Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республкасы Білім және ғылым министрлігі

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

АЙДАРКУЛОВА МӨЛДІР

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

050103 - «Педагогика және психология»

Түркістан 2010

Қазақстан Республкасы Білім және ғылым министрлігі

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тарих-педагогика факультеті

«Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

«Жалпы психология» кафедрасының

меңгерушісі п. ғ. д., профессор

Б. А. Оспанова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

050103-«Педагогика және психология»

Орындаған:

СПП-516 тобының студенті М. Айдаркулова

Ғылыми жетекші:

магистр-оқытушы Р. Орынбаева

Түркістан 2010

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
4
Кіріспе: 1-БӨЛІМ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
4: 7
Кіріспе:
  1. Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық негізі . . .
4: 7
Кіріспе:
  1. Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру - өнегелікке тәрбиелеудің негізі . . .
4: 22
Кіріспе:
  1. Оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.
4: 29
Кіріспе: 2-БӨЛІМ. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ . . .
4: 41
Кіріспе:
  1. Оқушыларды өнегелікке тәрбиелеудің түрлері мен жолдары . . .
4: 41
Кіріспе:
  1. Оқушыларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың бағдарламасы және әдістемесі . . .
4: 45
Кіріспе: 2. 3. Тәжірибе жұмысының қорытындысын шығару, ұсыныстар беру . . .
4: 54
Кіріспе: Қорытынды
4: 63
Кіріспе: Пайдаланған әдебиеттер
4: 65

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында жасалған Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауының «Осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлаудың ұдайы артуы және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі» делінген төртінші басымдықтың бірінші бөлімінде «білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет екендігі» жазылған [1] .

Қазіргі таңда қоғамды жүріп жатқан күрделі өзгерістерге байланысты, әрбір жас адамның жеке адам ретінде қалыптасы үшін, оның психикалық дау ерекшеліктерін ескере отырып, адамға берілген мүмкіндіктерді толық пайдалану қажеттілігі оқу-тәрбие үрдісінің негізгі бағыты болуы тиіс. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылар үшін ұстаздың алатын орны ерекше екені белгілі. Баланың оқу әрекетінің қалыптасуында да, мінез-құлқындағы кейбір көріністерінің не жойылып, не күшейіп кетуінде де ұстаздың алатын орны зор. Еліміздің болашағы біздің қазіргі ұрпағымызға байланысты. Сондықтан да жас кезеңіне сай, бала психикасының қалыптасу ерекшеліктерін қарастыру, даму процесінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерін анықтауымыз оқушылармен арнаулы жұмыстар жүргізу қажеттігі де кездеседі.

Баланың мінез-құлқындағы қияндықтарды зерттеген психологтар Л. С. Выготский, М. Г. Бреслав, Л. И. Божович, А. В. Запорожец т. б. еңбектерінен бұл мәселеленің күрделі екендігін байқауға болады. Оқушылардың бойында еріктік психикалық процестерінің қасиеттерінің қалыптасуына және олардың өз қарым-қатынастарын басқару алуына, яғни қарым-қатынас қағидаларының қалыптасуына көп көңіл бөлу керек.

Баланың мінез-құлқы, отбасында қалыптасып оның іс-әрекеті үстінде дамиды, соның нәтижесінде темпераменті анықталады. Адамның болашақтағы міне-құлқының алғашқы нышаны, іргетасы тым жас кезінде-ақ көрінеді. Мектепке келгеннен кейін оның адамгершілік дамуын одан әрі дұрыс жолға қойып тәрбиелеу мұғалімдермен үлкендердің, ата-аналардың бірескен әрекеті, міндеті болуы тиіс, мұндай бірлескен істің болмауы, дұрыс жолға қойылмауы мінез-құлқы «қиын» балалардың пайда болуына себепкер болады.

Зерттеудің нысанасы. Жалпы орта мектептің тәрбие беру үдерісінде оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары.

Зерттеу пәні . Тәрбие үдерісіндегі қарым-қатынасты қалыптастыру.

Зерттеудің мақсаты. Мектеп оқушыларының тәрбие үдерісінде қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеуді теориялық тұрғыдан негіздеу және тиімділігін арттыру, тәжірибелерді талдау және әдістеме жасау.

Зерттеудің міндеттері.

1. Оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік жағынан негіздеу;

2. Қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу жұмысының технологиясын тәжірибелік жұмыста ендіру әдістемесін жасау;

3. Қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу жұмысының тиімділігін дәлелдеу және әдістерін жетілдіру.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер:

- Әрбір оқушының жеке даму ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріліп, жеке танымдық әрекеттеріне тән қарым-қатынастарын қалыптастыру үшін тәрбие беру ісі отбасымен ынтымақтаса жүзеге асырылса;

  • Оқушының тәрбиесі сапалы болуы үшін ұлттық тәлім тәрбие жүзеге асырылса, онда оқушылардың білім тәрбиелілігі артқан болар еді.

Зерттеу әдістері.

Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; озық тәжірибелерді жинақтап талдау; түрлі тәрбие әдістерін мектеп тәжірибесінде қолдану.

Зерттеудің міндеттерін шешу мақсатында психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді, педагогикалық бала мінез-құлқын зерттеу және сауалнама, анкета жүргізу.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттердегі жеке тұлғаның шығармашылығы мен жаңашыл іс-әрекеттер теориясы, тәрбие теориясы мен тұжырымдамалары.

Зерттеу көздері. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стратегиясы; Елбасының жолдаулары; педагогтар мен психологтардың, әдіскер-ғалымдардың зерттеу мәселесіне қатысты іргелі еңбектері мен тәжірибелері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні.

1) Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін психологиялық-педагогикалық негіздері айқындалды.

2) Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдарының технологиялары дәлелденіп, нәтижелер қорытыланды.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

1) Оқушыларының қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу жолдарын ендірудің ғылыми-педагогикалық негізі.

2) Тәжірибе жұмысының қорытындысы.

Дипломның құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, зерттеудің негізгі тұжырымдары келтірілген қорытындыдан, зерттеу барысында пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеу мәселесінің көкейкестілігі мен маңызы негізделген; жұмыстың мақсаты, негізгі проблемасы, нысанасы, пәні анықталған, зерттеудің міндеттерімен болжамы айқындалған; әдіснамалық негізі, ғылыми жаңалығы зерттеу әдісі ашылып көрсетілген;

1-бөлімде Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық негізі, Оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысы әдістемесінің теориялық негіздері, оқушылардың тұлғасын қалыптастыру шарттарының сипаттамасы, қарым-қатынас мәдениеті-өнегелікке тәрбиелеудің әдіснамалық негізі, оқушыларының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері қарастырылған.

2-бөлімде Қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу технологиясы, өнегелікке тәрбиелеудің түрлері мен әдістері, қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу жұмысының бағдарламасы және әдістемесі, тәжірибе жұмысының қорытындысы шығарылып, ұсыныстар берілген

Қорытындыда ғылыми-педагогикалық және тәжірибелік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген қорытындылар мен нақты ұсыныстар жасалды.


1-БӨЛІМ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық негізі

Соңғы он жылда педагогикалық-психологияның жиі көтерілген мәселесі ретінде оқушының өзара әрекеті немесе «мұғалім-оқушы» жүйесіндегі күрделі, көп аспектілі процесс ретінде педагогикалық қарым-қатынас болып табылады. Бір жағынан бұл мәселе зерттеудің жеке обьектісі ретінде отандық және кеңестік педагогтардың еңбектерінде үлкен орын алған. Мысалы, В. А. Сухомлинский мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі қалай жүретінін анықтады. Оның айтуы бойынша мұғалімнің сөзі әрекеттістікті басқарудың мықты құралы. «Мұғалімнің сөзі-тәрбиеленушінің жанына әсер ететін құрал». Сол кезден-ақ педагог-психологтардың қарым-қатынас мәслесі ретінде деп айтуға болады. Сонымен қатар, қарым-қатынастың әсерлілігін көтеретін фактор анықталған, яғни коммуникативті мәселелерді қойып шешу.

Екінші жағынан, педагогикалық қарым-қатынас қарым-қатынастың жеке бөлшегі, оны зерттеу интеракционизм шеңберінде (Дж. Мид), кеңестік әлеуметтанушылардың еңбктерінде, жалпы және әлеуметтік психологтардың (Б. Р. Поршнев, Б. Ф. Ломов, Б. Д. Парыгин, Г. М. Андреева, Л. П. Буева, А. А. Леонтьев, А. А. Брудный және т. б. ) еңбектерінде де, жүрді. Бұл бағыттағы жүргізілген зерттеулер педагогикалық қарым-қатынас мәселесінің қалыптасуына әсерін тигізді. Әлеуметтік-психологиялық және жалпы психологиялық әдебиетте К. Маркспен Ф. Энгельстан кейін адамдардың қарым-қатынас іс-әрекетімен және одан туындайтын бірлескен іс-әрекетпен байланыстырады.

Педагогикалық қарым-қатынас мәселесін талдау күрделілігі келесіде: қарым-қатынас көптеген психологтармен негізгі психологиялық категориялардың бірі ретінде сипатталынады, бірақ іс-әрекет жекедара емес, әлеуметтік (А. А. Леонтьев, В. В. Рыжов) және оның пәні болып әлеуметтік әрекеттестік. Бұл іс-әрекеттің субьектісі - әлеуметтік топ.

Сөздік қарым-қатынастың іс-әрекеті туралы айтқанда зерттеушілер жекедара қарым-қатынасты айтады: сөздік қарым-қатынас іс-әрекеті өзіне белгілі бір мотивацияны немесе қарым-қатынасқа деген қажеттілікті қосады, ал өз кезеңінде коммуникаторда қарым-қатынас іс-әрекетінің мотивіне ауысатын мәселелік жағдай процесіндегі коммуникативтіден тыс фактордан қалыптасады. Коммуникативті интенциядан коммуникаттивті мәселе шығарылады. Кейін бұл мәселенің жағдайына бағдарланып сөздік әрекеттің жоспарлануы жүреді [11, 17-22, 68-77 б. б] .

Қарым-қатынас қоғамдық - коммуникативті іс-әрекетті орындау барысында адамдардың әрекеттесу формасы ретінде де қарастырылады (И. А. Зимняя) . Қарым-қатынастық мұндай анықтаудан келесіден шығады:

а) «әрекеттесу» - ол жалпы категория, оның құрамына «іс-әрекет» және «қарым-қатынас» сияқты жеке категориялар кіреді;

ә) коммуникативті-қоғамдық іс-әрекеттер болмысты тану, еңбек сияқты әлеуметтік формасы.

б) қоғамдық-коммуникативті іс-әрекет ретінде адамдардың қарым-қатынасы әр түрлі құралдармен (кинетикалық, вербалды, символдық, бейнелеуші) жүзеге асады;

в) вербалды қарым-қатынас - тіл арқылы адамдар арасындағы әрекеттесудің әлеуметтік формасы;

г) қарым-қатынас серіктестің сөздік іс-әрекеті вербалды қарым-қатынас арқылы іске асады. Тікелей ауызша қарым-қатынас-бұл сөздік іс-әрекет айту және тыңдау, ал жанама жазуға қарым-қатынас формасында - ол оқу және жазу.

Қарым-қатынасты араласып жатқан адамдардың (субьектілердің) бөлек әрекеттердің бір ізділігі ретінде қарастыруға болмайды. Тікелей қарым-қатынастың әр актісі-ол бір адамның басқа адамға әсері, дәлірек айтсақ, әректтестіктің екі жақты сипаты коммуникативті теорияның постулаты. Шын мәнінде, қарым-қатынас сызбалары «сөйлеуші (бірінші серік) - тыңдаушы (екінші серік ) » (С1-Т2) яғни біржақты коммуникативті акт сызбасына алып келеді, бұл қарым-қатынастың өзі емес, ол қарым-қатынастың элементарлы актісі. Егерде қарым-қатынас ойлармен ауысу процесі ретінде қарастырылса, онда ол сызба С1-С2 болып оның әрекеттесу функциясы (С1-Т2) және (С2-Т1) байланыстырылуы мүмкін. ( И. А. Зимняя) .

Педагогикалық қарым-қатынас неғұрлым екі адамдардың әрекеттестіктің актісі С1-С2 схемасы деп қарастырсақ, педагогикалық қарым-қатынастың құрылымдық бірлігі туралы сұрақ туындайды. Құрылымдық бірлік авторлармен әр түрлі қарастырылады. А. К. Маркова бойынша қарым-қатынас іс-әрекетінің құрылымдық бірлігі- пікір айтудан құрылатын әрекет. Мұндай бірлікте тыңдаушының әрекеті есепке алынбайды. И. А. Зимняя бойынша әрекеттестіктің формасы ретінде қарым-қатынастың құрылымдық бірлігі - ол минималды, тұтас коммуникативті акт.

Л. С. Выготскийден кейін бірлік «өңдеудің тұтастылыққа тән негізгі қасиеттер» деп айтылып кеткен. Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас дегенде коммуникативті актің нақты құрылымын айтатын боламыз: сөйлеуші (мұғалім немесе оқушы) тыңдаушы (мұғалім немесе оқушы ) .

А. А. Леонтьев зерттеулерінде педагогикалық қарым-қатынас мұғалімің оқушылармен сабақ барысында сабақтан тыс (оқу және тәрбиелеу процесінде ) кезіндегі кәсіби қарым-қатынас, ол белгілі бір педагогикалық функцияға ие болып, психологиялық климаттын, оқу іс-әрекетін психологияның оптимизациясын әсіресе мұғаліммен оқушының арасында және оқушылардың ұжымының ішінде жағдай жасауға бағытталған [12, 117-127 б. ] .

Педагогикалық қарым-қатынасқа педагогикалық жүйенің ішінде жүзеге асуымен анықталатындығын айтып кетуіміз керек. Н. В. Кузьминаның еңбектерінде педагогикалық жүйе - қоғамдық-тарихи ұғым және педагогикалық жүйенің әр тарихи түрі белгілі мемлекеттік, педагогикалық тарихи мақсаттарға жету үшін бағытталған. Педагогикалық жүйе тұлғаны оқыту және тәрбиелеу процесінде жүрсе де, ол өз кезегінде тұлғаға мақсаты бағытталған, жүйеленген және ұзақ мерзімді педагогикалық ұжыммен (педагогикалық жүйенің маңызды элементі ретінде) ұйымдастырылып әсер етеді.

Адам өзінің өмірі барысында бір педагогикалық жүйеде екіншіге ауысып отырады (бала-бақша - мектеп - кәсіби оқу орындар - өндіріс) . Педагогикалық жүйеде өзінің мақсаттары, міндеттері, мазмұны, құрлымы және педагогикалық міндеті ретінде бірлігі бар.

Педагогикалық қарым-қатынас педагогикалық жүйенің ішіндегі процесс болса, онда педагогикалық қарым-қатынаста өзінің коммуникативті актінің функционалды актісі болу керек.

Коммуникативті акттің функционалды бірлігін анықтауда М. И. Лисинаның қарым-қатынастың міндетін анықтамасынан бастаймыз: «қарым-қатынас міндеті- қарым-қатынас процесінің барысындағы әр түрлі әрекеттер арқылы жете алатын мақсат». Қарым-қатынастың міндетін сыртқы және ішкі жағдай анықтайды. Ал міндет өз кезегінде қарым-қатынас әрекетінің сипатын анықтайды.

Сөйлеушінің жағынан қарстырғанда коммуникативті актінің міндеті немесе ортақ мақсаты ол: а) хабар айту немесе ә) серіктестің жауап беруге деген ниетін туғызу. Соңғысы ауызша жауап немесе тыңдаушының вербалды емес мінез-құлықтық реакция болуы мүмкін. Коммуникативті акттің функционалды бірлігі деген кезде коммуникаттивті міндетті айтамыз. Тыңдаушының позициясынан қарағанда коммуникативті міндеті- «қарым-қатынастың шартын» түсіну В. А. Артемов ол мақсаты бойынша коммуникативті міндеттің мақсаты- ол қарым-қатынас серіктестігіне әсер ету, саналы немесе саналанбаған ретінде де пайда болуы мүмкін. Коммуниктивті сөйлеушінің комминикативті мақсатын біле отырып тыңдаушыға әсер ету формаларын білу.

Қарым-қатынастың қатысушылары ретінде сөйлеуші мен тыңдаушының рөлін анықтап, сөйлеушінің нақты мақсатын анықтайды. Басқаша айтқанда, коммуникативті серіктердің вербальды мінез-құлықының регуляторы. А. А. Леонтьев бойынша сөздік қарым-қатынасқа деген коммуникативті емес, факторларымен шартталынған қажеттілік кіреді.

Коммуникативті міндет ретінде танымдық міндетті түсіне отырып А. А Леонтьев біріншісінің мақсаты ол қарым-қатынас топта ақпарат тепе-теңдігін орнатып, серіктестікке бағдарлану. Дегенмен, коммуникативті және танымдық міндеттерде іс-әрекеттің қажеттіліктері затталынған. Басынқы мотив ретінде танымдық және коммуникативті мотивтер қажеттілікке қарағанда үстем. Коммуникативті және танымдық міндет ойлау міндетіне қарағанда кең ұғым. Ойлау міндеті айтылынып кеткен 2 міндетті шешудің механизмі немесе құралы болып табылады. Яғни қарым-қатынас процесінің барысында ойлау танымдық және коммуникативті міндеттерді орындауға қатысады.

Шешуші субьектке қарағанда барлық үш міндет (танымдық, коммуникаттивті, ойлау) ішкі деп қарастырылады. Олар субьекттің мәселесі жағдайды шешу барысында пайда болады.

С1-Т2 коммуникативті актте 2 серік коммуникативті міндетті орындайды деп айтып кеткен едік. Оны жақсылап қарастырайық.

Сөйлеуші бұрын айтып кеткендей, 2 негізгі мақсатты орындайды-ақпаратты беру және тыңдаушыға әсер ету, ол әлеуметтік психологияда коммуникациялық сөздік ақпаратына жатқызылынады. В. Д. Порышн бойынша адам психикасына әсер ету дәрежесімен сипатына қарай сөздік ақпараттың 3 түрін бөлуге болады: 1) хабарлау, 2) сенім 3) сендіру [13, 37-43 б ] .

Көптеген еңбектерде ( А. В. Бельский, В. А. Артемов, А. Д. Ревтова, В. И. Кадомцев және т. б. ) «хабарлаумен» «талаптанудың» көп түрлілігінің жіктеуі жүреді. Бұл жердегі зерттеулер интонацияның формаларын қарастыруға бағытталғандығымен атауларыда 4 коммуникативті түрімен сәйкес келеді: баяндау (әңгіме, сұрақ, талаптану және ептеу) .

Мәскеу қаласының әр түрлі мектептерінің сұрақтама нәтижесі келесіні көрсетті: педагогикалық қарым-қатынас коммуникативті міндет ретінде жиі дәлел, әңгіме түсіндіру кездеседі. «Сыныпта сізге не оңай түседі?» деген сұраққа 50% мұғалімдер «түсіндіру», «әңгіме», «сендіруді» айтып кеткен, ал «сыныпта нені жиірек қолданасыз?» деген сұраққа «дәлелді» деп жауап берді. 66, 7% мұғалімдердің пікірлерімен келіспесе де, олар «сендіруді» қолданады, 80% мұғалімдер бір оқушымен коммуникативті міндетті бір оқушымен шешкеннен гөрі бүкіл сыныппен қарым-қатынасты шешкенді жөн көреді.

Тыңдаушының педагогиалық қарым-қатынас барысында келесі коммуникативті міндет бөлінеді: түсіну, есте сақтау, жаттау, игеру, жауап беру, қорытындылау, жоққа шығару, дәлелдеу. Әрине бұл міндеттер біркелкі емес, біреуі күрделі (дәлелдеу), екіншісі оңай (жаттап алу), бірақ сұрақтама нәтижесінде жиі кездесетін коммуникативті міндет ретінде түсіну, жауап беру, есте сақтау, жаттау сияқты міндеттерді айтып кеткен еді.

Педагогиалық қарым-қатынас ұғымын 3-ке бөліп қарастыру керек. 1) оқу іс-әрекетін ұйымдастыруқұралы, 2) оқыту мақсаты, 3) мақсат құралы ретінде де. А. К. Маркованың еңбегінде қарым-қатынас мақсат және құрал ретіндегі міндеттерін қарастырайық. Оқыту 4 деңгейден тұрады, әсіресе алғашқы 2 этапы қызықты. Бірінші этап- оқушы өз ойын айқын білдірту. Екінші этапта оқушы қарым- қатынас серігіне әсер етуге үйрену керек, яғни оқушы белгілі бір коммуникативті міндетті жүзеге асыру керек.

Д. Б. Эльконин бойынша оқу міндеті оқу іс-әрекетінің негізгі бөлігі. Оқу міндетінің басқаларға қарағанда негізгі айырмашылығы - ол оның мақсатымен нәтижесі субьекті өзгеруінде [14 ] .

Осы ойды дамыта отырып, А. К. Маркова коммуникативті мәселелерге қолдануға болатындай оқу міндетінің бір ізділігінің иерархиясын анықтау. Коммуникативті міндет оқу іс-әректінің тұрғысындағы оқу міндетін шешетін құрал деп қарастырылады. Мысалы, оқу барысында мұғалім оқушымен қарым-қатынасқа түскен кезде коммуникативті міндеттерді әр түрлі педагогикалық функциялар арқылы іске асырады. С. Я. Рамешина 4 функционалды тізімдерді атап көрсетті: 1) ынталандырушы, 2) жауап беруші, оған кіретіндер а) бағалау және ә) дәлдеп түзету; 3) бақылаушы, 4) ұйымдастырушы оған кіретіндер: а) оқушының зейінін қабылдауға, жаттауға және қайта жаңғыртуға бағыттау, ә) оқушының мәтінмен, суретпен, фильмдермен және т. б. материалмен дайындығын ұйымдастыру, б) тапсырманың бір ізділігімен сапасын көрсету, в) сабақта топтық, жұптық, жекедара жұмыс істеу формаларын ұйымдастыру, г) оқушының сабақта тәртібін, дисциплинпсын басқару. Сонымен коммуникация арқылы оқушының оқу іс-әрекетін ұйымдастыратын міндеттер бөлініп шығарылады. Мұғалімнің сөз фукциялары сөйлеушінің педагогикалық коммуникативті міндеттерімен сәйкес болуы мүмкін.

Кесте 1- С. Я Рамешина бойынша педагогикалық функциялар тізімі .

Сөз функциялары
Педагогикалық коммуникативті міндеттер
Сөз функциялары:

Ынталандырушы

Ұйымдастырушы

Бақылаушы

Жауап беруші

Бағалаушы

Түзетуші

Педагогикалық коммуникативті міндеттер:

Ынта туғызу, сұрақ

Түсіндіру, әңгіме, хабарлау.

Ынта туғызу, сұрақ

Мақұлдау (мақұлдамау)

Жоққа шығару

Оқу іс-әрекетін талдау үшін коммуникативті міндет жиі нақты міндет ретінде қалыптасатынын айтып кетуіміз керек. Бұл міндетте императивті және императивті емес бөліктер шығады. Императивті емес бөлік коммуникативті міндетке ие.

Тапсырманың талабын нақтылауда айтылынып жатқан сөздің жалпы көлемін қысқаруңына, ойды нақты құрып айтуға, яғни каузалды предиаттың санның көбеюіне алып келеді. Императивті нақтылау әсерінен айтушы негізгі пәнді өзгертеді. Негізгі пән ретінде субьект грамматикалық-логикалық психологиялық талаптарды таңдайды.

Тапсырмаларды талдау барысында коммуникативті міндетін асыруын қарастырып, коммуникативті міндеттің құрылымын өзін қарастыруға болады. Ал ол өз кезегінде жағдаймен мақсаттан тұрады. Коммуникативті міндеттің мақсаты сөз сөйлеудің мазмұнына, ал жағдай оқушының адекватты тіл құралдарын таңдауға бағытталған.

Қазіргі кездегі коммуникаттивті міндетті іске асыру құрылымы ғана емес әлеуметтік бағдар, коммуникативті міндеттерін аықтайты параметрлары және т. б зерттелініп жатыр. Сонымен коммуникативті міндет ретінде қарастырылған педагогикалық қарым-қатынас мұғаліммен оқушының арасындағы олардың оқу міндеттерімен жалпы оқу іс-әрекеттерімен қоса қарастыруға болады және әр түрлі қарым-қатынас жағдайларындағы бір жастық топтың және әр түрлі оқу пәнінің мәселесіне тән нақты эксперименталдық зерттеуді болжауға болады.

В. П. Панюшкин зерттеулерінде соңғы жылдары оқу іс-әрекетінде қарым-қатынас жзәне әрекеттесу процесінің рөліне және талдауына көптеген еңбектер аралған. Бұл зерттеулердің көбі «оқушы-оқушы» жүйесіндегі оқу әрекеттестіктің эффективтілігінің жоғарлауы және әлеуметтену процесіне немесе мұғаліммен оқушылар ұжымының арасындағы қатынастың тәрбиелік аспектісіне арналған. Бұл жерде біз талдау пәні ретінде іс-әрекетті игеру барысында мұғаліммен оқушының арасындағы қатынас болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Отбасы тәрбиесі жағдайында қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру процесі
Ана тілі мәдени өрлеудің аса зор тегергіші
Жеткіншек ұрпаққа экологиялық білім берудің мәні
Болашақ мамандардың қарым - қатынас мәдениетін дамытуда ұлттық құндылықтарды пайдалану мәселесі
Қазіргі ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің мазмұны мен әдістемесі
Отбасының мәдениетін ұйымдастырушы
Тәрбие әдістері арқылы адамгершілік сананы қалыптастыру
Қазақ тілі сабағында оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеуді ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Бейнелеу өнері әдістемесі пәнінен арналған бақылау жұмысының әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz