Word редакторын тағайындау



1. Word редакторын тағайындау, іске қосу онымен жұмыс істеуді аяқтау
2. Word экранымен жанасу
3. Word редакторында құжаттарды дайындау және оларды сақтату.
4. Бос құжатты даярлау
5. Қорытынды
MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйссінің қосымша программасы. Ол - мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ен кең тарағаи мәтін редакторларының бірі.
Қазіргі компьютерлік технологияда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуғе болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал-макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкіндіктері де толық қамтылған. Мұнда құжаттар мен кестелерді көрікті етіп, безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограммалау тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.
WORD редакторын тағайындау, іске қосу және
онымен жұмыс істеуді аяқтау
WORD - пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.
Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жузеге асырылады:
1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.
2. Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.
3. Windows жүйесінін Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.
4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б.
Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:
- Файл =>Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;
- WORD негізгі терсзесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
1. Е.Қ. Балапанов, Б. Бөрібаев, Дәулетқұлов «Информатикадан 30 сабақ» Алматы, Шартарап 1998 жыл.
2. Е. Балапанов «Жаңа информациялық технология» Информатикадан 30 сабақ Астана, 2003 жыл.
3. Жапарова Г. Ә. «Информатика негіздері»

Ж о с п а р

1. Word редакторын тағайындау, іске қосу онымен жұмыс істеуді
аяқтау
2. Word экранымен жанасу
3. Word редакторында құжаттарды дайындау және оларды сақтату.
4. Бос құжатты даярлау
5. Қорытынды

Жалпы мағлұматтар
MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып
шығаруға арналған Windows жүйссінің қосымша программасы. Ол - мәтіндік
және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды
орындай алатын ен кең тарағаи мәтін редакторларының бірі.
Қазіргі компьютерлік технологияда орындауға болатын кез келген
операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған
мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі
объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуғе болады. Жалпы, Word
редакторында типография жұмысына керекті баспа материалдарын теруден
бастап, олардың оригинал-макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс
орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкіндіктері де толық қамтылған.
Мұнда құжаттар мен кестелерді көрікті етіп, безендіруге қажет көптеген
дайын шаблондар, стильдер, жазылып бірден орындалатын ішкі
макропрограммалау тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар
және т. с. с. жетіп артылады.
WORD редакторын тағайындау, іске қосу және
онымен жұмыс істеуді аяқтау
WORD - пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа
программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден
немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.
Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жузеге
асырылады:
1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить)
командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске
қосуға арналған.
2. Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шарт белгісінде
тышқанды екі рет шерту арқылы.
3. Windows жүйесінін Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.
4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын
жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б.
Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты
тәсілдермен жүргізіледі:
- Файл =Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;
- WORD негізгі терсзесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын
таңдау;
- тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ
шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе
батырманы бір рет басып, менюдін Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
- редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу
батырмасын (X) басу;
- Тікелей АІ1+Ғ4 пернелерін басу.
Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп,
бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша
сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да)
керектігін, ал жазбасаңыз (Жоұ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді.
Қалауыңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де
(Болдырмау-Отмена) болады,
WORD экранымен танысу
WORD редакторының негізгі терезесінің жалпы түрі құжат терекзесімен
бірге 15.2-суретте көрсетілгсн. Терезеде Windows жүйесінде кездесуге тиіс
стандартты көптеген элементтер бар. Солардың ішінен Word редакторына тәм
қосымша элементтерді қарастыралық.
Қалып-күй немесе қалып жолы негізгі терезенің төменгі жағында
орналасқан, оның сол жақ бөлінгінде теріліп жатқан құжат жөнінде информация
бейнеленеді.
- стр 5 - теріліп жатқан ағымдағы бет нөмірі, 5-бет;
- разд 1 — ағымдағы бөлім нөмірі, бұл элемент белімдерден тұратын Басты
құжат (Главный документ) үшін ғана қажет;
- 58 — құжаттың басынан есептегенде курсор тұрған орын 5-бетте, ал құжат
барлығы 8 беттен тұрады;
- 15,8 см - курсор тұрған ағымдағы жолдан сол беттің жоғарғы шетіне
дейінгі қашықтық;
- Ст 27 - осы беттің жоғарғы шетінен курсорға дейінгі жолдар саны;
-Кол 1 - осы жолдың басынан курсорға дсйінгі символдар саны, табуляция
символдары мсн бос орындар да есепке алынады. Бұл курсор экранда тұрғанда
ғана көрінеді.
Қалып жолында мұнан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің іске
қосылып тұрғанын, ал сүр түсті болса қосылмағанын білдіріп тұратын жұмыс
режимі индикаторлары бар:
ЗАП - макрокомандаларды жазу (записать) режимі іске қосылған
екпінді күйде екенін көрсетеді;
ИСПР - түзетулерді (исправления) белгілеу режимі екпінді күйде, олар
құжаттың соңғы нұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді;
ВДЛ - белгілеулерді кеңейтетін (Расширить выделсния) FS пернесі
екпінді күйде, яғни фрагментті ерекшелеп алып, оны кеңейту режімі іске
қосылған, бұл режим ерекшелеу мөлшерін Ғ8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір
символға, сөзге, сөйлемге т.б.) көрестіп тұрады. Ерекшеленген мөлшерді
кішірейту - Shifl + FS арқылы, ал ерекшелеуді тоқтату — Esc арқылы
орындалады;
ЗАМ - символдарды ауыстыру режимі екпінді күйде, символдарды
ығыстырып енгізу режимі орындалса, ол сүр түске боялады. Бір режимнен
екіншісіне ауысу - INSERT пернесін басу арқылы жүргізіледі.
Сонымен, жоғарыдағы режимдерді іске қосу немесе қоспау режимдері
белгілі бір пернелік командалармен орындалады. Оған қосымша, сол режимді
қарама-қарсы күйге ауыстыру қалып жолына жалғаса орналасқан қажетті
индикаторға тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шертумен де орындалатынын
білген дұрыс.
Цифрлық таңбалары бар көлденең және тік жылжу белдеулері мәтін
ішіндегі курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін береді. Бірақ бұл
жылжу белдеулері Word редакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша
функциялар атқарады.
Көлденең орналасқан сызғыш (белдеу) арқылы тышқан көмегімен :
- абзац алдындағы жаңа жол басын;
- беттің сол жақ жәнс оң жақ шеттерінде қалдырылуға тиіс бос орындар
(поля) аумағын;
- мәтін аралықтарындағы кесте бағаналарынық сиіп;
- көлденең табуляция позицияларыи өзгертуге, олардың жаңа мәнін бекітуге
болады.
Тышқан курсорымен осы шамалардың мәндерін өзгерткенде, олардың тек
сол абзацқа қатысты екенін естен шығармаған абзал.
Ал енді тік орналасқан сызғыш, терезенің сол жақ жақтауы бойында
орналасқан. Оның көмегімен беттің —- жоғарғы және төменгі жақтарында
қалдырылатын бос орындар аумағын және де кестелер жолдары биіктігін
өзгертуге болады. Тік сызғышты көрсеткіш, алып тастауға болады, онда сіздің
мәтіндеріңізде берілетін орып ұлғаяды. Дегенмен ол бейнеленіп тұрса,
мәтінді форматтау жұмыстары жылдамырақ орындалады.
Қарап шығу режимдерінін батырмалары қалып-күй қатары маңындағы
көлденең жылжу алабының сол жақ шетінде орналасады да, олар мыналардан
тұрады:
- кәдімгі режим батырмасы - бұл қарап шығу режммі келісім бойынша
редакторға кіргенде бірден қабылданады. Ол мәтінді форматтау
элементтерін қарапайым түрде көрсете отырып, беттерді болу шекараларын
пунктер -сызықшамен бейнелеп, символдарды теру, түзету және қарап шығу
процесін жылдам орындайды.
- беттерді белгілеу режимі мәтін қағазда қалай орналасса, айнытпай солай
бейнелейтін режим болып есептеледі, мұнда форматтау, мәтінді түзету өте
ыңғайлы, өйтксні қағаз шеттері айқын көрініп тұрады.
- құрылым режимі, құжатты толық бейнелемей, тек тақырыптарын көрсете
алады, сол себепті мәтін тақырыптарын бастан аяқ қарап
отырып, оны бақылау мүмкіндіктерін береді. Ал оны түйіндемей, ашылған күйде
бейнелесек, өте көлемді мәтін өңделгенде, оның белгілі бір бөліктерін
түгелдей ауыстыруға, көшіруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы
режим болып саналады.
Аспаптар тақтасы командалар мен іс-әрекеттерді жылдам орындау үшін ең
ыңғайлы жағдай жасайды. Оны пайдаламу тышқан көлтетігінің немесе соған
ұқсас басқа құрылғының көмегімен жүргізіледі. Аспаптар тақтасының белгілі
бір командасын орындау сол командаға сәйкес батырманы тышқанмен шерту
арқылы орындалады. Бұл тақтаны әрқашанда пайдалануға болады, өйткені,
қалауымыз бойынша, ол құжат терезесінің жоғарғы жағында тұрақты көрініп
тұрады.
15.2-суретте меню жолының төменгі жағында ~ Стандартты және Форматтау
әрекеттерін ғана атқаруға арпалған Аспаптар тақтасы орналасқан. Бұл екі
тақтадан басқа Word редакторында бірсыпыра әрекеттерді атқаратын тақталар
(Сурст салу, Көмек алу және т. б.) бар. Нақты тақталар мен олардың әртүрлі
батырмаларының атқаратын қызметі жұмыс барысында түсіндіріледі.
Терезенің негізгі элементінің бірі болып, бірнеше мәтіндік құжаттар қатар
орналаса алатын терезелсрден тұратын, ашық түске боялған жұмыс аумағы
(рабочая область) болып саналады.
Word редакторында құжаттарды дайындау және оларды сақтау
Жаңа құжатты даярлау
Word іске қосылған соң экранда 1- құжат (Документ) деген бос терезе
пайда болады (15.4-сурет). Құжаттың бұлай аталу себебі Word программасы
іске кіріскен кезден бастап, бұл сіздің 1-құжатыңыз болып саналады. Келесі
құжат 2-нөмірлі, онан кейін 3-нөмірлі. т.с.с. болып әрбір келесі құжат
нөмірі осылай өсіп отырады. Егер ашылған 1- құжат жабылса да осы тереземен
жұмыс істеп отырғанда (осы сеанс кезінде) даярланған келесі мәтін 2-құжат
болып нөмірленеді.
Жаңа құжат ашарда Word оны құру үшін белгілі бір шаблонды (нұсқаны)
пайдаланады. Нұсқа жаңа құжатты форматтау параметрлерін анықтайды. Бұл
параметрлерге шрифтегі таңбалар сызылымы, парақ айналасындағы бос
қалдырылатын өрістер (поля) мәні, табуляция символдары және т. б. жатады.
Нұсқалардың бұлардан басқа мынадай элементтері болуы мүмкін:
- мәтін (мысалы, жоғарғы немесе төменгі колонтнтулдар немесе бет
нөмірлері);
- кестелер (таблицалар);
- төртбұрышты жақтаулар (керегелер);
- графикалық бейнелер;
—кейбір арнайы құралдар (макрокомандалар, батырмалар,
айта берсек Аспаптар тақтасы) және т. б.
Алдын ала келісім бойынша, жаңадан ашылған құжат "Кәдімгі" нұсқа
(шаблон "Обычный") бойынша жасалады. Word редакторын алғашқы рет
компьютерге орналастырғанда оның құрамына мынадай стандартты нұсқалар кіруі
тиіс, олар: іс қағаздары, қызмет жазбалары; " газет беттері; т.б. типтегі
құжат түрлері. Бұл нұсқалар ішінде бірдеп толтырылуға тиіс стандартты өріс
жолдары (Кімге, Кімнен, Дата) мен дайын сөз тіркестері болғандықтан, олар
әркімнің уақыттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Арнаулы нұсқаларды
пайдалану дайындалған құжаттарға біркелкі стиль береді.
"Құжат ашу" сұхбат терезесінің мүмкіндіктері
Алдыңгы сабақта біз "Құжат ашу" терезесінің тек бір фуикциясын ғана -
файлдың аты мен орны белгілі болғанда оны ашу жолын қарастырдық. Бірақ бұл
сұхбаттасу терезесінің әрбір адамға берер біраз мүмкіндігі баршылық.
Сонымен, "Құжат ашу" терезесінің (немесе оның Аспаптар тақтасы)
қосымша мүмкіндіктері:
- файл іздеуді жүзеге асыру;
- мәтіндік құжат ашу;
- файлды басқа орынға орналастыру;
- файлды қиып алу (алмасу буфері арқылы);
- файлдың көшірмесін алу;
- жарлықты дайындау;
- файлды жою;
- файл атын өзгерту;
- файл қасисттерін қарап шығу;
- файлды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МS Word бағдарламасындағы формулалар редакторы
Norton commander (nc) бағдарламамен жұмыс iстеу
Мәтіндік программаның жұмыс терезесі
Мs word редакторы туралы негізгі мағлұматтар
Word мәтіндік редакторы
МS Word-та мәтіндік редакторлар
Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі
MS Word бағдарламасын оқытудың әдістері
Word редакторын графикамен байланыстыру (суреттер, схемалар салу)
Дербес компьютер және оның бағдарламалары
Пәндер