Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы
Д И П Л О М Ж Ұ М Ы С Ы
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Орындаған:
4 курс студенті
Ғылыми жетекші:
Ф. ғд., профессор
Норма бақылаушы:
Ф. ғ. к., аға оқытушы, доцент
Қорғауға жіберілді:
«» 2009 ж.
Кафедра меңгерушісі:
ф. ғ. д., профессор
Алматы - 2009
Р Е Ф Е Р А Т
Жұмыстың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы.
Жұмыстың жалпы көлемі: 58.
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 40.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан ( I. Назирашылдық дәстүрдің қалыптасу, даму кезеңдері. II. Шәкәрім және шығыстың поэмасы. III. Ақын шығармаларындағы сопылық ілімнің іздері) және тараушалардан, қорытынды бөлімі, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Ақын шығармашылығына шығыстың әсер еткен ықпалы, соның нәтижесі болып табылатын атақты «ЛәйліМәжнүн» дастанының назира дәстүрімен қазақ топырағында қазақ тілінде сөйлеуі, оның алған сипаты - зерттеудің басты мақсаты. Осы орайда, төмендегідей мәселелерді қарастыру міндеті қойылды:
- Орта ғасырда пайда болған, онан кейінгі XIX -XX ғасырда өзінің жалғасын тапқан назира дәстүрінің таралу тарихын жинақтай отырып шолу; Назира дәстүріне тән өзіндік нақыштарын белгілеу;
- Шәкәрімнің ақындық даму жолына әсер еткен ортаны белгілеу;
- Дастанның әдеби негізін анықтау;
- Шәкәрім жырлаған «ЛәйліМәжнүн» дастанына талдау жасау;
- Дастанның көркемдігіне тоқталу;
- Шәкәрім танымындағы, дастандағы сопылық идеяның сырын ашу:
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: XIII-XIV ғасырлардағы түркі тектес халықтар әдебиетіндегі негізгі бағыттардың бірі өткенге назар салу, өз заманындағы тірліктынысына ұқсас жауапты өткен ойшылдар мен ұлылардың шығармаларынан тауып, соларды өз тілінде қайта сөйлетуге ұмтылыс, кейде одан асырып жазу, талант биігін танытуға талаптану еді. Мұндай ағымның бел алуына бір кезде әлФараби ден қойған Қайта өрлеудің сол дәуірде жер жүзі мәдениетіне жайылып жатуы орасан әсерін тигізді. Бұл әсерлер классикалық парсы әдебиетіне еліктеуден, сондағы Қайта өрлеу идеясына бой ұрған ақындардың шығармаларын, бұрынғы арабпарсы әдебиеті үлгілерін өз заманына лайықтап қайта жаңғырту талпынысынан туған шығармалардан көрінді. Мұны нәзира дәстүрі деп атады. Бұл дәстүр қазақ тарихында бодандық бұлты қоюлаған тұс XIX-XX ғасырда жалғасын тапты. Диплом жұмыста төл әдебиетімізде осы дәстүрді жалғастырушы ретінде Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармасы нысан етіп алынды.
Жұмыста қолданылатын әдістер: баяндау, жүйелеу, салыстыру.
Пайдаланылған дереккөздері ретінде ақынның «Шәкәрім. Шығармалары (1988) атты шығармалар жинағы алынды. Сонымен қатар, Низами Гәнжауи мен Физулидің (Ұлы ақындар кітапханасы. 1968) қолданылды. Теориялық негіз ретінде А. Қыраубайқызы, Н. Келімбетов, Б. Әбдіғазиұлының еңбектері пайдаланылды.
Г Л О С С А Р И Й
Нәзира (араб. назират - жауап, ұқсату мағынасында) - мұсылмандық шығыс поэзиясында орта ғасырларда қалыптасқан әдеби үрдіс. Белгілі бір ақынның өзіне дейінгі классикалық, шығармаға жауап қатуы түрінде, өнер сынасу, өлең жарыстыру мақсатында пайда болған.
Дастан (парс. Сөзі - тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры) - Таяу және Орта Шығыстың, Азияның, оңтүстікшығыстың әдебиеті мен фольклорындағы эпикалық жанр, өлең түріндегі уақиғалы шығарма. Көбінесе бұрыннан белгілі ертегі сюжеттерінің, аңыз, хикаялардың әдеби өңделген түрі болып келеді.
Қисса (араб. әңгіме, ертегі, мысал дегенг мағына береді) - қазақ әдебиетінде кітаби ақындардың Шығыс әдебиетінің сюжетіне шығарған дастандарын, өлеңмен жазылған ертегіхикаяны осылай атайды.
Қара өлең - қазақ халық поэзиясының байырғы жанрларының бірі. Он бір буынды, төрт тармақты болып келеді де, ааба түрінде (қара өлең ұйқасы) ұйқасады және міндетті түрде белгілі бір әуенмен айтылады.
Кітаби ақын - Шыңғыс әдебиетінің араб, парсы, түркі тілдес халықтарында бар поэзияның озық үлгілерін өзінше жырлап, қазақ арасына таратып отырған, шығыс тілінде шыққан кітаптар сюжетін қайта өңдеп, қиссадастандар шығарған өзгешелеу бір топ ақындар.
Мәснәуи - (мәсневи) (араб. - қосарланған деген мағынада), араб, парсы, түркі тілді әдебиеттердегі қос тармақты шумақ қолданылатын өлең түрі. Фирдаусидің «Шахнамасы», Низамидің «Хамсасы» (Бес дастан) секілді шығармаларда осы үлгі қолданған. Мәснәуи өзара ұйқасып келетін қос тармақты өлең деген мағынада да, осы үлгіде жазылған өлеңнің жанрлық түрі деген мағынада да қолданылады.
Сопылық - исламда XIII-IX ғ. ғ. пайда болған дінимистикалық ілім. Сопылық ілім адамды жетілдірудің жекедара мистикалық жүйесі болып табылады. Сопылық жолға түскендер танымның үш сатысынан өтеді. Шариғатты тану, тарихатқа түсу, хақиқатқа жетіп, «фана» болу. Орта Азияға кең тараған Қожа Ахмет Яссауидің ілімі бойынша, сопылықтың төртінші сатысы бар. Ол - мағрипатқа жету. Сопылық ілімнің өкілдері әлҒазали (1059-), орта ғасырлық философ Суфи Алаяр (1720 жылдар шамасында өмір сүрген) .
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- НӘЗИРАШЫЛДЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІXIII-XIY және XIX-XX ғасырлардағы нәзира дәстүрі
а) Алтын Орда дәуірі әдебиетіндегі нәзирашылдық . . . 9
ә) XIX- XX ғасырдың бас кезіндегі жыр бәйгесі - нәзирашылдық дәстүрдің жалғастығы мен көрінісі . . . 12
- Нәзира нақыштары . . . 15
- ШӘКӘРІМ ЖӘНЕ ШЫҒЫСТЫҢ ПОЭМАСЫ
2. 1. Шәкәрімнің ақындық ортасы . . . 17
2. 2. Поэманың әдеби негізі . . . 22
2. 3. «Мен сорлы жоққа ғашық болып өттім . . . » Шәкәрімнің ЛәйліМәжнүн» дастаны . . . 27
2. 4. Дастанның көркемдік ерекшелігі . . . 37
- АҚЫН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ СОПЫЛЫҚ ІЛІМНІҢ ІЗДЕРІСопылық ілімнің Шәкәріммен байланысы . . . 42«ЛәйліМәжнүндегі» сопылық идея . . . 46
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 53
К І Р І С П Е
Жұмыстың жалпы сипаттамасы . XIII-XIY ғасырлардағы түркі әдебиеті көне шығыстан, жер жүзі мәдениетінің сол дәуірдегі дамуынан бөлек, тұйық жатқан құбылыс емес, солармен тығыз байланыстағы дәстүрлі әдебиет. Орталық Азия, Оңтүстік Сібір, Орта Азия, Каспий, төменгі Еділ жағалауында ежелден өмір сүріп келген түркі халықтарының қоғамдық тіршілігінде, тарихында XIII-XIY ғасырда үлкен әлеуметтік өзгеріс болды. Оларды Шыңғысхан бастаған татармонғол шапқыншылары басып алып Алтын Орда мемлекетін құрды. Тасы өрге домалап тұрған монғол шапқыншылары Орта Азияны айналасы үш жылдың ішінде бағындырып үлгерген. Монғолдардың жеңіске тез жеткен себептері: түрлі хандықтарға бөлініп, бытырап жүрген түркі тайпаларының бірігіп күш көрсете алмауынан, бақталас хандардың басы қосылмай, монғолдармен жекежеке соғысуынан болды. Монғол шапқыншылығына дейінгі Дешті Қыпшақтың қалаларында, сауда, өнеркәсіп жақсы дамыған еді. Басқыншылық кезінде бұрынғы гүлденген қалалардың біразы әлсіреді. Сығанақ, Отырар, Үргеніш деген қалалар сауданың қайта жандана бастағанынан байланысты қайта жандана бастады. Шынында да Алтын, Орда мемлекетінің экономикалықмәдени дәрежесі ең алдымен саудаға байланысты болды .
Бұл дәуірде түркі тіліндегі әдеби шығармалардың жанрлық ауқымы кеңейіп, енді Қарахандар дәуіріндегідей тек дидактикалық сарындағы ағартушылық мазмұнды шығармалар ғана емес, сонымен қатар лирикалық шығармалар да көрініс тапты. Бұл дәуірде Хорезмидің «Мұхаббатнамасы», Құтб ақынның «ХұсрауШырыны», Сайф Сарайдың «Гүлстан биттүркиі» сияқты туындалардың негізі көне қыпшақ тілі болғанымен, бұл шығармалар XIII-XIY ғасырларда Алтын орда дәуірінде өмір сүріп, Сыр бойында, Хорезмиде, Каспий маңында, Мысырда тағы басқа аймақтарда тірлік кешкен қыпшақоғыз сияқты руұлыстардың жасаған ортақ әдебиетінің ортақ үлгілері болып саналды. Бұл дәуірде Қарахандар дәуірінен жалғасып келе жатқан дидактикалық бағыт мейлінше дами түсті. Мұның дәлелі ислам қағидалары, Құран шарттары, діни аңыздар, сопылық ілімі секілді таза діни тақырыптарды толғайтын, «Қисса суләнбие», «Гүлстан биттүрк», «Жұмжұма» деген шығармалар осы дәуірде дүниеге келді. Алтын орда дәуірі түркі тілді әдебиетінде аударманәзирашылдық салты өркендеді. Көптеген парсы ақындарының әйгілі шығармалары түркі тіліне аударылды. Түпнұсқа шығарманың өлең өлшемін сақтау, ұйқас жүйесін үлгі тұту және сюжеттік үлгісін өзгертпеу нәзира дәстүрінің басты шарттары болғандықтан арабпарсы поэзиясынан нәзира түзген түркі өлеңі көркемдік тұрғыдан көптеген өзгеріске ұшырады. Шығыс ақындарының көптеген мәснауи поэмаларына қазақ поэзиясында да нәзиралар жазылғанымен, қазақ ақындары нәзира дәстүрінің шығыс поэзиясындағы қағида заңдылықтарының бәрін сақтай бермеген, шығыстық нәзира салты бойынша түпнұсқа туындының сюжеттік желісі, идеялық мазмұнымен бірге өлең үлгісі, ұйқас жүйесі, тіпті өлшем қалыбы да сақталуға тиіс. Шығыстық шығарманың тартымды сюжетін, терең ойидеясын, аса бай поэтикалық қазынасын пайдаланған қазақ ақындары оның өлең үлгісін қайталамай, көбіне қазақ оқырманының қабылдауына жеңіл, талғамына сай ұлттық төл поэзиямыздың ықылым заманнан келе жатқан - қара өлең түрін таңдайды. Негізінен шығыстық үлгідегі түркі классикалық өлең дәстүрінде қостармақ бәйіттің алар орны қандай болса, қазақ поэзиясы үшін қара өлеңнің де маңызы сондай. Осындай шығыстың үлгілі дастандарының бірі «ЛәйліМәжнүнді» қазақ даласына әкеліп, қара өлең үлгісімен қазақша сөйлеткен қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің сан ғасырлық қалыптасып даму кезеңінде өшпес өнеге қалдырып, рухани болмысымызды жетілдіру жолында таусылмас терең тағылым көрсетіп, әдебиет әлеміне ұлттық нәр, сан қырлы нақыш сыйлаған замана заңғарларының бірегейі Шәкәрім Құдайбердіұлы болды. Ақынның абзал есімі туған халқымен қауышқаннан бері қарай ойшылдың тұлғалық дара болмысы, оның телегей теңіздей мұралары әр қырынан кешенді түрде зерттеле бастады. Ардақты ақынның әзиз есіміне құрмет ретінде асыл сөз жауһарлары мен келісті де көркем теңеулердің қандайын теңесек те, қаламгердің тұлғалық қасиетіне жарасымды. Өйткені Шәкәрім ойшыл - барлық ізгілік әлемінің сан түрлі мөлдіреген маржандары мен құндылық қасиеттерін бойына сіңірген біртуар ақын. Ол - кемеңгер философ, әсем әуезді майталман музыкант, сырлы сезімді, нәзік лепті лирик, терең құлашты, кең қарымды эпик әрі сан ғасырлар қойнауының сиқырлы да сырлы шежіресін біздің дәуірімізге жеткізуші тарихшы. Осы хақында ғалым, көрнекті жазушы Мұхтар Мағауин былай дейді: «Өз заманында зор даңққа жеткен, Абайдан соңғы кезеңде әдебиетіміздің абыройлы ақсақалы саналған Шәкәрім өнернамасы екі ғасыр шегінде бүкіл қазақ халқының рухани әлемінің бір бөлігіне айналған еді. Шәкәрім ақын ғана емес, тарихшы, философ ретінен де кеңінен танымал болды» (1, 1) .
Тарихшы демекші, Шәкәрім қаламынан туған тарихи сипаттағы туындылар өткен дәуірлегі қазақ халқының басынан өткерген тарихи кезеңінің талайталай тылсым тұстарынан хабардар етеді. Әлбетте, әдебиет - тарихтың айна қатесіз, дәлмедәл көшірмесі емес, әдебиет - халық өмірінің көркемдік шежіресі, рухты шаттандырар әсемдік әлемі, эстетикалық ләззәтқа бөлеп, көркемдік таным биігіне жетелейтін сұлулық дүниесінің ғажайып сазы мен әсерлі әуені.
Жинақтап айтсақ, Шәкәрімнің эпикалық шығармаларының поэзиялық және прозалық тілмен жазылғандары, сондайақ аударма арқылы келгендері, белгілі бір сюжетке нәзирагөйлік дәстүрмен жазғандары да бар. Оның тарихи негізді поэмалары «ЕңлікКебек», «ҚалқаманМамыр» және «ҚартайлақАйсұлу» болса, тарихиәдеби дәстүр негізінде жазылғаны жоғарыда атап көрсеткендей «ЛәйліМәжнүн» дастаны. Шәкәрім әдеби негізін Физулиден алып нәзира дстүрі бойынша қайта жырлаған «ЛәйліМәжнүн» поэмасы - ақынның шығармашылығында өзіндік орны бар туындылардың бірі. Абайдың ақындық мектебінен тағылым алған, Абай баптаған ақындық ортаның белді өкілі, Абай жолын білімдарлықпен, көркемдікті меңгеру деңгейінде жалғастыра білген Шәкәрім осы поэмасы арқылы шығыс өмірімен өз халқының өміріндегі ортақ дүниелерді шебер байланыстыра отырып, өз топырағына лайықтап, заманының талаптарына сай жырлап отырып, әр құйғаны, ондағы тартысшиеленістерді өз табиғатымен, қазақ өмірімен ұштастырады.
Өзінің өмірлік бағытына негізгі ұстаным етіп алған гуманизм идеясы - имандылық пен инабаттылыққа негізделген ислам қағидалары, өзара түсіністік, бірбірін құрметтеу. Кезінде ұлы Абайдың «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» дегендей, сол ұстаз жолын жалғастырған Шәкәрім де екі жаққа бірдей назар салды. Сөйтіп, әлемдік ой парасатына ұмтылыс жасады, жаһандық сөз өнерін танып білуге, ондағы бар қасиеттерді бойға сіңіруге талпынады, өз ұлтының игілігіне айналдыруды көздейді. Көркемдік танымда да, қоғамдық танымда да, өмірдің тіршіліктің барлық саласында осы ұстаныммен іс атқарған Шәкәрім ақын бір кездегі Абай үшін шығысы болып кеткен алтын көпірді онан әрі кеңейтті, іргесін нықтап бекітті. Оның Физули, Пушкин шығармаларын өзіндік өзгеше үлгіде қайта жырлап қазақшалауы ақынның түйсіктүсінігіне ғана емес, өзі бір перзенті болып табылатын ұлттың, халықтың сұранысы мен қажетін өтеуіне лайықты атқарған іс деп білеміз.
Жұмыс тақырыбының зерттелу деңгейі. 80 - жылдардың соңынан бастап Шәкәрімнің шығармашылық мұралары шынайы ғылыми тұрғыдан, монографиялық сипатта жанжақты зерттеле бастады. Соңғы оншақты жылдың көлемінде шәкәрімтану ғылымының іргесі бекіп, керегесі кеңи түсті. Шәкәрімді зерттеу, оның шығармалары туралы пікір айту бүгін ғана басталған іс емес. Шәкәрімтанудың тұңғыш іргетасы ақынның көзі тірісінде қаланған. Кезінде қазақ зиялыларының бірі Әлихан Бөкейхановтың 1915 жылы «Қазақ газетінің №121 санында Шәкәрім ақынның «ҚалқаманМамыр» поэмасы туралы жазылған талдау мақаласы «Қыр баласы» деген бүркеншік атпен жарыққа шыққан. Шәкәрімнің ақындық табиғаты, Абайдан кейінгі әдебиеттен алатын орны туралы тұңғыш байыпты пікір айтқан Мұхтар Әуезов болды. 1934 жылы «Әдебиет майданы» журналының №11-12 санында жарияланған «Абай ақындығының айналасы» деген мақаласында Мұхтар Әуезов Шәкәрімді Абай дәстүрін талантты жалғастырушылардың, ұлы ақын шәкірттерінің қатарына қосады. Шәкәрімнің шығармашылық мұрасын жариялау, насихаттаумен қатар ол туралы ғылыми тиянақты пікір айтушылардың қатарында Сәкен Сейфуллин де болды. Ақынның «ЛәйліМәжнүн» кітабына жазған алғысөзінде Сәкен Сейфуллин Шәкәрім талантын жаңа бір қырынан сипаттап береді.
Тәуелсіздігімізден бергі заманда әдебиеттану ғылымы бойынша Шәкәрім шығармашылығы қарқынды зерттеле бастады. Білікті ғалым Алма Қыраубаеваның 1997 жылы қорғалған «Қазақ әдебиетіндегі шығыстық қиссадастандардың шығу төркіні мен қалыптасуы» атты докторлық диссертациясы, белгілі шығыстанушы ғалым Өтеген Күмісбаевтың Шәкәрім мен Шығыс әдебиетінің байланысы жайлы зерттеулері, Балтабай Әбдіғазиұлы 2001 жылы «Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері» атты тақырыпта қорғалған докторлық диссертациясының бір тарауын Шәкәрім шығармашылығындағы нәзирашылдық дәстүріне арнап жазса, Шәкәрім шығармаларындағы сопылық таным жайлы Салтанат Ізтілеуова, Қыдыр Төрәлі т. б. зерттеушілер қалам сілтеп жүр.
Басқа да ғылым салаларынан диссертациялық жұмыстар жазылып жатыр. Мәселен, Г. Әбдірасылова «Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясындағы адам мәселесі» атты тақырыпта \1996\, ал А. Айтбаева «Шәкәрім Құдайбердіұлының діниэстетикалық көзқарасы» \1996\ атты тақырыпта кандидаттық диссертация жазған. Өнертану ғылымы бойынша А. Сабирова «Абай және Шәкәрім: музыкалық эстетика және ән стилі» атты тақырыпта, А. Әміребаев «Шәкәрім Құдайбердіұлының мәденитарихи тұрғыдағы дүниетанымы» атты тақырыпта кандидаттық диссертациялар қорғады. Мұндай қорғалып жатқан жұмыстар Шәкәрім шығармашылығын танып, білуге ғылымның, қоғамның сұранысынтасы ерекше екенін көрсетеді. Басқаша айтсақ, Шәкәрімнің шығармашылық өмірі, шығармалары мен еңбектері гуманитарлық ғылымдар контексінде кеңінен зерттеле бастады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Бұл жұмыста Шәкәрімнің шығармашылығына шығыстың әсер еткен ықпалы, соның нәтижесі болып табылатын атақты «ЛәйліМәжнүн» дастанының назира дәстүрімен қазақ топырағында казақ тілінде сөйлеуі, оның алған сипаты - зерттеудің басты мақсаты. Осы орайда, төмендегідей мәселелерді қарастыру міндеті қойылды:
- Орта ғасырда пайда болған, онан кейінгі XIX -XX ғасырда өзінің жалғасын тапқан назира дәстүрінің таралу тарихын жинақтай отырып шолу;
- Назира дәстүріне тән өзіндік нақыштарын белгілеу;
- Шәкәрімнің ақындық даму жолына әсер еткен ортаны белгілеу;
- Дастанның әдеби негізін анықтау;
- Шәкәрім жырлаған «ЛәйліМәжнүн» дастанына талдау жасау;
- Дастанның көркемдігіне тоқталу;
- Шәкәрім танымындағы, дастандағы сопылық идеяның сырын ашу:
Жұмыстың теориялық және методологиялық негіздері.
Қазақ әдебиеттану ғылымының жетістіктері осы жұмыста басшылыққа алынды. М. Әуезов, М. Мағауин, Н. Келімбетов, А. Қыраубайқызы, Ш. Сәтбаева, Ә. Дербісәлин, Ө. Күмісбаев, Б. Әбдіғазиұлы секілді ғалымдардың әдебиеттану мен әдебиет тарихына қатысты ойтұжырымдары жұмыстың теориялық жағын қамтыса, Шәкәрімтану библиографиялық көрсеткіші дерекмәлімет іздеуге өз септігін тигізді.
Жұмыстың дереккөздері ретінде ақынның «Шәкәрім. Шығармалары (1988) атты шығармалар жинағы алынды. Сонымен қатар, Низами Гәнжауи мен Физулидің шығармалары (Ұлы ақындар кітапханасы. 1968 ж) қолданылды.
Жұмыстың нысаны, деректілік негізі.
Жұмыстың негізгі нысаны ретінде Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы қарастырылып, ақынның «ЛәйліМәжнүн» дастаны талдауға алынды.
Жұмыстың зерттеу әдістері. Жұмыстың зерттеу барысында баяндау, жүйелеу, салыстыру әдістері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен және оның тараушаларынан, қорытындыдан және де пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Нәзирагөйлік дәстүрдің қалыптасу, даму кезеңдері.
Аңдату
Әр ұлттың жазба мұралары мен әдебиет тарихы алыс ғасырлар қойнауына енген сайын, ол барынша құнды болып, барша адамзат баласының ортақ қазынасына айналатыны белгілі. Осы тұрғыдан алып қарағанда түркі халықтарының әдебиеті бірнеше ғасырлар үлесінде жатыр десек, артық айтқандық болмас. Бұл туралы қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші ғалым Н. Келімбетов Түркиялық Н. С. Бонралының «Түрік әдебиеті тарихы» атты кітабынан: «Түрік әдебиетінің жиырма жеті ғасырлық тарихы бар. Бұл әдебиет Кореядан Еуропаға созылып жатқан Орта Азия, Қорасан, Иран, Үндістан, Әзербайжан, Анадолы, Мысыр, Сирия, Ирак т. б. көптеген жерлерде мемлекет құрған түріктер жасаған әдебиет» (2, 195) деген мәлімет келтіреді. Расында, түркілер өткен тарихта ірі оқиғалардың куәсі болып қана қоймастан, керек кезінде сондай ұлы өркениетті жасаушы да бола білді. Өзінің басынан өткенін кейінгі ұрпаққа аңызәпсана ретінде жеткізіп, одан бері де мәңгі өшпестей тасжартастарға ойып жазып отырды. Түркілер тарих сахнасына көтерілгелі бері көрші жатқан шығыстағы көне Қытай, Монғол мен батыстағы бір кездері грекрим мәдениетімен өркениеті бар парсы тілдес халықтармен қарымқатынас орнатып, мәдени әрі әдеби байланыстар жасады. Сондай мәдени тоғысулардың арқасында түркі даласында өшпестей болып, тарих, ұмытылмастай болып мәдениет пен әдебиет қалды. Өзімен бірге Шығысқа ұлы серпілісті алып келген ислам дініне дейінақ, түркілер өздерінің бай мәдениеті мен әдебиетін, жазуын қалыптастырып үлгерді. Оған ОрхонЕнисей, Талас бойынан табылған Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштері куә. Аталмыш тас ескерткіштерінде түркі халықтарының көне тарихы мен әдебиетіне қатысты мол дүниелер жазылды. Ислам діні келісімен бұл бай мұралар Шығыстың алтынжауһарларымен толысып, тағы бір саты жоғарыға көтерілді. Әдебиетке жаңаша тақырып, сом образдар әкелді. Бұрынғы руна жазуын араб алфавиті ауыстырды. Ғылым мен білім жаңа сатыға көтерілді. Әдебиеттанушы ғалым С. Қирабаевтың: «Қазіргі қазақ әдебиетінің ұзақ даму жолын шолып қарасақ, оның бай фольклорына қоса ерте ғасырдан бастапақ түркі тектес халықтармен ортақ әдебиет жасағанын көреміз. Көне түркі ескерткіштеріндегі жазулар (Орхон, Күлтегін, БілгеҚаған, Тоныкөк) мен «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнаме», дастанында кездесетін эпостық жыр үлгілері, аңыз әңгімелер, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі», Махмұт Қашқаридың «Түркі тілдірінің сөздігі», Қожа Ахмет Иассауидің «Даналық кітабы», Ахмет Иугінекидің «Ақиқат сыйы», кейінірек туған «Кодекс Куманикус», «Махаббатнаме», «Қисса суләнбие» кітаптарында басылған халық өлеңдері мен дастандарының үлгілері, мақалмәтелдері осыны айғақтайды» (3, 17) деп жазғанындай, қазақ әдебиетінің тарихы тереңдей түсті. Өкінішке орай мұндай құнды болмысы бар қазақ әдебиеті бірнеше жылдар бойы толық зерттелмей келді. Ортағасырлық әдеби жәдігерліктерді зерттеудегі басты кедергі - ол шығармалардың діни астар алуында, не дінді көркем тілмен үгіттеуінде еді. Сондықтан де ежелгі дәуір әдебиеті біраз жылдарға дейін тың тақырыптар болып келді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz