Мектеп және отбасы: қарым-қатынас принциптері



1 Мектеп және отбасы: қарым.қатынас принциптері
2 Даралық формалары
3 Ата.аналар жиналысының түрлері
4 Ата.аналарға сауалнама
5 Сынып жетекшілерінің портфолиосы
принциптері
Тек өз күштерін біріктіру арқылы ғана мектеп пен отбасы өздеріне жүктелген егемен Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін абыроймен орындап шыға алады.Қазіргі мектеп отбасының қолдауына бұрынғыдан да күштірек мұқтаж, бұл жерде сөз терең түсіністік пен өзара құрметке құрылған серіктстік жайында болып отыр. Педагогтің ата-аналармен жұмысы ынтымақтастық болмайынша, ата-аналарды оқу-тәрбие процесіне белсенді тартпайынша мүмкін емес.
Қарым-қатынас принциптері:
• өзара сенім мен құрмет
• өзара қолдау мен көмек
• бір-біріне төзімділік пен шыдамдылық таныту
Бұл педагог пен ата-аналарға балаларда өзін-өзі тани білу және таныта білуге қажетті сапалар мен қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік жасау үшін күштерін біріктіруге көмектеседі.
Өзара қарым-қатынастағы сынып жетекшісінің негізгі функциялары:
1. ата-аналарды мектеп ұйымдастыратын оқу-әдістемелік процестің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру
2. ата-аналарды психологиялық-педагогикалық жағынан хабардар ету.
3. ата-аналарды балалармен бірге жасалатын әрекеттерге тарту
4. жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиесіне түзету енгізу
5. ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен қарым-қатынаста болу
Педагогтердің, ата-аналар мен балалардың бірлескен әрекеті табысты болу үшін барлығы да бірлескен іске оң көзқарас танытып, ұйымдаса, бірлескен жоспарларды жүзеге асырып, ол әрекеттің қорытындысын шығарып отыруы тиіс. Қарым-қатынас балаға бірыңғай талап қою, бірлескен әрекеттерді ұйымдастыру баланың отбасындағы және мектептегі жүріс-тұрысын зерттеу, оның даму бағдарламасын жасаудан да тұрады. Педагогтердің, отбасымен қарым-қатынас сипаты жіктелімді болып келеді. Сынып жетекшісі барлығына бірдей қарым-қатынас формасын артпайды, ата-аналардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, отбасылық тәрбие ерекшеліктеріне бағдарланавды, ата-аналарды мектеп, сынып істеріне араласытыруда асқан төзімділік танытады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп және отбасы: қарым-қатынас принциптері
Тек өз күштерін біріктіру арқылы ғана мектеп пен отбасы өздеріне жүктелген егемен Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін абыроймен орындап шыға алады.Қазіргі мектеп отбасының қолдауына бұрынғыдан да күштірек мұқтаж, бұл жерде сөз терең түсіністік пен өзара құрметке құрылған серіктстік жайында болып отыр. Педагогтің ата-аналармен жұмысы ынтымақтастық болмайынша, ата-аналарды оқу-тәрбие процесіне белсенді тартпайынша мүмкін емес.
Қарым-қатынас принциптері:
* өзара сенім мен құрмет
* өзара қолдау мен көмек
* бір-біріне төзімділік пен шыдамдылық таныту
Бұл педагог пен ата-аналарға балаларда өзін-өзі тани білу және таныта білуге қажетті сапалар мен қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік жасау үшін күштерін біріктіруге көмектеседі.
Өзара қарым-қатынастағы сынып жетекшісінің негізгі функциялары:
1. ата-аналарды мектеп ұйымдастыратын оқу-әдістемелік процестің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру
2. ата-аналарды психологиялық-педагогикалық жағынан хабардар ету.
3. ата-аналарды балалармен бірге жасалатын әрекеттерге тарту
4. жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиесіне түзету енгізу
5. ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен қарым-қатынаста болу
Педагогтердің, ата-аналар мен балалардың бірлескен әрекеті табысты болу үшін барлығы да бірлескен іске оң көзқарас танытып, ұйымдаса, бірлескен жоспарларды жүзеге асырып, ол әрекеттің қорытындысын шығарып отыруы тиіс. Қарым-қатынас балаға бірыңғай талап қою, бірлескен әрекеттерді ұйымдастыру баланың отбасындағы және мектептегі жүріс-тұрысын зерттеу, оның даму бағдарламасын жасаудан да тұрады. Педагогтердің, отбасымен қарым-қатынас сипаты жіктелімді болып келеді. Сынып жетекшісі барлығына бірдей қарым-қатынас формасын артпайды, ата-аналардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, отбасылық тәрбие ерекшеліктеріне бағдарланавды, ата-аналарды мектеп, сынып істеріне араласытыруда асқан төзімділік танытады.
Отбасымен жұмыс жасаудың негізгі формалары-топтық және даралық.
Даралық формалары: бала тәрбиесі мәселелеріне байланысты әңгімелесу, кеңес беру, отбасына бару. Отбасына барғанда төмендегідей шарттар сақталуы тиіс:
* отбасына алдын ала ескертусіз бармау
* ол үйде 5-10 минуттан артық болуды жоспарламау (мазаларын алмау үшін)
* кіреберісте түрегеп тұрып немесе сырт киімді шешінбей тұрып әңгімені бастамау керек.
* әңгімелескенде жұлқына сөйлеуден аулақ болу керек.
* Ата-аналарға ақыл үйретпей, кеңес түрінде айтқан жөн
* Мүмкін болса, баланың көзінше әңгімелескен дұрыс
Топтық формалары: ата-аналар жиналысы, ата-аналар клубы, ата-аналар дәрісханасы, ата-аналар білімі, жекелеген тәрбие мәселелеріне арналған конференциялар (медиктермен, психологтармен, заңгерлермен) кездесулер.
* қарым-қатынаста педагогтердің ата-аналар жиалысындағы қарым-қатынас жасау стилінің маңызы зор.
* Жиналыста монолог ата-аналармен жүргізілетін диалогтан азырақ болғаны жөн.
* Жиналыс балалардың жасы мен сынып ерекшеліктеріне байланысты айына немесе төрттікте бір рет өткізіледі.
Оқу жылының басында, ата-аналармен бірінші рет кездескенде, апта күні мен уақытын дұрыс тыңдап, оқу жылына арналған кездесу тақырыбын келісіп алған дұрыс. Ата - аналар жиналысының тақырыбын сынып жетекшісі жасап, ата-аналар комитетінде талқыланады. Кезекті жиналыс тақырыбын барлық ата-аналар тыңдап алады.
Ата-аналар жиналысының түрлері: ұйымдастырушылық, ата-аналар оқуының жоспары бойынша жиналыс, пікірталас жиналыстар, қорытынды (төрттік) жиналыстары т.б.
Ата-аналар жиналысын даярлау және өткізу кезінде мыналар ескерілуі тиіс:
1. баланың мінез-құлқы мен тәртібіндегі плюстерді күшейтіп, минустерін азайтуды жүзеге асыру жолында мектеп пен отбасының ынтымақтастық атмосферасы.
2. жиналыс интонациясы: кеңес береміз, бірге ойласамыз.
3. педагогтің кәсіби дайындамасы-білімі, біліктілігі (әр баланың мектептегі ғана емес, одан тыс жердегі өмірін білуі, оның қажеттіліктерінің деңгейін, денсаулық жағдайын, балалар ұжымымен қарым-қатынасынан хабардарлығы)
4. жақсы, сенімді қарым-қатынас болуы (ақжарқындық, шынайлылық, өзара түсіністік, өзара көмекке әзір тұрушылық)
5. ата-аналар жиналысы ата-аналардың қателіктерін, балалардың оқудағы сәтсіздіктерін көрсетуге емес, ата-аналарды хабардар етуге бағытталуы тиіс.
6. жиналыс тақырыбы балалардың жасына байланысты ерекшеліктерін ескеру керек.
7. жиналыс теориялық қана емес, практикалық та сипатта болуы керек. Жағдайда талдау жасау, тренингтер, пікірталастар т.б.
8. жиналыс оқушылардың жеке бастарын талқылаумен және айыптаумен айналыспауы тиіс.
9. ата-аналар жиналысы тиімділігінің басты көрсеткіштері-ата-аналардың белсене қатысуы, қойылған мәселелерді белсене талқылау атмосферасының болуы, тәжірибе алмасу, кеңес және ұсыныстар беру
Бірінші күннен бастап, балалар ата-аналарымен достық, серіктестік, қатынас орнату керек. Өйткені баланың тәрбиелігінің бастауы отбасында жатыр, мектепке ол отбасында алған азды-көпті тәрбиесімен келеді.Өкінішке орай, мектеп пен отбасы, мұғалімдер мен ата-аналардың қарым-қатынасы әзірге талапқа сай емес. Көбіне олар балаларға әсер ету біріншілігі үшін күресетін қарсыластар болып келеді. Баланың қандай болып өсетіндігі көбіне отбасылық қатынастардағы жағдайына байланысты. Ал бұл жағдай түрлі-түрлі болады: отбасы, ата-аналар балаға қажетті қамқорлық көрсетіп, оның жасына, жеке басына қатысты ерекшеліктерін ескеріп отырса, ол жақсы, баланы сыйласа, ол да басқаларды сыйлайды. Ал шектен тыс ескелетіп жіберген бала отбасын өз уысында ұстағысы келеді немесе шеттетіп өсірген бала арамшөп сияқты болады, немесе отбасылық істерге қатысы жоқ пәтерші болып шығады. Отбасы мен мектептің қарым-қатынасы мектеп өмірінің барлық кезеңдерінде маңызды, дегенмен бастауыш мектептерде ол әсіресе өзекті. Бұл кезде бала әлі отбасымен тығыз байланысты ол әлі өзінің сезімін, өзінің тәртібін басқара алатындай қабілетке ие бола қоймаған, өзінің мінез-құлқымен еріксіз мектептен өзіне керегін іздеуге тырысатын кезі. Егер отбасындағы қарым-қатынас ақылды, қайырымды болса жақсы, онда бала да мектепте қайырымдылық пен ақылдылығын қосады. Ал егер оның отбасындағы жағдайы дұрыс болмаша ше? Онда бала отбасындағы қарым-қатынастарға керісінше жақсы адам болып шығуы үшін мектеп бұл рухани жетіспеушіліктің орнын толтыруы тиіс. Осы үшін де оған ата-аналармен тату серіктестік қарым-қатынас орнатуы керек. Мектеп пен отбасының байланысы нақты қай түрде көрінуі керек? Отбасылық тәрбие кемшіндігінің бір себебі ата-аналардың педагогикалық және психологиялық мәдениеттерінің төмендігі, балалардың жасына байланысты типологиялық заңдылықтарын білмеуі, балаларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмауы, балаларының оқуда, құрдастарымен қарым-қатынасында қиындықтар пайда болған кезде қалай көмектесу керектігін білмеуі болып саналады.
Мектеп ата-аналар байланысы достық және өзара құрметтеушілікке құрылған болса, мұғалімдерге төмендегі ережелерді сақтау керек:
1. ешқашан ата-аналарға олардың балаларының үстінен шағын айтып, тиісті шара қолдануларын талап етуге болмайды. Ата-аналармен кездесу іскерлік, достық жағдайында, оқушы тәртібіне байланысты немесе оның жеке басының сапаларын дамытуға қажетті кейбір мәселелерді талқылау түрінде өтуі тиіс. Мұғалімдер оқушының күнделігіне ескерту жазбауы керек, тіпті бала екі алса да, оны күнделікке түсірмеуі тиіс.
2. ата-аналар жиналысын пікірлесетер кездесуі түрінде өткізу керек. Мұғалім өткен кезеңде сыныпта қандай жұмыстар атқарылды, әрбір пән бойынша не өтілді, оқушылар қандай проблемалар және қиындықтармен бетпе-бет келді, және ата-аналар өз балаларына қалай көмектесе алады деген мәселелерді сөз етуі керек. Жақын арада қандай оқу қандай оқу тақырыптары өтіледі, қандай шаралар белгіленуде, және оларды өткізуде ата-аналар қандай көмек көрсете алатынын хабарлауы тиіс. Мұндай кездесулерде оқушылардың жеке басына қатысты мәселелер сөз болмайды. Олар тек мұғалімдердің ата-аналармен оңаша әңгімелесуі кезінде ғана талқыланады. Тек оңаша кезде ғана ата-аналарға балаларының психодиагностикалық нәтижелерін хабарлап, оның жеке басының қиыншылықтарын айтуға, оны жеңу жолдары мен қажетті сапаларын дамыту жайлы сөз етуге болады.
3. мұғалімдер баланың өмір сүретін ортасы, отбасындағы қарым-қатынастар сипатын, ата-аналарының ерекшеліктері жайлы білуі керек.
4. балалардың өз ата-аналарын, туыстары мен жақындарын құрметтеуін, өзінің ата-баба шежіресін, олардың айналысқан істерін зерттеуге қызығушылығын тәрбиелеу керек.
Ата-аналар жиналысының үлгі құрылымы: (жиналыс ұзақтығы 1-1,5 сағат)
1. сынып жетекшісінің кіріспе сөзі (қонақтарды таныстыру 5 мин)
2. ата-аналар анкетасына талдау жасау (5-7 мин)
3. тақырып бойынша сөз: маман немесе сынып жетекшісі (10-15 мин)
4. ата-аналармен проблемаларды талқылау (20 мин)
5. сынып жетекшісі сынып үлгеріміне талдау жасайды. Тек жақсы нәтижелерді айту.
Кездесудің қорытынды бөлімінде сынып жетекшісі ата-аналарға бірлескен жұмысы үшін алғыс айтады, болған кездесуден естелік алуға ұсыныс жасайды. Балаларының оқуында, тәртібінде кемшілігі бар ата-ааналардың қалуын өтініп, себебін бірге іздесіп, оны жою шешімдерін бірлесіп табуға ұсыныс жасайды.
Сынып бөлмесін әшекейлеуге ертерек дайындалу керек (шығармашылық жұмыстар көрмесін жасау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық тәрбие берудегі отбасының маңызы
Тәрбие процесінің принциптері
Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу формалары
Отбасы - ерекше педагогикалық жүйе ретінде
Тәрбие үрдісінің жалпы заңдылықтары мен принциптері
Тәрбие процесінің сипаттамасы
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Тәрбие ұғымының жалпы түсініктемесі
Педагогиканың дәрістері
Тәрбие принциптері
Пәндер