Антикалық өркениет



1 Ежелгі Грекияның негізгі шарушылық.саяси бүтіндігі
2 Классикалық грек философиясы
3 Платонның метафизикалық жүйесі
4 Платон философиясының қосқан үлесі
Ежелгі Грекияның негізгі шарушылық-саяси бүтіндігі полис, яғни қала-мемелекет болған. Бүкіл ежелгі Эллада осындай салыстырмалы түрде жабық қала-мемлекеттерден тұрған. Полистердің өмірі демократиялық принціптерге бағынған. Әрине, олардағы демократияның өзіндік ерекшеліктері болған. Демократияның құлдарға, әйелдерге, азаматтығы жоқ жатжұрттықтарға қатысы болмаған. Ол тек жасы жиырмадан асқан еркін ер азаматтарға ғана қатысты.
Солай бола тұрса да, демократияның мұндай шектеулі түрінің өзі индивидуалдылықтың, жеке тұлғаның дамуына, көп әсерін тигізген. Философияда бұл көптүрлі көзқарастардың тууына жол ашады. Сондықтан ежелгі грек философиясы туралы оны біртұтас жүйе деп айтуға болмайды. Керісінше, қанша философ болса, сонша философиялық ілім болған. Оларды жалпы бағыттар мен мектептерге біріктіруге болады, бірақ соның өзінде әлемдік философияда әр филосов ерекше орын алады.
Жалпы ежелгі гректердің дүниеге көзқарасы оның Космос деп түсіндірілетін әлемге көзқарасымен ерекшеленеді. Космос, олардың түсінігі бойынша, аяқталған біртұтас дүние. Ол шекті, бірақ, біріншіден, ол жетілген, екіншіден, Космостан тысқары ешнәрсе жоқ. Бұл дүниеге көзқараста эстетикалық таным басым. Сондықтан Космос өте әдемі көркем шығарма – скульптура және сонымен қатар, күйі келген музыкалық аспап тәрізді. Ол тірі, жаны бар, тіпті рухты. Ежелгі гректер қазіргі ғылымдағы сияқты өлі табиғатты білмеген, олар үшін әлемде барлығы тірі, өсімдік, жануар, адам тәрізді өсіп-өнеді.
1 Әлемдік философиялық мұра. Антикалық философия. 2 том.
Алматы «Жазушы» 2005

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Антикалық өркениет.
Ежелгі Грекияның негізгі шарушылық-саяси бүтіндігі полис, яғни қала-
мемелекет болған. Бүкіл ежелгі Эллада осындай салыстырмалы түрде жабық қала-
мемлекеттерден тұрған. Полистердің өмірі демократиялық принціптерге
бағынған. Әрине, олардағы демократияның өзіндік ерекшеліктері болған.
Демократияның құлдарға, әйелдерге, азаматтығы жоқ жатжұрттықтарға қатысы
болмаған. Ол тек жасы жиырмадан асқан еркін ер азаматтарға ғана қатысты.
Солай бола тұрса да, демократияның мұндай шектеулі түрінің өзі
индивидуалдылықтың, жеке тұлғаның дамуына, көп әсерін тигізген. Философияда
бұл көптүрлі көзқарастардың тууына жол ашады. Сондықтан ежелгі грек
философиясы туралы оны біртұтас жүйе деп айтуға болмайды. Керісінше, қанша
философ болса, сонша философиялық ілім болған. Оларды жалпы бағыттар мен
мектептерге біріктіруге болады, бірақ соның өзінде әлемдік философияда әр
филосов ерекше орын алады.
Жалпы ежелгі гректердің дүниеге көзқарасы оның Космос деп түсіндірілетін
әлемге көзқарасымен ерекшеленеді. Космос, олардың түсінігі бойынша,
аяқталған біртұтас дүние. Ол шекті, бірақ, біріншіден, ол жетілген,
екіншіден, Космостан тысқары ешнәрсе жоқ. Бұл дүниеге көзқараста
эстетикалық таным басым. Сондықтан Космос өте әдемі көркем шығарма –
скульптура және сонымен қатар, күйі келген музыкалық аспап тәрізді. Ол
тірі, жаны бар, тіпті рухты. Ежелгі гректер қазіргі ғылымдағы сияқты өлі
табиғатты білмеген, олар үшін әлемде барлығы тірі, өсімдік, жануар, адам
тәрізді өсіп-өнеді.
Космос шекті және аяқталған болғандықтан өлшем, шек, үйлесімділік сияқты
ұғымдар оң мағынаға ие. Керісінше, шексіздік, өлшемсіздік сияқты ұғымдарға
көзқарас теріс. Ежелгі гректердің дүниетанымындағы бұл көзқарастар
философиясында да орын алады.
Классикалық грек философиясы екі периодқа бөлінеді. Бұлай болу Ежелгі
Грекияның данышпаны – Сократтың философиялық іліміне байланысты: Сократқа
дейінгілер, Сократтан кейінгілер. Сократқа дейінгі философияның ерекшелігі,
онда көпшілік жағдайда жалпы өлшемге байланысты сұрақтар қарастырылған,
яғни онтологиялық мәселелер басым болған. Олардың ілімдері біртұтас әлемнің
негізінде не жатыр деген сұраққа жауап берумен ерекшеленеді. Біртұтас әлем
көптүрлі құбылыстардан тұрады. Әлем біркелкі емес, көптүрлі. Көптүрліліктің
негізінде не жатыр, бұл көптүрлілік неден пайда болады? Космос деп аталатын
ағаш неден өсіп-өнеді?
Бұл элементтерден басқа ежелгі грек философиясында от та алғашқы
бастаулардың бірі деп есептелінген. Оны Эмпедокл мен Гераклит мойындаған.
Олар төрт алғашқы бастау, алғашқы элемент – су, ауа, жер және от – бар деп
есептеген. Эмпедокл оларды бірдей, тең дәрежеде қарастырған. Гераклит
болса, барлығы оттан жаралып, ең соңында қайтадан отқа айналады дейді. Бұл
барлығына, бүкіл әлемге, яғни Космосқа да қатысты.
Алғашқы элементтер туралы сөз болғанда, мынаны ескеру керек: ежелгі грек
философиясында жер, су, ауа, от тірі, жаны бар бастаулар болып есептеледі,
химия, физикада түсіндірілетін заттар сияқты емес. Мысалы, Эмпедокл оларды
тамырлар деп атайды. Осы тамырлардан Космос деп аталатын ағаш өсіп
шығады. Бірақ ежелге Қытай философиясындағы алғашқы элементтермен
салыстырғанда бұлар зат болып есептеледі.
Аспан днелері, жалпы Космос Платонның түсінуінде жанды нәрселер. Олардың
жаны жануарлар мен адамдардың жанына қарағанда әлдеқайда жетіліңкіреген.
Сондықтан да олардың қозғалысы айнымайтын қатаң бір орбитамен іске асады,
олар қашанда өзі-өздігіне тең, яғни өзі өздігінде бара-бара қалып табылған.
Сол қалыптан айнымау жетілгендікті білдіреді. Ендеше олардағы ойлау да,
сана да адамдар мен жануарлардікінен жоғары. Жануарлар мен адамдарда
олардың жетілген болмысы әлі орнықпағандықтан, қозғалыстары сан түрлі, яғни
олардың қозғалыстарында космостағыдай қатаң тәртіп жоқ, олар тәртіпсіз,
өзгермелі, тұрақсыз, қатаң бағытсыз.
Жануарлардың да, адамдардың да жан дүниелері қатаң тәртіпте орнықпаған.
Көбінесе сезімдер билейді, ақыл, зерде адамдарда екінші қатарда. Тек ақыл,
зерде ғана адамдарды мәңгі, тұрақты, қатаң тәртіпті білуге әкеле алады.
Таным жолында сезімдердің туғызатыны тек пікір ғана. Пікір нәрселердің
сыртқы белгілерімен, яғни айнымалы, өзгермелі, кездейсоқ жақтарымен
шектеледі.мәңгіліктің айнымалы нәрселермен бүркемеленген бейнесіне жетуге,
сол арқылы жетілуге, жетілген тәртіпке келуге адамдарға мүмкіндік берілген.
Ол тек ақыл мен зерде жолы. Сезімдер мен ақылды алғаш қатаң түрде қарама-
қарсы қойған Сократ пен Платон десе де болады. Оған дейін бұлар жалпы
ажыратылып келсе де, Платондағыдай екеуі екі түрлі дүниеге қатысты
дейтіндей мағынада мәселе қойылмаған еді.
Платон үшін космостың, адамның, қоғамның, немесе мемлекеттің құрылымы
жалпы алғанда бірдей блуға тиіс. Космос құрылымында ішкі үйлесімдік
табылған, тек адам тәртіпсіз қозғалыста. Адамдар үшін сондай үйлесімдікті
табу қажет. Онсыз олардың өмірі үнемі әртүрлі әлеуметтік апаттарға ұшырай
бермек.
Осы жалпы философиялық тұрғыдан Платонның әлеуметтік утопиясы да
туындайды. Платонның өмір сүрген кезеңіндегі қоғам аумалы-төкпелі
өзгерістерге толы болатын. Көптеген шағын қала-мемлекеттердің орнына ірі
мемлекеттер қалыптасып келе жатқан.
Грекияда орын алып отырған осы мемелекеттік формалардың ешқайсысында да
Платонның көңілі толмайтын. Олардың ешқайсысы оның негізгі метафизикалық
өлшеміне тура келмейді, ол өлшем не нәрсе болмасын өзінің түпкі табиғатынан
тұрақтылыққа ұмтылуы тиіс, ал ол тек өзіне тән жетілген үйлесімдікті
тапқанда ғана бола алады, сонда ғана ол мәңгі тұрақтылыққа ие бола алады.
Өзгермелілік – ол жетілмегендіктің салдары.
Платонның метафизикалық жүйесінде даму идеясы жоқ. Жетілген нәрсе
дамымайды, өзгеруге де тиісті емес. Өзгеру бар, бірақ, ол табиғатынан
кемістіктің көрінісі, толысқан, өзіне қажет барлық бөліктері болып,
бүтіндік құралғанда ол тек өзіне-өзі тең қозғалыста болады. Өзіне өзі тең
қозғалыс ешбір бұлталақсыз бар нәрсені үнемі қайталап отырады, үнемі қайта
жаңғыртып отырады, яғни өзгерістерге әкеледі. Аспан денелерінің қозғалысы
сондай. Олар мәңгілік өзіне өзі тең қозғалыстарда.
Үнемі әртүрлі бүліктерге, алауыздықтарға, араздықтарға ұшырап жататын
грек мемелекеттерінде, ал варварлар дүниесінде бұл одан да жаман, мұндай
беріктіктің тіпті нышаны да жоқ. Осындай пайдакүнемдікке, мансапқорлыққа,
қайшылықтарға, шырмалған өз дүниесіндегі ахуалдан Платон алаңсыз теріс
айналып, рухани жүзін алаңсыз қияли дүниеге бұрады. Ең жарамды, ең жетілген
мәңгі өзгермейтін, өзгере алмайтын мемлекеттік құрылымды табу керек. Ешбір
кемісітігі жоқ ол мемелекетті қиялда құру керек. Оған қажет болатын әрбір
бөлікті, әлеуметтік топтарды, қатынастардың қатаң, сыншыл талдаудың
сарабынан өткізіп алып барып, құрастырған жөн. Осылай құрастыру ісі
аяқталғаннан кейін ғана оны адамдарға ұсыну қажет.
Ал мемлекеттің тұрақты, іштей берік болуын не қамтамасыз ете алады, оның
нақты өлшемі қандай деген сұраққа да Платонның жауабы сол қалыптасқан
метафизикалық жүйесінен шығады. Мемлекет – ол бүтіндік, ал адамдар,
азаматтар мемлекеттің жеке бөліктері, адамдардың әртүрлі топтары да оның
бөліктері. Бүтіндік барлық уақытта бірінші, ол ең негізгі нәрсе, бүтіндік
өзінің бөліктерін анықтайды. Бүтіндіктің сипаты қандай болса, оның
бөліктері соған сай болулары керек. Сонымен қатар, бүтіндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихқа өркениеттік көзқарас
Батыс өркениеті жалпы сипаттама
Жалпы тарихтан дәрістер
Ежелгі Шығыс тарихы
Көне Қытайдың мәдениеті
Ежелгі Үнді мәдениеті. Ежелгі Шығыс мәдениеті
Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет типологиясы
Деректанудың даму тарихы
Қазақстан жахандануға жұтылып кетпей ме?
Экономикалық жүйе, мәні, элементтері
Пәндер