Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерінің қолма-қолсыз есеп айырысу операциясы
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ КАССАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... .5
1.1 Банктердегі кассалық есеп айырысу операциялар бөлімін ашу үшін қойылатын талаптар мен оның құрылымы және жіктелімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Коммерциялық банкттердегі қолма.қолсыз ақшалармен есеп айырысу формалары мен құралдары ... ... ... 15
1.3 Электрондық есеп айырысудың қажеттілігі мен мәні және оларды қолдану нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТТЕРДІҢ КАССАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ БӨЛІМІНДЕГІ КЛИЕНТТЕРГЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУДІҢ ТӘЖІРБИЕЛІК АСПЕКТІСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.1 Қазақстан Республикасының Коммерциялық банкттердегі қолма.қолсыз есеп айырысулардағы жаңа операциялар үдерісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.2 Қазақстан Республикасындағы «Халық Банкі » АҚ.ның кассалық есеп айырысу операциялары бөліміндегі заңды және жеке тұлғаларға шот ашу және шотты жабуды жүзеге асыру механизімі ... ... ... ...29
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚША ЖҮЙЕСІ . ҚОЛМА.ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЖАҢА ИНОВАЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... 33
3.1 Қазақстандағы банктік карточкалар . қолма.қолсыз есеп айырысулардың инновациялық үлгісі ретінде ... ... .33
3.2 Еліміздегі электроднық қолма.қолсыз есеп айырысуды дамыту болашағы ... ... ...56
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... .59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қазақстан Республикасында нарықтық экономика талабына сәйкес, банк жүйесі қалыптасты. Бәсекелестік ортада банктер жүйелі қызмет атқару үшін бөлшектік банктік қызметті қалыпты жүргізу , салымдар көлемін кеңейту, клиентке қызмет көрсетудің материалдық – техникалық базасын кеңейту мәселелерін қарастыруда. Нарық талабын орындай алмаған банктер таратылды. Ал қалыпты қызмет атқарушы банктер тұрақты ресурстық базасын қалыптастырып, тартылған қаржыларды орналастырып, нарықтық экономиканың табыс көздерін іздестіруде.
Сан қилы сыннан өткен банктер бәсекелестік ортада өз тұтыушыларын табу мақсатында өз базаларын кеңейтуде. Сол себепті заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін банктік қызмет көлемін кеңейту, клиент қызығушылығын таба білу, есеп айырысудың жаңа нысандарын енгізу банктің басты басқарушылық жоспары болып табылады. Қазіргі таңда, мемлекетімізде күнделікті жүз мыңнан аса аймақаралық төлемдер жүргізіледі, және банктер қоғамдық көзқарасқа негізделе қызмет етеді.
Тақырыптың өзектілігі банктің басты стратегиялық мақсатына негізделеді, яғни клиенттерге сапалы қызмет көрсету, бірінші деңгейлі клиентерді тарту және олармен ұзақ мерзімде серіктестік қатынаста болу, сонымен қатар клиентке қызмет көрсетудің түрлері қолма-қол және қолма – қолсыз жолмен есеп айырысудың мәні мен мазмұнына көңіл бөлуге, есеп айырысудың жаңа оңтайлы жолдарын іздестіруде, клиент алдында сенімділік танытып, банктің негізгі ресурстық базасы болып табылатын салымдар көлемін кеңейту және басқа да төлемдерді қабылдау аясын сапалы турде қалыптастыруды көздейді.
Тақырыпты таңдауымның мақсаты, болашақ банк маманы ретінде, Отандық банк секторының дамуына өз үлесімді қосу және клиенттерге сапалы қызмет көрсету саласын жоғары деңгейге жеткізудің жаңа жолдарын қарастыру. Банк Отандық экономиканың үйлестіруші қызметінің атқарушысы болып табылады, оның қалыпты қызмет атқаруы экономиканы тұрақтандыруға және дамытуға әсерін тигізеді. « Банк – және оның клиентері » деген тұжырым бар, банктің атқаратын барлық қызметтері клиентті тарту негізінде жүргізіледі, неғұрлым клиент саны көбейген сайын, соғұрлым банк деңгейі өседі.

1. Буевич С.Ю.Королев О.Г. Анализ финансовых резервов банковской деятельности. Москва Кнорус 2005 год. 32-с.
2. Донцова Л.В. Никифорова Н.А.Анализ финансовой отчетности.4-е издание. Москва «Дело и сервис 2006 год.61-85с.
3. Қалығұлова Р.Ж. Ғұмар Н.Ә.Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру Алматы «Арысң 2000 жыл
4. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп беру Алматы Экономика 2005 жыл
5. Толпаков Ж.С. Бухгалтерский учет. Караганда 2004 год
6. Шеремет А.Д. Щербакова Г.Н. Финансовый анализ в коммерческом банке Москва Фин.и статистика 2000 год
7. Абдыманапов А.А. Различие бухгалтерской финансовой отчетности и их международные принципы // Бухгалтерский учет и аудит – 2003 год № 6 с 3-15
8. Абдиманапов А. Терминология и признания элементов финансовой отчетности // Бухгалтерский учет и аудит – 2003 год № 2 с 3-18
9. Об утверждении форм финансовой отчетности // Бюллетень нормативных-правовых актов – 2001 год № 23 с 87-99
10. Малик А. Представление учетной политики в соответствии с МСФО // Бюллетень: Финансы и право 2006 год № 40 с 16-20
11. Попова Т. Финансовая отчетность банков // Бухгалтер плюс компьютер – 2002 год № 2 с 27-30
12. Бәсекелестерін өсіммен басып озған банк. «Халық банкің // Жас алаш – 2006 жыл 3 тамыз
13. Насырова М.Р. Токсанбай С.Р. Кулпыбаев С.К. Гуляева С.П.
14. Қазіргі экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздік-анықтамалық. Алматы 2003 жыл
15. «.Банки Казахстана »№ 2. 2.(140) .2009ж
16. С.Б. Мақыш «Банк ісі» Алматы 2007
17. «Банки Казахстана» № 6 2008
18. «Банки Казахстана» № 11 2008
19. Қаз Ұ У «Хабаршысы»№ 5 ( 157 )
20. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы»
Қазақстан Республикасының заңы. 30.03.1995
21. «Қазақстан Республикасының Үлттық банкі туралы» Қазақстан
Республикасыньщ заңы. 30.03.1995
22. Мақыш С.Б. Коммерциялык банктер операциялары. Алматы:
ИздатМаркет, 2004ж.
23. Питер С. Роуз. Банковский менеджмент. (Перевод с английского 2-го
изд.-М:Дело,1999)
24. Сейтқасымов Г.С. Ақша, несие, банктер. Алматы: Экономика, 1996ж.
25. Сейткасымов Г.С. Банковское дело. Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998ж.
26. Орысша-қазақша қазіргі экономикалык терминдердің түсіндірме
сөздігі. /жауапты редактор: Досаев Қ.О./ Алматы: Экономика, 1999ж
27. Орысша-қазақша сөздік. Алматы, 1978ж.
28. Лаврушин О.И. Банковское дело. М, 2000 г.
29. Жуков Е.Ф. Банки и банковские операции: Учеб. для ВУЗов. - М.: Банки и биржи: ЮНИТИ, 1997.
30. Исин. С. Банковские услуги: проблемы оценки себестоимости и
ценообразования //Банки Казахстана. №7. 2004г.
31. Банки Казахстана. №12, 1. -2003
32. Банки Казахстана. №1, 11. -2004
33. Қаржы-Қаражат^Финансы Казахстана. №6, 2003
34. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі.
2003г.
35. "Банковские технологии" 2003г.
36. Альянс Банктің 2004 жылгы есеп беруі
37. Банки Казахстана №1 «Отекущей ситуации на финансовом рынке»
2005ж.
38. Банки Казахстан №8,2005ж. « Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарының жай-күйі туралы».

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ КАССАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... .5
1.1 Банктердегі кассалық есеп айырысу операциялар бөлімін ашу үшін
қойылатын талаптар мен оның құрылымы және
жіктелімі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Коммерциялық банкттердегі қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу
формалары мен
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...15
1.3 Электрондық есеп айырысудың қажеттілігі мен мәні және оларды қолдану
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТТЕРДІҢ КАССАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ БӨЛІМІНДЕГІ КЛИЕНТТЕРГЕ
ЕСЕП АЙЫРЫСУ ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУДІҢ ТӘЖІРБИЕЛІК
АСПЕКТІСІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .24
2.1 Қазақстан Республикасының Коммерциялық банкттердегі қолма-қолсыз есеп
айырысулардағы жаңа операциялар
үдерісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.2 Қазақстан Республикасындағы Халық Банкі АҚ-ның кассалық есеп айырысу
операциялары бөліміндегі заңды және жеке тұлғаларға шот ашу және шотты
жабуды жүзеге асыру
механизімі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚША ЖҮЙЕСІ – ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП
АЙЫРЫСУДЫҢ ЖАҢА ИНОВАЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
3.1 Қазақстандағы банктік карточкалар – қолма-қолсыз есеп айырысулардың
инновациялық үлгісі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..33
3.2 Еліміздегі электроднық қолма-қолсыз есеп айырысуды дамыту
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 61
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика талабына сәйкес, банк
жүйесі қалыптасты. Бәсекелестік ортада банктер жүйелі қызмет атқару үшін
бөлшектік банктік қызметті қалыпты жүргізу , салымдар көлемін кеңейту,
клиентке қызмет көрсетудің материалдық – техникалық базасын кеңейту
мәселелерін қарастыруда. Нарық талабын орындай алмаған банктер таратылды.
Ал қалыпты қызмет атқарушы банктер тұрақты ресурстық базасын
қалыптастырып, тартылған қаржыларды орналастырып, нарықтық экономиканың
табыс көздерін іздестіруде.
Сан қилы сыннан өткен банктер бәсекелестік ортада өз тұтыушыларын
табу мақсатында өз базаларын кеңейтуде. Сол себепті заңды және жеке
тұлғаларға көрсетілетін банктік қызмет көлемін кеңейту, клиент
қызығушылығын таба білу, есеп айырысудың жаңа нысандарын енгізу банктің
басты басқарушылық жоспары болып табылады. Қазіргі таңда, мемлекетімізде
күнделікті жүз мыңнан аса аймақаралық төлемдер жүргізіледі, және банктер
қоғамдық көзқарасқа негізделе қызмет етеді.
Тақырыптың өзектілігі банктің басты стратегиялық мақсатына
негізделеді, яғни клиенттерге сапалы қызмет көрсету, бірінші деңгейлі
клиентерді тарту және олармен ұзақ мерзімде серіктестік қатынаста болу,
сонымен қатар клиентке қызмет көрсетудің түрлері қолма-қол және қолма –
қолсыз жолмен есеп айырысудың мәні мен мазмұнына көңіл бөлуге, есеп
айырысудың жаңа оңтайлы жолдарын іздестіруде, клиент алдында сенімділік
танытып, банктің негізгі ресурстық базасы болып табылатын салымдар көлемін
кеңейту және басқа да төлемдерді қабылдау аясын сапалы турде
қалыптастыруды көздейді.
Тақырыпты таңдауымның мақсаты, болашақ банк маманы ретінде, Отандық
банк секторының дамуына өз үлесімді қосу және клиенттерге сапалы қызмет
көрсету саласын жоғары деңгейге жеткізудің жаңа жолдарын қарастыру. Банк
Отандық экономиканың үйлестіруші қызметінің атқарушысы болып табылады, оның
қалыпты қызмет атқаруы экономиканы тұрақтандыруға және дамытуға әсерін
тигізеді. Банк – және оның клиентері деген тұжырым бар, банктің
атқаратын барлық қызметтері клиентті тарту негізінде жүргізіледі, неғұрлым
клиент саны көбейген сайын, соғұрлым банк деңгейі өседі.
Тақырыптың өзектілігі, клинттерге қызмет көрсетулердің түрлерін,
әдістерін, жаңа замануи талаптарға сай қызмет көрсету үлгілерін ашып
көрсету.
Жұмыстың зерттеу объектісі – кассалық есеп айырысу бөлімінде клиентке
көрсету барысында жүргізілетін операциялардың түрі, мәні мен мазмұны және
орындалу тәртібіне негізделенеді.
Дипломдық жұмыстың бөлімдерінде мынадай тақырыптар қарастырылады:
Бірінші бөлімінде – коммерциялық банктерегі кассалық есеп айырысу
қызметін ұйымдастырудың жолдары мен негіздері. Банктердегі кассалық есеп
айырысу операциялар бөлімін ашу үшін қойылатын талаптар мен оның құрылымы
және жіктелімімен танысу. Коммерциялық банкттердегі қолма-қолсыз ақшалармен
есеп айырысу формалары мен құралдары. Электрондық есеп айырысудың
қажеттілігі мен мәні және оларды қолдану нысандары.
Екінші бөлімінде - коммерциялық банктердегі кассалық есеп айырысу
бөліміндегі клиенттерге есеп айырысу қызметін көрсетудің тәжрибелік
аспектісі зерттелінеді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Халық Банкі
АҚ –ның есеп айырысу бөліміндегі заңды және жеке тұлғаларға шот ашу және
шотты жабуды жүзеге асырудың механизімі туралы айтылады.
Үшінші бөлімінде - Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктердегі
қолма-қолсыз есеп айырысулардағы жаңа операциялар үдерістері
қарастырылады. Сонымен қатар, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерінің бірі,
банк жүйесіндегі есеп айырысу бөлімінің халыққа сапалы қызмет көрсету,
яғни, жаңа иновациялық жобаларды жүзеге асыру процесі талқыланады.
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ КАССАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ҚЫЗМЕТІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Кассалық есеп айырысу операциялар бөлімін ашу үшін қойылатын
талаптар мен оның құрылымы және жіктелімі.
Коммерциялық банктерде ( бұдан әрі банктерде ) клиенттерге қызмет
көрсетулер кассалық есеп, салымдарды қабылдау, несие ұсыну және басқа да
операциялар түрінде көрсетіледі. Банктер клиентерге қызмет көрсету ауқымын
кеңейту арқылы клиентура базасын кеңейтеді. Банктің сенімділігі мен
өтімділігі оның қызметінің кірістілігін мінездейді. Банктің клиентерге
қызмет көрсетулері Ұлттық Банк ережелеріне сәйкес орындалады. Заңда
көрсетілетін түсініктемелер:
Банк – ҚР банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес банк
өз қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым, заңды тұлға болып
табылады.
Банктік шот - бұл банк тәжірбиесінде қалыптасқан іскерлік қатынас
саласында қолданылатын заңдылықтар келісім шарттарда қарастырылған,
клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозитті
қабылдау және банктік операцияларды жүзеге асырыуы бойынша банк пен клиент
арасындағы келісім шарттық қатынасты бейнелеу әдісі.
Еншілес банк – жарғылық капиталының 50 % астамы енші беруші банкке
тиесілі екінші деңгейлі банк болып табылады .
Филиал – заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс
орналасқан және банктің атынан банк операцияларын жүзеге асыратын, банк
берген өкілеттік шегінде әрекет ететін банк бөлімшесі болып саналады.
Өкілдік – заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс
орналасқан, банктің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекетін атқаратын
банк операцияларын жүзеге асырмайтын банк бөлімшесі болып саналады.
Қолма – қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық
субьектісінде касса болады. Касса – бұл қолма қол ақшалар мен өзге
құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы
жабдықталған, оқшауланған үй-жай. Касса операцияларынын есебі ҚР Ұлттық
банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі №24 хаттамасымен бекітілген ҚР
хш касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне сәйкес жүзеге
асырылады..
Кассалық операциялар – бұл банк клиенттерінің ақшалары мен
құндылықтарын қабылдап өткізу бойынша жүргізілетін банктік операция болып
саналады.Басқаша айтқанда, кәсіпорындар мен мекемелер, олардын меншік
туріне байланыссыз өз ақшаларын банкте сақтайды және банктің клиентке қолма
- қол ақшалай есеп айырысу жургізу бойынша қызмет көрсетуі – бұл кассадан
ақшаны беру, қабылдау және сақтау болып табылады.
Екінші деңгейдегі банкттердің кассалық операцияларды жетілдіру тәртібі 1999
жылғы, 15 қаращадағы №394 Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі
банктердің кассалық операцяларын жургізу ережелеріне сәйкес жургізіледі.
Олар бойынша келесілер қарастырылған:
• Кассалық операцияларды жургізудін жалпы тәртібі;
• Ақшаны жеткізу және сақтау тәртібі;
• Ақшаның төлем қабілеттілігін анықтау тәртібі;
• Зақымданған банкноттар мен ақаулы тиындары айырбастау және жою
тәртібі;
Банктерде клиенттерге кассалық қызмет көрсету, қолма - қол ақшаларды
өңдеу және кассалық жұмыстарды ұйымдастыру ісін жургізу үшін келесі
бөлімшелер құрылады:
• Кіріс;
• Шығыс;
• Кіріс-шығыс кассалары;
• Қайта есептеу кассасы;
• Кешкі касса және т.б
Банктер банктік заңдылықтарға сәйкес кассалық және басқада банктік
операцияларды жузеге асыру үшін банк орналаспаған жерден де есеп кассалық
бөлімшілерді ашуына құқылы.
Кассалық операцияларды жургізудің жалпы принципі кассирдің
құндылықтар мен қолма - қол ақшаны қабылдау және беру операцияларын кіріс
және шығыс кассалық құжаттарға сәйкес рәсімделген бухгалтерлік бөлім
қызметкерлерінің үкімі негізінде жузеге асыруына бағытталады.
Әрбір кассирді жумысқа қабылдау кезінде толы материялдық
жауапкершілік туралы келісімшарт жасалады. Жұмыс күнінін басында
операциялық касса кассирлері касса меңгерушісінен аванс ретінде белгілі бір
қолма-қол ақша сомасын алады және жұмыс күні сонында оны пайдаланғандығы
туралы есеп береді.
Коммерциялық банктің клиенттерге кассалық қызмет көрсетуі және нақты
ақшаны орнықтыруы үшін кассалық есеп айырысу бөлімде кассалық операция
бөлімшесі ашылған.Кассалық операция қызметі Ұлттық Банктің екінші деңгейлі
банк және операцияларының жекеленген түрін жузеге асыратын мекемелердегі
кассалық операцияны жургізу бойынша 2001 жыл үшінші наурыздағы № 58
ережесіне сәйкес орындалады. Заңда қолданылатын түсініктемелер – касса
нақты ақша және басқа да құндылықтарды қабылдау және беруге арналған арнай
бөлімшесі ашылған.кассалық операция, бұл қабылдау, қайта санау, айырбастау,
нақты ақша беру және құндылықтарды сақтау операциялары.
Орындалған жұмыс көлеміне байланысты келесі кассалар құрылуы мүмкін;
• Кіріс кассасы;
• Шығыс кассасы;
• Ақша тусімін қайта есептеу кассасы;
• Валюталық касса;
• Кітапша беру бойынша касса;
Ақша және басқада құндылықтарды қабылдау және беру үшін касса жұмысына
басқару және бақылау жүргізетін касса меңгерушісімен басқарылатын касса
құрылуы мүмкін.
Ақша қоймасы – бұл ақша қаражаттары және басқа құндылықтар мен
құжаттарды сақтау мақсатында кассалық жұмыс үшін банктерде арнайы
ұйымдастырылатын бөлме. Кассалық қойма есігі ішкі жағынан жабылуы қажет.
Әрбір кассирдін жұмыс орны кабиналармен бөлектелуі қажет. Кассирлердің
столы құлыпталатын ұйашықтарды туруы керек. Кассирлердің кілтпен
құлыпталатын сейвтер мен металл шкафтармен қамтамасыз етілуі қажет.
Кассирлер орнынан уақытша шығып кеткен кездерінен қолма – қол
ақшалардан ашық турде тастап кетуіне болмайды.
Айналым кассасынан қолма – қол ақшасын сақталатын ақша қоймасы үш
кілпен және коды бар құлпен ашылып, жабылады.Құндылықтардын сақталуына
жауапты лауазымды тұлғалар ақша қоймасын ашпастан бұрын қауіпсіздік қызметі
өкілінің қатысумен есіктін зақымдалмауын, құлыптын ақаусыздығын тексеріп,
одан кейін журналға қолдарын қоюы қажет. Есіктін және құлыптын зақымдалған
жағдайда, сондай – ақ ақша қоймасына кіруге әрекет ету күні туындаса,
құндылықтарды сақтауға жауапты тұлғалардың қолдары қойылып акт жасалады.
Кассалық жұмыстың ұйымдастырылуына материалды жауапты тұлғалар:
• Банк басшысы;
• Бас бухгалтер;
• Касса меңгерушісі;
Банк басшысы кассалық жұмыстың дұрыс ұйымдастырылу мен құрылуына
жауапты, яғни банк қоймасындағы нақты ақшаларды кіргізу және жабылуына бас
бухгалтер кассалық операциялардың бухгалтерлік есебінің дұрыс жүргізуіне
қарайды. Нақты ақшаларды қабылдау және құндылықтарды беру бойынша жұмыспен
кассалық аппарат айналысады. Әрбір касса қызметкеріне жеке іс жүргізіледі,
сондай-ақ жеке басын куәләндыратын құжаттар, материалды жауаптылық тұралы
келісім, жұмысқа қабылдау тұралы бұйрық көшірмесі сақталынады. Кассирдің
жұмыс орны міндетті түрде сейф есептеу техникаларымен бір-біріне
алыстатылған үстелдерімен жабдықталу керек. Касса қызметкері өз жұмысын
банктің басқа қызметкерлеріне сеніп тапсырмайды. Әрбір банк мекемесінде
арнайы қоймалар және ол жерде міндетті түрде сақталуда:
• Нақты ақша қалдығы;
• Қатаң есеп беру бланкілері;
• Бағалы қағаздар;
• Шетел валютасы;
• Ағымды жылдағы кассалық құжаттар;
Қойма барлық техникалық талаптарға сай келуі керек.Қойманы ашу және жабу
материалды жауапты тұлғамен,бекітілген бір уақытта жүргізіледі.
Клиенттерден банктерге ағымды және корреспонденттік шоттарына ақша аудару
екі құжат бойынша жүргізіледі:
• Хабарламаға қолма-қол жарна;
• Кіріс кассалық ордер;
Хабарламаға қолма-қол жарна үш бөлімнен тұрады:
• Хабарлама;
• Түбіртек;
• Ордер;
Клиент хабарламаны толтырып аяқталған соң, шот менеджеріне ұсынады.
Шот менеджері реквизиттердің дұрыстығын тексереді және кіріс кассалық
журналға тіркейді. Хабарлама кассаға өткізіледі.Клиенттен нақты ақша
қабылданады, хабарлама кассада қалады, түбіртек клиентке мөр басылып
беріледі, ал ордер бухгалтерияға немесе бэк-офиске өткізіледі.
Нақты ақша беру үшін клиент кіріс кассалық құжатты толтырады, шот
менеджеріне ұсынады.Шот менеджері реквизиттердің дұрыстығын тексеріп,
бухгалтер контралерге береді. Бухгалтер контралер құжатты кассалық журналға
тіркейді және клиенттің қол мөр үлгісі бар құжатын тексереді. Құжат
тексерілгеннен кейін клиенттен нақты ақша қабылданады. Қабылданған сумма
мен құжатта көрсетілген сумма салыстырылады. Егер жетіспеушілік табылса акт
жазылады. Операциялық күннің соңында айналым кассалық журнал мен кассалық
журнал тексеріледі. Барлық қабылданған нақты ақшалар клиеттің шоттына сол
күні аударылуы керек.
Нақты ақша беру кассалық қызметін көрсету.
Нақты ақшаны беру шығыс кассасы арқылы ақшалай чек және шығыс
кассалық ордер құжаттары бойынша жүргізіледі. Ақшалай чек - бұл қатаң
есептегі құжат болып табылады, клиенттің өзінің шотынан ақша алуы үшін
жазылады.Ақшалай чек мына мақсаттарда ұсынылады:
• Жалақы төлеуге;
• Іс-сапар шығындарына;
• Жалпы шаруашылық шығындарға;
Ақшалай чек шот менеджеріне мыналарды тексеру үшін беріледі:
• Ағымды шоттағы қаржы жеткіліктігін;
• Клиенттердің қол үлгілерін салыстыру;
• Берілген ақшалай чек номері;
• Жеке бас куәлігі және басқа да реквизиттер;
Сонан кейін шот менеджері клиентке кассаға көрсету үшін чекпен бақылау
маркасын береді. Кассир ақшалай чектің дұрыс толтырғандығын қайта
тексереді:
• Клиент шоттарын жүргізетін жауапты қызметкерлер қолдарының
болуы;
• Сомманың жазбаша және санмен жазылғандығын;
• Жеке бас куәлігін;
• Бақылау маркасының номері, оны чекке жабыстырады;
Клиентке ақшаны береді және кассалық құжаттарға қолын қояды.
Басқа да құндылықтарды беру үшін баланстан тыс ордер
құрылады.Кассадан нақты ақшаны бергенде реестірлік журналға тіркейді.
Операциялық күн шегінде клиент ақшалай чек бойынша бір немесе, бірнеше рет
нақты ақша алуға құқығы бар.
Шот менеджері шығыс кассалық журналды бухгалтер контралерге
тапсырады. Бухгалтер контралер міндетіне құжатта міндетті тұлғалар қол
қойуын тексереді, суммаларды салыстырады. Сонымен қатар кіріс кассалық
құжатты кассирге береді. Кассирдің міндетіне ақшалай чектік көрсетілген
сомма мен клиентке ұсынған соманы салыстыру, клиент құжаттарын тексеру және
де клиентке берілетін ақшаларды анау, тексеру маркасын салыстыру.
Операциялық күннің соңында шығыс кассалық журнал айналым кассалық
журналымен салыстырылады.
Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Ол материалды- жауапты
адам болып табылады да (онымен толық материалдық жауапкершілік шарты
жасалады), ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады.
Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері бойынша
алады.Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі
бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма қол ақшаларды кассаға қабылдау бас
бухгалтер немесе ол өкілеттік берген тұлға қол қойылған КО №1 нысанадағы
кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі.
Кассалық есеп айырысу бөлім – Ұлттық Банк келісімімен ашылытын,
заңды тұлға болып табылмайтын, филиалдық, өкілдік мәртебесі жоқ. Қазақстан
Республикасының аумағында банк операцияларының жекеленген түрлерін
орындайтын аумақтық оқшау бөлімшесі.
Банк кассалық есеп айырысу бөлімін ашу үшін Ұлттық Банк келісімі және
банктің капиталының ең төменгі мөлшері сақталуы, яғни лицензиясы бар
банктер үшін 1000.000.000 теңге, бір есеп кассалық бөлімінен көп болса
15.000.000 теңге аудандық орталықтарда және Алматы мен Астана қалаларында
орналасқан әр бір кассалық есеп айырысу бөлім ашу үшін, басқа қалалдарда
ашылса 10 миллион теңге, басқа елді мекендерде орналасқан есеп кассалық
бөлімдерге 5 милион теңге қосылуы тиіс. Ұлттық Банк келісім беру туралы
мәселені үш ай мерзімінде қарайды.
Қаржылық қадағалау агенттігінен бас банктің жағдайы туралы мәліметтер
алады, яғни пруденциялдық нормативтердің орындалуын қарайды. Ереже бойынша
банкттердің кассалық есеп айырысу бөлімінің ашылу саны шектелмейді.
Кассалық есеп айырысу бөлімін ашу үшін қойылатын талаптар мен онық
құрылымы.
• Банктің кассаалық есеп айырысу бөлім ашуға келісім беру жөнінде
өтініш;
• Кассалық есеп айырысу бөлімінің жургізуге уәкілдігі болатын банк
операцияларының тізімі мен ережесі;
• Ереже бойынша касслыө есеп айырысу бөлімнің атында, ашушы банктің
аты да жазылып, қагшасыншы бөліс екендігі көрсетілуі тиіс; Мысалы
Халық Банкінің № 131826 кассалық есеп айырысу бөлімшесі
• Бөлімшені ашуға жергілікті өкілді және атқарушы органдардың келісімі
қажет емес;
• Ұлттық Банк, қаржылық қадағалау агенттігінің қалыптық талаптарына
сәйкес болмаса;
• Пруденциалдық қалыптарды және сақталуға міндетті нормалар мен
лимиттерді сақтамау.
Касссалық есеп айырысу бөлімінің құрылымы фронт-офис және бэк
офистен тұрады. Фронт-офис банктің клиенттерімен серіктестік келісім шарт
құрайтын бөлім, ал бэк - офис орындалған операцияны тіркейтін бөлім болып
табылады.
Кассалық есеп айырысу бөлімінде бухгалтерлік есептің жургізілуі
негізгі функция болып табылады. Халық шаруашылығы мен банктің басқару
жүйесіндегі бухгалтерлік есептің ролін көтермей экономика дамыту мүмкін
емес. Бухгалтерлік есеп жүйесі банк басшысына банкті ұйымдастыруды
жоспарлау мен бақылау үшін қажетті қаржылық және экономикалық ақпараттарды
дайындау мақсатында жүргзілетін ақпараттық жүйе.
Бухгалтерлік есеп жүйесінің сапалылығын төмендегі үлгімен сипаттауға
болады:
• Ақпараттарды тиімді өңдеуге мүмкіндік береді.
• Есеп беру мәліметтерін жедел түрде алуға мүмкіндік береді.
• Нақтылық жоғарғы дәрежеде қамтамасыз етеді.
• Алаяқтық мүмкіндіктерін азайтады.
Уақтылы , толық және объективті есеп банк жұмысын үнемді жүргізуге,
көп шығын болдырмауға, әрдайым резервтерді іздестіруге, пайданы көбейтуге
мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есеп – бұл, құжаттар негізінде құрылған шаруашылық
қызметтің біртұтас, үздіксіз өзара байланысқан бейнесі. Банктегі
бухгалтерлік есеп өзінің оперативтілігімен ерекшеленеді. Мысалы, банк
мекемесінде бір операциялық күннің 3-4 сағатына ( 9-13 сағатқа дейін)
жүргізілетін есеп айыру, кассалық, несиелік және тағы басқа операциялары
сол күнгі аналитикалық есептің құжаты; яғни клиенттің дербес шотында
көрсетіліп күнделікті баланс құру әдісі арқылы бақыланады. Бұл ақша
айналымы мен есеп несие қатынасының жағдайы туралы жедел ақпарат алуға және
ақша айналымы мен несиелік ресурстар айналымын қадағалауға мүмкіндік
береді.
Банктегі бухгалтерлік есептің еңбасты объектісі болып мекемелер мен
шаруашылық ұйымдардан ақшалай құжаттардың қабылдануы мен олардың
бухгалтерлік есепте бейнеленуі болып табылады. Сол сияқты аналитикалық
есептің мерзімінде төленбеген картотекадағы есеп айыру бойынша
операциялардың жүргізілуі жатады, әр түрл жердегі төлеушілер мен алушылар
арасындағы есеп айыру кезіндегі қаржылары, банк несиесін ұсынудың және
қайтарудың әдістері мен ережелері, төлемнің ерекшеліктері тағы басқалары
жатады.
Есеп операция жұмысын дұрыс және нақты ұйымдастыру банк мекемесінің
банк қызметінің жақсы орындалуына әсерін тигізеді. Бухгалтерлік есептің
объектілері мыналар болып табылады:
Қорлар, кассадағы ақша қаржылары, бағалы қағаздар, ақшалай құжаттар мен
қымбат бағалы метелдармен жүргізілетін операциялар, шетел валютасы және
онымен жүргізілетін операциялар, бюджеттік және несиелік мекемелермен есеп
айырысу, шаруашылық шығындар және банк шығындары мен кірістері.
Барлық коммерциялық банкттер үшін бухгалтерлік есепті жүгізудегі
құжат айналымымен, есеп беруді ұйымдастыру мен бақылаудың ортақ тәртібі
белгіленген.
Кассалық есеп айырысу бөлімінде заңды және жеке тұлғалардың шоттары
бойынша нақты және ақшасыз түрде есеп ақша құжаттарына сай орындалатын жұмы
шеңбері, есеп операция жұмысы деп аталады. Кассалық есеп айырысу бөлімінде
операцияларды жүзеге асыратын және олардың соммасын есепте бейнелейтін
қызметкерлер есеп операция аппараты деп аталады. Есеп операция жұмысы
өзінің жедел сипатымен ерекшеленеді.
• Есеп кассалық мекемесіне клиенттерден, байланыс бөлімшілері арқылы
түскен құжаттар сол күні есепке бейнеленіп, өнделуі тиіс;
• Күнделікті жұмыс күнінің басында бухгалтерлік клиент шотындағы
қалдықты, шотқа қойылатын талаптарды біліп отыруы тиіс;
• Мекемелерге күделікті дербес шоттың көшірмесін беріп отыруы керек;
• Күнделікті құжаттардың аналитикалық және синтетикалық есеп
материалдарының өзара салыстырулары жүргізіледі;
• Кассалық есеп бөлімі операциялық күннің аяқталуына байланысты
күнделікті бухгалтерлік баланс құруы керек;
Жұмысты ұйымдастыруға байланысты барлық аталған талаптар банк
айналымындағы ақша қорытындылары мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз
етеді. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру банк басшысына және бас бухгалтерге
жүктелген, оның құқықтары мен міндеттері заң және нормативті актілерде
белгіленген. Бас бухгалтер заңға қарсы келетін операциялар бойынша
қаржылық тәртіпті бұзатын құжаттарды қабылдауға тиым салынады. Есеп
операция аппараты менеджерлер принципі бойынша жұмыс істейді. Менеджерлерге
есеп ақша құжаттарын толтырып, қол қояды. Есеп операция ақпаратының
негізгі міндеттерін, менеджерлерге бақылаушыларға шоттардың белгіленіп
берілуін, қайта бейнеленуін бас бухгалтер арнайы шоттарды белгілеуі туралы
кітапқа тіркеу арқылы жүзеге асырады.
Қазіргі кезде банкте жоғалту, жымқыру, зұлымдық жасау, тәуекелдерді
жою үшін ішкі құрылымдар ашылуға тиіс. Оның принципі мынандай:
Әр қызметкер өз бөлімшесінде жүргізілетін операциялард қадағалап, сол
бойынша жауапты болады. Кассалық есеп айырысу бөлімінде клиенттерден келіп
түскен құжаттар клиенттік деп аталады. Бұл құжатты кәсіпорын басқармасы мен
аға бухгалтер қол үлгісі мен мөр үлгісін қояды және бекітеді. Олар мыналар
:
• Төлем тапсырысы;
• Төлем талап – тапсырысы;
• Есеп айырысу чегі;
• Ақшалай чек;
• Хабарламаға қолма – қол жарна;
• Аккредитевке өтініш;
Банкте қызмет көрсету барысында мынадай құжаттар қолданылады:
• Мемориалды ордер
• Кіріс және шығыс кассалық ордер
• Кіріс және шығыс валюталық ордер
Кассалық есеп айырысу бөліміне түскен құжаттарды бөлім қызметкерлері
тексеруден өткізеді және де мынадай операциялар жүгізіледі :
• Банктік шот ашу, яғни заңды және жеке тұлғаларға
• Ұлттық немесе шетел валютасында шоттан -
шотқа аударым операциялары;
• Салымлдарды қабылдау;
• Валюталарды айырбастау операциясы
• Салық , коммуналды төлемдерді қабылдау;
• Құндылықтарды жеткізу;
• Шоттан қолма-қол ақша беру ,(ұсақ ақшаларды ірілеп беру ) секілді.
Банктер кассалық айырысу операцияларды ұйымдастырушы болып табылады.Төлем
және ақша аударымдарын жізеге асырудың төлем құжаттарының қолдану
ережелеріне сәйкес реттеледі. Осы ережелерде есеп айырысу құжаттарын
рәсімдеу және есеп айырысу тәртібі көрсетілген.
Кассалық есеп айырысу операциялары
Кассалық есеп айырысу операциялары мынадай белгілеріне байланысты
жіктеледі:
Есеп айырысу субъектілеріне қарай:
• Банктік емес секторлар (шаруашылық субъектілер арасындағы банктер
арқылы есеп айырысулар;
• Жеке секторлар – үй шаруашылықтарының банктер арқылы есеп
айырысулар;
• Банктік сектор - банкаралық есеп айырысулар ;
Есеп айырысу объектілеріне қарай:
• Тауарлы операциялар бойынша есеп айырысулар;
• Бюджет және басқа бюджеттен тыс қорлармен аударымдар бойынша
төлемдер;
Есеп айырысу аумағына қарай:
• Мемлекет ішіндегі есеп айырысулар,оның ішінде;
• Бір қаланың ішінде;
• Қаладан тыс жерлерде, аудандарда, ауылдарда;
Есеп айырысу уақытына қарай:
• Сауда операциясы басталғанға дейінгі төлемдер;
• Мәміле жасалған соң, мерзімді төлемдер;
• Коммерциялық несие шартында, яғни мәміле жасалған соң белгілі бір
уақыттан кейінгі төлемдер;
• Мерзімімен бұрын, яғни келіскен мерзімге дейін;
• Ашық шот бойынша, яғни тауарларды алған сайын үздіксіз төлемдер;
• Мерзімі кейінгі қалдырылған, яғни бастапқы белгіленген мерзімін
ұзарту жолымен;
• Мерзімі өтіп кеткен төлемдер
Есеп айырысу жүйелеріне қарай:
• Пошта байланысы арқылы;
• Телеграф – телетайп байланысы арқылы;
• Телефон байланысы арқылы;
• Электрондық байланыс арқылы;
Есеп айырысу формаларына қарай:
• Қолма – қолсыз аударымдар (банктік ),оның ішінде;
• Кредиттік ;
• Дебеттік;
• Ашық шот арқылы;
• Инкассо;
• Қолма – қол ақшалар арқылы;
Есеп айырысу тәсіліне қарай:
• Толық есеп айырысу;
• Өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу;
Есеп айырысу құралдарына қарай:
• Кредиттік аударымның құралдарымен есеп айырысулар;
• Төлем тапсырмасы;
• Дебеттік аударымның құралдарымен есп айырысулар;
• Төлем талап – тапсырмасы;
• Аралас құралдармен есеп айырысулар, яғни бірде дебеттік, бірде
кредиттік аударымдар турінде болатын: аккредитивті, пластикалық
карточкалар, банктік аударымдар т.б
Есеп айырысу шамасына қарай:
• Ірі төлемдер;
• Ұсақ төлемдер;
Есеп айырысу кезекшілігіне қарай:
• Жалақы, бюджет, сақтандыру, т.с.с. төлемдер;
• Несиелер үшін төледер;
• Сот шешімі бойынша төлем құжаттармен есеп айырысу;
Банктердің клиенттерді тартуы белгілі бір саясатқа негізделеді
Банктердің клиенттерге қызмет көрсету саясаты ұзақ мерзімді серіктестік
қатынасты көздейді. Банктер клиенттерге қызмет көрсетудегі банктік
қызметтің барлық спекторларын меңгеруде, қызметті жоғарғы сапада көрсету
және клиент мүддесін қорғау үшін максималды қолайлы жағдай туғызуда.
Қазіргі таңда кассалық есеп айырысу қызмет көрсетуден заңды тұлғалардан
қабылданған қолма – қол ақша түсу 1-кестеден көре аласыз.
1 Кесте
Банктер және банк операциясының жекеленген турлерін жузеге асыратын
ұйымдардың кассаларына заңды тұлғалардан түскен қолма - қол ақша
2007 2008 01.04 02.04 03.04
Заңды тұлғалардан 885904 1136835 73981 74929 87367
Тауар сатудан және 743973 959716 60665 61975 72684
қызмет
Коммуналдық төлем 59256 67768 6059 5749 6414
Көлік кәсіпорыннан 31462 41589 2554 2581 3211
Байланыс кәсіпорыннан 45690 60859 4333 4258 4669
Мейрамхана 3200 4543 180 252 265
Диаграмма да 2007 жыл 3 тоқсанда кәсіпорындардың банктік қызметке
сұранысын көрсетеді, яғни 27,4 % - да банктер көрсететін қызметтерге жоғары
қажеттілік болады. 22,1 % -ның қызметтерді алуға мүмкіндігі жоғары болды.
Тиісінше, кәсіпорындардың 65,5 % .68,8 % бұл көрсеткіштердің орташа
деңгейін және 8,3 % төменгі деңгейін көрсетті. Банктер көрсеттетін
қызметтерге қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесін кәсіпорындардың қалыпты
9,1 % және төменгі 8,2% бағалады.
Жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы материалдық құндылықты жеткізу
бойынша есеп айырысу банк арқылы жүргізіледі. Бұл ақша айналымы заңмен
реттеледі. Мына принциптерге негізделуі тиіс:
• Заңға сәйкес барлық кәсіпорындар ұйымдық – құқықтық құрылымына
қарамастан, яғни заңды тұлғалар қаржы қаражаттарын банкте сақтауы
тиіс,
• ҚР 29 маусым 1998 жыл № 237-1 төлем және ақша аударым туралы заңға
сәйкес тек төлем құжаты қабылданған кезде ғана жүргізілуі тиіс;
• ҚР азаматтық кодексінің 747-бабының 2 тармағы бойынша заңды тұлғалар
мен азаматтар есеп кассалық қызмет көрсету банктерін өз бетінші
таңдауға, бірнеше банктің қызметін тұтынуға құқығы бар;
Клиенттерге кассалық есеп айырысу қызмет көрсету үшін шот ашылуы
тиіс. Барлық заңды тұлғалар, ұйымдық-құқтық негізіне қарамай (мемлекеттік,
жекеменшік т.б ) және тұлғалар банкте корреспонденттік, ағымды жинақ
шотын аша алады.
Корреспонденттік шот – банктік операциялардың белгілі түрлерін
орындау бойынша банктер мен ұйымдардың банктік шоты.
Ағымды және жинақ шоты – бұл заңды және оқшауланған бөлімшелердің
шоты.
Банкте шот ашу банк пен клиент арасында шот ашу бойынша құрылған
келісім шартқа негізделеді. Келісімге отыру үшін клиент ҚР ҰБ ҚР клиентке
шотты ашу және жабу бойынша № 266 02.06.2000ж қойылған талабына cәйкес
құжаттарын ұсынуы тиіс. Қажет деп таныса банк қосымша құжаттар талап етуі
мүмкін. Клиент жеке құжаттары мен қол және мөр үлгісі бар құжатты ұсынады.
Кассалық есеп айырысу бөлімнің заңгері ай сайын шот менеджерінен шот
бойынша операцияларды тексереді.
Сонымен, клиенттерге кассалық есеп айырысу қызмет көрсету бойынша
негізгі реттеуші заңдар мыналар:
➢ ҚР Азамат Кодексі;
➢ ҚР Ұлттық Банкі туралы заңы
➢ ҚР Банктер және банктік қызмет туралы заңы
➢ Ақша төлемдері мен аударулар туралы заңы
➢ Коммерциялық банк және операциясының жекеленген түрін жүргізетін
ұйымдардың кассалық операцияларды жүргізу бойынша ереже.

формалары мен құралдары.
Банктің кассалық есеп айырысу опперациялары екі формада жүзеге
асырылады: қолма-қол ақшалар және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу.
Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар – бұл нақты ақшалармен төлемдер
және адарымдар жасауды сипаттайды.
Мұндағы нақты ақшаларға: банкноталар және манеталар жатады. Қолма-қол
ақшалармен есеп айырысулар көбіне кассалық операциялар көмегімен жүзеге
асады. Есеп айырысу операцияларының басым бөлігі қолма-қолсыз түрде жүреді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар – клиентердің банкте ашқан
шоттары көмегімен олардың тапсырмасы негізінде.бір шоттан екінші шотқа
аударылатын төлемдердің жиынтығы.
Мұндағы,қолма-қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық карточкалар
эллектрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы
сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен
өзара тәуелділік бар.Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне
өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке
салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе,ал, банктен жалақы,
жәрдемақы, шәкіртақы, зейнетақы, және т.с.с. төлеу үшін ақша алған
жағдайларда қолма-қолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.
Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-
қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі туралы ҚР
ұлттық банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде бекіткен №179 Қаулысына
сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын
мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға
тиіс. Осы ережеге сәйкес қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем
құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:
• төлем тапсырмасы;
• төлем талап – тапсырмасы;
• чекпен есеп айырысу ;
• инкассалық үкім;
• вексельмен есеп айырысу;
• төлем карточкаларымен есеп айырысу;
Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткішткері болуға
тиіс:
• төлем құжатының атауы;
• төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы;
• ақшаны аударушының (төлеушінің)толық аты-жөні және жеке
идентификациондық коды;
• ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктің идентификациондық
коды;
• бенефицардың (ақшаны алушының) толық аты-жөні және жеке
идентификациондық коды;
• бенефицар-банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;
• төлемнің тағайындалу коды;
• санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы;
• төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғангың қолдары мен
мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса);
• бенефицардың және ақшаны аударушының салықты төлеуші ретіндегі тіркеу
номері (СТН);
Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем
құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресе, ондағы
төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік классификаторы – төлемдердің тағайындалуының
бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы ҚР Ұлттық банктің
Басқармасының бекіткен №388 Қаулысына сәйкес болуға тиіс.
Төлемдердің тағайындалуының бірыңғай классификаторы толтырылатындарға
мынадай төлем құжаттары жатады:
• төлем тапсырмасы;
• төлем талап-тапсырмасы;
• салық (кеден)органдарының инкасалық үкімі;
• аударуға берген өтініші;
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу – бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын
есеп айырысу формасы.
Төлем тапсырмасы – ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада
көрсетілген ақша сомасын бенефицарға ацдару туралы қызмет көрсетуші банкке
берген тапсырмасы.
Төлем тапсырмасы бойынша төлемдер, тауарлы және тауарлы емес операциялар
бойынша жүзеге асырылады. Төлем тапсырмасы көбіне алған тауарлар немесе
көрсетілген қызмет үшін жазылады.
Тауарлы емес операцияларға жататындар:
• Бюджетке төлемдерді аудару;
• Зейнет – ақы қорына міндеті салымдарды аудару;
• Әр турлі қоғамдық ұйымдарға аударулар;
• Қысқа мерзімді несиені мерзімінен бұрын өшіру;
• Жоғарғы тұрған мекемелерді ұстау шығындары;
Төлем тапсырмасы бойынша төлемдер алдын ала және кейінгі тәртіппен
жүргізіледі.
Алдын ала төлемді жүргізу кезінде, төлеуші тауардың бар болуына және сол
тауарды жіберуге дайын болып тұруына көз жетуі керек.
Бұл кезде төлем тапсырмасындағы төлем түрі деген бөлікте төлеушінің
тауарлар үшін алдын ала төлем екендігін, шоттың нөмірін және мерзімін
көрсету керек.
Салық төлеу үшін аударылған сома бөлек жолда көрсетіледі. Төлем тапсырысты
алдын ала тәртіппен төлемді жүргізу кезінде, жабдықтаушы өзінің шотына
қаржылар түскеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде тауарды тиеп жіберуі тиіс.
Кейінгі төлем кезінде, төлеуші алдымен тауарды алады, содан кейін тауар
құнын төлейді.
Қалааралық есеп айырысу кезінде, төлем тапсырыс 4 экземплярда, ал
электронды байланысты қолданған кезде 2 экземплярда жазылады.
Ақша қаржылары бар болғанда, төлем тапсырыс ақша жіберушінің акцептімен
бірге төленуге қабылданады.
Шоттың менеджері төлем тапсырысын келесі тәртіппен орналастырады:
Бірінші - данасы төлеушінің банкідегі күндік құжаттар ішінде қалады және
келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады;
Екінші - үшінші данасы алушы банкіне жауапты өткізбей құру үшін және ақшаны
алушы шотына енгізу үшін жіберіледі;төртінші данасы банк белгісімен бірге
клиентке қайтарылады.
Төлем тапсырмасымен төлем жүргізгенде шот менеджері барлық данаға
уақытты, ал екінші және төртінші данаға қол, штамты қояды. Егер төлем
тапсырысы екі данада ұсынылса, онда бірінші данасы төлеушінің банкінде
күндік құжаттар ішінде қалады, екіншісі қайтарылады.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу сызбасы.
Бенефициар 1 Аударушы(төлеуші)
Аударушының банкі
4
2
Бенефициар банкі
3
Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді сатып алғаннан
кейін төлеу барысында есеп айырысу сызбасы.
1-тауарды (қызметті)жабдықтау;2-төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан
қаражатты шегеру;3-бенефициар банкіне қаражатты аудару және алушының шотына
есептеу;4-бенефициардың шотына қаражат түскендігін хабарлау.
Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі
Төлем талап - тапсырмасы қызмет көрсетуші банкке жолданғн есеп
айырысу және тиеу құжаттары негізінде жеткізілген өнім, орындалған жұмыс,
көрсетілген қызмет келісімі бойынша құнын төлеу туралы бенефициардың
жөнелтушіге берген талабы.
Төлем талап – тапсырмасымен бенефициар банкке жазып, бенефициар
банкіне немесе жөнелтуші банкке тізіліммен (реестр) бірге төрт данада
ұсынады, егер төлем электронды жолмен жүзеге асырылдса, екі данада.
Ұсынылған құжаттарды шот менеджері тексереді, яғни ақша жіберушінің
аты, СТН, ИНК, кодын жіберуші банктің толық атауы мен оның БИК және
бенефициар бойынша ұқсас реквизиттерді тексереді.
Бенефициар банк төлем талап – тапсырмасын қабылдай отырып, өзіне
инкассалаушы банк міндеттемесін алады.
Инкассалаушы банк міндеттемесі төлем талап – тапсырмасын
инкассаға* алумен байланысты, бенефициармен жасалған келісім немесе
қолданыстағы заңдылық негізінде пайда болады. Бұл кезде инкассалаушы банк
өзіне келесі міндеттемелерді қабылдайды:
• Төлем талап – тапсырмасын төлемге немесе акцептке* кезекті
ұсыну;
• Бенефициарға акцептен бас тарту немесе төлем туралы төлем
талап – тапсырмасын қайтару туралы бенефициарға хабарлау;
Тиісті мідеттемелерді қабылдай отырып, инкассалаушы банк төлем талап –
тапсырмасын алғаннан кейінгі келесі операциялық күннен кешіктірмей
қызметтің орындалуын анықтайды.
Инкассо – банк өз клиентінің тапсырысы бойынша және есеп айырысу
құжаттары негізінде ақша аударушыдан,оған тиесілі ақша сомасын алып, бұл
соманы клиенттер есебіне аудару ісі жургізілетін операция.
Инкассаға инициатордан инкассалаушы банктің төлем талап –
тапсырмасын қабылдау инкассалаушы банктің операциялық күні ағымында
жургізіледі және оны инкасаға қабылдау кезінде тізілімнің барлық данасына
күні және тусу уақыты қойылады. Ал күні мен алу уақыты белгілейді.
Бенефициар банк барлық деректемелердің толтырылу дұрыстығын
тексеріп, төлем талап – тапсырмасымен жөнелтуші банкке жолдайды, ал бір
данасы банк белгісімен бенефициарға қайтарылады. Жөнелтуші банк төлем талап
– тапсырмасын алып, оларды тіркейді, барлық данасына алу күнін қояды және
акцепті үшін ақша жөнелтушісіне жолдайды.
Төлем талап – тапсырмасын толықтай немесе жартылай төлеуден бас
тарту кезінде ,төлеуші өз банкін осы үш күн ішінде хабардар етеді және
төлем талап – тапсырмасын тиеу құжаттарымен және төлемнен бас тарту туралы
хабарламамен бірге бенефициарға қайтарады.
Төлемге келісім білдірілген жағдайда аталған төлем талап –
тапсырмасы акцептеледі. Жөнелтушінің төлем талап – тапсырмасының
акцептелеуді талап етпейтін төлем талап – итапсырмасын басқалары соңғының
аталған талаптарға сәйкес төлем жургізуге келісімін білдіреді.
Ақша жөнелтуші мен алушы банк арасындағы келісімді алушы банктің
әр турлі құжаттарды қабылдау жіне сақтау міндеттері қарастырылады. Алушы
банктің мұндай төлем құжаттарын қабылдау және сақтау келісімі жағдайында
аталған банкке тиісті міндеттемелер қойылады.
Төлем талап – тапсырмасын толық немесе жартылай төлеуге келісім
білдірген жағдайда, жөнелтуші оның барлық данасын банктік шотты жургізуге
өкілетті тұлғалар қолы және мөр таңбасымен рәсімдейді және оны қызмет
көрсетуші банкке жолдайды, оның:
- Бірінші данасы жөнелтуші шотынан ақша алуға негіз болады
және операция аяқталған соң банктің құжаттарына
орналастырылады;
- Екінші данасы бенефициарға қызмет көрсетуші банкке
жолданады;
- Үшінші данасы тауар, көрсетілген қызмет, орындалған жұмыс
үшін жургізілгендігі туралы қолхат ретінде тиеу
құжаттарымен қоса жөнелтушіге қайтарылады.
Төленуге тиісті сома бөлігінде жөнелтуші шотынан алынуға тиісті
сомма санмен және сөзбен жазылуы тиіс.
1.3 Электрондық есеп айырысудың қажеттілігі мен мәні және оларды
қолдану нысандары.
Электронды есеп термині өзіне көптеген жан-жақты технологияларды
қамтиды. Атап айтсақ – EDI (Electronic Data Interchanje – мәліметтерді
электронды тәсілмен алмасу), электронды почта, Интернет, интранет, (
Компания ішіндегі ақпараттарды алмасу), экстранет ( сыртқы әлеммен ақпарат
аламсу). Электронды есеп айырысу (электронды қаржы) жүйесі қолма-қолсыз
есеп айырысу міндетін атқарады, яғни, банктық жүйе, сауда-саттық кәсіп
орындарымен тұрмыстық қызмет көрсету саласында, дәлірек айтсақ, тұрғындарға
көрсетілген қызмет немес сатып алынған тауар құны белгілі бір терминал
арқылы өз банкіне жібере алады. Бұл процесс қолма-қол есеп айырысу
жүйесінің күшін жойып, тұрғындардың есеп айырысу жұмысын анағұрлым
жеңілдетеді.
Есеп айырысу операциясы компьютерлік жүйе арқылы, заңды немесе жеке
тұлғалардың өз қарыздарын автоматты түрде қолда бар қаржы арқылы өз қарызын
өтеу мақсатында жүргізіледі. Яғни, төлеуші шотынан ақша алынып, төлем
қабылдап алушы шотына аударылады. Мұндай қолма-қолсыз есеп айырысу
операциясын белгілі бір банктен өз шотын ашқан азаматтар ғана жүзеге асыра
алады.
Қолма-қолсыз есеп айырысудың негізгі бағыттары: Қолма-қолсыз есеп
айырысу операциясы клиенттің өз қаржысын сақтау мақсатында ашқан шоты
арқылы жүзеге асырылады. Аталаған операция банкпен клиент арасындағы
келісім шартқа сәйкес, шот иесіне ескертілген жағдайда жүргізіледі. Есеп
айырысу операциясы шот иесінің, жеке шотындағы қаражат мөлшеріне байланысты
қолма-қолсыз есеп айырысу операциясы жүзеге асырылады.
Бүгінге таңда, Internet банкінің көмегі арқылы белгілі бір қаржыны
кез-келген шотқа аударуға мүмкіндік бар. Қаржы аудару процесі электронды
ақша арқылы Internet-дүкендерден тауар сатып алуға, коммуаналдық төлемдерді
жүргізуге, байланыс құралдарының ақысын төлеуге электронды ақша арқылы
қолма-қолсыз есеп айырысу мүмкіндігін береді.
Электронды есеп-айырысу жүйесі ( e-commerce ) – көптеген бизнес
процестерді жылдам жүзеге асыруға электронды қаржы арқылы мүмкіндік беретін
маңызды тәсіл. Осылайша, қолма-қолсыз есеп айырысу операциясын жүргізу
барысында қаржы қабылдаушыға тиісті ақпарат жетіп отырады. Яғни,
көрсетілген қызметтің құны немес тауарды бағасы, екі жақ арасындағы келісім
шартқа сәйкестігі жайлы мәлімет беріліп отырады. Бұл өз кезегінде заңды
немес жеке тұлғаның тиісті органдарға есеп беру кезінде оңтайлы.
Осы орайда, электронды ақша немесе электронды қаржы, жүйесі
алғашқы рет американдық Дэвидиом Чоумом (David Chaum) арқылы өткен ғасырдың
1970 жылдары ұсынылғанын айта кеткен жөн.
Электрондық есеп айырысу операциясы бірден екі қолма-қолсыз есеп
айырысу жүйесі юойынша жүзеге асырыла бастады: коммерциялық банктармен
клиенттерінің арасындағы есеп айырысу және банктер арасындағы өзара есеп
айырысу операциясы барысында жолға қойылды. Банктер арасындағы қолма-қолсыз
есеп айырысу корреспонденттық есеп-айырысу жүйесі арқылы және түрлі
деңгейдегі қаржы инстуттары арқылы іске асырылады.
Электронды есеп айырысу операциясының банкке катысты мынандай
аспектідерін келтіруге болады: қазіргі таңда банк жүйесінде көптеген қызмет
көрсету түрлері бар. Бұл өз кезегінде отандық банктер арасындағы
бәсекелестігін арттыра түсуде. Міне осының арқасында электронды есеп
айырысу операцияларының жаңа сапалы және сенімді қызмет түрлері дүниеге
келуде. Дипломдық жұмысты жазу мақсатында жүргізілген зерттеудің нәтижесіне
сүйенсек, Қазақстанда электронды есеп-айырысу операциясын әлде-де болса
әлемдік тәжрибеге сүйене отырып жетілдіре түсу кезек күттірмес мәселелердің
бірі екенін айтуға болады. Яғни, аталған есеп айырысу барысындағы әр-бір
жасалынатын іс-әрекеттерге маниторингтік сараптама жүргізіліп, соның
қорытындысына сүйене отырып отандық барнк жүйесіндегі қолма-қолсыз есеп
айырысу операциясының халыққа қызмет көрсету процесінің сапасын арттыру
керек, бұл кез-келген отандық банктің алдында тұрған басты атқаруға тиіс
болған істері болып табылады. Өйткені, кез-келген отандық банк немес шет ел
банктері мен түрлі қаржы инстуттарының бәсекелестікке төтеп беру
мақсатында, яғни клиенттерде барынша көбірек өз банктеріне тарту үшін
оларға сапалы қызмет түрлерін ұсынып, оны жаңалап отыру басты міндет болып
табылады. Теку мұнымен шектеліп қалуда көп жағдайда банктердің артта
калуына себеп болып жататын факторлардың бірі. Яғни, кез елген банк жаңа
инновациялық заманауй жобаларды жүзеге асырып, банк жүйесін жан-жақты
дамытып отыру бәсекелестікке төтеп беру іс-шаралардың негізгі аспектісі
болып есептелінедлі. Міне, осы жобаларды жүзеге асыру барысында электронды
есеп-айырысу операциясын да жетілдіріп отыру қажет.
Интеренет банкинг
Бүгінгі таңда, банктік қызмет көрсету технологиясын жүзеге асыру
барысында, әртүрлі алыстан қызмет көрсетуді жолға қою кең тараған немесе
халықаралық терминмен айтар болсақ, электрондық банкинг ( e-banking ) деп
аталады.
Алыстан қызмет көрсету (АҚК) яғни интернет банкинг жүйесінің тиімді
тұстары – кредиттік организациялардың клиенттік базасын кеңейтуге және
аймақтық бөлімшелердегі шығын көлемін азайтумен әкімшілік шығындар санын
төмендетуге жол ашады.
Көптеген зерттеушілердің және банк эксперттерінің пікірінше банкттық
қызмет сапасын артыру мақсатында істелінген іс-шаралар ішінде интернет
жүйесі арқылы ( on-line ) жүйесінде халыққа қызмет көрсетуді жолға қойған
жағдайда, клиенттер санының аз уақытта өсуіне көз жеткізген.
Ал Қазақстанда тұрғындардың интернет банкинг арқылы өз жұмыстарын
жасау процесіне көңіл бөлуі жаңадан даму үстінде деуге толық негіз бар.
Қазіргі кездегі Қазақстан азаматтарының алыстан қызмет көрсету жүйесінің
тұтыну барысында талаптарын қысқаша баяндап кетуге болады.
• Қай жерде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz