Педагогика пәнінен дәрістер


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

1 - ЛЕКЦИЯ. ПЕДАГОГИКА. ОНЫҢ ТАНУ САЛАСЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1-ТӘРБИЕ. ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҒЫЛЫМ ЕКЕНДІГІН ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНІК.

Қазіргі жерде тіршіліктің сақталуы бүкіл адамзаттың қажеттігіне айналып отыр. Бұл қажеттілік - адамзат қоғамы дамуының қозғаушы күші. Адамзат қоғамының дамуы үшін қоғамның өзі адамдардың кейінгі ұрпақтарына әлеуметтік тәжірибені беруді жүзеге асыруы керек. Қоғамдағы өмір мен еңбек үшін қажетті аға ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибені жас ұрпаққа беруін және жас ұрпақтың оны пәрменді меңгеруін тәрбие деп атайды. Тәрбиенің бұл анықтамасындағы әлеуметтік тәжірибені беру тәрбиеленушінің санасына оны тек ауыстыра салу емес екендігін түсіндіргеніміз жөн. Ол - адамдардың қабылданатын тәжірибені пәрменді меңгеруінсіз, олардың қоршаған ортаны түрлендірудегі жасампаз іс - әрекетінсіз жүзеге аспайтын күрделі құбылыстың барысы. К. Маркс адамдар түрлі жағдайлар мен тәрбиенің нәтижесі болса да, бұл жағдайларды өзгертуге олар өздері қатынасатынын көрсеткен болатын.

Сондықтан тәрбие жөніндегі маркстің ілімінде адамдарды жан - жақты дамытудың маңызды құралы ретінде оларды еңбекке қатынастыруға, оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыруға ерекше мән беріледі.

Адамның қоршаған ортаны түрлендіре отырып, өзін - өзі түрлендіріді деген қағиданың айрықша мәні бар. Бұл қағида жоғарыдағы тәрбие анықтамасының мәнін жоққа шығармайды, себебі, қоршаған отаны түрлендірудң барысын адамзаттың қолымен жасағанның бәрін мағыналы ұғынусыз мүмкін емес.

В. И. Лениннің сөзімен айтқанда тәрбие мәңгі ұғым болып табылады. Ол адамзат қоғамының пайда болуымен қатар жарық көрді және оның дамуының барлық кезеңдерінде өмір сүреді. Ата - аналар балаларға, ерексектер кішілерге, тәжірибелілер тәжірибесі аздарға өз тәжірибесін береді. Бұл кезде тәрбиеленушілер іс - әрекетке, қарым - қатынасқа белсенді қатынасады, өз санасын өздері байытады. Іс - әрекет, еңбек, тәртіп, өздерін қоршағандармен қарым - қатынас, табиғатпен өзара әрекет нәтижесінде адамдар қоғамдық нақты өмір салтын қабылдайды.

Көп ғасырлар бойына тәрбие барысы адамзат тіршілігінің табиғи жайы ретінде жүріп, арнайы зерттелген жөн. Кейін келе қоғамдық сананың түрлерін, әлем және ондағы адамның орны жөніндегі жалпы түсініктерді талдаған ғалым философтардың ойында тәрбие барысы тұрақты орын тепті.

Тәрбиеге ғылыми көзқарас Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Квинтилиан сияқты белгілі философтардың еңбектерінде қалыптасты.

Ежелгі Грецияда пайда болған педагогика деген атаудың қазақша мағынасы баланы жетелеу болып табылады. Кейінірек ақылшы ұстазды, баланы тәбиелейтін және оқытатын адамды педагог деп атаған.

Педагогиканың тану саласы - қоғамның ерекше қызметі ретіндегі адам тәрбиесі. Көп жылдар бойына ұйымдастырылған тәрбиемен тек балалар қамтылды, сондықтан педагогиканы бала тәрбиесі туралы ғылым деп келді. Қазіргі кездегі білім беру мен тәрбиелеу жүйесі барлық ададарды қамтитын болғандықтан, педагогика адам дамуының жас кезеңдерінің барлығындағы оның тәрбиесі туралы ғылым болып табылады. Үздіксіз білім беру жүйесін құру және нығайту кезінде бұл тұжырым көкейкесті мәселе болып отыр. Педагогиканы ғылым ретінде оқып үйренуде оның негізгі ұғымдарының мағынасын терең ұғынудың мәні зор. Педагогиканың негізгі ұғымдарының қатарына дамыту, білі беру, оқыту, тәрбиелеу жатады.

Адамды дамыту деп ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, әлеуметтік және табиғи факторлар ықпалымен оның тұлғасының бірте - ьірте қалыптасуының барысын айтамыз. Адам тұлғасының психикалық, күш - қуаттық және жалпы дамуын бөліп қарау керек. Психикалық деп адам тұлғасының зиялылығының, көңіл күйін сезімдерінің, еркінің, қажеттіктерінің, қабілеттерінің дамуын түсінеміз. Күш - қуаттың дамуы дене мүшелерінің, бұлшық еттерінің, буын қимылдарының дамуы болып табылады. Жалпы дамуды психикалық, күш - қуаттық, құлықтық және адам тұлғасының басқа да сапаларының дамуы деп ұғынуымыз керек.

Білім беру - оқушылардың ғылыми білімдер, танымдық біліктер мен дағдылар жүйесін меңгеруінің, осылардың негізінде дүниеге көзқарасының, құлқының және адам тұлғасының басқа да сапаларының қалыптасуының, жасампаз күштері мен қабілеттерінің барысы және нәтижесі. Білім беруді жүзеге асырудағы жетекші күш - жүйелі оқыту.

Оқыту - адамның білім алуы жүзеге асырылатын, мұғалым мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекетінің барысы.

Арнайы педагогикалық мағынада тәрбиелеу - қоғамда тұлғаның, оның қатынастарының, өзіне тән белгілерінің, сапаларының, көзқарастарының, сенімдерінің, тәртіп тәсілдерінің дамуы мақсатына бағытталған ықпал барысы және нәтижесі.

Кең мағынада тәрбиелеу - мақсатқа бағытталған оқытудың және тәрбиелеудің әсерімен адам тұлғасы дамуының барысы және нәтижесі.

Тұлғаны қалыптастыру - орта, тұқым қуалау және тәрбиенің ықпалымен адам тұлғасының даму барысы және нәтижесі.

Жоғарыда келтірілген педагогиканың негізгі ұғымдарының анықтамаларынан оларың өзара өте терең байланыста екенін және іштей жанасқанын көреміз. Оларға сипаттама бергенде әрқайсысына тән басты қызметін көре біліп, сол арқылы екіншісін ажырату керек.

Педагогика ғылымы ретінде бірқатар ғылыми салаларға бөлінеді. Олар: мектепке дейінгі, мектеп педагогикасы, кәсіптік - техникалық білім беру педагогикасы, өндіріс педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, педагогика тарихы, үздіксіз білім беру педагогикасы, жеке пәндерді оқыту методикасы.

Осымен бірге педагогика ғылымы құрылымына көзі көрмейтін /тифлопедагогика/, саңырау және нашар еститін /сурдопедагогика/, ақыл - есі кеміс /олигрофренопедагогика/ балаларды тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін арнайы педгогика саласы да енеді.

Педагогика салаларының жиынтығы педагогикалық ғылымның біртұтас жүйесін құрайды.

Педагогика өзінің дамуында философия, этика, социология, психология, мектеп гигиенасы тығыз байланычты болады және оларды заңдылықтары мен нұсқамаларына сүйенеді.

2. ПЕДАГОГИКАНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, ТӘРБИЕ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТАТЫН ФАКТОРЛАР ЖӨНІНДЕГІ ІЛІМ

Ғылымның методологиясы дегеніміз ғылыми танымның құрылу принциптері, түрлері мен тәсілдері туралы ілім.

Педагогикалық зерттеулерге, олардың жалпы мақсатқа жету жолына /стратегиясына/, зерттеу тәсілдерін таңдап алуға және оның нәтижелерін жалпылауға /интерпретациялауға/ методологиялық тұрғыдан қарауды материалистік диалектика, бейнелеу және тану теориясы анықтайды.

Социалистік педагогиканың ғылыми диалектикалық - материалистік К. Маркс және Ф. Энгельс еңбектеріне қалыптасады. Олар тәрбиенің қоғамдық болмыс сипатына, қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына, оның революциялық түрленуіне тікелей тәуелділігіне тікелей тәуелділігін көрсетті, таптық қоғамдағы тәрбиенің нақты - тарихы және таптық сипаты болатынын дәлелдеді, тәрбиенің мақсаты мен принцптерін тұжырымдады.

Диалектикалық - материалстік тұрғыдан қарау педагогикалық іс - әрекет барысын және құбылыстарын жан - жақты зерттеуді, осы екеуінің арасындағы ішкі және сыртқы өзара байлданысының сипатын ашуды, бұларды қозғалыс, өзгеріс, даму күйінде қарауды, олардағы сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге көшуін көре білуді, ішкі қарама - қайшылықтардың бірлігін, осының негізінде зерттелетін құбылыстар мен іс - әрекеттер барысының қозғаушы күштерін ашуды, танымда бекерге шығаруды бекерге шығару заңын басшылыққа алуды, тәжірибе таным бұлағы және теорияның ақиқаттығының көрсеткіші болғандықтан, зерттелуші құбылыстардың теориясы мен тәжірибесін бірлікте талдауды талап етеді.

Диалектикалық - материалистік методология логикалықтың және тарихилықтың бірлігі принципімен қаруландырады. Тарихилық принципіне сүйену - зерттелетін құбылыстың пайда болу тарихын, оған тән қарама - қайшылықтарды, даму бағыттарын көтеруге, оның одан әрі даму бағыттарын белгілеуге мүмкіндік береді. Тарихи тұрғыдан қарауды логикалық талдаумен бекіту зерттелетін құбылыстардың мәніне, олардың заңдылықтарына тереңірек енуге жол ашады.

Совет педагогикасының методологилық негізі В. И. Ленин еңбектерінде қаланды. Ол марксизм ілімін жаңа нақты - тарихи жағдайларға қолдана дамытты, халыққы білім берудің және оны тәрбиелеудің социалистік жүйесінің бірте - бірте қалыптастырудағы оның ролі мен мәнін көрсетті.

В. И. Ленин мектептің саясатпен байланысы, советтік социалистік бірыңғай еңбек политехникалық мектеп болып дамуы принцптерін негіздеді, қоғамды түрлендірудегі пролетариаттың таптық күреснің тәрбие мен білім берудегі ролін, социализм құрудағы мәдени революцияның мәнін ашты. Ленин еңбектерінде түрлі әлеуметтік жүйелердегі білім берудің диалектикалық өзара байланысын және ұласымдылығын ашып көрсетті. Біздің қоғамымыздағы білім ролін айрықша атады. Осылай жеке қоғамның мақсат - мүдделерін көздеген, білім беру дамудың ұзақ жолынан өтті. Қазір Планетамыздағы адамзат қоғамның даму барысы педагогикалық көкейкесті мәселелерді жеке қоғам мақсатын есте ұстай отырып, бүкіл адамзаттық мақсат, мұрат, мүдделер тұрғысынан қарауды талап етті.

Мұның өзі педагогика теориясы мен тәжірибесін дамытудың жаңа деңгейі тұлғасынан қайта құру міндетін алға қойып отыр.

Маркстің - лениндік педагогика тәрбиенің мақсаты нақты тарихи сипатта болады деген қағиданы басшылыққа алады. Тәрбиенің мақсаты әлеуметтік - экономикалық формацияның өзгеруімен ұдайы ауысады.

Алғашқы қауымдық қоғамда тәрбие баршаға ортақ, өмірдегі қарым - қатынас барысында жүзеге асырылады.

Құлдық қоғамда тәрбие мақсаты таптық сипат алды. Құл иеленушілер балалары өмірде үстемдік етуге, құлдардың балалары өз иелеріне қызмет етуеңбегінде иесінің еркін мойын ұсынуға дайындалды.

Феодалдық қоғамда да тәрбие таптық сипатта қалды. Феодалдар теологияны /діни білім алу/ біліп, белгілі бір ғылыми білім алды. Олардың қызметшілері дін алдындағы үрей негізінде тәрбиеленіп, оларға білім алу мүмкіндігі берілмеді.

Әлеуметтік - экономикалық формацияның буржуазиялық сатысында тәрбие мақсатын анықтауға түрлі ағымдар үлкен ықпал жасады /қайта өрлеу дәуірі, социал - утопистер, революционер - демократтар т. т. /

Қорыта айтқанда, адам дамуының шексіз мүмкіндігі, адам тұлғасының үйлесімді даму, жан - жақты болып қалыптасуы, оған жетудің жолдары жөніндегі ой - пікірлер кең етек жайды.

Марксизм - ленинизм классиктері өндіргіш күштер мен өндрістік қатынастардың, қоғамның базисі мен қондырмасының дамуын терең зерттеп, тәрбие мақсатын анықтады. Мақсат - «Қоғамның барлық мүшелерінің еркін жан - жақты дамуын» қамтамасыз ету.

Қоғамның әрбір әлеуметтік - экономкалық даму кезеңінде адамды жан - жақты қалыптастырудың нақты міндеттері анықталды.

Алға қойылған мақсат, айқындалған міндеттерге тәуелсіз адамның жан - жақты дамуына ықпал жасайтын факторлар бар. Енді соларға тоқталайық.

Маркстік - ленеидік педагогикада адамды дамытушы, қозғаушы күштерге /факторларға/ тұқым қуалауды, отаны және тәрбиені жатқызады.

Бұл үш фактордың арақатынасы диалектикалық тұрғыда қаралады. Тұқым қуалаудың ата - аналардан балаларға берілетін адамның гинетикалық бағдарламасында болатын ерекшеліктер екендігі белгілі. Бұлар адам бітімінің анатомиялық және физиологиялық құрылымы, терісінің, көзінің, шашының түсі, дене құрылысы, нерв жүйесінің ерекшеліктері, сонымен қатар сөйлеу, ойлау нышандары және т. б. болып табылады.

Балалардың тұқым қуалауына ата - аналарының психикалық денсаулығы мен өмір салттары да елеулі әсер етеді. Мысалы, балалардың ақыл - ой қабілетіне ата - аналардың маскүнемдігіне, наркомания, токсикомания айрықшы теріс ықпал жасайды.

К. Маркстің сөзімен айтқанда, адам тікелей табиғи тірі тіршілік иесі, оған табиғи және өміршең күштер берілген. Ол іс - әрекетті табиғи тіршілік иесі болғандықтан, бұл күштер оның бойында нышандар мен қабілеттер, еліктеулер түрінде өмір сүреді.

Адам тұлғасының дамуына әлеуметтік орта, экономиакалық және саяси жағдайлар, өмір салты, мемлекеттік құрылыс, өндірістік және қоғамдық қатынастар жүйесі ықпал жаайды. К. Маркстің тұжырымдауынша, адамның мәні немесе тұлғасы барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Адамның дамуына географиялық орта да ықпал етеді, дегенмен, ол шешуші ықпал емес. Жетекші роль әлеуметтік ортаға беріледі. Адам дамуына шешуші ықпал жасайтын үшінші қозғаушы күш /фактор/ - тәрбиелеу. Ол тәрбиеленушілерге тәрбиешінің мақсатқа бағытталған, саналы ұйымдастырылған ықпалынқамтамасыз етеді. Тәрбиелеу тиімділігі оның ықпалы кезінде ортаның әсері мен тұлғаның тұқым қуалау ерекшеліктерін үнемі ескеруге тәуелді болады.

Тұлға өзінің дамуында әр түрлі жас кезеңдерінен өтеді. Олардың педагогикада мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы, жас өспірім, кәмелеттік жастағылар т. б. деп бөледі.

Психологиялық және педагогикалық зерттеулер нәтижесінде соңғы жылдары жас кезеңдерінің төмендегідей жеті сатыдан тұратын құрылымы ұсынылуда:

  • жаңа туған бала /туған сәттен бір айға дейін/;
  • нәрестелік шақ /бір айдан бір жасқа дейін/;
  • ерте сәбилік шақ /бір жастан үш жасқа дейін/;
  • мектепке дейінгі балалық шақ /төрттен жеті жасқа дейін/;
  • бастауыш мектеп шағы /жеті жастан 11-12 жасқа дейін/;
  • жеткіншек шақ /11-12 жастан 1-15 жасқа дейін/;
  • жасөспірімдік шақ /14-тен 17 жасқа дейін/.

Мұндай сатыларға бөлудің өзін салыстырмалы тұрғыдан қарау керек. Себебі соңғы кездегі балалардың қарқынды даму құбылысын /акселерация/ зерттеу нәтижелері жас сатыларын қатаң қарауға болмайтынын көрсетіп отыр. Осыған сәйкес бастауыш білім беру мазмұнының теориялық деңгейін көтеріле түсуде.

3. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау жүйесіне енгізілген педагогикалық практика, семинар сабақтарында, тәжірибелік - лабораториялық жұмыстарда, педагогика және оқыту методикасымен курстық жұмыстар орындау барысында қажетті негізгі педагогикалық зерттеу әдістерін студенттер білуі тиіс.

Зерттеу әдістерін білу болашақта ұстаздық жасампаздыққа жетелеп, оқытудың және тәрбиелеудің түрлері мен әдістерін жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Педагогикалық құбылыстарды жан - жақты білуге және түрлі ғылыми педагогикалық мәселелерді шешуге бағытталған тәсілдердің және амалдардың жиынтығын педагогикалық зерттеу әдістері деп атайды.

Мәліметтердің алынып жинақталу негізінде /кезінде/ байланысты зерттеу әдістерін теориялық негіздерін жан - жақты білу, нақты оқу - тәрбие барысын талдау әдістері деп бөледі.

Оқу - тәрбие барысын өмірдегі қалыпты жағдайына жан - жақты білуге қажетті әдістерге байқау, әңгіме, анкете жүргізу /алдынала дайындалған сұрақтар бойынша жазбаша мәліметтер алу/, интервью алу /алдын - ала дайындалған сұрақтар бойынша ауызшы пікір жинау/, мектеп құжаттарын зерттеу, іс - әрекет нәтижесін талдау, мұғаліменің жұмыс тәжірибесін талдау т. б. жатады.

Ал енді оқу - тәрбие барысын арнайы өзгертілген жағдайда жан - жақты білу мектептегі педагогикалық эксперимент және зерттеу қорытындыларын тәжірибе жүзінде тексеру әдістері арқылы жүзеге асады.

Зерттеу мәліметтерін өңдеу және талдау тәсілдеріне қарай зерттеу нәтижелерін сапалық талдау және сандық өңдеу әдістері деп екіге бөліп қарайды. Сандық өңдеу әдістері эксперимент нәтижелерін, сапалық талдау әдістерін қажет ететіндіктер көп жағдайда бұл екеуі өзара байланыста қолданылады.

Зерттеу әдістері зерттеудің методологиялық негіздемесіне сәйкес таңдалып алынады. Ғылыми зерттеулер қағидасын негіздеуде іс - әрекеттік, тұлғалық, жүйелік тұрғыдан қараудың маңызы зор.

Іс - әрекеттік тұрғыдан қарау оқу - тәрбие барысын, іс - әрекеттің барлық негізгі құрамаларын, оның мақсаттарын, себептерін, әрекеттерін, амалдарын, реттеу тәсілдерін, түзетулерін, бақылау және қол - жеткен нәтижелерін талдауды біртұтас зерттеуді талап етеді.

Педагогикалық құбылыстарда міндетті түрде тұлғалардың өзара әрекеттері болғандықтан, зерттеулер үшін оқу - тәрбие барысын тұлғалық тұрғыдан да қарау маңызды.

Зерттеулерді тұлғалық тұрғыдан қарап жүргізудің методологиялық негізгі тұлғаның қоғамдағы орны, ұжым мен тұлғаның арақатынасы және оны дамытудағы ұжымның алатын орны, тұлғаның жан - жақты, үйлесімді дамуы, тұлғаны тәрбиелеудің әрі объекті, әрі субъекті деп қарау жөніндегі маркстік - ленеидік ілім болып табылады.

Педагогикалық зерттеулер методологиясы үшін қарқынды дамып келе жатқан жүйелік - құрылымдық тұрғыдан қараудың аса маңызы бар. Жүйе деп өз ісіне тән тіршілік ету заңдарымен қызмет ететін құрамды бөліктердің белгілі бір ортақтастығын айтамыз.

Диалектикалық жүйелік тұрғы педагогикалық міндеттерді шешудің мүмкін боларлық түрлері мен әдістерін өзара байланысты және біртұтас, олардың ішінен тиімді жолын салыстырмалы таңдап алу мүмкіндігін қарауды талап етеді.

Байқау әдісі. Байқау - зерттеушінің оқу - тәрбие барысын, оның жеке түрлері мен жақтарын арнайы бағдарламамен ұйымдастырылған, жеткілікті мерзімде қабылдауы.

Байқауды өткізу жоспары нені бйқау керек, не үшін байқау керек, байқаудан не нәтиже күтуге болады деген сұрақтарға жауап беру керек.

Байқау нәтижесі мұғалімге тәрбиелік әдістерді түзетудің негізі болады, қалыптасқан педагогикалық жағдайға дұрыс баға беруге, айқындалған мақсатқа сай оқушыларды одан әрі зерттеуді жобалауға мүмкіндік береді.

Зерттеуші алынған нәтижені басқа да зерттеушілердің, оқу барысын тікелей байқаушылардың топшылауларымен және басқа да қосымша мәліметтермен салыстырса, байқау қорытындысы шындыққа жуық болады. Байқау қорытындысының шындыққа жуықтауын арнайы техникалық құралдарды пайдалану /дыбыс, кескін жазу, киноға түсіру, т. б. / арттыра түседі.

Әңгіме әдісі және интервью алу. Әңгіме және интервью әдістері әңгіме мен интервьюдің мақсатын ғалым - ұстаз алдынала нақты белгіленгенде ғана, зерттеушіге қажетті мәселелердің мәнін ашатын негізгі және қосымша сұрақтардың шеңберін анықтағанда ғана жақсы нәтиже береді. Әңгімелеушілердің арақатынасының қолайлығын қамтамасыз еткен жөн.

Анкета жүргізу әдісі. Бұл әдіс белгілі бір үйреншікті құбылыстар жөнінде мағлұматтар алуға қолданылады. Анкета жүргізудің нәтижелілігіне тура және жанама сұрақтардың орынды қойылуы, сұрақ мазмұнында орынды жауапқа өзі жетелейтін ойдың айқындалмауы, сұрақ мағынасының шашыраңқы болмауы, нақты жауап беру не пікірін айту мүмкіндігінің болуы сияқты шарттар ықпал етеді.

Мектеп құжаттарын және оқушылар іс - әрекет нәтижелерін зерттеудің әдістері оқушылар іс - әрекетінің себептері, өзіне тән іс - әрекет өрнегі, олардың зерттелетін педагогикалық құбылысқа қатынастары жөнінде жан - жақты мағлұматтар алуға мүмкіндік береді.

Оқушылардың іс - қағаздарымен, дәрігерлік карталармен, мәжіліс және кеңес хаттамаларымен, сынып журналдарымен, жазба есептерімен танысу да зерттеушіні құнды деректермен қамтамасыз етуі сөзсіз.

Педагогикалық эксперимент әдісі. Бұл арнайы жасалған және есепке алынатын жағдайда оқыту мен тәрбие әдістерін тәжірибе арқылы жүргізу немесе тексеру деген сөз. Педагогикалық эксперименттің негізгі қызметі кейбір педагогикалық әсер құрамаларының және оның нәтижелерінің арасындағы себеп - салдарлық байланыстарды анықтау болып табылады. Эксперимент жүргізбестен бұрын педагогикалық іс - әркеттегі әдістің немесе тәсілдің тиімділік мүмкіндігі жөнінде алдын ала ғылыми жорамал тұжырымдалады.

Эксперимент оқушылар өмірінің және іс - әрекетінің қалыпты жағдайында өтуі мүмін. Бұл кезде оны табиғи эксперимент деп атайды. Лабораториялық эксперимент болса, зерттелінушілерге әсердің және олардың кері жауабының сипатын есепке алуға мүмкіндік беретін арнайы жағдай жасайды.

Теориялық зерттеу әдістері. Бұған салыстырмалы - тарихи талдау, абстрактылықтан нақтылыққа өту, модель құрау жатады. Әдетте, бұл әдістер бір - бірімен байланыста пайдаланылады. Олар студенттер диплом жұмысын орындауда қолданылады.

Салыстырмалы - тарихи талдау педагогикалық құбылыстарды жан - жақты және терең зерттеп, пайда болған мәселелерді қазіргі кездегі алдыңғы қатарлды әдістерге сүйеніп, өткеннің қателері мен кемшіліктерінің алдын алып, оқу - тәрбие барысын жзетілдірудің нақты шараларын жобалауға мүмкіндік береді.

Біртұтас оқу - тәрбие барысын зерттеуде абстрактылықтан нақтылыққа өтудің логикалық жолына сүйеніп, төмендагідей кезеңдерді қамту қажет:

  • оқу - тәрбие барысының құрылымын, оның мақсаттық, мазмұндық, амалдық, іс - әрекеттік, ынта - себептік, бақылау - түзетулік, бағалық - талдаулық сияқты құрамаларын біртұтас сипаттап жазу. Сонымен қатар оқу - тәрбие барысы өтіп жатқан оқу - материалдық мектептік - гигиеналық, моральдық - психологиялық, әсемдік және т. б. жағдайларды біртұтас сипаттап жазу;
  • оқу барысы құрамаларының өзара мүмкін боларлық байланысын және әсіресе, себеп - салдарлық байланысын сипаттап жазу;
  • тұлғаның құрылымын, мұғалімдер мен тәрбиеленушілер іс - әрекеттің құрылымын біртұтас сипаттап жазу;
  • мүмкін боларлық шамада мұғалімдер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекетіне толық сипаттама беру;
  • тәрбиеленушілерге көпшілік хабарларын тарату құралдары, микроорта және т. б. арқылы тинізілетін сыртқы ықпалдар мен оқу - тәрбие барысының байланыстарын қарау;
  • келешекте оқу - тәрбие барысында еске алу үшін белгілі бір заңды байланыстарды тауып алу.

Теориялық ізденіс әдістерін пайдалану тиімділігін модель құру әдістері күшейте түседі. Олар зерттелетін құбылыс барысын сызба, схема, қысқаша сөздік және жазбаша түрінде көрнекі бейнелік сипаттама, беруге мүмкіндік береді. Кей жағдайда модел қарауда педагогикалық құбылыстарды математикалық формулалар, матрицалар, шартты белгілер және т. б. түрінде белгілейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау ата - аналар үшін ақысыз
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Интерактивті тақтаны орнату
Электрондық оқулықтың сипаттамасы
Электрондық оқулықтарды құруды маңыздылығы
Білікті маман дайарлау
Орта мектеп оқушыларына биологияны оқытудың пәнаралық байланыс арқылы оқытудың барысы
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz