Л.Толстойдың "Анна Каренина" романының қазақ тіліндегі аудармасы жайында



КІРІСПЕ
I тарау. Л.Толстойдың "Анна Каренина" романының қазақ тіліндегі аударма тарихы
II тарау. Л.Н.Толстойдың "Анна Каренина" романындағы портрет пен пейзажды қазақ тіліне аудару мәселелері
Л.Н.Толстой шығармашылығы жатқан бір кең дүние, бүкіл әлем. Оның шығармаларында қамтылмайтын өмір құбылысы, айтылмайтын ой жоқ десе де болады. Оның кейіпкрелері мінез-құлқы мен әдет-ғүрпы жағынан мейлінше әр алуан. Оның тілі - орыс тілінің бүтін бір қоймасы. Жазу мәдениеті мен стилі жағынан ол жалпы орыс әдебиетінің шыңы. Сондықтан да Толстой сияқты ұлы жазушының шығармаларын қазақ тіліне, аудару - тек аудармашылар үшін ғана емес, бүкіл қазақ тіліне, қазақтың қазіргі өскелең мәдениетіне зор сын.
Қазақ халқының ұлы ағартушылары Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев, өздерінің жазушылық және ағартушылық қызметтерімен, өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында орыс мэдениетіне жол ашты. ¥лы Абайдың ақындық - аудармашылық қайраткерлігінің құдіретіне "орыстың данасы Пушкин өзінің сүйікті Татьянасын қолынан жетектеп, кең қазақ сахарасына алғаш рет қадам басты" (М.Әуезов). Ал Ы.Алтынсариннің жазушылық-педагогтік қызметінің арқасында өзінің дана сөздерімен орыстың алып жазушысы Лев Николаевич Толстой келді.
Әрқайсысы өзінше орыс мэдениетінің асқары, орыс тарихының дәуірі болып табылатын бұл екі адамның қазақ тарихынын, белгілі бір кезеңінде жарқ етіп бой көрсетуі кездейсоқ нәрсе емес еді. Бұл ғасырлар бойы қараңғылықта қамалып, тоқырау шегіне жеткен, бақытқа бастайтын жарық сәулені көксеп шарқ ұрған халық көшінің тарихи бетбұрысы болатын. (4-9)
"Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі де орыста тұр. Залалынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға, тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Сен оның тілін білсең, көкірек - көзің ашылады", - деп Абай айтса, "...Шын білім беретін, пайдалы мәліметтер беретін ғылыми күрделі оқу қүралдарына жол салып беретін .... өзімізге ең жақын орыс тілі..." деген болатын Ы.Алтынсарин. Сол заманда қазақ үшін өсіп, өркендеудің бірден-бір дүрыс жолы - ұлы орыс халқының демократияшыл мәдениетінен үлгі алу, орыс халқымен достасып, ынтымақтаса, селбесе білу деп білді.
Қазақ өмірінде көркем аударма (орысшадан қазақшаға аудару) тарихының алғашқы бетін Ы.Алтынсарин ашты. Оның аударған еңбектері бұрын қолжазба ретінде өзі ұйымдастырған мектептерде оқылып, белгілі бір аймақтарда ауыздан ауызға тарап келгенін есептемегенде, 1879 жылы шыққан "Киргизкая хрестоматиясында" алғаш рет жарық көрді.
Көркем әдебиет саласынан алғанда, Алтынсарин аудармаларының жалпы саны Ә.Дербісәлиннің анықтауынша отыз бес болса, оның ішінде Л.Н.Толстой шығармалары алтау.
Ы.Алтынсариннің аударған әңгімелері: "Айуанның естісі көп, бірақ адамдай толық ақылы жоқ" ("Пожарные собаки"), "Асыл шөп" ("Дорогая травка"), "Данышпан қазы" ("Праведный судья"), "Жамандыққа жақсылық" ("Вазирь Абдул").

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Л.Н.Толстой шығармашылығы жатқан бір кең дүние, бүкіл әлем. Оның
шығармаларында қамтылмайтын өмір құбылысы, айтылмайтын ой жоқ десе де
болады. Оның кейіпкрелері мінез-құлқы мен әдет-ғүрпы жағынан мейлінше әр
алуан. Оның тілі - орыс тілінің бүтін бір қоймасы. Жазу мәдениеті мен стилі
жағынан ол жалпы орыс әдебиетінің шыңы. Сондықтан да Толстой сияқты ұлы
жазушының шығармаларын қазақ тіліне, аудару - тек аудармашылар үшін ғана
емес, бүкіл қазақ тіліне, қазақтың қазіргі өскелең мәдениетіне зор сын.
Қазақ халқының ұлы ағартушылары Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев,
өздерінің жазушылық және ағартушылық қызметтерімен, өткен ғасырдың
жетпісінші жылдарында орыс мэдениетіне жол ашты. ¥лы Абайдың ақындық -
аудармашылық қайраткерлігінің құдіретіне "орыстың данасы Пушкин өзінің
сүйікті Татьянасын қолынан жетектеп, кең қазақ сахарасына алғаш рет қадам
басты" (М.Әуезов). Ал Ы.Алтынсариннің жазушылық-педагогтік қызметінің
арқасында өзінің дана сөздерімен орыстың алып жазушысы Лев Николаевич
Толстой келді.
Әрқайсысы өзінше орыс мэдениетінің асқары, орыс тарихының дәуірі болып
табылатын бұл екі адамның қазақ тарихынын, белгілі бір кезеңінде жарқ етіп
бой көрсетуі кездейсоқ нәрсе емес еді. Бұл ғасырлар бойы қараңғылықта
қамалып, тоқырау шегіне жеткен, бақытқа бастайтын жарық сәулені көксеп шарқ
ұрған халық көшінің тарихи бетбұрысы болатын. (4-9)
"Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі де
орыста тұр. Залалынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға, тілін, оқуын,
ғылымын білмек керек. Сен оның тілін білсең, көкірек - көзің ашылады", -
деп Абай айтса, "...Шын білім беретін, пайдалы мәліметтер беретін ғылыми
күрделі оқу қүралдарына жол салып беретін ... өзімізге ең жақын орыс
тілі..." деген болатын Ы.Алтынсарин. Сол заманда қазақ үшін өсіп,
өркендеудің бірден-бір дүрыс жолы - ұлы орыс халқының демократияшыл
мәдениетінен үлгі алу, орыс халқымен достасып, ынтымақтаса, селбесе білу
деп білді.
Қазақ өмірінде көркем аударма (орысшадан қазақшаға аудару) тарихының
алғашқы бетін Ы.Алтынсарин ашты. Оның аударған еңбектері бұрын қолжазба
ретінде өзі ұйымдастырған мектептерде оқылып, белгілі бір аймақтарда
ауыздан ауызға тарап келгенін есептемегенде, 1879 жылы шыққан "Киргизкая
хрестоматиясында" алғаш рет жарық көрді.
Көркем әдебиет саласынан алғанда, Алтынсарин аудармаларының жалпы саны
Ә.Дербісәлиннің анықтауынша отыз бес болса, оның ішінде Л.Н.Толстой
шығармалары алтау.
Ы.Алтынсариннің аударған әңгімелері: "Айуанның естісі көп, бірақ
адамдай толық ақылы жоқ" ("Пожарные собаки"), "Асыл шөп" ("Дорогая
травка"), "Данышпан қазы" ("Праведный судья"), "Жамандыққа жақсылық"
("Вазирь Абдул").
Абайдың Л.Н.Толстой шығармаларынан аударма жасағандығы әзірше
белгісіз. Әйтсе де ол Тослтойды жақсы білді. Оның шығармаларын оқып, рухани
азық алып отырды.
Ең алғаш Л.Н.Толстой шығармалары "Дала уәлаятының газетінде" басылып
шықты. Бұл газетке басылған көп көркем шығармалардың ең күрделісі -
Л.Н.Толстойдың "Суратская кофейная" дейтін ұзақ әңгімесі. Бұл әңгіме
газеттің 1900 жылғы 10,11 сандарында екі тілде қатар басылды. "Суратская
кофейная" Л.Н.Толстойдың дін тақырыбына жазған көп шығармаларының бірі. Ол
өзі мұны француз Бернардин де Сен-Пьерден аудардым дейді. Ал Толстой
мұрасын зерттеушілер оның әңгімесінің мазмұнын ғана алып, еркін жазып
шыққанын көрсетеді.
Аударма қазақ тілі мен әдебиетінің сол кездегі дәрежесіне қарағанда,
бір қыдыру тәуір жасалған. Автордың стилі толық сақталмағанымен, айтайын
деген ойын қазақша түсінікті және жатық етіп еркін жеткізеді. Аударманың
қазақша атауы - "Сурат кофейнасы" деп берілген (10-11).
Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тілінде шығып тұрған мерзімді баспасөз
ұйымдарының ең өрелісі де, өмірлісі де "Айқап" журналы болды. Тіл мен
әдебиеттің мәнін түсінген журнал ұжымы оның үлкен бір саласы болып
табылатын көркем аудармаға да орын берді. Онда әсіресе орыс әдебиетінің
туындылары көп аударылып басылды. Л.Н.Толстойдың "Илия" деген әңгімесін
Ахмет Баржақсин деген азаматтың аударуымен басылып шықты. Ол кісі кейін
1923 жылы қазақтың мақал-мәтелдерін жинап, Мәскеудегі Орталық Күншығыс
баспасында "Мың бір мақал" дейтін кітап бастырып шығарды. Осы "Айқап"
журналында оның басқа да аудармалары бар. Ол әдебиет тарихында азды-көпті
аты бар, мәдениетіміздің дамуына үлес қосқан адам. Оның көркем ойдан хабары
бар екендігі Л.Толстойдың осы әңгімесінің аудармасынан да байқалады. (5-
110)
Спандияр Көбеев Л.Толстойдың "Өтірікші" ("Лгун") дейтін әңгімесін
өлеңмен жазып аударды. Мұнан басқа С.Көбеевтің "Үлгілі бала" дейтін
хрестоматиясында Л.Н.Толстойдың он төрт әңгімесі бар. 1872-1875 жылдары
басылып шыққан "Азбука" және "Новая азбука" деген кітаптарынан алынған.
Әңгімелерді аударуда Көбеев негізінен Алтынсарин үлгісін қуады, яғни ең
алдымен ағартушылық-педагогтік мақсаттардың тұрғысынан келеді де,
аударманың сол кездегі қазақ ұғыма лайықты, оқушыға түсінікті болу жағын
көздейді. ( 4 – 25)
Тағы да бір аудармашы Тайыр Жомартбаев. Л.Толстойдың пелагогикалық
рухта жазылған шығармаларынан идеялық әсер алып өскен ақын. Л.Н. Толстойдың
"Праведный судья", "Старый дед и внучек" дейтін әңгімелерін өлеңмен
аударған. Мұның біріншісі - Ы.Алтынсариннің хрестоматиясындағы "Данышпан
қазы" деп аударылған әңгіме де, екіншісі - Спандияр Көбеевтің "Атасы мен
немересі" деп аударғаны. Т.Жомартбаевтың аударамсында бұған біраз
өзгерістер енгізген. Жанр өзгешелігіне қарамай, әңгіменің жалпы желісін,
кейде тіпті ұсақ детальдарына дейін қалдырмай жеткізуге тырысқан аудармасы,
оны жеке - жеке тарауларға бөліп, әрқайсысына бөлек-бөлек тақырып, ат қойып
шыққан. Олар мынадай: 1. Махмұд патша һәм қайыршы; 2. Билік; 3. Майшы сөзі;
4. Ғаділ би қазы; 5. Бай бірлән қайыршыға билік; 6. Билік соңында; 7.
Махмұд патша биге өзін танытқаны. Ең соңында аудармашы "Л.Н.Тослтой
матәржім: Т.Жомартбаев" деп қол қояды. Тайыр Жомартбаевтың осы аударма
еңбегінің өзінен де Абайдың сарынын байқау қиын емес .(18-96)
Қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезов Л.Н.Толстойдың "Будда" деген
әңгімесін 1918 жылы аударып, журналда жариялаған. Жас Мүхтар тарапынан нақ
осы әңгіменің Л.Толстой қазынасынан таңдап алынуының өзі оның сол кезедегі
идеялық ауытқушылығының бір көрінісі болса керек. Мұхтар Әуезов әлем
әдебиетінде өзі ерекше құрметтеп, ұстаз түтқан екі есімді бөліп айтты, олар
прозада - Л.Н.Толстой, драматургияда - Шекспир. Бұлардың шығармаларын оқып,
зерттеп үйрену үстіне Әуезов қазақ әдебиетінің асыл қазынасына қосылған,
жанрлардың дамуына ықпал жасаған классикалық аудармалар тудырды . (23-297)
Л.Н.Толстой шығармаларының аударылуы бұдан бұрын аталғандарынан басқа,
1931 жылы оның балаларға арналған "Филипок" деген әңгімесі (аударған
А.Шақышев), 1936 жылы "Булька" (аударған М.Әуезов), сол жылы "Кавказ
тұтқыны" (аударған Ә.Сүлейменов) сол жылы "Балалар әңгімесі" дейтін шағын
жинақ шықты. Онда "Сүйек", "Қарт атасы мен немересі", "Филипок" әңгімелері
енгізілді.
1937 жылы Қ.Сағындықов "Балапан" деген әңгімесін және Ғ.Себепов
"Филипок" әңгімесін жаңадан аударды. 1948 жылы "Үш аю" әңгімесінің
аудармасы жарық көрді. Бірақ аудармашысы белгісіз. 1950 жылы "Қажы
Мұраттың" жаңа аудармасы Қ.Сағындықовтың аударылуымен шықты. 1952 жылы
"Севастополь эңгімелері" деп аталатын циклден алынған үш әңгімесінің
"Шапқын", "Ағаш кескенде", "Кавказ жайындағы есте қалғандардан" деген
әңгімелер жинағы Ғ.Ахметов пен Ә.Ипмағамбетов аударған. 1953 жылы "Анна
Каренина" романының бірінші кітабы, 1955 жылы екінші кітабы Ғ.Ормановтың
аударуымен, С.Омаров аударған 38 эңгімелер жинағы, 1956 жылы "Қыс" дейтін
жинақ (Ғ.Қайырбеков пен Ә.Көпбаев екеуі аударған 38 әңгімеден құралған),
1961 жылы "Әңгіме, ертегі, мысалдар" дейтін жинақ (аударған Ф.Дінисламов,
Ө.Тұрманжанов, Ғ.Есбатырова) жеке-жеке кітап болып қазақша басылып шықты.
Бұлардан басқа 1948 жылы Алматыда болған "Қазақ елі" баспасы "Қажы Мұрат"
повесін (Қ.Сағындықов аудармасы), 1954-1955 жылдары "Жаңа өмір" баспасы
"Анна Каренина" романының бірінші, екінші кітаптарын (Ғ.Орманов аудармасы),
1954 жылы "Севастополь әңгімелерінің жинағын" (Ғ.Ахметов пен
Ә.Ипмағамбетова аудармасы) араб әрпінде басып шығарды. (4-73)
Осылардың бәрін қорыта келгенде, бізде Л.Н.Толстойдың, әсіресе,
балаларға арналған әңгімелері көп аударылып, көп тарап жүргендігі
байқалады.
СССР Ғылым академиясының А.М.Горький атындағы дүниежүзілік әдебиет
институты мен мемлекеттік Л.Н.Толстой музейі бірігіп, 1955 жылы шығарған
"Библиография произведений Л.Н.Толстого" деген кітаптағы Э.Зейденшнурдың
"Сочинения Л.Н.Толстого в СССР" деген кіріспе мақаласында: "В 1948 году
вышли первые два тома "Война и мира" на казахском языке в переводе
казахских писателей С.Муканова и Т.Нуртазина" делінген. Бұл қате мәлімет.
Қырқыншы жылдардың бас кездерінде бұл екі жазушының Толстойдың "Соғыс және
бейбітшілік" романын аударуға кіріскені рас. Одан кейінгі кездерде бұл
романды М.Жанғалиннің, Ғ.Оспановтың аударып жүргендігі туралы да талай
хабарлар болған. Ақыры, тек соңғы кезде ғана бұл роман төрт кітап болып
толық қазақша басылып шықты. Оның бірінші, екінші және төртінші кітаптарын
жазушы М.Жанғалин аударған. Ал үшінші кітабының аудармасына үш адам
қатыстырылған. Олар: Ғ.Қайырбеков, Ә.кекілбаев, Қ.Исқақов. (4-85)
Л.Н.Тлстой шығармалары өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап
күні бүгінге дейін дамылсыз аударылып келеді. Қазақ жұртшылығы қазір оның
ұсақ әңгімелерінен бастап, ең ірі туындысы -"Соғыс және бейбітшілік" пен
"Анна Каренина" романдарын өз ана тілінде оқитын болды. Толстой шығармалары
өмірдің өзіндей шексіз де шетсіз. Қандай бір өнер туындысы болса да, өмірді
нақ өзіндей етіп абсолюттік тұрғыда толық бейнелеп жеткізе алмайтыны
сияқты, Толстой шығармаларын аударғанда да, оның бар қасиетін мүлде толық
етіп жеткізу қиын. Оның үстіне, аударманың тарихи категория екенін, әдеби
тіліміздің даму процесі жедел жүріп жатқанын, бүгінгі қолданылып жүрген
кейбір норманың біраздан соң өзгеріп қалуы да ықтимал екенін ескеруіміз
керек. Л.Н. Толстойдың "Анна Каренина" романының қазақша аудармасын талдай
отырып, оның өзіне тән стиль ерекшеліктерін қалай жеткізгеніне тоқталып
өтпекпін. Олардың ең бастысы - автордың үн-ырғағын, бейнелеу жүйесін, сөз
саптау мәнерін, яғни бүкіл стилінің қалай аударылғанына назар аудару.
I тарау. Л.Толстойдың "Анна Каренина" романының қазақ тіліндегі аударма
тарихы
Әдеби тілімізде Л.Толстой шығармаларын игере бастау - аударма
әдебиетіміз үшін ғана емес, жалпы қазақ әдебиеті үшін де елеулі кезең.
Әдебиетшілер қауымы мен оқушылар жұртшылығының бұл аудармаға ерекше ықылас
қоятыны да, аударушының өзгеден ерек сарапқа түсетіні де осыдан. Орыс
тілінің ересен мол байлығын, бар күш-қуатын, сан қилы әсерлі бояуын еркін
де шебер меңгерген жазушыны қазақ тілінде сөйлету аса қиын, құрметті іс.
Осындай салмағы ауыр сенімді, абыройы мен азабы тең еңбекті мойнына алған
Ғали Ормановтың батылдығына, осы сапардағы нарлығына сүйсінетінімізді ең
алдымен айта кетеміз. ( 14 – 84)
Әрине, Толстойдай алыпты жеткізе аудару қанша кәнігі әдебиетші,
сұңғыла ақын болғанымен Ғалиге оңай емес. Бірақ, осы тұста аударушының
күшін іркіп аянып қалмағаны, көп ізденіп, көп ойланғаны айқын аңғарылады.
Мұнысы жақсы ниет, шынайы пейілінен ғана емес, көп сәтте сүйіндірерлік
еңбек жемісінен де көрінеді. Кейде жиі, кейде сирек кезедсетін ірілі-ұсақты
кемшіліктері болғанымен де тұтас алғанда аударма түпнүсқаға жетеқаба, және
оның жалпы көркемдігін кең аңғартып, негізгі қасиеттерін едәуір жақсы
жеткізеді. Аударушының қазақ тілінің сөз байлығын мол пайдаланғаны (рас,
осы молдық кейде талғаусыздыққа да соқтырады, ол жайында сөз кейін), әдеби
тіліміздің соңғы табыстарын игере білгені даусыз. Аударманың жақсы
қасиетін, көркем үлгісін аңдататын мынадай бір мысал келтірелік:
"Ол кезде өзін бақытсызбын дегенмен бақыты алда болатын: кәзір болса,
жақсы бақыт дегендер артта қалды деп сезінді ол. Анна да алғаш
көргендегісінен мүлде өзге болып кеткен. Құлығы да, көркі де өзгеріп
құлдилай түскен. Анна өзі далыя жайылып, актриса жайын айтқан кезде, бет
пішіні де әрін бұзып жіберген бір долы әлпет көрсетіп кетті. Вронский
Аннаға қарағанда, жүлған гүлі солған соң көркіне бола жұлам деп қор еткен
гүлінің сол шырайын әрең барып аңлаған адамша қарады". (1;104)
Мінеки, адам басындағы шытырман, қилы сезімді, өң құбылысының аса
әсерлі, нәзік көрінісін аударушы түпнұсқаға жеткізе бергені даусыз. Тағы да
бір-екі мысал келтірейік.
"Фру-фру қай аяғын бұрын басарын білмей қалғандай, тізгінді тал
мойнымен соза тартып, үстіндегі адамды жайлы арқасына жатық ырғай,
серіппеше майысып тұра жөнелді". (1; 221)
"Вронский енді озуым керек-ау деп оласымен-ақ, Фру-фру да сол ойын
біле қойып, ешбір деметпей көтеріле сілтеген күйі, Махотинге нағыз қолайлы,
керме жақтан кеп жақындай бастады. Махотин керме жақты бермеді. Вронский
сырт жағынан орала озайын дегенше, Фру-фру да аяғын қалт өзгерітіп, дәл сол
жағынан кеп оза бастады. Фру-фрудың қарауытып терлей бастаған иығы
Гладиатордың сауырына қатарласып та қалды. Екеуі біраз жерге қатарласа
сілтеді. Екеуі бірақ, тосқауыл алдына таянған жерде, Вронский үлкен
айналмаға жеткізбейін деп, тізгінге сүйеген күйі, Махотиннен дәл төбешікке
жеткенде сып етіп өте шықты. Вронский Махотиннен озуын озғанмен, қалыспай
келе жатқанын да қалт сезіп, Гладиатордың біркелкі дүрсілі мен танауынан
үзіле-үзіле шыққан әлі тіпті тың тынысын дәл арт жағынан тынбай естіді де
отырды" (1;224).
Осы келтірілген үзінді өз қасиетіне өзі куә. Мүның қазақ әдебиет
тілінің ең табыстарына жататыны, Толстойдың жәй сөз мағынасы ғана жетпей,
оның аса көркем тілінің қазақ әдебиетіне өң беріп, қазақ оқушыларын
сүйсіндіре келгені көрініп тұр. Толстой сөзінің ажарын жеткізетін аударушы
кем де кем.
Тахауи Ахтановтың "Анна Каренина" қазақ тілінде" мақаласында аудармашы
жайлы былай делінген: "Аударушының ең негізгі мақсаты автордың ойын ғана
емес, оның өзіндік стилін, суретшілік ерекшелігін, барлық бояуын,
шығарманың рухы мен тынысын жеткізіп бере білу. Осы тұрғыда айырқша бір
есте болатын нәрсе көркем шығарманың жалпы бейнесін ғана емес, оның өзіндік
ажарын да аудырмай жеткізу. Толстой шығармасын әсіресе "Война и мир", "Анна
Каренина" "Воскресение" сияқты алып шығармаларын аударудың айрықша қиын
екенін айтып жатудың қажеті жоқ. Толстойдың рухани дүниесін суреттеудегі
әрі аса нәзік, әрі қуатты шеберлігі, жалғыз тәңірім деп шындыққа ғана
табынған осы жазушының ақаусыз көркемдік шындығы аударуға келгенде кім-
кімді болса да талай қиналдырады. Толстой адамның сырт бейнесін, құбылысын,
оның ішкі дүниесі мен табиғатты астастырады да, оны мейлінше дәл, ақаусыз
шын қалпында суреттейді. Осыдан барып адамның сырт пішіні өң құбылысынан,
ал бұл екеуі ішкі дүниесі құбылысынан ажырамай, бірін-бірі әсем толықтырып
кейіпкердің нағыз толық бейнесін аңғартады. Осы көріністер қаншама әсем
суреттелгенімен онда әдемілік үшін қолданылған, бірақ шындыққа ақау
түсіретін бір "сұлу сөз" болмайды. Толстой шеберлігінің көп жақтарын толық
болмағанмен аударушы біраз жерде-ақ сәтті игерген". (5-86)
"Аннамен сол сөйлескен сайын-ақ, Аннаның көзінен қуаныш нұры жалт
етіп, бақыт күлкісі қызғылт ернін қымтып қалып тұр... "Анау қайтты екен"
деп, Кити Вронскийге қарап жіберді де, шошып кетті. Китидің Анна жүзінен
көргендерінің барлығы сонда тұр екен. Қашан болсын сабырлы, орнықты
көрінетін мінезі мен жүзіндегі алаңсыз салғырттық әлпеті қайда кетті
десеңші өзінің? Жоқ, кэзір ол Аннаға тіл қатқан сайын, алдына жығыла
кететін кісідей, басын сәл еңкейте түсіп отыр да, көз қарасынан жеңілу мен
жасқанудың ғана әлпеті көрініп тұр". (1-94)
Бұл Анна мен Вронскийдің бір құбылысы болса, Анна сезімі арқылы
берілетін, Каренин мінездемесін айқындай түсетін көрініс мынау: "...Анна
ілгері қарай етпеттей отырып, ат қасына барып, соған міне жөнелген
Вронскийге көз аудармай қараған кезде де, күйеуінің сол тынымсыз, жексұрын
даусын естіді де отырды. Ол өзі Вронский үшін қорқам деп бір қиналса,
күйеуінің сол, өзіне тынымсыз шыңылдап естілген, нәші-қанық нәзік даусынан
одан бетер қиналды" (1-234-235).
Бұл үзіндіде аударушы Толстой тіліндегі сурет пен әсерді дәл жеткізіп
бере отырып, және де осы жолда ізденіп, аударма арқылы қазақтың әдеби
тіліне тың бояулар, әрі көркем, әрі соны сөз орамдарын, суреттеу машығын
енгізген. Осы арада айта кететін нәрсе, Толстойды аудару үшін осы күнгі
әдеби тілімізде қалыптасқан суреттеу үлгілерін, тіпті оның ең озықтарының
өзін пайдалану жеткіліксіз; ол үшін жолдағы ең соңғы қол жеткенімізді толық
баурай отырып, талай-талай соны, тың бояуларды қажымай ізденіп батыл да,
орынды да енгізе білу қажет. Бірақ өкінішті нәрсе аударушы ылғи осылай
етпеген. Көп жерде-ақ қазіргі бар әдеби суреттеулердің дайын үлгілерін ала
салған. Сөйлемдердің жатық, қазақы болуына әсіресе назар аударып, талай
кезде-ақ Толстой бояуын солғындатып, сөйлемдердің қырын жонып "жалпақтау"
етіп жіберген. Рас "Война и мир", "Анна Каренина" сияқты романдарды қазақ
тіліне аударудың жоғарыда аталғандардан өзге тағы да бір ерекше қиындығы -
мұнда орыстың сол замандағы свет қауымы, сол қауымның өзінің неше түрлі
сатылары суреттеледі. Олардың сан қилы қарым-қатынасы, өзіндік
психологиясы, осыған сай әдет-дағдысы, мінезі, сөзі бар. Осының бәрінің
орыс оқушыларына көбірек кәнігі қалыбы да бар. Осы күнгі өшкен свет
нәзіктерін қазақ оқушыларына жеткізіп беру аса қиын. Екіншіден, Толстой
ғана суретттей білген адамның нәзік, терең психологиясын жеткізу де оңайға
соқпайды. Бірақ, осы жолда аударушының ізденуі де жеткіліксіз сияқты.
Мынадай бір қарапайым мысал келтірелік.
"- Дарья Александровна приказали доложить, что они уезжают".
"- Дарья Александровна біз кетеміз, соны айтып бар деді". (1-9)
Бұл Стиваға баяндап тұрған камердинердің сөзі. Малайлардың төрелерінің
алдында кішілікпен сыпайы ғана сөйлейтіні осы арада аңғарылмай тұр. Сонымен
бірге қожаннның аузынан шыққан әр сөз малайға әсір екені де байқалмайды.
"- Одни или с супругом? - спросил Матвей"
"- Өзі ме екен, күйеуімен келе ме екен? - деді Матвей". (1-9)
Осында күйеуі (муж) демей-ақ, жұбайымен десе орынды емес пе? Және де осы
диалогтың сапталуы ақсүйек пен қызметшінің арасындағы сөзге емес, тең құрбы
екі адамның шүйіркелескеніне ұқсайды.
Міне, осы сияқты шен-дәрежеге, тәрбиеге байланысты ізет-сыпайылықтар
анайылаңқырап кетіп отырады.
Тек қана адамдардың қырым-қатынастарын беруде ғана емес, автордың қилы-
қилы суреттеулері мен мінездемелерін де аударушы көбіне-ақ қалтарысын
елемей тіке тартып, едәуір жабайылатыңқырап алады.
"... Его пища это ложь. Он вас знает, все видит; что же он чувствует,
если может так спокойно говорить?"
"... Көрген көрегі сол өтірік оның. Бәрін біліп те, көріп те отыр ол;
осылай жай сөйлегенде, не сезбек екен десеңші өзі?". (1-235)
Бұл Аннаның өз күйеуі Каренин туралы ойы. Ол әйелінің бар қылмысын
біліп жүрген адам. Бірақ, сонда да сабырлы қалпы бұзылмайды. Дәл осы сөздер
Толстойдың Каренинді адам емес машина деген мінездемесін толыстыра түседі.
Ал аудармада бұл жоқ. Біріншіден, сөйлем аяғындағы артық қосылған "десеңші
өзі" деген екі орынсыз сөз, Анна сөзінің ішкі күшті толқынын, ашу-ызасын
бәсеңдетіп жәй күңкілге айналдырып тұрғанын айтпағанда, екіншіден,
мағынасының өзі жетпей тұр. "Что же он чувствует, если может так спокойно
говорить?" деген сөйлем "Егер осыншама сабырлы сөйлеуге шамасы жетсе, онда
не сезім болмақ" деген ұғымға жуық қой.
"Услыхав это, Анна быстро села и закрыла лицо веером. Алексей
Александрович видел что плакала и не могла удержать не только слез, но и
рыданий, которые поднимали ее грудь, Алексей Александрович загородил ее
собою, давая ей время оправиться".
"Анна соны естіген соң-ақ лып етіп кетті де бетін желпуішпен қалқалай
берді. Алексей Александрович Аннаның әрі жылап, әрі жасына ие болуы былай
тұрсын, тіпті өксігенде көкірегі көтеріліп тұрганын көрді. Алексей
Александрович долығы басылсын деп алдын қалқалай да берді оның". (1-238)
Әңгіме алдыңғы және соңғы сөйлемдердің аударылуы туралы. Осы арада
Вронскийдің аттан құлағанын көріп Анна үлкен қасіретті толқу үстінде отыр.
Ал енді сол халдегі Аннаның тез, оқыс отыруы мүмкін де бірақ "лыпылдап"
тұруы мүмкін емес. Соңғы сөйлемде ауыр күйзелістен есін жисын, не көңілін
бассын деудің орнына Аннаның долығы басылсын деу тұрпідей. Тамаша әйелдің
аяулы бейнесіне, тіпті ұнамсыз құбылыс береді.
"... но она была сама не своя и как во сне шла под руку с мужем".
Мұнда да аударушының тұспалы дұрыс болғанмен, Толстой суреттеген
психологиялық хал жетпей жатыр. ("Анна бірақ" және "кете барды" деген
сөздердің сапталуы келіспей тұрғаны өз алдында), "как только она начинала
говорить про это, она, настоящая Анна, уходила куда-то в себя и выступала
другая, странная, чуждая ему женщина, который он не любил и боялся и
которая давала ему отпор".
"... Соны айта бастаса-ақ, осы отырған нағыз Анна әлдеқайда жоқ боп
кетіп, Вронскийге жат, өзге бір оғаш әйел шыға келгендей болатын да,
Вронский де өзін сүймей қорқа беретін ол болса мүлы бет бақтырмайтын". (1-
213)
Бұл үзіндінің орысшасында Вронский аты аталмайды, қазақшасында екі рет
аталады. Солай-ақ болсын. Бірақ аударма түпнұсқаның әдемілігін, әсер
сонылығын бере алмайды: кедір-бұдыры мол, түсінігі көмескі "Вронский де
өзін сүймей қорқа беретін", Вронский кімді сүймейді? Өзін-өзі сүймей ме
қалай? "Давала отпор" деген сөздерді "Бет бақтырмайтын" деп әсемдеу қанша
қажет? "Бет бақтырмайтын" деген әрекет мінездемесі адуын, долы әйелдерге
тән емес пе? Тағы да Аннаға жанымыз ашиды. Толстойдың әрбір сөз бауы, бояу
реңдері тек қана өз орнында сәтін тауып тұрады. Ол әшекейлеуді де, тұрін
сәл де болса өзгертуді де көтермейді, әсіресе тізені көтермейді. Данышпан
художниктің суреті басқа бір сырт бояу жұқса-ақ сәулеті бұзылады.
Ғали ауыдармасында көркемдік жағынан елеулі олқылықтар кездесіп
отырады. Бұл әсіресе шығарманың көркемдік шоқтығы саналатын Левиннің Китиге
деген өзіндік ерекше ыстық ынтығы, сан қилы нәзік сезімдері суреттелетін
жерлерде, Анна мен Вронский арасындағы психологиялық нәзік шытырман
қатынастар суреттелетін жерлерде анығырақ сезіледі. Сонымен бірге Ғали
барлық жерде бірдей автордың тамырының алуан түрлі соғысын байқай бермеген.
Әсіресе диалогтардың ыстығы жоғары кезінде қанжылым тарта береді де,
интоннация байлығы көп жерде ұмытылып қалады. Мұның бәрі түпнұсқада ашылған
кейіпкерлердің психологиялық кезеңдерін, жан күйін көмескілендіріп, яғни
оның ашу-ызасын, өкініш-күйінішін ішкі толқуларын солғындатып жібереді.
- Никогда. Предоставь мне... И предоставь мне, и слушайся меня.
Никогда со мной не говори об этом.
- Әсте өз ырқыма бер. Өз ырқыма бер де айтқанымды жықпа. Ол жөнінде
сөйлеспе менімен. (1-215)
Бұл Аннаның үлкен ой толқуы үстінде булыға айтатын сөзі. Мұның
орысшасынан Аннаның іштей толқып тұрғанымен бірге әлдеқандай бір үрейі
бары, болашағынан шошынатыны да айқын есіп тұр. Толстой мұны қысылғанда
ауызға тез түсетін қарапайым, бірақ өткір, үздік-үздік келте сөздермен
берген. "Никогда" деген қаһарлы сөзді де қайталай, булықтыра айтқызады. Ал
аудармада мұны "тігісін жатқызып", жайбарақат сөздермен берген. "Никогда"
деген екпінді сөздің орнына ол сөздің сұсын да, салмағын да жеткізе
алмайтын "әсте", "слушайся меня" деген тіпті сыртқы оғаштығының өзімен де
ішкі қызуы күшті тегеурінді сөздің орнына жасық, жәй сыпайы ғана "сөзімді
жықпа" деген сөз алынған. Ақыр аяғында Аннаның осы сәттегі ішкі шиеленісі
мен ширығуы босап, болбыр тартып кеткен.
Біздіңше, жоғарыда келтірілген осы мысал, Ғали аудармасындағы жеке
ретте ғана кездесетін жай кемшілік емес. Бұл аударушының аудармаға
көзқарасындағы жүйелі қате ұғымнан туған тәрізді. Бұл ұғымның бір-біріне
жақын екі саласы, яғни бір түбірден тараған екі тармағы бар: бірі - қайткен
күнде де қазақылап, қазақ тілінің қашанғы қалыптасқан интонациялық
ырғағынан шықпау болса, екіншісі - түпнұсқада кездесетін айшықсыз,
қарапайым, сырты жұпыны сөздерді "көркемдеуге" "эдебиеттендіруге" бой
ұрушылық. Мұндай тенденция бір кезде көркем аударманы кәсіп еткен, бірақ
көркемдікке ыңғайы жоқ "солақай" аударушыларға қарсы, түпнұсқаның әсем
тілінің ажарын қашырып жүрекке де, құлаққа да түрпідей сірестіріп
аударатындарға қарсы күресте туып еді. Бірақ қазір аударма әдебиеті елеулі
бір сатыға көтерілгенде, бұл тенденция өзінің қарама-қарсылығына айналып
отырғаны, әдебиетімізді аударма арқылы соны бояулармен, интонациялармен
байытуға, тыңнан жаңа лебіз енгізіп, шырайын гүл-гүл жайнатып құлпырта
түсуімізге кедергі келтіретіні анық. Ақыр аяғында, жасыратыны жоқ, біздің
әдебиетімізден анағұрлым озық орыс әдебиетінің, әсіресе шоқтығы биік орыс
классиктерінің алуан түрлі бояу нәзіктіктерін, ой қалтарыстарын оқушыға
жеткізе беруге кесел болады.
"Да! Она не простит и не может простить. И всего ужаснее то, что виной
всему я, - виной я, а я не виноват. В этом-то вся драма, - думал, -Ах, ах,
ах!"
"Иә, Ол енді кешірмейді де, кешірер жайы да жоқ. Ең сұмдығы соның
бәріне де айыбым жоқ болса да, мен айыпты боп отырмын - мен. Барлық драма
сонда боп тұр, - деді ойланып. - Әй, эй, эй!". (1-6)
Сырт қарағанда осы үзінді жатық жақсы аударылған тәрізді. Бірақ
түпнұсқада әйелінің алдында күнәлі Облонскийдің күйзелісті ойы ғана емес,
осылай ойлағандағы оның қыяпаты да айқын елестейтін сияқты. Оны автор
Облонский диалогке айналдырып, және сол диалогке аса орынды шебер
интонацияларды шым-шымдап енгізу арқылы жеткізіп отыр. Бірақ аудрушы оны
байқай қоймай, жатықтандырып тіке тартып кеткен де, интонациялық бояуды
жойып алған . "Что виной всему я, -виной я, не виноват" дегенді аударушы
"айыбым жоқ болса да мен айыпты боп отырмын" дей береді. Мағынасы осылай
екені даусыз.
Бірақ Толстой "я оказался виноватым, хотя и не виноват" деп немесе осы
сияқты жайбарақат түрде бермей, әдейі көңіл толқынына бояп беріп отырған
жоқ па? Содан кейін "Ах, ах, ах!" деген одағайды "Әй ,әй, әй!" деп
аударудан қандай ұтымдылық бар?
Осы сияқты "тігісін жатқызу" тек диалогтерді ғана емес, автор
суреттелулерін аударғанда да ұшырай береді. "... Вдоволь забрав воздуха в
свой широкий грудной ящик" дегенді Ғали "... кебежедей кең кеудесіне ауаны
толтыра тартып" деп аударады. Мұның да мағынасы дұрыс болмағанымен,
автордың мысқылы жетпей жатыр. Егер де "кебеже кеудесіне" немесе "кеуде
кебежесіне" десе автордың әжуасы ғана емес, сонымен бірге тосын, жаңа тұр
еніп, сонылығымен оқушының назарын тартпас па еді.
Ғалиде Толстойдан да "көркем" етпек болып, орынсыз әшекейлеуге ұмтылу
бар деген пікірді жоғарыда айтып өттік. Бүдан жоғарыда біз келтірген Анна
диалогының аудармасы дәлел. "Никогда" деген сөзді "әсте", "и предоставь
мне, и слушайся меня" деген сөйлемді "өз ырқыма бер де, айтқанымды жықпа"
деп аудару, осы қарапайым сөзден қашып, "әдебиеттендіру" ниетінен туған
әрекет екені анық. Сол сияқты "С хитрою улыбкой" дегенді "Мекер күлкісіне
салып" (1-8). "Впрочем, делай как хочешь" дегенді "Әйтсе де өз ырқың
білсін" (1-33), "развод" дегенді көп жерде "бас ашу" деп аударуы да сырты
жұпыны сөздерді қомсынып, Лев Толстойдың өзінен көркемдігімді асырам деген
ағат батыл ойдан туған болса керек. Шынайы көркемдіктің сырты жылтыр бола
қоймайтынын, ал Лев Толстойдың тек шындыққа ғана табынып әсері ұшқары
сөздерге жүгірмегендігін айтып жатудың қанша қажеті бар.
Біздің пікірімізден сөз көркемдігіне, шеберлігіне талпынбау керек
деген ұғым тумаса керек. Біз тек әсіре қызылдан сақтандырамыз. Атақты сөз
шеберлері әрбір сөзді екшеп талғампаздықпен аса орынды қолданатыны, сөздің
үніне, эстетикалық жағына, көркіне айырықша көңіл бөлетіні даусыз. Олар
асыл сөзді мол шабыт, ыстық сезіммен жайнатып, құлпыртып еркін төге де
білген, сонымен бірге жеке сөздерді тірнектеп жинап, жалықпай сұрыптай да
білген. Аударушыға да осы талап қойылатыны сөзсіз. Ғали көп ізденіп, талай
жақсы, соны сөздер таба білген. Халық тілінің мол қазынасының арасында
әдебиетшілер көзіне жиі түсе қоймай, қаға беріс қалған талай сөздерді тауып
алып қана тынбай, олардың тозаңын сүртіп жаңа сипат, жаңа нұрмен қайта
жарқыратқан сәттері бар екенін айтамыз. Аударушының тағы да бір жақсы
қасиеті қашан да сөзге сөз орай етуге талпынып, жауыр баламаларды ала
бермей тыңнан сөз тауып, қазақ тілінің лексикон (сөз құрамы) байлығын жақсы
аңғартады. Біз мұны аударушыға керекті аса жақсы қасиеттерінің бірі деп
білер едік. Бірақ, осындай реттерде аударушының талғаусыздыққа ұрынатыны
бар. Кейде тіпті лексикон байлығын аударманың қилы-қилы міндеттерінен
шалғай, оғаш дара мақсат етіп те қарайтын жағдайлары жоқ емес.
"Все смешалось в доме Облонских". "Облонский үйлерінің ырың-жырыңы
шықты". (1-5) Бұ да мағына жағынан дұрыс. Бірақ, аса көркем шығарманың
бетін ашқан жерден көрікті сөздер арасына "ырың-жырың" кіруі оқушыны
тітіркеніп те тастамай ма?
"Я с удовольствием поем хорошо" - "Тамақты түшіркене жақсы ішкелі
отырмын".
Осындағы "түшіркене" деген сөз түпнұсқаның мағынасын береді. Бірақ,
сөздің үніне ерекше көңіл аудару керек екенін М.Горький талай ескерткен жоқ
па еді. Бір сөздің үні басқа оғаш, ыңғайсыз сөзбен үндессе сол жағымсыз
сөзді еске түсіріп, оқушыға шіміркендіре эсер етуі әбден мүмкін нәрсе ғой.
"Түшіркене" деген сөз "түшкіруді" еріксіз еске салады да, асқа ықылас
қойған мәдениетті адамдар туралы жағымсыз әсер туғызады. Аннаның аузындағы:
"Сен ойлағандай оңай-оспақ нәрсе емес" деген сөз де орнын тауып тұрған жоқ.
Болмаса "Атқа шапқан Вронский сыйқына бар ойымен құлай қараған Анна..." Бұл
арада аударушының "атқа шапқан сыйқына" деуіне қарағанда Вронский аса
ебедейсіз көрініс беріп бара жатқан сыяқты. Ал шынында керісінше
Вронскийдің атқа шапқан көрінісі ерекше көз тартады. Мінеки, сөзді орнымен
сұрыптап ала білмегендіктен тіпті мағына өзгеріп кетіп тұр. Сөзді әсем
талғап, дәл сұрыптап алуда мұндай ағаттық жіберу тәжрибелі әдебиетші ғана
емес, әсіресе ақын адамға қолайсыз болса керек.
Сөздің мағынасы ғана емес, сонымен бірге сыртқы тұрі яғни үнділігі
әсем сазы, тілге оралымды, құлаққа жағымдылығы суретшілінің қолындағы сан
алуан бояудың келісті, жарастықты бір түрі емес пе?
Өте бір өкінішті нәрсе аударушы біздің осы күнгі аудармаларымызға тән
бір қасиетті кемшіліктен құтылып кете алмаған.
Ол түпнұсқаны шала түсіну, кейде тіпті қате түсіну. Ормановты орыс
тілін білмейді деп айта қоюға болмайды, бірақ Толстой тілін жете түсінуде,
оның алуан сырларын аңғартуда, астарларына ой жүгіртуде, рекше бір сәтте
жаңа мағынамен айтылған сөздердің үнін естуге аударушы құлағы қақас тартып,
қапы жіберіп алатын кезеңдерін қазбалап іздестірмесек те, құрғырлар көп
жерде-ақ қарасын көрсете берді.
Мұндай түсінбестіктер әр дәрежеде, әр сипатта болғанмен оның қай-
қайсысы да аудармаға біраз олқылық келтіріп тұр. Бұл кемшіліктерді де бір
арылтып өтейік.
"Он повернул свое полное, выхоленное тело на пружинах дивана, как бы
желая опаять заснуть надолго, с другой стороны крепко обнял подушку и
прижался к ней щекой..."
"Әлі де болса ұйықтай түсейін дегендей, бордақы, толық денесін диван
серіппесіне төңкерілте аунатып, екінші жағындағы жастықты қапсыра құшып,
бетін көме жатты". (1-5)
Толстойды өзімсініп, кейбір еркіндік еткенін елемегенде, аударушы осы
қарапайым сөйлемнің екі жерінде түсінбестік аңғартады. Біріншіден, "полное,
выхоленное тело" дегенді "бродақы, толық дене" деп аудару қате. Выхоленное
бордақы емес, "мәпелі, күтімді" деген ұғымда. Екіншіден, Облонский "екінші
жағындағы жастықты қапсыра " қүшпайды, басының астындағы жастықты асынан
орай құшақтайды.
"Степан Аркадьевич получал и читал либеральную газету не крайною , но
того направления, которого держалось большинство".
"Степан Аркадьевич либералшыл газетті, либералшыл болғанда, тым асып
кеткені емес, көпшілік қолдайтын бағыттағы газетті алып оқитын". (1-11)
Мұнда автор "көпшілік қолдайтын" демейді, сол Облонский
қауымындағылардың көбісі құптайтын бағыттағы деген ойын анық аңғартады. Ал
"көпшілік" деген сөзі негізінде бұқара, халық деген ұғымға телінбей ме,
ендеше мұндай сөзді қолдануда сақ болған терістік етпейді.
Бұлар аударушының автор ойының байыбына жетпей шала аңғартатын жақтары
болса, кейде тіпті қарапайым нәрседен анық білместік жасағанын көріп
қаламыз.
"... ирландская банкетка, состоящая... из вала утыканного
хворстом..."
"... Шөп-шалам қосып тапталған ирланд үйіндісі...". (1-222)
Мұнда "шөп-шалам қосып тапталған" емес, шыбық шаншылған атжал екені
кімге болса да айқын емес пе?
"Я дурная женщина, я погибщая женщина, - думала она"...
"Өз басым ақымақ-ақ, құрыған-ақ әйел шығармын, - деп ойлады Анна..."
Аударушының соншалық қарапайым түсінгеніне таңырқамасқа шара жоқ.
"Дурная" дегеннің "ақымақ" емес, бұзылған, азған деген мағынада екені, осы
арада Аннаның өз жағдайын ұят санап, "азған әйелмін" деп өзін-өзі сөгіп
отырғаны айқын-ақ сияқты.
Осы сияқты орыс тілін кейде дүмбілез, кейде тіпті қате түсіну
аударманың көп жерлерінде аса сирек кездессе қайсы бір жерінде тым жиілеп,
бірін-бірі қоздатып та жібереді. Кітаптың (қазақ тіліндегісінің) 400 -бетін
үңіліп көрелік. Мұнда әңгіме көбіне шетелден келген ханзада жайлы да, және
оның жағымсыз сипаты баса суреттеледі.
"Его суждения о русских женщинах, которых он желал изучать, не раз
заставляли Вронского краснеть от негодования".
"Өзі зерттеп білсем деп жүрген орыс әйелдері жайындағы пікірі де
Вронскийді құса қылып талай рет қызартты".
Орысшасында орыс әйелдерін ханзада зерттемек болса, қазақшасында
оларды Вронский зерттеп жүрген болып шығады және де "негодование" құса
емес, отты ыза, буырқанған ашу.
"Это был очень глупый и очень самоуверенный... человек..."
"Ол өзі ақымақ, өте қайсар... адам екен..."
Бұл арада "самоуверенный" деген сөз қалай тартқанда да "қайсарға"
келмейді.
"Он был джентельмен - это была правда, и Вронский не мог отрицать
этого".
"Өзінің джентельмендігі де рас екен, онысын Вронский де бекер дей
алған жоқ".
Толстойдың осы сөзінің астанда кекесінді ащы мысқыл жатыр, ал оны
тіпті сөйлем құрылысы да аңғартады. Аударушы бұл сөйлемді де жымпита жонып,
жалаң қабаттап жіберген.
"Он был ровен и неискателен с высшими, был свободен и прост в
обращении с равными и был презрительно добродушен с низшими".
"Өзі жоғары адамдарға салмақпен қарап, іштеңе іздей қоймайды екен де,
тең адамдарға жұғысқанда еркін, қарапайым келіп, төменгі адамдарға
астамсып, мейірбанси қарайды екен".
Осы сөйлемдегі үш сипаттау грамматикалық жағынан да онша қабыса
қоймаған, ал мағына жағынан аударушы ортаңғы мінездеме Толстой сипаттауына
деңгейлесіп қалып, соңғысына жете қоймағанмен автор ойының ұстығын қарманып
қалса, алдыңғы айтылған мінез сипатын тіпті қате түсінген. Мұндағы
"неискателен" деген үлкендерден "іштеңе ізденбеушілік" емес, үлкендерге
жағымпазданбайтын деген мағынада айтылып отыр. Осындай қателіктен барып
Толстой берген мінездеме аудармада бұзылып кеткен.
Осы беттегі "Русское молодечество" дегенді "орыстың батырлық ерлігі"
деп беруі де тауып аударғандық емес.
"Вронский был в эту зиму произведен в полковники, вышел из полка и жил
один".
"Вронский осы қыста полковник дәрежесіне шығарылған соң, полктан
сыртқары, жалғыз тұратын".
Вронский полктан сыртқары тұрмайды. Ол полктен шығып кеткен.
Мінеки, осынша жаңсақтық пен түсінбестік бір беттен кездескенде
оқушының қарны ашып қалатыны сөзсіз.
Аударушының сөз мағынасын жете ұғынбай жорамалға тұспалға салатынына
тағы бір мысал келтіріп, сонымен бұл саланы тұйықтайық.
"Вронский, несмотря на свою легкомысленную с виду светскую жизнь, был
человек, ненавидевший беспорядок".
"Вронский көрер көзге қауымдық жеңіл-желпі тіршілікті місе тұтып
жүргенімен салдыр-салақтықты жек көретін адам болатын". (1-141)
Осы арада сөйлем мағынасы әбден өзгеріп, Вронский мінездемесі
керісінше болып шыққан. Автор Вронский сырт көзге свет өмірінің жеңіл
қызығына бой ұрған қамсыз адам сияқты десе, аударушы жоқ: "Вронский көрер
көзге қауымдық жеңіл-желпі тіршілікті місе тұтып жүрген..." деп ерегесіп
болмайды. Және де "қауым" "свет" мағынасын бере алмаса, "салдыр-салақтық"
осы арадағы "беспорядок" мағынасын жеткізе қоймайды.
Одан әрі "...запутавшись, попросил взаймы денег..." дегенді,
"...шатасып қалып, қарызға ақша сұрағанда..." деп жаңсақ аударған.
Осындай бұрмалауларды кітап шықпай тұрғанда оңай түзетуге болатын еді.
Аударушының кейде сөйлемдерді меңгере алмай, оның құрамдарының жігін ашып
алатыны, мағынаны дәл бере алмай дүмбілез етіп жіберетіні жоқ емес.
"Вронский Алексей Александрович үйінде өмірі болмағанмен, Аннаны үйден
сырт жерде көріп, онысын күйеуі де біліп жүрді". (1-398)
Осы сөйлемді қалай түсінуге болады? Аннаны көріп Вронский, ал онысын
(көріп жүргенін) күйеуі де білді десе, Вронский күйеуі болып шықпай ма?
Түпнұсқадағы осы сөйлем аударушыға қатты қарсылық жасаған да, аударушы оны
ырқына көндіре алмаған. Иіп әкелуге қаруы жетпей, қайқы күйінде қалдырған.
"Жұрт біткен қамырықтарын жарық-жарқын айтысып...". (1-237) Мұның
орысшасы "Все громко выражали свое неодобрение..." "Қамырық" деген
диалектіге жақын сөз біздің топшылауымызша "көңіл кірі" болу керек, оны
"жарқын-жарқын" айтты деу қиыспай тұр. Осы сияқты сөзді орнымен қиыстыра
білмей, талғаусыз тіркестіру, сөйтіп әсер тұтастығын бұзып, не сурет бояуын
алалап жіберу Ғали аудармасында онша жиі болмаса да кездесіп қала береді.
Аударушы "сылтың", "лып", "елп ете түсті" деген сөздерді өзге сөздермен
тыңнан қиыстырып жаңа сипат бере пайдаланған. Бірақ мұнда да талғаусыздыққа
ұшырап ерлі-зайыпты Облонскийлер арасында трагедия болып жатқанда қасіретті
адамдардың күлкісін "елп етікізіп", жүзін "сылтыңдатып", жүріс-тұрыс
қимылдарын "лыпылдатып" жібереді. Бұл аударушының өзі тыңнан ашқан сөзіне
тым елігіп кетуінен. Ал, Ғали сияқты көне әдебиетші жылтырға қызықпай әр
сөз өзінің қыбын тауып, табиғи орнына қаланғанда ғана сәтті екенін, жеке
сөз қанша әсем болса да өз орнын таппаса ерсі әшекейге айналатынын, қысқасы
сөз жарастығын білсе керек еді.
"Вронскийді ойлағанда өзін ол сүймейтін сықылды, өзін шырмау көріп
жүрген тәрізді, оған өзін өзі ұсына алмайтын секілді де көрініп кетті...".
(1-325)
Енді бір абзацтан ғана мысал келтірейік:
"...қайталай да берді өзі... Өзі тәрбие алған дініне әсте шүбә
келтірмесе де, өз жайында діннен жәрдем іздеу деген Алексей
Александровичтың өзінен жәрдем іздеу сықылды... Біліп отыр өзі... Содан өзі
қорқайын деді... білмей кетті өзі... өзі де білген жоқ". (1-326)
Осы шағын абзацтың ішінде "өзі" деген сөз сегіз рет кездеседі. Әрине,
мүндай қайталаулар аударушының кейде тілге салақ қарайтынын, сөзді ерінбей
екшемейтінін аңғартады. Ғали жалпы өзі деген есімдікке орасан құштар:
"өзін" қоспаса сөзі татымайтын сияқты көрінеді де тұрады. Кейде сол
"өзілер" баяндай ырғағын бұзып, автордың байыпты сарынын дедектетіп, сыртқы
сабырын орынсыз құшырландыруға әкет етеді, ал тіпті сөйлем мағынасына
нұқсан келтіретін кездері де болады.
"Анна Каренина" аудармасының әр саладағы, әр жүйедегі кейбір
кемшіліктері осындай. Бұл аударманы негізінен сүйсіне оқи отырып, кемшілік
жағына әдейі мол және кең тоқталдық.

"Анна Каренина" романының II кітабының аудармасы жөнінде
Дәл осы кезге дейін қазақ тіліне ең бір өнімсіз де, ажарсыз да
аударылып келген жазушының бірі - Лев Николаевич Толстой. Дәмелі
аудармашылардың тәуекелі жетіп бара алған жоқ: қайсы бір көңіл талпынған
біран-саран саңлақтардың да қолы батпай, тез тайқып шыққан жайы бар. Бір
ғажабы сол, шамасын білмей, кез-келген қараға ұрына беретін көрсеқызар
"аудармашылар да" Толстой шығармаларына маңайлай алмады: ең аяғы оларды да
Толстойдың пысы басып, бетттетпей қойған-ды. Сөйтіп, "Анна Каренина" мен
"Соғыс және бейбітшілік" романына көңіл дауаламай жүргенде Ғалым Ахметов
Толстойдың "Рубка леса", "Шапқын" әңгімесін аударып, сондай шағын-шағын
дүниесімен шамасын байқап көрді.
Айта кету керек, Ғ.Ахметов аударған Толстойдың бұл әңгімелері бір қос
тәуір шыққан. Айырықша аударманың тілі жатық, Толстой ойына аудармашының
тіл орамы мол жетіп, сезім нәзіктігін, сурет сұлулығын жеткізіп берген.
Жазушы ойын сергек сезімталдықпен дәл топшылап отырғанын аңғарасың. Және
небір ұзақ сөйлемді оқығаныңда да тұтқырланбайсың: түпнұсқаның дәл өзіндей,
лекілдеп төгіліп отыратын татаусыздық бар.
Мұнан шығарып айтарымыз: қазақ аудармашылары Лев Толстойдың ірі
шығармаларына бірден барған жоқ; аз да болса, алдына сондай сәтті шыққан
шағын әңгіме аудармаларын салып алды, жақсы үлгі-нұсқасы болған-ды.
Бірақ, бір таңғаларлық нәрсе - Ғ.Орманов сол аудармаларға сын көзімен
зер сала қарап, жақсы үлгілерін "Анна Каренина" аудармасының бойына жарата
алмаған. Орманов жолдас Толстой шығармасын аударғанда кісіге көз сүзбей,
өзінше ізденген; із түспеген тыңнан жол салмақ болған. Әрине, ол жақсы
ниет. Аударма дайын тұрған нәрсені көшіре қою емес; аударма - шығармашылық;
бұған да ұзақ іздену қажет, түпнұсқаны құр көшіріп шықпай, сол түпнұсқаның
бойындағы бар қасиетін сақтау, айырықшы біз әңгіме еткелі отырған "Анна
Каренина" секілді шығарманы шығармашлық игеру - үлкен жеңіс. Қазақтың
ұлттық мәдениеті үшін үлкен қазына; ал, аудармашы үшін бір шайқасты
ұтқанмен пара-пар. "Анна Каренина" жақсы аударылса, халықтың ұлттық
мәдениетіне ықпалын тигізуі сөзсіз еді. Әрине, Толстой шығармасының бір
кісіге бой бермеуі ғажап емес. Бір-екі құлаш ұрған соң тереңіне бара алмай
малтығып қалары сөзсіз. Толстой шығармалары "табиғаттың дәл өзіндей шексіз"
мол дүние, сен бір жерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем аударманың маңызы мен рөлі
Қазақ әдебиетінде аударманың қалыптасуы
Сұраулы сөйлемдерді аудару әдістері
Көркем аудармадағы баламасыз лексиканың берілуі
Ғали Орманов
ПСИХОЛОГИЗМНІҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Авторлық стиль және мұхтар әуезовтың көркем аудармалары
Аударма өнері және көркемдік – эстетикалық, шеберлік проблемалары
Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романына салыстырмалы-салғастырмалы талдау
Көркем аударма.
Пәндер