Жасушалар теориясы



1 Жасуша теориясы
2 Т.Шванның тұжырымы
3 Қазіргі кезде жасуша теориясының негізгі қағидалары
Жасуша теориясының бекуіне жасушаның бөлінуі жайындағы жаңалықтар маңызды орын алады. Шванның жасуша териясына дейін аналық жасушада бөлгіш аралықтың түзілуі нәтижесінде өсімдік жасушаларының бөлінуі туралы деректер болған, бірақ жасуша ядросының ролі есепке алынбаған. 1841-1852 жылдары Ремак жануарлар жасушасының тікелей бөлінуін толық зерттеді. Ремак үшін бөліну үш кезеңде өтеді: 1) ядролық бөлінгенде ортасы жіңішкеріп, сол тұстан үзіледі. 2) ядрода осындай жіңішкеру пайда болады, сөйтіп екі көпіршікке айналады. 3) жасуша денесі де осылайша ортасынан жіңішкеріп созылады да, бір аналық жасушадан екі жас жасуша пайда болады. Кейінірек жасушаның тікелей бөлінуінің тағы екі түрі ашылды. Біріншісі - бөлшектену (көлемдері бірдей жасушалар пайда болады). Мұндай бөлінуде ядро екіден көп бөліктерге бөлінетіндіктен, оған сәйкес ядро мен жасуша денесі де сонша үзінділерге бөлінеді. Екіншісі - бүршіктену. Өздерінің көлемі жағынан бөлек аналық жасушалардан екі жас жасуша пайда болады. Қазіргі кезде бұл екі бөліну тек азғындағын және өле бастаған жасушаларда кездеседі. Біртіндеп күрделі бөліну туралы деректер жинала бастады. Бұл бөлінуді толық зерттеген Флемминг (1879 жылы) деген ғалым.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жасуша теориясы

Жасуша теориясының бекуіне жасушаның бөлінуі жайындағы жаңалықтар
маңызды орын алады. Шванның жасуша териясына дейін аналық жасушада бөлгіш
аралықтың түзілуі нәтижесінде өсімдік жасушаларының бөлінуі туралы
деректер болған, бірақ жасуша ядросының ролі есепке алынбаған. 1841-1852
жылдары Ремак жануарлар жасушасының тікелей бөлінуін толық зерттеді. Ремак
үшін бөліну үш кезеңде өтеді: 1) ядролық бөлінгенде ортасы жіңішкеріп, сол
тұстан үзіледі. 2) ядрода осындай жіңішкеру пайда болады, сөйтіп екі
көпіршікке айналады. 3) жасуша денесі де осылайша ортасынан жіңішкеріп
созылады да, бір аналық жасушадан екі жас жасуша пайда болады. Кейінірек
жасушаның тікелей бөлінуінің тағы екі түрі ашылды. Біріншісі -
бөлшектену (көлемдері бірдей жасушалар пайда болады). Мұндай бөлінуде ядро
екіден көп бөліктерге бөлінетіндіктен, оған сәйкес ядро мен жасуша денесі
де сонша үзінділерге бөлінеді. Екіншісі - бүршіктену. Өздерінің көлемі
жағынан бөлек аналық жасушалардан екі жас жасуша пайда болады. Қазіргі
кезде бұл екі бөліну тек азғындағын және өле бастаған жасушаларда
кездеседі. Біртіндеп күрделі бөліну туралы деректер жинала бастады. Бұл
бөлінуді толық зерттеген Флемминг (1879 жылы) деген ғалым. Ол бөлінуші
жасушалардың ядросында жіпшелер-хромосомалар пайда болатынын, кейін олар
ұзына бойьшша бөлінетінін, ал түзілген хромосома жартыларын жасушалардың
полюстеріне қарай ажырап олардан жас жасушалардың ядролары қалыптасатынын
анықтады. Күрделі бөліну процесінде ядроның жіп тәрізді түзілісіне айналып
қайта құрылуына сүйеніп, Флемминг ядролық өзгерісті митоз (грек. mitos
-жіп) ал жасушаның тұтас күрделі бөлінуін кариокитез (грек. karyon -ядро,
kinesis - өзгеріс, қозғалыс) деп атады. Геккель 1884 жылы жасуша ядросы -
тұқым қуалаушылықтың иесі болып табылады деген. Осы тұрғыдан алғанда
хромосомалардың екі бірдей ұқсас жартыға ажырап бөлінуі және анафазада бұл
жартылардың жас жасушалар арасында дәл шралуы түсінікті болды. 1902 жылы
Сеттон цитологиялық деректерді тұқым қуалау бастамаларының мендельдік
ажырау механизмін түсіндіруге пайдалана отырып, тұқым қуалаушылықтың
хромосомалық теориясын ұсынды. Цитологияның жаңа саласы цитогенетиканың
негізі осылай қаланды.
XVII - XIX ғасырларда жасушанын түрлі құрылымдары цитоплазмада
органоидтарға сипаттама берілді. Митохондрияны (хондриосомалар) Альтман
1890 жылы ашты. Гольджи аппаратын 1898 жылы Гольджи нерв жнсушаларынан
ашты. Гольджи аппаратының ролін 1923 жылы Д.ІІ.ІІасоков анықтады. Ол
Гольджи аппаратының жасуша синтездейтін заттарын жинайтын органоид деген
қорытынды берді.
Оптикалық микроскоп ұлпалар жасушаларына ғана тән және жеке қызмет
атқаратын бірқатар арнаулы органоидтарды табуға мүмкіндік берді. Мысалы,
бұлшық ет талшықтарынан миофибрилдер, нерв жасушаларынан нейрофибрилдер,
тонофибрилдер т.б. Түрлі түзілістер, кірінділер - жасушаның тіршілік
әрекетінің өнімдері де жасушада кездеседі. Тығыз кірінділер - түйіршіктер,
сұйық кірінділер - вакуольдер деп аталды. Олар әр текті болуы мүмкін:
ақуызды (түрлі секреттердің жасушалардан шығарылуына тиісті түйіршіктер),
көмірсулы (жануарлар крахмалының, қосаяқты заттың кесек-кесектері), липидті
(дәнекер ұлпа жасушаларындағы май тамшылары). Жасушалар қоршаған ортамен
тығыз байланысты болады. И.Мечников бөгде заттарға жасушаның әрекетін
жасушаның фагоцитоз процесін ашты. Бұл процесс төрт кезеңнен тұрады
фагоцитоз желінетін объектіге қарай қозғалуы, жақындасуы, жұтуы және
қорытуы.
Жиналған материалдарға сүйеніп жасуша теориясын жасаған Т.Шванның
тұжырымы бойынша жасушаның пайда болуы өсімдіктерге де жануарларға да
қатысы бірдей, бір заңдылыққа бағынады. Бұл табиғаттың бір тұтас екендігін
көрсетеді. Алайда М.Шлейдон мен Т.Шванн ағзадағы жасушалар құрылымы жоқ
заттан пайда болады деп қате түсінген. Ол кездегі жасуша теориясының
қағидалары:
Барлық өсімдіктер мен жануарлар ұлпалары жасушадан тарады Барлық
жасушалар бір жолмен пайда болады.
3. Құрылысы және қызметі жағынан ағзалар жасушалық жиынтық
болады.
Бұл теорияның кемшілігі олардың механикалық көзқарастығы, яғни
ағзаны олар қарапайым жасуша жиынтығы деген. Бұл заңдылықты
Ф.Энгельс XIX ғасырдың үш ұлы жаңалықтың бірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адаптивті иммундық жүйенiң құрылысы. лимфоциттер генезi. иммундық бақылау концепциясы. адаптивті иммунды жауап
Қартаюдың молекулалық-генетикалық механизмдері. Қартаю процессі.
Тіндердің шығу тегі мен заңдылықтары
Иммуналогия
Теломер. Теломерлік белсенділік
Жануарларды иммундеу әдістері
Безді эпителий
Жасуша теориясының ашылуы
Антидене түзу теориясы
Тірі жасушаның негізгі құрамдас бөліктеріне сипаттама
Пәндер