Мысыр еліндегі мамлүктер билігі


Жоспар
Кіріспе . . . 3
І тарау. Мысыр еліндегі Мамлүктер билігі
1. 1. Мысырда мамлүк мемлекетінің орнауы және оның өтпелі кезеңі . . . 6
1. 2. Сұлтан Аз - Заһир Байбарыс мысыр Мамлүк мемлекетінің негізін қалаушысы . . . 32
ІІ - тарау. Таяу Шығыс пен мысыр мамлүктерінің қарым - қатынасы.
2. 1. Мамлүк мемлекеті Дешті - Қыпшақ арасындағы дипломатиялық қатынасы . . . 41
2. 2. Алтын Ордамен жақындаушының саяси және әлеуметтік алғышаттары . . . 66
ІІІ Қорытынды . . . 85
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі: Қыпшақ мамлүктерінің Мысыр жеріне Аббас әділеті билігінің соңғы кезеңінен бастап келе бастады. Діні мен діні бауырлас түркі халықтарының ішіндегі қыпшақ мәмлүктеріне құл базарында көп сұраныс болды. Олар әскери мансап сатысымен көтеріліп, кейін осы өңіріндегі мұсылман мемлекеттері мен әмірліктерінің, әсіресе мысыр елінің негізгі, әрі басты әскери күшіне айналып, оның саяси өміріне кезеңінен араласып, Мысыр елінде мұсылман мамлүктерінің патшалық құру дәрежесіне дейін жетті.
Жалпы алғанда, сұлтандық билікке Аз - Заһир Байбарыс келуіне дейінгі кезеңді Мамлүк мемлекетінің өтпелі кезеңі деп қарастырған жөн. Өйткені, бұл кезеңде Мамлүк мемлекетінің негізі әрі берік қаланбауы мен қоса, мұсылман әлемінде оны ресми тұрғыда мемлекеттік ретінде қабылдаған жоқ еді.
Мамлүктер билігі дәуіріндегі мысыр елінің тарихын зерттеп, оны аша түсудің сәті түсіп отыр. Мысыр еліндегі Мамлүк мемлекетін қабылай отырып, олардың жүргізілу саясаты мен кемшілік тұстарын ашу бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Аталған мәселердің тарихи зерттелудің маңызы зор.
Диплом жұмысының тарихнамасы және зерттеу деңгейі: Мысыр Мамлүк мемлекетінің тарихын зертеу Патшалы ресей мен Кеңес үкіметі Кезеңінің зерттеушілері тарихынан үстірт қарастырылып, бүгінгі күнге дейін бұ салада арнайы толық зерттеу жоқ Араб тарих ғылымында, әсіресе Мысыр зерттеушілері тарапынан мамлүк мемлекетінің тарихын зерттеуде негізінен ХХ ғ. ІІ жартысында бұл салада өте көп зерттеулер жарық көрсе, Дешті - Қыпшақ тарихына қатысты зерттеулер жоқтың қасы.
XVIII ғ. жартысында Алтын Орда тарихын зерттеуде үлес қосқан Б. Я. Кердің (1692 -1740) есімін ерекше айту керек.
ХІХ ғ. Ресей зерттеушілерінен В. В. Григорьев, П. С. Совельев және В. Т. Тизеньгаузен, Н. И. Ильминскийдің еңбектеріне тең келетін маман болмады.
Мысыр зерттеушісі махмуд Риза Салимнің 1962 ж. Қаырда жарық көрген еңбек «Аср салатын әл - мамалик натай дж әл - илми да әл - адаби мамлүк сұлтандары кезіндегі ғылым мен әдебиет салаларындағы жетістіктер атап айтуға болады.
Қайыр университетінің профессоры, орта ғасырлар ислам тарихынның докторы Саид Абу ал - Фатах Ашур мамлүк тарихын терең зерттеген.
1995 ж. Қайырда жарық көрген Ануар залалнаманың «Әл - машалик» фи мисф» Мысырдағы мамлүктер атты 2 тараудан тұратын еңбегі мамлүктердің пайда болуынан, Н. Банапарттың XVIII ғ. Аяғында француз жаулаушылығы кезеңін қамтиды. ХХ ғ. ІІ жартысыннан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын зерттеулер.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы:
Дерек тақырыпта қатысты материалдар негізінде тарихи шындық пен объективті тұрғыдан таңдалып көрсетілді. Диплом жұмысында мынадай жаңалықтар бар:
Мамлүк мемлекетінің XІV ғ ІІ жартысы мен XV ғ басында жалайыр мемлекетінің саяси жағынан жақындасуы.
Сұлтан Аз - Заһир Байбарыстың Мысыр елінде.
Диплом жұмысының хронологиялық илгі.
ХІ ғасыр мен XV ғасырға дейінгі аралықты қамтиды.
Диплом жұмысының методологиялық негізі: Диплом жұмысының методологиялық объектілік, тарихилық,, жүйелік және даму сияқты ғылымға негізделген және даму сияқты ғылымға негізделген. Сондай - ақ Мамлүктер билігі дәуіріндегі Египет Еліне мүмкіндігінше объективті тұрғыда түсіндіруге бағытталған әрі жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды.
Диплом жұмсының практикалық маңызы:
Мамлүктер билігі дәуіріндегі Египет елінің ХІ ғасыр мен XV ғасыр аралығындағы тарихына байланысты зерттелген еңбектердің қтарын толықтыра түседі.
Диплом жұмысындағы материалдар жоғарғы оқу орындарында оқытылған курстармен семинар сабақтарында пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, сілтемелер тізімінен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Мысыр еліндегі Мамлүктер билігі
1. 1. Мысырда мамлүк мемлекетінің орнауы және оның өтпелі кезеңі.
Қыпшақ мамлүктерінің Мысыр жеріне Аббас әулеті билігінің соңғы кезеңінен бастап үзілмей келе бастайды. Олардың алдында әскери мансап сатысымен көтеріліп, кейін осы өңірдегі мұсылман мемлекеттері мен әмірліктерінің, әсіресе Мысыр мен Шам елінің негізгі, әрі басты әскери күшіне айналып, оның саяси өміріне кеңінен араласып, саяси бағытына ықпал ету дәрежесіне жетіп, әскери және саяси салалардағы басты күшке айналады.
Төл араб сөзі «мамлук», көпше түрінде «мамалик» бастапқы мағынасында - «біреуге тиесілі мүлік», «егесі бар мүлік» деген мағынаны берсе, кейін өз заманының тарихи жағдайларымен қолдануына байланысты, ол «ақ құл» деген екінші мағынаға ие болады. Сол заманның араб деректері оған «сатылатын және сатып алынатын, әке-шешесі жоқ ақ қүл» деген анықтама береді. Одан басқа, Африкадан әкелінген қара нәсілді құлдарды «абд», көпше түрінде «абид» деп атаған.
Уақыт өте, мамлүктер бұл өңірдегі мұсылман мемлекеттерінің негізгі және бірден-бір әскери күшіне айналады. Ал, кей жағдайларда дербес мамлүк мемлекеттерін құруға дейін барады. Орта ғасыр араб жазба деректерінің хабарлауы бойынша, мамлүктер тарихының бастапқы кезеңінде Орталық Азияда бұл кезде түркі мамлүктерін алудың негізгі көзі ретінде «Мауараннахр» елі, оның ішінде Самарқан, Ферғана, Ашруста, Шаш (Ташкент) және Хорезм өлкелері аталады. Араб деректері мамлүктерді алудың төмендегідей негізгі жолдарын атап көрсетеді, олар:
- қүл базарларында сатып алу;
- соғыстарда тұтқынға түсіру;
- Ислам Халифаты құрамына кірген Орталық Азия мемлекеттері билеушілерінің орталыққа сыйлық ретінде ақ құлдарды, яғни мамлүктерді жіберіп отыруы.
Мамлүктерге қатысты араб деректерін сараласа, Аббас әулетінің халифасы Әл-Мутасим өзінің әскери тірегі ретінде түркі тегін ең алғаш пайдаланған халифа болып табылады. Түркі тегінің ерекше жауынгерлік қасиетін байқаған Әл-Мутасим олардың санын көбейтуге үлкен күш салып, мамлүк жасақтарын өзінің негізгі әскери күшіне айналдырады. Ол әмір кезінің өзінде де жыл сайын түркі мамлүктерін сатып алып, оларды әкелу мак-сатымен арнайы адамын жіберіп, халифа Әл-Мамунның билігі кезінде-ақ жеке әскерінде олардың санын үш мыңға жеткізеді.
Түркі мамлүктерінен құралған әскери жасақтардың көбею себебі ретінде, халифа Әл-Мамунның Маруа қаласынан Бағдадқа көшуімен байланысты Аббас әулеті мен Хорасан билеушілері арасындағы қайшылықтар одан бетер күшейіп, екі жақтың мүдделері арасында ымыраға келместікті байқаған Әл-Мутасимнің, бір жағынан парсыларға деген сенімінің азаюын айтуға болса, ал екінші жағынан, араб тегінің көп жағдайларда тұрақсыздығы мен халифаларға қарсы көтерілістерді ұйымдастыруға жақындығын ескерген халифа араб тегіне деген сенімі жоғалғанды. Оның үстіне, ислам тарихының бастапқы кезеңінде негізгі қозғаушы күш релін атқарған арабтар бұл кезде өздерінің әскери және саяси маңыздылығынан айырылған еді.
Сонымен, халифа Әл-Мутасим Халифаттағы арабтар мен парсылардың әскери және саяси билігі мен беделін азайту мақсатын көздеп, өз әскеріндегі мамлүктердің санын сегіз мыңға жеткізеді. Ал, тарихшы Ибн Тағри-Берди «Халифа Әл-Мутасим мамлүктерінің санын он сегіз мыңға жеткізді . . . » деген мағлұмат келтіреді. Халифа мамлүктерін жоғары әскери мансаптарға тағайындап, оларға сыйлық ретінде «иқта», яғни әскери қызметі үшін сыйға жерлер бөліп беруді тәжірибеге кеңінен енгізеді. Мамлүктер өздеріне берілген жерлерге орнығып, халифаттың саяси өміріне кеңінен араласуға мүмкіндік алады.
Алғашқы түркі мамлүктерінің Халифаттың орталығы Бағдадқа келуі жайындағы араб деректері төмендегідей жайды баяндайды: Түркілер Бағдадқа өздерімен бірге көшпелі өмірдің белгілерін, атап айтсақ табиғи дөрекілік, күш-қуаты толы денелерімен ерекше, атқамінерлік пен соғыс өнеріне аса бейімділік сияқты тек өздеріне тән қасиеттерін ала келді. Өздеріне жат көрінген түркі халқына Бағдадтың тұрғындары жек көрінішті көзбен қарап, бір-біріне тегі жағынан жат екі халық арасында шиеленістіктер туып, кей жағдайларда қақтығыстар орын алып, ортада екі жақтан да қаза тапқандар болады. Мәселенің шиеленіскені соншалықты, кала тұрғындары халифа Әл-Мутасимге арызданып, егер ол бұған шек қоймаған жағдайда оны, яғни халифаны өздерінің намаздары кезінде қарғыс айтамыз, деп қорқытқаннан кейін, халифа тез арада шұғыл шаралар ұйым-дастырып, нәтижесінде Бағдадтың жанынан мамлүктерге арнайы «Самара» деп аталатын кала салдырып, оларды сонда орналастырады.
Саны мен күш-қуаты, беделі артып, мамлүктер халифаттың мемлекттік істеріне кеңінен араласа бастайды. Нәтижесінде Аббас әулетінің мемлекетін билеу толығымен солардың қолына кешеді. Олар қалағандарын істеп, үнамаған халифаны тақтан тайдырып, оның орнына басқасын отырғызып, тіпті бірнеше халифа мамлүктер ұйымдастырған астыртын әрекеттері мен қастандықтарының нәтижесінде өлтіріледі.
Осы кезеңде саяси және әскери салаларда елеулі жетістіктерге қол жеткізген, есімдері тарихқа енген түркі мамлүктерінің арасында Әл-Афшин, Ашнас, Итах, Уасиф, Сима әл-Димашқи және т. б. есімдері аталады. Олар Аббас әулеті халифатында әскери қызмет атқарып, оны қолдап, халифаттың түрлі өңірлерінде пайда болып отырған орталыққа қарсы көтерілістер мен бүліктерді басуда және оның Византия империясына қарсы жүргізген соғыстарына кеңінен қатысады.
Сол заманның араб деректері Аббас әулеті халифатында түркі тегін жоғары лауазымды әскери қызметтерде пайдалану халифа Әл-Мутасимнің билікке келуінен әлдеқайда бүрын басталғанын хабарлайды. Осы мемлекеттің бастапқы кезеңінде, 775-785 жж. аралығында билік еткен халифа Әл-Махди Мысыр әмірлігін басқаруды өзінің түркі мамлүгі Йахйа Ибн Дауд әл-Харасиге тапсырған.
847-946 лок. аралығын қамтыған Аббас әулеті халифаты билігінің екінші кезеңінен бастап мұсылман әлемінде халифаттың қол астында түркі және парсы тегі билік еткен тәуелсіз мемлекеттердің күшеюінің нәтижесінде халифат саяси әлсіздікке ұшырайды. Халифаттың негізін шайқалтқан тәуелсіздікке деген қозғалыстарды, әсіресе оның шет аймақтары өздерін тәуелсіз деп жариялауына тосқауыл қою үшін түркі мамлүктері халифтың қолындағы бірден-бір әскери күшіне айналады.
Ислам Шығысында Ас-Сафарилер әулетінің мемлекеті (868-911 жж. ) өз тәуелсіздігін жариялайды. Оның негізін салған Амру ибн әл-Ләйс ас-Сафари жасөспірім түркі мамлүктерін кептеп сатып алып, арнайы тәрбие мен әскери жаттыктырудан өткізіп, олардан өзін қорғайтын айрықша әскери жасақтар құрған. Сондай-ақ, ол мемлекетінің әр бүрышындағы өзіне бағынышты билеушілерінің іс-әрекеттері жайында хабардар болу үшін өзінің көзі мен құлағы етіп, өзіне сенімді мамлүктерін оларға сыйға тартып отырған.
Парсы текті Ас-Саманилер әулетіыің мемлекеті ез әскерінде түркі тегін кеңінен пайдаланғаны тарихта белгілі. Әсіресе, 912-жылдан бастап олар түркі мамлүктерін сатып алуды күрт көбейтіп, оларды әскери және мемлекеттік басқару жүйелерінде пайдалануда өте үлкен дәрежеге жеткен. Олардың ішінен мамлүк әмір Алып-Тегін ерекше бөлініп шығып, 994-жылы «Ғазнауйлер мемлекеті» деп аталатын түркі мемлекетінің негізін салды.
960-жылы Абд әл-Мәлик ибн Нух ас-Самани өз әскеріндегі түркі мамлүгі Алып-Тегінге Хорасан уалаятының билігін тапсырады. Алып-Тегін 2700 түркі мамлүгінен тұратын әскерді бастап Хорасанға келеді. Олардың арасында мамлүк Сабақ-Тегін Ғазнауилер мемлекетінің негізін салған сұлтан Махмуд әл-Ғазнауидін әкесі болады.
Мысырда 868-905 жж. аралығында билік еткен Ат-Тулунилер әулетінің мемлекеті түркі текті мамлүктерді әскер мен мемлекетті басқару ісінде кеңінен пайдаланғаны белгілі. Бұл мемлекеттің негізін салған Ахмад ибн Тулунның тегі жөнінде ара деректері, оның әкесі Тулун Аббас әулеті халифасы Әл-Мамунғг Мауараннахр елінің билеушісі тарапынан сыйлыққа жіберілге түркі мамлүгі болды деген дерек келтіреді.
870-877 жж. аралығында билік еткен Аббас әулетінің ха лифасы Әл-Мутамид түркі текті Ахмад ибн Тулунды Мысыр уалаятына билеуші етіп тағайындағаннан кейін, ол басқару, сот, әскер және қаржы салаларындағы биліктің барлық тұтқаларын өз колына алады. Мысыр билігінде тәуелсіздікті көздеп, оған жету үшін өзінің билігін күшейту мақсатында әскерін тегі жағынан өзіне жақын түркі мамлүктерінің есебінен көбейтіп, олар-дың санын 24 мың түркі мамлүк жауынгерге жеткізеді.
Осы кезден бастап Мысыр билеушілері мен олардың әскерлері түркі текті мамлүктерден ғана құралады. Ахмад ибн Тулун өзінің сан мыңдаған мамлүк жауынгерлерін құлдықтан азат ету арқылы олардан өзіне деген сенімі ерекше әскер құруды көздеп, өз әскерінің қүрамына кірген мамлүктердің барлығын құлдықтан азат деп жариялайды және де бұл дәстүр кейінгі Тулынилердің бүкіл билігі кезінде де қатаң сақталған заң болып қалыптасады.
Тулунилерден кейін Мысыр билігіне келіп 935-969 жж. аралығында билік еткен Әл-Ихшидтер мемлекетінің негізін салған түркі текті Мұхаммад ибн Тоғудж әл-Ихшиди өз билігінде алдыңғы мемлекеттің ізін басып, әскери және мемлекеттік басқаруда толығымен түркі мамлүктеріне сүйенді. Ол өз әскеріндегі түркі мамлүктерінің санын 8 мыңға дейін көбейтеді.
Солтүстік Африкада билік еткен Әл-Фатимилер әулеті 969-жылы Мысырды жаулап алып, онда өз билігін орнатады. Бұл әулеттің 952-975 жж. аралығында билік еткен халифасы Әл-Муизздің кезінен бастап мемлекет түркі, судан, бербер және «сақалиба» («сақалиба» халықтары туралы араб деректері былай дейді: ол - «құл» мағынасындағы француз сөзі. Ол замандарда Германдықтар славян халықтарын аулап, оларды, яғни славян еркектерін, әйелдері мен кішкентай балаларын Испания арабтарына құлдыққа сатуды кәсіпке айналдыруы себепті орта ғасырдағы арабтартың географ-саяхатшылары бұл атаумен жалпы славян халықтарын атаған) сияқты этникалық жағынан түрлі тектердің екілдерінен құралған әскери жасақтарға сүйенеді.
975-996 жж. аралығында билік еткен Әл-Фатими әулетінің өкілі - халифа Абд әл-Азиз түркі тегін баскалардан ерекше көріп, оларды мемлекетіндегі жоғары мансаптары мен лауазымдарда кеңінен пайдаланып, түркі текті мамлүгі Манджу-Тегінді өз әскерінің басшысы етіп тағайындап, оған Шам елінің билігін тапсырады. Бұл оқиға халифаның жанындағы басқа тектен шыққан қызметшілері арасында наразылық пен қызғаныштық тудырады. Әсәресе, 996-1020 жж. аралығында билік еткен халифа Биәмрилләның кезінде бүл процес айқын көрініс табады. Ол түрлі текке жататын екі топтың беделі мен ықпалын шектеу мақсатында судандық кара құлдарды көптеп сатып алуды жолға қояды.
Түркі тегі өзінің ынта-жігерін кайта қалпына келтіруі 1020-1036 жж. аралығында билік еткен халифа Аз-Заһирдің кезеңінде орын алады. Ол түркі тегіне аса әуестік танытып, түркі мамлүктерін жоғары әскери мансаптарға қоя бастайды. Олардың ішінде түркі текті мамлүгі Ануш-Тегінді өз әскерінің басшысы және 1028 жылы Дамаск қаласының билеушісі етіп тағайындайды.
1036-1094 жж. аралығында билік еткен халифа Әл-Мустансирдің билік етуінен бастап Әл-Фатимилер әскер жасақтауда түрлі тектерге сүйене бастайды. Әл-Мустансир өзінің анасы қара текті болуы себепті қара құлдарды сатып алуды көбейтіп, әскерін негізінен солардан жасақтауды жолға қояды. Сөйтіп, Африкадан әкелінген қара кұлдар Әл-Фатимилер әулеті мемлекетінің жойылуына дейін мемлекеттің негізгі әскери тірегі болып қала береді.
Әл-Фатимилер әулетінің мемлекеті ислам тарихында ең алғаш болып жасөспірім мамлүктерді ерекше жүйеге сәйкес тәрбиелеуге үлкен көңіл бөліп, ец бірінші болып Мысырда мамлүктерді тәрбиелеудің бұрын болмаған методологиялық бағдарламалық жүйесінің негізін салды.
Әл-Фатимилер әулетінің мемлекеті күйрегеннен кейін, 1171 жылы оның орнына келген Әл-Айубилер мемлекеті Таяу Шығыс өңірі мен мамлүктердің тарихындағы жаңа кезеңді ашты. Әл-Айубилер әулеті өзінің күрд тегінен шыққанына қарамастан, оның Селжүк түркі мемлекеті мен түркі мамлүктерінің қойнауында өсіп, аяққа тұруы себепті ол өзінің бойына түркі салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын және әскери құрылымдағы жүйелерін толық сіңіріп алғанын орта ғасыр араб жазба деректері мойындайды.
Селжүк түріктерінің мемлекет ретінде орнығуьшын бастапқы кезеңінде оның негізгі әскери күші ретінде түркі мамлүктеріне арқа сүйеуі себепті, олар, яғни мамлүктер сұлтандар мен әмірлерге жақындатылғандар қатарында саналып, оларға Селжүк сарайларында арнайы тәрбие берілген. Жас түркі мамлүктері Қыпшақ елінен әкелініп тұрған. Орта ғасыр мысыр тарихшысы Әл-Қалқашанди «Әл-Қифджақ, немесе әл-Қибджақ, немесе әл-Қибшак елі Еділ өзені өңірінде, Русия елінің оңтүстік-шығысында және Қара теңіз бен Каспий теңізінен солтүстікке қарай жатқан үлкен өлке. Оның тұрғындары түркі текті, көшпелі өмірімен және атқамінерлік өнерімен әйгілі. Бұл ел түркі текті «ақ құлдарды» алудыц негізгі орталығы болып есептеледі» дейді. Қыпшақ елінен әкелінген жас мамлүктерді Селжүк сұлтанының уәзірі Низам әл-Мәлик өзінің «Сиясат-Наме» кітабында принциптері нақты белгіленген «мамлүк-самани» жүйесінің негізінде тәрбиелеп, содан кейін оларды сұлтан сарайы мен мемлекеттік жүйелерге қызметке кіргізген.
Низам әл-Мәлик ислам тарихында ең алғаш болып мамл үктерге әскери қызметі үшін сыйлыққа жер бөліп беру тәжірибесін енгізген. Мұндағы оның көздеген басты мақсаты - жер меншігі бар мамлүк әмірі өзінің жерін сырт жаудан қорғауы нәтижесінде мемлекетті де қорғайды деген принципті басшылыкқа алған. Сөйтіп, сүлтандар оның тәжірибесін кеңінен қолданып, мамлүк әмірлеріне әскери кызмет көрсеткені үшін сыйлыққа жерлер, қалалар, бекініс пен қамалдарды алмай бере бастайды. Сонымен қоса, сұлтандар мамлүк әмірлеріне өз балаларын тәрбиеге беріп, оларды «атабек» деп атай бастайды. «Атабек» түркі сөзінің мағынасы жөнінде араб деректері оның «ата» - әке және «бек» - әмір мағынасындағы қосарланған сөзі «әмір - бекзаданың тәрбиешісі» деген мағынаны береді, деп көрсетеді. Сонымен, Селжүк сұлтандары өздерінің балаларын әмір мамлүктерге сеніп беріп, олар сол мамлүктердің қол астында өсіп тәрбиеленетін болған. Егер, сұлтан бекзаданы басқа қалаға, немесе уалаятқа жіберсе, атабек әмірді де онымен қосып жіберу кеңінен таралған дәстүрге айналған. Кейін, уақыты келгенде, атабек Селжүк әмірін өзіне бағынышты етіп, барлық билікті өз қолына алып, саяси және әскери ықпалы мен беделі күшейген атабектердің жұлдызы жанып, Селжүк сұлтандарының әлсіздігі мен қолайлы жағдайларды пайдалану арқылы тәуелсіз мемлекеттер құруға дейін барып отырған. Соның нәтижесінде тарихта «Атабек» деген атаумен белгілі бірқатар мемлекеттер пайда болғаны тарихта мәлім. Олардың ішінде аса беделділері төмендегідей, олар: Кифа, Мардин, Дамаск, Данишманд, Мосул, Әл-Джазира, Әзірбайжан және т. б.
XII ғасырдың басында Мосул, Халаб, Дияр-Рабия және Мадр атабектіктерін құрған Имад ад-Дин Зеңгі есімді түркі атабегі орта ғасыр деректерінде ерекше аталады. Оның әкесі Құсайм ад-Даула Ақ-Сұңқар өзінің өмірін Әл-Хаджиб Селжүк сұлтаны Мәлик-Шаһтың қарамағындағы мамлүк болып бастайды. Кейін, Имад ад-Дин Зеңгі Баалбек қаласына билеуші етіп тағайындалады. Оның баласы Нур ад-Дин Махмуд арқылы Зеңгілердің әулетімен байланыс жасаған және сол арқылы тегі күрд Салах ад-Дин әл-Айуби осы тұста тарихи сахнаға шыға бастайды. Өздерінің әскери жетістіктері мен тағдырын түркі мамлүктерімен тығыз байланыстырған Әл-Айубилер әулетінің барлык мүшелері азат болған, яғни ешқайсысы ешқашан құл болмағандығын айта кету керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz