Қазіргі кездегі жер салығының жағдайы және оның динамикасы



КІРІСПЕ ... ..4
I. ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Жер салығының нарық экономика жағдайындағы
экономикалық мазмұны және ролі ... .6
1.2. Жер салығын төлеу және есептеу әдістерінің шетел
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3. ҚР жер қатынастарының даму кезеңдері және оның
заңнамалық негіздері ... ... .16
II. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ДИНАМИКАСЫ
2.1. Қ.Р. жер салығының даму ерекшеліктері ... ..24
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысының жер салығының даму
тенденциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
2.3. Шаруа қожалықтарына арналған арнайы салық
режимдерінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
III. НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖЕР
САЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРІЛУІ
3.1. Жер салығының қазіргі кездегі даму жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
3.2. Нарық жағдайында жер салығының жетілдірілуі ... ... ... ... ... ... ... ..53
ҚОРЫТЫНДЫ ... .56
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... .60
Жер өте ерте кезден адамзат қоғамының өмір сүру және өміріне қажетті заттарды өндіру ортасы болып келеді. Жер ауданы, әсіресе өндіріске қолайлы, құнарлы жерлер шектеулі болып келеді. Сондықтан да жер үшін күрес ешқашан тоқтаған емес. Бір қоғамның, мемлекеттің өз ішінде жерге меншік, иелік ету арқасында байып отырса, екіншілері-жері жоқтар кедейленеді. Осы қатынастар және жердің шектеулігі, жерді экономикалық бағалау, тиімді пайдалану, жерге меншік қатынасын және соның негізінде салық төлемдерін тудырады. Жер салығы жер иеленушілердің тұрақты табыс көзі болып келеді.
Жер жалпы халықтың меншік деп жарияланған социалистік қоғамда да жер салығы болды. Өйткені, жер пайдаланушылар жер иеленушілерден шаруашылық есеп бойынша оқшауланған. Сонымен қатар, жердің табиғи өнімдеріне және орналасу тиімділігіен байланысты дифференциалдық рента әрқашан болады. Сапасы біркелкі тәуір жермен барлық жер пайдаланушыларды қамтамасыз ету, мүмкін емес. Сапалы әртүрлі жерді пайдаланушылар бірдей еңбек жұмсай отырып, әртүрлі нәтиже алады. Сондықтан жер иелену құқығы қоғамның барлық мүшесіне бірдей болған күннің өзінде жақсы жерді пайдаланушылар ондай мүмкіндігі жоқтармен өзінің табысымен бөлісуі керек .Бұл жер салығы арқылы жүзеге асырылады.
Жер салығы жер иеленушілерді байытудан басқа жалпы экономикалық қызметтер атқарады, олардың ең бастысы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында жер қатынастары саласында нарықты өзгерістер 2001 жылдың 24 қаңтарында қабылданған "Жер туралы" Заңда көрініс тапқан болатын. Бұл заңның басты ерекшелігіне осы саладағы қатынастарды жердің әлеуметтік, табиғи заңдылықтарын ескере отырып, реттеуін жатқызуға болады. Жер қатынастарының өзара байланыстылдығын, тұтастығын түсінудегі жер қоры ұғымының маңызы зор.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ..4
I. ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Жер салығының нарық экономика жағдайындағы
экономикалық мазмұны және ролі ... .6
2. Жер салығын төлеу және есептеу әдістерінің шетел
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
3. ҚР жер қатынастарының даму кезеңдері және оның
заңнамалық негіздері ... ... .16
II. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ДИНАМИКАСЫ
1. Қ.Р. жер салығының даму ерекшеліктері ... ..24
2. Оңтүстік Қазақстан облысының жер салығының даму
тенденциялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
3. Шаруа қожалықтарына арналған арнайы салық
режимдерінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..40
III. НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖЕР
САЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРІЛУІ
1. Жер салығының қазіргі кездегі даму
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
2. Нарық жағдайында жер салығының
жетілдірілуі ... ... ... ... ... ... ... ...53

ҚОРЫТЫНДЫ ... .56

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... .60

КІРІСПЕ

Жер өте ерте кезден адамзат қоғамының өмір сүру және өміріне қажетті
заттарды өндіру ортасы болып келеді. Жер ауданы, әсіресе өндіріске қолайлы,
құнарлы жерлер шектеулі болып келеді. Сондықтан да жер үшін күрес ешқашан
тоқтаған емес. Бір қоғамның, мемлекеттің өз ішінде жерге меншік, иелік ету
арқасында байып отырса, екіншілері-жері жоқтар кедейленеді. Осы қатынастар
және жердің шектеулігі, жерді экономикалық бағалау, тиімді пайдалану, жерге
меншік қатынасын және соның негізінде салық төлемдерін тудырады. Жер салығы
жер иеленушілердің тұрақты табыс көзі болып келеді.
Жер жалпы халықтың меншік деп жарияланған социалистік қоғамда да жер
салығы болды. Өйткені, жер пайдаланушылар жер иеленушілерден шаруашылық
есеп бойынша оқшауланған. Сонымен қатар, жердің табиғи өнімдеріне және
орналасу тиімділігіен байланысты дифференциалдық рента әрқашан болады.
Сапасы біркелкі тәуір жермен барлық жер пайдаланушыларды қамтамасыз ету,
мүмкін емес. Сапалы әртүрлі жерді пайдаланушылар бірдей еңбек жұмсай
отырып, әртүрлі нәтиже алады. Сондықтан жер иелену құқығы қоғамның барлық
мүшесіне бірдей болған күннің өзінде жақсы жерді пайдаланушылар ондай
мүмкіндігі жоқтармен өзінің табысымен бөлісуі керек .Бұл жер салығы арқылы
жүзеге асырылады.
Жер салығы жер иеленушілерді байытудан басқа жалпы экономикалық
қызметтер атқарады, олардың ең бастысы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға
ынталандыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында жер қатынастары саласында нарықты өзгерістер
2001 жылдың 24 қаңтарында қабылданған "Жер туралы" Заңда көрініс тапқан
болатын. Бұл заңның басты ерекшелігіне осы саладағы қатынастарды жердің
әлеуметтік, табиғи заңдылықтарын ескере отырып, реттеуін жатқызуға болады.
Жер қатынастарының өзара байланыстылдығын, тұтастығын түсінудегі жер қоры
ұғымының маңызы зор.
Жер табиғи объект, өмір сүретін орта ретінде саяси, шаруашылық
объектісі ретінде экономикалық функцияларды атқарады. Жердің функцияларының
дербестігін олардың бір-бірімен қарым-қатынастарының жоқтығы деп түсінуге
болмайды. Сондықтан, жер - жер қатынастары - жердің функциялық
байланыстарын, ерекшеліктерін ескере отырып, реттелуі керек.
Бірақта жерге жеке меншікті енгізу мәселелерінің қайта қаралу
қажеттілігі жердің сапалығына, көлеміне, климаты -географиялық шарттарына
байланысты болады.
Елімізде жалпылық көзқарас бойынша жер нарығы әлі дамымаған,
сондықтан меншіктің жаңа қатынастарын реттейтін заңның (қабылдану)
қабылданылуы потенциалды экономикалық маңызды нарық белсенділігінің
көтерілу тиімділігі болып табылады. Сонымен қатар, экономикасының негізгі
стратегиялық секторы агроөндірістік кешеніне инвестициялар түседі.
Айналымға қосымша учаскелердің түсуінің және жер салығының нақты
ставкасының көтерілуінің нәтижесінде барлық деңгейдің бюджеттердің
кірістері көбейеді.
Осыған байланысты жер үлестерін талан-таражға салуды тоқтату, жер
пайдаланушыларының өндірісті басқаруға қатысуын іс жүзінде қамтамасыз ету
атқарушы органдардың жерді пайдалану саласындағы зорлық-зомбылықтарының
алдын-алу, жердің экономикалық негізсіз шағын әлеуметтік топтардың
иеленуіне шоғырлануымен күресу-қоғамдағы өзекті мәселелерге айналды. Жер
жөніндегі жарлықты жүзеге асырудың жағымсыз әлеуметтік, экологиялық,
экономикалық салдары, теориялық негіздегі оқулықтар мен жаңа заңды
қабылдаудың толғағы жеткендігін көрсетті.

I. ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Жер салығының нарық экономика жағдайындағы экономикалық
мазмұны және ролі

Қазақстан Республикасында қабылданған жер салығы салық жүйесінің бір
бөлігі ретінде жалпы салық жүйесіне қойылатын келесі талаптарға сай келуі
тиіс: қарапайымдық, салық есептеу туралы ақпаратпен толық қамтамасыз ету,
салық төлеуішілері арасында әділетті бөлінуі тиіс. Сонымен қатар салық
салық төлеуішінің төлемділігін есепке алуы тиіс және ол әр қашанда
мемлекеттік бюджеттің нақты табыс көзі болуы тиіс. Барлық осы талаптарға
бүгінгі күнгі жер салығы тән келеді. Жер ең алғышқы ҚР еңгізілген тікелей
салықтардың бірі болып табылады.
Салық салу механизмі - кез-келген экономикалық жүйенің күрделі
бөлігінің бірі болып табылады. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды
тәсілі ретінде орын алып, оның әрекет етуінің тиімділігі әлеуметтік және
экономикалық саясатының жетістігіне әкеледі. Кез-келген елде мемлекеттік
шығындармен салық салу мәселесіне өте үлкен көңіл бөлінеді. Нарықтық
экономикалы елдерде салықтар мемлекеттік және муниципиальдық табыстарды
қалыптастыруда басты роль атқарады да, экономиканы басқарудың күшті
стильдік құралы болып келеді, әсіресе олар ғылыми- техникалық прогрессті
жеделдетуге, антиинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда да
белсенді орын алады. Сондықтан да салықтарды төлеу өте қажетті де, маңызды
іс болып табылады.
Қазіргі кезеңдегі жағдайда салықтардың мәні мен рөлі мемлекеттік
органдарды қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету шекарасынан шығып отыр.
Елде салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің маңызды құралы бола
бастады. Олар макроэкономикалық реттеушіге белсенді араласа отырып, ішкі
ұлттық табыстардың жалпы көлемінде, салықтық төлемдердің салыстырмалы
мөлшерінің өсуін қамтамасыз етіп отырады. Салықтар экономикалық
белсенділікті реттей отырып, өндірістік процестерге де қатты әсер етеді.
Бұл жүйе жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтар әрекет ете отырып
мемлекет капиталының қорлануына аса ықпал етеді. Сондай-ақ салықтық реттеу
шаралары, әртүрлі салалардың бәсекелесу мүмкіндіктерін кеңінен ынталандыра
отырып, капиталдың қорлануына тиімді жағдай жасап,кәсіпорындардың іс-
әрекеттерінің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпалын тигізеді.
Бұл мақсатта салықтарды төлеуге түрлі жеңілдіктер пайда болады. Салықтық
жеңілдіктердің көмегімен мемлекет өндіргіш күштерін аймақты орналастыруға,
инфрақұрылымдық объектілерді құруға және тағы басқа іс-әрекеттерді жүзеге
асыруға толығымен мүмкіндігі болады. Сондай-ақ салықтар
мемлекеттің өмір сүруінің барлық кезеңдеріне тән құбылыс. Олардың басты
міндеті әр қоғамның дамуын қамтамасыз ететін өндірістік емес салаларды
қаржыландыру болып келеді.
Экономикалық реформаның басты мақсаты- шаруашылық жүргізуші
субъектілерге түсетін салық ауыртпалығын жеңілдету, қолданып жүрген
салықтармен төлемдерді реттеу болып табылады. Бұл бағытта ең негізгілерін:
пайда салығын, қосылған құн салығын, акциздерді мүлік салығын, табыс
салығын және бір қатар басқа да салықтардың мәнін артыру. ¥қсас жағдайда
салық салудың шамамен тең тәртібі қолданылатын болады, ал ставкалар табыс
көлемінің артуына байланысты қойылады. Біртұтас тәртіп салық төлеушінің қай
кезде қандай салық төлеуді жақсы білуіне мүмкіндік береді. Қазақстандағы
салық ставкаларының басқа елдердегі осындай салықтардың ставкаларымен
теңдес болуы да дұрыс. Бұл өте қажет, өйткені неғұрлым жоғары ставка
белгілеу шетелдік инвестициялар тартуға кедергі келтіреді және керісінше,
неғұрлым төмен ставкалардың әртүрлі болуынан туындайтын салық капиталды
экспортқа шығаратын елдердің бюджетіне түседі.
Салық қандай болу керек (жоғары немесе төмен) сауалы экономистердің
пікірталасының нысаны. Экономикаға мемлекеттің араласуы салықтың көбеюіне
соқтырады, араласуы әлсіз болса-азайтады.
Негізгі мәселе араласуы мен араласпауы экономикаға қалай әсер
етеді.Кейнстен кейінгі оқымыстылар пікірі "Сұраныс экономикасын"
қалыптастыруға бағытталған. Олардың ойынша, салықтың жоғары деңгейі
қоғамның сатып алу деңгейін, яғни жалпы сұранысты төмендетеді, демек, баға
түседі,инфляция сөнеді. Керісінше, салықтың азаюы жалпы сұраныстың өсуіне
әкеледі, баға өседі және инфляция қарқыны жылдамдайды.
Бұл сұрақтың бір мағыналы жауабын экономикалық ғылым әлі
таппады.Бірақ салық мөлшері мен іскерлік белсенділік арасында байланыс
жасауға әрекет жасалынды. Американ профессоры А.Лаффер ұсыныс теориясын
дәлелдеген. Табыс салығының бірден көтерілуі іскерлік белсенділікті
төмендетеді немесе кәсіпкерлік қызмет пайдасыз болады.Ал салық мөлшерінің
аз болуы жұмысқа, қор жинауға, инвестицияға, іскерлік тәуекелді қабылдауға,
ұлттық өндіріске және табысқа ынта туғызады. Нәтижесінде салық негізі
кеңейеді. Бұл салық мөлшері мен салық кірісі арасындағы байланыс "Лаффер
қисығы" деген атау алды.

Сурет 1. Лаффер қисығы

Егер салық мөлшері нольге тең болса (0 нүктесі), онда мемлекет ештеңе
таппайды.Егер салық мөлшері К і=100%, онда ешкім жұмыс істеуге ұмтылмайды,
мемлекет те ештеңе таппайды. Қандай саладан мөлшердегі (г 0= 50%),
табыс салығы ретінде мемлекет алады, бұл сала Кх максимумына жетеді.(М
нүктесі) Салық мөлшерін көтеру әрекетті төмендетуге әкеледі.
Лаффер қисығы қандай салық мөлшерінде салық кірісі жоғарылайды деген
сұраққа жауап бермейді.
Салық саясатын нысаналы түрде қатайту инфляция мен мемлекет бюджетінің
тапшылығын болдырмау мақсатын көздейді. Дүние жүзі тәжірибесінде, мұндай
іс-әрекет дағдарыс жылдары біршама орын алатын еді. Дегенмен, бұл жерде
бір қағидалы жағдай шет қалып отыр: шет елдердегі жалпы экономикалық
дағдарысты салыстырғанда айтарлықтай ерекшеліктері бар. Сонда біздің
дағдарысымыздың ең басты себебі, капиталистік елдердегідей қайта өндіруде
жатқан жоқ, керісінше, тұрақты сипат алып отырған экономикалық тапшылықтан
туып отыр. Сонымен біздің жағдайда жете ойластырып мұндай саясатты іске
асырмаса теріс нәтижеге соқтыруы мүмкін. Сонда инфляция мен қаржы
тапшылығының деңгейін төмендету мүмкіндігі пайда болғанның өзінде,
өндірісте оң өзгерістер орын алмайтынына, бұл процесстер ғұмырсыз және
қысқа мерзімді болады да, міндеті түрде әлеуметтік саясаттың нашарлауына
әкеледі.
Нарық қатынастары жағдайында бюджет кірісінде ерекше орынды жер салығы
алады.
Жер салығы қаржы ресурстарының үнемі тұрақты түсетін көздері болып
табылады.
Президенттің 1995 жылғы 22 желтоқсанда қабылданған "Жер туралы"
жарлығында ата заңымыздың негізінде жерге заттық құқықтардың тұтас жүйесі
көзделген болатын. Жердің құны салық салудың негізі болып табылады. Әр
адамның мүддесіне тиесілі жүреді.
Қазақстан Республикасының жер салығы әр жылы өзгертулер мен
толықтырулар енгізілген 2002 жылы қабылданған ҚР Салық кодексіне сәйкес
алынады. Жер салығының мөлшері жердің сапасына, орналасу тиімділігіне,
сумен қамтамасыз етілгеніне және пайдалану бағытына байланысты. Мынандай
принциптер негізінде анықталады:
1. Салық мөлшері жердің сапасына, орналасу өңіріне және
сумен қамтамасыз етілуіне қарай сараланады.
2. Салық мөлшері шаруашылық нәтижесіне байланысты емес.
3. Жер салығы жердің бір өлшеміне жыл сайынғы тіркелген
төлем ретінде белгіленеді.
Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен
тиесілігіне қарай мынандай санаттарға бөлінеді:

1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;
2. Елді - мекендер жерлері;
3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс өзге де
ауыл
шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер;
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне сауықтыру,
рекреациялық тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер;
5. Орман қоры жерлері;
6. Су қорының жерлері;
7. Запастағы жерлерге жатқызылуына қарай жерлер.
Жердің белгілі бір немесе өзге санатқа та жататындығы Қазақстан
Республикасының "Жер туралы" заң актілерімен белгіленеді.Елді-мекендер
жерлері салық салу мақсаты үшін екі топқа бөлінген:
* Тұрғын - үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар
мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда елді-мекенді
жерлер.
* Тұрғын-үйқоры, соның ішінде олардың жолындағы құрылыстар
мен ғимараттар орналасқан жерлер.
Заңда жер салығы бойынша мынадай жеңілдіктер қарастырылған:
* Қорға деп сақталған жерлер, табиғат қорғаумен табиғи-мәдени
шаралар, сауықтыру және қалпына келтіру мақсатындағы, орман,
су, қорларының жерлері басқа мақсатқа пайдаланудан басқалары
салық салуға жатпайды.
* Елді мекендердің жалпы пайдалануындағы жер учаскелерінен салық
алынбайды.
Жер салығын төлеуден:

* Балаларды сауықтыру мекемелері, қорықтар, ұлттық парктер,
ботаника бақтары, зираттар;
* Мемлекеттік табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау
органдары;
* Мүгедектердің ерікті қоғамдары;
* Ұлттық банк пен оның бөлімшелері;
* Бүлінген немесе олөнімділігі су жерді алғандар алғашқы он
жылда;
* Табыс салығы бойынша жеңілдіктерді пайдаланатын жеке
тұлғалар босатылады.
Салықтан басқа топырақтың құнарлығы кемітілгенде және оның беті
бүлінгенде компенсациялық (орнын толтыру), және айып төлемдер алынады.Төлем
шамасы жерді қалпына келтіру шығындарымен және топырақ құнарлылығы
өзгертілгенде арнайы әдістеме бойынша анықталады.
Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың
шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.
Жер төлеушілеріне жеке меншік құқығындағы, жер пайдалану құқығындағы,
бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері
бар жеке заңды тұлғалар жатады.
Егер жер учаскелерін иелену немесе пайдалану құқығын растайтын
құжаттарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе,бірнеше
тұлғаның ортақ меншігіндегі жер учаскесі бойынша осы
тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеуші болып табылады.
Тұрақты жер пайдаланудың бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдаланудың
меншік құқығын куәландыратын меншікті актысы немесе жер учаскесін уақытша
пайдалану шарты болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты жер
салығын телеуші ретінде тану үшін, осындай учаскені анық нақты шешімде
пайдалану негіз болып табылады.
Келесі объектілер салық салу объектісі болып табылмайды:
1. Елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері, алаңдар,
көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, бульварлар, су
қоймалары, жағажайлар, зираттар, және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға
арналған өре де объектілер (су құбырлары тазарту құбырлары басқа да ортақ
пайдаланатын инженерлік жүйелер) алып жатқан соларға арналған жерлер елді-
мекендердің ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады.
2. Ортақ пайдалануындағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан
жер учаскелері.
Ортақ пайдалануындағы кесіп берілген белдеудегі мемлекеттік автомобиль
жолдары желісі алып жатқан жерлерге жер салымдары, жасанды құрылыстар жол
бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметінің тұрғын - үй жайлары қардан
қорғау екпелері мен жасыл желектер орналасқан жерлер жатады.
Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша
басқа санатына ауыстыру кезінде ағымдағы жылғы жер салығы салық
төлеушілерден осы елді мекендер үшін бұрын бейнеленген ставкалар бойынша,
ал келесі жылы қоныстардың жаңа санаты үшін белгіленген ставкалар бойынша
алынады.
Елді мекендер таратылған және оның аумағы басқа елді мекеннің
құрамына қосылған кезде, таратылған елді мекеннің құрамына қосылған кезде,
таратылған елді мекеннің аумағында жаңа ставка тарату іске асырылған жылдан
кейінгі жылдан бастап қолданылады.
Салық төлеушілер орналасқан жер учаскелерді бонитетінің балдарын
анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жер салығының мөлшері шектесіп орналасқан
жерлердің бонитет балы негізге алына отырып анықталады.
Ортақ үлесті меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың
осы жер учаскесіндегі үлесіне барабар есептеледі.
Қорғаныс қажеті үшін берілген жерлерге салынатын салықты алу тәртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

1.2. Жер салығын төлеу және есептеу әдістерінің шетел тәжірибесі

Жерге ақы төлеу - экономиканың тиімді дамуы мен ресурстарды басқарудың
элементі болып табылады.
Жер төлемдері ретінде алынған қаржылар жерді дұрыс пайдаланудың
ынталандырушы факторы және дифференциалды рента сияқты қосымша өнімнің бір
бөлігінің қоғам қарамағына жинақталуының құрамы болуы тиіс.
Қазақстан егемендігін алғанға дейін жерге салық салу мәселесі -жерді
негізігі иемденушілер мен пайдаланушылар үшін аса маңызды болған жоқ,
себебі ауыл шаруашылығының негізгі құрамы болып табылатын жерден тура салық
алынбаған, ал қосымша өнім (кейде қажетті өнімнің бір бөлігі) сатып алу
бағасының дифференциалдануы арқылы алынған. Практикалық маңызы
болмағандықтан жерге салық салу ғылыми қызметкерлерді аса қызықтырмады.
Германияның жер туралы заңы жер салығының 3 түрін қарастырады:
А- ауыл шаруашылық жерлеріне; В- үй тұрған жерлерге; С -коммерциялық
жерлерге.Жер салығы жергілікті тұрғындардан жиналып, жергілікті әкімшілік
шешіміне сәйкес жұмсалынады.
Кадастрға сәйкес әрбір жер учаскесінің балы бойынша өз бағасы бар.Ауыл
шаруашылық жерлері 15-20 балдан одан жоғары бағалайды.Көшесіне қарай
қарамағындағы әрбір жер учаскесінің жер салығының жалпы сапасын есептеу
кезінде қандай коэффициентті қолдану керек екендігін жергілікті әкімшілік
шешеді.
Жер салығы Н=П х Б х К формуласы бойынша есептелінеді:П-жер
учаскесінің көлемі, Б-учаске сапасының балы бойынша бағасы (марка), К-
жергілікті коэффициент.
Алайда, А-жер салығы (ауылшаруашылық жерлері ) жергілікті бюджет үшін
соншалықты маңызды табыс көзі емес. "В" және "С" салықтары әлде қайда көп
кіріс әкеледі.
Канадада жер салығы - муниципалды провинциалды үкіметпен белгіленеді,
және өндіріп алынады. Муниципалистер бюджетіне түсетін барлық түсімдерден
және жер жылжымайтын мүлік салықтары үлесіне 46,1 % тиеді.Салық салынатын
жылжымайтын мүлік және жер құны белгіленген немесе белгіленген немесе
белгіленген құнның әрбір 100 долларынан 10 центі орта есеппен жер салығын
құрайды.Фермерлерге салық салудың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл
ерекшелікте құрылыс жер құнын бағалау әдістеріне, салық деңгейін
төмендетуге, жерді өңдейтін машина мен жабдықтар құндарын салық салу
сомасынан шығарып тастауға, салық бойынша әртүрлі жеңілдіктер беруге
байланысты.
Ауылшаруашылық үшін жер жарамдығы, құнарлығы, инфрақұрылымы еске
алынып бағаланады.Жердің байланысты құны салық салмағы минималды болатындай
ең төменгі мүмкін деңгейі бойынша анықталады.Жерді ауылшаруашылығынан басқа
өндіріске пайдалануға фермерлерді қызықтырмауға бағыталады. Мысалы,
Квебекте жердің бағасы сапасына қарамастан, 1 га-375 доллардан
аспайды.Басқа провинцияларда жердің бір бөлігі салық салу базасына
қосылмайды.(Саскачеванда-1,2 га, Ньюбраунсвикете - 5 га), Ньюфаунленде,
Жаңа Шотландияда ауылшаруашылық жерлеріне тіпті салық салынбайды.
Елдің барлық провинцияларында фермерлер жерді жақсартуға (суғару
жүйесін құруға қышқыл топырақты тазартуға, қоршаулар құру, жөндеуге,
алқаптарды желден қорғау үшін ағаштар отырғызу) инвестиция салығынан
табыстары осы инвестиция мөлшеріне азайтылады.

1.3. Қазақтан Республикасының жер қатынастарының даму кезеңдері

Жер табиғи ресурс ретінде қоғамның маңызды байлығы болып табылады.
Адамның түрлі қызмет жүйелерінде оның атқаратын ролі біріңғай болмады.
Халық шаруашылығының көптеген салаларында қажетті объектілердің
орналасу объектісі болып табылады. Ауыл шаруашылық саласы үшін ел маңызды
роль атқарады, себебі жер ресурстары оның даму орналасу кеңістік базисі
ғана емес, сонымен бірге өндіріс құралы, еңбек құралы ретінде жүреді.
Жер көлемділігі бойынша шекті болып табылады. Басқа да өндіріс
құралдары өндіріс күштерінің даму барысында өзгеріс жерге ұшыраса, ал
жердің пайдаланылуы өндіріс құралы ретінде оның кеңістік жағдайы орын
тұрақтылығына байланысты болады.
Ауыл шаруашылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер салығының қазіргі кездегі жағдайы
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
Жерге салық салудың мәселелері мен оларды жетілдіру жолдары
Корпоративтік табыс салығы
Қазақстан Републикасындағы қазіргі салық жүйесі және оның құрылуы мен қалыптасу кезеңдері
Корпоративтік табыс салығының мәні, маңызы және қызметі
Жерге салығын шет мемлекеттермен салыстыру
Әлеуметтік салықпен салық салу объектісі
Заңды тұлғалардың мүлік салығы
Төлем көзінен салық салынатын табыс
Пәндер