Қына


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қына

Қыналар табиғатта басқа өсімдіктерге қолайсыз, құнарсыз жерлерде өседі. Тастың үстінде, шөлді - шөлейтті жерлерде, тундрада және орманда тіршілік етеді. Антрактида-дан 350 түрі, Оңтүстік полюске жақын жерден 7 түрі табылған. Бұлай таралау себебі, өте ыстық ортада өсетіндері жоғары температурада тез кеуіп кетеді де тіршілігі уақытша тоқталады. Қайтадан қолайлы жағдай туса, кеуіп қалған қыналар қалпына келіп, тіршілігін жалғастырады. Өте салқын жерлерде өсетін қыналарды айрықша тығыз қалың қабықша қорғап тұрады.

Қыналар пішініне қарай үш топқа бөлінеді:

  1. Ағаштың діңіне, тасқа жабысып өсетінқабыршақты қоспақты қына. Бұлар сары қызыл, сары, сұр, көгілдір, қоңыр түсті, жұқа қабыршақ тәрізді болады.
  2. Орманда ағаш діңіне, түбіріне жабысып өсетін жапырақтың пішініне ұқсайтындары -жапырақ тәріздлі қыналар.

  1. Қарағайлы орманда төсемікте өсетін бұтақталған ақшыл жасыл, ақшыл түстілері -бұта тәрізді қыналар.

Қыналар саңрауқұлақтар мен балдырлардың бірігіп, селбіресіп тіршілік етуінен пайда болады. Саңрауқұлақ жіпшелері балдырларға құрамындағы су және миниралды заттарын береді. өздері балдырлардың фотосинтездің нәтижесінде түзілген ағзалық заттармен қоректенеді.

Қыналар бір топ саңрауқұлақ жіпшелері арқылы төсемікпен байланысады. Оның құрамындағы саңрауқұлақтар тек қынадан ғана табылған. Ал қына құрамындағы балдырлар түрлерінің табиғатта өз бетінше тіршілік ететіндері де бар.

Қынаның құрамында біржасушалы жасыл балдырлар кездеседі. Балдырлардың жасушаларындағы хроматофорларында көмірқышқыл газын, суды сіңіріп, фотосинтездің нәтижесінде ағзалық заттар түзіледі. Балдырлар және саңрауқұлақтың жіпшелері ағзалық заттармен қоректенеді.

Ғалымдер қыналардың құрамындағы саңрауқұлақтар мен балдырларды қоректік ортада жеке жеке өсірген. Сонда саңрауқұлақтердың жіпшелері ғана пайда болып, спора түзілмеген. Балдырларда көбеюдің барлық түрі жүрген. Сондықтан қыналардың құрамындағы саңрауқұлақтар паразитті қоректенуге бейімделе бастайды деген қорытындыға келген.

Қыналар өсімді жолмен көбейеді. Оның денесіндегі көптеген балдырлар мен саңрауқұлақ жіпшелерінің бөліктері қынаның қабықшасын жарып сыртқа шашылады. Әр бөліктен және денелерінен бөлініп түскен бөлшектерінен де қына өсіп жетіледі. Қыналар жынысты көбейгенде саңрауқұлақтардағы сияқты жемісті дене пайда болады. Оның ішінде жыныс жасушаларының қосылуы нәтижесінде зигота түзіледі. Зиготаның ядросы үш рет бөлініп, сегіз спора, ал зиготаның қабығынан қалта пайда болады. Споралар шашылып, қолайлы жағдайда өнеді де, балдырмен кездескенде ғана қына жетіледі. Қыналар өте баяу өседі. Қабыршақты қыналар жылына 1 8 мм, ал бұта тәрізді қынлар 1 - 35 мм өседі.

Қына құрамындағы жасушаларда жарықта фотосинтез жүреді. Сонықтан да қыналар тек жарық жерде ғана өседі, қараңғыда денесі ыдырап кетеді. Қыналарға ең қажетті жағдай - оттекке бай таза ауа. Қалалардың таза ауасында өсе алмайды. Сол себепті балдырларды сыртқы ора тазалығының көрсеткіші есебінде пайдалануға болады.

Қыналардың 2-дай түрі бар. Қыналарды жіктегенде құрамындағы саңрауқұлақтар мен балдырлардың жіктелуі ескеріледі

Бұғы қынасы(кладония) солтүстік өңірде, қарағайлы орманда өседі. Оның денесі (таллом) - тақта, біз, бокал тәрізді, тік өседі Кейде бұта тәрізді түрі де кездеседі.

Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы.

Қыналардың топырақта қоректенуі нашар жүреді№ Тастардың бетіне, суыған лавалардың бетіне алғаш «қоныстанатын» да осы қыналар

Олар өсіп тұрған жеріне қына қышқылын бөліп, тасты үгіте бастайды. Біртіндеп сол жерде топырақ пайда бола бастайды. Оған басқа өсімдіктер орнығады да жануарлардың мекеніне айналады.

Қыналардың шаруашылықтағы маңызы өте зор. Бұғы қынасы деп аталатын қынаның бірнеше түрі тундра, тайгада қыс кезінде бұғылардың негізгі азығы болып табылады.

Қыналардың емдік қасиеті де бар. Ағаштың діңдерінде өсетін жерқынаны қайнатып дизентерия ауруын емдеуге пайдаланады. Сонымен бірге асқазан, тыныс жолдары ауруларына дәрілер жасайды.

Қынадан алынатын заттар:

  • Қант
  • Спирт
  • Бояу
  • Лакмус

Қынанын кейбір түрлері тәтті тағамдар өнеркәсібінде қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы
Қыналардың көбеюі. Қазақстанда таралуы, экологиясы
Қыналар
Қыналардың құрылысы
Қыналар – төменгі сатыдағы ерекше құрылысты организмдер тобы
Топырақтарыда солтүстікке қарай
Өзек қызметі балдыр жасушасына ауа өткізу
Қыналар бөлімі
Төменгі сатыдағы өсімдіктер туралы
Топырақ профиліне орналасқан балдырлардың жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz