ҚР тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында пайдалану


Мазмұны

1. Тақырып. Тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеу

  1. 1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы

2. Тақырып. Тұрғын үй құқық қатынастары

1. Тұрғын үй құқық қатынастары ұғымы

Кіріспе

Осы зерттеу тақырыбының негізгі міндеті тұрғын үй құқығы қатынастарының ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Осы мақсатта біз құқықтық қатынастардың теориялық мәселелерін әзірлеуге байланысты мәселеге жүгінеміз. Азаматтық құқықтық қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынас ретінде жиі анықталады.

Құқықтық қатынастар ұғымы мен оны анықтау әдістерінің қарапайымдылығы жағдайының өзінде құқықтық қатынастар ұғымын анықтау мәселесі орын алып отыр, өйткені бұл мәселе көптеген ғылыми жұмыстарда қарастырылған. Осы мәселе бойынша бірнеше көзқарастар қалыптасқан.

Олардың ішіндегі біріншісі және неғұрлым белгілісі мынадай болып келеді: құқықтық қатынастар дегеніміз- құқық арқылы реттелетін қоғамдық қатынас. 1

Осы пікірді жақтайтындардың ойынша, құқықтық қатынастардың ерекшеліктері немесе белгілері келесі түрде болып келеді:

1) құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың ерекше бір түрін білдіреді (құқықтық нормаларымен реттеле отырып, экономикалық, саяси және басқа да қоғамдық қатынастар өз табиғаты мен сипатын жоғалтпайды, өзінің бастапқы қасиеттері мен ерекшеліктерінен айырылмайды, ол жаңа бір түрге, жаңа бір формаға - құқықтық қатынастар формасына ие болады;

2) құқықтық қатынастар мемлекеттің еркі білдірілетін құқықтық нормалар негізінде қалыптасады;

4) құқықтық қатынастар оған қатысушылардың өздеріне жүктелген субъективтік құқықтары мен заңды міндеттері арқылы іске асырылатын көптеген алуан түрлі байланысты көрсетеді. Субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер шынайы іс әрекеттер жиынтығы мен қатар құқықтық қатынастар мазмұнын құрайды. 2

Нарықтық экономиканың дамуымен қазіргі кезеңде тұрғын үй саласында тұрғын үй заңнамасын жетілдіру мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр. Осыған байланысты Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттейтін заңнамаға салыстырмалы анализ жасау оның белгілі бір кемшіліктерімен олқылықтарын айқындауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастарын реттейтін арнайы заңнамалық акті ретінде Қазақстан Республикасының 1997 жылы 16 сәуірде №94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы танылады. Ресей мен Беларусияда тұрғын үй қатынастары тұрғын үй кодекстерімен реттеледі. Мәселен, Ресей Федерациясында 2005 жылдың 1 наурызынан бастап Ресей Федерациясындағы тұрғын үй кодексі күшіне енді.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың қатысуымен тұрғын үйлерге меншік құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негіздеріне; тұрғын үйлерді пайдалану құқығының іске асырылуын, тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға, тұрғын үй қорларының сақталуымен жөнделуінің қамтамасыз етілуіне; азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының пайдаланылуын мемлекеттік органдардың бақылауына байланысты қатынастарды реттейді.

Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары осы заңмен, азаматтық кодекс нормаларымен және соларға сәйкес шығырылатын өзге де заңдармен реттеледі.

Тұрғын үй құқығы ҚР Конституциясында бекітілген азаматтардың субъективтік құқығы болып табылады. Сондықтан оның маңызын анықтай отырып, азаматтардың субъективтік құқықтарының қалыптасу, даму және іске асырылу механизіміне мән беру қажет.

Кеңес құқығында тұрғын үй ерекше объект болып табылды, ол тек мемлекет меншігінде ғана тұрып, азаматтарға пайдалану құқығы ғана берілді.

Азаматтық құқықта жеке меншік институтының нығаюы арқылы нарықтық экономикаға өту кезіндегі экономикалық реформалар кезеңінде тұрғын үй жеке меншік құқығының объектісіне айналды.

Қазіргі таңда тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеу 1997 жылдың 16 сәуіріндегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң арқылы іске асырылуда. Тұрғын үйге арналған меншік құқығы субъектісі бойынша және сол арқылы пайда болатын қатынастар бойынша тұрғын үй құқықтық қатынастарын екі топқа бөлуге болады.

Олар-мемлекттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй бойынша және жеке меншік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй бойынша тұрғын үй құқықтық қатынастары. Соған сәйкес келтірілген объектілердің құқықтық тәртіп ережелерін айқындау қажеттілігі құқықтың шындық өмірдегі қажеттілігі болып табылады.

Осы зерттеу азаматтық құқықтың ерекше объектісі ретіндегі тұрғын үй ұғымы, азаматтық құқықтың категориясы ретіндегі тұрғын үй құқықтық қатынастары ұғымы, азаматтардың субъективтік құқығы ретінде тұрғын үй құқығы ұғымы сияқты жеке құқықтың тұжырымдамалық мәселелері бойынша жұмысты қарастырады.

Алайда, сонымен қатар ҚР тұрғын үй заңнамасының, мемлекеттің тұрғын үй саясатының негізгі үрдістерін анықтау да қарастырылады.

1. Тақырып. Тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеу

  1. 1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы

Нарықтық экономиканың дамуымен қазіргі кезеңде тұрғын үй саласында тұрғын үй заңнамасын жетілдіру мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр. Осыған байланысты Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттейтін заңнамаға салыстырмалы анализ жасау оның белгілі бір кемшіліктерімен олқылықтарын айқындауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастарын реттейтін арнайы заңнамалық акті ретінде Қазақстан Республикасының 1997 жылы 16 сәуірде №94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы танылады. Ресей мен Беларусияда тұрғын үй қатынастары тұрғын үй кодекстерімен реттеледі. Мәселен, Ресей Федерациясында 2005 жылдың 1 наурызынан бастап Ресей Федерациясындағы тұрғын үй кодексі күшіне енді.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың қатысуымен тұрғын үйлерге меншік құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негіздеріне; тұрғын үйлерді пайдалану құқығының іске асырылуын, тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға, тұрғын үй қорларының сақталуымен жөнделуінің қамтамасыз етілуіне; азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының пайдаланылуын мемлекеттік органдардың бақылауына байланысты қатынастарды реттейді. Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары осы заңмен, азаматтық кодекс нормаларымен және соларға сәйкес шығырылатын өзге де заңдармен реттеледі.

Ресей Федерациясының тұрғын үй кодексінің 1-бабында тұрғын үй заңы мемлекеттің билік органдарының және жергілікті басқару органдарының азаматтардың тұрғын үйге арналған құқықтарын, оның қауіпсіздігін, бүлінбеуін және еріксіз тұрғын үйден айыруға жол бермеуді, тұрғын үй заңы арқылы осы қатынастарды реттейтін осы қатынастардан келіп туындайтын құқықтардың кедергісіз іске асырылуының қажеттілігін, сондай-ақ тұрғын үй жайларды иелену, пайдалану және оған билік ету туралы тұрғын үй заңымен реттелетін қатынастарды қатысушылардың теңдігін тануды, тұрғын үй қорының сақталуымен белгіленген мақсатта тұрғын үй жайларды пайдалануды қамтамасыз ету қажеттілігін жүзеге асыруға арналған жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделеді деп анықталады.

Келтірілген талдауларға анализ жасай отырып, келесі түрдегі қорытындылар жасауға болады. Тұрғын үй қатынастары туралы заңының 1- бабында заңның қолданылу саласы белгіленеді (яғни, тұрғын үй қатынастары ретінде белгіленген қатынастар) .

Тұрғын үй заңының мазмұнына негізгі бастауларды енгізген жөн. Тұрғын үй заңы нормативтік құқықтық актілер жүйесін танытады. Жүйелілік тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеу қағидаларының бірлігі арқылы қамтамасыз етіледі.

Негізгі жетекші идеялар тұрғын үй заңының негізгі бастауларын танытады. Соған сәйкес тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді іске асырады. Сондай-ақ атап өтетін бір жағдай, құқықтық қолдану тәжірибесінде бұл бастаулар жиі ескерілмей қалады, оған тым сирек жүгінеді. Бұл идеялар тұрғын үй қатынастарын реттеуде, осыған ұқсас тұрғын үй заңдарын қолдануда, тұрғын үй заңдарының нормаларын түсіндіруде ескерілуі тиіс.

Алайда, Ресей Федерациясының тұрғын үй кодексіне деген қызығушылық біздің тұрғын үй қатынастарында (қалыптанған) кодификацияланған актілердің жасалуын құптаймыз дегенді білдірмейді.

Біздің көзқарасымыз бойынша, тұрғын үй қатынастары өзінің басым бөлігінде азаматтық-құқықтық қатынастар болып табылады, сондықтан осы салада кодификацияланған актіні жасаудың қажеттілігі жоқ.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғын үй алуға құқылы. Тұрғын үй құқығы маңызды әлеуметтік-экономикалық құқықтар қатарына жатады, бұл құқықтарға Қазақстан Республикасы Конституциясы тарапынан кепілдік берілген.

Осыған байланысты объектісі тұрғын үй болып табылатын құқықтық қатынастарды зерттеу өзекті мәселе болып табылып, Қазақстанның цивилистік ғылымын зерттеушілер үшін үлкен қызығушылық тудырады.

Тұрғын үй құқығы ҚР Конституциясында бекітілген азаматтардың субъективтік құқығы болып табылады. Сондықтан оның маңызын анықтай отырып, азаматтардың субъективтік құқықтарының қалыптасу, даму және іске асырылу механизіміне мән беру қажет.

Кеңес құқығында тұрғын үй ерекше объект болып табылды, ол тек мемлекет меншігінде ғана тұрып, азаматтарға пайдалану құқығы ғана берілді. Азаматтық құқықта жеке меншік институтының нығаюы арқылы нарықтық экономикаға өту кезіндегі экономикалық реформалар кезеңінде тұрғын үй жеке меншік құқығының объектісіне айналды.

Қазіргі таңда тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеу 1997 жылдың 16 сәуіріндегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң арқылы іске асырылуда. Тұрғын үйге арналған меншік құқығы субъектісі бойынша және сол арқылы пайда болатын қатынастар бойынша тұрғын үй құқықтық қатынастарын екі топқа бөлуге болады.

Олар-мемлекттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй бойынша және жеке меншік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй бойынша тұрғын үй құқықтық қатынастары. Соған сәйкес келтірілген объектілердің құқықтық тәртіп ережелерін айқындау қажеттілігі құқықтың шындық өмірдегі қажеттілігі болып табылады.

Осы зерттеу азаматтық құқықтың ерекше объектісі ретіндегі тұрғын үй ұғымы, азаматтық құқықтың категориясы ретіндегі тұрғын үй құқықтық қатынастары ұғымы, азаматтардың субъективтік құқығы ретінде тұрғын үй құқығы ұғымы сияқты жеке құқықтың тұжырымдамалық мәселелері бойынша жұмысты қарастырады. Алайда, сонымен қатар ҚР тұрғын үй заңнамасының, мемлекеттің тұрғын үй саясатының негізгі үрдістерін анықтау да қарастырылады.

Тұрғын үй құқықтық қатынастарын құқықтық реттеу мәселесі көптеген ғалым-цивилистердің зерттеу пәні болып келді. Мәселен, Ю. Г. Басин, Чигир Б. Ф., Аскназий С. И., Брауде И. Л., Паргамент А. И., Толстой Ю. К., Ландков С. Н., Лисниченко Г. Н., Фельдман А. М., Кабалки А. Ю., Скрипко В. Р., Марткович И. Б., Соловьев П. Г., Занковская С. В., Никитина В. П. және тағы басқа тарапынан монографиялық жұмыстар жазылды. Бұл жұмыстар 1940-1970 жылдар аралығын қамтиды. Осы зерттеулер нәтижелерін қазіргі таңда қолдану мүмкін емес.

Тұрғын үй құқықтық қатынастарына қатысты соңғы уақытта жарияланған жұмыстардың барлығы эпизодтық сипатқа ие, олар тұрғын үй құқығының тұжырымдамалық мәселелерін шешуге көмек бере алмайды (Мәселен, Корнеев С. М., П. И. Седугин, А. Н. Кичихин, И. Б. Марткович, И. А. Щербаковтың жұмыстары) .

Заттық-құқықтық тұрғын үй қатынастарына арналған Ю. Г. Басиннің зерттеулерінде тұрғын үй құқығының маңызды мәселелері шешіледі.

Алайда, тұрғын үй құқығы жөнінде кешенді зерттеулер жоқ, мұның өзі диссертациялық жұмыстағы мәселенің өзектілігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарының құқықтық реттелуін зерттеу теориялық және тәжіриби сипаттағы мәселелерін айқындау диссертациялық зерттеудің мақсаты болып табылады.

Зерттеудің міндеттері:

-тұрғын үй қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамаларын зерттеу мен талдау жасау;

-«тұрғын үй құқықтық қатынасы», «субъективтік тұрғын үй құқығы» және «объективтік тұрғын үй құқығы» ұғымдарын анықтау;

-азаматтық құқық объектісі ретінде «тұрғын үй» құқықтық тәртібін анықтау;

-тұрғын үй қатынастары мен мемелекеттік тұрғын үй саясатын реттейтін азаматтық заңнаманың даму үрдісін анықтау.

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеу зерттеу пәні болып табылады.

Жұмыста тұрғын үй құқығының келесі мәселелері қарастырылды: азаматтық құқық объектісі ретінде тұрғын үй құқығы; Тұрғын үй құқықтық қатынастары ұғымы мен сипаттамасы, ҚР тұрғын үй заңнамасына жасалған талдау, тұрғын үй қатынастарын реттейтін ҚР заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы тақырыптың өзектілігінен және тұңғыш рет ғылыми деңгейде оны шешуге талпыныс жасау арқылы анықталады.

Жұмыстың ғылыми-теориялық маңыздылығы теориялық және тәжірибелік қорытындыларды ҚР тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында пайдалану мүмкіндігінен көрінеді.

  1. Қазақстан Республикасының азаматтық құқық жүйесінде тұрғын үй құқығының ролі

Мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу саласында ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде қазіргі таңда зерттеушілер ерекше көңіл бөлетін дәстүрлі мәселелердің бірі құқық жүйесінде зерттелетін қтынастарды реттейтін нормалар жиынтығының орнын белгілеу туралы мәселе болып табылады.

Кеңес дәуірі кезінде-ақ заң әдебиеті мен заң құжаттары лексиконына «Тұрғын үй құқығы» термині мықтап енген болатын. Әдетте ол арқылы тұрғын үй қатынастарын, яғни азаматтардың тұрғын үй ретінде үй-жайларды пайдалануымен байланысты қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы белгіленеді. Сондықтан осындай нормалар жиынтығы азаматтық-құқықтық институтттар арасында өзіндік орын алады деп тануға болама, әлде ол басқа институттың құрамына енеме?-бұл жерде өзіндік маңызы жоқ. 3

Тұрғын үй алаңына арналған құқықтық институттың өмір сүруі туралы С. И. Аскназий кезінде жазған болатын. 4 Алайда бұл ұстаным туралы сын пікірлер пайда болды. Әсіресе, С. Н. Братусьтің пікірінше тұрғын үй алаңы құқығы құқықтық институт емес (объектілік құқық нормаларының жиынтығы), ол міндеттемелік тұрғын үй құқықтық қатынастарының элементі болып қана табылады5.

Ю. Г. Басин осы ұстанымға талдау жасай отырып, біріншіден, Аскназий ұсынған терминді «сәтсіз» термин деп атайды, сондықтан оны әдетте жалдаушының субъективтік құқығы деп белгілеу қабылданған. Сөйтіп ол пайда болу негіздеріне қарамай-ақ тұрғын үй қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы-тұрғын үй құқығы институты туралы сөз қозғауды ұсынады. Тұрғын үй заңы нормаларын қолдану тәжрибесінде тұрғын үй құқығының бөлігін ғана қамтитын институттар арнайы бөлінуі мүмкін. Мәселен, тұрғын үй ақысы, жалдаушының болмай қалған кезінде үй жайды сақтау және т. б. Алайда, субъективтік әдіс арқылы құрылатын мұндай институттар объективті түрде өмір сүруші құқық жүйесінің өзіндік жеке элементі болып табылмайды. 6

И. Л. Брауде «Тұрғын үй құқығы кеңестік құқықтың бірыңғай жүйесінде құқықтың жеке дара саласын құрмайды. Бізде тұрғын үй құқығы деп аталып жүрген құқық азаматтық құқықтың бөлімі ғана» деп есептеген. 7

В. Н. Литовкий «Тұрғын үй қатынасы азаматтық құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады . . . , тұрғын үй құқығы дегеніміз-бұл өзге адамның тұрғын үйді иелену мен пайдалануын реттейтін азаматтық құқықтың арнайы нормалары» деп санаған. 8

Сондай-ақ сол кезде біренше автор тұрғын үй құқығын құқықтың ерекше кешенді саласына жатқызу туралы пікірлер айтады. 9

Тұрғын үй құқығын кешенді салаға жатқызу туралы идеяны П. И. Седугин де қолдайды: «Кең тұрғыда алғанда, тұрғын үй құқығы дегеніміз кешенді сала, мұнда азаматтық, әкімшілік және басқа да құқық салаларының нормаларымен құқықтық институттары біріккен . . . тұрғын үй құқығы екінші бір, кешенді құрылым ретінде былай сипатталады: ол-біртұтас құқықтық құрылым; оған өзіндік реттеу қағидалары жалпы (негізгі) ережелері жеке дара ерекше құқықтық реттеу тәсілдері мен әдістері тән, яғни ерекше механизімі құқықтық реттеу тәртібі тән. Осы арқылы бұл құқық ұқсас салалары мен кешенді құқықтық құрылымдардан ерекшеленеді». 10

М. М. Смирнов тұрғын үй құқығы жеке дара құқық саласы емес деп тұжырымдай отырып, оны кешенді салаларға жатқызады. Оның пікірінше, кешенді салаға түрлі салалардағы құқықтық нормалар тән болып келеді: азаматтық, әкімшілік, жер және т. б. Кешенді құқық саласы ретінде тұрғын үй құқығы басқа құқық салаларынан алынған құқықтық реттеу әдістерін пайдаланады. 11

А. Г. Потюков тұрғын үй құқықтық қатынастары тұрғын үй құқығын жеке өз бетінше азаматтық құқық институты етіп қалыптастыруға жеткілікті бірлікке ие деп есептейді. 12

В. Ф. Чигир тұрғын үй құқығы азаматтық құқықтың өз бетінше жеке институты болып табылады деген пікірді ұстанады. Оны кешенді институт немесе кешенді сала етіп бөлуге болмайды, өйткені кешенді институттар немесе кешенді салалар бірыңғай нәрсені және соған сәйкес құқықтық реттеу әдістерді білдіреді. Оларды көрсетілген классификациялық белгілер бойынша құрылған объективті құқық жүйесіне жатқызуға болмайды.

Кейбір авторлар тұрғын үй құқығы азаматтық құқықтың кішігірім саласы, оның бөлімі деп санайды. 13

Б. Гонгало тұрғын үй құқығы азаматтық құқық шеңберінде құрылған деп жазады. Соның салдарынан кешенді құқық саласы болып, түрлі салалық құқық нормаларын жинап ала отырып, тұрғын үй құқығы көбіне азаматтық құқыққа қарай бой түзейді.

Мұның мәні мынада, әлеуметтік байланыстар арасында басты орынға ие тұрғын үй қатынастарының басым көпшілігі азаматтық құқыққа енетін қатынастардың барлық белгілеріне жауап береді. 14

Біздің көз қарасымыз бойынша тұрғын үй құқығы азаматтық құқықтың бір кіші саласы болып келеді.

Тұрғын үй құқығы қатынастары көбіне азаматтық құқықтық қатынастар болып келеді. Сонымен бір уақытта біз кешенді институт ретінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру институтын анықтау мүмкіндігіне жол береміз. Өйткені, атап айтқанда, құқықтық реттеу саласында жеке құқықтық және жария құқықтық нормалардың тығыз тұтасуы орын алады.

Тұрғын үй құқығы институты және соған сәйкес тұрғын үй құқығы қатынасы құқықтанушы-зерттеушілердің назарын өзіне жиі аударып келеді. Алайда, осы зерттеуге қатысты көптеген мәселелер әлі күнге қанағаттанарлық дәрежедегі ғылыми шешімін тапқан жоқ.

2. Тақырып. Тұрғын үй құқық қатынастары

1. Тұрғын үй құқық қатынастары ұғымы

Осы зерттеудің негізгі міндеті тұрғын үй құқығы қатынастарының ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Осы мақсатта біз құқықтық қатынастардың теориялық мәселелерін әзірлеуге байланысты мәселеге жүгінеміз. Азаматтық құқықтық қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынас ретінде жиі анықталады. Құқықтық қатынастар ұғымы мен оны анықтау әдістерінің қарапайымдылығы жағдайының өзінде құқықтық қатынастар ұғымын анықтау мәселесі орын алып отыр, өйткені бұл мәселе көптеген ғылыми жұмыстарда қарастырылған. Осы мәселе бойынша бірнеше көзқарастар қалыптасқан.

Олардың ішіндегі біріншісі және неғұрлым белгілісі мынадай болып келеді: құқықтық қатынастар дегеніміз- құқық арқылы реттелетін қоғамдық қатынас. 15 Осы пікірді жақтайтындардың ойынша, құқықтық қатынастардың ерекшеліктері немесе белгілері келесі түрде болып келеді: 1) құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың ерекше бір түрін білдіреді (құқықтық нормаларымен реттеле отырып, экономикалық, саяси және басқа да қоғамдық қатынастар өз табиғаты мен сипатын жоғалтпайды, өзінің бастапқы қасиеттері мен ерекшеліктерінен айырылмайды, ол жаңа бір түрге, жаңа бір формаға - құқықтық қатынастар формасына ие болады; 2) құқықтық қатынастар мемлекеттің еркі білдірілетін құқықтық нормалар негізінде қалыптасады; 4) құқықтық қатынастар оған қатысушылардың өздеріне жүктелген субъективтік құқықтары мен заңды міндеттері арқылы іске асырылатын көптеген алуан түрлі байланысты көрсетеді.

Субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер шынайы іс әрекеттер жиынтығы мен қатар құқықтық қатынастар мазмұнын құрайды. 16

Қоғамдық құрылымдағы орын мен рөліне қарай құқықтық қатынастарға деген келесі бір көзқарас мынадан көрінеді: құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастар құқығының нормаларымен реттелетін форма деп қарастырылады, яғни құқықтық қатынастар дегеніміз- бұл құқық нормалары арқылы реттелетін қоғамдық қатынастарының заңдық нормасы. 17 Бұл форма осы қатынастан тыс өмір сүре алмайды. 18

Бұл жағдайда құқықтық қатынастардың қоғамдық қатынас пен байланысы форма мен мазмұнның байланысы ретінде түсіндіріледі. Мұнда форма (құқықтық қатынастар) мен реттелетін қоғамдық қатынас (мазмұн) біртұтас болып бірікпейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жер мәмілелерінің аясындағы қоғамдық қатынастар
Қазақстан Республикасының Банктік емес ұйымдары және олардың несие беру қызметі
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастары азаматтық құқықтық қатынастар түрі ретінде
Қазіргі кезеңдегі жергілікті биліктің қалыптасуының ағымдық жағдайы және оны жетілдіру
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жүйесі
Үлестік құрылысқа қатысу институты
Жергілікті биліктің қалыптасуымен құрылымы
Жер құқығы
Тұрғын үй құқығының пәні, жүйесі, әдісі, қағидалары, қайнар көздері
Елді мекендер жері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz