Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың көкейкесті мәселелері


Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың көкейкесті мәселелері
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе . . . 3-4
І ТАРАУ. Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
- Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың мәні, маңызы, ерекшеліктері . . . 5-13
- Шағын мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастырудағы мұғалімнің алатын ролі . . . 14-21
ІІ ТАРАУ. Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастыруды ЖЕТІЛДІРУ жолдары
- Қазіргі білім беру жағдайындағы шағын мектептің көкейкесті мәселелері және оны шешу жолдары . . . 22-26
- Қазіргі шағын мектептердегі педагогикалық процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері . . . 27-34
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35-36
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 37
v. ҚОСЫМША . . . 38-39
Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі:
Еліміздің егемендік алып, тәуелсіздіктің даңғыл жолына түсуі саяси-әлеуметтік өміріміздің басты буыны - білім саласына да көптеген өзгерістер алып келді.
Бүгінгі заман талаптары білім мекемелері мен ұстаздар алдына орасан зор міндеттер жүктейді. Сондықтан қазіргі таңда ауыл мектебіне, оның ішінде шағын мектепке ерекше көңіл бөлініп, оның мәселелері мемлекеттік деңгейде көтерілуде. Ауыл мектебі - қашанда дана мен даралар шыққан білім ордасы, тәрбие мен білімнің сарқылмас кәусар бұлағы. Сондықтан да болар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен 3 жылымызды «Ауыл жылы» атағаны, яғни сондықтан ғылыми жұмысты «Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың көкейкесті мәселелері» атты курстық жұмыс жазудан бастадым.
Шағын мектеп - қоғамның талаптарына сай, білім алуда оқушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, Үкіметіміздің мектеп туралы нормативтік құжаттармен анықталған қызметін атқаруды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептің бір типі.
Шағын мектептің қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінде білім беруді реформалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында өз үлесін қосып отырғанын мойындамау тарихқа жасалған қиянат болар еді.
Шағын мектептерде педагогикалық процестің маңыздылығын анықтау.
Кез келген қоғамның өсіп-өркендеуі, әлемдік өркениеттен өзіндік орнын алуы оның білім деңгейіне байланысты. Сондықтан Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап білім беру ісін реформалауға кірісті. «Білім туралы» Заң қабылданып, жалпы білім беру жүйесіне бағытталған тұжырымдамалар, мемлекеттік білім стандарты, бағдарламалар және төл оқулықтардың жазылуы - орта мектеп өміріне қатысты реформалардың жүргізіліп жатқандығының айқын куәсі.
Қазіргі кезде, яғни, өтпелі кезеңде өмір сүріп отырған республикамыз әлеуметтік-экономикалық дағдарысты басынан кешіруде. Бұл дағдарыс білім беру жүйесіне, әсіресе, ауыл мектептеріндегі білім сапасына кері әсерін тигізбей отырған жоқ. Бұрынғы ірі шаруашылықтар ұсақ кооператив, фермерлік шаруа қожалықтарына ұласуына байланысты ауыл тұрғындары жұмыссыздыққа ұшырап, қалалы жерлерге қоныс аударуда. Соның салдарынан орта мектептердің көпшілігі шағын жинақталған мектептерге айналды.
Сыныптардағы оқытуды «көлденең» және «тік» түрінде ұйымдастыруға болады. Мысалы, бір сыныпта мазмұны ұқсас тақырыптарды біріктіріп отырып жүргізеді немесе әр деңгейдегі оқушылар жұптаса отырып әр пәндердегі ұқсас тақырыптарды біріктіре жұмыс жасайды. «Көлденең» және «тік» бағыттарда оқытуды ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігін аса қажет етеді. Мұның түрлі тәсілдерін қарастыруға болады. Химия пәні бойынша қазіргі оқытылып жатқан аударма оқулықтарда «тапсырманы алмастыру» әдісі арқылы 8-11 сынып оқушыларына «Периодтық заң, Атомның құрылысы» тақырыптарына «тік» бағытының бір вариантын қолдануға болады. Сегізінші сынып оқушылары тақырыпқа талдау жүргізеді, ал 11-сынып оқушылары бұл тақырыптарды қайталайды. Сабақты жүргізу барысында дидактиканың түрлі міндеттері: жаңа материалды түсіндіру, тақырыптағы берілген маңызды түсініктермен жұмыс жасау, жалпы оқыту және оқушылардың пәндік біліктілігі, сонымен қатар химиялық есептеулер мен сара мандық біліктері мұғалімнің басшылығымен шешіледі.
Қазіргі кездегі заман талабына байланысты шағын жинақталған мектептерге сабақ беретін мамандарды даярлау - кезек күттірмейтін істің бірі.
Курстық жұмыстың мақсаты : өзекті мәселелерін анықтау және теориялық негіздеу;
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың мәні, маңызы, ерекшеліктерін көрсету;
2. шағын мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастырудағы мұғалімнің алатын ролін анықтау.
3. қазіргі білім беру жағдайындағы шағын мектептің көкейкесті мәселелері және оны шешу жолдарын анықтау.
4. қазіргі шағын мектептердегі педагогикалық процесті ұйымдастырудың ерекшеліктеріне сипаттама беру.
Зерттеудің әдістері: тақырыпқа байланысты педагогикалық және ғылыми әдебиеттеге теориялық, педагогикалық талдаулар жасау, , бақылау, әңгімелесу, озық педагогикалық тәжирбиені зерттеу.
Зерттеу базасы : № 36 Қазыбек би атындағы қазақ -орыс орта мектебінде өткізілген өзіндік жұмыс дербестік таным әрекетінің ұйымдастыру формасы
І ТАРАУ. Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1 Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың мәні, маңызы, ерекшеліктері.
Шағын мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын ертеректен бері жүргізіліп келе жатқан шетелдіктердің, атап айтсақ Батыс Еуропа, Австралия, АҚШ, Канада, Қытай, Жапон, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінің іс-тәжірибелерімен таныса отырып, шағын комплектілі мектептерде «жаңа педагогикалық» технологияның аса қажет екендігіне көз жеткіздік.
Красноярскіде жаңа педагогикалық технологияны оқытудың ұжымдық тәсілі 1984 жылдан бері В. К. Дьяченконың басшылығымен жүргізіліп келеді. Оқытудың ұжымдық тәсілінің басты идеясы оқу сабақтарындағы оқушылардың ауыспалы құрамдарының жұптарындағы өзара қарым-қатынасы негізінде сабақтың оқыту үрдісін ұйымдастыру болып табылады.
Оқыту үрдісінде ауыспалы құрам жұптарының (АҚЖ) жұмысын тұңғыш рет 1918 жылы Украинада талантты инженер-ұстаз Ривин Александр Григоревич қолданған. Г. К. Селевконың кітабында оқытудың ұжымдық тәсіліне (О¥Т) мынадай анықтама берілген. «Оқытудың ұжымдық тәсілі деп динамикалық жұптарды оқытудың бір-бірімен тілдесу арқылы, яғни оқушы бірін-бірі оқыта отырып жүзеге асырылуын айтамыз». Оқытудың ұжымдық тәсіліне оқытуды ұйымдастырудың төрт түрі жатады: жекеше, жұппен, топтық және ұжымдық. Осының ішінде ұжымдық ұйымдастыру мұндағы ауыспалы құрам жұптарындағы оқушылардың «оқушы-мұғалім» рөлін орындауы қазіргі кездегі оқытудың жаңа түрі болып табылады.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында шағын комплектілі мектеп оқушыларының саны аз, біріктірілген сынып-комплектісі бар, оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше формасы бар жалпы білім беретін мектеп деп көрсетіледі.
Республика шағын комплектілі мектептің үш типі бар:
Біріншісі - бастауыш шағын комплектілі мектеп;
Екіншісі - негізгі сатылы шағын комплектілі мектеп;
Үшіншісі - жоғары сатылы шағын комплектілі мектеп: Олардың бәріне тән қасиеттер:
- тек біріктірілген сынып комплектінің болуы (бұл бастауыш шағын комплектілі мектепте басым),
- тек біріктірілген сынып комплектінің және бала саны аз жәнесыныптардың болуы;
- тек бала саны аз жеке сыныптардың болуы (бұл негізгі және орташағын комплектілі мектепте басым) .
Шағын мектеп - қоғамның талаптарына сай, білім алуда оқушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, Үкіметіміздің мектеп туралы нормативтік құжаттармен анықталған қызметін атқаруды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептің бір типі.
Шағын мектептің қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінде білім беруді реформалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында өз үлесін қосып отырғанын мойындамау тарихқа жасалған қиянат болар еді.
Бұл мектептер шалғайдағы шағын ауылдық жерлерде адамдарды тұрақтандырудың басты кепілі болып табылады. Өйткені отбасының тұрмыс-тіршілігі мен балаларын оқытып тәрбиелеу үшін мұндай мектептер барынша мүмкіндік жасауға ұмтылады. Осы орайда, қазіргі қиын жағдайларға қарамастан, бұл типтердегі мектептерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда кейбір қолайлы жағдайлар бар екендігін естен шығармауымыз керек. Олар:
1. Ауыл мектептерінде оқушының жеке басының психологиялық
ерекшелігін зерттеп білуге жағдай мол. Әр оқушының үй-жағдай, ата-
анасының тәрбие мәселесін қалай шешетіндігін, олардың кәсіби
мамандықтарына дейін білуге мүмкіндік бар. Бұл жағдай оқушының
дамуына әсер ететін факторларға көңіл аударып жоспарлауға мүмкіндік береді.
2. Оқушының тілек-талабы мен қызығушылығына бағытталған
сыныптан тыс жұмыстар және факультативтік сабақтар жүргізуге жағдай туғызады.
- Оқу материалын толық меңгеру - оқушылар үшін өте күрделіүрдістердің бірі. Білім беру кезінде оқушының жеке басының ерекшелігіннақтылы ескере отырып, оқу ісін жақсартуға арналған болады.
- Шағын жинақталған мектептерді оқушылардың өз бетімен көбірекжұмыс істеуіне тура келеді. Бұл үрдістің ұтымды жақтарын пайдаланаотырып, оқушылардың өздігінен бақылау жұмысын жүргізуге, қорытынды жасай білу дағдыларын байыта түсу мүмкіндіктерін үнемі естеұстау керек. Үй тапсырмаларын оқушының білім дәрежесі мен қабілетінескере отырып, даярландыру қажеттігін де естен шығармаған жөн.
- Сыныпта оқушылардың аздығы, олардың әрқайсысының оқуматериалын меңгеруін, білім санасын, дағды біліктерін және деңгейлерін үнемі бақылап отыруға уақыт жеткілікті.
- Практикалық, лабораториялық және экскурсия түгелдей қамтып, жұмыс жүргізуге сыныпта балалардыңаздығы қолайлы жағдай туғызады.
7. 0қушыларды еңбекке баулу, еңбек дағдыларын беру, мамандық алуға үйретуде де шағын ауыл мектептерінің мүмкіндіктері мол. Өйткені олардың ата-аналары ауылдағы мамандық иелері. Ал, оқушылар болса жастайынан еңбекке араласады.
8. Шағын комплектілі ауыл мектептері оқушылардың бойына табиғатты қорғау, оны аялау, эстетикалық талғамын қалыптастыруда қоршаған орта арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуде де мүмкіндіктер бар.
Міне, осындай мүмкіндіктерді ескерсек шағын комплектілі мектептің жұмысын жетілдіру, ондағы тәрбие процесінің сапасын арттыру-маңызды әлеуметтік-экономикалық және педагогикалық проблема. Уиткені, Қазақстандағы мектептің 76 пайызы ауылдық. Оның 65 пайызы шағын комплектілі мектептер. Шағын комплектілі мектепте оқытудың ерекше көңіл аударылатын бір саласы оқушылардың өздігінен орьщдайтын жұмыстары. Өзбетінше тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әртүрлі танымдық есептерді шешу талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өзіндік бақылауды үйреніп, оларда жауапкершілік, оқу еңбегіне қатынас, жолдастық көмек қалыптасады.
Өз бетінше жұмыстың түрлерін қолдана отырып, сабақтың барлық жүйесінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту керек. Оқулықпен жұмыс істеуде, есептерді шығару, мазмұндама, лабораториялық жұмыстарда және еңбек тапсырмаларын орындау кезінде өз бетінше жұмыс түрлерін жан-жақты қарастырады.
Дидактикалық мақсатта өз бетінше жұмыс жаңа сабақты меңгеруге дайындық, жаттығулық, қайталап пысықтау және бақылау болып бөлінеді.
Дайындық өз бетінше жұмысы жаңа сабақты сапалы түрде меңгеру, жаңа дағдыны қалыптастыру, өткен материалдарды қайталау мақсатында қолданылады. Бұған есептерді шешу, жаттығуларды орындау, оқу құралдарын таңдап алу жатады.
Жаңа білімді меңгеру үшін жоғарғы сыныптарда өзбетінше жұмыс кең көлемде қолданылады. Өз бетінше жұмысты қолдану, білім, дағды, іскерлікті бекіту және қалыптастыруда орын алады.
Қайтадан пысықтап қайталау өзбетінше жұмыстың тақырыпты оқудың немесе бағдарлама бөлімін пысықтауды қажет етеді. Ол жазбаша жұмыс түрлерімен және бақылау жұмысымен ерекшеленеді.
Өз бетінше жұмыста тапсырма жалпы және жеке түрде беріледі. Жеке тапсырмаларды барлық оқушы өз бетінше жұмыс орындайды. Көбінесе шағын комплектілі мектепте өзбетінше жұмыстың жеке түрлері қолданылады, сонымен бірге өз бетімен жұмысты ұйымдастырудың коллективтік түрі де болады. Мысалы: лабораториялық жұмыстың кейбір түрлері, жергілікті жерде өлшеу жұмыстары және т. б.
Оқушылардың өз бетінше жұмысының педагогикалық, тиімділігі мұғалімнің басшылығының сапасына байланысты. Ол өзбетінше жұмыстың мақсатын анықтап оқушыларды ой-еңбегін қабылдауға үйретіп, сыныптың өзбетінше жұмысының барысын бақылап, оқушылардың қате жібермеуіне көмектеседі. Сөйтіп, қорытынды жасап, әрбір жұмыстың нәтижесін бағалайды. Математика сабағында өзбетінше жұмыс орындауда оқушылардың жас ерекшеліктеріне көңіл бөлінуі тиіс .
Бастауыш сыныптарға арналған математика бағдарламасының «Түсінік хатында» математиканы оқыту өзара байланысты төрт түрлі мақсатты көздейтіндігі айтылған, яғни:
- Білімділік - бағдарламаға сәйкес математикалық білім, икемділік және машықтандырудың белгілі бір көлемін оқушылардың игеруі;
- Тәрбиелік - шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, ізгі игіліктерді, еңбекке бейімділік және т. б. қасиеттерді қалыптастыру; ,
3. Дамытушылық - логикалық құрылымдар мен ойлаудың
математикалық стилін дамыта түсу;
4. Практикалық меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларды практикалық есептерді шешуде қолдана білуімен байланысты икемділікті қалыптастыру.
Осы мақсаттардың табысты шешілуін білім мазмұнын тиімді жолмен сұрыптап алуға, оны оқытып үйретудің жан-жақты үйлестірілген, ойластырылған жүйесін құруға, оқытудың сәйкес әдіс-тәсілдерін, жабдықтарын ұйымдастыру формаларын іріктеп алуы, өзбетінше жұмыс түрлерін пәндердің ерекшелігіне қарай құруға байланысты.
Қазақ мектебінің мәселесі - қазақ елдігінің ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі ең басты мәселесі. Ұлы жазушы М. Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», -деген ұлағатты сөзінің мәні ерекше.
Қазақтың дарынды, таңғажайып талантты ақыны М. Жұмабаев: «Әрбір елдің келешегіне негіз - балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебінде салмақ». Бір елдің тағдыры мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе. Бұл ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін шындық. Тарихты ақтарған кісі мұны біледі.
Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. «Мектебімізді таза, сау, берік, хәм өз жанымызға, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт».
Осы сөздерді оқып отырып, ұлылардың ұлылығының өзі - осылай өз заманының шегінде қалып қоймай, әр дәуір, әр кезеңде қайта жаңғырып жаңа ой, жаңа соз айтуында, кейінгі буынның көкейіндегісін, көңіліндегісін табуында ғой деп ойлайсың. Ғасыр басында айтылған Мағжандай ақынның, ел азаматының сөзі бүгінгі күні де көкейіміздегі ойды тап басып тұр.
Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық негізін қалыптастырып, дамытудағы, оны жалпы адамзаттық мән-мазмұнымен байыта түсуге бағытталған, әлеуметтік жаңа ахуал қалыптасып келеді. Бір кездерде идеологиялық институтқа айналдырылған мектеп қазіргі мәдениеттің шамшырағының қасиеттерін өз бойына жинақтай бастады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жалпы адамзаттық өркениет пен ұлттық мәдениетке бағытталған мектептің негізінде халқымыздың сан алуан жылдар бойы арман-мүддесін жүзеге асыратын мемлекеттік саясат қажет.
Білім беру саласында мемлекет үшін жеке адамның, әрбір азаматтың мүддесін жоғары қою идеясы іргелі қағида болуы тиіс. Жеке тұлға мүддесінің жоғары тұратындығы - әрбір азамат өзінің мәдениетін түлетуі, сақтап дамытуы. Сондықтан мектеп қандай болуы керек? Қандай бағытта ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеу керек, деген сұрақ туады.
Соңғы алынған мәліметтер бойынша республикамызда жалпы орта білім беретін 8246 мектептің 3906-сы шағын жинақталған мектеп. Осы айтылып отырған «шағын жинақталған» мектепке мынадай түсінік беруімізге болады:
1) оқушы саны өте аз мектеп;
2) қатар оқитын сыныбы жоқ мектеп;
3) оқушы саны аз болғандықтан, әр деңгейдегі сынып оқушылары біріктірілген мектеп.
Шағын мектептердегі мұғалімнің жұмысы орта мектепте бір сыныппен жұмыс істейтін мұғалімге қарағанда әрі ауыр, әрі қиын екендігі белгілі. Сол себепті мұндай мектептерде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру аса шеберлікті қажет етеді. Соңғы кездердегі ғалым-әдіскерлеріміздің жүргізген зерттеулеріне жүгінсек, шағын жинақталған мектептердегі бір мезгілде қатарынан оқылған әр деңгейдегі сынып оқушыларының білім деңгейі жалаң оқыған сыныптың оқушыларына қарағанда тиянақты да терең екендігі байқалады. Өйткені қатар оқылған сыныптардағы оқушылар тапсырманы өз бетінше істейді және теорияны тәжірибемен байланыстырады. Олар мұғалімнің басшылығымен әр түрлі өздігінен істейтін жұмыстың түрлеріне төселіп алады.
Шағын мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын ертеректен бері жүргізіп келе жатқан шетелдіктердің, атап айтсақ Батыс Еуропа, Австралия, АҚШ, Канада, Қытай, Жапон, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінің іс-тәжірибелерімен таныса отырып, шағын жинақталған мектептерге «жаңа педагогикалық технологияның»аса қажет екендігіне көз жеткіздік.
Жаңа кезеңде бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек. Бала тәрбиесі бір өнер. Сондықтан ұлттық мәдениетті- ұлттық педагогиканы, әдет-ғұрып, халық мұрасын пайдалану арқылы имандылық пен ізгілікті, рухани байлықты қастерлейтін, Отанын қадірлейтін адам тәрбиелеу. Ол үшін білім беретін мектебімізді жаңа типпен, білім беруді жаңаша әдіс-тәсілмен жүргізуіміз керек. Мектеп бұрынғыша үш сатылы болып қалғанмен, оның әрқайсысына жүктелгеи міндеттерінің өзгеруіне байланысты жаңа құрылымды оқу орнына айналуда.
Білім мазмұнындағы басты жаңалық - білім беруді ізгілендіруде саралап оқыту. Яғни, баланың талантына, дарынына, талап-тілегіне қарай ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, бабалар тарихын негізге ала отырып, жеке тұлға қалыптастыруға бағыттау. Басты мақсатымыз: баланы әуелі мейір, шапағатқа, онан соң ақыл-парасатқа, ақырында еңбекке баулу болып отыр. Өйткені, адамзат өміріндегі жинақталған әлеуметтік тәжірибе - мәдени мұра десек, білім мазмұнын оның психологиялық-педагогикалық заңдылықтары негізінде іріктеліп, оқушының танымдық мүмкіндігіне бейімделіп берілген.
Сондықтан оқушыларды қабілетіне сай топтап оқыту, мемлекеттік білім мазмұнын сақтай отырып, жоғары сыныптарды гуманитарлық, политехникалық және көркемдік-эстетикалык бағыттарға жіктеп оқыту, сондай-ақ төменгі сыныптарға риториканы енгізу, шешендік сөз, логиканы оқыту, бастауыш сыныптардан бастап компьютермен таныстыру, информатиканы оқытудың мәні ерекше. Әсіресе, нарықтық қатынасқа көшуге байланысты еңбекке тәрбиелеудің жаңа мазмұны мен әдістемесіне нақты өзгерістер енгізу дағдылары мен икемділікті қалыптастыру, мамандықты саналы таңдау адамның адамгершілік және интеллектуалдық жағынан қалыптасуына игі қадамдар жасау. Еңбек тәрбиесіне, оқушылардың бойында жерге, өндіріске, қоғамдық пайдалы еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, нарық қатынасы, шаруашылық есеп, еңбек өнімділігі, өнімнің өзіндік құны туралы түсініктер беру, оларды жалпы бизнеске баулу болып отыр. «Мектеп кәсіпкерлер ассоциациясы» құрылып жұмыс істей бастады. Жаңа экономикалық жағдайда «маркетинг» және «менеджмент» курсы ұйымдастырылып, жүргізілуде.
Жалпы адамның сана-сезімі, көзқарасы, оның дүииетанымы әлемдегі шешуші факторлардың бірі болып келе жатқаны сөзсіз. Демек, мектепте психология пәнін оқытудың маңызы өте зор, біз оқушыларды күнделікті өмірде болып жатқан құбылыстарды дұрыс талдауға, қоғамдық-әлеуметтік және саяси оқиғаларды сараптауға үйрету үшін мектептерде жеке пән ретінде оқыту - бүгінгі күннің басты талабы. Себебі: өзіңді тани білу, өзіңді-өзің тәрбиелеуге ықпал етсе, өмірде орныңды адаспай, қателеспей тануға септігін тигізсе, жолдастарымен дұрыс қарым-қатынаста болуға мүмкіндік берері сөзсіз. Сондықтан ұлы ойшыл Сократтың айтуынша, «Өзіңді таны» деген қағидасында телегей-теңіз мағына бар. Әлемдік өркениетке ұмытылған сәтте бұл уәж алдымыздан шығып отыр. Өйткені біз, ең алдымен, ұлттық ерекшеліктеріміз халықтық психологияны терең біліп алмай, іргелі мемлекеттермен терезе теңестіре алмаймыз.
Сонымен егемен еліміздің мектебі өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басуда. Білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктерімен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымее байи түсуде.
Сабақтардың сапасын жетілдіру мен көтере түсу үшін сыныптан тыс жұмыс және факультативтік оқуларды жүргізу тиімді болып отыр.
Педагогика әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным-мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырды. Адамзат қоғамының, ғылым -білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып, педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz