Бірінші сынып математикасында дамыта оқытудың теориялық негіздері


СОДЕРЖАНИЕ
КІРІСПЕ3
1 БІРІНШІ СЫНЫП МАТЕМАТИКАСЫНДА ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ8
1 сынып оқушыларын оқытуда дамыта оқытудың ерекшелігі8
1. 2 Есеп шығаруға үйретудің дамытыла жүргізілуі және сабақтың жоспарлары13
1. 3 1 сыныптағы математика сабағындағы он көлеміндегі сандарды дамыта оқыту43
2 БІРІНШІ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ДАМЫТА ОҚЫТУДЫ50
ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ50
2. 1 Бастауыш сынып математикасындағы дамыта оқытудағы сабақтастық50
2. 2 1 сынып математика оқулығына талдау жасау53
ҚОРЫТЫНДЫ59
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ61
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру саласындағы мемлекеттің, саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру, білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселелері айқындалды. Осы мәселелер Еліміз Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына жолдауында басым міндеттер қатарына қойылған.
Еліміздің соңғы 10 жыл ішінде қоғамды демократияландыру және ізгілендіру саласында жүргізілген біршама реформалар, экономикалық өзгерістер жалпы бастауыш сынып оқушылары білім беретін мектептегі оқу процесін оқушының қабілеті мен қызығушылығына сәйкес дербестендіру қажеттілігін алға қойып отыр.
Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы - дидактиканың әртүрлі ұтымды әдіс-тәсілдерін пайдалану есебінен мектеп оқушылардың ой өрісінің даму деңгейін көтерудің, олардың ғылыми танымдық іс-әрекеттерін белсендірудің, оқуға, білім алуға ынталандырудың тиімді әдістемесін жасау болып табылады. Осындай өзекті мәселелер қатарына мектепте математиканы оқыту процесінде түрлі формадағы және мазмұндағы шығармашылық есептерді жүйелі түрде, әрі ұдайы орындау арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын және дамыта оқыту технологиясы арқылы қалыптастыру мен дамытуды қоюға болады [1, 40 б] .
Оқушыларды дамыта оқыту проблемасы бойынша жүргізілген талдау нәтижесі психология, педагогика, дидактика ғылымдарында дамытуды анықтауда бірізділікті жоқ екенін көрсетеді. Дамытушылықты ғылыми категория ретінде қалыптастырып, ғылыми зертеушілер оны әртүрлі аспектілерде - биологиялық, психологиялық, әлеуметтік тұрғыдан зерттеген.
Математиканы оқытуда, біздіңше, дамыта оқытуды қалыптастыру мен дамыту жолдарын анықтаудың негізі ретінде оқушының жеке басының іс-әрекеттін қасиетіне деген қызығушылықтың ыңғайынан алған абзал.
Дамыта оқыту - оқушылардың танымдық сұранысының объективті көрінісі ретінде, яғни олардың шығармашылық есептерді орындауда білімі, біліктілік және машақтарға ие болуларына бағытталған қауырт оқу танымдық іс-әрекеті ретінде көрінеді. Осындай іс-әрекетті басқаратын, қарастырылып отырған математикалық жағдайдың (ол әртүрлі есеп, тапсырмалар, проблемалық мәселелер болуы мүмкін) шешімін табуда оқушының іс-әрекетінің шығармашылық сипатында өрбуіне жетелейтін әдістемені жасау қажеттілігінен туып отыр.
Бастауыш мектепте дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, В. В. Репкин, В. А. Левин) жоспарлап ұсынған.
Осы айтылғандардың бәрі мектепте математиканы оқыту процесінде шығармашылық және логикалық есептерді біртұтас және жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың дамыта оқытуында дамыту әдістемесін құрудың көкейтесті екенін көрсетеді.
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде әлеуметтік - экономикалық дамудың оқу - тәрбие жұмысының жаңару заманында ағарту саласының бастауыш сыныптағы тәрбиелеу, білім беру буынында шешуін күткен мәселелер тұр.
Сондықтан мектептегі оқу үрдісі оқушылардың жеке басын дамыту, техникалық дамуын, ішкі потенцалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын оқушылардың тез арада дамуына бағыттау.
Сонымен зерттеу өзекті сипат береді. «1-сыныптың математика сабақтарында оқушыларды дамыта отырып оқытуды ұйымдастыру», деп аталады.
Зерттеу мақсаты: 1 сыныптың математика сабақтарында оқушыларды дамыта отырып оқытуды ұйымдастыру үшін сабақтар ұйымдастыру. Оқушылардың таным қызығушылығын қалыптастыру үшін қызмет ететін барлық әдіс тәсілдерді қолдану. Оқыту тәсілдерін қолдану жолмен жүзеге асыру. Оқушылардың қызығушылығын әр түрлі ұлттық ойын, ертегінің көмегімен арттыру. Математиканы оқытудың негізгі мақсаттары жалпы білім беру, тәрбиелік және практикалық болып саналады. Оқушылардың математикалық ойлануын дамыту, математикалық мәдениетке тәрбиелеу; оқушылардың математикаға деген ықыласының тиянақты болуын қамтамасыз ету.
Зерттеу объектісі: 1-сыныптың математика сабақтарындағы оқыту процесі.
Зерттеу пәні: 1 сыныптың математика сабақтарында оқушыларды дамыта отырып оқытуды ұйымдастыру жолдары.
Зерттеу болжамы: Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс тәжірибелерін басшылыққа алып, оқушылардың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға болады.
Зерттеу міндеттері:
- 1-сынып оқушыларын математика сабақтарында дамыта отырып оқытуды ұйымдастыру мәселелрінің теориялық негіздерін қарастыру.
- 1-сынып оқушыларының таным қызығушылығын жетілдірудегі әр түрлі көрнекілік материалдарының мүмкіндіктерін анықтау.
-оқушылардың таным қызығушылық ерекшеліктерін дамыту сабақтарын ұйымдастырудың тиімді жолдары мен әдістерін айқындау.
- бастауыш сынып топтарының оқу тәрбие үрдісіне дамыту сабақтарын енгізу және оның талдау, жинақтау.
Зерттеу әдістері:
1. 1 сынып оқушысына білім беру мен оны дамытудың әдістемелік принципі - оқу таным қызығушылығын басымдықта игере отырып, тек соның негізінде ғана ғылыми білімдер жүйесін меңгері деп дәлелдейді (В. В. Давыдов, В. Д. Эльконин, Н. Ф. Толызина, В. А. Беликов, Т. В. Репина, т. б) . Әрекет субъектінің дүниені өзгертуге, рухани немесе материалдық мәдениеттің белгілі бір объектіленген өнімін туғызуға немесе өндіруге бағытталған белсенділігі.
2. Тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарымен танысу.
Зерттеу кезеңдері:
1. Дайындық кезеңінде психо-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттей отырып, қажетті мәселені анықтадық. Дамыта оқыту теориясы толығымен талдана отырып, зерттеудің теориялық негізі жасалынды.
2. Эксперимент кезінде бастауыш сынып мұғалімінің іс-тәжірибелерімен таныса отырып, сол арқылы 1-сыныптың математика сабағында оқушыларды дамыта оқытуға тапсырмалар жинақтау. Оқыту барысында жүргізелетін жұмыстың жүйесі жасалынып, нәтижесін көрсету.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Оқушыларды дамыта отырып оқытуда әр түрлі жаттығулар мен есептердің түрлерін оқыту барысында жүргізілген жұмысын өзге студенттер тәжірибелік жұмыстарында және мұғалімдер оқу тәжірибесінде әдістемелік нұсқау ретінде пайдалана алады.
Зерттеу жұмысының сынақтан өтуі мен тәжірибеге енуі: Осы тақырып бойынша Зайсан ауданы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепте педагогикалық практикадан өткенде 1 «Ә» сыныбында эксперимент жұмысы жүргізілді.
Зерттеу жұмысының құрылысы: диплом жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысының негізгі базасы: Зайсан ауданы. Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп.
Өзімнің эксперимент жұмысыма алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс-тәжірибесін басшылыққа алып, бастауыш сынып оқушыларының дамыта оқыту жүйесімен танысып, есептер құрастыру және шығару процесінде оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және шығармашылыққа да баулу.
Педагогика, психология, математика әдістемесі бойынша оқулықтарды, әдістемелік әдебиеттерге, қосымша оқу-әдістемелік құралдарға талдау жүргізу; монографияларды оқып, зерттеп, талдау. «Бастауыш мектеп», «Начальная школа», «Қазақстан мектебі» журналдары, «Қазақстан мұғалімі» газеті арқылы озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен таныстым.
Бастауыш сынып оқушыларының дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда (ол шамамен 1-2 сыныптағы оқытуларға тура келеді) . Олардың ойлау әрекеті көбіне әлі мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Оқу материалдарын талдау бұл жерде көрнекі әсер ету жоспарында басым болады. Мұнда балалар нақты заттарға немесе оның дәл баламаларын бейнелеулерге сүйенеді (мұндай талдауды кейде тәжірибелік әсер немесе сезімдік деп атайды) .
Дамытудың екінші кезеңі осы өзгерістермен байланысты 1-2 сыныпта-ақ мұғалім балаларға игерілетін мәлеметтердің жекелеген элементтері арасындағы болатын байланысты көрсету үшін ерекше қам жасайды. Жыл өткен сайын осындай байланыстар немесе ұғымдар арасындағы қатынасты көрсету талап ететін тапсырмалар көлемі ұлғая береді.
1 БІРІНШІ СЫНЫП МАТЕМАТИКАСЫНДА ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1 сынып оқушыларын оқытуда дамыта оқытудың ерекшелігі
Оқушыларды дамыта оқыту проблемасы бойынша жүргізілген талдау нәтижесі психология, педагогика, дидактика ғылымдарында дамытуды анықтауда бірізділікті жоқ екенін көрсетеді. Дамытушылықты ғылыми категория ретінде қалыптастырып, ғылыми зертеушілер оны әртүрлі аспектілерде-биологиялық, психологиялық, әлеуметтік тұрғыдан зерттелеген.
Математиканы оқытуда, біздіңше, дамыта оқытуды қалыптастыру мен дамыту жолдарын анықтаудың негізі ретінде оқушының жеке басының іс-әрекеттін қасиетіне деген қызығушылықтың ыңғайынан алған абзал. Өйткені дамыта оқыту-оқушылардың танымдық сұранысының объективті көрінісі ретінде, яғни олардың шығармашылық есептерді орындауда білімі, біліктілік және машақтарға ие болуларына бағытталған қауырт оқу танымдық іс-әрекеті ретінде көрінеді. Осындай іс-әрекетті басқаратын, қарастырылып отырған математикалық жағдайдың (ол әртүрлі есеп, тапсырмалар, проблемалық мәселелер болуы мүмкін) шешімін табуда оқушының іс-әрекетінің шығармашылық сипатында өрбуіне жетелейтін әдістемені жасау қажеттілігінен туып отыр. «Дамыта оқыту» технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізделе отырып жасалған [8, 10-15 б] .
Оқушылардың жаңадан түсіндірілетін тақырыпқа логикалық бірізділікпен ала бару үшін, өткен сабақтың материалымен тығыз байланыстыра отырып жаңа тақырыпты игеруіне қажетті тірек білімдердің барлығы актуалдандырылады. Оқушылардың барлығы бірдей деңгейге жеткізіп алу үшін мұғалім алдын ала оқушылардың есіне түсіретін, толықтыратын, бірдей мәреге жеткізетін тестік сұрақтар мен тапсырмалар даярлайды.
Дегенмен де адам психикасын дамытудағы ең қажетті құрылым-оқыту болса, кез келген оқыту есте сақтау мен білімді дамытады. Ал оқыту мен дамыту өз алдына жеке үрдіс бола алмайды, өйткені екеуі де жеке тұлғаыың дамуына әсер етеді. Осыдан мынадай екі концепция шығады:
1) Оқытуды даму концепциясы Ж. Пиаже, З. Фрейд, Д. Дьюидің пікірлерінше: Бала даму барысында оқиды. Яғни бұнда бала психкасының даму зандылығына сүйенеміз.
2) Дамыта оқыту концепциясында бала оқу арқылы дамиды. XX ғасырда бұл теорияның негізін салған орыс ғалымдары: А. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубиншейн, Д. Б. Эльконин, П. Я. Гальперин, Л. В. Занков, В. В. Давыдов тағы басқалар. Қазіргі таңда жеке тұлға қоғам үшін белсенді түрде, яғни аз уақытты қамтып, жоғары сапалы дәрежеде дамуы қажет. Сол үшін бұл педагогикалық технологияны-дамыта оқыту технологиясы дейміз. Дамыта оқыту жеке тұлғаның дамыуына бағыт-бағдар беріп, белсенділігін арттырады.
Физиологиялық дамуда бала бойының өсуі, бұлшық еттің дамуы, салмақтың қосылуы, яғни дені сау, шыныққан, шыдамды тағы басқа қорытындылар айтуға болады.
Ал психикасы туралы не дер едік? Оның қаншалықты дамығандығын оқыту үрдісі мен жас ерекшелігі арқылы анықтаймыз.
Қазіргі кездегі дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойлана білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Қарым-қатынас жасау барысында: жоспарлауға, мақсат қоя білуге, койылған мақсат-міндеттерді жүзеге асырып қорытындыны талдай білуге дағдыланады. Міне, осындай жүйелер арқылы «өзіндік даму» жүзеге асады. Соның негізінде өзіндік талдау, жинақтау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жүйелері қалыптасады. Яғни дамыта оқыту жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына бағытталады. Выготский: «Педагогика бала дамуының ертеңгі емес, кешегі күніне сүйену керек», - деген. Осыған орай ол бала дамуының екі деңгейін анықтады:
- өзекті даму деңгейі - бала бойында қалыптасқан, өз бетінше орындай алатын іс-әрекеттер;
- Жақын даму аймағы - бұл бала әлі өз бетінше іс-әрекетті орындай алмайды, бірақ үлкендердің көмегімен жүзеге асыра алатын көрініс.
Тұлға жақын даму аймағына өтуде өзекті даму аймағындағы білімдерін өз бетінше қолдануға, өзіндік танымын дамытута дағдыланады. Г. К. Селевко өзіндік дамыта оқыту технологиясын жүйеге келтіріп, оны үш бөлікке бөлді.
- «Теория» - өзін өзі жетілдірудің теориялық негізін ұғыну. Бұл мектеп бағдарламасына енгізілген.
- «Практика»- өзін өзі жетілдіруді іс-жүзіне асыра білу. Бұл іс-әрекет сабақтан тыс уақытта орындалады.
- «Әдістеме» - ғылыми негізін жасауда өзін-өзі дамыта оқытудың әдісі мен құрылымын жасап, жүзеге асыру.
Осы үш бөлікті бір жүйеге келтіріп мектептерде өзін жетілдіру сабақтары жүргізуге болады. Өзіңдік дамыта оқытудағы негізгі мақсат: жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі басқара алатын механизм кұрып, адамгершілік танымдық қасиеттерін дамыту [12, 18 б] .
Бұл оқыту барысында мұғалім ұстанымы: дос, көп нәрсені білетін, терең білімді ақылшы.
Оқушы ұстанымы: өзі анықтап, еркін өз қалауы бойынша іс-әрекет ету. Өзіндік дамыта оқыту технологиясында баланың өзін-өзі тануын ұйымдастыруға мұғалімнің жоғары педагогикалық руханилығын керек етеді, оның балаға деген сүйіспеніпілігі, «мұғалім» мен «оқушы» арасындағы сенім мен оның ішкі әлемін танып білуге, жеке қасиеттері мен мінезін ашуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде осы бағыт бойынша Қазақстан мектептерінде «Өзіндік таным» пәндік курсы жүргізілуде. Бұл курстың бала тәрбиесіндегі алатын орны аса зор. «Өзіндік таным» курсы оқу барысында өзін-өзі тануы, оны жетілдіру, дамытуы, жалпы адамзаттық құндылықтарды тану бойынша меңгерілген дағдыларды ақиқат өмірде қолдануына өз көзқарастарын, іс-әрекеттерін белсенді жүзеге асыруға дағдыландырады
Бастауыш сыныпта «өзіндік танымды» қалыптастыру барысында оқушыларды қызықтырып өзінің жасаған жұмысына өзі баға беріп, қорытынды шығара білуге дағдыландырудың маңызы зор. Ол үшін әр түрлі өз бетінше орындалатын қызықты тапсырмалар беру керек. Мысалы: 1-ші сыныпта математика пәнінде мынандай тапсырмаларды қолдануға болады.
1)
Бұнда өрнектердің мәнін тауып дөңгелекшеге жазады. Ал өрнектердің мәні астыңғы кестеде орналасқандықтан әріптерді тиісті торкөзге орналастырып, жасырын сөзді табады. Егер жасырын сөз дұрыс шықса, онда тапсырма дұрыс орындалған. Міне осыдан оқушы өзін-өзі бағалай алады.
2) Тауық 5-2 = 3
Ағаш 4-1-3
Жеміс 5-1=4
Бұл тапсырмалар оқушылардың математикалық дағдылары ғана емес қазақ тілінде де дұрыс жазып, жаңа сөздер құрастыра білуін дамытады. Осындай әр түрлі қызықты тапсырмалар оқушылардың ынтасы мен белсенділігін арттырады.
Оқушы бойында өзіндік танымды қалыптастыруда тек жеке курстар ғана емес сонымен қатар оқыту үрдесінде де жүзеге асырған өте тиімді. Себебі бала әр сабақта, әр тақырыпта өзін-өзі жетілдіріп отырады. Бұны жүзеге асыруда дамыта оқыту техналогиясының маңызы өте зор. Дамыта оқыту оқушыларды әр түрлі іс-әрекетке тартуды құптайды, сабақта дидактикалық ойындар, пікір-таластар, ойлау, қиялдау есте сақтау, тіл байлығын, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған оқыту әдістерін қолдануды ұсынады. Яғни күнделікті, сабақта оқушылардың жоғарғы білімдік пен адамгершілік құндылықтарын арттырсақ жеке тұлға білімдегі шындықты іздеу, салыстыру, дәлелдеу, зерделеу, өз іс-әрекеттерін сараптап, өзіне-өзі баға беруге дағдыланады [25, 15-18 б] .
Осыларға байланысты оқушыларды дамыта оқыту жүйесімен қолдана отырып оқыту бұл мұғалімге де оқушыға да тиімді деп санаймын. Дамыта оқыту арқылы оқушының ойлау қабілеті ғана дамып қоймай, сабаққа деген қызығушылығы оянады, әр түрлі есептерді түрлі әдіс-тәсілдермен шығара отырып оқушылардың өзін-өзі қалыптастыру қабілеті туады.
Қорыта келгенде, дамыта оқыту арқылы оқушылардың, өзіндік танымын жетілдірсек, тек ақылды ғана емес, сонымен қатар өз іс әрекетін сараптап, жан-жүрегімен сезіне алатын, жоғары білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз деген сенімдеміз.
1. 2 Есеп шығаруға үйретудің дамытыла жүргізілуі және сабақтың жоспарлары
1. Есеп шығаруға үйрету - математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Шынында, әрбір есеп мазмұныны өзі проблемалық сипаттағы белгілі бір тапсырма - сұрақтар жүйесін қамтиды да оны шығару процесінде сәйкес талдау, талқылаулар жүргізе отырып, тиісті жауапты іріктеп алу және іздеу сияқты, күрделі ақыл-ой операцияларын орындауды талап етеді. Бұл - балалардың шама-шарқына, психологиялық және жас ерекшсліктеріне сәйкес салыстыру, салғастыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою, жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру, қорытындылау, абстракциялау сияқты ақыл-ой әрекеттерінің қарапайым болып элементтерін әр баланың түрліше меңгеруіге байланысты бірдей дәрежеде орындала бермейді.
2. Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері, қабілет деңгейлернің әр түрлілігіне байланысты, олардың бәрін де «бір тарақтың түзінен шыққандай» есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды. Расында да, тәжірибеде: а) әрбір сыныпта есепті өздігінен шығарып кететін оқушылар санаулы-ақ кездесетіні; б) көпшілік жағдайларда, оқушылар өздігінен ойланбай, есептегі белгілі шамалар мен ізделінді шамалар арасындағы тәуелділікті ашып беретіндей жетекші сұрақтардың берілуін, ал басым көпшілігі тиісті жәрдем көрсетілуін, тіпті есеп тексінің мазмұнын жан-жақты түсіндіріп беруді керексінетіні; в) есепті мүлде шығара білмейтіндер де кездесетіні байқалады. Осы тұрғыдан алғанда әрбір баланың шеберлік деңгейі түрліше болады деп түсіну керек те, әр балаға жеке-дара қатынас жасаған жөн.
3. Есеп шығара білу шеберлігі түрлі-түрлі өзгермелі ақыл-ой іс-әрекеттерін орындау нәтижесінде бірте-бірте қалыптасатып әр түрлі қарапайьш құрамды бөліктерден (өзара байланысқан бірнешс буындардан) тұратын күрделі жүйе (система) . Есепті шығара білу шеберлігінің үлгі ретіндегі құрамды бөліктерін толығырақ түрде келтірейік: есеп тексінің мазмұнына, ондағы әрбір санға және шығаруда шешуші маңызға ие болатын сөздерге мән бере отырып дұрыстап оқу; есеп мазмұнын жете түсіну, өз сөзімен айтып бере алу, қажетінше шартын абстракциялау; есептің құрылысын (шартын, сұрауын) ажырату; есеп шартын оны түсінуді жеңілдететін жағдайлардың бәрінде де схема, таблица, чертёж түрінде қысқаша жаза білу немесе иллюстрациялау; есепті талдай білу (жетпей тұрған, артық мәліметтерді анықтау, шығаруға болмайтындырын түсіну, өзгеріске және шамалар арасындағы қатынасқа сәйкес амалдарды таңдап алу және оны негіздеу) ; есептегі әр түрлі шамалардың байланысын, ара қатынасын, тәуелділігін ажырата білу; есепті түрлендіре білу, жауабын жобалай білу;
4. Жаңа оқыту жүйесіне көшуге байланысты және «дәстүрлі әдістеменің» тиімсіз жақтарынан әлі де арыла алмаудың салдарынан туған жекелеген мұғалімдердің есеп шығаруға үйрету әдістемесінің әлсіздігін, тайыздығын да ескермеуге болмайды. Тәжірибеде, кезінде-бір ұстаз есепті амалдап шығарып шешуінің сәйкес жоспарын құру барысында аналитикалық тұрғыда ұзақ талдау жүргізіп, бар жұмысты орындайды да оқушылардың өздігінен жұмыс жасауын ойластырмайды. Сондай-ақ, есептердің көпшілігі мұғалімнің үлгі ретінде көрсетуі, тікелей басшылығы, жетекшілігі және қатысуымен шығарылады да, балалардың белсенділігін арттыру, творчестволық және инциативасын көтеру, мағыналы логикалық және математикалық қабілетін дамыту бағытында өздігінен орындайтын тапсырмалар үнемі берілмей, есепті өздігінен шығаруға үйретуде дәйектілік сақтамайды.
5. Есеп шығара білуге үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып ілгерілеген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды, жетіле түседі. Алайда, көпшілік оқушыларда осы тұрғыдан алғанда, алғашқы сабақтардан бастап-ақ азын-аулақ болсын, олқылықтар байқалып, ол күн, жыл өткен сайын ұлғая түседі. Мұғалім тарапынан тиісті көмек дер кезінде көрсетілмейді де, балалардың біразы басқалардан дараланып бөлініп, есепті шығара білетіндер, ал қалғандары есепті шығара алмайтындар дегеп атқа ие болады. Соның нәтижесінен болар, 2 сыныпқа келген шәкірттердің есеп шығара білу шеберлігінің нақты деңгейі бағдарлама талаптарымен үйлеспей жатады.
Мысалы, жай есептің жаңа түрлерінің бірте-бірте енгізілуінде, сондай-ақ жай есептің құрама есепке көшуде олардың принциптік ерекшелігі жайлы сол мәселелерді алғаш рет баяндағанда қалыптасқан балалардың түсінігі, ілгеріде шешуші маңызға ие болатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл мәселелердің негізгілері бастауыш буында жан-жақты қарастырылады. Сынып ілгерілеген сайын тек қана есептердің тақырып ауқымы, шамалар арасындағы байланыстар кеңейтіле түседі. Бастауышта қалыптасқан есеп шығара білу шеберлігі пысықталады, дами түседі. Балаларға бұрыннан белгілілері - жаңа түрлеріне тиісінше негіз болады [27, 25 б] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz