Меншіктің қазіргі формалары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

БӨЛІМ 1. МЕНШІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ .4
1.1 Меншіктің экономикалық мазмұны ... ..4
1.2 Меншіктің формалары мен түрлері ...8

БӨЛІМ 2 . ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ОРНЫ ... ... 16
2.1 Кәсіпкерлік. рыноктық шаруашылық жағдайында меншікті экономикалық
дамыту әдісі ... ... ..16
2.2 Қазақстандағы мемлекеттік меншікті жекешелендірудің бағыты ... ... ... ... 17

БӨЛІМ 3. ҚР.ДА МЕНШІКТІҢ ӘР ТҮРЛІ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ... ... ... .20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бүгінгі таңда меншік қатынастарының проблемалары өзекті сұрақтардың бірі және пікірталас туындайтын тақырыпқа айналып отыр.
Нарықтық экономикаға көшу меншік қатынастарына тікелей байланысты. Өйткені, қай қоғам болсын, өндіріс қатынастарының негізінде белгілі бір меншік формасы жатыр. Меншік формасы – бұл жұмысшының өндіріс құралдарымен бірігуінің, сәйкес әдісі мен механизмін белгілейтін экономикалық өндірістік және шаруашылық байланыстардың тұрақты жүйесі.
Меншік қатынастары қоғамда ең басты рөл атқарады. Себебі, экономикалық өмірдің негізін белгілі бір тарихи нысанда болатын өндіріс процесі құрайды.
Адамзат қоғамының тарихи дамуы сатысының өзіне тән меншік түрлері бар. Белгілі бір өндіргіш күштердің тарихи даму деңгейіне белгілі бір меншік қатынастары сәйкес. Қоғамның тарихи даму процесінде меншік қатынастары өзгерістерге ұшырап отырады.
Дүниежүзілік тәжірибенің дәлелдегені – меншіктің аса маңыздылығы – жалпы адамзаттың маңызды бағалылығына жатады.
Меншік қатынастарының ерекшелігі: ол, бір жағынан, өте қарапайым, ал екінші жағынан, өте күрделі де. Қарапайымдылығы - әр адам онымен күнделікті кездеседі және оны жиі сезіне отырып, ол туралы белгілі бір деректер алып отырады. Күрделілігі – оның тасасында тұрған адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды бейнелейтін көп қырлы мазмұны. Бұл қарым-қатынастар - әлеуметтік-экономикалық жүйенің эволюциясында анықтаушы рөл атқаратын адамдардың меншікке қатысты қарым-қатынастары.
Менің бұл курстық жұмыста талқылайтын негізгі мәселелерім: меншік ұғымы, экономикалық мазмұны, қоғамдағы алатын орны және еліміздегі меншіктің дамуы.
1. Н.Ә.Назарбаев. Жаңа кезең-жаңа экономика. // Егемен қазақстан, 2004 ж, 20 сәуір.№ 79
2. А.Алталиев. Некотырые вопросы форм сопственности. // Весник КазГУ, 1995, № 2, стр 165-169.
3. С.Әкімбеков., А.С. Баймұхамбетова., У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқулық, 2002, 39-52 бб.
4. Б.Б. Байжұмаев. өтпелі дәуір: меншік трансформациясы. -Алматы, қазақ Университеті, 1998.
5. Б.Бисенұлы Жекешелендіруді жете түсінеміз бе? // Жас Алаш, 1996, 30 наурыз.
6. Қ.Белгібаев., А.қалтаев. Меншік қатынастары және рыноктық экономикадағы ролі. // Магистраль, 2004. № 12
7. Т.Е. Есиркепов. Приватизация государственной собственности в РК в условиях перехода к рынку. Алматы, 1998.
8. Б.Жазыкбаев. Собственность в экономической системе: исторические проявления. –Алматы, 2002, стр 80-86
9. М.Б.Кенжегузин Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решение. –Алматы, 1997.
10. С.Қалмырзаев. Тиімді экономиалық негізгі – жеке меншік институты. //егемен қазақстан, 2001, 4 шілде.
11. Мәуленова., Бекмолдин., құдайбергенов. Экономикалық теория. Оқулық, 2004.
12. П.Ж. Прудон. Что такое собственность? -Москва, 1936
13. М.С. Раханов., Г.Г.Турдалнова. Трансформация системы собственности в Казахстане, динамика приватизационного процесса в 1991-1996гг. // Экономика Казахстана, 1997, № 1.
14. С.Сатубаев. Жекешелендіру жағдайы. // қаржы-қаражат. 1999, № 2, 30-34 бб.
15. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б. Меншік диалектикасы. –А: КазГосИнти,1993, 65 б
16. Симонс М., Мэро У. қалай меншік иесі болады. –М, 1993
17. Қошанов А.қ. Меншік және меншік иелері. // Панорама, 1992.
18. Байжұмаев Б. Меншік қатынастарын оқып-үйренудің мәселелері. –Алматы, 1993
19. Скрябин С.В. ҚР меншік құқығы. –Алматы, 2000.
20. Әлімбеков С. Эконом теория. –Астана, 2002.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Банк ісі Академиясы
Әлеуметтік- экономикалық пәндер кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Меншіктің қазіргі формалары

Орындаған :Нуркабаев Н.К.
Тексерген : Аға оқытушы, экономика магистрі
Кирбетов Ж.С.

Алматы 2007
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

БӨЛІМ 1. МЕНШІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Меншіктің экономикалық мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Меншіктің формалары мен түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

БӨЛІМ 2 . ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ
ОРНЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...16
2.1 Кәсіпкерлік- рыноктық шаруашылық жағдайында меншікті экономикалық
дамыту әдісі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Қазақстандағы мемлекеттік меншікті жекешелендірудің бағыты
... ... ... ... 17

БӨЛІМ 3. ҚР-ДА МЕНШІКТІҢ ӘР ТҮРЛІ ФОРМАЛАРЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 20

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
КІРІСПЕ

Бұл жазылып отырған курстық жұмыстың тақырыбы өте күрделі және көп
қырлы. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің терең және өте мәнді қатынастарын
қамтиды.
Бүгінгі таңда меншік қатынастарының проблемалары өзекті сұрақтардың бірі
және пікірталас туындайтын тақырыпқа айналып отыр.
Нарықтық экономикаға көшу меншік қатынастарына тікелей байланысты.
Өйткені, қай қоғам болсын, өндіріс қатынастарының негізінде белгілі бір
меншік формасы жатыр. Меншік формасы – бұл жұмысшының өндіріс құралдарымен
бірігуінің, сәйкес әдісі мен механизмін белгілейтін экономикалық өндірістік
және шаруашылық байланыстардың тұрақты жүйесі.
Меншік қатынастары қоғамда ең басты рөл атқарады. Себебі, экономикалық
өмірдің негізін белгілі бір тарихи нысанда болатын өндіріс процесі құрайды.

Адамзат қоғамының тарихи дамуы сатысының өзіне тән меншік түрлері бар.
Белгілі бір өндіргіш күштердің тарихи даму деңгейіне белгілі бір меншік
қатынастары сәйкес. Қоғамның тарихи даму процесінде меншік қатынастары
өзгерістерге ұшырап отырады.
Дүниежүзілік тәжірибенің дәлелдегені – меншіктің аса маңыздылығы –
жалпы адамзаттың маңызды бағалылығына жатады.
Меншік қатынастарының ерекшелігі: ол, бір жағынан, өте қарапайым, ал
екінші жағынан, өте күрделі де. Қарапайымдылығы - әр адам онымен күнделікті
кездеседі және оны жиі сезіне отырып, ол туралы белгілі бір деректер алып
отырады. Күрделілігі – оның тасасында тұрған адамдар арасындағы өзара қарым-
қатынастарды бейнелейтін көп қырлы мазмұны. Бұл қарым-қатынастар -
әлеуметтік-экономикалық жүйенің эволюциясында анықтаушы рөл атқаратын
адамдардың меншікке қатысты қарым-қатынастары.
Менің бұл курстық жұмыста талқылайтын негізгі мәселелерім: меншік
ұғымы, экономикалық мазмұны, қоғамдағы алатын орны және еліміздегі
меншіктің дамуы.
Сонымен қатар меншіктің негізгі түрлері мен формалары бар, яғни олар
қандай болып бөлінеді? мемлекетімізде қай түрлері дамып жатыр? деген және
т.б. өзекті сұрақтарға жауап беріп отырмын.
Сондықтан мен осы курстық жұмысымды мынадай тарауларға бөлдім:
-I Меншік туралы жалпы ұғым
-II Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орны
-III ҚР-да меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы.

1 БӨЛІМ . МЕНШІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ

1.1 Меншіктің экономикалық мазмұны

Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та,
негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек,
меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны ерекше.
Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық
категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық
тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету
жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі,
яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы
қондырманың элементі болып саналғанмен, қоғамның белгілі бір даму кезеңінде
санатқа (базисқа) кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы
мүмкін.
Оған бірден-бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық
қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне дамуына тікелей ықпал жасап
отырған біздің экономикалық заңдарымыз.
Меншік - күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі
болып табылады (1-сурет).
Меншікті қарастырудың екі тәсілдемесін ажырату керек:
Бірінші тәсілдеме меншікті нақты экономикалық категория ретінде
қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс
нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар.
Екінші тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сараптау
арқылы сипаттайды.
Бүкіл қоғамдық құрылыстың өзегі болып табылатын меншікті 2-сурет
сипаттайды.

1-сурет. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі меншіктің орны мен ролі

2-сурет. Меншік қатынасының құрылысы

Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:
а) екі жұп категорияларының өзара байланысы: (меншіктеу) иемдену-
жатсыну;
ә) жекелену-қоғамдану сияқты жұп категориялардың өзара байланысы;
б) өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;
в) табыстарды үлестіру тәсілі;
г) субъектілік-объектілік талдау.
1. Ең алдымен, меншіктің зкономикалық мазмұнын екі түсініктің
сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың
(индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің
механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық
бірліктерден және тұтас қоғамнан сәйкес формалары.
Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың
тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің
өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету - қандай да бір
объектіні субъектінің өзіндік қызметіне айналдырудың мүмкін еместігін
білдіреді.
2. Оқшауландыру деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды
өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлігі неғұрлым терең болса,
оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым
күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге
асырылады.
Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді.
Бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жеке
меншіктің салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде
оқшауланған. Екінші жағынан, еңбектің қоғамдық сипатына байланысты, олардың
бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған. Оқшауланған тауар
өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы - ақша айналымы
арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.
3. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру
тәсілі құрайды.
Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы.
Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен
өндіріс процесінде айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс
факторларының тікелей қосылу тәсілдері сипаттайды. Бұл жағдайда, бір адам
бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады - өндіріс құралдарын меншіктеуші
қызметі және материалдық игіліктерді тікелей өндіруші қызметі. Кейде басқа
нұсқалары да болуы мумкін, бұл жағдайда екі қызмет ажыратылып, түрлі
субъектілерге бекітіледі: бірінде - өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі,
бірінде - жұмыс күші қызметі. Бұл жағдайда жұмысшы өндіріс құралдарынан
шеттетілген. Өндіріс факторлары бірігуі үшін, өндіріс құралдарын
меншіктеушінің жұмыс нарығында жұмыс күшін жандауы қажет. Сондықтан да,
өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және жеке факторлардың бірігуі жұмыс
күшін сату-сатып алу актісінен кейін, яғни тауар-ақша қатынастары арқылы
жүреді. Өндіріс факторлары бірігуінің бұл нұсқасы сатылы деп аталады.
4. Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын меншіктеушілер мүддесі үшін
жүзеге асырылады.
5. Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ,
өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады.
Меншік – тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік
қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи
типтері ажыратылып жүр.
Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі сатыларындағы қандай да бір
меншік типінің шеңберінде иемдену тәсілдерінің айырмашылықтары бар
болатындықтан, түрлі иемдену нысандарын немесе меншік нысандарын ажыратады.
Оларға:
1) жеке иемдену нысандары;
2) ұжымдық иемдену формалары;
3) қоғамдық иемдену нысандары жатады.
Қандай да бір тип аясында қандай бір түрлер болуы мүмкін. Осылайша:
1. Жеке меншік:
а) жеке;
ә) жеке еңбектік;
б) жеке капиталистік болып бөлінеді.
2. Ұжымдық меншік:
а) серіктестіктер;
ә) кооперативтік;
б) акционерлік;
в) ортақ өндіріс болып бөлінеді.
3. Қоғамдық меншік:
а) жалпы мемлекеттік;
ә) муниципалдық болып бөлінеді.
Шаруашылық практика меншік типтерінің, нысандарының және түрлерінің
мәнін ажыратуға құрылады. Бұнда меншік қатынастары шаруашылық қызметті
ұйымдастырудың қандай да бір нысандарының негізі болып табылады. Олардың
арасында диалектикалық байланыс бар. Бір жағынан, экономика құрылымы меншік
құрылымына әсер етеді, оның түрлерінің көптігін жүзеге асырады. Екінші
жағынан, шаруашылық жүргізу нысандары меншік объектілерін пайдаланумен,
сондай-ақ өндірістің техникалық даму деңгейімен анықталады. Меншіктің бір
түрінің немесе нысанының негізінде шаруашылық жүргізудің түрлі нысандары
қалыптасуы мүмкін, ал бұл бәсекенің негізі болып табылады.

1.2 Меншіктің формалары мен түрлері

Меншік әрдайым белгілі бір формада болады. Меншік формалары туралы
мәселе – күрделі, отандық әдебиетте оған қатысты терминологиялық
шатасуларға жол беріліп келеді, бұл әрине меншіктің жаңа пайда болған
түрлеріне байланысты туындайтын болып жүр. Ең жиі кездесетін шатасулар
меншік формасы мен шаруашылық жүргізу формаларын анық ажырата білмеуде деп
айтар едік.
Меншік формасы нақты меншік иесімен байланысты, яғни өндірістік құрал-
жабдықтарын иеленуші шаруашылық жүргізуші субъектілермен тікелей байланысты
болып келеді. Егер осы көрсетілген қағиданы басшылыққа алатын болсақ, онда
қазіргі рыноктық экономика жағдайында меншіктің екі негізгі формасын
ажырата білу керек. Олар жеке және мемлекеттік меншік. Жалпы айтқанда,
меншік формаларының жиынтығы мыналарды қамтиды:
Жалпы халықтық – қоғамның барлық мүшелеріне жалпы және бірдей қол
жеткізетін халықтың пайдаланудағы табиғи байлықтар түріндегі меншік.
Мемлекеттік – жалпы халықтық меншіктің бөлігі болып табылатын,
халықтың еркімен және халық билігі органдарының шешімімен белгілі бір топқа
сәйкес теңдей жауапкершілікпен мемлекеттік органдар өкіміне берілген табиғи
байлықтар, негізгі өндіріс құралдары, айналым ақпараттары, ақпарат.
Аймақтық мемлекеттік – аймақтық мемлекеттік органдар өкіміне берілген
меншік.
Коммуналды, муниципалды – жергілікті органдар өкіміне берілген меншік.
Ұжымдық – тұлғалар ұжымына белгілі бір немесе шектеусіз мерзімге
берілген жалпы халықтық, мемлекеттік, аймақтық меншіктің бөлінбес бөлігін
білдіретін, сондай-ақ, заңмен келісім-шартпен, жарғымен белгіленген
ережелер мен нормалар жүйесіне сәйкес жалға берілген немесе пайдаланылатын
меншік. Бұл меншік құқығын өткізу (беру) нәтижесінде пайда болатын туынды
формасы.
Жалпы – алғаш екі немесе бірнеше тұлғаларға, ассоциацияланған топ
мүшелеріне тиесілі, олардың заңмен жалпы белгіленген ережелер және
шектеулерді сақтай отырып, өз қажеттігінше пайдалануында болған мүлік,
құндылықтар, ақшалай қаражаттар, бағалы қағаздар (мұндай формаға белгілі
бір дәрежеде акционерлік, ұжымдық үлестік, кооперативтік меншік те жатады).

Индивидуалды – белгілі бір құқықтың нормаларына сәйкес жеке
индивидумға тиесілі және олардың өз қажетінше пайдаланылатын мүлік, заттар,
ақпарат, т.б.
Меншік формаларын абсолютті нақты бөлу мүмкін емес, өйткені бір
формадан екінші формаға өтетін меншіктің аралас формаларын болдырмау мүмкін
емес.
Меншік түсінігі көп қырлы, терең түсініктердің қатарына жататыны
белгілі, сондықтан оны тек қана экономикалық емес, сонымен бірге
философиялық, тарих, құқық және саясаттану ғылымдары да зерттейді.
Сондықтан да меншік қатынастары жүйелі түсінік болып табылады. Осыған
байланысты әрбір қоғамдық ғылымдар қарастырылып отырған категория мазмұнына
өзіндік сипат береді де, терминологиялық көп түсінік пайда болып,
проблеманы шешу қиыншылықтары туындайды. Мысалы, “Меншік құқығы” заң
ғылымының анықтамасы қоғамдық мақсаттарға сәйкес өзгереді. “Меншік”түсінігі
саяси жағдайларға байланысты да көптеген өзгерістерге ұшырайды.
Меншіктің қоғамдық өзгерістеріне төтеп беретін ең икемді анықтамасын
оның тұрақты қоғамдық функциясы негізінде беруге болады.
Меншік қатынастарының ежелгі тарихы бар. Адамзат қоғамы өз
шаруашылығының кез-келген даму кезеңдерінде әр түрлі иеліктер тапшылығына
кездесіп отыратындықтан меншік қатынастары объективті қажеттілік болып
табылады.
Жалпы экономикалық түсінік бойынша меншік дегеніміз затқа қатынасы
процесінде адамның затқа және адамның адамға қатынасы болып табылады.
Басқаша айтқанда меншік мазмұнында субъективті-объективті және субъективті-
субъективтік қатынастар бар болып шығады.
Меншік тек қана зат және адамның затқа қатынасы емес. К.Маркс
жекеленген индивид- жерге меншік иесі болуы былай тұрсын, сөйлей де алмас
еді деп жазады. Прудонның пікірі бойынша меншік – бұл ұрлық. Бірақ адам
өзінен-өзі ұрлай алмайды, басқалардың меншігін ұрлайды, яғни белгілі бір
жатсындыру және иемдену қатынастарына түседі.
Дәлірек, саяси экономикалық анықтама бойынша “меншік” өзгерістің
материалдық негіздерін жатсындыру және иемдену бойынша шаруашылық жүргізуші
барлық субъектілер арасындағы қатынастар болып табылады.
Дәл осы жатсындыру мен иемденудің қайшылықты бірлігі меншіктің
материалдық мазмұнын құрайды, сондықтан меншік феноменін оның бір жағымен
ғана, яғни иемдену қатынастарымен ғана өзгерту қателік болар еді. Сонымен
бірге игіліктердің шектеулілігі қандай болмасын субъектінің меншік
объектісін иемденуі оны басқа бір субъектіден жатсындыру арқылы ғана жүзеге
асыратындығын есте ұстаған жөн. Бұдан басқа жатсындыру-иемдену қатынастары
субъектілерді қоғамдық еңбек бөлінісі мен кооперацияларға кіруді талап
етеді.
Қоғамда жинақталған байлықтың үлкен бөлігі бірнеше мемлекеттің, ал ел
ішіндегі байлықтың азаматтардың аз ғана бөлігінің қолында болуын қалайша
түсіндіруге болады? Ол “алтын миллиард” теориясы бойынша ресурстардың
шектеулілігі жағдайында тұтынудың жоғарғы деңгейі планета тұрғындарының
бестен бір бөлігіне ғана, яғни бір миллиард адамға ғана жететін көрінеді.
Бүкіл ел көлемінде кедейшілікті жеңудің нақты мүмкіндіктері бар ма? Ел
ішіндегі әр түрлі әлеуметтік топтардың тұтыну мөлшеріндегі өзгешеліктерді
жоюға бола ма?
Осы және басқа да сұрақтарға ақылға қонымды жауаптарды меншіктің
экономикалық мазмұны объективті зерттеу арқылы ғана жауап бере алады.
“Меншік” категориясының экономикалық мәнін түсіну үшін өндірістік
құрал-жабдықтарын, халық тұтынатын заттарға меншік айырмашылықтарының
маңызы зор.
Субъектінің меншігіндегі өндіріс құрал-жабдықтарының болуы ғана,
сондай-ақ олардың саны мен сапасы және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға
сәйкестігі осы объектінің шектеулі материалдық ресурстарды иемдену үлесін
анықтайды. Дегенмен меншіктің экономикалық мәнін түсіну үшін мұның өзі
аздық етеді.
Субъекті меншігінде өндіріс құрал-жабдықтарының болуы шектеулі
ресурстарды иемденудің потенциалды мүмкіндігі ғана болып табылады. Бұл
арада екінші шарттың меншік иесінің құрал-жабдықтарын өнімді пайдалану
шартының маңызы зор.
Басқаша айтқанда, өндіріс құрал-жабдықтарының иесі шаруашылық
жүргізуші субъект болуы қажет. Бұл бір ғана адамға немесе бір топ
тұлғаларға тиеселі өндірістік құрал-жабдықтарды ұдайы өндіріс процесіне
қатысуы қажет деген сөз, яғни жаңа тұтынушылық қасиеттері, қосылған құны
және бағасы бар жаңа тауарлар өндірілуі тиіс.
К.Маркстің анықтауы бойынша меншік дегеніміз өндіріс жағдайларында
меншік ретінде қатынас және ол өндіріс арқылы ғана жүзеге асады.
Сондықтан меншіктен “бағалық әсердің” бөлінуін меншік қатынастарының
экономикалық мәнін анық білдіруші деп қарастыруға болады. Бұл бағалық
әсердің алынуы өндіріс құрал-жабдықтарының өнімді пайдаланылуымен тікелей
байланысты.
Меншіктің экономикалық мазмұнының мәнін нақты жағдайларға қатысты
анықтайтын болсақ, онда меншіктің мәні кез келген әлеуметтік-экономикалық
жүйеде қосымша өнім формасында болатын меншіктегі өндіріс құрал-жабдықтарын
ұдайы өндіруден алынатын экономикалық тиімділік болып табылады.
Өндіріс құрал-жабдықтарына меншікті пайдаланудан қосымша өнім алу үшін
ең аз дегенде екі объективті жағдай қажет. Біріншіден, өндіріс құрал-
жабдықтары жалдамалы жұмысшылардың белгілі-бір саны және сапасымен
біріктірілуі тиіс; екіншіден, өндіріс құрал-жабдықтары өндіріс, сондай-ақ
жалдамалы жұмысшылар ұдайы өндіріс процесіне қатысуы тиіс, яғни өндірілетін
өнімді, сондай-ақ өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күшін өндіру, бөлу,
айырбастау және тұтыну процесіне тұрақты түрде қатысуы қажет.
“Бағалық тиімділік” немесе қосымша өнім формасындағы табыс өндіріс
құрал-жабдықтары және жұмысшылар еңбегінің өзара күрделі әрекетінің
нәтижесі болып табылады. Меншік қатынастары әртүрлі объектілерге қатысты
қалыптасады. Өнеркәсіптің, ғылыми-техникалық процестің дамуымен олардың
құрамы мен құрылымы да сапалық өзгерістерге ұшырайды.
Игіліктер мен қызмет көрсету түрлерінің өздерінде экономикалық
қатынастар болмайды, бірақ олардың сапалық белгілері, пайдалық сипаттары
және қанағаттандыру қасиеттері, сондай-ақ өндірісті тиімді ұйымдастыру
қажеттілігінде экономикалық қатынастар орын алады.
Меншік объектілері арасында шешуші басым түрлері бар және қоғам
ішіндегі соларды иемдену үшін тойтарыс, бәсеке жүріп жатады. Осы
объектілерді монопольды иемдену экономикалық билікке қол жеткізеді, ал
оларды монопольды иемденуден ажырату меншік қатынастарының жаңа жағдайына
алып келеді. Жоғарыда айтқанымыздай меншік объектілерінің жалпы
құрылымындағы анықтаушы ролін өндіріс құрал-жабдықтарына меншік атқарады.
Соңғы уақыттарға дейін өндіріс құрал-жабдықтарының меншік объектілері
ретіндегі басым роліне ешкім де күмән келтірмеген болатын. Дегенмен, соңғы
жылдары өндіріс құрал-жабдықтары меншік объектілері ішіндегі басымдылыққа
ие деген тұжырым тарихи өтпелі кезең шеңберінде ғана, заттық-өнімдік деп
аталатын кезең ішінде ғана басымдыққа ие бола алады деген пікір орын алуда.
Ғылыми техникалық прогрестің дамуымен байланысты меншік ақпараттық және
ғылыми білімге ауысады, себебі соңғылары қазіргі өндірісте ең бағалы
ресурстар болып табылады деген пікір етек ала бастады. Нәтижесінде
ақпараттық және интеллектуалды меншіктің маңызы күшейе түсті. Осындай
едәуір өзгерістерге байланысты кейбір ғылымдар меншік өзінің әлеуметтік-
экономикалық мінін жоғалта бастады деген пікірді айтып жүр. Басқалары болса
жалпы меншік феноменінің мәні жойылған жоқ, өндіріс құрал-жабдықтарының
мәні төмендеуіне, яғни меншік объектісінің басым түрінің тарихи ауысуы орын
алуда деген пікір қосады. Біздіңше аталған тұжырымдаманың қай-қайысы да
артық айтылған пайымдаулар қатарына жатады. Мәселе мынада, ақпараттық және
ғылыми білімдер өздігінен экономикалық тиімділікке қол жеткізбейді. Пайданы
көбейтіп, өндірілетін өнімнің сапасын жоғарылату үшін білім - ең алдымен
жаңа, өнімділігі жоғарырақ өндіріс құрал-жабдықтарына жұмсалуы керек.
Білімнің жоғары еңбек сиымдылығы және коммерциялық құндылығы оларды тиімді
пайдалану ісін күрделендіре түседі. Сонымен бірге ақпараттық және
интеллектуалдық меншіктің маңыздылығы артқан сайын олардың мәнін, сондай-ақ
көріну формаларын тереңдете зерттеу қажеттілігі туындайды.
Мамандар интеллектуалдық меншіктің негізгі үш түрін ажыратады: 1) жеке
меншік, оған құқық потент немесе бүкіл лицензияны иеленумен бекітіледі; 2)
қоғамдық меншік, бұған мемлекет немесе бүкіл қоғам ішіндегі білімдер мен
идеялар жиынтығы жатады және олар тіпті қысқа мерзімде де болмасын заңды
тұлға қарамағына берілмейді; 3) меншіктің аралық формасы, бұған ұзақ
мерзімге потент немесе лицензиямен бекітілмейтін инновациялық ғылыми-
техникалық ақпарат жатады, бірақ түрі өзгертілген өнім нұсқауын жасау
қаупі туады.
Интеллектуалдық меншік формаларын дамытуда ғылыми идеялар мен
жаңалықтардың генераторы шығармашылық тұлға мен мемлекет және капитал
арасындағы қатынастарды реттеу маңызды рөл атқарады, оларсыз бұл идеялармен
жаңалықтарда коммерциялық жүзеге асыру ісі мүмкін болмай
қалады.Интеллектуалдық меншік формаларының дамуы оларды иеленушілер
арасындағы құқықты бөлісу ісін едәуір күрделендіре түседі. Бұрын бір ғана
тұлғаға тиеселі иемдену, пайдалану, басқару, бақылау құқықтары, сондай-ақ
табысқа, мұрагерлік бойынша беру арқылы беру, тағы басқа функционалық белгі
бойынша көптеген тұлғаларға бөлінеді, себебі олардың әрқайсысы қандай бір
болмасын дәрежеде жиынтық капиталды пайдалануға қатысы бар.
Сондықтан меншік қатынастарына (экономикалық құқық) меншік
субъектілерінің жаңа тұлғалары тартыла береді. Аталған қатынастарға
қатысушылар санының күрт өсуі бір жағынан ғылыми техникалық прогрестің орта
және шағын бизнесті дамытуға жасалған жағдайларына байланысты болса, екінші
жағынан шаруашылық жүргізудің акционерлік формасының дамуымен байланысты
болып отыр.
Қазіргі Қазақстанға көп субъектілі меншік қатынастары және меншік
объектілерін кеңейту процестері тән болып отыр. Меншік объектілерінің
кеңейе түсуіне оның қатарына маңызды өндіріс факторы - жердің, сондай-ақ
тұрғын үйлердің енгізілуі де себеп болып отыр.
Тұтыну заттарына меншіктің өндіріс құрал-жабдықтары болса пайда
түрінде табыс әкелетіні белгілі. Керісінше жеке меншік көлемінің
(коттедждер, автомобильдер, ұшақтар, яхталар және т.б.) арта түсуі оларды
сақтау және қызмет көрсету үшін орасан зор ақшалай шығындарды қажетсінеді.
Егер жинақталған жеке мүліктің иесі тұрақты ақша көздерінен айырылып қалған
жағдайда сол мүліктердің өзінен бас тартады.
Меншік және меншікке байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастар осы
жүйені ұйымдастыруда едәуір рөл атқарады.Меншік қатынастары мен адамдардың
экономикалық, кәсіпкерлік қызметке ынтасы тікелей байланысты. Ол меншікке
байланысты қатынастар қоғамдағы нақты билікті анықтайды, мұнда
революциялық қозғалыстар кезінде орын алған кезеңдерде билік пен меншік
мәселесі әрдайым алдынғы қатарға шығады. қазіргі қоғамдағы жан түршігерлік
қозғалыстар да меншікпен байланысты.
Капиталистік жүйе “меншік иесі – меншік иесі емес” қатынастардағы
әлеуметтік-экономикалық шиеленісті шегіне жеткізеді. Мұның өзі түсінікті
процесс, себебі капиталистік қоғамды шаруашылық жүргізуші субъектілердің
басым бөлігін өндіріс құрал-жабдықтары иелеріне экономикалық жағынан
тәуелді жалдамалы жұмысшылар құрайды. Олар үшін жұмыс орнын жоғалту қауіпті
тұрақты қатер десе де болады.
К.Маркстің капиталистік жеке меншікті жою қажеттілігі туралы
революциялық қорытындылары сол кездегі ресми экономикалық ғылымның өткір
сынына ұшырады. А.Маршаллдың (1890ж) пікірі бойынша, және оған көптеген
ғалымдар өзінің үнін қосты “Таптар арасындағы мейірімділік” үндеуі
қабылданды. Дж.Кейнс өзінің негізгі еңбегінің (жұмыспен қамту, пайыз және
ақшаның жалпы теориясы) алғысөзінде өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік-
экономикалық жүйені сол қалпында алып қарастырғанын мәлімдейді. Осы дәстүр
жолын таңдаған қазіргі “Экономикстің” американдық авторлары да “меншік”
проблемасына тоқталмайды.
Бұл, бірақ Батыс елдерінің экономикалық болмысында өндіріс құрал-
жабдықтарына меншік және жалдамалы жұмысшылар жоқ дегенді білдірмесе керек.
Рыноктық экономикасы дамыған елдерде орта есеппен алғанда жұмысқа
жарамдылардың 15 пайызын кәсіпкерлер құраса, 88 пайызына жуығын жалдамалы
жұмысшылар құрап отыр.
Ғылыми әдебиет, мемлекеттің экономикалық қызметі батыс қоғамында бұл
проблеманың бар екендігін және оны зерттеп, тиімді практикалық шешімдер
қабылдау қажеттілігін мойындайды.
Ұтымды экономикалық шешімдерді қазіргі рыноктық экономикаға сәйкес
қабылдаудың негізін меншік құқығы қалайды.
Меншікке құқық меншік иелерінің құқық мөлшерін дәлме-дәл анықтауға
шамасы жетіп отыр. Меншік иесінің құқықтық мүмкіндіктері экономикалық
тиімді қызмет етудің бірден-бір кепілі болып табылады, себебі олар
экономикалық ортаға айқындық әкеледі және шаруашылық жүргізуші
субъектілерді өз еңбегінің нәтижесінің тұрақты түрде көруінің алғышарттары
болып табылады. Заң шеңберіндегі құқық - біріншіден, меншік иелерінің
құқығын қорғайды, екіншіден, меншік қатынастарына қатысушы барлық
субъектілердің мүдделерін келістіреді, үшіншіден негізгі құқықтық шеңбер
аясында ел экономикасының барлық денгейлерінде қалыпты қызмет етуі үшін
заңдық нормаларға қажетті түзетулер енгізіп отырады.
Меншік құқығы иемдену, пайдалану, билеу атауларымен анықталады.
Баршаға міндетті ереже жүйесіне сәйкес иемдену, пайдалану, билеу құқықтарын
орнықтыратын және қоғамдағы аталған қатынастарды заң жүзінде рәсімдейтін
субъект мемлекет болып табылады.
Иемдену – бұл заңға негізделген, яғни заңмен қамтамасыз етілген және
кепілдендірілген өз шаруашылығында нақты мүмкіндіктің болуы мүмкінділігі.
Пайдалану – бұл заңға негізделген, яғни заңмен қамтамасыз етіліп және
кепілдендірілген нақты мүлікті пайдалану мүмкіндігі. Көрсетілген иемдену
және пайдалану құқықтары мүлікті нақты иелік етуге байланысты.
Билеу – бұл заңға негізделген, яғни заңмен қамтамасыз етілген және
кепілдендірілген мүліктің тағдырын анықтау мүмкіндігі. Бұл құқық төрт
формада жүзеге асады:
1) мүлікке иелікті өзгерту арқылы;
2) мүліктің жағдайын өзгерту арқылы;
3) мүліктің қолданылуын өзгерту арқылы;
4) мүлікті басқа біреуге сенімді басқаруға тапсыру арқылы. Белгілі
ұғымға байланысты мүлікті билеу меншік құқығының негізгі ережесі болып
табылады.
Осы төрттік өздігінен меншік құқығының мазмұнын толық ашуға
жеткіліксіз. Меншік құқығының мәні мен заңдық ерекшелігі олардың тізімінде
емес, санатында болса керек. Заттық құқықтардың ішінде меншік құқығы
толығынан қамтитын құқық болып табылады, сондықтан ондағы затқа шаруашылық
иелігін жүзеге асыру дәрежесі мейлінше толық жүзеге асырылады. Меншік
қатынастарының заңдық нормалары объектіні мүлік ретінде ғана қарастырады.
Ол меншіктің заңды және жеке тұлғаларға қатысты статистикасын белгілейді
және мүліктің заңды иесін анықтап, оның тәуелсіздігін кепілдендіреді. Құқық
мүлік қозғалысын заңды түрде реттейді, оның айналымын, сондай-ақ өзгерісін
немесе мүлікке құқықты қайта бөлуді қамтамасыз етеді. Құқықтық байлық
динамикасы мен оның белгілі механизмін көрсетпейді.
Ал бұл болса экономикалық ғылымының функциясы болып табылады. құқық
мынандай сұрақтарға жауап бермейді: байлық өсімі негізі неде? қоғамда
жасалған материалдық игіліктер мен қызмет көрсетулер қалайша бөлінеді?
қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтары арасында байлықты бөлісуде неге үлкен
айырмашылықтар бар? Бұл және басқа да осындай сұрақтарға экономикалық жауап
іздейді және табады.
Экономикалық ғылымда меншік қатынасының экономикалық және заңдық
аспектілерінің арақатынасы пікір-таластарға жол береді. Меншік
қатынастарының аталған екі аспектісі туралы сөз болғанда, бұрынғы
экономикалық әдебиеттерде олардың өзара байланысы үстірт және бір мағыналы
болып келгенін атап айту қажет. Меншік қатынастарының заңдық және
экономикалық өзара әрекеті негізінен олардың бір-біріне сәйкестігі дәрежесі
бастапқы және қайталама мәртебесі туралы болып келеді.
Меншіктің құқықтық қатынастары меншіктің экономикалық қатынастарын
“безендіруші” ретінде қарастырылып келді, құқықтық экономикалық
қатынастарға қатысты бағынушы сипатын дәлелдеу етек алды.
Ал шын мәнінде меншік құқығын өмірге экономикалық қатынастар алып
келген деген тұжырымдамада ақиқат бар.
Дегенмен, құқықтық және экономикалық қатынастардың өзара
байланыстарының күрделі жүйесін тек қана осы жері арқылы түсіндіруге
меншіктің құқықтық формасының сапасына назардың төмендеуіне әкелді және
оның меншіктің экономикалық қатынастар жүйесі ретіндегі жүзеге асу
денгейіне әсерін әлсіздендіреді. Дұрысы экономикалық меншік қатынастары
белгілі бір дәрежеде дербес қозғалысқа ие қатынастар, сонымен бірге өзара
байланысты және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік және экономикалық жүйе
Қазақстан Республикасында жеке меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы
Меншік: қатынастары, мағынасы, иесі
Мемлекеттік меншік: қалыптасу жолдары, ерекшеліктері және экономикадағы орны
Меншіктің маңызы мен формалары
Жеке меншік
МЕНШІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖЕКЕ
Меншіктің жеке меншіктен айырмашылығын анықтау
Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтың экономикалық негізі, формалары және әдістері
Меншік экономикалық категория түрінде
Пәндер