Мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі педагогикалық диагностика үрдісі


МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . . 3
І Бөлім Жалпы білім беретін мектеперінде оқушылардың білімділігін педагогикалық диагностикалаудың теориялық негіздері
1. 1. Қазіргі таңда оқушылардың білім деңгейін диагностикалаудың маңыздылығы . . . 6
1. 2. Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың білімділігін педагогикалық диагностикалаудың әдістері мен тәсілдері . . . 11
ІІ Бөлім Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушының білімділігін педагогикалық диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыру
2. 1. Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушының білімділігін педагогикалық диагностикалау жұмыстарын жүзеге асырудың ерекшеліктері . . . 19
2. 2. Қазіргі кездегі оқушылардың білімділігін тиімді ұйымдастырудың тиімді жолдары . . . 24
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 31
КІРІСПЕ
Зерттеу көкейкестілігі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған.
Ұстаз еңбегі психологиялық-педагогикалық тұрғыдан емес, мұғалімнің әдістемелік даярлығында тұрақты жетілдіруді талап етеді. Іс-әрекет нәтижесіне сәйкес қойылған мақсат мұғалімнің педагогикалық процесс жағдайы жайындағы ақпараттарды мгеру дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Міне, осыдан келіп педагогикалық процестің өту барысы мен кезеңдер нәтижелері әрі қорытынды көрсеткіштері туралы ақпарат алу мақсатында мұғалімде мектептің (сыныптың) педагогикалық процесін диагностикалау білімі мен дағдысы болуы қажеттігі туындайды.
Білімнің қай саласында болмасын, еңбек процесі өту кезіндегі жағдайы мен сапасының диагностикасы жетекші рөл атқарады. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде «педагогикалық диагностика» терминіне біршама анықтама берілген. Көптеген жағдайларда бұл анықтамалар психологиялық диагностика мазмұнында психологиялық процестерді оқып үйрену және педагогтар мен оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді.
«Диагноз» грек тілінен аударғанда танып білуді білдіреді (бұл ғылымға ортақ термин) . Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде құрылым, функция, міндеттер және педагогикалық диагностика бағыттары анықталады (Б. С. Кобзарь, Л. И. Катаева, Е. А. Берулова, Б. П. Макарова, Б. П. Битинас, В. П. Симонов және т. б. ) Б. П. Битинас педагогикалық процесс жағдайының оңтайлы жинақталған көрсеткіштерін айқындайтын ғылыми бағыттағы педагогикалық диагностиканың негізгі міндеттерін анықтап берген.
Педагогикалық диагностика соңғы онжылдықта іс-әрекет нысаны және мұғалімді басқару ұстанымын қарастырылып келеді. Қазіргі кезде педагогика ғылымында мұғалімнің іс-әрекет нысаны педагогикалық (оқу-тәрбие) процесі деп мойындалған. Соған орай мұғалімнің жұмыс тиімділігі оның іс-әрекет нысаны ретіндегі біртұтас педагогикалық процесс теориясын қаншама білуіне және диагностикалау дағдысын меңгеруіне тікелей байланысты. Сонымен педагогикалық диагностикаға мына төмендегідей анықтама беруге болады: «сипаттама үшін аса қажет білім мен іс-әрекеттің жиынтығы және педагогикалық процесс жағдайы себеп-салдарын анықтау, мақсаттар арасындағы қарама-қайшылықты және «педагог-оқушы» жүйесі мүмкіндіктерін айқындау» (В. К. Омарова) .
Ақпараттық көздер педагогикалық процестің негізгі сипаттамаларын (ауыспалы) талдау материалдары мен олардың көрсеткіштері: оқушылардың үлгерімі, оқушылар ұжымының қалыптасқандығы, оқушылардың қоғамдық (әлеуметтік) белсенділігі, оқушылар отбасының әлеуметтік психологиялық портреті, психологиялық ұжымның жәй-күйі (Хмель Н. Д. ) .
Педагогикалық процестің барлық сипаттамалары (ауыспалы) бойынша шынайы диагностикалық мәліметтер алу үшін ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін, оқушы әрекетінің өнімін зерттеуді, сауалнаманы, сабақты, оқу мен оқудан тыс әрекеттің басқа түрлерін талдау мен өзбетінше талдауды, бақылауды, әңгімелесуді, социометрлік талдауды, әр түрлі диагностикалық карталар толтыруды, тестілерді, т. с. с. кешенді түрде пайдалану қажет.
Педагогикаық зерттеу әдістерімен алынған мәліметтер салыстырмалы түрде талдануы маңызды, яғни, уақыт жағынан бөлек нәтижелерді (үлгерімнің диагностикалық «кесінділер», сыныптағы жылына екі реттік социометрлік зерттеулер, т. б. ) салыстыру керек. Бұл шартты орындауда диагностикалық мәліметтер педагогикалық процесті әр түрлі кезеңдерінде жөнге келтіруге, сондай-ақ, мектеп әкімшілігінің, сынып жетекшісінің, мұғалімнің жұмыс жоспарының барлық түрлерін түзетуге негіз болып табылады. Педагогикалық процестің сипаттамаларын зерттеп, мектеп әкімшілігі мен педагогтер ұжымым оқу-тәрбие процесінің қызметі мен жай-күйін өзгертуге бағытталған тиісті басқару шешімдерін әзірлеу үшін ақпаратты іріктейді.
Осылайша, педагогикалық процестің диагностикасы оқыту теориясы мен практикасында педагогикалық процесті басқарудың қазіргі деңгейінің негізі ретінде қарастырылады. Сондықтан, қазіргі мұғалімның жетекші міндеттерінің бірі педагогикалық процесті диагостикалау болып табылады, ол үшін ақпараттың негізгі түрлерін (бастапқы, тактикалық, жедел) білу қажет.
Педагогикалық процестің барысы, жағдайы, нәтижесі туралы жеткілікті ақпарат жинау үшін негізгі сипаттамаларды (ауыспалы) және олардың көрсеткіштерін білу керек. Педагогикалық зерттеу әдістерін кешенді қолдану диагностикалық мәліметтердің толықтығын және дәлелдігін қамтамасыз етеді. Диагностикалық мәліметтер педагогикалық процесті басқаруға мезгілінде түзету енгізуге, педагогикалық процесті басқарудың алдағы жоспарын сапалы етуге жол ашады.
Мектеп директорының, оқу ісі меңгерушілерінің методикалық кеңестің және пән әдіс бірлестіктері жетекшілерінің мұғалімдердің, сабақтарына бірігіп қатынасуы. Бұл біріңғай методикалық талаптар қою үшін қажет. Бұл ала ауыздыққа келіспеушілікке тосқауыл қояды.
Бұрын білімді диагностикалау іс-жүзінде болмаған, тәжірибеде қолданылмаған. Ертеректе атақты педагогтар, оның ішінде Ресейде Н. А. Корф өзі оқытып шығарған 300 оқушының оқу бітіргеннен кейінгі өмірі, олардың мектепте алған білімін қалай тәжірибеде пайдаланып жүргізуін зерттеген. Бұл білімді диагностикалаудың алғашқы тәжірибелерінің бір түрі еді. Одан кейін Ресейде білім беруді ұйымдастырушылар Н. В. Шелгунов, А. Ф. Бубнов, К. П. Яновскийлер мектеп бітірушілердің алған білімін қалай пайдаланып іске асыратынын зерттеуге көңіл бөлген. Кеңес дәуірінде мектеп бітірушілерді келешекке бағдарлаумен П. П. Блонский, А. С. Макаренко айналысты. Кейін А. С. Макаренко біздің жұмсымыздың мақсаты - адамдардың нақты санасына, біздің педагогикалық қолымыздан қандай санадағы адамдардың шығатындығына байланысты - деп жазды.
Алдын болжай білу, - деп жазды В. А. Сухомлинский - ол ең алдымен жүріп өткен жолға көз жіберу, одан бүгінгі жетістіктің нышанын көре білу.
Диагностика деген ұғымға оқу-тәрбие барысында жетістік пен кемшіліктерді көре білу, соларды дер кезінде алдын алып болдырмау, жетістікті жетілдіре отырып ақырғы қортындыны көздеу. Мектептен кейін оқушының алған білімін тәжірибеде қолданып іске асыруын қадағалау, өзіне де, қоғамға да пайдалы адамды тәрбиелеп шығару.
Диагностика деген - оқушының ақыл-ой мүмкіншілігін, адамгершілігін, дене дамуын бағалай білу, олардың жеке басының психологиялық ерекшелігін көре білу, адамдармен тіл табысу қабілетін зерттеу, өзін оқушылар ортасында қалай ұстап, мұғалімдермен, үлкендермен қатынасын анықтауды белгілеу.
Курстық жұмыстың мақсаты: мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі педагогикалық диагностика үрдісі
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: оқу-тәрбие процесіндегі педагогикалық диагностиканы ұйымдастыру
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Педагогика
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Қазіргі таңда оқушылардың білім деңгейін диагностикалаудың маңыздылығын анықтау;
2. Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың білімділігін педагогикалық диагностикалаудың әдістері мен тәсілдерін көрсету;
3. Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушының білімділігін педагогикалық диагностикалау жұмыстарын жүзеге асырудың ерекшеліктері
Зерттеу базасы : Т. Тәжібаев атындағы №47 тарихи-гуманитарлық мектеп гимназиясы.
Зерттеу әдістері : Мектеп тұжырымдамасын зерделеу, бақылау, әңгімелесу, озық педагогикалық тәжирбиені зерттеу.
І Бөлім Жалпы білім беретін мектеперінде оқушылардың білімділігін педагогикалық диагностикалаудың теориялық негіздері
1. 1. Қазіргі таңда оқушылардың білім деңгейін диагностикалаудың маңыздылығы
Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелігін бақылау және есепке алудың теориялық негізі және функциясы.
Жоғарыда айтылған әдістердің қайсысы қолданылса да, бүгінгі мектептегі оқыту процесінде маңызды мәселенің бірі оқушылардың қалай түсінетіндігін анықтап тұру қажет болады. Ол жаңа тақырыпқа дер кезінде көшу үшін өте маңызды. Оның мақсаты адамды тәрбиелеу мен оқыту. Мектептегі бақылау мен есептің ерекшелігі, оның әдісі және ұйымдастыру негізі осымен анықталады. Тексерудің барысында оқушылардың материалдарды меңгеру дәрежесін сипаттайтын баға қойылады. Сол бағаны мұғалім талдай отырып тек оқушыны ғана емес, өзі оқытып жүрген материалды меңгеруде оқушы ғана емес, өзі оқытып жүрген материалды меңгеруде оқушы жіберген қателіктерден қорытынды жасайды, өз қызметіне кейбір өзгерістер енгізеді, жаңа әдістер, тәсілдер іздейді.
Сондықтан тексеру мен бағалаудың әділдігі едәуір дәрежеде бүкіл оқыту процесінің табысты жүргізілуіне ықпалын тигізді. Білім тексеру және баға қою әдісін меңгеру жас мұқғалімдер үшін өте маңызды және қиын міндеттердің бірі болып табылады.
Оқушыны бағалау оның қабілетсіздігін, жарамсыздығын дәлелдеп беру емес, бағалау арқылы оның неге көңіл аударуын, оқытудың жоғары сапалығы мен қабылдаудың ынталылығын, білімді беру мен сіңудің сапасын көтеру.
Оқушының оқу үлгіруін есепке алу - көп қырлы құбылыс. Солардың ішінде ең кемі төрт функциясын бөліп айтуға болады: бақылау, оқыту, дамыту және ұйымдастыру.
Бірінші, өзіндік ерекшелігі бар оқушылардың үлгірімін есепке алудың міндеті бақылау барысында іске асады. Бұл мемлекеттік бақылау. Мұғалім оны мемлекеттің атынан, халық алдындағы міндеті ретінде орындайды. Оның табысты болуы мұғалім мен оқушының бірлігі мен ынтымағына байланысты: мұғалімнен оқушыға, қайта мұғалімге.
Бақылау арқылы мұғалім өз жұмысының жетістігі мен кемшілігін анықтайды. Осы күнделікті, әр кездегі бақылаудың нәтижесінде оқытушы жоғарғы нәтижеге жетуді көздейді.
Екінші, оқытушылық функциясы - оқушының оқуына ықпал жасау. Үлгірудегі есепке алудың оқытушылық функциясының екі жақты сипаты бар. Тәрбиелік жағынан оқушының оқуын есепке алу білімге деген көзқарасын, білімді саналы, ұжымда сергек адамгершілік қатынас, ой, пиғыл, жақсы дәстүр қалыптастыруы тиіс. ”Білім алуға бар күш жігерімізді аямаймыз”, “Бізде сыбырлап айту болмайды” т. б.
Оқытушылық функциясында көп жағдайда оның табысты болуы оқуға оқушының өзінің жатымды қатынасына байланысты. Білімін есепке алуды оқушының моральдық, адамшгершілік ерік-жігері, интелектілік күш-қуаты жеке басының қасиеттері қалыптасады. Олай болса мұғалім оқушының білімді саналы қабылдауына, жауапкершілікпен қарауға, сынып ұжымын білім алуға ынтымақтығын, бірлігін ұйымдастырып, білім дәрежесін көтереді.
Үшіншіден, дамытушылық функциясы жоғарыда айтылғандардың жатымды әсерінен пайда болады. Оқудың барысын есепке алу оқушының рухани және күш қуатының дамуына, есінің, ақыл-ойының және тілінің дамуына бүкіл дене мүшелерінің қабілетінің дамуына мүмкіншілік береді.
Төртіншіден, үлгірімді есепке алу оқушылардың тәртібін ұйымдастыруға ықпал жасап, дұрыс бағыт сілтейді, оқуға деген қатынасын жақсартып бірін-бірі түсінуге жетіседі, ұйымдастыру функциясының оқуды есепке алудағы негізгі оқушылардың өз бетімен күн режимін түсініп, уақытты дұрыс пайдалану, бірізділік, әр тапсырманы орындау сипаты, үй тапсырмасын орындау, кітап оқу т. б. мәселені дұрыс түсінуі.
Оқыту процесіне катысты "педагогика диагностикасы" атауын жоғарыда келтірілген мағынала қолданған орынды. "Бақылау", "педагогикалық процесс нәтижелерін тексеру мен есепке алу" сияқты дәстүрлі атаулармен де қолдануга болады.
Бақылау мазмұнының мәні ерекше. Тексеріске ұшырайтын окушылардың білім, білік және дағдылары болып есептелінеді. Білімдерден басқа шәкірттердін әлеуметтік және жалпы психологиялық дамуы мектеп жетістіктерін тексерудін мазмұны болып табылады. Мектеп тек білімдерді қалыптастырып қана қоймай, тәрбиелеп, дамытатын болғандықтан, мектеп жетістіктерін тексеру бағыттарында да жүргізілуі керек.
Осылайша, тұтас педагогикалық процесте оқу-тәрбие жұмысы нәтижелерін есептеу мен бағалау мұгалімдер мен оқушылар кызмет-әрекетіндегі құбылыстардың барлық жағын қамтуы керек.
Мектептерде педагогиқалық қызмет-әрекеттін нәтижелерін есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бакылау жүйесіне енгізілген. Мектеп ішіндегі бақылау-қойылған міндеттерге сәйкес тұтас педагогикалық процеске түзетулер енгізу максатында оқу-тәрбие процесін жан-жақты зерттеу мен талдау. Мектеп ішіңдегі бақылау-күрделі де көп жактьі процесс, ол да барлық тұтастықтар сияқты заңды тәртіп ретінде, бір - бірімен тығыз байланысты және әрқайсысы белгілі бір қызмет атқаратын бөліктердің тұтастығынан тұрады.
Бақылаудың қорытындысы есепке алу. Есепке алудың бізге белгілі төрт түрі бар. Алдын-ала есепке алу /предварительный учет/ жаңа материалды бөлімді, белгілі курсты бастар алдында мұғалім оқушылардың білімін, дағдысын, іскерлігін анықтап алу үшін жүргізеді. Сыныптан, жеке оқушының білімін алдын-ала тексеру мұғалімге жұмысын дұрыс жоспарлауға, оқушылардың білетіндерімен ұштастыруға мүмкіншіліктер береді. Ал оқушыға білгендерін жаңа материалды қабылдауға жетістіреді, тәжірибе жинақтайды. Ол үшін мұғалім алдын-ала олардың жұмыстарымен танысады, әңгімелеседі, ата-аналармен кеңеседі, сол сыныпқа сабақ беретін басқа мұғалімдердің сабағына қатынасады, бұның пайдасы бірігіп жұмыс істеуге мүмкіншілік береді.
Күнбе-күнгі есепке алу - мұғалім тарапынан күнделікті жүргізіледі. Ол оқушылардың күн сайын сабаққа әзірленуіне, сергектікке тәрбиелесе, мұғалім өз жұмысына талаппен қарауға, өзгерістер енгізіп отыруға мүмкіндік береді.
Күнделікті есепке алу бақылау жұмысында жыл бойы үздіксіз жүргізіледі. Оның маңыздылығы оқушылардың ынтасын көтеріп, білімге деген ниетін, қажеттілігін туғызады. Әрине ол мұғалім үшін өте қиын жұмыс, бірақ өте қажет жұмыс болып саналады.
Күнделікті бақылау негізгі есепке алу, оқушылардың оқуға білім алуға жауапкершілігін қамтамасыз ететін, үнемі оларды еңбек етуге жетелейтін құрал.
Кезеңдік бақылау /периодический учет/. Әр тоқсанның соңында ірі сыныптарда жүргізіледі. Оны кейде семестрлік бақылау деп те атайды. Ол күнбе-күнгі есептеу негізіне сүйене отырып жүргізіледі.
Қорытынды есепке алу бақылау жұмысында негізгі шешуші рөл атқарады. Ол орталау, орта мектептерде емтихан түрінде өткізіледі. Мұндағы басты мәселе жан-жақты, толық тексеру, мұнда оқушы білімін тексеруде кездейсоқтық болмауға тиіс.
Есепке алу барысында ретсіз күгелектік болмауы керек. Өйткені қандай еңбекқор оқушы болмасын өз мүмкіншілігінен төмен жауап беруі мүмкін. Кейде басқадай да кездеседі, орташа оқушылар, алдыңғы дегендерді отырғызып кететіндері болады. Онымен санаспай болмайды. Сондықтан оқушыларды емтихнда өзін қалай ұстауы керек екенін, жауапкершілікпен қарауды талап етеді.
Мұғалім оқу жұмысын басқарып, оқушылардың білімді тиянақты қабылдауын, оны дұрыс ұғып баяндай білуін, дағдысын, іскерлігін, түсінігін қалыптастырады. Сонымен бірге оқушыны бақылау, олардың сабақты қабылдап оқығаны қаншалықты түсінгенін, олардың іскерлігінің қаншалықты қалыптасқанын бағалауда және есепке алуда бір-біріне байланысып, біте қайнасып жататын бір мәселе мұғалімнің оқушылардың өзін-өзі бақылауын және өзара бақылауын педагогикалық жолмен дұрыс шешіп, пайдалана білуінің олардың білімге деген саналы көз-қарасын қалыптастыратын жолдың бірі болып табылады. Диктант, шығармада жіберілген қателерді талқылау барысында, оқушыларды мұғалім белсенді араласуға шақырады. Өзара бақылауды жақсарту үшін жақсы оқитын оқушыларға үлгірімі төмен оқушыларды бекіту, жеке оқушылардың сынып оқушылары алдында есебі де тыңдалады. Өзара бақылау оқушылардың үйіне олардың сыныптас жолдастарын жіберіп, олардың сабаққа әзірленуін, бақылауды қамтамасыз етеді.
Бақылау және өзара бақылау педагогикалық жағынан дұрыс болу үшін, өзін-өзі бақылаусыз, өзін-өзі тәрбиелеу мүмкін емес. Өзін-өзі бақылау оқушының өзіне-өзі талап қоя білуіне, өз жұмысын жоспарлай отырып, өзін тексеру арқылы жетіле түсуіне бірден-бір жолашатын жол.
Оқушылардың өзін-өзі бақылауы әр түрлі түрде көрініс береді. Ауызша бақылау ережелерді, оқуға берілген тапсырмаларды, белгілі бір кезеңдегі уақиғалар тізбегін, теоремаларды, формулаларды т. б. тексергенде, жазбаша-есеп шығару, мысалдарды орындау, жаттығуларды орындағанда, тәжірибе-лабораториялық жұмыстарды жасалған бұйымдардың сапасын тексергенде пайдаланылады. Бақылау өте күрделі тексеру, бақылау болғандықтан оны мұғалім күн ілгері ойланып әзірлейтін болады, сонан соң өзара тексеруге жол беретін болады. Оқушыға өзін емес басқаны сынау оңайдың оңайы, өзін-өзі сынау қиын, ал өзін-өзі бақылау элементтері ең қарапайым істерде де кезіге береді. Ол оқушының үлгірімін есепке алуда да кездеседі.
Оку-тәрбие процесінің нәтижелерін бағалаудағы сабақтың орны. Сабакты талдау оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін бағалауда өте жиі қолданылады. Сабақта окушылардың да, мұгалімнің де іс-әрекетін бақылап-зерттеуте болады, ол материалды меңгеруде пайда болатын қиыншылыктардың себебін білуге, соңдай-ақ оқытудың тәрбиелілік сипатын тексеруге мүмкіндік береді. Тұтастай оқыту процесінің жетістігі. негізінен, сабактың сапасына байланысты. Сабакта. орталық нүкте сияқты, педагогтің барлық іс-әрекеті. оның гылыми дайындыгы, педагогикалық дағдылары, оқушылардың ойлау жүмысын үйымдастыру кдбілеттілігі шогырланады.
Сабақтың шынайы күндылығы - оның нәтижесі: окушылардың материалды меңгеруінің дәрежесі. Мұталім сабақта сырттай тиімді тәсілдердің қандайьн қолданса да, оқушылар тақырыпты меңгермесе, сабақты дұрыс өтті деп айтуға болмайды. Сабақта окушы тек түсініп кана қоймай, білімнін белгілі бір мөлшерін меңгеріп, кажетті дағдылар мен біліктерді дамытуы керек.
Сабақтың талдауы белгілі бір сызба арқылы жүргізіледі және ол бақылап-зерттеудің міндеттеріне кдрай ззгерш отырады. Жалпы түрінде бұл сызба келесі позицияларды айқындаудан тұрады:
І. Мұғалім белгілеген сабақтың максаты мен міндеттері; оларды орындау үшін сабактың кандай түрі таңдады.
2. Сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жұмыстын тәсілдері мен әдістері қаншалықты терең ойластырып, таңдалып алынды.
З. Оқу процесіне дегең қазіргі заман талаптары дұрыс жүзеге асып жатыр ма, сабақта оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту біртұтастығы орындала ма.
4. Сабақ ұйымдастырылуы жағынан қаншалықты дұрыс ойластырылып, жүзеге асырылган (өз уакытында басталуы, жүзеге асырылу уақыты мен материалдың көлемі жагынан, сабақтағы жұмыс минутының тығыздығы жағынан сабақтың әрбір құрамдық бөлігінің ойластырылуы. ) ; оқытуда даралық әдіс қолданылган ба, үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жүргізілді ме.
5. Оқушылардың сабактағы белсенділігі қандай, олардың жана білім алуға деген ынта-ықыласы бар ма.
б. Сабақтың тәрбиелік, дамытушылық жөне оқыту мақсаттары жүзеге асырылды ма.
Сабақты түпкілікті, тұрақты критерийлер негізінде абстрактілі талдауға болмайды. Ең алдымен, әрбір сабақта жұмыстың барлық тәсілдері мен әдістерін іздеу қажет Сабаққа талдау жасағанда келесі нақты жағдайларды ескеру керек:
І. Такырыптың ерекшеліктері. Кейбір сабақтарда көрнекілік және техникалық қүралдарды қолданудың, оқушыларды тақтага шығарудың, кітаппен жұмыстын қажеті болмауы мүмкін.
2. Мектеп мүмкіндіктері, бөлмелердің, техникалық және көрнекі құралдардың, кітапханадагы қажетті кітаптардың, мектеп маңындағы алаңдардың болу-болмауы. Сабақты талдағанда мұғалімнің материалды терең оқып-білу үшін барлық қажетті заттарды қолдаңданғанына көңіл бөлу керек, алайда, сонымен қатар, нақты орындалатын талаптар кою керек.
З. Сынып құрамы, оқушылардың дамуы мен қабілеттілігінің деңгейі. Сабақ туралы пікір окушылардың жауабы, бақылау жұмыстары, сыныптың дайындыгы негізінде құралатыны белгілі.
4. Мұғалімнін даралығы, оның жұмыс стажы, дайындық деңгейі, мінез-құлқының ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, жұмыстың бұрынгы нәтижелері.
Сабақтың талдауын сыртқы сараптамалық бағалаудың түрі ретінде қарастыруға болады. Сыртқы сараптамалық бағалау-бағалайтын құбылысын жақсы білетін және оган дұрыс, объективті баға бере алатын адамдар-сарапшылар пікіріне сүйенетін зерттеу әдісі. Сондық тан сабақ талдауын мектеп басшылығының өкілдері немесе тәжірибелі әріптес-ұстаздар жүргізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz