«Берік-Қара» ЖШС мәліметтері арқылы негізгі өндірістік қорды ұтымды пайдалану шараларын дайындау



Кіріспе
1. Кәсіпорындағы негізгі қорларды тиімді пайданудың теориялық негіздері
1.1. Нарықтық қатынас жағдайындағы негізгі қорларды ұтымды пайдаланудың мәні мен маңызы
1.2. Негізгі қорлардың қолданылу тиімділігін көрсететін көрсеткіштер және оларды бағалаудың жолдары
1.3. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін арттыру факторлары
2. Берік.Қара ЖШС негізгі қорларының қолданылуын экономика.математикалық талдау
2.1 Кәсіпорынның даму тарихы
2.2 Кәсіпорынның өндірістік және басқару құрылымы
2.3 Кәсіпорынның 2007.2009 жылдардағы техника.экономикалық көрсеткіштері
2.4 Өткізілген өнім мен қызметтің көлемін талдау
2.5 Негізгі қордың құрамы мен құрылымын талдау
2.6 Жабдықтың жастық құрамын талдау
2.7 Негізгі қордың қолданылу тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді талдау
2.8 Жабдықты пайдаланудың факторлық талдауы
2.9 Негізгі қордың қолданылуын көрсететін негізгі көрсеткіштердің кәсіпорын жұмыс нәтижесіне тигізетін әсерін корреляциялық.регрессиялық әдіспен талдау
3. Жобаланатын шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
3.1. Шара. Бір уақыттық жүктемесі 50 кг кір жуу машинасын енгізу
3.1. Шара. Өнімділігі 20 кг /сағ болатын кептіру барабанын енгізу шарасы
Қорытынды
Пайданылған әдебиет
Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыра отырып, ел экономикасының шикізаттық даму бағытынан арылып, өңдеуші өнеркәсіптерді дамыту жолымен экономика саласын диверсификациялау арқылы тұрақты даму жолына қол жеткізуді көздейді. Сондықтан өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге жарамды және экспортқа бағытталған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісі мемелекеттің индустриалды-инновациялық саясатының басты мақсаты болып табылады.
Бұл бағдарламаны жүзеге асыру экономика құрылымына сапалы өзгерістер әкелетіндігімен, соның ішінде адамзат, өндіріс және табиғи қорларды тиімді пайдалана отырып, экономиканың тұрақты өсуіне ықпал ететіндігімен сипатталады.
Қазіргі таңда негізгі өндірістік қорлардың жағдайы мен оларды тиімді пайдалану кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесіне тікелей әсер етеді. Кәсіпорында негізгі қорлар мен өндірістік қуатын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру барлық технико-экономикалық көрсеткіштердің оң нәтижесін көрсетеді. Соның ішінде өнім көлемінің өсуіне, өзіндік құнның төмендеуіне, еңбек сыйымдылығына, табыстың және өндіріс рентабелділігінің өсуіне ықпал жасайды.
Кәсіпорында негізгі қорларды қалыптастыруда ұтымды саясат жүргізудің маңызы зор. Ол ең алдымен кәсіпорында шығарылатын тауарларға нарықтық талаптарды және негізгі өндірістік қорлардың салалық ерекшеліктерін ескеру негізінде жүргізілуі тиіс. Кейінгі кезде еліміздегі өнеркәсіптегі негізгі қорлардың жағдайына ерекше мән берілуде. өйткені, оларды пайдалану деңгейі өнеркәсіптің және жалпы халық шаруашылығының даму жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Мұнымен қай кезде де кәсіпорындарда негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану мәселесіне үнемі назар аударылатыны түсіндіріледі.
Экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны іске асыру үшін алдағы міндет - бәсеке қабілетті экономика үлгісін таңдап, экономиканың негізі - өндірісті дамыта отырып, шикізат өндіруде қоршаған ортаны ластамай бірте-бірте таза өндіріске көшу, яғни қалдықсыз өндіріс деңгейіне жету жолында нарықтық тетіктерді қолдануымыз керек.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 5
1. Кәсіпорындағы негізгі қорларды тиімді пайданудың теориялық 7
негіздері
Нарықтық қатынас жағдайындағы негізгі қорларды ұтымды пайдаланудың 7
мәні мен маңызы
1.2. Негізгі қорлардың қолданылу тиімділігін көрсететін көрсеткіштер 12
және оларды бағалаудың жолдары
1.3. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін арттыру факторлары 21
2. Берік-Қара ЖШС негізгі қорларының қолданылуын 25
экономика-математикалық талдау
2.1 Кәсіпорынның даму тарихы 25
2.2 Кәсіпорынның өндірістік және басқару құрылымы 26
2.3 Кәсіпорынның 2007-2009 жылдардағы техника-экономикалық 28
көрсеткіштері
2.4 Өткізілген өнім мен қызметтің көлемін талдау 30
2.5 Негізгі қордың құрамы мен құрылымын талдау 36
2.6 Жабдықтың жастық құрамын талдау 41
2.7 Негізгі қордың қолданылу тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді 42
талдау
2.8 Жабдықты пайдаланудың факторлық талдауы 43
2.9 Негізгі қордың қолданылуын көрсететін негізгі көрсеткіштердің 46
кәсіпорын жұмыс нәтижесіне тигізетін әсерін
корреляциялық-регрессиялық әдіспен талдау
3. Жобаланатын шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу 48
3.1. Шара. Бір уақыттық жүктемесі 50 кг кір жуу машинасын енгізу 48
3.1. Шара. Өнімділігі 20 кг сағ болатын кептіру барабанын енгізу 50
шарасы
Қорытынды 55
Пайданылған әдебиет 56

Кіріспе

Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы мемлекеттің
экономикалық саясатын қалыптастыра отырып, ел экономикасының шикізаттық
даму бағытынан арылып, өңдеуші өнеркәсіптерді дамыту жолымен экономика
саласын диверсификациялау арқылы тұрақты даму жолына қол жеткізуді
көздейді. Сондықтан өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында
бәсекеге жарамды және экспортқа бағытталған тауарлар, жұмыстар және
қызметтер өндірісі мемелекеттің индустриалды-инновациялық саясатының басты
мақсаты болып табылады.
Бұл бағдарламаны жүзеге асыру экономика құрылымына сапалы өзгерістер
әкелетіндігімен, соның ішінде адамзат, өндіріс және табиғи қорларды тиімді
пайдалана отырып, экономиканың тұрақты өсуіне ықпал ететіндігімен
сипатталады.
Қазіргі таңда негізгі өндірістік қорлардың жағдайы мен оларды тиімді
пайдалану кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесіне тікелей әсер
етеді. Кәсіпорында негізгі қорлар мен өндірістік қуатын ұтымды пайдалануды
ұйымдастыру барлық технико-экономикалық көрсеткіштердің оң нәтижесін
көрсетеді. Соның ішінде өнім көлемінің өсуіне, өзіндік құнның төмендеуіне,
еңбек сыйымдылығына, табыстың және өндіріс рентабелділігінің өсуіне ықпал
жасайды.
Кәсіпорында негізгі қорларды қалыптастыруда ұтымды саясат жүргізудің
маңызы зор. Ол ең алдымен кәсіпорында шығарылатын тауарларға нарықтық
талаптарды және негізгі өндірістік қорлардың салалық ерекшеліктерін ескеру
негізінде жүргізілуі тиіс. Кейінгі кезде еліміздегі өнеркәсіптегі негізгі
қорлардың жағдайына ерекше мән берілуде. өйткені, оларды пайдалану деңгейі
өнеркәсіптің және жалпы халық шаруашылығының даму жағдайына айтарлықтай
әсер етеді. Мұнымен қай кезде де кәсіпорындарда негізгі өндірістік қорларды
тиімді пайдалану мәселесіне үнемі назар аударылатыны түсіндіріледі.
Экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриалды-инновациялық
стратегияны іске асыру үшін алдағы міндет - бәсеке қабілетті экономика
үлгісін таңдап, экономиканың негізі - өндірісті дамыта отырып, шикізат
өндіруде қоршаған ортаны ластамай бірте-бірте таза өндіріске көшу, яғни
қалдықсыз өндіріс деңгейіне жету жолында нарықтық тетіктерді қолдануымыз
керек.
Отандық өнеркәсіптің тұрақты дамуына әсер ететін кедергілердің біріне
өнеркәсіптегі техника сапасының төмен деңгейі болып отыр. Негізгі қорлардың
моральдық және табиғи тозуға ұшырауы, кәсіпорындардағы өндірістің ескі
құрал-жабдықтармен жұмыс істеуі импорттың аналогтармен
бәсекеге түсе алмайтын сапасы төмен өнім өндіруге әкеп соқтырады. Өнімге
сұраныстың аздығынан өндірістік қуат та толық жүктелмейді.
Қазіргі кезде қолданылатын техниканың ішінде де моралдық және табиғи
тозығы жеткен құрал-жабдықтардың үлесі көп деп айтуға болады. Тоқтап тұрған
құрал-жабдықтарды іске қосу шараларын ұйымдастыру әлеуеті төмен болып отыр.
Жалпы моральды және табиғи тозығы жеткен өндірістік аппарат басым.
Өндірістегі құрал-жабдықтардың орташа жасы 20 жылдан астам.
Бұндай қорларды ұзақ уақыт сақтау еліміздің өндірістік аппаратының әрі
қарай ескіруіне әкеп соқтырады, экономиканың жоғарғы қарқынмен ішкі дамуына
және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті жоғары өнім өндіруге мүмкіндік
бермейді. Еліміздің техникалық артта қалуы күшейе түседі және ол жыл өткен
сайын жинақталған ғылыми техникалық әлеуеттің толық жойылуына әкеледі.
Демек, негізгі қорларды жаңарту бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып
отыр. Оларды өз уақытысында ауыстыру, техникамен жарақтандыру,
модернизациялау, реконструкциялау үрдістерін жеделдету үшін инвестициялық
және инновациялық ресурстардың қажеттілігі туындайды. өнеркәсіп
кәсіпорындарында жаңа техникаға қажеттіліктің өсуі, әсіресе машина жасау
өнеркәсібі өнімдерін сатып алуға инвестиция жеткіліксіз. Кәсіпорынның
техникалық базасының төмендігінен және инвестицияның тартымды болмауынан
соңғы жылдары өнеркәсіптің өңдеу секторында инвестиция белседілігі бәсең
болып келді. Инвестицияның басым бөлігі кен өнеркәсібіндегі мұнай-газ
секторына бағытталды.
Дипломдық жұмыс 3-бөлімнен тұрады, оның алғашқы тарауы кәсіпорындағы
негізгі қорларды тиімді пайдаланудың теориялық негіздерінен мағлұмат
береді. Негізгі қорлар түсінігі, оларды пайдалану көрсеткіштері мен бағалау
әдістері, сонымен қатар негізгі қорларды тиімді пайдалануға әсер етуші
факторлар түсіндіріледі.
2-бөлімде дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі Берік-Қара ЖШС
экономикалық белсенділігі мен кәсіпорындағы негізгі қорлардың пайдалану
дәрежесі талданады. Сонымен қатар, негізгі қорлардың құрамы мен құрылымы,
кәсіпорындағы негізгі қорлардың қозғалуы, негізгі қорлардың пайдалану
тиімділігін көрсететін көрсеткіштер, кәсіпорынның қор қайтарымының
факторлық талдауы жасалады.
3-бөлімде кәсіпорындағы негізгі қорлардың пайдалану тиімділігін
арттыру жолдары қарастырылады, мұнда Берік-Қара ЖШС-нің негізгі қорларын
тиімді пайдалануын арттыру жолдарына негізгі бағыттар беріледі.
Қорытындыда теориялық және тәжірибелік жұмыстар нәтижесінде алынған
мәліметтерге сүйене отырып, негізгі міндеттер белгіленіп, оны іс жүзіне
асыруға ұсыныстар беріледі.
Дипломдық жұмыс кіріспе бөлімінен, І, ІІ, ІІІ тараудан, қорытындыдан
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады,

1. Кәсіпорындағы негізгі қорларды тиімді пайдаланудың теориялық негіздері

1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі қорларды тиімді пайдаланудың
мәні, құрылымы мен жіктелуі

Негізгі қорлар - бұл өзінің құнын бөлшектеп жоғалтатын және ұзақ кезең
бойы натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай
құндылықтар.Кәсіпорынның негізгі белгісі - оның меншігінде, шаруа
жүргізуінде немесе жедел басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол
кәсіпорынның қызмет етуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның
экономикалық сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір
мүліксіз ірі, кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін
жүзеге асыра алмайды.
Кеңейтілген қайта өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі
қорлар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлар болып бөлінеді.
Өндірістің әрбір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге асырылады,
олар келесідей болып бөлінеді:
1. Еңбек заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай
фабрикаттар);
2. Еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т.б.).
Еңбек кұралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер етеді
және өндіріс үрдісінде еңбек өнімін шығарады.
Еңбек үрдісінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан
көпшілігінде шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылыгы, жұмысшының оның
жанұясының пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең
экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде
бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдаланылуы болып табылады.
Ресурстар болып жоғарыда айтылғандай мемлекет оның әкімшілік
орталықтары, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, жанұя, жай адам
иемденетін өндіріс құралдары, барлық мүмкін байлық қорлары, құндылықтар
табылады. Ресурстар материалдық, адамдық, қаржылық және табиғи болып
бөлінеді. Осы жұмыста олардың ішінен біріншісі қарастырылған. Негізгі
қорлар - бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік қорлардың бөлігі,
ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды, өнімге өз құнын
бөлектеп ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік циклдарды жүргізгеннен
кейін өтеледі. Ресурстарды негізгі және айналымға бөлудің негізіне
өндірісте жүргізетін, және өз құнын шығарылатын өнімге, қызметке
ауыстырудың әр түрлі сипатына әр мәнді принцип қойылған. Негізгі қорлар
өзінің әлеуметтік мәніне қарай меншік объектісі болып табылады және
тұтынушылық құн, пайдалы заттар, сонымен қатар еңбекте тұрып қалған қүн
секілді натуралды түрде көрінеді. Құрылыс кәсіпорындарының негізгі
қорларына келесілер жатады: жылжымайтын мүлік (жер бөлімшелері, ғимараттар,
құрылыстар жэне т.б. жылжуы мүмкін емес жермен байланысты объектілер),
көлік құралдары, құрал-жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентарь,
арнайы инструменттер және басқа да құрал-жабдықтар (библиотекалық қор,
музей құндылықтары, тірі әлем экспонаттары және т.б.)
Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорлары олардың материалды-техникалық
базасының негізін құрайды, олардың өсімі және жетілуі өнімнің сапасын
көтеруінің және бәсеке қабілеттілігінің негізгі шарты болып табылады.
Негізгі қорларды көптеген өндірістік циклдар ішінде пайдаланады, олар
біртіндеп тозады, қасиетін және қалпын сақтап өзінің құнын жаңа шыққан
өнімге ауыстырады.
Негізгі қорларға қарағанда айналым қорлары бір өндірістік процеске
қатысады және өзінің құнын шыққан өнімге толықтай ауыстырады (мысалға, құн
өзінің құнын жаңа пайда болған өнім-нанға толықтай ауыстырады).
Материалды активтер сатып алыну мақсатына байланысты негізгі қорлар
есебінде, құрамында, тауарлы-материалдық қорларда немесе қаржылық
инвестицияларда көрінеді, ал қайта сату мақсатымен сатып алынған болса –
тауарлы материалдық қор құрамында; ұзақ уақыт бойы қаржы салу мақсатымен
сатып алынған болса қаржылық инвестиция болып көрінеді.
Негізгі қорлар өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты
төмендегілерге бөлінеді:
- өндірістік - бұл өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оған жағдай
жасайтын негізгі қорлар. Оның құрамына өндірістік ғимараттар және
құрылыстар, машиналар және құрал-жабдықтар, өлшейтін және бақылайтын
құралдар және жабдықтар, лабораториялық құралдар, көлік құралдары,
өндірістік және шаруашылық инвентарь, инструменттер, көпжылдық отырғызулар.
Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын экономикалық жалпылығын
көрсеткіш болып қорқайтарым табылады, ол натуралды немесе ақша өлшеміндегі
негізгі қорлардың бірлігіне өнім өндірісін сипаттайды;
- өндірістік емес - тұлынуға белгіленген негізгі қорлар. Олар өндіріс
процесіне қатыспайды, кәсіпорын жұмысшыларының мәдени-тұрмыстық
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған.
Тәнділігі бойынша негізгі қорлар келесідей бөлінеді:
- меншікті - ол субъектке тиесілі және оның балансында болатын негізгі
қорлар;
арендаға алынған - ол басқа бір субъекттен аренда шартымен белгіленген бір
мерзімге алынған негізгі қорлар. Ағымды аренда кезеңде оны аренда берушінің
балансында болады, ал арендаға алушы шотында 001 Жалға берілген негізгі
қорлар көрсетіледі. Арендаға берілген негізгі қорлар қатарына ұзақ
мерзімге жалға берілген негізгі қорлар жатады, егер арендаға алушы келісім
шартта белгіленген сатып алу құнын аренда уақыты біткеннен кейін немесе
бітпей тұрып өткізсе, онда ол аренда алушының меншігіне өтеді. Оларды
сәйкесінше 121, 122, 123, 124, 125 субшоттарда Ұзақ мерзімді жалға
берілетін негізгі қорлар есептейді.
- қозғалыстағы - өндірісте және шаруашылық қызметте пайдаланылатын негізгі
қорлар;
- тоқтап тұрған - уақытша пайдаланылмайтын негізгі қорлар;
- запастағылар - қозғалыстағы негізгі қорларды жөндеуде, аварияда
немесе жойылып кеткенде ауыстыруға арналып қойылған негізгі қорлар. Заттай
құрамына байланысты негізгі қорлар:
- мүлікті - заттай құрамы бар объектілер (ғимараттар, құрылыстар,
машиналар, құрал-жабдықтар);
- мүліксіз - жерге, тоғайлық және сулы жерлерге (құрылыстардан басқа)
капитал салымдары, яғни заттай формасы жоқ шығындар (жер учаскілерін
жоспарлау, жалға алынған негізгі қорларға капиталдық шығындар және т.б.).
Өндірілген өнім және көрсетілген қызмет қай экономика саласына және қызмет
түріне жатса, соған қатысқан негізгі қорлар сол экономика саласына және
қызмет түріне жатады.
Негізгі қорлар
1.Материалды:
- Жер,
- Ғимараттар,
- Құрылыстар,
- Таратқыш кұрылғылар,
- Машина жэне құрал – жабдықтар,
- Тасымалдау құралдары,
- Инструмент, инвентарь,
- Көп жылдық отырғызулар,
- Балық көбейту жэне т.б.

Материалды емес:
- Геологиялық барлау жұмыстары,
- компьютерлі-программалық қамтамасыз ету, көркем шығарма түпнұсқасы
(кітаптар, кино, суреттер, музыка жэне т.б.).
Ғылымға сыйымды технологиялар.

Негізгі қорлар жасайтын функциясына және мақсатты
белгілеуіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
1. Жер - субъекттің меншік құқығымен сатып алынған жер көлемі және құны.
Жерге деген меншік кұқығы Жер учаскесіне меншік құқық актісі мен
бекітілуі тиіс. Инвентарлы болып жер бөлімшесіне меншік құқығы актісі
берілген әрбір жер саналады.
2. Ғимараттар - еңбекке жағдай жасау, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет
көрсету, баспана және материалды құндылықтарды сақтауға арналған
архитектурлы-құрылыстық объектілер. Инвентарлы объект болып әрбір бөлек
тұрған ғимарат саналады.
3. Құрылыстар - еңбек затын өзгертпейтін қызметтерді орындау жолымен
өндіріс процесін жүзеге асыру үшін арналған инженерлі-құрылыстық объектілер
(шахталар, мұнай және газ скважиналары, платиналар, эстакадалар, мосттар).
Мукамалар (инвентарь) болып әрбір бөлек тұрған кұрылыс саналады.
4. Өткізгіш кұрылғылар - электро, жылу және механикалық энергияны
тасымалдауға арналған құрылғылар (электроөткізу линиялары, жылу желісі,
қүбырлар).
5. Машиналар және құрал-жабдықтар. Мукамалар объектісі болып әрбір машина
саналады, егер ол басқа бір объектінің бөлігі болмаса, өзінің құрамына
кіретіндер кұралдар, керек-жарақтар, қоршаулар, фундамент негізгі қорлардың
бұл тобы 5-ке бөлінеді:
- күш машиналары және құрал-жабдықтар жылу және
электроэнергияны шығаратын машиналар, генераторлар; әр түрлі энергияны
механикалық энергияға айналдырылатын машина-двигательдері (тракторлар және
өзі жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштен жану
двигательдері).
- күш машиналары және құрал-жабдықтар - еңбек өнімін шығару процесінде
еңбек затына механикалық, теориялық және химиялық әсер етуге арналған
машиналар, аппараттар және құрал-жабдықтар (токарлы станоктар, насостар,
электромоторлары, эксковаторлар, грейдерлер).
- өлшегіш және реттеуіш кұралдар, жабдықтар және лабораториялық құралдар -
бұл өндірістік процессті реттеу және өлшеу үшін арналған құрал-
- жабдықтар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар, су
өлшегіштер, монометрлер).
- есептеуіш техника - бұл процестерді автоматтандыруға және жылдамдатуға
арналған машиналар, құрал-жабдықтар (компьютерлер және т.б. есептеуіш
құралдар).
- басқа да машиналар және құрал-жабдықтар - машиналар, аппараттар және
басқа да құрал-жабдықтар (телефон станцияларының, радиобуындарының
қүралдары).
6. Көлік кұралдары - адамдарды және жүктерді тасуға арналған жүру
құралдары (автомобиль, теміржол, су транспорттарының қозғалу құрамы).
Инвентарлы объектісі болып барлық оған қатысты құрал және жабдықтармен
бірге бөлек объектілер табылады.
7. Аспаптар (құралдар) - бұл механикаландырылған және механикаландырылмаған
қол еңбек құралдары немесе металдарды, ағаштарды және т.б. өңдеуге арналған
машинаға бекітілген жабдықтар (кесетін, соғатын, езетін, жұқартатын еңбек
құралдары - электро дрельдер, электро вибраторлар және т.б.). Инвентарлы
объектісі болып тек қана басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін
құралдар жатады.
8. Өндірістік жабдықтар және құралдар - өндірістік операцияларды жасауға
немесе жеңілдетуге арналған құралдар - жұмыс столы, шкафтар, және т.б.
9. Шаруашылық инвентарь - конторлық және шаруашылық инвентарь (үстелдер,
шкафтар және клемдер).
10. Көпжылдық отырғызулар - жасанды, көпжылдық отырғызулар (жеміс-
жидектер, жүзім ағаштары, көпжылдық гүл отырғызулары, роза егіндері, тірі
шарбақтар және т.б.).
11. Жерді жақсарту үшін капитал шығындары (құрылыссыз) -шаруашылыққа
пайдалану үшін жерді жақсарту шараларына инвентарлы сипаттағы шығындар (жер
учаскелерін жоспарлау, алаңды тастардан тазарту
12. Басқа да негізгі қорлар - библиотекалық қорлар, музей құндылықтары және
тағы басқа.
Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты
негізгі қорлардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы
қадағалау; пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау;
негізгі қорлардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның
есепте дұрыс айқындалуы; жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы
мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару; тиімді пайдалануды
басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да
объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен
қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану; негізгі
қорлардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару; кәсіпорын басшысын
есептеу техника кұралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын
автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен
жедел қамтамасыз ету.
Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып
табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық
қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.
Нарықтық экономикаға өту шарттары еңбек коллективін өндірістің барлық
материалды-құндық факторларын соның ішінде негізгі қорларды тиімді
пайдалануды көтеру қорларын тұрақты іздеуге ниеттейді. Бұл қорларды мұқият
экономикалық талдау жүргізудің арқасында тауып және іс жүзінде қолдануға
болады.
Негізгі қорлардың жағдайы және оларды пайдалану - талдамалық жұмыстың
негізгі бір аспектісі болып табылады, себебі дәл осылар әр бір өндірісті
тиімді пайдаланудың негізгі факторы - ғылыми-техникалық прогрестің
материалды айналуы болып табылады. Кәсіпорынның негізгі қорларын және
өндірістік қуаттылықтарын толық және тиімді пайдалану оның баруына әсерін
тигізеді: оның еңбек өнімділігінің өсуіне, қорқайтарымның, өнім шығарудың
көбеюіне, оның өзіндік құнының төмендеуіне, капитал салымдарын үнемдеуге.
Өнеркәсіпті-өндірістік негізгі қорларды тиімді пайдалануды және
жағдайын талдау мақсаты болып: кәсіпорынның және оның құрылымдық
бөлімшілерінің негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін анықтау, оларға деген
қажеттілігін анықтау, олардың өсу жоспарының орындалуын, жаңаруын және
шығуын анықтау, негізгі қорлардың техникалық жағдайын әсіресе активті
бөлігін зерттеу, негізгі қорлардың пайдалану дәрежесін және оған әсер еткен
факторларды анықтау, құрал-жабдықтар паркінің толықтай қолданылуын және
комплекттігін анықтау, қорқайтарым өсімінің резервтерін шығару, негізгі
қорларды тиімді пайдалану есебінен өнім көлемін және пайданы көтеру.
Негізгі қорлар пайдалануына байланысты қозғалыстағы, запастағы және
тоқтатылғандар болып, тиістілігі бойынша - жеке меншіктегі және арендаға
берілгендер болып бөлінеді. Қозғалыстағы - пайдаланудағы негізгі қорлар
(жұмыстағы, жөндеудегі немесе тоқтаудағылар).
Запастағы негізгі қорларға запаста тұрған құрал-жабдықтар және көлік
құралдары (складтағы резервте тұрғандар), қолданудан шыққан негізгі
қорларды ауыстыруға арналған. Тоқтатылған негізгі қорлар кәсіпорынның
немесе бөлек цехтардың уақытша қолданысынсын тоқтатуын белгіленген
тәртіппен құжатты хатталғандар. Жеке меншіктегі сол кәсіпорынға тиесілі
негізгі қорлар. Арендаға алынған басқа бір кәсіпорыннан (ұйымдардан)
уақытша пайдалануға салынған негізгі қорлар.
Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып
табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық
қызметінің ақырғы нәтижесіне тікелей әсерін тигізеді.
Негізгі қор бұл нақты өзгертілмеген үлгіде өзінің материалды заттай
бағалау құнында, ағымдық ұзақ кезеңін жиі жоғалтады. Олар кәсіпорындарда
ұзақ мерзімде пайдаланып өздерінің бағасын өндірген өнімге аударады.
Негізгі қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді
және қай елдің экономикасында болмасын анықтаушы рөлінде ойнайды. Негізгі
қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі
жағдайда болып келеді.

2. Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері, оларды бағалау жолдары

Қазіргі уақытта жүзеге асырылатын техникалық саясат негізгі қорлардың
әрбір теңгесіне шығарылатын өнімді көбейтуге жағдай жасайды. Бұл өндіріс
тиімділігін көтеруге септігін тигізеді. Негізгі қорларды тиімді
пайдалану.біріншіден өндіріс көлемі ешқандай қосымша салымдарсыз ұлғаяды,
екіншіден, еңбек өнімділігі өседі, өнімнің өзіндік құны азаяды.
Кәсіпорында және өнеркәсіпте негізгі құралдар қаншалықты тиімді
пайдаланылатындығын анықтау үшін келесідей көрсеткіштер жүйесі қолданылыды:
1. негізгі құралдар құрылымының қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер;
2. негізгі қорларды пайдаланудың жалпылама көрсеткіштері;
3.негізгі қорлардың интенсивті және экстенсивті көрсеткіштері.
Бірінші топ көрсеткіштері: жаңару коэффициенті, негізгі қорлардың
шығуы коэффициенті, негізгі қорлардың өсуі коэффициенті және негізгі
өндірістік қордағы актив бөлігінің үлес мөлшері. Негізгі қорлардың жаңару
коэффициенті (Ко) - белгілі кезең (жыл) аралығында жаңадан түскен негізгі
құралдарды және олардың интинсивтілігін сипаттайды. Жаңару коэффициенті бір
жылда келіп түскен негізгі құралдар сомасының (Фн) жыл аяғындағы негізгі
құралдар сомасына қатынасымен анықталады.
(Фкг): Ко =Фн Фкг
Негізгі құралдардың шығу коэффициенті (Квыб):- негізгі құралдардың
берілген кезеңдегі жойылу және шығу процесін сипаттайды. Бұл коэффициент
негізгі құралдардың берілген кезеңдегі шыққан құнының (Фвыб) берілген
период басындағы негізгі құралдардың құнына (Фнг) қатынасымен табылады:
Квыб = Фвыб Фнг
Негізгі қорлардың өсу коэффициенті (Крост) - негізгі құралдардың
жаңаруы есебінен салыстырмалы өсуін бейнелейді: Крост = (Фн - Фвыб) Фкг
Негізгі өндірістік қордағы актив бөлігінің үлес салмағы негізгі
өндірістік қор құрылымының прогрессивтілігін сипаттайды, негізгі өндірістік
қордың жалпы сомасындағы олардың актив бөлігінің үлесі (машина, құрал-
жабдықтар, скважина, технологиялық қондырғылар, мұнайгаз құбырлары) процент
түрінде беріледі .
Көрсеткіштердің екінші тобына қор қайтарымдылығы және қор сиымдылығы,
қор қарулануы жатады.
Қор қайтаымдылығы (Фо) - негізгі қорларды тиімділік деңгейін
бейнелейтін жалпылма көрсеткіш. Ол негізгі қордың 1 теңгесіне шығарылған
өнім көлемін (немесе тауарлық өнімді) көрсетеді.
Қор сиымдылығы (Фе) - бұл натуралды немесе құндық түрдегі шығарылған
тауалық өнімнің бір теңгесіне немесе шығарылған өнімнің бір данасына
келетін негізгі қорлардың құны. Фе = Фсг 0
Қор қарулануы (Фв) негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін
бейнелейді және негізгі қорлардың орташа жылдық құнының өнеркәсіп-
өндірістік персоналдардың орташа тізімдік санына қатынасымен табылады. Фв =
Фсг Ч ( Ч - персоналдардың орташа тізімі.)
Еңбектің техникалық қарулануы : Ф тех = Факт Ч
Мұнда Фтех - негізгі құралдардың актив бөлігінің орташа жылдық құны.
Бұл топтағы көрсеткіштер динамикасы кәсіпорында жүргізілген
ұдайы өндіріс процесі жағдайын көрсетеді.
Үшінші топ көрсеткіштері негізгі қордағы актив бөлігін пайдалану
деңгейін және өндірістік қуатты, сонымен қатар оларды пайдалануды жақсарту
мүмкіншіліктерінің жасырын резервтерін сипаттайды. Оларға негізгі қорларды
интенсивті, экстенсивті, және интегралды пайдалану коэффициенті кіреді.
Экстенсивті пайдалану коэффициенті (Кэ), НӨҚ актив бөлігін пайдалану
деңгейін сипаттайды. Ол құрал-жабдықтардың істелген уақыттың қордың
календарлық уақытына қатынасы(Тк): Кэ =Тф Тф
Құрал-жабдықтарды экстенсивті пайдалану коэффициентінің мәні бірлікке
жақындауы тиіс.
Кез-келген кәсіпорында амортизация аударымының дәлдігі, өнімнің
өзіндік құны, оған белгіленген баға, мүлікке есептелтін салық сомасының
және де басқа көрсеткіштер негізгі өндірістік қордың бағалануының дұрыстығы
мен нақтылығына байланысты. Негізгі қорлардың жағдайы және пайдалануы
натуралды және құндық көрсеткіштермен есептеледі.
Натуралдық көрсеткіштер өндірістік қордың техникалық құрамын анықтауға
кәсіпорын обьектілерінің және саланың жалпы өндірістік құрылымын анықтауға,
құрал-жабдық балансын беруге мүмкіндік береді.
Натуралды көрсеткіштегі әрбір обьектінің мінездемесі техникалық
паспортта бейнеленеді, өндірістік қуатының тозу дәрежесі және негізгі
құралдардың құрамы мен жағдайындағы барлық болған өзгерістер көрсетіледі.
Негізгі қорлардың сақталуын бақылау мақсатында негізгі қорларды тізімдеу
жасалып отырады, бұл оладың жағдайын және түгелдігін бақылап отырады.
Негізгі қорларды құндық бағалау бұл олардың жалпы көлемін, құрылымын,
динамикасын, амортизациялық аударымдарын анықтау үшін және олардың ұдайы
өндірісін жоспарлау үшін қажет.
Бухгалтерлік есепте, негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды
бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнмен,
баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және келісілген құнымен
бағаланады.
Негізгі қорлардың бастапқы құны - ол активті салуға, сатып алуға,
әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу
барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие
үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану
үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың
жиынтығынан тұрады. Негізгі құралдардың әртүрі бойынша бастапқы құнға мына
шығындар кіреді:
- жер учаскесінің бастапқы құнына:жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын
мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-
сату жөніндегі келісім-шартты рәсімдеу үшін төленетін салықтар мен
алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар
енгізіледі;
- құрал-жабдықтардың бастапқы құнына: құрал-жабдықтарды сатып алу құны,
оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп, түсіруге кеткен шығындар және
тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтарды
пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар жатады.
Кәсіпорынға келіп түскен негізгі қорлардың бастапқы құны келесі
жағдайларда анықталады:
1 Екі жақтың келісімі бойынша құрылтайшылардың кәсіпорынның жарғылық
капиталға салған салымдарымен;
2 Кәсіпорынның өзінде шығарылған немесе басқа кәсіпорын және басқа
тұлғалардан жалға алынған - бұл объектілерді иеленуге жеткізу, монтаждау
және қондыруға кеткен нақты өндірістік шығындар, .
3 Басқа кәсіпорын немесе заңды немесе жеке тұлғалардан қайтарымсыз түрде
тегін алынған, сонымен бірге үкімет орындарынан сарапшылық жолмен немесе
басқа құжаттар мәліметтері бойынша субсидиялар беру;
4 Екі жақ келісімі бойынша ұзақ мерзімге жалға алу.
Негізгі құралдардың сандық сипаты баланста толық бастапқы құн бойынша
келесі формуламен көрінеді.:
Фк = Фн + Фв -Фл,
Мұнда Фк - негізгі қордың жыл аяғындағы құны;
Фн- негізгі қордың жыл басындығы құны;
Фв - бір жыл ішінде кірген негізгі қор құны;
Фг - бір жыл ішінде жойылған негізгі құралдар құны.
Негізгі қорлардың ағымдағы құны - бұл шаруашылық субъектісінің белгілі бір
уақыттағы яғни бүгінгі күндегі негізгі құралдың нарықтық бағасы болып
табылады .
Негізгі қорлардың баланстык құны - шаруашылық субьектінің
бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпаратында көрсетілген
негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып
тастағандағы қалған құны болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық құны - негізгі құралдардың пайдалану
мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды
бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығыруға байланысты жұмсалатын
келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі қорларды қалдық құнмен есептеу ең алдымен олардың сапалық жағдайын,
жарамдылық коэффициентін және физикалық тозуын анықтау үшін немесе
бухгалтерлік баланс құрау үшін қажет.
Негізгі қорлардың келісілген құны - бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі
құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.
Негізгі корладын накты құны - кәсіпорында негізгі қорларды тұрғызуға,
қалыптастыруға кеткен , яғни оларды сатып алуға, жеткізуге, қондыруға және
басқа да берілген объектіні негізгі мақсатта пайдалануға дайын болған
жағдайға дейін жеткізуге кеткен барлық шығындар құны.
Негізгі қорларды калпына келтіру құны - бұл олардың қазіргі жағдайда
ұдайы өндірісінің құны. Ол негізгі қорларды қалпына келтіру құнының олардың
бастапқы құнынан ауытқуы деңгейі ҒТП қарқының жеделдеуінен, инфляция
деңгейінен және т.б. негізгі қорларды өз уақытында объективті қайта бағалау
оладың жәй және ұдайы өндірісінде маңызды орын алады.
Инфляция жағдайында негізгі қорларды қайта бағалаудың оңтайлы жағы
негізгі қорлардың нақты дәл құнын объективті түрде бағалайды; өнім өндіруге
және өткізуге кеткен шығындарды дәл анықтайды; негізгі қорлардың жәй ұдайы
өндірісіндегі амортизациялық аударымдар шамасын нақты анықтайды; жалға
берілетін(жалға берілген жағдайда) немесе өткізілетін негізгі қорларға сату
бағасын объективті түрде белгілейді.
Негізгі қорларды құндық бағалау олардың есебіне, талдау және жоспарлауға,
сонымен қатар, капитал салымдарының көлемін, құрылымын анықтау үшін керек.
Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатыса отырып оларды үнемі пайдалану
және табиғи тозу салдарынан өзінің бастапқы қалпын біртіндеп жоғалта
бастайды. Негізгі қорлардың тозуы физикалық және моралды түрде болады.
Уақыт өте келе негізгі қорлар тоза отырып, өзінің бастапқы жұмыс істеу
қабілетінінен арыла бастайды. Бұл процесс негізгі қорлардың физикалық тозуы
деп аталады. Ол келесідей факторлардың әсерінен болады: құрылыс және
дайындаудың сапасы, негізгі қорладың бастапқы сапасы, оларды
пайдалану дәрежесі және интинсивтілігі, қызмет көрсету деңгейі, негізгі
қорлар қызмет ететін ортаның белсенділік деңгейі, қызмет көрсетуші
персоналдардың деңгейі, ППР дер кезінде өткізіп отыру және т.б. жағдайлар.
Физикалық тозудың басты себебі - коррозиялық және құрал-жабдықтардың немесе
бөлшектердің механикалықтозуы.
Физикалық тозу пайдалану сапасын нашарлатады да оның әсерінен құрал-
жабдықтарды пайдаланумен байланысты шығындарды көбейтеді. Бұл негізгі
құралдың экономикалық тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Құрал-
жабдықтардың физикалық тозуынан кейін оларға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Өзінің бастапқы сапасын жоғалтып және жаңа басқа аналогтық құралдар
талаптарын қанағаттандырмаған кезде негізгі құрал толық физикалық тозған
деп есептеледі.
Негізгі қорлардың физикалық тозу коэффициенті(К ф.т.):
К ф.т =(ИПс)* 100;
Мұнда: И- негізгі қорларды барлық пайдалану кезеңіндегі тозу сомасы
(аударылған амортизация);
Пс - негізгі қорлардың бастапқы немесе қалпына келтіру құны;
Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті олардың белгілі уақыттағы
физикалық жағдайын сипаттайды және мына формуламен есептеледі:
К г.ф. =((Пс-И)Пс)*100
Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті физикалық тозу коэффициенті
негізінде де анықталуы мүмкін:
Кг.ф. = 100-Кф.т.
Бұл формулалардың негізгі кемшілігі негізгі қорлардың бірдей
физикалық тозуын болжайтындықтан үнемі нақты бола бермейді.
Құрал-жабдықтар физикалық тозумен қатар, техникалық прогресс әсерінен
моралдық тозуға ұшырайды. Техникалық прогрестің жоғарғы қарқында өсуі
негізгі қорларды олардың моралдық тозуы салдарынан ауыстыру қажеттілігі
туады. Моралдық тозудың экономикалық маңызы бұл еңбек құралдарының өз
маңыздылығын, құнын олардың физикалық тозуына дейін, өзінің физикалық
қызметінің мерзімі біткенге шейін жоғалтуы.
Моралдық тозу екі түрлі формада болады. Бірінші формада негізгі
қорлардың ұдайы өндірісінің қымбаттауы
(арзандауы) Нәтижесінде (инфляция әсерінен немесе еңбек өнімділігінің өсуі
, техниканың жетілуі есебінен олардың қалпына келтіру құнының көбеюі немесе
төмендеуі әсерінен) болады; екінші форма конструктивті жетілдірілген және
өндірістік машиналардың қалыптасуы салдарынаан болады. Кәсіпорындарда
моралды тозған құрал-жабдықтарды жаңалармен үнемі ауыстырып отыру бұл соңғы
нәтижеде өнім шығауды көбейту және оның өндірісіне кеткен шығындардың азаюы
есебінен өндіріс тиімділігінің көтерілуіне әкеп соғады.
Жаңа техниканы өндіре отырып, моралдық тозудан кейінгі жоғалтуларды
азайтатын негізгі қорлардың модернизациясына баса көңіл аудару қажет. Құрал-
жабдықтарды модернизациялау жаңа техникалық деңгейде ұстап және оның
моралдық тозуын болдырмайды.
Әрбір кәсіпорында негізгі қорлардың физикалық және моралдық тозуы
басқарылып отырылуы тиіс. Мұны басқарудың негізгі мақсаты -кәсіпорын үшін
құрал-жабдықтардың тозуы теріс экономикалық әсерге соқтырытындықтан негізгі
қорлардың, әсіресе, актив бөлігінің моралды
және физикалық тозуын болдырмаудың алдын алу.
Бұл процестерді басқару негізгі қорлардың ұдайы өндірісі саясатын
жүргізу арқылы болады. Бұл саясаттың негізгі мақсаты шаруашылық субъектілер
үшін жәй және кеңейтілген ұдайы өндірісте өндірістік қайта техникалық
жарақтануына қолайлы жағдай туғызады.Бұл мәселе амортизациялық,
инвистициялық, және салықтық заңдарды жүзеге асыру арқылы шешіледі.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі - бұл реконструкция, техникалық
қайта жарақтануы, модернизация және капиталды жөндеу жолымен олардың
үздіксіз жаңарылу процесі.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің негізгі мақсаты - кәсіпорынды
сапалы және санды негізгі капиталдар құрамымен қамтамасыз ету , сонымен
қатар оларды жұмыс істеу қабілетін сақтап тұру. Ұдайы өндіріс процесінің
әртүрлі себеп салдарынан істен шыққан негізгі қорлардың орнын толтыру,
өндіріс көлемін кеңейту мақсатында негізгі қорлар массасын көбейту, негізгі
қорлардың технологиялық, жас жөлшерін және сырқы келбетінің құрылымын
жетілдіру, яғни өндірістің техникалық деңгейін көтеруіндегі алатын орны
ерекше.
Кәсіпорынға негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне арналған негізгі
құралдар кәсіпорынның жарғылық капиталына салым түрінде, капитал салымы
нәтижесінде, қайтарымсыз берілген, жалға алу немесе беру нәтижесінде келіп
түсуі мүмкін.
Тозу мәселесімен бірге бұл қорларды әртүрлі пайдалану жағдайларымен,
қызмет көрсетуші персоналдардың кәсіби біліктілігімен, жүргізілетін жөндеу
жұмыстарының сапасынмен байланысты негізгі қорлардың пайдалану мерзімін
анықтау мәселесі бір-бірімен тығыз байланысты. Жаңа құрал-жабдықтардың
пайдалану мерзімі олардың физикалық және моралдық тозу уақытын қарастыра
отырып. сарапшылық әдіс негізінде анықталады. Пайдалы қызмет мерзімі -
негізгі құралдарды белгілі бір уақыт аралығында пайдаланудан экономикалық
түсім алуды болжау.
Негізгі құралдарға үлкен капитал салымдары салынатындықтан әрбір
кәсіпорын оларды өндірістік процесте пайдалы қызмет ету мерзіміне
қызығушылық танытады. Негізгі қорлардың пайдалы қызмет мерзімі -олар қандай
материалдан дайындалғандығына, олар пайдаланылатын жағдайларына, оларды
пайдаланатын жұмысшылардың техникалық білімділігіне, жұмыс ауысымына,
өткізілетін жөндеу жұмыстарының уақытылығы мен сапасына байланысты болады.
Негізгі құралдар табиғи және моралды тоза отырып, қызмет ету мерзімі
ішінде бастапқы құны толығымен өзінің қатысуымен шығарылған өнімге берілуі
қажет. Негізгі құралдардың құнының өнімге бұлай берілуі амортизация деп
аталады, осы өнімнің өзіндік құнына кіретін бұл өнімді өткізгеннен кейін
ақша түрінде оралатын құралдар сомасын амортизациялық аударым деп атайды.
Бұдан құралдарды толық қалпына келтіруге арналған амортизациялық қор
қалыптасады. Бұл қор кәсіпорында өндірісті жетілдіру және модернизациялауға
жұмсалады.
Амортизация -бұл активтің қызмет ету мерзімі ішінде активтің
амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түріндегі тозудың құндық көрінісі.
Амортизациялық құн бастапқы құн мен жойылу құны арасындағы айырманы
білдіреді, жойылу құны негізгі құралдар түскен кезде қосалқы бөлшектердің,
металл қалдықтарының, пайдалы қызмет біткен кезде пайда болатын
қалдықтардың болжамды құны ретінде анықталады.
Жылдық амортизациялық аударымдар (Аг) негізгі қордың жалпы құнына
және амортизациялық уақыт ұзақтығына (Та) байланысты болады:
Аг =(Сп - Сл)Та
Негізгі қорлардың жалпы құны бастапқы құн(Сп) мен жойылу құны(Сл)
айырмасынан құралады.
Амортизациялық кезең - бұл негізгі қорлардың құнының орнын толтыру
мерзімі, яғни оларды пайдалану мерзімі. Мезімі қаншалықты ұзақ болған
сайын, жылдық амортизациялық аударым сомасы соншалықты аз болады және
керісінше. Жойылу құны - құрал -жабдықты пайдаланудан жұмысқа жарамай істен
шыққаннан кейін алуға болатын құралдар. Бастапқы құнға жатқызылған және
процентпен берілген, жылдық амортизациялық аударымдар амортизация нормасын
анықтайды.(На):
На= (АгСп)*100 Мұнда Сп- қайта бағалаудан кейінгі пайдалануға
берілген құрал-жабдықтың бастапқы құны немесе қайта бағалауға дейінгі
пайдаланудағы құрал-жабдықтың қалпына келтіру құны. Амортизация мөлшері
негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық проценті болып есептеледі. Ол
экономикалық тұрғыда негізделіп, негізгі қорлардың өз уақытында орнын
толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде мақсатқа сәйкес негізгі қорлардың
қызмет мерзімдерін келесідей факторларға сай дұрыс анықтау қажет: негізгі
қорлардың төзімділігі; сапалық тозу;техникамен қайта жарақтанудағы
келешекке арналған жоспар; жабдықтау балансы; жаңғырту және күрделі жөндеу
мүмкіндігі.
Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері
кәсіпорын экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағынан,
амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін
көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын
пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық
дамуының ауқымды деңгейі қысқарады. Екінші жағынан амортизациялық
аударымның кемітілген үлесі негізгі қорды сатып алуға құралған қаржының
айналым мерзімін ұзартады, ал бұл олардың ескіріп қалуына
соғады. Міне осының салдарынан бәсекеге жарамдылығы төмендеп, өздерінің
нарықтағы жайғасымы ысырап болады. Амортизация мөлшерін дұрыс
белгілеудің кәсіпорынның барлық шаруашылық қызметіндегі маңызы зор.
Амортизациялық аударым көлемін негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша
тікелей есептеу жолымен анықтайды. Амортизация объектілері болып шаруашылық
жүргізу және оперативті басқару үшін ұйым меншігіндегінегізгі құралдар
табылады. Амортизация ұйым қорындағы (резервте, қоймада) тұрған негізгі
құралдар объектілеріне есептеледі. Амортизациялық аударымдар өндіріс
шығындарына кіреді. өндіріс шығындарына кірген амортизациялық аударымдар
сомасы осылай ұйым табысын азайтады. Қазақстандағы кәсіпорындарда
негізгі құралдар амортизациясы бухгалтерлік есеп стандартының 6 бөліміне
сәйкес үш әдістің бірі арқылы жүзеге асырылады:
1. бірқалыпты әдіс (амортизация негізгі
құралдардың пайдалану мерзіміне байланысты бірқалыпты бөлінеді);
2. өндірістік әдіс ( амортизация негізгі құралдардың
өндірістік қуатына байланысты есептеледі);
3. жеделдетілген әдіс:
- қалдықты азайту әдісі (амортизация негізгі құралдардың қалдықты
құны бойынша есептеледі);
- кумулятивті әдіс (амортизация сан сомасы бойынша есептеледі).
1. Бірқалыпты есептеу әдісі барынша қарапайым әдіс болып табылады. Бұл
бойынша объектінің амортизацияланатын құны ай сайын бірдей сомада есептеп
шығарылады. бұл әдіс кезінде амотизациялық аударым сомасы - пайдалы
қызмет ету мерзіміне, Қазақстан Республикасының " Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер " туралы заңдық күші
бар жарлығында белгіленген амортизацияның шекті нормасына сүйеніп
анықталады.
2.Амортизацияны өндірістік әдіс арқылы есептеу кезінде амортизация
сомасымен өндірістік қуат арасында тура байланыстылық болады. өндірістік
қуат өнім шығару бірлігімен, пайдалану сағатымен, жүру бірлігімен, және
т.б. көрсетілуі мүмкін.бұл әдіс пайдалну мерзімі көбінесе техникалық
көрсеткіштерге немесе субъектінің шаруашылық қызметіндегі өзгерістерге
байланысты шектеулі болған жағдайларда қолайлы болып келеді. 3.
Негізгі қорлардың жекелеген түрлері пайдалану мерзімінің бас кезінде
барынша тиімді іс-әрекет жасайды. Бұдан басқа, технологиялық жетілу
жағдайында құрал-жабдық моралдық жағынан тез ескіреді. сондықтан
өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізуді жылдамдату және
негізгі құралдарды жаңартуға мүдделікті арттыру үшін қаржылық жағдай
тудыру мақсатында субъектілер амортизацияны есептеудің жеделдетілген
әдісін - қалдықты азайту әдісін немесе кумулятивті әдісін қолданады.
Кумулятивті әдіс бойынша есептеп шығару әдісі есептік коэффициенті арқылы
шығарылады. коэффициент алымы пайдалы қызмет ету мерзіміне тең, ал бөлімі
қызмет ету мерзімінің аяғына дейін қалған кері тәртіптегі жыл санын
білдіреді. Бқл коэффициент пайдаланудың түрлі кезеңдерінде әртүрлі болып
келеді, бірақ амортизацияланатын құнның тұрақты мөлшеріне қолданылады.
Бұл әдісті қолдану кезінде амортизациялық аударым сомасы пайдаланудың
алғашқы жылдарында кейінгі жылдарға қарағанда әлдеқайда болады.

Кумулятивті санды анықтау үшін мына формула қолданылады:

N^[N + 1] 5
S =------------------
2
2 мұнда S - сандар сомасы, ал N - болжамды пайдалы қызмет ету мерзімі.
Қалдықты азайту әдісі кезінде тура жолды әдіс кезінде қолданылатын
амортизация нормасы екі еселенеді және әрқашан тек қалдық құнға ғана
қолданылады. Бұл ретте амортизация сомасы жылдан-жылға кеми береді, әрі ол
алғашқы жылдарда едәуір жоғары болады. Амортизация сомасы қалдық құнды
жойылу құнына дейін кемітуге қажетті мөлшерге дейін шектелген соңғы жылдан
басқа кезде болжанып отырған жойылу құны амортизацияны есептеу кезінде
есепке алынбайды

Кесте 1
Негізгі қорлар амортизациясының әдістерін салыстыру

Әдістер Сипаттамасы
1. бірқалыпты әдіс Отандық есептеу тәжірибесі үшін
қалыпты және түсініктілеу әдіс. өзінің
әмбебаптылығы арқасында қазақстанда және
басқа шет елдерде кең таралған.
Тозу шығындарға бірдей беріледі, сондықтан.негізгі
қорлардың қалдық құны бірқалыпты азаяды.
2. өндірістік әдіс Тозу көбейеді, ал қалдық құн тікелей орындалған
жұмыс көлеміне байланысты азаяды,яғни негізгі
қорлардың өндірістік қуатына пропорционалды.
Бұл әдіс негізгі құралдарды пайдалану техникалық
көрсеткіштермен шектелген жағдайда
қолайлы.(мысалы, мұнай және газ өндіруге тікелей
қатысты құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде)
З.Жеделдетілген әдіс: Пайдаланудың алғашқы жылдарында тозу келесі
қалдықты азайту әдісі;жылдарға қарағанда айтарлықтай көп,
куммулятивті әдіс сондықтан бұл әдістер көбінесе тез моралды
тозатын негізгі құралдарға сәкес
келеді (мыс,компъютерлер үшін).

Пайдалануға жаңадан берілген негізгі құралдардың амортизициясы келесі
айдың бірінші күнінен бастап есептеледі, ал істен шыққан негізгі құралдар
амортизациясы істен шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап
тоқтатылады
Амортизацияны есептеу негізгі құралдарды қайта құру мен техникалық
қайта жарақтау кезінде ол толық тоқтап тұрған жағдайда оладың толық
қалыптасуына дейінгі уақытта жүргізілмейді. Бұдан басқа, кәсіпорын
меншігіндегі жер, азықтық мал, кітапхана қоры, мұражай қалдықтары, сәулет
және өнер ескерткіштері, көпшілік пайдаланатын автомобиль жолдары
амортизациялауға жатпайды.

1.3 Негізгі қорлардың пайдалану тиімділігін арттыру факторлары

Негізгі қорлардың қызметінің тиімділігіне бірнеше факторлар қатары
әсер етеді. Экономикалық әдебиеттерде негізгі өндірістік қорлар
тиімділігіне әсер етуші факторларға айтарлықтай назар аударылады. Олардың
тиімді қызмет жасауына әсер етуші факторлар тобын ескере отырып негізгі
құралдарды тиімді пайдалануды ұйымдастырудың маңызы зор. Ол кәсіпорын
қызметінің жоғары тиімділікте, табыстылықта атқарылуына септігін тигізер
бірден-бір себеп.
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды ұйымдастыруда ең біріншіден
олардың құрылымдарына, яғни актив және пассив бөліктерінің үлесі ескерілуі
қажет. Негізгі құралдардың құрылымының қалыптасуы өндірістік кәсіпорынның
маманданған саласына, атқаратын қызметіне, шығарылатан өнім көлеміне
байланысты болып келеді. Оларға негізінен келесідей факторларлардың әсері
зор: кәсіпорында шығарылатын өнімдердің конструктивті-технологиялық
ерекшеіктері, өндіріс типі, өндірістің техникалық деңгейі мен технологиялық
үрдісі, өндірісті шоғырландыру, мамандандыру, біріктіру, кооперациялау
деңгейі кәсіпорын салаларының географиялық орналасуы.
Ірі габаритті, жоғары салмақты және күделі конфигурациялы өндірісті
дайындау, өндірістік бірлік типі, моралды және табиғи тозған техника мен
технологияны пайдалану кәсіпорындағы негізгі құралдардың пассив бөлігінің
жоғарылығын сипаттайды. Біз білеміз, бұл кәсіпорын қызметінің тиімсіздігін
білдіреді.
Ал, қарапайым конфигурациялы, жеңіл салмақты тауарларды өндіруде және
массалық өндіріс типті кәсіпорындарды, технологиялық өндіріс деңгейі
жоғары, өндіріске үнемі жаңа техника мен ҒТП ендіріп отыру, өнім өндіруду
маманданған, ірі кәсіпорындарда, шикізат көздеріне, энергетикалық
өндіріске, тұтынушыларға жақын орналасқан кәсіпорындарда негізгі
құралдардың пассив бөлігінң төмен деңгейі сәйкесінше актив
бөлігінің жоғары көрінісімен сипатталады.
Негізгі қорлар құрылымына әсер ететін факторлар. Көптеген
зерттеушілер негізгі қорларға әсер етуші факторларды өздерінше жіктеп
көрсетуге тырысады. Өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындарда негізгі құралдарға
әсер ететін факторлар тобын сала ерекшелктерін ескере отырып, келесі
суреттегідей жіктеп қарастырайық. Төмендегі мәліметтерді келесідей жіктеп
көрсетсек: Кендерді өндіру кезіндегі табиғи факторлар. Табиғи
факторлардың негізгі құралдарға әсері айтарлықтай, соның ішінде
мұнай өндіру саласындағы негізгі өндірістік үрдістер
ашық алаңдарда жүргізілетіндігімен байланыстыруға болады. Бұл
фактор ең алдымен қор қайтарымдылығы мен қор сыйымдылығына әсер етеді:
ауданның климаттық ерекшеліктері (өте төмен немесе өте жоғары
температурадағы күндер саны, қар көшкіні, табиғи аппаттар т.б);
Табиғи факторлар:
- Техникалық және технологиялық факторлар,
- Ұйымдық факторлар,
- Негізгі өндірістік қорлар,
- Әлеуметтік факторлар
- Экономикалық факторлар.
Өнеркәсіп саласындағы негізгі өндірістік қорларға әсер
етуші факторлар. Пайдалы кен мекенінің жағдайы (қор көлемі,
олардың орналасуы, тұтастығы, кен орнынындағы газ, су бөлінісінің
тереңдігі, пласттардың қуаты және алардың саны); кендердің табиғи сапалы
параметрлері. Табиғи факторлардың өндіріске әсерін реттеу үшін
келесідей мүмкіндіктер қарастырылады: барлау көлемін көбейту, кен орнының
нақты жағдайын дәл тануға мүмкіндік береді.

Төзімді техника мен технологияны таңдау және құру; Саланың
перспективті орналасу схемасын құруда игеруге тек ең жақсы кен орындары мен
участькелерін таңдау. Өндіріске кен орнының тек қана тиімді бөлігін таңдау.
2.техниккалық және технологияляқ факторлар,ол ғылыммен, минералды
шикізаттар өндіру техникасы мен технологиясымен байланысты.
Мұнай өндірісін техникалық жетілдіру
әртүрлі мақсаттарда жүзеге асырылуы мүмкін:

- материалдық және энергетикалық шығындар бойынша экономикалық
тиімділік алу;

- жетіспейтін материалдарды пайдалануға көшу;
- өндіріс объектілерінің ұзақ уақыт қызмет етуін
қамтамасыз ету;
- бұрын тиімсіз, рентабелділігі жоқ және пайдалануға
жарамсыз деп есептелініп келген кен қалдықтарын,
қорларын пайдалануда іске асыру;
- өндірісті интенсификациялау, оның масштабын өсіру,
және сенімділігін көтеру;
- шығарылатын өнім сапасын жоғарылату;
- жұмыс орындарында қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайын
қалыптастыру;
- өндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету;
мұнай қалдықтарын, шикізатын ысырапсыз, тиімді
пайдалану, яғни өндірісті диверсификациялау жолымен кәсіпорын
экономикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі капиталдың пайдалану тиімділігін бағалау
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануын талдау
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы
Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды бағалау әдістері
Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру
Агробизнес кешенінің экономикасы мемлекеттік реттеу объектісі ретінде
Мұнай сферасындағы маркетинг
Кәсіпорындағы басқару есебін ұйымдастыру
Қазақстан экономикасын диверсификациялау бағыттары
Негізгі құралдардың амортизациясы, есеп объектілері
Пәндер