Географиялық ландшафт: анықтамасы, құрылымы және қалыптасу факторлары


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Географиялық ландшафт

Географиялык ландшафт- құрамындағы табиғат құраушылары (жер бедері, климат, су, топырақ, өсімдік бірлестіктері мен жануарлар) мен морфологиялық бөліктері (фация, қоныс, жергілікті жер) өзара үйлескен, өзіндік құрылымы бар, географиялық қабықтың салыстырмалы түрдегі біртектес бөлігі. “Ландшафт” (нем. land- жер, schaft- өзара байланысты білдіретін жұрнақ) терминін орыс ғалымыЛ. С. Бергенгізген.

Географиялык ландшафтқа тән негізгі көрсеткіштер қатарына аумақтың біркелкі сипаты, құраушыларының біртекті ұштасуы, құрылымының кешенді сипаты мен біртұтастығы, тұрақтылығы, зат және энергия алмасуының біртектестігі жатады. Географиялык ландшафт терминінің “тарихи қалыптасып, біртұтастығын сақтай отырып, ұдайы дамитын табиғат кешені” немесе “табиғи геожүйе” деген де анықтамасы бар. Ландшафтар типке, тип тармағына және түрге жіктеледі. Ландшафтарды жіктеуде жылу және ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайлары, геоботан. белгілері ескеріледі. Жер шарындағыбарлық ландшафтардың жиынтығын ландшафтық сфера деп атайды. Ландшафтық түсірімдер нәтижесінде әр түрлі масштабтағы ландшафтық карталар жасалынады. Қазіргі кезде Географиялық ландшафттардыңматем. моделі жасалынып, олар жайлы мәліметтер компьютерлік өңдеуден өткізіледі. Адам әрекетінен өзгерген ландшафт антропогендік (жасанды) ландшафтдеп аталады.

Географиялық ландшафт -геожүйетүрлерінің бірі. Барлық негізгі құрамбөліктері:бедер, климат, су, топырақ, өзара күрделі әрекетте және өзара шарттылықта болып, біртұтас үздіксіз жүйе құрайтын табиғигеографиялық кешен. Ландшафттануда географиялық ландшафтының бірнеше топтық анықтамалары қалыптасты. Қоғамдық іс-әрекетте географиялық ландшафтының жүйенің ресурс өндіруші, орта құрушы жәнегенетикалық қордысақтаушы жүйе ретінде жәнетабиғи ресурстардыжайғасты пайдалану мен қоршаған органы қорғаудың ең басты нысандарының бірі ретінде көрінеді. [1] [2]

Ландшафт генезисі

"Альпі тауындағы ландшафт"

Ландшафт генезисі - ландшафтының пайда болуына және оның казіргі кездегі динамикалык күйіне себепші процестер жиынтығы. Адам қоғамы баталғанға дейін ландшафтыларға айтарлықтай дәрежеде солярлық (климаттык) факторлармен бірге теллурлық (негізінен, Жердің пішіні), тектоникалык және биологиялық факторлар әсер етті. Бұл тұжырым ландшафтының зоналық-белдеулік (тундра, экватор және т. б. ), биогендік, гидрогендік, орогендік (жазық, тау, аңғар және т. б. ) деп аталатын типтерінің атауынан көрініс табады, мұнда бірінші немесе екінші фактор жетекші фактор болады.

Ландшафт деградациясы

Ландшафт деградациясы (нашарлауы) - ландшафт құрылымының түгелдей бұзылып, қайтып қалпына келмейтіндей болып өзгеруі. Ландшафт деградациясы көбінесе адамдардың ретсіз қарекетінің салдарынан болады.

Ландшафт инверсиясы - ландшафтылардың биіктік белдеулердің заңдылығына сәйкес келмейтін биіктік бойынша бөлінуі. Температураның, жауын-шашынның инверсиялары мен су режімінің жергілікті өзгерістеріне байланысты туындайды. Ландшафт инверсиясы жағдайында беткей бойынша биіктегенде жылусүйгіш ландшафт калыптасады. Ландшафт инверсиясы әсіресе тау ішкі және тау аралық қазаншұңқырлары бар таулы аудандарға тән.

Ландшафт құрамбөліктері

Ландшафт құрамбөліктері - географиялық қабықтың жеке сфераларының: литосфераның, гидросфераның, атмосфераның, биосфераның қалдықтарынан тұратын ландшафтының негізгі құрылымдық бөліктері. Ландшафт құрамбөліктері табиғи және антропогендік құрамбөліктер деп бөлінеді. Табиғи ландшафт құрамбөліктері не тау жыныстары, ауа, жер асты және жер беті сулары, топырақ және т. б., ал антропогендік ландшафт құрамбөліктеріне егілген ағаштар, бөгендер және т. б. жатады.

Ландшафт морфологиясы

Ландшафт морфологиясы - географиялық ландшафтылардың морфологиялық құрылысын, яғни ландшафт ішіндегі морфологиялық бөліктерінің - фацияларының, қоныстарының және жерлерінің өзара орналасуын, олардың генетикалық және динамикалық арақатынастарын зерттейтін ландшафттанудың бөлімі.

Ландшафт түзуші факторлар

Ландшафт түзуші факторлар - ландшафтының ең маңызды қасиеттерін калыптастыратын факторлар. Ландшафт түзуші факторларды сыртқы және ішкі деп бөледі. Сыртқы факторларына ғарыштық, геодинамикалық факторлар жатады, ішкі факторлары ландшафтыға енетін жеке құрамбөліктері мен төменгі таксондық дәрежедегі табиғат кешендерінің өзара әрекеттері процестерінде байқалады. Барлық ландшафт түзуші факторларды зоналық (климат, топырақ, өсімдік және т. б. ) және бейзоналық (бедер, геологиялык кұрылысы) факторлар деп бөледі. [1]

Пайдаланылған әдебиет

  1. ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. - 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
  2. ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған - түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. - Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. - 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ландшафт геохимиясы: ұғымы, географиялық ландшафт және геохимияның салалары
Жердің ландшафт қабығы: құрылымы, процестері және ТМД-ның физикалық-географиялық ерекшеліктері
Ландшафт пен геожүйе: құрылымы, құраушы компоненттері және өзара байланыстары
Азаматтық қоғам: анықтамасы, құрылымы және Қазақстандағы қалыптасу мәселелері
Мен тұжырымдамасы: теориялық негіздері, құрылымы және қалыптасу факторлары
Қазақстанның топырақ жамылғысы: құрылымы, қалыптасу факторлары және эрозиядан қорғану
Тұлға туралы теориялар және қалыптасу факторлары
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы: түрлері, қалыптасу факторлары және тиімділігін арттыру жолдары
Ландшафт компоненттері мен түзуші факторлар
Адам санасы құрылымындағы ұлттық өзіндік сана: түсінігі, құрылымы және қалыптасу факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz