Банктік шот және салым шарттары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
Азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасы
Дипломдық жұмыс
БАНКТІК ШОТ ЖӘНЕ САЛЫМ ШАРТТАРЫ
Орындаған
4 курс студенті Байтасова А. М.
Ғылыми жетекші
аға оқытушы Мұқалдиева Г. Б.
Норма бақылаушы
з. ғ. д., доцент Нұрахметова Г. Г.
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді
з. ғ. д., профессор Жетпісбаев Б. А.
Алматы, 2011
РЕФЕРАТ
Тақырыбымның өзектілігі . Біріншіден, қолданыстағы заңнаманың кемеліне жетпегендігі, екіншіден, банктік салым және шот шарттарына байланысты сұрақтардың пікірталастығымен анықталады.
Заң шығарушы ҚР Азаматтық Кодексіндегі және «Банктер және банктік қызмет туралы» заңында банктік шот және банктік салым шарты аясын реттеудегі көптеген ақаулықтарды өзгерткенімен, онда елеулі қарама-қайшылықтар және келеңсіздіктер әлі де орын алуда.
Зерттеудің негізгі мақсаты мынада тұжырымдалады: құқықтық ғылым және соған сәйкес құқықтық нормаларды зерттеудің тәжірибелілігі қазіргі таңдағы банктік салым және шот шарттарының ерекшелілігін белгілеу болып табылады.
Міндеттер : банктік салым және шот шарттарының құқықтық табиғатын және оның негізгі теориялық ұғымдарын зерделеу, банктік салым және шот шарттарының ерекшеліктерін белгілеу, банктік салым және шот шарттары бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерін, өзіндік белгілерін талдау.
Зерттеудің пәні болып банктік салым және банктік шот шарттарының құқықтық режимін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып саналады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми-әдістемелік базасы болып белгілі тарихи дәуірдегі экономикалық, құқықтық және әлеуметтік-саяси факторларға тәуелді банктік салым және банктік шот шарттарын динамикалық категория ретінде жалпы ғылыми диалектикалық әдіс болып табылады.
Жұмыс кіріспеден, алты параграфты біріктіретін екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттердің тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде банктік қызмет көрсету шарттарының: банктік шот және салым шарттарының түсінігі және ерекшеліктері қарастырылады. Ал екінші бөлімде банктік салым және шот шарттарының негізгі элементтері, бұл шарттар бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі зерттеледі.
Кілтті сөздер : банктік қызмет, корреспондеттік шот, овердрафт, банк, төлем, депозит, ислам банкі.
ГЛОССАРИЙ
ТӨЛЕМ - ақша міндеттемесін қолма-қол ақшаны пайдалана отырып немесе оны пайдаланбай, ақша аудару немесе ішінде ақша міндеттемесі не ақша төлеу туралы бұйрығы бар төлем құжатын беру арқылы орындау;
ДЕПОЗИТ - бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға - банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) және Ұлттық почта операторына олар номиналды түрде (ислам банкіндегі инвестициялық депозиттен басқа) қайтарылатын шартпен, алғашқы талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз, депозиторға тікелей не оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілетініне қарамастан, беретін ақша;
БАНК - заңды және жеке тұлғаларда шоғырландырылған ақша ағымдарының қозғалысымен байланысты ерекше өнімді өндіретін, осы қаржы құралдарының есебінен банк қызметтерін көрсететін арнайы экономикалық институт.
БАНКТІК ҚЫЗМЕТ - клиенттің қажеттілігін қанағаттандыру нысаны, банк клиентіне қызмет көрсетудің нәтижесі;
ОВЕРДРАФТ - белгілі бір шекте клиенттің шоттағы қалдық ақшасынан асып кеткен сома;
ИСЛАМ БАНКІ - уәкілетті органның лицензиясы негізінде банктік қызметті жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ 7
КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
1. 1 Банктік қызмет көрсету шарттарының түсінігі 7
1. 2 Банктік шот ашу шартының түсінігі мен ерекшеліктері 10
1. 3 Банктік салым шартының түсінігі мен ерекшеліктері 25
2 БАНКТІК ШОТ АШУ ШАРТЫ МЕН БАНКТІК САЛЫМ 30
ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ТАРАПТАРДЫҢ
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
2. 1 Банктік шот шартының негізгі элементтері 30
2. 2 Банктік салым шартының негізгі элементтері 32
2. 3. Банктік шот және банктік салым шарты бойынша тараптардың
құқықтары мен міндеттері және оларды бұзған үшін
тараптардың жауапкершілігі 35
ҚОРЫТЫНДЫ 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 55
КІРІСПЕ
ҚР экономикасындағы және әлеуметтік саласындағы өзгерістері ҚР заңнамасына елеулі түрдегі өзгешеліктерді енгізуге мәжбүрлікті туындатады. ҚР Азаматтық Кодексінде, біріншіден, азаматтық құқықтың жаңа институттары, ал екіншіден, дәстүрлі институттардың мазмұны түбегейлі өзгерді. Кеңестік азаматтық құқыққа қатысты, алайда маңызды трансформацияларды өткерген шарттар болып - банктік шот және банктік салым шарттары болып табылады. Заң шығарушы ҚР Азаматтық Кодексіндегі және «Банктер және банктік қызмет туралы» заңында банктік шот және банктік салым шарты аясын реттеудегі көптеген ақаулықтарды өзгерткенімен, онда елеулі қарама-қайшылықтар және келеңсіздіктер әлі де орын алуда. Заңнамадағы банктердің өзінің қарауы бойынша проценттік мөлшерлерді кемітуге мүмкіндігі көптеген банктер осы ақаулықты қолданып, жедел салымдар бойынша пайыздық мөлшерлерді кемітуге алып келді. Бұл салымшылардың құқықтары мен мүдделерін бұзу болып табылады.
Қарама-қайшылықтарға толы қазіргі қоғамымыздың дамуының заманауи беделі құқықтанушылардың алдына заңнаманың ғылыми анализін алдына мақсат етіп қояды.
Одан өзге, зерттеудің өзектілігі банктік шот және салым шарттары туралы ғылыми көзқарастардың пікірталастығымен анықталады.
Жалпы, шарт - тең құқылы субъектілердің арасындағы экономикалық қатынастарды ұйымдастырудың арнайы құқықтық түрі болып саналады. Шарт - контрагенттердің құлқының негізгі реттегіші. Нормативтік актілер кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негізін туындатады. Ал шарт болса тараптар арасында дәлме-дәл құқықтық экономикалық байланысты орнатады. Ол шарттық міндеттемелердің тәртібін және шарттарын, міндеттемелердің орындалуына бақылау жасайды.
Осылайша, тақырыптың өзектілігі біріншіден, қолданыстағы заңнаманың кемеліне жетпегендігі, екіншіден, банктік салым және шот шарттарына байланысты сұрақтардың пікірталастығымен анықталады.
Ғылыми зерттеудің дәрежесі. Банктік салым және шот шарттарын жасауды құқықтық реттеудің системасы әлі толық дамымаған, сондықтан кешенді зерттеулер қазіргі заңи әдебиетте осы сұрақ бойынша аз көлемде. Аса маңызды жұмыстардың ішінде Л. Давыдова жане Д. Раймановтың «ҚР банк құқығы» ерекшеленеді. Бұдан өзге, «Қазақстан Республикасының банк және банк қызметі туралы» Заңы, «Ақша төлемі және аударымдары туралы» Заңы, Жайлин Ғ. А., Осипов Е. Б., Омурчиева Э. М., Искакова З. Д., Хамитов Н. Н. және басқа да банктік қызмет көрсету шарттарына енбектерін арнаған.
Таңдаған тақырыбымның өзектілігі және оны жетілдірудің олқылығы зерттеудің мақсаты мен міндетін айқындайды.
Зерттеудің негізгі мақсаты мынада тұжырымдалады: құқықтық ғылым және соған сәйкес құқықтық нормалардың зерттеудің тәжірибелілігі қазіргі таңдағы банктік салым және шот шарттарының ерекшелілігін белгілеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттелуі нәтижесінде келесідей міндеттер анықталады:
- банктік салым және шот шарттарының құқықтық табиғатын және оның негізгі теориялық ұғымдарын зерделеу;
- банктік салым және шот шарттарының турлерін анықтау және сипаттау;
- банктік салым және шот шарттарының ерекшеліктерін белгілеу;
- банктік салым және шот шарттарының элементтерін айқындау;
- банктік салым және шот шарттарының мазмұнының ерекшеліктерін белгілеу;
- банктік салым және шот шарттары бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерін өзіндік белгілерін талдау;
- банктік салым және шот шарттары бойынша тараптардың жауапкершілігінің ерекшеліктерін талдау.
Осы аспектілер банктік салым және шот шарттарын құқықтық реттеудің мәселесін қазіргі кезде өзекті етіп отыр.
Дипломдық жұмысымның объектісі болып ҚР азаматтық құқығындағы
банктік салым және шот шарттарының мазмұнына байланысты теориялық-құқықтық жағдайлары және оңтайлықтары көрсетіледі.
Зерттеудің пәні болып банктік салым және банктік шот шарттарының құқықтық режимін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып саналады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми-әдістемелік базасы болып белгілі тарихи дәуірдегі экономикалық, құқықтық және әлеуметтік-саяси факторларға тәуелді банктік салым және банктік шот шарттарын динамикалық категория ретінде жалпы ғылыми диалектикалық әдіс болып табылады.
Сонымен қатар, анализ, синтез, аналогиялық, салыстырмалы-құқықтық және формалды-логикалық әдістер қолданылады.
Жұмыстың құрылымы зерттеудің пәніне себептелген және кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде банктік қызмет көрсету шарттарынының: банктік шот және салым шарттарының түсінігі мен ерекшеліктері қарастырылады. Ал екінші бөлімде банктік салым және шот шарттарының негізгі элементтері, осы шарттар бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері, тараптардың жауапкершілігі зерттеледі.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
1. 1Банктік қызмет көрсету шарттарының түсінігі
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 38-тарауында банктік қызмет көрсету туралы жалпы ережелер жинақталған. Бұл шарттың мәнісі: бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) тапсырмасы бойынша банктік қызмет көрсетуге, ал клиент, егер шартта көзделмесе, осы көрсетілген қызметке ақы төлеуге міндеттенеді. Осылайша, банктік қызмет көрсету шарты, жалпы ереже бойынша, консенсуалды және ақылы шарт болып табылады [1, 142 б. ] .
Біздің заңнама банктік қызмет көрсетуге қатысты жалпы нормаларды бекіте отырып, алға қарай кезекті қадам жасады және осы бағытта ол кейбір көршілес мемлекеттердің азаматтық заңнамаларының алдында келеді. Мысалы, мұндай нормалар Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының Азаматтық кодекстерінде жоқ. Болашақта аралас шарттардың жекелеген топтарын қалыптастыру кезінде әрқашан да олардың өздеріне тән белгілерін ажырата отырып, жалпы түрде азаматтық заңнамада бекіткен орынды болады. Бұл жалпы құқықтық реттеу сапасына да оңды әсер етеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 739-бабына сәйкес, банктік қызмет көрсету шартының түсінігі банк шарттарының барлық түрлерін - соларға сәйкес банк қызметтері көрсетілетін банктердің қатысуымен жасалатын шарттарды белгілеу деп беріледі. Банктік қызмет көрсету шарты арқылы банктің клиентке банк қызметтерін көрсетуі, сондай-ақ егер шартта өзгедей көзделмесе (мысалы, шартта банк қызметінің өтеусіздігі немесе тіпті банктің клиентке банк қызметін пайдаланғаны үшін сыйақы төлеуі қарастырылуы мүмкін), клиенттің осы қызметтерге ақы төлеуі жорамалданады [2] .
Л. Давыдова, Д. Райманов мынадай анықтама береді: «Банктік қызмет көрсету шарты - азаматтық және банктік заңнаманың новелласы болып табылады, өйткені, Қазақ КСР АК-інде банктік іс бойынша мәселелерге бес-ақ бап бөлінген болатын, бұл орайда банктік іс қосалқы заң актілері деңгейінде - КСРО Мемлекеттік банкі нұсқамаларымен бүге-шегесіне дейін өте мұқият реттеліп отырды. Жаңа Азаматтық кодекс банк қызметіне әлдеқайда көп көңіл бөледі және оның ережелері принциптік сипат алады» [3, 213 б. ] .
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 739-бабында екі тарап (банк және клиент) банктік қызмет көрсетуге шарт жасасуға құқылы екендігі қарастырылады, ол бойынша банк клиенттің тапсырмасы бойынша банктік қызмет көрсетуге, ал клиент, егер шартта өзгеше көзделмесе, осы көрсетілген қызметке ақы ақы төлеуге міндеттенеді [2] .
Банктер клиенттерге банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырады, яғни клиенттерге банктік қызмет көрсетудің барлық кешенін ұсынады, ол экономикалық қажеттіліктен туындайтын талаптарды қанағаттандыра отырып, үздіксіз жаңарумен болады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 740-бабына сәйкес, банктік қызмет көрсету шартында заңды тұлғалар мен азаматтардың банктегі ақшаларына тек соттар, тергеу орындары және анықтау органдары және атқарушылық іс жүргізу органдары өздерінің іс жүргізуіндегі қылмыстық және азаматтық істер және атқаршылық іс жүргізу істері бойынша қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңдарында және атқарушылық іс жүргізу заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде тыйым сала алады. Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктегі ақшаларына тыйым салу мерзімі тиісті істерді жүргізу үшін қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген мерзімдерден аспауға тиіс. Тергеу органдары мен анықтау органының клиенттің ақшасына тыйым салу туралы шешімдеріне заң актілерінде белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін [2] .
Ғ. А. Жайлин былай деген: банктік қызмет көрсету шартын ажыратудың маңыздылығы - оны жүзеге асыру барысында банк пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы есеп айырысу несие қатынастарының кем дегенде бір қатысушысының өзара қарым-қатынастарының мәселелері шешілетіндігінде. Осылайша, бұл шарттар есеп айырысу және несие қатынастарының алғы шарттары болып табылады және бірқатар жағдайларда оларды жүзеге асырудың тікелей тәртібін де анықтайды [1, 142 б. ] .
Банктік шоттармен байланысты шарттардан басқа, төлем айналымына жәрдемдесу бойынша банктік шарттарға металдық шоттарды жүргізу кезінде бекітілетін металдық шот шартын жатқызу қажет. Оның мәнісі - сақталатын құндылықтардың құнын клиенттік есепке алудан көрінеді. Сондай-ақ, бағалы қағаздар нарығында клирингтік операцияларды жүзеге асырумен байланысты шарттарды да еске салған жөн [4, 131 б. ] .
Аталған шарттардың кейбіреулерін кейінірек қарастырамыз. Төлем айналымына әсер ететін банктік қызмет көрсету туралы жалпы ережелер біздің заңнама құрылымына негізделетіндіктен қарастырылады. Осы орайда банк пен клиенттің әрекеттестігі жүзеге асырылатын түпкілікті мәселелерді айқындау орынды болып табылады.
Азаматтық-құқықтық және есеп айырысу көзделген өзге де қатынастардың әртүрлі субъектілері арасында есеп айырысуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғыза отырып, банктер банктік қызмет көрсету туралы шарттар бекітілген тұлғалардың мүдделерін сақтауға тиіс. Банктер клиенттердің шарттарындағы ақша қаражаттарына иелік етуді тек қылмыстық іс жүргізушілік және азаматтық іс жүргізушілік және азаматтық іс жүргізушілік заңнаманың нормаларына сәйкес сот шешімі, тергеу, анықтау органдарының және сот шешімдерін атқаратын органдардың қаулылары бойынша ғана шектей алады. Ақша қаражаттарына иелік етуге тыйым салуды шектеу мерзімдері қылмыстық іс жүргізушілік және азаматтық іс жүргізушілік заңнамамен көзделген мерзімдерден аспауға тиіс. Тергеу мен анықтау органдарының клиенттің ақшасына тыйым салу туралы шешімдеріне заң актілерінде белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауы мүмкін [1, 143 б. ] .
Банк құпиясын жария етпеуге банк кепілдік береді. Банк құпиясы - бұл банк депозиторлары, клиенттері мен корреспондеттері шоттарының бар-жоғы, олардың иелері мен нөмірлері туралы, сол шоттар мен банктің өз шоттарындағы ақшалай қаражаттың қалдығы мен қозғалысы туралы, банк операциялары туралы (банк операцияларын жүргізудің жалпы шарттарынан басқа), сондай-ақ клиенттердің банктің сейф жәшіктерінде шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің бар-жоғы, олардың иелері, сипаты мен құны туралы мәліметтердің қатаң құпиялығының режимі. Тарату процесіндегі банкпен берілген несиелер туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды [5, 139 б. ] .
Банк құпиясын құрайтын міндеттерді беру тәртібі, сондай-ақ олар берілуі мүмкін субъектілер аясы «Қазақстан Республикасының банктер мен банк қызметі туралы» Заңының 50- бабына сәйкес анықталады [6] .
1995 жылы 31 тамызда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметі туралы» заңның 51-бабына сәйкес, заңды және жеке тұлғаның банктегі ақшасына және басқа мүлкіне прокурор санкция берген анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары және атқарушылық іс жүргізу органдарының қаулылары және атқарушылық іс жүргізу органдарының қаулылары, сондай-ақ соттардың қаулылары, шешімдері, үкімдері, ұйғарымдары негізінде тыйым салынуы мүмкін [2] .
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 47-бабына сәйкес, заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасы заң актілерінде белгіленген тәртіппен: салық төлеуші салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін он жұмыс күн ішінде оны табыс етпеген; белгіленген төлеу мерзімі күнінен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін салық берешегін өтемеген; салық қызметі органының лауазымды адамдарының, белгіленген салық тексеруін жүргізу тәртібін бұзған жағдайлардан басқа реттерде, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді салық тексеруіне, қарауына жол бермеген жағдайларда жүргізіледі. Банктік қызмет көрсету шарттарында клиенттерге банктік қызмет көрсету шарты бойынша банктің оларға қызмет көрсетуіне ақы төлеу көрсетіледі, оның ішінде банктер банктің төлеу комиссиясымен реттеледі [7] .
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 746-бабында банктік қызмет көрсету бойынша барлық жекелеген шарттар үшін маңызды болатын шартты тиісті түрде атқармағаны үшін жауапкершілік туралы норма көзделген. Ол банк жауапкершілігіне қатысты. Банк клиенттің шотына оның атына түскен ақшаны дер кезінде қабылдамаса, не оларды шоттан заңсыз алып тастаса, сондай-ақ клиенттің шоттан ақшаны аудару туралы, не шоттан беру туралы нұсқауларын тиісті түрде орындамаса немесе мүлдем орындамаса, банк әрбір кешіктірілген күн үшін осы сомалардың 0, 5 пайызын төлеуге және пайыздармен жабылмаған шығын бөлігін өтеуге міндетті [2] .
Сөйтіп, банктік қызмет көрсету қызметі айрықша түрде шарт жасау сипатында көрінеді, банк пен клиент арасындағы тиісті шартпен реттеледі және сенімгерлік сипаттың «айрықша қатынастары» болып табылады [8, 76 б. ] .
Банктік қызмет көрсету шарттарына ресей авторлары мынадай анықтама берген:
Медведев Д. А. : «Қолданыстағы заңнама банктік қызмет көрсету шарттарын жекелей қарастырады» Дәл осындай пікірді Вишневский да қолдайды, ол былай деп жазған: «Банктік қызмет көрсету шарттарының құқықтық табиғаты ұзақ уақыт бойы дискуссияның пәні болып табылады. Біз банктік қызмет көрсету шарттарын азаматтық-құқықтық шарттардың жеке түрі ретінде қарастырамыз».
Сонымен қатар, кейбір авторлар банктік қызмет көрсету шарттарын түрлі құқықтық қатынастардың комплексі ретінде сипатталады. Мысалға, Новоселова Л. А. былай дейді: «банктік қызмет көрсету шарттары екі келісімді қосады - шот ашу туралы алдын-ала шарт және ол шот бойынша жұмыстың амалдарын белгілейтін келісім-шарт». Егер алдын-ала қабылданған шарт бойынша құқықтар мен міндеттер ережеге сәйкес, шартты қабылдаған жағдайда туындайтын болса, шот бойынша қатынастар тек шот ережеге сәйкес ашылған және бекітілген жағдайда туындайды.
Бұл орайда заң шығарушы банктік қызмет көрсету шартын: банктік шот шарты, ақша аудару шарты, банк салымы шарты, сондай-ақ заңнамада немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де шарт түрлері бойынша деп бөледі.
1. 2 Банктік шот ашу шартының түсінігі мен ерекшеліктері
Банктік қызмет көрсету шартын ажыратудың маңыздылығы - оны жүзеге асыру барысында банк пен шаруашылық жүргізуші субьектілер арасындағы есеп айырысу несие қатынастарының кем дегенде бір қатысушысының өзара қарым-қатынастарының мәселелері шешілетіндігінде. Осылайша, бұл шарттар есеп айырысу және несие қатынастарының алғы шарттары болып табылады және бірқатар жағдайларда оларды жүзеге асырудың тікелей тәртібін де анықтайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі банктік қызмет көрсету шарттарының төмендегідей түрлерінің тізімін көрсетеді:
1. банктік шот шарты;
2. ақша аудару шарты;
3. банк салымы шарты, ол негізінен несиелік қатынастарды қамтамасыз ететін болғандықтан жоғарыда қарастырылып өткен;
4. заңнамамен немесе тараптар келісімімен көзделген өзге де шарт түрлері [2] .
Банк және банктік қызмет туралы заңға сәйкес, банк шоты - банк пен клиент арасында ақша қабылдау және (немесе) клиентке банктiк қызмет көрсету жөнiндегi шарттық қатынастарды көрсету тәсiлi [6] .
Банк шоттары банк пен клиент арасында банк шотының шарты және банктiк салым шарты жасалған кезде ашылады:
- тұтынушыларға тиесілі ақшаларды банктің қолдануы және барлығын қамтамасыз ету;
- тұтынушы пайдасына ақшаларды алу;
- тұтынушының көрсеткен талабы бойынша аударымдар жасау.
Банктік шот шарты банк пен оның клиентінің арасында жазбаша түрде жасасылған, банктің клиенті талап еткен кезде оған қажетті мөлшерде ақша қаражатын беру, клиенттің пайдасына түскен ақша қаражатын беру, клиенттің пайдасына түскен ақша қаражатын қабылдап отыру, клиенттің тапсырмасы бойынша үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару, клиенттің қолма қол ақшаны қабылдап алу, клиентке қажет кезінде қолма қол ақша беру, клиентке оның банктік шоты бойынша жүргізілген операциялар және оның банктік шотындағы ақша қаражатының сомасы туралы ақпарат беру жөнінде міндеттеме жүктейтін консенсуалды, костарапты міндеттеуші әрі ақылы сипаттағы құжат болып табылады [1, 146 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz