Күрделі етістік


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Күрделі етістіктің жалпы теориялық мәселелері . . . 5
1. 1 Күрделі етістіктің зерттелу тарихы . . . 5
1. 2 Күрделі етістіктің өзіндік сипаты (құрылымы, категориялары, негізгі белгілері) . . . 12
1. 3 Күрделі етістік пен аналитикалық формалы етістіктің ұқсастықтары мен айырмашылықтары . . . 25
Тұжырым . . . 29
ІІ. Күрделі етістікті оқыту арқылы тіл дамыту . . . 31
2. 1 Күрделі етістікті оқытуда қолданылатын жаттығулар жүйесі . . . 44
Тұжырым . . . 47
Қорытынды . . . 49
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 51
Қазақ тіл білімінде күрделі етістіктерді арнайы зерттеген Н. Оралбаева мен оның шәкірті Б. Қасымова/20/, Н. Оралбаева күрделі сөздерге байланысты өзінің докторлық диссертациясында етістіктің аналитикалық формасында сөз болған. Мәселелерді талқылауда аналитикалық етістіктерден күрделі етістіктерді ажырату мақсатында күрделі етістіктерге тоқталынады. Күрделі етістіктің жасалуына оның жеке сыңарлары бірдей қатысады. Бұлардың да құрамындағы сыңарлары - толық мағыналы етістіктер. «Күрделі етістіктің сыңарлары бірінен соң бірі жалғасатын екі қимылды білдірсе, ондай сыңарларды құрмалас сөйлемнің дара баяндауышы ретінде алып, сол ойды сақтауға болады». Ал, докторлық диссертациясында аналитикалық формалары мен күрделі етістіктерді ажыратып «Анализ факторов казахского языка показывает что в составе сложных до сих пор рассмотривались разное языковые явления. Например: 1) сложный глагол: келіп кет, айтып бар; 2 Составной глагол: жәрдем ет, қызмет қыл; 3) Устойчивые словосочитания: жүрек жұтқан, көзі ашылу, жүрек жалғау; 4) Аналитические формы глаголы: ала бер, келе сал».
Н. Оралбаеваның жоғарыдағы пікіріне қосылуға болады, кей пікіріне екі түбір сөзден жасалынатын сөздерді түсінсек, онда олардың бәрін күрделі деуге болады. Осы мағынадағы сөздерді А. Ысқақов, И. Е. Маманов, Кононов/18/, Н. А. Баскаков та күрделі сөздерді бір категорияда жинақтаған. Бұл жерде бір қағида еске алынбаған сияқты сөз деген тек аналитикалық категория болып саналынбайды, олар лексика - грамматикалық категория болып саналады. Демек сөздерді топтастырғанда грамматикалық қасиетін де есепке алу керек.
Аналитикалық форма мен күрделі етістіктің байланысы көп болса да, айырмашылығы да бар. Ол-семантикасы. Біріншісі- сөздерден жаңа сөз жасайтын сөзжасам категориясы болса, екінші тобы сөздерден жаңа сөз жасамайды, тек өзі тіркескен сөздерге грамматикалық мағына қосып, сөз түрленуші формаларға жуық мағына қосады. Дегенмен, айта салды, айтып келді, құлап қала жаздады дегендер бір сөз емес, екі не үш сөзден құрастырылған лексикалық бірлік. Ал, күрделі етістіктер мен құрама күрделі етістіктерді жеке түр етіп бөліп алуға негіз жоқ дейді. Екеуі де жаңа сөз жасайды, демек сөз тудырудың аналитикалық формасы . Күрделі етістіктерді толығырақ зерттеген еңбек - 1989 жылы жарияланған «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі»деген кітап. Біз қызыққан проблемаларға тереңірк үңіледі. Олар сөзжасамның синтетикалық және аналитикалық жолмен жасалынады дей отырып, «аналитикалық сөздердің өзі түрлі топтардан тұрады. Олардың біріккен сөздер, кіріккен сөздер, қос сөз, қысқарған сөз, күрделі сөздерді атауға болады», -деп атап көрсетеді. (аталған еңбектің 29, 82 беттерінде) .
Бөлімнің авторы Н. Оралбаева аналитикалық сөз деген терминді қолданады да «Аналитикалық сөздің мағынасы оның құрамындағы сыңарлардың мағыналарынан жасалады, бірақ екі сыңарындағы сөздердің әрқайсысының жеке тұрғандағы мағынасымен сай келе алмайды», -деп түйін жасайды. Бірақ жаңа пайда болған мағына қандай болған?
Екінші бір пікірі: «Әр аналитикалық сөз екі сыңардан тұратындықтан, ол сыңарлардың бірінің мағынасы жаңа лексикалық мағынасын жасауда басым, екінші саған деуге болмайды, өйткені бір лексикалық сөз жасаған екі сыңардың күрделі сөздің лексикалық мағынасын жасауға қатысы тең». Біздің автордың бұл пікірі барлық күрделі сөздерге тиісті емес сияқты. Күрделі етістіктің лексикалық мағыналарын талдауды басқа бөлімдерде жалғастырады. Біз олардың қаншалықты бізге қатысты болу, болмауы туралы басқа бөлімдерде сөз қыламыз. Тек жоғарыда айтылған пікірге байланысты салыстырып: Күрделі етістіктің компанентері дара қалғанында да, басқа күрделі етістіктің құрамында да бір мағынаны білдіреді. Мысалы, алып кел деген күрделі етістіктің компаненттері дара ал, кел етістіктерінен басқа мағынада деп айтуға келмейді. Ал, кел дара қимылды білдірсе, алып кел дегенде бірінен соң бірі іле-шала жасалынатын біртұ-тас күрделі қимыл болып тұр. Бұлардың әрқайсысы басқа күрделі етістіктерімен алсақ та сол мағына сақталады: алып кел, барып кел, көріп кел, айтып кел т. б. Айтылған пікір дұрыс. Ал, бірінші пікірлерге басқаша көзқараста болу керек. Демек, бұл мәселені яғни семантиканы арнайы зерттеу қажет.
Б. Қасымова арнайы зерттеу объектісіне күрделі етістіктерді алған. Біздіңше Н. Оралбаеваның пікірін толық қолдай отырып, өз пікірін толық айтқан. . Себебі, күрделі етістіктің зерттелуін алып тастаса, онда бұрын айтылған пікірлерді өз тілімен қайталау ғана болып шығады. Соңғы жиырма жыл ішінде түркі тілдеріндегі күрделі етістіктерді зерттеген төрт диссертациялық еңбек қорғалынды.
Қазақ тіліндегі, жалпы түркі тіліндегі күрделі сөздерді зерттеу тарихына байланысты қысқаша шолуларды қорытынды жасай отырып, мынадай пікірге келуге болады.
Бірінші күрделі сөздер жалпы түркі тілінде, сондай-ақ қазақ тілінде де бірнеше ғалым-тілшілердің зерттеу объектісі болған.
Мысалы, А. А. Қазан-Бек, Алтай тілі грамматикасының авторлары, П. М. Мелиоранский, А. Н. Кононов, В. А. Гордлевский, Н. А. Баскаков, Н. Т. Сауранбаев, Қ. Жұбанов, А. Ысқақов. Н. Оралбаева тағы басқа.
Күрделі сөздер, солардың бірі ретінде күрделі етістіктерді талдауға әрекет еткен ғалымдар А. Н. Кононов пен Н. А. Баскаков арнайы күрделі сөздерге байланысты зерттеу еңбектерін жазбаған, тек оқулықтың талабымен байланысты пікір айтқан.
Түркі тіл білімінің дамуына белгілі бағыт берген ғалым Н. А. Баскаков та күрделі сөздерге, әсіресе, күрделі етістіктерге көп көңіл бөлген. Ол қарақалпақ грамматикасын арнайы зерттеген түбегейлі еңбегінде күрделі етістік (сложные глаголы) деудің орнына құранды етістік (составные глаголы) деген терминді қолданған.
Составные глаголы состаят из именни или именной формы глагола и вспомогательного глагола или связки, например:кул-лык эт- работать, йок эт-уничтожать.
Сложные глаголы состаят из деепричастия на - а/-е или на -ып, /-ип, -п основного глагола спрягимого вспомоготельного глагола, например алып кел // аъкел//-приносить, алып кет// аъ-кет-уносит демек бұл да А. Н. Кононов сияқты құрама күрделі етістіктермен аналитикалық форма арқылы жасалынған етістіктерді күрделі етістіктердің құрамына қосқан. Оның түрік тіліне байланысты жазған алғашқы оқулығында-ақ күрделі етістікке арнайы беттер беріп, ондай етістіктердің қолданылатындығын мойындайды. «Сложным глаголами называются глаголы состоя-щие именный или Verbum inpinirum (как правило это деепри-частие) и вспомогательного глагола. К число сложных глаголов относятся также и так назперефистические глаголы», -деп көр-сетеді. Бұл оқулық 1956 жылы толықтырылып, қайта баспадан шығарылды. Онда күрделі етістіктерді жеке бөлгенімен, оларды аналитикалық түрлер (глаголы аналитические типа) деп көрсетеді. Қазіргі тәжірибесінде аналитикалық етістіктерді А. Н. Кононовтан басқаша түсіндіреді. Бірақ А. Н. Кононов аналитикалық етістіктерді «Глаголы образованные аналитическими способом -это составные (сложные) глаголы, состоящие из имени вспомогательный глаголы» - деп көрсетеді. Келесі бір көлемді еңбегі «Өзбек тілі грамматикасы». Бұл кітапта күрделі етістіктерді бөліп беріп, «Сложные глаголы (или глагола аналитического типология) лексика - синтаксический комплекс, состаящие из лексической глагола образующий элемент в качестве которого выс-тупают глагол қиммақ//этмоқ//очень редко делать// белмоқ//делаться, становиться» - деп анықтайды. Демек, Кононов күрделі етістіктің бар екендігін мойындайды, берілген анықтамалар мен келтірілген мысалдарды салыстырсақ, онда күрделі етістіктердің екі түрінің бар екенін мойындаған. Бірінші есім сөздер мен көмекші етістіктердің тіркесуімен келетін (құрама) күрделі етістіктерді, екіншіден, толық мағыналы етістіктер мен көмекші етістіктердің тіркесі арқылы жасалынған етістіктерді (аналитикалық формалар) күрделі етістік деп есептеген. Алғашқы екі ең-бектен кейін жарық көрген еңбегінде күрделі етістіктің қосымша бір үшінші үлгісі ретінде, тұрақты тіркестер арқылы жаса-лынған күрделі етістіктер деп бөліп көрсеткен.
Соңғы кездерде түрік тілдеріндегі етістіктер туралы да зерттелуінен басталады. Жалпы тіл білімінің барлық саласы бірдей дамығанымен тіл білімінің тарихына байланысты ерекше көңіл бөлген және олардың зерттелуіне игі әсер еткен. Тек 70-жылдардан бастап синхронды грамматика бойынша ғылыми еңбек жария етіле бастады. Сондықтан Ж. Денидің салған жолынан сәл ауытқып, жаңа бағытқа бет бұрылған еңбектерде ғана олардың грамматикасында жаңа терминдер қолданылып, жаңа проблемаларға көңіл бөлген. Солардың бірі ретінде, күрделі сөздер мен көмекші етістіктермен байланысты әрі күрделі етістіктер туралы пікір айтылған. Көп уақыттан бері Ж. Денидің еңбегі, тіпті күні бүгінге дейін, түркі тілшілерінің негізгі оқулығы болып саналған.
Ахмет Биджан Эрджиасун «Құдатғу білік» дастанының етістіктерін зерттеген көлемді еңбегін жариялаған. Оның 35 беттік көлемінде күрделі етістіктерге арнаған. Күрделі етістіктер екіге бөлінеді: 1) бір есім сөз, екіншісі етістіктен (есім-етістік) құралған күрделі етістіктер; 2) екі сыңары да етістіктен болған
(ет+етістік) күрделі етістіктер деп бөлген, бірақ күрделі етістіктерге байланысты теориялық мәселелерге талдау жасамаған.
Бірінші топта ол - (болу), кіІ-(қылу), tut-(тұту) сияқты етістіктен тұратын күрделі етістіктер туралы айтқан кезде agir bol-milte-ber ol mak (беделді болу), аdas tut-(dost edinmek ) сияқты фразалық тіркестерге айналған күрделі етістіктерге тоқталған. Бірінші топтағы күрделі етістіктерге Butan bol, esen bol, agir kil; et kil, topug kil, adak ur, asig bir, kir dir сияқты келтіреді.
Екінші топтағы етістік пен етістіктің тіркесуі арқылы күр-делі етістіктерге ite bir, bolu, barkabin, kite bar, kalu kel деген мысалдар берген.
- Күрделі етістіктің өзіндік сипаты
Күрделі етістіктер - тілдің сөзжасам құбылысына жататын белгілі сөзжасамдық үлгі арқылы жасалып, күрделі қимылды білдіретін лексикалық бірліктер. Олардың жасалуы мен беретін мағынасы тіл біліміндегі жалпы күрделі сөз атауларының теориялық негізіне сай келеді. Күрделі етістіктердің жасалуы тілдегі туынды сөздердің жасалу заңдылықтарымен ұштасып жатады, теориялық тұрғыдан да сөзжасамның қасиеттері күрделі етістіктерден аңғарылады.
Күрделі етістіктің өзіндік ерекшеліктері, нақтылы жасалу үлгісі, белгілері бар.
Соңғы кезге дейін күрделі етістік құрамында аналитикалық формалы етістіктер де (келе сал, айта бер, өте бер, келе бер, жүріп отыр, келе жатыр ), фразалық тіркестер де (жүрек жұтқан, көз ілмеу, құлақ аспау, көні кепті, қарны ашты, ойға салды, іші қимады), құранды етістіктер де қызмет ет, риза қыл, жәрдем қыл, ғашық бол, көмек ет, сәлем айт т. б. ), кейде еркін сөз тіркестері де (күле қарау, жантайып жату, асыға кіру, күлімсірей кіру, ашулана шықты т. б. ) аталып келді.
Қазақ тіл білімінде бұларды бір-бірінен ажырата қарау Н. Оралбаеваның еңбектерінен басталады.
Күрделі етістік пен аналитикалық формасы тілдің жалпы саласына жатады. Бірі-сөзжасам нысанасы, екіншісі-морфология нысанасы. Сондықтан тіл білімінің қазіргі жетістігі бойынша бұрын күрделі етістік саналып жүрген сөздердің тобынан сөздердің аналитикалық формалы етістіктің бөлініп шығуы күрделі өзіндік лингвистикалық табиғатын ашып, оның жолдарын көрсетіп өзіндік белгілерін анықтауға әкелді. Күрделі етістік те екі сөздің тіркесуінен жасалады. Бір лексикалық мағынаны біл-діреді. Екеуі қосылып жаңа сапалы туынды күрделі етістікке айналды.
Күрделі етістіктер қазақ тілінің бай лексикалық қабаттарының бірі. Көне жазба ескерткіштерінде күрделі етістіктің бірен-саран кездесетіні де байқалады: Буны көру білің. Ofyr gafannin ati mur tar acidf ketti dakir ketti. Он оқығлыңа татыңа тегі буны көру білің!. Табғarda adyryl ty қаңлақту.
Келтірілген мысалдардан күрделі етістіктерді жасаушы тірек сыңарлар көне түркі тілінде аз да болса күрделі етістік жасаушы элемент ретінде қолданыла бастағаны байқалады. Қазақ ауыз әдебиетінің: эпос, қисса-дастандар, шешендік сөздер, т. б жанрларында мынадай күрделі етістіктер: алып келген, еріп келді, қайтып келді, жауып қойған, қашып барды, барып кірді, кетіп барады, сұрап келді, ертіп апарды, кіріп келді, алып көрді, іздеп келді, сұрай жетті, әкеп берді, жиылып келді, келіп түсті, ертіп барып, алып берді, сатып алса, жиып келдім, жылап келді, қағып кетті, естіп біл, алып қал, ілесіп барсын, жасап бер, тығып қой, арып сал, ашып көр, ұрлап ал кездеседі.
Мысалы: Атамыз киік аулап кеткен екен,
Анамыздың мезгілі жеткен екен (Ғашықнама)
Қайт дегенге шытынап кете бермей,
Өлеңіңнің түбіне бір барып қайт (Айтыс) .
Келе-келе кет, кел, жөнел, қайт сияқты етістіктер тілімізде етістік жасаудағы белсенді сыңарға айналған. Мысалы: Бір-екі рет Ұлпаннан да бәйге алып кетті. Бір-екі рет Біжікен де бәйгесін шешесіне әкеліп берді (Мүсірепов) .
Күрделі етістіктің пайда болуы кездейсоқ құбылыс емес. Олар сөзжасамдық заңдылықтарға негізделу нәтижесінде түзілген тұлғалар. Күрделі етістіктер құрамындағы жеке сөздер сөйлемге дербес мүше болу қасиетінен айрылып, сыңарлары жеке-жеке емес бір екпінмен айтылып, лексикалану үрдісінен өту нәтижесінде пайда болған.
Сөз таптарының ішінде етістіктің алатын орны ерекше. Оның қолдану аясы аса кең әрі мағыналық қорлары өте мол, көне замандардан келе жатқан тілдік құбылыс. Мысалы, алып кет, беріп кет, кіріп шық, қашып шық т. б. деген күрделі етістіктер семантикалық жағынан күрделі қимылды білдіреді.
Күрделі етістіктің сөзжасамдық құбылыс болуы оның тілдегі күрделі сөз атауының жасалу заңдылығына сәйкес болуына байланысты. Осы тұрғыдан алғанда күрделі сөздердің жасалуына ортақ заңдылық күрделі етістікке де ортақ.
Күрделі етістіктердің сыңарлары лексикалық мағына беруі үшін бір-бірімен тіркеседі, екі сыңары да лексикалық мағынаның жасалуына өз үлесін қосады. Мысалы: алып бар, кіріп шық, алып кел, бара кел, көре кел, алып қайт, беріп қайт, алып қал, алып көр сиқты күрделі етістіктерді талдап көрейік.
Осылардың құрамындағы сыңарлардың ешқайсысын қандай да болмасын грамматикалық мағына беру қызметін атқарып тұр деп дәлелдеуге келмейді. Бұл күрделі етістіктердің сыңарлары лексикалық мағына жасаушы - сөзжасамдық тұлға қызметін атқарып тұр. Осы күрделі етістіктің ішінде алып бар етістігін талдайық. Алып бар деген күрделі етістіктің лексикалық мағынасы алудың да, барудың да мағынасын қамтитын біртұтас күрделі қимылдың аты. Оның мағынасы жеке алғандағы алу қимылына да, бару қимылына да тең емес, олардың әрқайсысынан кең мағына. Өйткені, ол - біртұтас қимыл болып түсінілетін, ұғынылатын, қабылданатын дәрежеге жеткен күрделі қимылдың аты. Ол күрделі қимыл екі дара қимылдың біртұтас мағынаға көшуінен қалыптасқан. Күрделі етістік талданып отырған алып бер етістігі, ал, бар етістігінің мағыналары жымдасып, кірігіп күрделі қимылды білдіруге көшуі арқылы жасалған.
Күрделі етістіктің лексикалық мағынасы оның құрамындағы ал етістігінің сол сияқты бар етістігінің ешқайсысының жеке мағынасына сай емес. /15/
Бұлар ұзақ уақыт біртұтас сөз ретінде қолданылып, халық санасында ол бір қимыл ретінде әбден қалыптасқан. Сондықтан да олардың кейбіреулерінің сыңарлары - дыбыстық жағынан да бірігіп кеткен. Мысалы, әкел (алып бер), апар (алып бар), әкет (алып кет) . Ал қалған күрделі етістіктер мұндай дыбыстық жағынан кірігуге жетпегенімен, мағына жағынан тұтастыққа кірігуге әбден жеткен, сондықтан оларды ешкім екі сөз ретінде қабылдамайды, бір сөз деп біледі, солай айтады қолданылады. Олардың қызметтері тілде дара сөздің барлық белгілеріне сәйкес келеді.
Сөйтіп, күрделі етістіктер - лексикалық мағына білдіретін, ең кемі екі сыңардан жасалған, тілде жеке дербес сөздің қызметін атқаратын лексикалық бірліктер. Тек күрделі етістіктің сыңарлары дыбыстық жағынан бірігіп кірікпей, өздерінің ара жігін сақтаған. Бұл күрделі сөздердің сөз ретінде танылуына кедергі болмайды. Өйткені сөз атаулыға тек қана дыбыстық тұтастықта болуы керек деген талап қою мүмкін емес. Сөз таптарының бәрінде де дыбыстық жағынан тұтастығы жоқ күрделі сөздер өте көп күрделі сөздер тұтас тұрпаты да, бөлек тұрпаты да бола береді. Күрделі етістіктердің ішінде мысалы аздаған сөздер ғана дыбыстық құрамы жағынан кірігу дәрежесіне жетіп, қалғандарының ішкі сыңары өздерінің ара жігін сақтаған. Бұл жағдайды басқа түркі тілдерінен де көруге болады. Мысалы, сақырып ал, аип кет, киліп кер (башқ) ; алып чет, тооьтап, кьал(құм) ; секирип тюс, услап кер, барып кер, кьыдгырып шык, айналып шыкь, апарып бер(қарық) ; айып бер, чабып бар (қараш - балқ) ; бориб кел, кириб чик, утиб кет (өзб) ; туктап кал укып чык, қайтып кит, йөреп кит, алыйп бир, алып чыг (тат) ; сатып бер, алып бер, айта бар, ала бар (қырғ. ) ; барып кел, сатып кел (ноғ) т. б. Бұдан күрделі етістіктің сыңарларының лексикалық мағына беруші тілдік бірліктер екенін, күрделі етістіктің сөзжасамға жататынын көруге болады.
Олай болса, күрделі етістіктің құрамы да жасалу жолы да жалпы күрделі сөздің барлық принцпіне сай. Сондықтан күрделі етістіктің өзіндік белгілері мынандай:
Күрделі етістік біртұтас лексикалық мағына береді. Бұлардың білдіретін күрделі қимыл ұғымы күрделі етістіктердің құрамындағы жеке қимылдардың мағыналық қолданысынан туады.
Күрделі етістіктегі күрделі қимылдың мағынасы әрбір сыңардың жеке мағыналарына тең емес. Өйткені ол күрделі етістік жасаушы сыңарлардың бәрінің мағынасынан жасалып, олардың мағынасы тұтас мағынаға көшіп, күрделі қимылдың атына айналған. Мысалы,
Адам екен демеңіз!
Түсіріп сау мал бермеңіз.
Қайтып кетсін еліне!
Бірің шығып ермеңіз (Ер-Сайын) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz