Планеталар


The Sun
Күн - Күн жүйесінің орталық жұлдызы.
Күн - G-спектрлік түрлі жұлдыз, оның диаметрі 696 000 km, 333 000 × Жер массасы, 1 300 000 × Жер көлемі, 1410 kg/m 3 орташа тығыздығы бар. Экуаторы эклиптика жазықтығына 7. 25º бұрыш мөлшерімен еңкейіп тұр. Негізінен сутегі мен гелийден құрылған. Көзге көрінетін беті «фотосфера» (температурасы 6000 К) деп аталады.
Болпан
Болпан - Күнге ең жақын және Күн жүйесінің 1-ші ең кіші ғаламшары. Күнді 88 тәулік ішінде айналып шығады. Ал өз белін ұзақ уақытта айналып шығады, Болпанның бір тәулігі Жердің 176 тәулігіне сәйкес. Болпанды бақылау өте қиын. Бетіндегі температура күндіз +300 дәреже болса, түнде -200 дәрежеге төмендейді. Болпанның үстінде бұлттар жоқ, соңдықтан ғаламшарда жуан атмосфера жоқ. Аспаны қараңғы, жұлдыздар Болпаннан жарық көрінеді, Күн үлкен тәжі бар шар сияқты көрінеді. Болпанды әлемде "Меркурий" деп атайды, бұл атау көне юнанның Гермес құдайының мадағына берілген.
Шолпан
Шолпан - Күн жүйесіндегі оған жақын екінші ғаламшар. Көлемі мен массасы жағынан Жерге жуық болғандықтан, ерте кезден-ақ ғалымдардың назарын өзіне аударған. Алайда, оны тұтасқан ақ бұлт қабаты қоршап жатқандықтан, бұл ғаламшардың табиғаты мен қозғалысын оптикалық бақылаулар арқылы анықтау қиындық келтіруде. Дегенмен, радиобақылаулар нәтижесі күтпеген мәліметке қол жеткізді. Шолпан (Уранды есептемегенде) барлық ғаламшарлар айналатын жаққа кері бағытта, яғни өзінің Күнді айнала қозғалатын бағытына өз осі төңірегіндегі қарсы айналатын болып шықты. Ондағы күндік тәулік шамамен Жердегі 118 тәулікке тең.
Жер
Жер - Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар.
Жер мен Күн арасындағы орташа қашықтық - 149, 58×10 6 км. Бұл қашықтық қалыпты «астрономиялық бірлік» боп табылады.
Жердің орташа радиусы - 6 372, 797 км, тығыздығы - 5 515, 3 кг/м³, массасы - 5, 9736×10 24 кг. Жердің мұхит (қалыңдығы 5-7 км) және құрлық (қалыңдығы 40 км) қабығы мен 2900 км тереңдіктегі Гутенберг аралығына дейін баратын және балқыған, темірге бай ядроның үстінде жататын силикат мантия арасында Мохоровичич аралығы жатыр. Ең көне тау жыныстарының жасы 3980 млн жыл шамасында. Жер осыдан шамамен 4, 6 млрд жыл бұрын құрылған.
Қызылжұлдыз
Қызылжұлдыз (кейде Марс деп аталынады) - Күн жүйесіндегі төртінші ғаламшар.
Күн мен Қызылжұлдыз арасындағы қашықтық 1, 524 AU (астрономиялық бірлік) құрайды. Радиусы 3390 km, тығыздығы 3940 kg/m³, экваторының орбитасына еңкею бұрыш мөлшері 25, 1º. Шағын СО 2 атмосферасы бар (7 mb) .
Полюстік қалпақтары маусымдық қатты СО 2 қосылған су мұзынан тұрады. Солтүстік жартышар қабығы негізінен базалт жазықтары мен жанартаулар; оңтүстік - көне кратерленген аймақ. Тарсис дөңестігі көтеріңкі немесе жанартаулық плато боп табылады. Қызылжұлдызда дәу каньондар мен баяғыда су эрозиясы болғанын дәлелдейтін куәліктер бар. Кейбір базалт метеориттер Қызылжұлдыздан келеді деп қазіргі заманның зерттеушілері санайды.
Қызылжұлдызтың Фобос және Деймос деген екі шағын, бәлкім тартылыс күшіменен ұстап алған астероид, серігі бар.
Есекқырған
Есекқырған (кейде Юпитер ) - Күн жүйесінің бесінші ғаламшары.
Қызылжұлдыз мен Сатурн(Қоңырқай) ғаламшарларының арасында орналасқан. Есекқырған Күннен 773 млн. шақырым қашықтығында орналасқан. Есекқырған Күн жүйесінің ең үлкен ғаламшары. Диаметр бойынша ол 11 есе Жерден үлкен, салмағы бойынша ше 300 есе үлкен.
Есеккқырғанның бір жылы Жердегі 11 жылына сәйкес, яки Есекқырған Күнді 11 жылда бір айналады. Бірақ Есенқырғанда Жердегідей жыл мезгілдері жоқ, өйткені ғаламшардың белі оның орбитасының жазықтығына перпендикуляр болып тұр. Есекқырғанның, Жермен сәйкестегенде, жылы ұзақ болса, тәулігі өте қысқа.
Есекқырғанның бір тәулігі 9 сағат 50 минутқа сәйкес. Ол бар үлкен ғаламшарлар секілді өте жылдам өз белін айналады.
Ғаламшар бетіндегі орта шама температурасы −138 °C. Есекқырғанның табиғи серіктері - Еуропа(серік), Каллипсо, Ио, Ганимед.
Атауы
Юпитер көне юнандардың Зевс құдайының мадағына атаған. «Юпитер» бұл Зевс құдайының латын аты.
Қазақтың атауы «Есекқырған» ғаламшардың ерте аспанға шыққанынан пайда болған. Есек керуенді басқаратын адамдар оны Шолпан ғаламшарымен шатасып, есектерді ерте оянған. Есектер дұрыс дем алмай, таңертенге шейін шыда алмағаннан өліп қырылған. Соңдықтан ел аузында ғаламшарды Есекқырған деп атау бастаған.
Saturn
Қоңырқай - Күннен санағанда алтыншы, салмағы мен үлкендігі бойынша Күн жүйесіндегі екінші ғаламшар.
Қоңырқа Күннен 1429 млн км (9, 58 а. б. ) қашықтықта орналасқан. Күннен айналу уақыты - 29, 46 жыл.
Қоңырқайдың шамамен 60 серігі бар және ең күрделі сақиналар құрылысы бар ғаламшар.
Жалпы мағлұмат
Қоңырқай газды ғаламшарлардың қатарына жатады: ол газдардан тұрғандықтан қатты беті жоқ.
Ғаламшардың экваториалдық радиусы 60300 км тең, полярлық радиусы - 54000 км; Сатурн - Күн жүйесіндегі ең сопақ ғаламшар. Ғаламшардың массасы Жерден 90 есе асады, алайда Сатурнның орташа тығыздығы бар болғаны 0, 69 г/см, бұндай шама оны Күн жүйесіндегі ең сирек атмосфералы ғаламшарлардың қатарына жатқызып қоймай, орташа тығыздығы судың тығыздығынан төмен ғаламшарына жатқызады.
Өз осінен Сатурн 10 сағат 39 минутта айналып өтеді.
Атмосфера
Сатурнның жоғарғы атмосферасының 90%-ы сутегі және 7 пайызы гелийден тұрады. метан, су буының, аммиак және басқа газдардың қоспалары бар. Аммиак бұлттары Юпитерге қарағанда қоюырақ болады.
"Вояджердің" мәліметтері бойынша Сатурнда Күн жүйесі ең күштер болады, құрылғылар жел ағымдарының 500 м\с болатынын көрсетті. Жел көбінесе шығыс бағыты бойынша жүреді (осьтік айналымына байланысты) . Олардың күштері экватор соқтығысқан кезде азаяды; экватордан алшақтаған сайын батыс атмосферлік ағымдар пайда бола бастайды. Кейбір мәліметтер бойынша, желдер бұлттардың жоғарғы қабатында соғып қана қоймай, ішке 2000 м бойлайды. Және де "Вояджер-2" көрсетуі бойынша, оңтүстік және солтүстік жартышарлардағы желдер экваторға симметриялы түрде бойлайды. Симметриялық ағымдардың көзге көрінетін атмосфераның түбінде бір-біріне байланысты екендігі болжанады.
Сатурнның атмосферасында кейде аса күшті құйын түріндегі орнықты түзілулер пайда болады. Ұқсас объекттер Күн жүйесі басқа да ғаламшарларында да байқалады (Юпитердегі Үлкен қызыл дақ, Нептундағы Үлкен қара дақ) . Ірі "Үлкен ақ доғал" Сатурнның бетінде шамамен 30 жыл сайын көрінеді, соңғы рет ол Сатурн бетінде 1990 жыл жылы көрінген (одан кішігірім құйындар жиірек көрінеді) .
Күні бүгінге шейін Сатурнның бетіндегі Ірі гексагон табиғаты белгісіз болып отыр. Бұл орнықты түзіліс ғаламшардың солтүстік полюсінде орналасқан, ұзындығы 25 мың. км, дұрыс алтыбұрыш түрінде.
Атмосферада күшті найзағайлар, полярлық жарықтар, сутегінің ультракүлгін шашыратуы байқалады
Ішкі құрылысы
Сатурн атмосферасының түбінде қысым мен температура өсе түседі де, сутегі біртене-біртене сұйық түрге айналады. 30 мың. км тереңдікте сутегі метал түріне айналады (қысым 3 миллион атмосфераға жетеді) . Металл сутегіндегі электротоктардың айналымы магниттік ортаны түзеді (Юпитерден біршама басым) . Ғаламшардың ортасында ауыр заттардан тұратын массивті ядро бар.
Сатурнды зерттеу
Сатурн - Күн жүйесіндегі көзге Жерден көрінетін бес ғаламшарлардың бірі. Шарықтау шегінде Сатурнның жарығы бірінші жұлдыздық шама асады.
Сатурнды алғаш рет бақылаған Галилео Галилей ғаламшарды біркелкі аспан денесі емес, бір-біріне жанасатын үш дене деп, бұлар Сатурнның екі ірі серіктері деп болжам жасады. Екі жылдан кейін жасаған бақылауында серіктердің орнында болмауы оны таңдандырды.
1659 жылы Гюйгенс өзінің одан қатты телескобымен қарап, серіктердің дене емес - жұқа және жалпақ сақина екенін және ғаламшарға тимей тұрғанын көрді. Және Гюйгенс Сатурнның ең үлкен серігі - Титан ашты. 1675 жылдан бастап ғаламшарды зерттеуді Кассини бастады. Оның байқағаны, сақина аралары ашық екі сақинадан, ал ортасындаға анық көрінетін қуыс, яғни Кассини қуысы тұрады, және тағы бірнеше ірі серіктерді ашады.
1979 жылы "Пионер-11" құрылғысы алғашқы рет Сатурнның қасынан ұшып өтеді, оның артынан 1980 және 1981 жылдары "Вояджер-1" және "Вояджер-2" өтеді. Бұл құрылғылар алғашқы рет Сатурнның магниттік ортасын байқап, оның магнитосферасын зерттеді, Сатурн атмосферасындағы құйындарды байқады, сақиналардың анық (детальды) құрылысын алды және құрамын анықтады.
1990 жылдары Сатурнды, оның серіктерін және сақиналарын Хаббл телескобы зерттеді. Ұзақ бақылаулар "Пионер-11" және "Вояджер" құрылғыларының ғаламшарлардың қасынан бір өтіп кетіп, толық зерттелмей қалған көптеген жаңа мәліметтер әкелді. 1997 жылы Сатурнға Кассини-Гюйгенс құрылғысы ұшып, жеті жылдан кейін 2004 жылдың 1 шілдесінде Сатурн жүйесіне жетіп, ғаламшардың орбитасына енді. Кем дегенде 4 жылға созылатын бұл миссияның негізгі тапсырмалары болып сақиналардың құрылысы мен динамикасын зерттеу және атмосферасы мен магнитосферасының динамикасын зерттеу болып табылады. Одан басқа, арнайы "Гюйгенс" зонды құрылғыдан ажырап, Қоңырқайдың серігі Титанға қонды.
Серіктері
2007 жылдың шілде айына Қоңырқайдың 60 серігі белгілі. Олардың 12-сі Вояджер-1 (1980), Вояджер-2 (1990), Кассини (2004-2007) миссияларының арқасында ашылған. 2006 жылы Гавай университетіндегі Дэвид Джуиттің басшылығындағы ғалымдар тобы Субару атты жапон телескобының көмегімен 9 серік ашқанын хабарлаған. Олардың барлығы иррегулярлы серіктерге жатады, олар созылға эллиптикалық орбитасымен ерекшеленеді, және болжам бойынша ғаламшарлармен қатар түзіліп, кейін олардың тартылыс күшімен тартылған. Джуиттің тобы 2004 жылдан бері барлығы 21 серік тапқан. Серіктердің ең үлкені - Титан. Ғалымдардың болжауы бойынша, бұл серіктегі орта біздің ғаламшарымыздың 4 миллиард жыл бұрынғы түріне, Жерде өмірдің жаңа туған кезіне ұқсас.
Сақиналары
Қоңырқай Күн жүйесі ең күрделі сақиналардың жүйесіне ие. Сақиналар жүйесінің шеттері экватордан 67 мың. және 121 мың. км қашықтықта орналасқан. Сақиналар үлкендігі бірнеше микроннан бастап, бірнеше ондаған метрге жететін бөлшектерден тұрады, олардың құрамдарында мұз, тас породалары, темір оксиді бар. Ортасында қуысы бар көптеген сақиналар белгілі, қуыстардың ең ірісі - Кассини қуысы.
Қызықты мағлұмат
Қоңырқайдың қатты беті жоқ, оның орташа тығыздығы Күн жүйесіндегі ең төмен шама. Ғаламшар негізінен кеңістіктегі ең көп тараған сутегі және гелий элементтерінен тұрады. Демек, егер Қоңырқайды сидыра алатын гипотетикалық мұхитты елестетіп қарап, оның бетіне Қоңырқайды қойсақ, ол жүзіп жүрер еді!
Уран
Уран - Күн жүйесінің жетінші ғаламшары. 1781 жылы наурыздың 13-інде Уильям Гершельмен ашылған еді. Грек (юнан) уақыттың құдайы Кроностың мадағына аталған. Уран - бұл Кроностың латын атауы. Күнді 84 жылында бір рет айналады.
Neptune
Нептун - Күн жүйесінің сегізінші ғаламшары, Күн Жүйесіндегі күннен ең алыс орналасқан ғаламшар. Диаметрі жөнінен ең үлкені, салмағы бойынша үшінші ғаламшар. Нептун Жер 17 есе ауыр, Жерден 15 есе ауыр Уран ғаламшарынан сәл ауыр. Ғаламшар Римдік теңіз құдайының атымен аталған. Астрономиялық белгісі, Нептун құдайының үшұшты найзасы.
1846 жылдың 23 қыркүйегінде ашылған Нептун ғаламшары математикалық есептердің көмегімен ашылған алғашқы ғаламшар болды. Уранның орбитасындағы күтпеген өзгерістер белгісіз ғаламшардың тартылыс күшінің ықпалынан болуы мүмкін деген тұжырым келтірді. Нептун көзделген орындағы бұрыштан табылды. Көп ұзамай Тритон атты серігі ашылды, бірақ, басқа да 12 серіктері XX ғасыр дейін ашылған жоқ. Нептун планетасының қасынан тек бір Вояджер 2 ғарыш кемесі 1989 жылдың 25 тамызында өтті.
Нептунның құрылысы Уранның құрылысына ұқсас, екеуі де ірірек келетін Есекқырған және Қоңырқай газ гиганттарының құрылыстарынан өзгеше. Сондықтан, астрономдар бұл ғаламшарларды "мұз гиганттары" қатарына жатқызады. Нептунның атмосферасы Есекқырған мен Қоңырқайдың негізінен сутегі және гелийден тұратын атмосферасына ұқсас болғанымен, су, аммиак және метан тұратын ірі "мұздарға" толы, гидрокарбон және шамасы, оттегі іздері бар.
Нептунның бетінде Күн Жүйесінде тіркелген ең қатты желдер болады, олардың жылдамдығы 2100 км/сағат. 1989 жылы Вояджер-2 ғаламшардың қасынан өтіп бара жатқан кезде Есекқырғанның бетінде Ірі Қызыл Дақпен салыстырыла алатындай оңтүстік гемисферада Ірі Қара Дақ тіркеді. Нептун бетіндегі бұлттардың температурасы −218 °C (55. 1 K) -ге дейін жетеді, бұл Күн Жүйесіндегі ең салқын температура, Күннен алыстығы бұған себеп болады. Нептунның ортасындағы температура 7, 000 °C (7, 270 K) -ге дейін көтеріледі, бұл Күннің бетіндегі температураға ұқсас және басқа да белгілі ғаламшарларға тән. Нептунның бұлыңғыр әрі әркелкі орналасқан сақина жүйесі бар, бұл сақина 1960 жылдары байқалғанымен, Вояджер-2-нің зерттеулері сақиналарының бар екендігін дәлелдеді.
Ашылуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz