МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ

Мемлекеттік баж ставкаларының түрлері

Жалпы ережелер

Мемлекеттік баж - уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және (немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Төлеушілер Заңдық мәні бар іс-қимылдар жасау және (немесе) құжаттар беру жөнінде мемлекет уәкілдік берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып табылады.

Баж алу объектілері

1. Мыналардан:

1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), кассациялық шағымдардан, сондай-ақ соттың құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;

  1. нотариаттық іс-кимылдар жасағаны үшін, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;
  2. азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді және азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтіруге байланысты куәліктерді қайтадан бергені үшін;
  3. шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретін құжаттарды ресімдегені үшін, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін;
  4. шетелдіктердің паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына виза бергені үшін;
  5. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру және Қазақстан Республикасъмың азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды рәсімдегені үшін;

7) Тұрғылықты жерін тіркегені үшін;

8) аңшылық құқығына рұқсат бергені үшін;

9) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін;

  1. қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағыңа әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергені үшін;
  2. азаматтық қаруды (аңшылық суық қаруды, пневматикалық қаруды және аэрозольдық газды құрылғыларды қоспағанда) тіркегені және қайта тіркегені үшін мемлекеттік баж алынады.

2. Мемлекеттік баждың тіркелген проценттік ставкалары, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заң актісімен мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып есептеледі.

Мемлекеттік баждың соттардағы ставкалары

1. Сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), кассациялық шағымдардан, сондай-ақ соттың құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін мынадай мөлшерде мемлекеттік баж алынады:

1) мүліктік сипаттағы талап арыздардан:

жеке тұлғалар үшін - талап қою сомасының-1 проценті;

заңды тұлғалар үшін - талап қою сомасының 3 проценті;

  1. мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекетіне шағымдардан- 30 процент,
  2. мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекетіне шағымдардан - 500 процент;

4) салық тексеруі актілері бойынша хабарламаларға дауласу туралы талап арыздардан:

жеке кәсіпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтары үшін - есептелген салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (өсімпұлдарды қоса) сомасының және хабарламада көрсетілген айыппұлдардың 0, 1 проценті;

заңды тұлғалар үшін - есептелген салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (өсімпұлдарды қоса) сомасының. және хабарламада көрсетілген айыппұлдардың 1 проценті;

  1. некені бұзу туралы талап арыздардан - 30 процент. Неке бұзу кезінде мүлікті белген жағдайларда баж осы баптың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасына қарай белгіленеді;
  2. белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзу кезінде мүлікті бөлу туралы талап арыздардан осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
  3. тұрғын үй-жайларды жалға алу туралы шартты өзгерткені немесе бүзғаны туралы, мұраға қабылдау мерзімін ұзарту туралы, тыйым салынған мүлікті босату туралы талап арыздардан және мүліктік емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан - 50 процент;
  4. ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан) - 50 процент;
  5. сот шешіміне жасалған кассациялық шағымдардан - мүліктік емес сипаттағы талап арызды берген кездегі алынатын мемлекеттік баж мөлшерінен - 50 процент, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша - арыз беруші дауға салып отырған сома негізге алына отырып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінен;
  1. атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан - 500 процент;
  2. сот шешімдерінен, үкімдерінен, ұйғарымдарынан, соттың өзге де қаулыларынан көшірмелерді (дубликаттарды), сондай-ақ іске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың өтініші бойынша соттар берген істің басқа да құжаттарының көшірмелерін қайталап бергені үшін - әрбір құжат үшін 10 процент және одан басқа, әрбір дайындалған бет үшін 3 процент;
  3. заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы арыздардан - 500 процент.

2. Мүліктік сипаттағы және мүліктік емес сипаттағы талаптар қоса көрсетілген талап арыздар үшін мүліктік сипаттағы талап арыздар мен мүліктік емес сипаттағы талап арыздарға белгіленген мемлекеттік баж бір мезгілде алынады.

Нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж ставкалары

Нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін, сондай-ақ құжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмелерін бергені үшін мемлекеттік баж Мынадай мөлшерлерде алынады:

1) қалалық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшін:

егер тараптардың бірі заңды тұлға болса -1000 процент;

құны 30 айлық есептік көрсеткішке дейін:

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері, апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне - мәміле құнының 5 проценті;

басқа адамдарға - мәміле құнының 10 проценті;

құны 30 айлық есептік көрсеткіштен жоғары:

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері, апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне - 500 процент;

басқа адамдарға - 700 процент;

2) ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшін:

егер тараптардың бірі заңды тұлға болса -100 процент;

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері, апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне - 50 процент;

басқа адамдарға - 70 процент;

3) автомотокөлік құралдарын иеліктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшін:

егер тараптардың бірі заңды тұлға болса - 700 процент;

балаларына, жүбайына, ата-анасына, туған аға-інілері, апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне - 200 процент;

басқа адамдарға - 500 процент;

  1. жалға беру, қарыз, кепілақы, лизинг, мердігерлік, неке келісім-шарттары, ортақ меншіктегі мүлік бөлісі, мұрагерлік мүлікті бөлу, алименттерді төлеу жөніндегі келісімдерді, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшін - 500 процент;
  2. өсиетхаттарды куәландырғаны үшін -100 процент;
  3. мұрагерлікке құқық туралы куәлікті беру үшін - берілген әр куәлікке 100 процент;
  4. ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске және бірлескен ортақ меншік құқығындағы мүлкі бар өзге адамдардың меншік құқығы туралы куәлікті беру үшін -100 процент;
  5. мүлікті пайдалану мен иелену құқығы туралы сенімхаттарды куәландырғаны үшін - 50 процент;
  6. сату құқығынсыз автокөлік құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенімхаттарды куәландырғаны үшін -100 процент;

10) автокөлік құралдарын сатуға, сыйға тартуға айырбастауға сенімхаттарды куәландырғаны үшін - 200 процент;

11) өзге сенімхаттарды куәландырғаны үшін:
жеке тұлғаларға -10 процент;

заңды тұлғаларға - 50 процент;

  1. мұраға қалдырылған мүлікті қорғау жөнінде шаралар қолданғаны үшін -100 процент;
  2. теңіздік наразылық білдіргені үшін - 50 процент;

14) құжаттардың көшірмесі мен құжаттардың үзінді көшірмесінің растығын куәландырғаны үшін (әр бетіне) :

жеке тұлғаларға - 5 процент;

заңды тұлғаларға -10 процент;

15) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бір тілден басқа тілге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшін (әр құжат үшін) :

жеке тұлғаларға - 3 процент;

заңды тұлғаларға -10 процент;

  1. жеке және заңды тұлғалардың басқа жеке және заңды тұлғаларға өтініштерін бергені үшің - 20 процент;
  2. құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін бергені үшін - 20 процент;
  3. дубликаттарды бергені үшін -100 процент;
  4. банктерде шоттар ашқан кезде қойылған қолдың растығын куәландырғаны үшін (әр құжат үшін) :

жеке тұлғаларға -10 процент;

заңды тұлғаларға - 50 процент;

  1. кепіл шарттарын куәландырғаны үшін - 700 процент;
  1. вексель наразылығын жасағаны үшін және чектің төленбегенін куәландырғаны үшін - 50 процент;
  1. құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшін-әр айға10 процент;
  2. кепілгерлік пен кепілдік шарттарын куәландырғаны үшін - 50 процент;

24) Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген басқа нотариаттық әрекеттерді жасағаны үшін - 20 процент.

Азаматтық хал актілерін тіркегені үшін мемлекеттік баж ставкалары

1. Азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді, сондай-ақ туу, неке, некені бұзу, өлім туралы актілердің жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктерді қайталап бергені үшін мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:

  1. тууды тіркегені, әкелікті анықтағаны, Қазақстан Республикасы азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тіркегені үшін -100 процент;
  2. некеге тұруды тіркегені үшін - 30 процент;
  3. некені бұзуды тіркегені үшін:

кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша -200процент;

сот шешімі негізінде -150 процент (ерлі-зайыптылардың біреуінен немесе екеуінен) ;

белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде -10 процент;

4) тегін, атын немесе әкесінің атын, ұлтын және жынысын өзгерткенін тіркегені үшін-10 процент;

осы негізде берілген жұбайының, балаларыныңәрбір құжаты үшін 10процент;

  1. туу, неке, некені бұзу, қайтыс болу туралы актілер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктерді бергені үшін -10 процент;
  2. азаматтық хал актілерін тіркегені туралы куәліктерді қайталап бергені үшін -100 процент;
  3. шетел азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тіркегені үшін - 200 процент.

2. Қайтыс болуды тіркеу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты куәліктер беру мемлекеттік баж алынбай жүргізіледі.

Шетелге шығуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруді немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуды ресімдеу кезіндегі мемлекеттік баж ставкалары

Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге немесе шетелге шығуға байланысты іс-әрекеттер жасағаны үшін мынадай мөлшерде:

1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мыналарға құқық беретін виза бергені немесе ұзартқаны үшін:

Қазақстан Республикасынан кетуге - 50 процент;

Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге -100 процент;

бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (өсімпұлдарды қоса) сомасының және хабарламада көрсетілген айыппұлдардың 0, 1 проценті;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот шығындарын бөлу тәртібі
Сот шығындарын төлеуден босату
Сот шығындары
Мемлекеттік баж салығы
Мемлекеттік баждың экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының азаматтығының мәселелері жөніндегі құжаттарды ресімдеу
Мемлекеттік бюджет қалыптасуындағы мемлекеттік баж
Cот шығындары
Сот шығындарының түрлері
Кедендік-тарифтік саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz