Қазақтардың Е.И.Пугачев көтерілісіне үн қосуы



1 Патшалық Ресейдің отаршылдық мақсаттары
2 Е.И.Пугачев көтерілісі
3 Пугачевтің Жайық қалашығына тікелей шабуылы
4 Пугачевтің 1773 жылғы қазан айының басындағы станцияларды алу
5 Көтерілістің алғышарттары
6 Пугачев бастаған көтерілісшілердің Орынбордан Томскіге қарай бағыт ал уы
7Шаруалар соғысына орыс емес халықтардың қатысуының себептері
Қазақ даласының Солтүстік және Солтүстік шығысындағы кең – байтақ кеңістікте патша өкіметі бекініс шектігін құрды, олар әскери ғана емес, сонымен қатар патшалық Ресейдің отаршылдық мақсаттарын жүзеге асыруындағы тірегі де болды.
Қазақ даласы жағына қарай кеңейе отырып, орнығып алған қазақ әскерлері шектері Қазақстанның көшіп жүретін аудандарын шектеді. Сондықтан өздерінің ежелгі жерлерінен ығыстырып шығарылып қуылған қазақтар Жайық пен Ертістің оң жағасына өз бетімен өтуге мәжбүр болды.
ХVІІІ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Верхнеяицкіден Звериноголов бекінісіне дейін созылып жатқан Үй бекініс шебі салынды. Оның жалпы ұзындығы 770 шақырым болатын. Нақ сол жылдары ұзындығы 930 шақырым болатын ертіс шебі салынды. 1752-55 жылдарда жаңа Есіл шебі салынды, оның ұзындығы – 662 шақырымға жетті. Олар қазақтардың көшіп жүретін қоныстарына шектеп тастады.
1742, 1755, 1756, 1765 жылдардағы толып жатқан заң актілері бойынша қазақтардың Жайық пен Есіл арасындағы, есілдің, Тобылдың жоғарғы ағыстарындағы дерлерге, Каспий теңізінің Солтүстік жағалауы бойына көшіп баруына тыйым салынды. Бұл жерлер казактарға берілді немесе мемлекеттік қор етіп тіркелді. Бұл қазақ қоғамындарының өздеріне көші – қон өрісін таңдауына мүмкіндік бермеді.
Жайықтан өтуге тыйым салуды патшалық өкімет орындары қалмақтармен қақтығыстарға жол бермеу тілегімен түсіндірді. Ал іс жүзінде бұл ақталмады. Жекелеген ықпалды сұлтандар мен билерге рұқсат етілгенімен, қазақтардың бұл жерлерді пайдалануға рұқсат ету туралы әр түрлі өтініштері табысқа жетпеді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ даласының Солтүстік және Солтүстік шығысындағы кең – байтақ
кеңістікте патша өкіметі бекініс шектігін құрды, олар әскери ғана емес,
сонымен қатар патшалық Ресейдің отаршылдық мақсаттарын жүзеге асыруындағы
тірегі де болды.
Қазақ даласы жағына қарай кеңейе отырып, орнығып алған қазақ
әскерлері шектері Қазақстанның көшіп жүретін аудандарын шектеді. Сондықтан
өздерінің ежелгі жерлерінен ығыстырып шығарылып қуылған қазақтар Жайық пен
Ертістің оң жағасына өз бетімен өтуге мәжбүр болды.
ХVІІІ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Верхнеяицкіден Звериноголов
бекінісіне дейін созылып жатқан Үй бекініс шебі салынды. Оның жалпы
ұзындығы 770 шақырым болатын. Нақ сол жылдары ұзындығы 930 шақырым
болатын ертіс шебі салынды. 1752-55 жылдарда жаңа Есіл шебі салынды, оның
ұзындығы – 662 шақырымға жетті. Олар қазақтардың көшіп жүретін қоныстарына
шектеп тастады.
1742, 1755, 1756, 1765 жылдардағы толып жатқан заң актілері бойынша
қазақтардың Жайық пен Есіл арасындағы, есілдің, Тобылдың жоғарғы
ағыстарындағы дерлерге, Каспий теңізінің Солтүстік жағалауы бойына көшіп
баруына тыйым салынды. Бұл жерлер казактарға берілді немесе мемлекеттік қор
етіп тіркелді. Бұл қазақ қоғамындарының өздеріне көші – қон өрісін
таңдауына мүмкіндік бермеді.
Жайықтан өтуге тыйым салуды патшалық өкімет орындары қалмақтармен
қақтығыстарға жол бермеу тілегімен түсіндірді. Ал іс жүзінде бұл ақталмады.
Жекелеген ықпалды сұлтандар мен билерге рұқсат етілгенімен, қазақтардың
бұл жерлерді пайдалануға рұқсат ету туралы әр түрлі өтініштері табысқа
жетпеді.
Патша өкіметі сауданың дамуын да өзінің саяси мақсаттарына
пайдалануға тырысты. Дәулетті қазақтар мен ірі көпестер приказчиктерінің
қызметі шептер маңындағы немесе бекіністердегі айырбаспен шектелмеді.
Далаға тереңдей еніп барып, саудагерлер баламасыз сауда жасады. Құжаттардың
баламасыз сауда айырбас туралы былай делінген: Жарлықтарда жылқы сатудан
алынатын баж қалаларда және сауда – саттықта сатылатын кезде жинап алынады
деп көрсетілгенімен, компанейщиктер уезді аралап жүріп, бейнебір техникалық
алымдар деген түрмен шоқынғандар мен басқа діндегілер деревняларынан
тұрғындар санына қарай он-он бес санды жымқырып кетеді[1].
Әскери іздеулер аталып кеткен, барымтамен қырғыздарды жасалған
әскери шапқыншылықтар да, шын мәнінде, сол мақсатқа қызмет етті. Әр түрлі
шапқыншылықтар да, қазақтарды зор материалдық шығынға ұшыратты және
қауымдарды әлсіретті. Ал мұндай әрекеттер патша өкіметінің Қазақстандағы
отарлау саясатының алысты көздейтін мақсаттарына сәйкес келді.
Қазақтардың Е.И.Пугачев көтерілісіне үн қосуына қазақ жүздеріндегі
ішкі саяси жағдай да себеп болды. Нұралы хан тұсінда Кіші жүздегі
қайшылықтар шиеленісе түсті.
Қатардағы шаруалар мен көптеген ақсақалдар ханның саясатына риза
болмады. Нұралы ханның патша әкімшілігінен Жем өзені ауданында өзіне арнап
бекініс салуды және өзін күзету үшін казак әскерінің отрядын бөлуді
сұрағаны кездейсоқ емес.
Орта жүздегі жағдайдың күрделілігі де кем болмады. Осының бәрімен,
сондай-ақ патша өкіметінің отаршылдық саясатының қатайтылып, күшейтіле
түсуімен қатар қазақ қоғамы ішінде, оның әр түрлі топтарында патша
үкіметінің саясатына наразылық пісіп – жетілді. Қатардағы малшы
шаруалардың отаршылдық саясатқа наразылығы патша үкіметінің белгілі бір
жеңілдіктерін пайдаланған қазақ ақсақалдарына, рубасыларына, сұлтандар мен
хандарға еселене түскен өшпенділікке ұштасты. Бұл ойды жақтаушылар
бейшаралық халге түскен көшпелі қазақтар еді.
1773 – 74 жылдардағы шаруалар соғысына 1772 жылғы Жайық қазақтарының
көтерілісі жол ашып берді. Егер бой көрсетулердің себептері ортақ болса,
қозғалыстардың ұйымдық негізі мен идеологиясы әр түрлі еді. 1772 жылғы бой
көрсету кейінгі оқиғалардың негізгі белгілерін ғана айқындады[2].
Көтеріліс басталғанға дейін Нұралы хан өкілінің Пугачев төңірегіндегі
адамдармен кездесуі болды. Алдын ала кездесу кезінде көтеріліс басталғаннан
кейін қазақтардың көтерілісшілер жағында қимылдауы туралы сөз етілді[3].
Сондықтан Пугачев Кші жүз қазақтарының қолдайтынына сенімді болды.
Ол осында көшіп жүрген орда бізге қуанатын болады және ол бізді қарсы
алып, шығарып салады деді[4].
Пугачев пен оның төңірегіндегілер қазақ даласындағы істің жайынан
хабардар еді, патша өкіметінің саясатына өрши түскен наразылықты түсінді.
Олар мұны өз мүдделеріне пайдаланғысы келді. Пугачевтің отряды Жайық
қалашығына аттанар алдында Жоғарғы Богдан бекінісі жанындағы Көшім сайында
оған Нұралы ханнан сыйлықтар алып, Забир молда мен қазақ Оразгелді Аманов
барды. Осында 1773 жылғы 6 қыркүйекте Е.И.Пугачевтің Кіші жүз ханы Нұралыға
арналған қазақтарға манифесі жазылды. Онда былай делінген: Мен сендердің
бәріңді қалдырмай, адал, қорғасын беремін, бастан аяққа дейін
киіндіремін[5].
Ол 200 адамнан тұратын жауынгерлік қосын жіберуді сұрады.
Пугачев Жайық қалашығына келіп, өзін ІІІ Петрмін деп жариялады.
Казактар өз патшасына адалдыққа ант берді. Пугачевтің төңірегіне оның
сыбайластары мен серіктері: И.Зарубин – Чика, А.Овчинников, А.Витасинов,
В.Меркульев, М.Логинов, Т.Мясников, Г.Бородин, Я.Пономарев, А.Губанов,
М.Шигаев, М.Почиталин, Б.Караваев және басқалар топтасты.
Алайда қалада болу қауіпті еді. Пугачев өз жақтастарымен
Кожевниковтың хуторына, содан соң Толкачевтің хуторына барды және сол
жерден 1773 жылғы 17 қыркүйекте 500 адамнан тұратын отрядпен Жайық
қалашығын қоршау үшін жақындап келді[6].
Өз жоспарларында Пугачев казактарға, оның үстіне қозғалыстың бас
кезінде нақ Жайық казактарына сенім артты. Аталған жарлықта 1773 жылғы
қыркүйектің орта шенінде ол былай деп жазды: Мен, ұлы патшалардың,
қазақтарға, қалмақтар мен татарларға кешірім беремін. Барлық кінәларында
кешіремін және мен сендерге: басынан сағасына дейін өзен және жер, шөп те,
ақшалай айлық та, қорғасын да оқ-дәрі де, астық, азық -түлігін де сыйға
тартамын[7].
20 қыркүйекке қарай Нұралы хан адам саны 1000 -ға жуық жасағымен
Жайық қалашығына келді. Осы жасақпен бірге пугачевке Нұралы ханнан мынадай
хат жетті: Сіз жолдаған хабар маған жетті. Мен сіздердің хабарларыңызды
білу үшін Жайық қалашығына келдім. Егер сіз бізге бұрын да патша болсаңыз,
өз күшім қаншаға жетсе – сөзсіз қызмет ететін боламын[8]. Қазақ ханының
ордасындағылар жаңа патшаның жалған атты жамылушы екенін түсінді және
оқиғалардың қалай өрбитіні әлі белгісіз болатын. Сондықтан ханның жасағы
Жайық қаласына шабуыл жасамақшы болған жоқ, оның үстіне қалашықты қоршау да
созлып кетті.
Осындай жағдайда Нұралы хан Е.И. Пугачевке ашық көмек көрсетуден
тартынды. Қазақ ханы, сұлтандар мен оның төңірегіндегілер көп кешікпей
Жайық қалашығын тастап кетіп қалды.
Құжатта бұл туралы былай делінген: Сондықтан қарақшы Досалы сұлтанды
жеке өзі көруге, қарақшы оны Ресейдің әскери қолымен жасалған әрекетке
өзімен, қарақшымен бірге жүруге шақырды, Досалы сұлтан онымен бірге жүрді.
Алайда қазақтардың Жайық қалашығына оның, қарақшының шабуылы кезінде екі
жақ та табысқа жетпеді. Сондықтан қарақшы осы қаладан Досалы сұлтанды
өзінен босатып жіберді[9].
Көп кешікпей сұлтандар мен билер патшаның отаршыл өкімет орындарына
өз қызметін ұсынды. Осы арқылы ханның ғана емес, көпшілік сұлтандардың да
бүкіл көтеріліс кезеңіндегі мінез – құлқының бағыты айқындалды. Нұралы
ханға келетін болсақ, ол арал әскерінің атаманы М.Бородинге, Орал
қалашығының коменданты Симоновқа және Орынбор губернаторы И.А.Рейнедорфқа
өз қызметін ұсынды.
1773 жылғы 20 қыркүйекте Пугачев қазақтарға жаңа манифест арнады:
Менің адал қызметшілеріме де, әскерлерге де жариялансын: менен
еріктілерге де және мені құрметтейтін менің барлық еріксіздеріме де
әмірім, сендердің әскерлерің қарсыласпасын, мен солар үшін ренжіп тұрмын,
сөйтіп олар мен, ұлы патша ағзам үшін тырысатын болсын. Олардың
тыңдамайтындарын қазір де, алдағы кезде де жазалайтын боламын[10].
Пугачев Жайық қалашығын тікелей шабуыл жасап ала алмады. Оны қоршау
үшін шағын отряд қалдырып, негізгі күштері Орынборға кетті. Жол – жөнекей
Чернореченск және Татищево бекіністерін алды. Казактарға үндеуінде
Пугачев өзін ұлы патша Петр Федерович деп атады. Ол помещиктерді
жазалауға, дін ұстану бостандығы құқығын қайтаруға, ал казактарға,
басқаларының бәріне қоса, ақшалай айлық төлеуге уәде берді[11].
Е.И.Пугачевтің қазақтарға алғашқы үндеулері мен матифестері қауымдар
мен жүздерде қолдау тапты. Патша өкіметі мен казактардың қазақтар
жөніндегі әрекеттері дала жатқан шектерге, станциялар мен кордондарға
шапқыншылықтар жасауды жандандыра түсті.
Құжаттардың дәлелдеуінше, өз еркімен құрылған қазақ жасақтары Жайық
қалашығына, Озерная, Сахарная бекіністеріне, Кожехаровский форпосына,
Красногор дистанциясының бекіністері мен форпостарына жақындады. Жайық
өзенінен өтіп адамдарды тұтқынға алды, даланың бір шетіне мал айдап әкетті.
1773 жылғы 5 қазанда Орынборда қоршау басталып, ол бес ай бойы – 1774
жылдың наурызына дейін созылды. Орынборды қоршағанда Пугачев әскерінің
құрамында шамамен 500 жайық, 300 елек, 600 Орынбор казактары, 400 қарғалы
және сақмар татарлары, 700 башқұрт, көптеген қалмақтар болды. Барлығы үш
мыңдай адам қатысты[12].
ХVІІІ ғасырдың 80-жылдарында Орынборда кез келген адамдар, ал
көпшілік бөлігі бойынша қызмет ететін әскери және штаттағы шенді 2866
адам тұратын үйлер болды. Олардың арасында көпестер – 2061 адам. Соның
ішінде саудагер татарлар – 1986 адам - , ал оның үстіне орынбор
казактарына да, оларда ауқатты адамдар көп, сауда жасауға рұқсат етілген
және олар сауданы аз жасамайды.
Орынбор казактары жылына 15 сомнан, жүзбасылар, 30 сомнан, жасаулар –
50 сомнан айлық алып тұрды. Бекіністі дуалдарға 55 зеңбірек орналастырылған
еді, ол қаланың өзінде дала зеңбіректері көп болатын[13].
6 қазанда Орынборды тікелей шабуылмен алуға әрекет жасалды, алайда ол
табысқа жеткізбеді.
Орынборды қоршау алдындағы кезеңде қазақтар арасында бүлікшілік
қозғалыс неғұрлым белсенді сипат алды. Рейнсдрофтың Петербургке жолдаған
құпия хабарламасында былай делінген: Мұндағы жағдай күмәнді ғана емес,
қауіпті де, өйткені мынаны есіткен қазақтар да абыржулы және бекіністер
жанында үлкен топтар болып жүріп, өздерінен сақтануға, мәжбүр етуде.
Қысқасы, осындағы губернияда мекендейтін барлық халықта аса үлкен қобалжу
жасалды.
Орынборды қоршау барысында Пугачев екі манифест жазуға өкім берді.
Олардың біреуі қазақтарға арналды. Мәтінді Жайық казагы, Татар Тангайши
жазды. Манифест Жайық қалашығына жақын жерде көшіп жүрген Досалы сұлтанға
арналды.
1773 жылдың қазан айында Сейдалы сұлтан бастаған 200 адамнан тұратын
жасақ қоршаудағы Жайық бекінісіне келді. Қазақтар Кулагин бекінісін алуға
да қатысты. Бекініске шабуыл жасауға бірнеше пугачевшілермен бірге атаман
Толкачев басшылық етті. Татищев бекінісін қоршауға да қазақ
көтерілісшілерінің жасағы қатысты, олрға қазақ ханының баласы басшылық
жсады. Ол қоршау кезіндегі қақтығыстардың бірінде өлтірілді.
Пугачевтің 1773 жылғы қазан айының басындағы станцияларды алу және
үкімет әскерлерімен қақтығыстар кезіндегі табыстары халықтың
көтерілісшілерге телектестігінің өсуіне себепші болды.
Қазақтардың бір бөлігі Жайыққа қарай, Верхнеяицк және Нижнеяицк
шептеріне ұмытылды. Қазан, қараша айларында Орынбордың оңтүстік жағындағы
бекіністерге барымта жасалған көптеген жағдайлар орын алды. Қазақтар
Жайықтың арғы бетіне жаппай өтті, бұған 1764 жылы арнаулы жарлықпен тыйым
салынған еді. Черный яр маңында қазақ көштері пайда болды. Астрахан
губернаторы 1000-ден қазағын шақырды. Нижнеяицк шебіне 300 казак
шақырылды.
1774 жылдың наурызында қазақтардың үлкен жасағы Өзен арқылы даламен
жүріп өтіп, Еділ ауданында осында пугачевшілер келген жағдайға арнап
қойлыған бекіністерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтардың е.пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
Қазақстанның солтүстік – батысында Ресей билігінің күшеюі (XVІІІ – ғасырдың ортасы мен ХІХ ғасырдың бірінші ширегі)
Е. Пугачев көтерілісінің сипаты
Қазақтардың Е.И.Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы
Е.И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі
Көтерілістің 1774 жылы қазақ жүздерінде дамуын теориялық зерделеу
Қазақтардың Орынборды қоршауға қатысуы
Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясаты
ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет
Пәндер