XX ғ. АЛҒАШҚЫ ШИРЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚ ҒҰЛАМАЛАРЫ МЕН ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПІКІРЛЕРІ



КІРІСПЕ


1. XX ғ АЛҒАШҚЫ ШИРЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚ ҒҰЛАМАЛАРЫ МЕН ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПІКІРЛЕРІ

1.1 Кеңестік Қазақстандағы психология ғылымы.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


2. XX ғ АЛҒАШҚЫ ШИРЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚ ҒҰЛАМАЛАРЫ МЕН ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПІКІРЛЕРІ
Өзінің түп-төркіні мен түркі бастауын сонау Орхон - Енисей жазбаларынан алатын ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер Қазан төңкерісіне дейін әлі де болса ғылыми-теориялық дәрежеге көтеріле коймаған еді. Оның бірнеше себептері болды: біріншіден, Қазақстанда қоғамдьіқ, гуманитарлық ғылымдардың, сан-салалы тараулары бір-бірінен дараланып бөліне, олардың ғылыми атаулары қалыптаса қоймаған болатын. Екіншіден, әр ғылымның жекелеген ерекшеліктерін мұкият зерттейтін маман ғалымдардың, тапшылығы, үшіншіден, ғылым салаларын өрістетерлік ғылыми-техникалық, материалдық базаның (зерттеу аса көрнекті ғүламалар мекемелері, баспа орындары, т. б.) жұпынылығы себеп болды. ,
Әйтсе де осы кезеңде туған халқының жарқын болашағы, оның тәуелсіз аспанында шок жұлдыздай жарқырап, жазира кең далада рухани-мәдени дамудың жаңа кезеңі казақ ренессансының (қайта ерлеу) іргесін қалаған еді. Бұлардың алдыңғы шебінде Ш. Құдайберді-ұлы, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, X. Досмұхамедов, Ж. Аймауытов, М_._ Жұмабаев, Н. Құлжанова, т. б. жүрді. Осынау біртуар жандар педагогика және психология ғылымдары саласында ғылыми еңбектер жазып, оқу-кұралдарын шығарып, тәлім-тәрбиелік ғы-лымдардың ұлттық терминдерін калыптастыруға өлшеусіз үлес қосты. Сөйтіп, кезінде ғұлама бабамыз Әл-Фараби ілімінен бастау алған психология ғылымы шын мәнісінде XX ғасырдың, 20-30жылдарының психологиялық ой-пікірлері арнайы сөз болып, талдауға алынады 20—30 жылдарында басқа қоғамдық ғылым-білім салаларынан бөлініп дербес ғылым болып қалыптаса бастады.
1. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы «Рауан» 1993
2. Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының даму жолы // Мұрагер. Алматы, 1994 №1
3. Қ.Жарықбаев «Жалпы психология» Алматы 2004 ж
4. Немов Р.С. «Психология». Москва 2000г.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. XX ғ АЛҒАШҚЫ ШИРЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚ ҒҰЛАМАЛАРЫ МЕН ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПІКІРЛЕРІ

1.1 Кеңестік Қазақстандағы психология ғылымы.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

2. XX ғ АЛҒАШҚЫ ШИРЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚ ҒҰЛАМАЛАРЫ МЕН ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПІКІРЛЕРІ
Өзінің түп-төркіні мен түркі бастауын сонау Орхон - Енисей
жазбаларынан алатын ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер Қазан
төңкерісіне дейін әлі де болса ғылыми-теориялық дәрежеге көтеріле коймаған
еді. Оның бірнеше себептері болды: біріншіден, Қазақстанда қоғамдьіқ,
гуманитарлық ғылымдардың, сан-салалы тараулары бір-бірінен дараланып
бөліне, олардың ғылыми атаулары қалыптаса қоймаған болатын. Екіншіден, әр
ғылымның жекелеген ерекшеліктерін мұкият зерттейтін маман ғалымдардың,
тапшылығы, үшіншіден, ғылым салаларын өрістетерлік ғылыми-техникалық,
материалдық базаның (зерттеу аса көрнекті ғүламалар мекемелері, баспа
орындары, т. б.) жұпынылығы себеп болды. ,
Әйтсе де осы кезеңде туған халқының жарқын болашағы, оның тәуелсіз
аспанында шок жұлдыздай жарқырап, жазира кең далада рухани-мәдени дамудың
жаңа кезеңі казақ ренессансының (қайта ерлеу) іргесін қалаған еді. Бұлардың
алдыңғы шебінде Ш. Құдайберді-ұлы, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.
Дулатов, X. Досмұхамедов, Ж. Аймауытов, М_._ Жұмабаев, Н. Құлжанова, т. б.
жүрді. Осынау біртуар жандар педагогика және психология ғылымдары
саласында ғылыми еңбектер жазып, оқу-кұралдарын шығарып, тәлім-
тәрбиелік ғы-лымдардың ұлттық терминдерін калыптастыруға өлшеусіз үлес
қосты. Сөйтіп, кезінде ғұлама бабамыз Әл-Фараби ілімінен бастау алған
психология ғылымы шын мәнісінде XX ғасырдың, 20-30жылдарының
психологиялық ой-пікірлері арнайы сөз болып, талдауға алынады 20—30
жылдарында басқа қоғамдық ғылым-білім салаларынан бөлініп дербес ғылым
болып қалыптаса бастады.

Шәкерім Құдайбердіұлы (1858—1937)
Шәкәрім XX ғасырдың басындағы казақтың коғамдық-әлеуметтік, мәдени-әдеби
өміріне белсене араласып туған халқына ізгілік пен имандылық, ғылыми
ағартушылық идеяны тарату жолында ұлы Абайдың. ұлттық накышқа толы
ләлсапалық-психологиялық дәстүрін әрмен карай жалғастырып, халқына мол
мәдени мұра қал- дырған ғұлама. Шәкәрім көптеген полсапалық-психолоигиялық
(көбісі өлеңмен жазылған) шығармалардың авторы. Ал, ән мен күй,
музыка саласында жазған еңбектерінің өзі бір төбе. Шәкәрім шығармаларында
адамның жан сыры, психологиясы туралы айтылған сындарлы ғылыми ой-
пікірлер көптеп кездеседі._Мәселен ақынның психологияға байланысты
көзқарасын Анық пен танык Қазақ айнасы, Мұсылмандық шарттар т. б.
шығармаларынан кездестіреміз. Бұларда ғұлама адамдарға сыртқы дүниенің,
қоршаған табиғаттың жұмбақ, сырын ұк, танып-біл, оның өлшеусіз байлығын
мүдде- мұратыңа, қасиетіңе жарат, бұл үшін алла тағала адамға ми берді,
бІлу, нану, үғыну, тану — бәрі ақыл ісі, олар мидан шығады деп тұжырым
жасайды.
Тән сезіп, қүлақ естіп, көзбен көрмек, мұрын иіс, тіл демнен хабар
бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар айтып, Жақсы-жаман әр істі сол тексермек.
Шәкәрім адам жанының әр түрлі жағдайда көріне тінін айтады. Өзінше
бұлардан орысша-қазақша термин жасағысы келеді. ...Инстинкт — сезімді жан,
аңғарлык жан, мысль— ойлайтын жан, ум — ақылды жан дегендей әр түрлі
қасиеттерді тізбектейді. Дене әр түрге түскен сияқты жан да өсіп, өніп,
жоғарылайды толық терең акыл адамнан шығады... Совесть (ұждан) жанның
тірегі ми, жүлын— жаннын тұрағы, ол бұзылса, электрия сияқты жан да кетеді,
дейді.
(,Ақыл ми қызметі адамның сезім мүшелеріне әрекет арқылы іске асады дей
отыра, кісінін ойға алған ісі жүзеге асыруы, оның әділетті, әділетсіз
болуы, ізгілікті қууы немесе жауыздық жолға түсуі, ақыл мен жүректің
қызметі (Фараби мен Абай да осылайша тұжырымдаған. Сөйтіп, ол жанның миға
байланысты екенін мойындағанмен оның мәңгі бақи өлмейтіндігіне сенеді.
Мен жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таң қаламын жанның барлығын,
өлген соң да жоғалмайтындығына сенемін. Жан өмірге бірдей керек таяныш
екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң та-
зарта алмайды. Сондықтан ақыл мен жүректің жетегіндегі адам тіршіліктері
барлық нәрсені сарапқа салып, байыбына барып, терең ойлап, топшылап ақылмен
іс қылу, адамдықтың. басты парызы дейді; Шәкәрім өзінің пәлсапалық
сипаттағы ой-пікірлерін әрмен қарай жал-ғастырып, жер жүзінде неше түрлі
халық бар, олардың бәр-бәрі де жаратылыстың ішкі сырын ұғып-білуге ынтық,
бірі дүниені жаратушы тәңірі — күн тіршілік күн нұрынан жаралады десе,
енді бірі кұдай жоқ деп жар салады, үшіншісі —көп қүдайға табынса,
төртіншісі — міне, құдай деп суретке табынып, ойын сансаққа жүгіртеді,
осының, бәрі дүние сырын білуге ұмтылушылық,— дейді де, өз ойын,— нағыз
тәңір жолы — қиянатсыз ақ жүрекпен адал еңбек ету,—деп түйіндейді. Ақын
Тәңірі мен жан деген өлеңінде туу, өсу, өлу, сондай-ақ өлген жанның,
топыраққа, өсімдікке нәр болып тіршілікке қайта айналып келуі табиғи
құбылыс, бар зат мулде жоғалып кетпейді, жоқтан бар пайда болмайды, тек
заттың, құбылыстың түрі ғана өзгереді, жан мен тәннің. байланысы осында деп
былайша ой қозғайды:
Тіпті кетпес еш жоғалып, байқасаңыз барша жан. Тағы дене тауып алып,
тағы өседі қайтадан. Түрлі жанда дене түрлеп, Өзгеріп тұр бұл ғалам
жоғалатын нәрсе жоқ деп айтты ғылым байқаған.
Осы пікірлер оның тіршіліктің негізін ғылыми көзқарас тұрғысынан
дәлелдегісі келетіндігі жақсы дерек. Ш. Қүдайбердіұлы адамның жан-
дүниесінің дамып, қалыптасу жолын тіршіліктің қарапайымнан күрделіге қарай
біртіндеп дамуы тұрғысынан түсіндіреді. Осы айтқанымызға орай ақын
Жәндіктен адам жаралған, айуаннан өсіп, болдық адам,—дейді. Сірә, ойшыл
ақын ағылшын табиғат зерттеушісі Ч. Дарвиннің ілімімен жақсы таныс болса
керек. Әсіресе, Шәкәрім жан мен тәннің, ара катынасы мәселесінде дәйекті
пікір өмірін сарп еткен.

Әлихан Бөкейханов (1866—1937)
Қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. 1888 жылы Омбы
техникалық училищесін, 1894 жылы Санкт-Петербургтегі Орман-техникалық
институтының экономика факультетін бітірген. кейіннен Омбыдағы орман
шаруашылығы училищесінде сабақ берді; ғылыми жұмыспен айналыса бастайды. Ол
Россия Общее географическое описание нашей Родины атты 18 томдық іргелі
ғылыми еқбектердің авторларының бірі. Семей облысынан бірінші Мемлекеттік
думаға депутат болып сайланады. Революциялық жұмыстары үшін бірнеше рет
түрмеге камалады. 1905—1907 жылдары Омбы кадет партиясына губерниялық
комитетіне мүше болады. Иртыш, Голос степи газеттерінің. редакциясында
істейді. 1913 жылы А. Байтұрсынов, М. Дулатовтармен бірге Қазақ газетін
ұйымдастыруға ат салысады, БүкІлресейлік земство одағының жұмысына қызу
араласады (1916). Ақпан төңкерісінен кейін Уақытша үкіметтің, Туркістан
комитетінің жұмысына катысыпг Торғай облысының комиссары болады. 1917 жылы
кадет партиясы катарынан шығып, басқа қазақ зиялыларымен. бірге Алаш
партиясын кұрады, жаңадан құрылған Алашорда үкіметінің төрағасы болып
сайланады. 1919 жылдан бастап баспагерлік жұмыспен айналысады. . 1920 жылы
ҚазАССР Бірінші КеңесінІң съезіне құрметті конақ ретІнде қатысады. 1937
жылы халық жауы ретінде тұтқындалып, өлім жазасына кесіледі. 1989 жылы СССР
Бас прокурорының шешімімен толық ақталады. Оның әр жылдары түрлі
тақырыптың, төңірегінде жазған шығармаларынан ұлт психологиясына қатысты,
сондай-ақ психология ғылымының кейбір теориялық қағидаларымен топтайласатын
түйіндерді көптеп кездестіруге болады.
Ғалым бұл арада әр халықтың өзіндік әдет-ғүрпы, дәстүрі, салты, ұлттық
мінез бітістері, әлеуметтік сезімдері мен көңіл күйлері, алуан ойлары мен
талап-тілектері, яғни рухани өмірдің сан қилы жақтары мен қым-қиғаш
қайшылықтары болатындығын үнемі ескертіп отырады. Бұл жөнінде оның ой-
түйіндері төмендегі жолдардан жақсы байқалады. Түрік затты халықта біздің
қазақтай бір жерде тізе косып отырған іргелі ел жоқ. Анық түрік затты халық
біздің казақта. Қазақ түптен келе ұлытның ұлттық психология
мәселелерінен кейін өткен психологиялық түйіндерінің негізгі желісі —
психологияның теориялық қисындарының төңірегінен табылады. Бүл жөнінде ол:
Ақыл да, ұсталық та оқу. мен, істеумен жүре үлғаяды. Халық ісін орнына
салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек, адамның
хайуаннан айырмашылығы — ойлай, сөйлей алатындығы, имандылық пен
имансыздықты, ұят пен ар-намысты түсіне де, сақтай да
білетіндігінде, ;Ә. Бөкейханов еңбектерінде адамның тіршілігі үшін іс
әрекетпен айналысу жәйі, бұл жолда оқу-білім, шеберлік, айла-тәсіл,
дағдының қажеттігі ерекше сөз болады. Адам баласы,—дейдІ ол,— үнемі
ізденіс үстінде, жалықпай, талмай, әрекет еткенде ғана
мақсатына жете алады, өмір үнемі күрес, бірлесіп тіршілік ету, бұл үшін
шеберлікке, айла-тәсілге жетілу кажет. Кім шебер болса, жалықпай-
талмай ізденсе, бІрігіп, тІзе қосып іс қылса, ғұмыр бәйгесі соныкі. Әр
нәрсенің амалын біліп, өз орнына жұмсаса Іс көркейеді. Адам шеберлігІ
араласып іс қылмаса, таудай алтын — бір елі қазына. Тіршілік, ғұмыр белгісі
— алыс-тартыс, арбау, әдіс. Қай заманда болмасын енжар, бұйығы адамға
өмір сүру қиын, өйткені жылап мұратқа жетемін деу аш түйенің күйсеуі
болады. Заманың түлкі болса, тазы болып шал дегендей, кейбір
мансап иелері адамгершілік — имандылықты белінен басып, өздерінің
мақсатына жетіп отырады, бұларды адам деп айтуға болмайды. Олардың
әрекетінің хайуаннан еш айырмасы болмайды. Өйткені бірін-бірі жеген, бірін-
бірі алдаған, бірін-бірі аңдыған, бірінен-бірІ кек алған хайуан тұрмысы
салты дейді.
Туған халқы үшін қызмет ету — азаматтық, касиет. Ол үшін адам оңын мен
солын жақсы аңғаруы, білім-ғылымды терең меңгеруі тиіс. Сонда ғана оның
адамшылығы да, акыл-ой өрісі де өз дәрежесінде болады, сөзі мен ісі бір
жерден шығатын болады. Ақылды болу сондай қиын. Ол үшін көп окып, зейінді
болса кісі білімді болады. Адам баласы қылып жүрген іс, ой-ақыл болып
басталады, адамды бала тапкан қатын-дай қинап, сөз болып сөйленеді, иә
жазылады, ақыл сөз сонан соң барып іске айналады. Не жұмыс қылсақ осы
үшеуі: ақыл, сөз, сана талқысынан өтпей жұмысқа айналмайды. Ақылды сөз қылу
сондай қиын.
Ахмет Байтұрсынов (1873—1937)
Қазақ ғылымы мен мәдениетінің аса көрнекті өкілі, әмбебап ғалым,
коғам қайраткері А.Байтұрсынов оқу-ағарту, тәлім-тәрбие саласында
артына аса бай мұра калдьірды. Ол психология ғылымы саласында да өзіндік
қолтаңбасымен дараланады, Мәселен, тек Әдебиет танудың бір өзінде ғана осы
ғылымға қатысты толып жатқан ой-пІкірлер мен салмақты түйіндер баршылық.
Мұндағы Көркем өнер, Сөз толғау, Лүғат әуезділігі, Жан жақтау, Жан
қоштау, КөрІктеу, Ес үғымы, Іс үғымы, ЗейІндеме, т. б. атаулар
мен үғым түсінік-терде, сондай-ақ оның жұмбақ, жаңылтпаш, айтыс, толғау,
терме, тақпақ, жоқтау, бата, мақал, т. б. әдебиеттану ғылымына катысты
пікірлерінде халықтың психологияның теориялық қисындары үшін іздесе
таптырмайтын әдістемелік қазық боларлықтай түйіндер мол. Ғалымның тіл мен
сөйлеу психологиясы жайлы айтқандары да аса мәнді. ТІлдің міндеті,—
деп жазады ол ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың, меңзеуін меңзегенше,
көңілдің, түйінін түйгенінше айтуға жарау. Сөз көңілге сипат жағының
көркемдігімен, сөз мағына жағының күштілігімен жағады... Тіл дәлдігі деп
ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады. Психологиялық жағынан
өте пәрменді тұжырым, өйткенІ қазақтын, қазіргі кездегі ұлттық тәрбиесінің.
мыктап ақсап, _ тіпті батпақка белшесінен батып жатуының, себебінің,
бірі — осы халықтың, әсіресе тәлімгер қауымның (мүғалім, ата-ана, құрбы-
кұрдас, т. б.) өз ана тілін жоғарыда Ахаң айтқандай түлетіп, оның
тәрбиелік ықпалын өз дәрежесІнде пайдалана алмай жүргендігімізде.
Расында да, егер тәлімгер атаулының сөз саптауы шорқақ, ойы саяз, тыңдауға
әсерсіз болса, шәкірт тәрбиесінде берекесіздік туады, сөздің тәрбиелік
қадір-қасиеті, кұны төмендейді. Олай болса, баланың сөз өнеріне жетілуші,
сөйлеу мәдениетінің арта түсуі үшін ерекше көңіл бөлу кажеттігі
ылғи да естен шықпауы тиіс.

Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931)
Туған халқымен 60 жылдан кейін қайтадан көрісіп, табысқан біртуар
казақ зиялыларыньщ ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту мәселелері саласында
сындарлы, терең мағыналы ғылыми енбектерді өндіре жазған адамның бірі —
Жүсіпбек Аймауытов. Бас-аяғы 5—6 жылдың ішінде оның осы салада 6 кітап
жазуы — бұл айтқанымыздың жақсы айғағы. 1924 жылы мектсп мүғалімдер мен
педагогикалық оқу орындарында оқитындарға арналған Тәрбиеге жстекші
(Орынбор, Госиздат, 18б-бет)т 1926 жылы екі кітап, бірі — Психология
(Қьізылорда, Ташкент), екіншісі — Жан жүйесі және өнер тандау (М.
Центриздат, 81-бет), 1929 жылы Комплекспен оқыту жолдары (Қызылорда,
Казгосиздат, 129-бет), мектеп оқушыларына арналған Жаңа ауыл (бастауыш
класқа арналған оқу кітабы, Алматы, 1929-30 жж.), Сауатсыздықты калай жою
керек?, т. б. жариялады.
Мәселен, оның Тәрбиеге жетекшісінде дидактика мен педагогикалық
психологияның ғылыми астарлары, ұлт тіліндегі тәлім-тәрбислік терминдер
жүйесі сөз болады. Еңбек төрт бөлімнен, 29 параграфтан тұрады. Осы кітаптың
Дидактика бөлімінде оның психологиялық негіздері (ынталы оқыту, үйрету
әдістері, машықтану жолдары, окытудағы көрнекілік, оқыту түрлері, т. б.)
жиырмасьшшы жылдардағы қазақ мектептерінің өмірінен алынған нақтылы
мысалдармен терең талданады. Еңбектің төртінші бөлімінде де педагогикалық
психологияның кейбір мәселелері сөз болады. Олар: ұстаз бен шәкірт
ынтымақтарының басты белгілері, қазақ мектебінің өзіндік ерекшеліктері,
мұңдағы еңбек тәрбиесі, т. б.
Әрине, кітаптың құрылымы жағынан жекелеген ол-қылықтар да жоқ емес.
Мәселен, мұнда кейбір тәлім-тәрбиелік үғымдар әр бөлімде белгілі жүйеге
түспей, қайталанып отырады. Нақтылап айтсак, кітаптың екінші бөліміндегі
Ынталы оқыту, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Қазақстандағы психологиялық ғылым” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Психология пәні
XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрл
XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрлердiң дамуы
Көкшетау өңірінен шыққан ұлт зиялыларының өкілдері
Қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуы
Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті және Алаш идеясы
Бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси - құқықтық көзқарастар
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы өріс алған оқу-ағарту, тәлім-тәрбиенің жәй-жапсары
Пәндер