ИранТүркілері


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Бет

  1. Кіріспе. 2-8
  2. Негізгі бөлім. 1-тарау. ИранТүркілері 9-12

а) Азербайжандар 13-15

ә) Қашқайлар 16-20

б) Каджарлар 21-24

в) Шахсевендер 25-26

г) Түркмендер 27-29

д) Қара Көзділер 30-31

е) Афшарлар 32-33

ж) Хамсе Түркілері, Қарапапақтар 34-36

з) Қарайылер және басқалар 36-38

  1. Қорытынды 39-44
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 45-46
  3. Қосымша суреттер

1. Кіріспе

Тарих беттерін сараптай отырсаңыз, мемлекеттік құрлымы, құрамы, өсуі, териториясы жағынан қай мемлекетті алып қарасаңыз да сол елдің халқы тек бір ғана ±лттан т±рып елдігін сақтап тұруы м‰мкін емес, олай деуіміздің себебі тарихи ‰рдіс барысында б±рынғы хандық мемлекеттер ‰стемдік еткен заманнан, тіптен сонау Ғ±ндар мен Сақ заманынан бергі тарих беттерінде ешқандай мемлекет тек бір ±лттан қ±рылмағанын кµреміз. Және де құрыла қалған күнде де оның өмірі ұзаққа созылған емес. Өйткені толассыз атыс-шабыс пен бір-бірімен бақталасқан көрші елдер бірінің үстемдігін бірі мойындамай, көз алартысып жауласып жатқанынының кесірінен біз іздеген бір ұлтты мемлекетті жер бетінен таба алмаймыз. Қазір жаһандану деп жар салған жаршыларымыздың жалпылама саясаты кең етек алған, үздіксіз жалғасқан ішкі және сыртқы көш, әлем алпауыттарының жымысқы отарлау саясатын жүзеге асыру барысындағы құйтыртқы әрекеттері, әлем халқын қорадағы малы, қазандағы асы секілді бөліске салуы, бейбіт жатқан бейуаз халықтың соғыс зардабынан сормаңдай болып сапырылысқан босқындар заманы XXI- ғасырда дәләлді ұзақтан іздемеуімізге де болады.

Мен диплом жұмысымды «Иран Түркілері» деп алу себебім, өзімді де Көк Тәңірінен жаралған Көк бөрінің емшегінен нәр алған Көк Түріктің бір бұтағы деп сезіне отырып, түбі бір Түркі халқының өткенін жаңартып, өшкенін жандыруға теңізге тамған тамшыдай болса да себепкер болсам деген мақсат еді. Бастаған мақсат өз нәтежесін беріп жатса босқа тер төкпегенім болар еді. Жалпы түркінің атамекені Тұран жері екенін ескерсек атажұрттағы ағасы болып алыстағы ағайынның амандық-саулығын білу біздің парызымыз деп санаймын. Түркі халықтары ертеден-ақ көшпенділікті өз еншіліріне алған халық, сондықтанда болар жайлым іздеп жан-жаққа жайыла көшкені. Бұны біз жалпы Түркінің шығу тегі деп санайтын Сақтар мен Ғұндардан бастау алған көштерден іздер едік. Орта Азиядан үдере көшіп Анадолы топырғына табан тіреген Түркілерді бір саласы деп қарар болсақ, келесі тармағы Каспийдің келесі бетімен Кавказ тауларын бойлай өтіп Шығыс Европаға қоныс тепкен Түркілерді айтар едік. Бұны бірінші себеп деп қарар болсақ, екіншіден Ислам дінінің кең қанат жайып оған Түркі тайпаларының көптеп кіруінен және оны тарату барысында, көрші елдерді бағындыру, басып алу жорықтарында ертеден-ақ жауынгер-жаужүрек Түркі халықтары алдынғы қатардан көрініп, Африка елдерін, одан кейін сонау Шығыс Европадан бастап, Оңтүстік Азияның кейбір елдерін және Орталық Азияны түгелімен алып қаптаған қара Қытайларға барып тірелді. Ислам елдері халифаттарға бөлінген заманда түркілер Батыс пен Шығыс болып екі үлкен мемлекеттің негізін құрады. Одан кейін Селжұқтар атты түркі империясы өз дәуірін бастан өткізді. Келесі себепті іздер болсақ, әрине аузымызға жаһанды дүр сілкіндірген Шынғыс хан жорығы келер еді. Шынғыс хан жаулап алу саясатының бірден-бір құралы ретінде көрші жатқан екі елді бір-біріне айдап салу тәсілін қолданды. Онда да жауынгер түркілердің күшіне сүйенді. Шынғыс хан сарбаздарының басым бөлігін Түркі тайпалары иеленді. Шынғыс хан аттарының тұяғы тиген жерге дейін түркі баласының да аяғы тиды деп білеміз. Одан кейінгі себепке келер болсақ, Ақсақ Темірді айтар едік. Оның да сарбазының түгелге жуығы Түркілер болды. Бұл да өз кезегінде Орта Азияны, Үндістанды қол астына алып түркілер қанатының жайылуына себепкер болды.

Бүгінгі тақырыбымызға арқау болар өзекті мәселе, менің дипломдық еңбегімнің тақырыбы ретінде қарастыратын тақырып ол: саяси-эконмикалық саясатта әлем назарын аударуды қазіргі күнде тек өз еншісіне алған Иран Ислам Республикасы, оның халқының құрамының жартысына жуығын құрайтын түркі тілді халықтар жайлы болмақ. Қазіргі аумалы төкпелі заманда әркім жақынын-туғанын, жанашырын іздер болса, бізде түбі бір Түркі халқы өз тарихымызға көз салып, өшкенімізді жандырып, жоғалғанымызды іздеп, жыртығымызды бүтіндер заман келе жатқан сияқты. Бүгін әлемде түркілер мемлекетін көптеп кездестіреміз. Олар дербес мемлекет ретінде немесе басқа мемлекеттің құрамында болып та кездеседі. Солардың бірі ресми дерек көздеріне сүйенсек халқының отыз бес пайызын, ресми емес дерек бойынша елу пайызына жуығын Түркілер құрайтын Иран мемлекеті, көп жылдық тарихы мен өркениетті мәдениетті қалыптастырған, өз заманында гүлдену мен дамыудың алдынғы қатарынан көрініп, білім мен өнердің ошағы бола білді. Сонымен қатар ұлы держава ретінде жаулап алу, басқаның жеріне көз аларту саясатынан да кенде болған емес. Қамшының екі ұшы болатынындай жеңу мен жеңілістерге де иелік етті. Бірде бір шетінен бір шетіне айлық жол жүріп жете алмайтын жерлерге иелік етсе, келесіде пұшпақтай ғана өз мекеніне әзер ие болып қалып отырды. Көбіне Орта Азияны мекен еткен қоян-қолтық қоңсы отырған түркілермен белдесіп қалып жүрді. Парсының ұлы ақыны Фердоусидің «Шахнамесінде» айтылғандай Иран мен Тұран елі талай заманнан бері көптеген айқасты басынан өткізді. Соның бір дәлелі ретінде Сақ патшайымы Тұрандоттың (Томирис) Парсы патшасы Күрүшдің басын алып қанға бөктіруі еді. Түбі бір Түркі халқының түп мекені Тұран жері екенін ескерсек, Иран елінің кешегі мен бүгінгі тарихында Түркі халқының алар үлесі зор болмақ.

Он төртінші ғасырдың басында Иран топырағында билікке келген Түркілер жиырманшы ғасырдың бірінші ширегінде Реза Пехлеви таққа отырғанға дейін жер мен ел билігін қолында болып өз үкімін орнатып келді. Қазіргі күнде де елдің діни көсемі Хомейни де Тебриздік азербайжан екенін ескерсек, әлі де билік басынан кеткен жоқ деп білеміз. Жергілікті халықпен етене араласып кеткен Түркілер, соның ішінде афшарлар, каджарлар, қашқайлар сияқты тайпалар тұрмыста парсылық әдеттер қалыптастырды. Өз кезегінде парсылар да түркілік салт-дәстүрді бойлпарына сіңірді. Ираннан басқа жердегі Түркілердің көбі Исламның сунниттік бағытын ұстанатын болса, мұнда керісінше көбі шииттік бағытты қабылдайды.

Иран түркілері жайлы дерек өте аз кездеседі, өйткені Иран Ислам Республикасының мемлекеттік тілі парсы тілі. Мұндағы түркілердің түгелдей өз ана тілдерінде мектептері мен оқу орындары, балабақшалары жоқ. Бір жағына ұсақ ұлтттарға деген биліктің қырын саясаты десек, екінші жағынан ішкі үрейдің көрінісі деп білер едік.

Иран Түркілерін атаған кезде әрине алдымен аузымызға азербайжандар түсері ақиқат. Өйткені Ирандағы түркі тайпаларының ішінде ең саны жағынан да, тарихи үрдісте де, мәдениет пен өркениетте де, саяси-әлеуметтік мәселеде де алдынғы орында тұрады. 1918-жылы 28- мамырда Иран мен Кеңес үкіметі ортасында болған келіссөздер нәтижесінде Ирандық Азербайжан және КСРО Азербайжаны болып екіге бөлініп шекаралары айқындалды. Дүниедегі азербейжандықтардың саны он сегіз миллионға жуық. Соның ішінде ең көп орналасқан қазіргі Иран Ислам Республикасының құрамында Батыс және Шығыс Азербайжан болып екі провинцияға (остон) бөліне орналасқан олардың саны он бір миллионға жақын. Одан кейінгі ретте Азербайжан Республикасында сегіз миллиондай тұрады. Сонымен қатар Грузия, Россия; Өзбекстан, Қазақстан, Украина, Түркменстан сияқты елдерде орналасқан. Тілі түрік тілі, соның ішінде азербайжан диалектісі. Азербайжандар өз ішінен; айрумы, афшарлар, баяттар, қарадағлылар, қарапапақтар, падарлар, шахсевендер және тағы басқа топтарға бөлінеді. / 7. 174/

Он тоғызыншы ғасырдың аяғы- жиырмасыншы ғасырдың басында ресейлік құжаттарда азербайжандар түріктер және татарлар деп ресми аталды. Діндері Ислам діні, суннидтік және шииттік бағытты да ұстаушылар бар. Азербайжандардың жазба деректері көне түрік жазуында, араб жазуында кездеседі.

Афшарлар Ирандағы Түркі тайпаларының ішіндегі саны жағынан азербайжан түріктерінен кейінгі екінші орынды иеленеді. Шашыраңқы отырған афшарлар жалпы атауға ие болғанымен, қандай топтарға бөлінетінін айыру қиын. Түркмендермен туыстас болып келетін афшарлар Бабыр басшылық құрған Моғол хандығы заманында Азербайжанға қоныс аударған. Исмаил Шах дәуірінде Иран тұтастығына қызмет еткен афшарлар Хорасан аймағына орналастырылды. Осы жерге қоныстанғандардың ішіндегі Қырықлы тобынан шыққан Имам Кули оғлы Надир Шах жоғары дәрежеге жеткен адам. Ол хиджренің 1148 жылында Сефевид әулетін құлатып таққа отырған адам. Сонымен қатар Үндістанды да өзіне қаратып үлкен бір империя құра білді. Сондай үлкен өлкені өз қол астына ұстай отырып, өз заманының жаңаша көзқарасты, реформаторлық саясатымен танылған адам. Өзінің түбі бір Түркі екенін ұмытпай көршілес Түркиямен де достық қарым-қатынаста болған. Надир Шах заманын Афшарлар дәуірінің гүлденген заманы деуге болады. Надир Шах өлген соң тақ иелігі Каджар Түркілерінің қолына көшті. Бірақ одан кейінгі замандарда да сарай маңынан алыстаған емес. Шах мәжілісі кеңес құрамы немесе алдынғы қатарлы жауынгерлер сабынан Афшарлар табылып отырған. /10. 50-91/

Афшарлар кең ауқымды територияны алып жатыр. Бүгінгі жаңа дәуірде олардың мекен ететін өңірлері: Урмия көлінің солтүстік-батыс жағалаулары, Хамсе аймағының оңтүстік бөлігі, Хамадан мен Керманшахтың таулы аймақтарында, Себзебар мен Нишапур орталығында, Жумейдің солтүстігі мен Керманның оңтүстігіндегі өңірлер. Осындай өте ауқымды арасы бір-бірінен алшақ өлкені мекен ететін Афшарлар көшіп қонып жүрген. /5. 20/

Иран Түркілерінің ішінде Азербайжан, Афшарлардан кейінгі орында Иран тарихында алар орыны ерекше Каджар түріктер тұрады. Өздерінің аз санына қарамастан көп жыл билікте болған Каджарлар шығу тегін Иран әмірлерінің түп тамыры болып келетін Серлак Ноянның ұлы Каджардың есімімен байланыстырады. Ата жұрты Түркістан болған каджарлар, біраз уақыт Сирия жерін мекен етті. XIV-XV ғасырларда Иран жеріне қоныс аударды. 1400- жылдары Шамды басып алған Ақсақ Темірдің тегеурініне шыдамаған Каджарлар Түркістанға кері көшуге мәжбүр болды. Бірақ бұл көштің кесірінен бір тобы Азербайжанда ( Генжеде), ал бір тобы Ирак жерінде қалды. Тимурлықтар биліктен кетісімен, Каджарларға туыстас болып келетін Аккоиунлылыр тайпасының көсемі Хасан бей мемлекет егемендігін алды. Бұл оқиға Каджарларға да тың күш әкелді. Иран деректерінде бұл заманды Сефевитердің Шах Аббас I заманына тұспа-тұс келеді. Шах Аббас дәуірінде бұл Түркі тайпасы Мауренахрдан Кавказға дейін созылып жатты. Бірақ әмірлер бұл жерлерде мұндай саны да көп, өздері орасан күшке ие тайпаның болуын қаламай, оларды Горган қырлары мен Естрабадқа ығыстырды. Бұл көшірудің астарлы саясаты болды, ол Каджарлармен туыстас болып келетін Анадолы түріктерінен алыстатып, керек жағдайларда Түркмен мен Өзбек ұлыстарына қарсы пайдалану болды. Бірақта сол уақытта Генже, Қарабағ, Хорасан, Мерб, Исфахан сияқты экономикалық және саяси орталықтар бұлардың ғұзырында еді. Біздің білетініміздей 1794 жылдан 1920-1925 жылға дейін Иран тағына иелік етті. Сол жылдардан бастап Иран астанасы Тегеран аталды. Тіптен Сұлтан Сүлейменге елші болып барған және Түркия мен Иран достастығына қол қойған ақын Шах Кули хан да Каджар еді. /8. 45-75/

Азербайжандар, афшарлар және каджарлардан басқа Иран Түркілерінен қашқайларға азырақ тоқтала өтсем, олардың саны милионға жуық. Иранның парсы аймақтары аталатын Шираз бен Исфахан өлкелерінде орналасқан олар өз салт-дәстүріне өте берік, сонымен қатар ұлттық сана сезімі, түркілік белсенділігі, діні мен тіліне жанашыр болып келетін олар Иран тарихында да алар орындары бір төбе. Жиырмасыншы ғасыр басында елге Ағылшын басқыншылары кіре бастаған кезде ең алдымен бас көтерген Қашқайлар еді. Өздерін көшпенді түркілер санатына жатқызатын Қашқайлар жайлы Мехмед Емин Ресулзаде еңбектерінен білеміз. /5. 25-33/

Иран топырағын мекен еткен Түркі тайпаларының бірі Қара Көзділер. XVI-XVIII ғасырлардың деректерінде көшпенді тайпаларының біріне осы ат таңылды. Олардың шығу тегі Сефевиттер шах заманының Шамдық тайпалардан болып келеді. Олардың Шамдық < Бек тілі > тобынан шығуы жайлы деректер бар. Қара Көзділердің түпкілікті мекені Хамадан өлкесі. Белгілі бір уақыттарда Парсыда да осындай атты кішкентай бір топ өмір сүргені жайлы деректер бар. Қара Көзділер XIX-ғасырдың басында көшпенді өмірлерін отырықшылыққа айырбастады. Шахтарының Хамадан өлкесінде үлкен және өте тамаша мекені бар еді. Бірақ тайпа бірлігі ең жоғары деңгейде өмір сүрген басқа тайпалар сияқты, бұлар да өз орталарынан Ғашықты және Қажылы деп екіге бөлінді. Барлық Қара Көзділерді зерттеушілер олардың өте өсімтал халық екендерін жазады. 1807-1809 жылдары Дюпре олардың он екі мыңдай адам болғанын жазса, 1810-жылы Макдоналд Киннеир жеті мың сарбазы болғанын жазады. Сондай-ақ 1800- жылдардың ортасында Лади Шеил төрт мың үй болғандарын айтады. 1930-жылы Қара Көзділер үш миллион адамға жеткен. Саяхатшылар олар жайлы ең жауынгер халық болғанын айтады. Сондай-ақ Макдоналд Киннеир олардың ханның ең сенімді адамдары болғанын айтады. /5. 52-60/

Бұлардан басқа көп жыл Иран топырағын мекен ететін Түркілерден Шахсевендер, Қарапапақтар, Қарадағлылар, Қарайыллер және басқа үлкенді-кішілі топтарға кейінгі тарауларымызда жеке тоқталатын боламын. Иран Түркілері тарихтың ашылмаған парағы, айтылмаған сырлары деп білемін. Біздің білетініміз бір мысқал болса, білмегеніміз жүз мысқал болар еді.

2. Негізгі бөлім .

1-тарау. Иран түркілері

Үш мыңжылдық тарихы бар жалпақ әлемге танымал және мәдениет пен өркениеттің ошағы болған Иранда тұрақты әлеуметтік және экономикалық географияда, халықтар топтамында және ата-жұрт мекенінде отырғандардан ең алда келе жатқан топ, олар Түркілер болып табылады. Ресми емес дерек бойынша жалпы Иран халқының жартысына жуығын, ал ресми дерек бойынша 35 пайызын құрайтын Түркі тайпалары болады. Иранның едәуір өлкелерінде тұрақты орналасқан және танылған түркілер ішіндегі саны жағынан ең үлкені Азербайжан түркілері. Ирандағы түркілер Россиядағы түркілер секілді өздері жеке дара автономия болып отырған жоқ. Олар тіптен шоғырланып та отырғандар емес. Ең ішкі парсы аймақтары болып келетін Шираз бен Исфаһан төңірегінен де Түркілерді кездестіруге болады. /27/

Саяси оқиғалар нәтижесінде оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінген азербайжандар өздеріне тән азербайжан тілінде сөйлейді. 1918-жылы 28-мамырда болған Иран мен Кеңес үкіметі ортасында болған келіссөздер нәтижесінде ортақ тілі бір, ділі бір мәдениеті мен салт-дәстүр, тұрмыс ұқсастықтарына қарамастан, азербайжандықтар Кавказдық және Ирандық Азербайжан болып екіге бөлінді. Кавказдық азербайжандықтар қазіргі Азербайжан мемлекетінің негізін құраса, Ирандық азербайжандықтар екі провинцияға, яғни Шығыс және Батыс азербайжан болып бөлінеді. Азербайжандықтар өз мәдениеті мен салт-дәстүрін қалыптастырған, әлемдік тарихта алар өзіндік орыны зор, дербес мемлекет болып қалыптасқан ұлт. Азербайжан топырағы қандай да бір түркі көшінің қақпасы ретінде орын алды. VI ғасырдан бұрын Ыстамбұлға аяқ басқан Түркілер солтүстік Азербайжан өлкесін көш көпірі ретінде пайдаланғаны секілді, Бұлғар Түркілірі де солтүстік өлкелерін біраз уақыт мекен етіп Хазарлар атты күшті бір мемлекет құрды. /18. 150-170/

Бір аралық бұл өлкеге топтасқан түркілер Ислам дінін таратушылар тарапынан ұсақ мемлекеттерге бөлінді. XI жүзжылдықта бұл қалыптасқан система Селжұқтар келген соң ылдырады. Азербайжан Селжұқ империясы мен Монғол ұлысы замандарында өзіндік мемлекетін қалыптастырып экономикасы мен мәдениеті алға жылжыды. Сефевитдер заманында азербайжандықтар мәдениеті мен барлық жағынан да түріктендіріліп, түрік тілін мемлекеттік тіл ретінде қабылдады. Орталық Иран териториясының үлкеюіне байланысты өздерін дербес санап келген Ганджа, Қарабақ, Шеки, Баку, Талыш, Ереван, Ибсуй сияқты өлкелер бір орталыққа бағынды. Бір аралық Шеки ханы орталығы Тебриз болатын дербес Азербайжан мемлекетін құрмақ болған әрекетінен нәтиже шықпады. /4. 18-22/

Жалпы Түркі тайпаларының Иран топырағына орналасуы сан алуан түрмен жүзеге асты. Олардың саяси тарихы, шығу тегі, экономикасы мен мәдениеті әркімді де қызықтырар болмақ. Шыңғыс хан шапқыншылығы жылдарында өз мекендерін тастап шығуға мәжбүр болған немесе одан кейін де Ақсақ Темір салған ойранды жылдарда келіп орналасқан Түркілер деп айтылады. Иран топырағында XIV-ғасырдың ортасында ақ Севебиттер династиясын құрып тақ иелігін өз қолдарына алған Түркі тайпалары XX ғасырдың бірінші жартысына дейін өз үстемдіктерін орнатып келді. Хандары түркі тайпаларынан болғанымен халықтың көп бөлігін парсылар құрайтын болғандықтан жергілікті халықпен ассимиляцияға ұшырап олардың кейбір тұрмыс-салт, мәдениеттерін өздеріне сіңіре білді. Ал жергілікті парсылар да өз кезегінде түркілер мәдениетін қалыптастырды. Ресми тіл парсы тілі болды. Бес жүз жыл Иран тағында отырған Түркілер иранданып, ал Парсылармен тең дәрежеде өмір сүріп келеді. Діни наным-сенімі жағынан алып қарасақ Түркімендерден басқа Иран түркілері түгелге дерлік Исламдық шиизм бағытын ұстанады. Әсіресе Ирандық азербайжандар мен қашқайлар осы бағытта. Шииттік бағытындағы түркілер парсыланғандары соншама, қазір өздерін түркіленген парсылармыз деп атағысы келеді.

- «Өз кезегінде парсылар тек мәдениет саласында ғана қалып қойған жоқ, олар мемлекет ісіне де араласты. Мәселен Каджарлар заманында бас уәзірлер тек парсылардан тағайындалатын болды. Каджар шахтары тек екі ғана бас уәзірді түркілерден тағайындады. Оның бірі Мехмед Шах заманындағы Хажы Мирза Аға болса, екіншісі де Музафараддин Шах заманындағы Айну*д Девле еді. Сондай-ақ Иран әскерлерінің қатарын жауынгер түркілер толтырып тұрды. Ең көп сарбазы болған Насреддин Шах заманында жүз мың сарбаздың отыз үш мыңын азербайжандар беріп тұрған. » - деп жазады Мехмед Емин Расулзаде өз еңбегінде. /5. 75-108/

Каджарлар заманында бірнеше адам Европаға сапар шегіп ол жақтың жақсы жасақталған жауынгерлер өнерін өз сарбаздарына үйретпек болды. Олардың бірі Аббас Мирза еді. Ол Каджарлар әміршілерінің алғашқысы Фатих-Али Шахтың ұлы еді. Ол тек қана әскери өнерді ғана енгізген жоқ, сонымен қатар басқа да озық ойларын ортаға салды. Оның бастамасымен Тебризде кітап басу өнері қолға алынды. Тебриз қаласы сол кездегі Иран мемлекетінің маңызды қалаларының бірі еді. Каджар әмірлері Тебризде туып, сонда ер жеткендер еді. /8. 20/

Алты ғасыр ата-баба топырағында болмаса да, жат жұртта жарлығын жүргізіп, билігін мойындатып келген түркі тайпалары 1-дүние жүзі соғысы әсерінен және бір жағынан Ағылшын, Португал, Америка Қүрама Штаттары басқыншылары бас сұғуынан, екінші жағынан орыс отаршылары әсерінен өз күшін жойды.

Бұл күнде Ирандағы Түркі топтарының мәселесі өзекті мәселенің бірі болуда. Иран Ислам Республикасының құрамындағы ұсақ ұлттарға деген ұстанған саясаты және жаппай парсыландыру пиғылындағы іс-әрекеттеріне сәйкес мәселе шиеленісе түсуде. Олардың саяси тарихы, шығу тегі, экономикасы мен мәдениеті әркімді де қызықтырары хақ. Иран түркілерінің бір дені өз атамекенін кеңейте отырып ішкерлей орналасып қалғандар болса, ал келесілері Шыңғыс хан шапқыншылығы жылдарында өз мекендерін тастап шығуға мәжбүр болған немесе одан кейін де Ақсақ Темір салған ойранды жылдарда

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz