріледі де, соған сәйкес экспортер импортерге сатқан
және жөнелткен тауарының қайтаруға міндетті. Бұл жерде банктер сауда
контрагенттерінен есеп айырысуда таза техникалық делдал қызметін атқарады.
Фирмалық несие берудің ең көп пайдаланылатын қаржылық құралы борыш
қорымен акцептелінген вексель болып табылады. Экспортер сатып алушыға
контрактерінде қанша төлем көрсетілсе, сонша тратталарын береді.
Борышқордың немесе банктің акцептелген талабының болуы, экспортерге
өзіне қызмет көрсететін банкте осы талапты кепілге беріп немесе оны есепке
алу жолымен қарыз алуға мүмкіндік береді.
Батыс елдерінде аккредитивтік есеп айрысу формасы көмегімен
фирмалық несиелерді қаржыландыру жиі қолданылады.
Бұл жерде коммерциялық несиені беруге байланысты операцияға импортер
мен экспортер банкі қатысады, себебі олардың арасындағы жасалынатын келісім
негізінде экспортерге тауарды жөнелткендігі туралы құжатты беруіне қарсы
аккредитив ашылады.
Фирмалық несиені беру туралы контрактіде сатып алушының қаншама
мөлшерде қолма-қол ақшамен қатнасу үлесі айтылады, сөйтіп ол, өзінің алдағы
мәмілеге қатнасына кепілдеме береді. Бұл сома әдетте контракт құнының 15-25-
ын құрайды.
Несиені өтеуге борышқордың міндетін жай ғана вексель формасына
ауысады. Банктер вексельді есепке алғаны үшін базалық есеп мөлшерлемесін
және қызметі үшін бір мәрте алым алады.
Егер вексельдерді есепке алу банк жағынан экспортердің алдын ала
міндеттемесі негізінде жүргізілсе, онда банк несие сомасының 0,1-0,25
мөлшерінде бір мәрте алым алады.
Мұндай шығыстарды, сондай-ақ сақтандыру құнын экспортер тауар бағасына
қосу арқылы сатып алушы есебінен оларды компенсациялайды. Фирмалық несие
беру көбіне екі жылға дейінгі мерзімде жүргізіледі, бірақ қазіргі кезде
оның мерзімі 5, кейде 7-8 жылды құрайды.
Фирмалық несиелеу жүйесінің дамуы тұсында айрықша қиындықтар болған
емес.
Ірі экспортер-фирмалар өздерінің резервтік қаражаттарын пайдаланса,
ұзақ және бір шама қаржылық қатнасына тұрақты фирмалар банкіндегі овердрафт
бойынша (ағымдық шоттағы сомадан асатын мөлшерде алған қарыз) қаражатты
қаржыға алуы немесе ақша нарығында қысқа мерзімді талаптарды сатып алушыға
сату арқылы қаржыландырылды.
Фирмалық несиелер тауарды сатуды қаржыландырумен тікелей байланысты
қамтамасыз ете отырып, экспортерлерге сатып алушының міндеттемесін қайта
қаржыландыруы бойынша шығындардың орын жабуға мүмкіндік жасады.
Шетелдік сатып алушылардың несие көлемі мен шартына қойылатын
талаптардың артуына, сыртқы сауда нарығындағы бесекенің күшеюіне байланысты
фирмалық несие берудің шектеулі мүмкіндігі көбірек айқындалады. Кейбір
фирмалар меншікті қаражаттары есебінен сатып алушыны ірі соммада және ұзақ
мерзімге несиелеуге қабілетті болды.
Банктерден импортер векселін кепілге бере отырып немесе оларды есепке
алу жолмен ұзақ мерзімді несие алу бегілі бір қиындықтарға әкеліп соқтырды.

Банктер өз несиелерін 3-жылдан жоғары мерзімге бергісі келмеді, оның
себебі қарыз алушылардың несиелік қабілеті туралы ақпараттардың
жеткіліксіздігі, оларды міндеттемелерінің өтімділік дәрежесінің
төмендететіндігімен түсіндірді.
Сонымен бірге, банктік қарыздар таурады жөнеткеннен кейін берілді.
Фирмалық несие берудің даму ауқымына оны ұйымдастырумен байланысты
техникалық қиындықтар кедергі болды. Ең қиыны бұл несие бойынша
жауапкершілікті бөлу еді.
Экспорттық қаржыландыру тәжірибесінің дамуымен экспорттық
несиелерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі жетіліп, жабдықтаушының несиесі
бойынша сақтандыру мөлшері өсе түсті (қазіргі уақытта еліне және мәміле
шартына байланысты несие соммасы 80-нен 90 пайызға дейін сақтандырылды).
Мұндай жағдайда экспортерге қайта несиелеу және несиенің қалған бөлігі
бойынша тәуекелден сақтану үшін қосымша қаражаттар іздестіруге тура келді.
Мемлекет тек қана саяси тәуекелдерге кепіл беруі жүнінде өзіне
міндеттеме алғандықтан да экспортер немесе оны қаржыландырушы банк
коммерциялық тәуекелдер бойынша жауапкершілікті өздеріне алуға мәжбүр
болды.
Осы міндеттемелердің барлығы 50-60 жылдарындағы экспортты
қаржыландырудың жаңа әдістерін дамытуға жол берді, оның ішінде алдыңғы орын
шетелдік сатып алушыларды тікелей банктік несиелеуге тиді.
Осыдан банктер фирмалық несиелер арасында қызметтер бөліне бастады.
Банктік несие ең бастысы кредитор-елдің өнімдерін сатып алушыларға орта
мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді берумен аз соммада қысқа мерзімді
несиелік мәмілелер қалады.
Англия және Франция сияқты елдерде орта және ұзақ мерзімді несиелеудің
жалпы көлемінде фирмалық және банктік несиелердің өзара қатынасы 21
теңеседі, соңғы жылдары тікелей банктік несиелердің (сатып алушыға
берілетін несиелер) үлесіне сондай мерзімді экспорттық несиелерді 3-мы
келеді.
Импортерлерді тікелей банктік несиелеудің кеңеюі осы шеңберде
мемлекеттік қызметін бесенділігімен байланысты жеделдетілді. Экспорттық
несиелер бойынша мемлекеттік кепілдемелер бертін несиелер көлемі қысқа
мерзімде ұлғайтып, қарыз алушылар үшін олардың әлсіз құнын қамтамасыз етті.
Экспорттық несиелеудегі банктердің маңызының артуы халықаралық
сауда нарығындағы банктік институттармен өнеркәсіптік фирмалар арасындағы
өзара қатынасқа ықпал етті. Мысалы, соғысқа дейін және кейін де банктер
халыаралық коммерциялық мәмілелерді несиелеуде еінші экспортерлер мен
импортерлер анықтады.
Кейіннен банктер шетелдік сатып алушыларға өздері шығып, олармен
жасалатын мәміленің сипатын, ерекшеліктерін айтып түсіндіреді.
Сөйтіп, егерде импортерді банк несиелердірсе, ол экспортерді банк оның
қолма-қол ақшасымен төлейдіде, өз кезегінде экспортерді қаржыландырады,
сонымен қатақ, банк оны артық шығындардан арылтып, несие бойынша барлық
тәуеклден босатады және оның айналым қаражаттардың қозғалысын жеделтеді.
Экспортер операциясын қаржыландыру оның банкте несие алу қабілетімен
емес, яғни бірінші кезектк өндірістік мүмкіндіктермен шектеледі.
Сатып алушыға берілетін несиені кейде экспортер-елінің банкі, кейде
экспортер-елінің банкі бере алады.
Несие жай ғана банк аралық келісі-шарт негізінде рәсімделеді және
борышты векселін кепілге алу арқылы беріледі.
Бнактердің импортерге несие беруін ерекшелігі кредитор-банк елінен
тауар сатып алумен негізінен инвеститциялық маңызы бар тауарларды: машина,
құрал-жабдық технологиялық желілерді сатып алуымен тығыз байланыстырумен
сипатталады.
Осындай түрдегі несиелер банктерден ұзақ мерзімге 5-15 жылға дейін
және маңызды соммада беріледі.
Соңғы жылдары несиелердің мерзімдері ұзарып және олардың соммалары
іріленуде. Мысалы, батыстың өнеркәсібі дамыған елдері дамушы елдерге беруші
экспорттық несиелердің 23 бөлігі 10 жыл мерзімге берілгендер.
Осы жерден ұзақ мерзімді банктік несиелердің коммерциялық емес,
инвеститциялық сипатқа йе болатындығы айтуға болады.
Бұл туралы олрдың шетелде ірі обьектілер құрылысын қаржыландыру үшін
тағайымдалатындығы, яғни қаражаттардың тек ғана кредитор-елінің құрал-
жабдықтарын сатып алу ғана берілп қоймай, сол сияқты оның қарыз алушы
елінде де құрылыс жұмыстарын атқарумен байланысты жергілікті шығыстарды
қаржыландыру үшін берілетіндігіне көз жеткіземіз.
Ондай несиелер де сондай шартпенен мемлекеттік институттар
кепілдемесімен қамтамасыз етіледі.
Келісім-шартқа қатысушы жақтардың ара сындағы қатынас бірнеше
кезеңге бөлінеді. Бастапқыда импортер мен экспортер арасында, сол сияқты
кредитор-банкпен сатып алушы-банкі өкілдері арасында алдын ала келісім
жасалады.
Банк аралық келісімге қол қоймастан бұрын мәмілені несиелендірушу
банктермен несиені кепілдендіретін ұлттық сақтандыру ұйымдары арасындағы
келісімге қол жеткізуі тиіс.
Содан кейін барып түпкілкті 3-келісімге қол қойылады: экспортер мен
импортер арасындағы контрактты, кредитор банк пен импортер банк арасындағы
қаржылық келісім және несиені сақтандыру келісімі.
Ертеректе импортерлерді шекелей несиелеу несиені бір мәрте сырқты
сауда мәмілесімен байланыстыру жолымен жүзеге асырылған кейіннен банктерде
өздерінің шетелдік қарыз алушыларына сыртқы сауда мәмілелерін төлеу үшін
несиелік желі шегінде таралды.
Бұл жерде несиелік желі шегінде алынған зайымның мерзімі мен щарты
жасалған сыртқы сауда котрактісінде айтылады.
Сөйтіп, сол несиелік желі шотына сатып алушы котрактіде келісілген
тауарларды сатып алады.
Несие есебінен қарыз алушы бір жыл ішінде белгілі бір фирмалармен
өнімді жабдықтауға контракт жасауға құқылы.
Экспорттық несиелеуде еуровалюта нарығының несиелік операцияларында
қолданылатын алтын несиелік желінің бір түрі дамыды.
Тікелей банктік несиелеудің әрі қарай жетілдірілуі нәтижесінде сыртқы
сауда оперцияларын қаржыландырудың мынадай формалары: факторинг,
форфейтинг, экспортты ынталандыруды жиі пайдалынатын лизинг соммалары пайда
болды.
Форторинг-компаниясы экспортерге, яғни тауарды сатушыға несие шартымен
бір қатар қызметтер көрсететін, оның ішінде қарыіды іздестіру экспорттық
операцияларды есепке алу, несиелік бақылау және т.б өзіне экспортер алдында
өз міндеттемесін не алатын мамандандырылған және көп қырқырлы қаржы
мекемесі болып табылады.
Өз клиентінің берешектерге деген талабын қанағаттандыру мақсатында,
фирма клиентке берешектерден алған сайын ақша беруге немесе оған мәмілені
жасасу барасында қолма-қол ақшамен тез арада төлеге міндеттеме алады.
Сатып алушының қарызды қайтаруына қол жеткізуі және несие бойынша
теукелді өзіне қабылдай отырып факторинг компания өнеркәсіптік фирманың,
коммерциялық банктің және сақтандыру колпаниясының экспорттық бөлімінің
қызметін атқарады.
Өзінің көрсететін қызметтерінің факторинг құны банктік қарызға
қарағанда болып келеді. Факторинг компанияның беретін қаржаттарның үлес
салмағы 20 пайызға жетеді. Оған алынған несие ақысымен қатар басқа да
қосылмайды.
Факторинг жүйесі экспортердің қысқа мерзімді несие берудегі
мүмкіндігін ұлғайтып, ал форфейтинг нарығындағы мәмілелер мүмкіндігін
ұлғайтады, орта мерзімдік коммерциялық несиелеуге арналған қаражаттар көзі
болып табылады.
Форфейтингке байланысты операциялар айналымсыз қаржыландыру деген
атпен дамыды, оның мәніне келсек, ол экспортердің импортерге қоятын
талаптары бойынша құқығын форфейтер-банкіге беруін яғни соғының құқықты
өзіне ұстап немесе халықаралық нарықта сата алумен сипатталады.
Сатып алынған бағалы қағаздардың орнына экспортерге оның құнын
қолма-қол ақшамен есеп мөлшерлемесін шегере отырып, сондай-ақ міндеттемені
төлемеу тәуекелін өзіне алғаны үшін сайқыны және экспортердің векселін
сатып алуға міндеттемесі үшін бір мәрте алымды үстай отырып төлейді.
Факторинг бойынша пайдалынатын құралдар сауда векселін банктердің
есепке алу барысында қолданылады.
Мұндағы айырамашылық мынада, вексель беруші, яғни экспортер
форфейтингте еш қандай басынан көшпесе, ал жай ғана есепке алу несеисінде
борышқор векселін төлемегені үшін жауапкершілік көптеген елдердің вексель
заңдылығына сәйкес қай жағдайда болмасын оның мойнында болады.
Форфейтинг бойынша операциялар экспортердің сатып алушыға
вексельдік несие шартындағы несиелеу мерзімін созуына, оларды 5-жылға
дейін, кейде 8,одан көп жылдарға дейінсозуға мүмкіндік береді, себебі ірі
форфейтинг банктің өзіне тәуекелді алуы, инвестордың өз қаражаттарын ұзақ
уақытқа орналастыруға ынтасып артырады.
Форфейтингтік операцияларға қатысушы банктерге ресурс ретінде
еуровалюталар қызмет етеді.
Сондықтанда форфейтинг бойынша есеп мөлшерлемесі нарықтығы орта
мерзімді несие бойынша пайыз деңгейімен тығыз байланысты. Негізг мәміле
валютасына еуропа еуросы, американ доллары және швейцария вранкі жатады.
Экспортты ынталандырудың маңызды көзіне сондай-ақ машиналар мен
құрал-жабдықтардың халықаралық саудасының бір шама маңызды формасына-лизинг
операциялары жатады.
Лизинг тауарды тұтынушыға меншіктің заңдық құқығы берілмейтін
арендалық (жал) қатынастарының бір түрі. Арендаға берушіге аударылатын
қаражаттар есебінен, ол тауарды уақытша пайдалану құқығын төлейді.
Стандартты лизинг тауарды жалға беру барысындағы оны тұтынушысымен
тікелей қатынасқа түсетін арнайы несие-қаржы интитуттардың және лизингтік
компаниялардың құрал-жабдықты сатып алуын білдіреді.
Бұл операциялар обьектісіне әр алуан жабдықтар, көлік құралдары, ЭЕМ
және т.б жатады. Лизингтік операцияларды сақтандыруға байланысты барлық
шығысты жалға беруші көтереді.
Лизинг өзінше бір несие алу формасы ретінде бола отырып, көптеген
жағдайда сытқы нарықта экспортетдің өнімдерінің қазғалысын шеңілдетеді.
Тауарлай несие мен лизинг шалгерлік операцияларды жүргізу шарты
жағынан ұқсас. Лизинг беруші ақшалай қаражаттар тарту қажеттігінен босайды.

Лизинг төлемі бөлек жабдықта пайдаланудың барлық кезеңі ешінде бөлек-
бөлек төленеді. Бірақ лизингтің мақсаты тауарға деген меншік құқығы сатып
алу болып табылады.
Халықаралық қатынастарды лизинг операцияларының көлемінің өсуі көп
мөлшерде қаржы-қаражыттарын тартуды талап етеді. Сндықтан да көптеген
елдердің ірі банктерінң лизингтік компанияларды қаржыландыруға қатысуы да
кездейсоқтық емес.

1.2 Халықаралық сауда қатынастарында экспортты қаражаттардың ұлттық жүйесі

Халықаралық сауда қатынастарында экспорттыұ қаржыландырудың ұлттық
жүйесінің интернационалдануын жаңа нәрсе деп санауға тұрады, себебі ол
форфейтингтік нарығындағы фирмалық несиелеу сферасында және банктік
несиелеу шеңберінде байқалады.
Әр түрлі елдің фирмаларының дербес мердігерлер ретінде қатысумен
жүзеге асырылатын үлкен жасалатын мультинационалдық контрактілерде маңызды
дами бастады.
Бұл контрактілер оған қатысушы елдегі банктер мен экспортты
несиелеумен айналысатын ұлттық сақтандыру институттармен сақтандырылады,
әрі қаржыландырылады.
Бұл жерде бірнеше елдің фирмалары атқаратын белгілері бір
контрактілерді қаржыландыруға арналған уақытша халықаралық банктік
консорцуимдарды бөліп айтуға болады.
Қаржыландыруға байланысты барлық сұрақтар сол консорциум ішінде
шешіледі.
Бұл қаржыландыру фирмасының экспорттық несиелеулер жақындығын, оның
тек қана мақсаттылығынан және бұл операцияларға кепілдеме беруде оған
мүдделі елдердің үкіметінің институттарының қатысуынан көруге болады.
Экспортты қаржыландыру жүесінң кейінен интернацияоналдануы әр түрлі
кредитор-елдердегі экспортта қаржыландыру әдістерінң ұлттық валютада емес,
сондай-ақ басқа елдер валютасымен шетелдік көздерден жүзеге
асрылатындырылғаннан байқалады.
Экспорттық несиелерді сақтандыру және қаржыландыру жүйелерінің
интернационалдандыруына сол сияықты банктік сфераның интернационалдануы да
ықпал етеді.
Экспортер-елдердің ұлттық нарығындағы шетел банктерінің ролінің өсуін,
несиелік және депозиттік операциялардағы банктердің үлесінің жоғарлауынан
көруге болады.
Экспортер-елдердің жарғылары есебінен экспорттқа кететін шығындарды
өтей отырып, олар қлттық банктерге күшті бәсеке тудырады.
Мұндай тәжірибе өз уақытында Ұлыбританияда байқалған болатын, себебі
онда ағылшын үкіметі өз елінде тіркелген шетел банктеріне ғана емес, сондай-
ақ фунт стерлейкке де қатысуна ұрықсат берген болатын.
Сонымен экспорттық несиелеу әдістеріне жасаған талдау, соңғы уақыттағы
оның икемділігін және деферисификациялығын, қолдану ауқымының кеңейе
түскендігін көрсетеді. Экспорттық несиелеу халықаралық сауда мәмілелерінің
қаржыландыру жүйесінде жетекші орынды алады.
Халықаралық несиенің келесі бір формасына халықаралық жеке меншік
қаржылық несие жатады, және ол халықаралық несиелік қатнастардың бірде-бір
ажырамас институтционалдық негізі болып табылуда.
Халықаралық жеке меншік қаржылық несиені қаржыландыруға өндірістің
интернационалдануы мен интеграцилануына Трасулттық корпорацияның қызметінің
дамуы себеп болды.
Халықаралық жеке меншік қаржылық несиелер мен зайымдардың негізгі
көздеріне банк аралық депозиттер, салымдар, еуро долларлық депозиттік
сертивекаттар жатады, өткені бұл депозиттер мен салымдардың көпшілігі қысқа
мерзімдік сипатқа ие.
Банктер үшін маңызды міндет олардың уақытын ұзарту. Қысқа мерзімді
депозиттердің (1,2,3-айлық) біртіндеп біршама ұзақ мерзімді депозиттердің
орнын ауыстырды.
Осыған байланысты қаржылық несиелердің де меғрзімдерін ұзарту щарты
жасалып, оларды берудің жаңа ұйымдастыру формалары қарлыптасты.
Оларға жеке және консортциалдық, ролерверлік несиелер жатады. Жеке
несие беруде банк өз атынан роллорверлік несие беретін болса, ал
консортциалдық роллорверлік несиеде консоциум басшысы оның қатысушылары
атынан береді.
Ролловверлік несиенің пайда болуы-бұл қысқа мерзімді қарыздарды
орта мерзімге және ұзақ мерзімге трансформациалаудағы халықаралық банктік
ұмтылысы.
Мұнда өтімділік мәселесі орын алады. Ролловер-келіскен мерзім ішінде
қарыздық пайыз деңгейін қайта қарау міндеттемесі бар еуронесие нарығындағы
роллерверлік еуроқарыздар, жаңартылатын роллерверлік несиелер және
роллерверстенд-бай еуронесиелері (роллерверлік еуронесиелік қолдау) жатады.
Роллерверлік еуроқарыздар деп 5-жылға дейінгі мерзімге берілетін
еуронесиелерді атайды.
Ағылшын және американ банктері мұндай қарыздарды 60-жылдардан бастап
пайдалануда.
Бастапқыда қарыздар тұрақты пайыз мөлшерлемесіне байланысты
ерекшеленген болатын. Кейінен олар өзгермелі пайыз мөлшерлемесі қолданылып,
беріле бастады.
Жаңартылатын роллерверлік еуронесиелерде несиенің жалпы соммасы
басында көрсетілмейді, ал оны алу барысында тек қана берілетін мерзім
ішінде несиенің бағасы мен көлемі айтылады.
Олардың пайда болуына ұлттық револьверлік немесе контрокорренттік
несиелер овердрафтың қолданылу тәжірибелері негіз болды.
Роллерверстенд-бай еуронесиесі сақтандыру сипатына ие. Қарыз алуына
байланысты жасалған келісім-шарпенен, іс жүзінде қарыз жасалған келісім-
шарттың қызмет ету мерзімінде қарыз алушының алғашқы талабы бойынша
міндеттеме қабылдайды.
Жоғарыда айтылған несиелер қарағанда мұнда ауытқып тұрады.
Егерде дебитор қарыз алғысы келген болса, онда бұл несие роллерверлік
еуроқарыз деген сипатқа ие болады.
Банктер жоғарыда аталған несие түрлерін араластырып пайдалануға жиі
барады.
Мысал, ретінде жаңартылатын ролловерлік еуроқарызды немесе
роллорверлік еуроқарызды қолдану арқылы ролловерстенд-бай несиенің беруі
мүмкін, сондай-ақ қарызға айналатын жаңартылатын роллорверлік еуронесиелері
де беріледі.

II. Халықаралық несиенің шарттары

2.1 Төлем және есеп айырысу әдістері

Халықаралық несиенің шартары әр түрлі көрсеткіштертің кешенін
білдіреді.
Халықаралық несиенің шартарына мыналар ықпал етеді: несиелік
ресурстарды пайдалану бағыттары; несиелік қатынастар субъектілерінің
сипаты, яғни несие берушілер мен қарыз алушылар; несиелік нарықтардың
ұлттық несиелік бақылауға ұшырағыштығы.
Дегенмен негігі көрсеткішке: баға, есеп айырысу мерзімі және
валютасы жатады.
Несиенің бағасына несиеге сатылатын тауарлар бағасында жасырын
түрде болатын пайыз мөлшерлемесі, комиссиондық және басқа да бір мезгілік
ақылар, сыйқтылар кіреді.
Бағаның негізгі компоненті бұл пайыз мөршерлемесі. Пайыз
мөлшерлемесінің құрылысы мен қозғалысы мен халықаралық қарыздық
капиталдар нарығының дамуының негізгі заңдылықтарын көрсетеді.
Дүниежүзілік шарушылық коньюнктураларының өзгерісін шұғыл түрде
ескере отырып, несие үшін пайыз ішкі және сырқты нарық ағымындағы
жағдайларды тез арада бағалауға және оның алдағы уақыттарда дамуына
қорытынды жасауға мүмкіндік жасайды.
Орташа пайда номасына қарағанда дүниежүзілік несиелік нарықтағы
сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы үнемі өзретіп отырады.
Дегенмен өндіріс пен айырбастан артылған және несиелік жүйелермен
жинақталған халықаралық қарыздық капиталдардың өсуін, халықаралық сауда
және батыс елдерінің арасындағы төлем есеп айырысу қатынасының ұлғаюынан
асып отыр.
Мұндай несиелік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынас
дүниежүзілік дағдарыстың тұсында да болған, бірақ ол уақытта тұрақты
сипақта ие болмады.
Халыаралық несие нарығының жекелеген сфераларындағы қарыздық
капитал қозғалысының заңдылықтары пайызға ықпал етеді.
Несиенің мерзімі мен сипатына қарай, пайызға өзгермелі бағам режимі
жағдайындағы валюталық ресурстардың өзгерісі де әсер етеді. Осының барлығы
халықаралық несиенің әр түрлі формалары мен түрлеріне байланысты пайыз
мөлшерлемесінің күрделі және ауқымды жүйесін жасайды.
Пайыз мөлшерлемесінің бірнеше процестермен анықталатын икемділігі
күшейеді.
Қарыздық пайыздың өзінше қозғалысы халықаралық несие нарықтарынада
анық байқалады.
Қысқа мерзімді зайымдар бойынша пайыз мөлшерлемесі өзінің икемділігіне
ұзақ мерзімді және орта мерзімді мөлшерлемелерге қарағанда біршама есепті
бейнеленген.
Өрлеу барысында пайыз мөлшерлемелерінің жалпы артуы байқалса, ал қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді мөлшерлемелер арасындағы алшақтық азаяды.
Дағдарыс жағдайында қысқа мерзімді мөлшермелер ұзақ мерзімдіден асып
түседі , ол әрине, өтімді болып келеді.
Қысқа мерзімді пайыз мөлшерлемелерінің біршама икемділігі қысқа
мерзімді капиталдар ағымының қозғалысының ерекше сипатымен, әсіресе
халықаралық нарықтардың агенттердің мінез құлқында алыпсатарлық және
сақтандыру қажеттіліктерінің болуымен байланысты түсіндіріледі.
Мұнда қысқа мерзімді несие ақша айналысын, төлем балансын және
валюталық бағамдарды реттеуде белсенді түрде пайдаланылады.
Халықаралық несиенарығындағы пайыз мөлшерлемелерінің қазіргі
құрылымы да несиенің қолданылу аясына және пайдалану бағыттарына сәйкес
анықталады.
Сондықтан да мынадай халықаралық несие категориялары: экспорттық және
қаржы несиелерініңпайыз мөлшерлемелерінің қозғалысының ерекшеліктерін
қарастыру қызығушылық тудырады.
Экспорттық несиелер бойынша пайыз нормасының қозғалысына ортақ
заңдылықтар белгілеу өте қиын.
Жоғарыда аталған факторларға қоса, бұл несиенің бағасының қалыптасуын
дүниежүзілік нарықтағы тауарлар қозғалысынан сондай-ақ жабдықтаушы мен
сатып алушының арасындағы несиелік қатынастардың ерекшелігінен туындайтын
факторлар жиі ықпал етеді.
Мұнымен экспортты несиелеу жүйесінің маңызды аспектілері, атап айтсақ,
несиелеу мерзімі, формасы және түрлері, қамтамасыз ету сипаты, тәуеклден
сақтану тәртібі мен шарттары және т.б. тығыз байланысты.
Сыртқы сауда несиелері бойынша пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне кейде
саяси қажеттіліктен туындайды несие нарығындағы бәсеке де үлкен әсер етеді.

Мұнын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие жүйесі
Инвестициялық банктердің портфелін қалыптастыру
Банктің қарыз алушымен несиелік қатынастарды ұйымдастыру
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару
Халықаралық несиенің түрлері мен формалары
Несие қызметі
Инвестиция тарту және оны қолдану
Тұтынушылық несиелендіру проблемалары мен жетілдіру жолдары
Қазақстандағы банктік сақтандырудың қазіргі жағдайын талдау
Нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін несиелік жүйенің мазмұны мен құрылымдық элементтеріндегі өзгерістерді сараптай отырып, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің несиелеу тәжірибелері мен даму ағымына талдау жасау
Пәндер