Қыпшақ


Қыпшақ атауы 760 жылы ежелгі түркінің руна ескерткіштерінде кездеседі. Араб географы Ибн хордадбехтың түркі тайпалардың тізімінде көрсетілген. Қыпшақтардың үш даму кезеңге бөліп қарастыруғ болады.
Бірінші кезең: қимақ тайпаларының бірлігі өзегінің құрылуына байланысты, онда V ғасырдың II-жартысынан бастап, YIII-ғасырдың соңына дейін қыпшақтар елеулі рөл атқарды. Осы кезеңде қыпшақтар мен теле тайпалары өзара тайпалары өзара этникалық және экономикалық байланыста болып, аралысып кетті.
Екінші кезең: YIII ғасырдың соңынан ХI ғасырдың басына дейін. Қыпшақтар бұл кезеңде, Шығысында Алтай мен Ертістен бастап, батыстағы Оңтүстік Орал таулары мен Еділ бойына жетеді. Қыпшақ этносы қандас туыстар байланысы емес, терреториялық-шаруашылық қарым-қатынасы принципіне біріккен, көптеген рулар мен тайпалар негізінде құрылған.
Үшінші кезең: ХХ ғасырдың басынан бастап ХIII ғасырдың басына дейін қыпшақтардың этникалық қауымдастығының қалыптасуы. Көптеген тайпалар мен этникалық топтар өздерінің бір этносқа жататынын мойындап, күшейіп келе жатқан қыпшақтардың атын алады. Алайда қыпшақтапдың құрылып, қылыптасып болуының соңын монғол басқыншылығы тоқтатып тастайды.
Халықтың құрылуы. Қыпшақ хандығының өкімет билігі мұралық жолмен беріледі. Хандар шығатын әлеуметтік ру ел-бөрілі болды. Әскери әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы көне түркі дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінеді. Оң қанат Жайық өзені бойында Сарайшық қаласыныңорнында, сол қанат Сығанақ қаласында тұрған. Оң қанат сол қанаттан күштірек болған. Хандықтың орталығы Торғай қалы болған. Билеуші ақсүйектің қатал иеархиялық жүйесі айқын көрініп отырған. Рулар мен тайпалардың өзі де әлеуметтік маңызына қарай бөлінген. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмады. Малға жеке меншік, сондай-ақ жайылым жерлерде ақсүйектер меншігі болды. Құлдар соғыс тұтқындарынан құрылды. Олардың бірқатары сатылып, малай ретінде пайдаланылды.
Әлем елдерінің тарихында, соның ішінде Отан тарихында түркі дәуірінің алатын орны
ерекше. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде «Түркі халықтарының әлемдік өркениетке қосқан үлестерін дәлелдеу арқылы түріктік рухани негіздегі қасиетті қазыналар жасалғанын» атап өтеді. [1. 15-бет]
Б. з. 6-ғасырдың орта кезінен 13-ғасырдың бас кезіне дейін Қазақстан аумағында мынадай түркі тілдес тайпалардың мемлекеттік құрылымдары өмір сүрді. Түрік, Батыс түрік, Қыпшақ, Қарахан мемлекеттері. Олар тарих сахнасына бірінен кейін бірі келіп, этносаяси бірлестіктер мен мемлекеттердің құрылуына айтарлықтай ықпал етті.
Аталған мемлекеттердің ішінде аумағы, этносаяси және әлеуметтік құрылымы, саяси басқаруы және көрші елдермен саяси қарым-қатынастары жағынан ҚЫПШАҚ хандығың дербес мемлекет орны ерекше. Қыпшақ конфедерациясына кірген тайпалар қазақ халқынының халық болып қалыптасуына үлкен әсерін тигізді.
Қыпшақ хандығының этносаяси құрылымына байланысты мәселелер әлі де терең зерттеуді қажет етеді. Біздің ғылыми мақала жазудағы мақсатымыз-тарихи деректерге сүйене отырып, әлі де болса толық зерттелмеген Қыпшақ хандығының этносаяси жағдайын анықтау.
Дешті қыпшақ даласын мекендеген тайпалар, олардың саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті туралы бірқатар ғылыми зерттеулер жарияланды. Отан тарихын рулар мен тайпалардың тарихын зерттеудің уақыты әлдеқашан жетті десек қателеспеген болар едік. Өйткені. Кез-келген халықтың тарихы оны құрған рулар, тайпалар мен жекеленген тарихи тұлғалармен байланысты.
Ерте ғасырда өмір сүрген ҚЫПШАҚ хандығының экономикасын зерттеу сас маңызды болды. Қыпшақ хандығының халықтары егіншілікпен, мал шаруашылығымен, аң аулаумен шұғылданды. Малдардың еті тағам, терісінен бағалы киімдер жасап күнделікті шаруашылыққа пайдаланып отырды. Қыпшақтар ірі-қарадан гөрі қой санын жақсы дамытты. Оның басты себебі, ірі қара алысқа жүрген кезде көп жүрісті көтермейді әрі оларға қысқы тамақ дайындау керек болды. Ал, оларды дайындау адамдар үшін ол жағдай болды. Сонымен қоса қыпшақтар өміріне жылқы малының да рөлі өте ерекше болды. Ең бастысы жылқы сүтіне қымыз даярлап істеп ішті. Терісіне үй-тұрмыс заттарын дайындады. Атап айтсақ: саба, көкірекш, бас киім т. б. Жылқымен аң аулады, жорыққа шықты. Қыпшақтарда байлық жылқы санымен есептелді. Тарихи деректемелерде: «Бұл елдердің көбі бай. Нақ осылардың көбінің он мыңнан астам жылқылары бар», -деп жылқыны жақсы және көптігіне таң қала осындай пікір жазған.
Қыпшақтар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек, Сарысу өңірлерінде көшіп-қонып жүрген. Араб деректеріне қарағанда, қыпшақтардың тарихи қалыптасқан көшу бағыттары болды. Сонымен, Алтайдан Еділге дейінгі аралықты «Қыпшақтар даласы» деп аталуының өзі кең байтақ аймақ қыпшақтардың атамекені екенін толығымен растайды.
Қыпшақтардың этникалық бірлестігі бертін келе екі топқа бөлінеді. Олар Батыс Қыпшақ немесе половец бірлестігі және Шығыс Қыпшақ бірлестігі. Шығу тегі жағынан бұл бірлестіктер жақын рулар мен бірлестіктер тұрды. Қыпшақтардың құрамы болған бір этникалыққауымдастық қазақ халқының шығу тарихымен байланысты. Қазақ этногінде қыпшақтар этнос ретінде маңызды рөл атқарды. Кейбір турколог ғалымдардың пікірінше қазақ терминінің тарлу аймағы Шығыс Дешті қыпшақ даласымен іргелес Мауренахр өлкесімен байланыстырылды. Қыпшақтардың арғы-тегі Си ордасының щығыс бөлігін мекендеген және олардың көршісі яньто тайпасыны болғанын, оны қыпшақтар бағындырып екі тайпа бірігіп сеяньто деп аталғанын дәлелдеді.
Қыпшақ этникалық қауымының қазақ жерінде құрылуына күрделі де ұзақ үдеріс болған. [ 2. 40-41бет]
Қыпшақтардың этникалық құрамына кірген тайпалардан қыпшақ халқы қалыптаса бастады. Бұл тайпалардың тілі, наным-сенімі, қоғамдық құрылысы, экономикалық бағыты бір-біріне ұқсас болғандығы жайында айқын белгілі долған.
Қыпшақтар күшейіп тұрған кезде Орта Азия мен Русьтің қалалы орталықтарына мүдделі болды. Қыпшақ хандары мен Хорезм шахының арасында Сырдария бойындағы сауда экономикалық маңызды аймақтар үшін күрес басталды. Қыпшақтар Маңғыстауды жаулап алды, Хорезм шахының одақтасы болған Оғыз хазарларды талқандады да, Жентті өзіне қосып алды. [3. 42-бет]
Қыпшақтарда хандық биліктің орталығы «орда» деп аталды. Ордада хандық хандық өкіметті билеушілер тұрды. Әскери басқару жүйесі бұрынна қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша болды. Қыпшақ хандығының әлеуметтік-экономикалық тегі таптық құрылыс болды. Ақсүйек-шонжарларға хандар, басқақтар, бектер жатты. Ал, қарапайым бұқара халық малы жоқ кедейлерден тұрды. Қыпшақ хандығында құлдықтың болғанын Махмуд Қашғари қыпшық тілінде құлды яланкуг деп атады.
Қыпшақ қоғамының экономикасында жер иеленуде теңсіздіктер байқалды. Малы көп байлар шөбі шүйгін, суы мол жайылымдарды иеленсе, малы аз шаруалвр оларға тәуелді болды. 13 ғасырдың орта кезінде Қазақстанда болған саяхатшылар П. Карпина мен Г. Рубрук қыпшақтарда арба үстіне тігілген үйлерін 10 немесе 22 өгіз тартатындығын өз көздерімен тартатындығын көрген. Ауған, Иран, Египет, Үнді жерлерінде қыпшақ жылқылары 100 динардан 500 динарға дейінгі қымбат бағада боялды. Қыпшақтарда тұрмыстық кәсіп, қолөнер де жақсы дамыды. Қыпшақ хандығының билігі әкесінен балаға мұра болып қалып отырды. Елбөрілі әулеттік ру саналып, хандар солардан шыққан. Тарихшы Джузджани қыпшақ хандығының әлеуметтік руы туралы мынадай құнды мәліметтер келтірді: жас кезінде Қазақстан аумағынан Үндістанға монғолдардан қашып барған ханның «ұлы ханның асқан ұлы ұлығы», Дели сұлтанатында ол «Елбөрі ханы және имектердің шахы» ретінде белгілі болды. «Ұлық ханның әкесі де, -деп жазды одан әрі Джузджани, -Елбөрі тайпасының арқасында күшті кісі болған және хан атағымен аталған. » ал оның атасы Елбөрі Абар-ханның ұрпағы саналады. Демек, Абар хан қыпшақтардың әулеттік елбөрі руының генеалогиялық негізін қалаушыдан басқа ешкім де емес. [ 3. 59-бет]
Осыған байланысты Махмұд Қашғаридың қыпшақтар арасындағы Табар хан есімді тұлға туралы мәліметі назар аудартады. Алайда ол Табар-хан туралы қосымша мәліметтер келтірмейді. Ал барлық жағынан алып қарағанда, Табар-хан мен Абар-хан бір-ақ адам. Осыны негізге ала отырып, Табар-хан ХI-ХIII ғасырлардың басында қыпшақ хандары әулетінің алғашқы атасы болған деуге болады.
Орда деп аталған ордасында ханның мал мүлкі мен хан армиясын басқарған ханның басқару аппараты орналасқан. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандары ертедегі түріктердің дәстүрлерән ұстанып, екі қанатқа бөлінген. Қыпшақ хандығында мемлекеттік істер жүргізіліп, ақсүйектер көршілес және алыстағы елдердің билеушілерімен хат жазысып отырған. Жазба деректерде қытай, үнді, ұйғыр ғұламалары мен данышпандары қатарында, қыпшақтан шыққан ғұламалар да болған. Қыпшаақтардың мұсылман дініне тартылуы олардың мәдени-әлеуметтік дамуының жоғары деңгейін көрсетеді. Қыпшақ көшпелі қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға теңсіздік еді. Орта ғасырдағы авторлардың хабарлағанындай, қыпшақтар елінде көптеген адамдар бірнеше мың жылқы, ал олардың кейбіреулері он мың және одан да көп жылқыны иемденген.
Қыпшақ тайпаларыныңкөшіп-қонуы тез малшы топтары жүздеген ал кейде мыңнан да астам жерге көшіп отырды. Олардың көшетін аумағы тарихи дәстүрлерге байлық дәрежесіне және табиғи сипатының жағдайына қарай әр түрлі болып отырды. Негізгі жайылымдар мен көшу орындары ұрпақтан жалғасып қалып отырды. Тұрақты көшу жолдарын экономикалық, әлеуметтік немесе саяси себептер ғана өзгерте алды. Көшу жолдары мен жайылымдық жерлерді бөлу қоғамның қалыпты тіршілігін қамтамасыз еткен жайылымдық-көшпелі жүйенің негізгі шарты болды. Этникалық аумақ шептерінің көптеген ерекшеліктерін басқа халықтармен этникалық-саяси қарым-қатынастар анықтады. Махмұд Қашғаридің жанама мәліметтеріне қарағанда, қыпшақтардың әскеи-көшпелі шонжарлары Қарахандар әулетінің билеушілерімен саяси жағынан күрделі өзара қатынастарда болған. Қарахандар қыпшақ ұлысының швғыс шеттеріне жорықтар жасады. Ал қимақтар Ертіс жағалауынан Жетісудағы түріктердің мұсылман державасына шапқыншылық жасады. Қыпшақ хандары өз жерінің оңтүстік-батысында, Тараз аймағында қарахандар мемлекетімен шекаралық мекені ретінде Кенжек Сеңгір бекінісін салды.
Жазбаша ескерткіштегі мәліметтерді түсіндірген кезде белгілі қиындықтар туады. Орта ғасырдағы Византия тарихнамасына да байланысты істің жайы осындай еді. 1078 жылы Византиялықтар өздерінің батыстағы көршілерінің шын этникалық аталуы кумандар екенін бірінші болып біліп, бұл атауды Дешті Қыпшақтың барлық түрік тайпаларына таратты. Бұл дәстүр Византия әдебиетінде тура 14 ғасырға дейін сақталған.
«Половец даласының шегі» ертедегі орыс жылнамаларында Еділ мен Днепр аралығында деп белгіленді. Ал, мұсылман деректемелеріне сәйкес, батыс Дешті қыпшақ әлдеқайда көп жерді алып жатқан. Мәселен, араб географы әл-Идрисидің мәліметтері кумандардың көшіп жүретін жерлері Днепр мен Днепр аралығында орналасқан, ал Днепрден шығысқа қарай қыпшақ тайпаларының ордалары жатқан деп санауға мүмкіндік береді. Батыс бірлестігі қыпшақтардың тайпалық құрамы он бір тайпадан: тоқсоба, йеиоба, бұржоғлы, елбөрі, қаңқаоғлы, анджоғлы, дурут, құлабаоғлы, жартан, қарабөріклі, қотан тайпаларынан тұрған.
Біршама біртектес этникалық құрамы атап өтіледі, оған тек түрік тайпалары: қыпшақ, куман және печенег тайпалары ғана кірген. Қыпшақ тайпаларының батыс конфедеренциясындағы жетекші әулеттік тоқсоба мен бұржұғлы болған. Қыпшақтар конфедерациясы тайпалық құрамының ХI-ХII ғасырларға қатысты құрылымы оның күрделі және әр текті болғанын айқын көрсетеді. Қыпшақ конфедеренциясы өзінің қыпшақ тайпаларымен қоса, түркі тілдес кимек, куман, печенег тайпаларын иран тілдес этникалық жіктердің түркі тілдес элементтерін жинақтаңан. Мұсылмандардың жазбаша деректеріне қарағанда, қыпшақ тайпаларының халық саны бүкіл түркі тілдес халықтар ішінде ең көбіңал олардың қоныстанған аймағы ең көлемдісі болған. Сол арқылы орта ғасырлық авторлар көшпенділердің қоғамдық және әлеуметтік өмірінің маңызды жағын-этникалық қоғамның иерархиялы екенін көрсетті. Этникалық сана-сезімінің нығаюы әдетте этнос мүшелерінің өз жері мен мемлекеттік ұйымына ұмтылуымен ұштасты. Қыпшақтардың өздері мекендеген аймаққа тарихи құқықтары бар екендігіне көзқарасын сырттан байқаушылар Алтайдан Еділге дейінгі жерді қамтып жатқан Дешті қыпшақ ұғымы арқылы аңғартқан . Қыпшақ хандығының билігі әкесінен балаға мұра болып қалып отырды. Елбөрілі әулеттік ру саналып, хандар солардан шыққан. Тарихшы Джузджани қыпшақ хандығының әлеуметтік руы туралы мынадай құнды мәліметтер келтірді: жас кезінде Қазақстан аумағынан Үндістанға монғолдардан қашып барған ханның «ұлы ханның асқан ұлы ұлығы», Дели сұлтанатында ол «Елбөрі ханы және имектердің шахы» ретінде белгілі болды. «Ұлық ханның әкесі де, -деп жазды одан әрі Джузджани, -Елбөрі тайпасының арқасында күшті кісі болған және хан атағымен аталған. » ал оның атасы Елбөрі Абар-ханның ұрпағы саналады. Демек, Абар хан қыпшақтардың әулеттік елбөрі руының генеалогиялық негізін қалаушыдан басқа ешкім де емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz