Мұғалімнің талабына сай болуы үшін қойылатын талаптар



1 Мұғалімнің талабына сай болуы үшін қойылатын талаптар.
2 Студенттердің субьект.бағдарлы психологиялық дайындаудың тұжырымдамалық негіздері
Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру жүйесін оңтайландыру қажет. Онда азаматтық міндеттерді жүзеге асыру үшін білім беру мен тәрбие мәселесін нағыз гуманистік дәрежеге көтеру, бүкіл ғаламдық мәдени кұндылықтарға қол жеткізу керек. Мұны атқаратын, сөзжоқ, мұғалім.
Осыған орай, егемен еліміздің білім беру ісінде реформалар жасалуда. «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Мұғалімді даярлау барлық кезеңдерде мәнін жоймайтын мәселелер қатарына жатады, себебі коғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері өзгеріске ұшырап отырады, ал мұның бәрі педагог кадрларын мамандық даярлау жүйесіндегі көзқарастарды байыта карауға жетелейді. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісінде қасаңдық пен жаттандылықтан аулақ, практикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтық диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.Ғалымдардың зерттеуі бойынша, мұғалімге өз қызметінде екі жүздей жұмыс түрін атқаруға тура келеді екен. Ол мектептің барлық шараларына қатысады, көптеген адамдармен қарым-қатынас жасайды, көптеген педагогикалық құрылыстармен жағдаяттарды кездестіріп, оларды шамасына, біліктілігіне қарай шешеді.
Енді осыған сәйкес XXI ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқтала кетейік.
Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп, табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаттык ар-ожданын корғай алады.
1. Рубинштейн С.Л. Избранные философско-психологические труды. М., 1997.
2. Процесс мышления и закономерности анализа, синтеза и обобщения. Экспериментальные исследования. Под ред. С.Л.Рубинштейна. М., 1960.
3. Ананьев Б.Г. Психология и проблемы человекознания. Избранные психологические труды. Под ред. А.А.Бодалева. Москва -Воронеж, 1996. Гл.ІУ. Психологическая структура личнности и ее становление в процессе индивидуального развития человека.С. 196-280.
4. Мясищев В.Н. Психология отношений //Под ред. А.А.Бодалева. М., 1995.
5.Мерлин В.С. Очерк интегрального исследования индивидуальности. М., 1986.
6. Вяткин Б.А. Творческий путь В.С.Мерлима как процесс создания учения об интегральной индивидуальности// Психологический журнал, 1998.№1,с.54-61.
7. Дорфман І\.Я. Метаиндивидуальный мир:методологические и теоретические проблемы. М., 1993.
8. Белоус В.В. Принцип многомерности как фактор развития теории интегральной индивидуальности // Психологический журнал, 1999.№6,с.113-119.
9. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание.Личность. М.: Политиздат, 1977.
10. Выготский Л.С. Проблемы развития психики. Собр.соч. М.: Педагогика, 1983, Т.З.
11. Брушлинский А.В. Психология субъект и его деятельности. //Современная психология. Справочное руководство. Под ред. Дружинина В.Н. 4.4. Психическая регуляция поведения. М., Инфра-М„ 1999. С. 330-34-б.
12. Абульханова К.А. Мировоззренческий смысл и научное значение категории субъекта// Российский менталитет: вопросы психологической теории и практики. М.: ИПРАН, 1997. С. 56-75.
13. Климов Е.А. 06 образе мира у представителей разнотипных профессий // Психологическое обозрение, 1995. № 1. С.26-30.
14. Селиванов В.В. Мышление и личность. Смоленск: СГУ, 1998.
15. Шерьязданова Х.Т. Психологические основы профессиональной подготовки педагогов и психологов дошкольного образования: Автореф. дисс. ... д-ра психол.наук. - 1999.-47-б.
16.Бапаева М.Қ. Жоғары мектепте психологиялық білім беруді жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздері:
психол.ғылымдарының канд. ... дисс. авторефераты. - Алматы, 2001.-31-б.
17.Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения. Алматы, "Қазақ университеті", 2004.
18. Бердібаева С.Қ. Адамның творчестволық іс-әрекетінің этнопсихологиялық ерекшеліктері (творчестволык сөз жарысы мысалында). Психол. ғыл. д-ры ... дисс. авторефераты. Алматы,2005.
19. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы: "Санат", 1995.
20. Сергиенко Е.А. Становление субъекта: неоконченная дискуссия.//Психол.журн. 2003. Т.24.№2.С. 114-120.
21. Фельдштейн Д.И. Психология развивающейся личности. Москва-Воронеж, 1996.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мұғалімнің талабына сай болуы үшін қойылатын талаптар.

Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім
беру жүйесін оңтайландыру қажет. Онда азаматтық міндеттерді жүзеге асыру
үшін білім беру мен тәрбие мәселесін нағыз гуманистік дәрежеге көтеру,
бүкіл ғаламдық мәдени кұндылықтарға қол жеткізу керек. Мұны атқаратын,
сөзжоқ, мұғалім.
Осыған орай, егемен еліміздің білім беру ісінде реформалар
жасалуда. Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек? деген негізгі
сұраққа жауап ізделуде. Мұғалімді даярлау барлық кезеңдерде мәнін жоймайтын
мәселелер қатарына жатады, себебі коғамның әлеуметтік-экономикалық
міндеттері өзгеріске ұшырап отырады, ал мұның бәрі педагог кадрларын
мамандық даярлау жүйесіндегі көзқарастарды байыта карауға жетелейді. Білім
берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісінде
қасаңдық пен жаттандылықтан аулақ, практикалық үйлестіруді шебер меңгерген
психолог-педагогтық диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.Ғалымдардың
зерттеуі бойынша, мұғалімге өз қызметінде екі жүздей жұмыс түрін атқаруға
тура келеді екен. Ол мектептің барлық шараларына қатысады, көптеген
адамдармен қарым-қатынас жасайды, көптеген педагогикалық құрылыстармен
жағдаяттарды кездестіріп, оларды шамасына, біліктілігіне қарай шешеді.
Енді осыған сәйкес XXI ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарға
тоқтала кетейік.
Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін
жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық
қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп, табанды
жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мұғалім
әрбір күніне есеп беріп отырады, азаттык ар-ожданын корғай алады.
Екіншіден, мұғалім педагогтық, психологиялық білімін күнделікті
ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Дүниежүзінде ғаламтану үрдісі
жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қандай пәннен сабақ
бермесін, ол баланың өмірді әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап
беруге даяр болуы керек.
Әр мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде
қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты зандылық – Адам өзінің шығармашылық
өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым-қатынас жасайды. Және жеке
ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады. Көп білу үшін көп ойлау,
оқу керек. Интернет жүйесін білу керек.
Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандартты оқулықтарды
пайдалану, ақпараттардың көбеюі, т.т. мұғалімнің білім берудегі жетекші
рөлін жойды. Енді білім беру негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны
баулу міндеті тұр. Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген
мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан-жақты даму үшін
балаға осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.
Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік
сараптамалық қабілеттермен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды,
дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп-
салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт. Соның негізінде күрделі
жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жетуі мүмкін.
Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси-идеялық ұстанымы
жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алу шарт.
Қысқасы, бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға
айналуы керек.
Педагогтык мамандық білімділікті қажет етеді. Мұғалім - белгілі
бір пәнді жетік меңгерген мамандық иесі. Болашақ мұғалімнің біліктілігі оқу
орнындағы алған білімі арқылы қалыптасады. Туған Отанын сүйетін, оның
қаратасын қадірлеп, қорғай білетін, тілін, дінін кұрметтейтін ұлтжанды
ұрпақ тәрбиелеуде білім саласының белді буыны - мектеп басты рөл атқарады
десек, осы мектептің жүрегі, басты тұлғасы - мұғалім.
Педагогқа тәрбиелей және басшылық ете білу, тыңдата және тыңдай
білу, дүниетанымы кең болу, сөйлеу мәдениеті, адаммен қарым-қатынас жасай
білу, оған сенім арту, алға ұмтылуға үйрету, байқампаз болу, қандай
жағдайда болсын шешім қабылдай білу - қажетті қасиет.
Қай мемлекеттің болсын өркениеттілігін көрсететін білімі мен
ғылымы. Ғылымды дамытатын терең білімді ұрпақ тәрбиелеу мұғалімнің қолында.
Біздің мемлекетіміздің білім саласында осындай тың бетбұрыстарға қадам
басуы заңды да. Бұл бетбұрыстың бел ортасында тағы да мұғалім. Мен үшін
жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі деп
айтқандай, қолына шырақ пен кітап ұстаған мұғалімнің қоғамдағы рөлі ерекше.
Әрбір білікті ұстазға білім жолында бұлдыр нәрсе жоқ демейміз.. Өнегелі
ұстаз өзім бол демейді, өзің бол дейді. Мұғалімнің басты мақсаты –
оқушыға білім беру, тәрбиелеу, жетілдіру, болашағын дамыту.
Қазіргі заман талабына сай ғаламдану кезеңінде мұғалімдерге
қойылатын талаптар:
Біріншіден, бұрын оқулықтар мен бағдарламалар ұлттар мен
ұлыстардың өзіне тән менталитеттерін ескермей, оқыту мен тәрбие үрдісі
орталықтан басқарылды. Соның нәтижесінде ұлттық сана мен мәдени
құндылықтарға нұқсан келтірілді, өз ана тілін ұмытқан ұрпақ пайда болды.
Оның орнын толтыру оңай шаруа емес. Сондықтан бүгінгі әрбір ұстаз Абайдың,
Ыбырайдың, Шоқанның, Мағжанның, т.б. қазақ зиялыларының педагогикасын оқып
үйреніп, жаңа заманға лайық этнопедагогика мен этнопсихология ғылыми
негіздерін тезірек меңгеруге тиіс.
Екіншіден, кешегі педагогикадағы жақсы үрдістерді ысырып
тастамаған абзал.
Үшіншіден, жер шары бүкіл адамзат үйі екенін естен шығармай,
дүниежүзілік хабарлар кеңістігінің мүшесі болып, Интернет жүйесіне ену
қажеттілігі туып отыр. Біздің республикамызда барлық мектеп
компьютерленуде. Мектептен барлық мұғалімдер компьютер тілін үйреніп,
сабақтарында пайдалана білуге қол жеткізуі керек. Бұл – уақыт талабы ғалам
талабы, ғаламдану талабы.
Төртіншіден, мамандар өзара араласып, ақылдасып атқарған істің
жемісті болатыны белгілі. Ендеше, жаңа оқулықтар оқыту әдістемесі мен
дидактикалық материалдар даярлау барысында ғалымдар мен ұстаздар бірлесіп
еңбек етсе, олардың сапасы да талапқа сай болары сөзсіз.
Бесіншіден, мұғалімдер ынтымақтастық педагогикасы қағидаларын өз
ісінде басшылыққа алулары тиіс. Ең бастысы, мұғалім өзінің өмірімен,
білімімен, зерделілігімен, салауат-тылығымен, яғни барлық ісімен үлгі
болатын тұлғаға айналуы қажет.
Алтыншыдан, оқу мен тәрбие егіз екенін бір сәтте естен шығармаған
жөн.
Келешектің, біліктіліктің бастамасы киелі шаңырақ-мектепте.
Ондағы балаға берілетін білім үлкен ізденісті талап етеді. Яғни ұстаз
-үнемі үздіксіз "ізденуші". Әр ізденістің өз олжасы бар, ол алдымен
ізбасарлыққа, содан соң із ашарлыққа үйретеді.
Бұл, сөз жоқ, мұғалімдерге бұрынғыдан да зор жауапкершілікті,
заман ағымына бейімділікті, жанқиярлықты талап етеді.
Қорыта айтқанда, өмірде мұғалімнің жасаған істері артында мәңгі-
бақи қалуына игі әсер ететін ұстаздар қауымы мәңгі жасап, рухы ешқашан
төмендемесін десек, өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана, ол
заман талабына сай мұғалім болады деген пікірді тұжырымдаймыз.

Пайдаланылған әдебиеттер

Үсенбек Р.Қазақ халық педагогикасы.Түркістан.-1999.159-б.
Подласый И.П. Педагогика. М.: Владос. 2003. С. 57- б..
Коджаспирова. Г.М. Педагогика. М.: Владос.2003.С.352.
Ұстаздық іскерлік негіздері. Ұлағат. 2004.
Студенттердің субьект-бағдарлы психологиялық дайындаудың тұжырымдамалық
негіздері.

Жоғары оқу орнындағы субъект-бағдарлы психологиялық дайындауды өз
проблемалық жағдаяттарын өздері шеше алатындай студенттердің субъект
ретінде психологиялық сауат ашуын, психологиялық құзіретті дамытуын,
психологиялық мәдениетті игеруін қамтамасыз ету жүйесі деп атаймыз. Мұндай
психологиялық дайындауға негіз болатын субъектілік тұрғыларды қарастыралық.
Адамды өмір, іс-әрекет, қарым-қатынас процестерінің субъектісі
ретінде психологиялық зерттеу жантану ғылымындағы түрлі теорияларды
ықпалдастыратын, артықшылығы басым тұрғы дәрежесінде көрініп, оған өткен
ғасырдың 80-ші жылдарынан ерекше назар аударылып келеді.
Субъект категориясының философия аясынан шығып, психологиялық
теорияға кіргізілуі арқасында кейбір іргелі психологиялық проблемалардың
методологиялық тіректерін дәлме-дәл келтіруге мүмкіндік ашылды. Ең алдымен,
объект қағидасы кейбір психологиялық қасиеттердің, процестер мен
жағдайлардың өздігінен ғана субъектіні, белсенділікті толыққанды анықтай
алмайтынын ескеруді негіздейді. Өздігінен сана ешқашан аңғара алмайды, ниет
өзі ғана мақсатқа жеткізбейді, тек сезім адамның қатынастарын реттей
алмайды. Саналы аңғару, мақсатқа жету, қатынастарды реттеу тек адамның өз
жан-дүниесінің, іс-әрекетінің субъектісі ретінде жүзеге асыратын
белсенділік түрлері болып табылады. Сонда психика-субъектемесі, жан-дүние
иесі-адам субъект болады.
Субъект психологиясының негізгі ілімдері әдебиетте аса жалпыланған
түрде келтіріледі. Сондықтан олардың теориялық-экспериментальдық
негіздемесін тиянақты талдау қажет.
Субъект психологиясының алғашқы ғылыми ілімдері С.Л. Рубинштейн,
Д.Н. Узнадзе, Б.Г. Ананьев еңбектерінің арқасында қалыптасқан. Сондай-ақ
субъект психологиясы жалпы түрде гуманистік бағыт негізінде бар. Алайда
субъектінің әлдеқайда жүйелі де дәйекті психологиялық теориясы С.Л.
Рубинштейн мен оның ізбасарларының философиялық-психологиялық
тұжырымдамасының негізінде құрылған деп түсінеміз. Алғашқылардың бірі болып
"субъект" ұғымын онтологияға тұлғаның шынайы болмысына орай енгізген де
С.Л. Рубинштейн еді (1;2). Ғалым қорытқан субъектінің болмысты және өзін
саналылық иесі құрауға, өзгертуге, түрлендіруге қабілетті болатыны жайлы
идея қазір де субъект теориясында белді орын алады. Сондай-ақ,біздің де,
жалпы, педагогикалық психология саласындағы зерттеу үшін С.Л. Рубинштейннің
кез-келген адамды әрқашан дүниені және өзін өзгерте алатын субъект ретінде
қабылдайтыны жайлы түйіндері аса құнды болып табылады.
Оған қоса ғылыми мектептердің талайы субъект мәселесін зерттеуде
бай тәжірибе жинақтай алған. Мұнда Б.Г. Ананьевтің түлғаның өмір жолы
бойынша тұжырымдамасын ерекше атауға болады. Ол адамды индивидтік, жеке-
даралық, тұлғалық және субъектілік сипаттамалардың жүйелері тұрғысынан
зерттегенді (3; 4; 5). Ал В.Н. Мясищев басқаларға деген қатынастың әрқашан
басым болуын көрсете отырып, тұлғаны түрлі қатынастар субъектісі ретінде
анықтайды (6).
Тұлғаның субъектілік сипаттамасын ашуға В.С. Мерлин мектебіндегі
ықпалдасқан жеке-даралықты зерттеудің әсері мол болды. Ықпалдасқан жеке-
даралық ағзаның қасиеттерінен (биохимиялық, морфологиялық,
нейродинамикалық), индивидум параметрлерінен (психодинамикалық), таным
процестерінің ерекшеліктерінен және метадаралық сипаттамаларынан
жинақталған көп өлшемді құрылым ретінде сипатталады (Б.А. Вяткин; В.Я.
Дорфман және т.б.). Осы орайда субъект психологиясы үшін В.С. Мерлин (7),
В.В. Белоус (10; 11) еңбектерінде әрбір тұлғаның ерекше субъектілік пішінін
құрайтын даралықтың түрлі деңгейлері арасындағы көптеген байланыстардың
анық көрсетілуі аса маңызды деп санаймыз.
А.Н. Леонтьев (12; 13) тұжырымдамаларында тұлға заттық-
практикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырылады. Жетілген
қоғамдық қатынастарда іс-әрекет өзіндік құрылымы саралануы болатын
(мотив,мақсат, тәсілдер,әрекеттер дағдылар және т.б.) белсенділіктің ең
жоғары деңгейі ретінде жан қуаттары мен психикалық қасиеттердің калыптаса
бастауына және одан әрі дамуына мүмкіндік ашады. Интериоризация негізінде
бұл жан қуаттары мен психикалық қасиеттер құрылымы бойынша сыртқы іс-
әрекеттің іспеті сияқты қалыптасады.
Л.С.Выготский теориясынан (14;15) бастау алатын зерттеу
дәстүрінде психика ерекшелігі тұлғаның сөйлеу, тіл, жалпы психикалық
құралдардың субьектісі болып, оның әрқилы әлеуметтік, мәдени заттар мен
құралдарды меңгеруіне байланысты карастырылады. Қазір жантанудағы тілдің
мәдени пішіндерін қолдануға қатысты тұлғаның субьектілік қасиеттері
психосемантика әдістерінің арқасында ашылуы (В.Ф.Петренко, А.Г.Шмелев,
В.А.Цепцов және т.б.).
Соңы уақыттағы субъект психологиясының методологиялық
қағидаларының жасалынып, жетілдірілуі А.В. Брушлинскийдің, К.А.
Абульханованың іргелі еңбектерімен байланысты (16; 17 т.б.). Олардың
ықпалымен соңғы жылдары субъект және субъектілік даму мәселелері талай
танымал жантанушы ғалымдардың зерттеу объектісіне айналды. Мәселен, Л.И.
Анцыферова, М.И. Воловикова, АЛ. Журавлев, В.В. Знаков, В.Т. Кудрявцев,
В.В. Селиванов, Е.А. Сергиенко, В.И. Слободчиков, Д.И. Фельтштейн, Г.А.
Цукерман сынды ғалымдар субъект дамуының әр жақтарын белсенді түрде
зерттеуде. Сондай-ақ субъектілік белсенділіктің құндылықты, рефлексивті,
үйреншікті белсенділік, операционалды, істес сынды құраушылары анықталып,
олардың жіктері ажыратылды (А.К.Осницкий). Ал экопсихология
саласында эволюциялық дамудың бірлескен процесінде бірыңғай субъектіні
анықтайтын адам мен табиғат арасындағы өзара әрекеттестік болатыны
негізделді (В.И. Панов). Тұлғаның түсіну субъектісі ретіндегі
қырлары жан-жақты қарастырылған (В.В. Знаков).Қабілет жан қуаттары
қызметінің оңтайлы болуын қамтамасыз ететін сапалар мен қасиеттер ретінде
субъектілік тұрғыдан тұжырымдалады (В.Д. Шадриков, В.Н. Дружинин). Қабылдау
сезім мүшелерінің арқасында алынған бейнеден, субъектінің ішкі жағдайынан
(перцепциялық кешеннен) және кеңістік пен уақыттағы тіршілік әрекетінің
формасынан тұратын перцепциялық жүйе болатын субъектілік әрі тұлғалық
процесс ретінде зерттелінеді (В.А. Барабанщиков).
Біздің зерттеуге қатысты субъектілік негіздегі кәсіби даму
психологиясы, кәсіби сабағат беру мәселесі маңызды болмақ. Осы орайда
адамға субъект ретінде қарау оның кәсіби іс-әрекетінің нәтижелілігі мен
сапасының аса маңызды факторы болатыны дәйектелген (Л.Г. Дикая, Е.А.
Климов, Б.Ф. Ломов, А.К. Маркова, В.Д. Шадриков және т.б.)- Мәселен, Е.А.
Климов пікірінше қазіргі жағдайда кәсіби білім беруді жетілдіру міндетті
түрде"...еңбек субъектісі ретіндегі адам жайлы сараланған психологиялық
білімді..." қамтуы қажет(18,27-б.).
Бірқатар зерттеушілер субъект табиғатын адамның заттық іс-
әрекеттің белгілі бір түрлерінің негізі, белсенділікпен жүзеге асырушысы
және бастамашысы ретіндегі өзіне (басқаларға) қатынасы тұрғысынан
түсіндіреді (А.Н. Леонтьев, Е.Н. Волкова және т.б.). Мұнда субъектілік іс-
әрекетті меңгеру ретінде ғана болып, тұлғаның әрқилы сипаттамаларының бірі
санатында қалады да "тұлға", жеке-даралық" ұғымдары сияқты әлдеқайда
жалпыланған құрылым қатарына жатпайтын сияқты. Ал адам әртүрлі іс-
әрекеттердің, қарым-қатынастың субъектісі ретінде қарастырылатындықтан,
оның табиғаты көп деңгейлі, сипаттамасы көптеген қасиеттердің жиынтығы
болатыны анық. Осыған орай В.В Селивановтың (19) субъектіні талдауын
келтірелік. Ғалымның пікірінше, адам психикалық белсенділіктің және кез
келген іс-әрекеттің субъектісі болып қалыптасуы үшін оның ақыл-ой әрекеті
басты рөл атқарады. Бұл тұлғаның онтогенезде қалыптасуына қатысты
генетикалық бастау болады.
Қазақстан ғалымдарының зерттеулері субъект психологиясындағы іргелі
ілімдерге сүйенуімен қатар, оны өз тұжырымдамаларымен байыту да байқалады.
Х.Т. Шериязданованың және оның шәкірттерінің зерттеу жұмыстарында (20; 21
және т.б.) білім беру саласының болашақ мамандарына қатысты педагогикалық
қарым-қатынастың аса дамыған деңгейі ретінде кәсіби қарым-қатынасты
анықтап, сипаттау арқылы субъектілік қасиеттердің мәні айқын берілген. Ал
оқыту процесінің психологиялық құрылымын тұжырымдап, жіктеуде С.М. Жакыпов
(22; 23 және т.б.) субъектілік тұрғыны басқа ұстанымдармен ықпалдастыра
негізге алады. Аталмыш мәселе оның ғылыми мектебінде, шәкірттерінің зерттеу
жұмыстарында орнығып та қалған сияқты. Мәселен, С.Қ. Бердібаева
зерттеулерінің (24) методологиялық негізіне С.Л. Рубинштейннің субъект
психологиясы ықпал ретінде алынған. Ал Қ.Б. Жарықбаев еңбектерінде (25; 26
және т.б.) қазақтардың топтық және жеке-дара субъект ретіндегі
ерекшеліктері, жалпы субъект этногенезіне қатысты сипаттамалар жиі
кездеседі.
Субъект психологиясының негізгі ілімі бойынша - ол ең жоғары
деңгейдегі белсенділік, дербестік, тұтастық таныта алатын адам болып
табылады. Мұндай деңгейдегі адам аса дараланған, мотивациясындағы,
психикалық құрылымдарындағы, қабілетіндегі ерекшеліктері айқын болады. Адам
баласына туғаннан белгілі дәрежедегі белсенділік тән болғанмен, ол тек іс-
әрекет процесінде ғана субъект бола алады. Әрбір тұлға субъект болса да
олар тепе-тең ұғымдар емес. Субъект - тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-
өзі реттеу, өзін-өзі құру ерекшеліктері, іс-әрекетті жүзеге асыру үшін ішкі
және сыртқы ахуалдарды үйлестіру тәсілі, іс-әрекеттің объектілік және
субъектілік мақсаттары мен міндеттеріне орай барлық психикалық процестерді,
қасиеттерді, кейіпті, байланыстыру орталығы. Субъектке тән осындай
біртұтастық, ықпалдастық, бірлік сипат оның субъектілік қасиеттерінің
жүйелі екендігін көрсетеді. А.В. Брушлинский субъект тұтастығын адам
дамуының барлық кезеңдеріндегі табиғи және әлеуметтік қасиеттердің ажырамас
байланысымен түсіндіреді.
Әдебиеттерге жасалған талдау арқылы аталмыш тұрғының студенттерді
психологиялық дайындауды тұжырымдауға ықпал ететін негізгі екі идеясын
байқадық. Бірінші қағида субъектілік іс-әрекеттік тұрғы мен жүйелік тұрғыны
бірлестіру мүмкіндігіне қатысты. Бұл екі парадигманы біріктіру студентті
оқу-кәсіби іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастыруды психологиялық
тұжырымның өзегі етіп алу арқылы мүмкін болмақ. Осыған орай небір жағдайда
студент субьект ретінде белгілі бір жүйелі қасиеттерді, қатынастарды жүзеге
асырады. Тек субьект қана кез-келген іс-әрекет барысында өзінің күрделі,
көп деңгейлі психологиялық құрылымдарының жүйесін жасап, жүйе құрушы фактор
болып табылады. Ал жүйелік тұрғы қағидасынан деңгейлі түрде дамитын адам
психологиясының өзіндік ұйымдастырылып құрылуы шығады. Субъектлік іс-
әрекеттік және жүйелік тұрғылардың бірлестігі жантанудың студентке, оқу-
кәсіби іс-әрекет субъектісіне қарай шынайы бет бұруына, қадам жасауына және
жастардың өзін-езі құрайтын жүйелік механизмдерді аңғарып, түсінуіне
мүмкіндік береді.
Студенттерді психологиялық дайындауда мәнді болатын субъект
психологиясының тағы бір қағидасы бар. Ол адамның жеке-даралығы мен жалпыға
ортақ қасиеттерін бірге қарастыруға қатысты. Әдетте психологияда адамның
индивидтік қасиеттерін және басқалардан өзгешелігін танытатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті және оған қойылатын талаптар
Мұғалімдерге қойылатын қазіргі талаптар
Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік
Мұғалімнің жеке тұлғасы
Тәрбиешінің тұлғалық қасиеттерін ұйымдастыруда әсерін анықтау
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
XXI ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптарға шолу
Мұғалім функциялары мен біліктіліктері
«Педагогикалық процесс мұғалім қызметінің объектісі ретінде» пәнінен лекция тезистері
Болашақ мамандардың құзырлығына қойылатын талаптар
Пәндер