ХХ ғасырдың басындағы қазақ диаспорасының пайда болуы (1910-1930 жж)


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы
Б І Т І Р У Ж Ұ М Ы С Ы
-
Тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы қазақ диаспорасының пайда болуы (1910-1930 жж)
Орындаған: 4 курс
студенті Ж. А. Тлеуова
Ғылыми жетекшісі:
т. ғ. к, доцент
Ф. А. Қозыбақова
Қорғауға жіберілді “ ” 2006 ж.
Кафедра меңгерушісі
т. ғ. д., профессор Қ. С. Қаражан
Алматы-2006
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3-6 бб
1-тарау. 1917 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕ ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ7-21 бб
- Столыпин аграрлық реформасының қазақ босқындарының артуына әсері 7-13 бб
- 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және қазақтардың жаппай Қытайға ауа көшу мәселесі 14-21 бб
2-тарау. 1917-1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ БОСҚЫНДАРЫ: ТАРИХЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ 22-43 бб
2. 1. Большевиктер үкіметі жүргізген әлеуметтік-экономикалық шаралар босқынышылықтың басты себебі (1917-1930 жж) 22-37 бб
2. 2. Қазақтардың шетелге ауа көшулері, мәселелері 37-43 бб
ҚОРЫТЫНДЫ 44-45 бб
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ 46-49 бб
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі кезеңде өткен тарихымызды қайта таразылап, оны жан-жақты саралап, кеңінен зерттеуге мүмкіндіктер алғаны баршамызға мәлім. Қазақ қазір жер бетіндегі өскелең халықтардың бірі. Себебі 1992 жылдың 28 қыркүйегі мен 5 қазан аралығында болып өткен дүние жүзі қазақтарының Құрылтайында: « . . . бүкіл әлемдегі отандастарын Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интелектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, кіндік кескен қасиетті топырақта бас қосқан осынау тарихи шақта бар қабілеті мен еңбегін туған елдің игілігіне» /1/ жұмсауға шақырғандығы осыны анық аңғарта түседі. Қазіргі таңда бүкіл әлемде шашырап жүрген қандастарымызды жеріне топтастыру, ата-бабасының туған жері мен топырағына қайта оралту мәселесі қозғалған тұста қазақ диаспорасының пайда болу жағдайлары мен мәселелері тарихымыздың өзекті мәселелерінің қатарында екендігі айқын.
Яғни қазақ халқының демографиялық дамуы туралы сөз болғанда, өткенінінде әртүрлі күрделі тарихи оқиғаларға байланысты оның аман қалған санынының жан-жақты шоғыры мен шашырағаны жайлы, Қазақстаннан тыс жердегі қазақтардың диаспорасы туралы айтпай кете алмаймыз. Қазіргі диаспорамыздың қиын мәселелерін көтеру тек мемлекеттік егемендігіміз, ұлттық мүддеміз, халықтық мүддеміз тұрғысынан ғана қажет болып отырған жоқ. Ол әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, өткеннің қатесін түзету, адам құқын қорғау сияқты маңызды мәселелерге қажет.
Әсіресе ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ халқы дүние жүзінде болып жатқан саяси оқиғалардың, түрлі жағдайдағы халықаралық қатынастардың ықпалына ұшырап, қилы кезеңді басынан өткергені баршамызға мәлім. Сан мыңдаған қандастарымыз 1916-1933 жылардың тұсында ең әуелі Ресей империясының, кейін большевиктердің қысымынан ата қонысынан ажырап, көршілес жатқан алыс-жақын шетелдерге үдере көшуге мәжбүр болды. Соның ішінде Қытай мен Монғолияға қарай қазақ жұртының сарытабан үркіншілігі негізінен азамат соғысы жылдары кенеттен жаңаша күйге түскен. Тағы да басқа анығын айтсақ, бұл кейініректе әміршілдіктен кең етек жайған қызылтабан босқыншылық пен қызыл қырғынның бастамасы еді.
Жалпы «диаспора» деген грек сөзі, шашыранды өсу деген мағананы білдіреді. Олай болса сол шашыранды өсу немесе ата қонысынан еріксіз басқа елдің қоластына барып паналау арқылы күн кешкен қазақ диаспорасының маңызды мәселелерін қарастыру, салмақтау, зерттеу қазақтың біртұтас тарихының белгілі бір тарихи дәуірінің мазмұнын байытуға негіз болады.
Жұмыстың зерттелу деңгейі: ХХ ғасырдың бас кезеңдегі қазақ диаспорасының пайда болуы мен мәселелері турасында арнайы зерттеу еңбегі бар деп айту әлі ертерек. Жалпы мәселеге тікелей қатысы бар 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен 1929-1931 жылдар аралығында болып өткен халық наразылықтары мәселелері, қазақ босқындарының пайда болуы жайындағы түрлі көзқарастар мен пікірлер төңерегінде жазылған бай тарихнамасы бар. Әйтсе де, Ресей, Қазақстан мен шетелдік ғалымдар тарапынан жазылған біраз еңбектер мәселенің басқа қырларынан шешуде қоланысқа ие бола алады.
Біз қарастырып отырған мәселеге тікелей қатысты еңбектердің алғашқы қатарында Г. М. Меңдіғұлованың «Тарихи тағдыр қазақ диаспорасының шығу тегі мен дамуы» /2/ атты докторлық еңбегін атауға болады. Аталған еңбек арнайы қазақ диаспорасының пайда болуы мен үрдістері мәселелерін қарай отырып, диаспораның шығу тарихы мен себептеріне теориялық пайымдаулар жасаған. Зерттеуші қазақ диаспорасының мәселелеріне тоқтала отырып, ХХ ғасырдағы тарихи оқиғалар, оның ішінде Столыпин аграрлық реформасы, 1916 ұлт-азаттық қозғалыс, Кеңес үкіметінің орнауы мен азамат соғысы және ұжымдастыру сынды науқандардың қазақ диаспорасының пайда болуына үлкен екпін бергендігіне қысқаша тоқталып өтеді.
Сондай-ақ Т. Есмағанбетовтың редакциялауындағы «Қазақ диаспорасы» /3/ атты еңбекте шетелдік ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан жалпылама жазылған зерттеулер қатарынан аталған кезең туралы қысқаша ой-пікірлер кездеседі.
Ал қазақ елінің аталған кезеңдегі демографиялық жағдайлары туралы мәліметтер М. Тынышбаевтың /4/ еңбегінде кездеседі.
Қазіргі кезеңде қазақ тарихының жаңарған тарихы туралы түрлі зерттеу еңбектерін ұсынып жүрген танымал ғалым Т. Омарбековтың «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті» /5/ атты зерттеу еңбегінде қазақтардың шетелдерге ауа көшуі туралы мол мәліметтер жұмыстың түрлі қырларын ашуда пайдаланылды. Әсіресе, аталған еңбекте қазақ шаруаларын күшпен және жаппай ұжымдастырудың ауыр саларыныан көптеген қазақтардың көршілес Қытай асып кетуі нақты архивтік құжаттар негізінде көрсетіледі.
Сол сияқты М. Қ. Қозыбаев., Қ. С. Алдажұманов., Ж. Б. Әбілқожиндердің біріккен “Қазақстандағы күшпен коллективтендіру: қорлық пен зорлық” /6/ атты шағын зерттеу жұмысында 1929-1931 жылдардағы халық наразылықтарына қатысқан тұлғалардың босқыншылық әрекеттері аталынып өтеді.
Белгілі демограф-ғалым М. Тәтімовтың «Қазақ әлемі» /7/ атты еңбегінде халқымыздың Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, күні бүгінге дейінгі демографиялық дамуымыздың жай-жапсары турасындағы мәліметтерінің қатарында қазақ диаспорасы туралы да аздаған мәліметтер келтіріледі.
Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері Алтай Халифа /8/ мен Хасен Оралтайдың /9/ еңбектерінде кезіндегі Қытай билеушілерінің езгісіне мойынұсынғаннан гөрі азапты да азат жолды қалаған қазақ босқындарының Такламан шөлінен өтіп, Гималай асып, Үндістан, Ирак, Сирияны басып Туркияға және де алыс-жақын шетелдерге өтулері туралы баяндалады. Аталған еңбектер тікелей зерттеуімізге қатысы болмаса да, тақырыпты өзге тұрғыдан қарастыруда мол мүмкіндіктер бере алады.
Соңғы жылдары қазақ диаспорасының түрлі кезеңдері туралы мерзімді баспасөз беттерінде Г. Ахметбекқызы, Х. Алтай, Т. Зәкенұлы, Н. Мұхаметханұлы, Ж. Қасымбаев, Қ. Қалтабайұлы және тағы да басқа зерттеушілердің еңбектерінде түрлі мәліметтер кездеседі.
Бітіру жұмысының деректік негізі осы кезеңдегі тарихи оқиғалардың белгілі шындығы мен ғылыми сипатын толықтыратыны сөзсіз. Негізінен жұмысты жазу барысында « 1916 жылғы Орта Азия мен Қазақстандағы көтеріліс (материалдар мен құжаттар жинағы) » /10/ атты жинақтан қазақ босқындарының ұлт-азаттық қозғалыстан тұсында пайда болуы жайында мәліметтер кездестіреміз. Сондай-ақ М. Қ. Қозыбаев., Қ. С. Алдажұманов және басқалар бірлесіп баспаға дайындаған «Қаһарлы 1916 жыл (құжаттар мен материалдар жинағы) » /11/ атты еңбектен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың орын алу себептері мен оның қазақ диаспорасының пайда болуына қатысты мәліметтер кездеседі. Ал 30 жылдар турасындағы архивтік материалдар топтамаларын зерттеуші Т. Омарбековтың /12/ еңбектерінен кездестіретінімізді баста атап өткен болатынбыз.
Жалпы ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысының әр түрлі кезеңдегі деректік базасы мен 20-30 жылдардағы саяси оқиғалар базасы толықтай игеруді әлі де болса қажет етеді. Мұның өзі маңызды тақырыпты зерттеуде теориялық-методологиялық көзқарас әзірлеуге белгілі бір дәрежеде әсер етеді деп ойлаймыз.
Бітіру жұмысының хронологиялық шегі ЧХғасырдың алғашқы кезеңі, яғни 1910-1930 жылдарын қамтиды. Себебі аталған кезеңде патшалық империя қысымы мен артынша орнаған Кеңес үкіметінің саяси жүйесі қазақ диаспорасының одан әрі тереңдеуіне жол ашып берген еді.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты ХХ ғасырдың басындағы түрлі тарихи жағдайлардың орын алуына байланысты қазақ диаспорасының пайда болуы мен олдан әрі тереңдей түсуі турасында саралай отырып, аталған мәселенің кейбір қырларын ашуға мүмкіндіктер жасау болып отыр. Айқындалған мақсатымызға байланысты мынандай міндеттерді шешуді белгіледік:
- Столыпин аграрлық реформасының қазақ босқындарының артуына әсері мен мәнін ашу;
- 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және қазақтардың жаппай Қытайға ауа көшу мәселесіне тоқталу;
- 1917-1930 жылдардағы большевиктер үкіметі жүргізген әлеуметтік-экономикалық шаралардың қазақ босқындарының артуындағы басты себептерінің мәнін ашып көрсету;
- 1930 жылдардағы қазақ диаспорасының қалыптасу мәселесінің қырларын айқындау;
Бітіру жұмысының құрылымы кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар екі тараудан (әр тарау екі бөлімнен) және пайдаланған әдебиттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.
1917 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕ ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1. 1. Столыпин аграрлық реформасының қазақ босқындарының артуына әсері
Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи этно-демографиялық жағдайы - алғашқыда отарлық күштеп бағындырудың әсерінен, кейін келе лениндік ұлт саясатының бұрмаланып, республикамызда әр түрлі ұлттардың миграциялық толқынының орталығына айналуы сталиндік зұлматтың қияметтей болған қиындыған қатты өзгеріске ұшырағаны белгілі. Нәтижесінде қазақ ұлтының еріксіз шашырап өмір сүруге немесе қазақ диаспорасының пайда болуына әсер еткен кезеңі ХХ ғасырдың алғашқы тұсы деп көрсете аламыз. Себебі ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы аграрлық мәселелердің шиеленісуі өзінің шырқау шегіне жеткен болатын. Бұған империяның бұрынғы қоныстандыру саясаты мен одан кейінгі жергілікті халықтан жерді тартып алуға бағытталған түрлі қаулылары себеп болды. Ресей аудандарынан жаппай шаруалардың ағылып келуінің күшеюі үкіметті Қазақстанның бұрын жабық болған аудандарына қоныстандыру үшін ашуға мәжбүр етті. Бұл мәселе негізінен Түркістан генерал-губернаторлығының жерлеріне қатысты болды. Оларға Жетісу облысын қоспағанда, қоныс аударушыларды орналастыруға тиым салынған еді. 1903 жылғы 10 маусымдағы «Сырдария, Ферғана және Самархан облыстарныдағы қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аудару туралы» ережелер бұл аудандарға сол кезге дейін іс жүзінде заңсыз болып келген қоныс аударуды заңдастырып берген еді /13/. Бір ғажабы сол заңды талқылау барысында үкіметтік комиссария 1891 жылғы дала ережесінің көшпелілер артык болып шығуы мүмкін жерлер мемлекеттік органдардың карамағына түседі делінген 120-бабына әйгілі ескертуге сүйенді. «Заңның жоғарыда келтірілген баптарын салғастыру аркылы, - делінген түсініктемеде, - қазіргі қолданылып жүрген заңдар негізінде мемлекеттің көшпелілерді камтамасыз ету үшін өз қалауынша артык алкаптарына билік етуге толық құқығы бар, Жерге орналастыру жөне Егіншілік Бас Баскармасының карамағына берілуге тиіс деген қорытындыға келмеуге болмайды» 14/ деп айтылғанындай, 1891 жылғы Дала Ережесін карау кезінде 120-бапка ескертудің өзі байырғы халыктан жерді алып коюды заң жүзінде негіздеу үшін жеткіліксіз болған еді. Дегенмен, бұл заң шығарудағы мағынасыздык заңнан заңға көшіріліп отырды.
Мемлекет үшін стратегиялык маңызды аудандарға катысты бұрынғы қаулылардағы сиякты, Түркістан өлкесіне артыкшылықты және шаруашылық жағдайларын ескере отырып, православие дінін ұстанушы адамдарды, яғни жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген адамдарды (раскольниктер үшін ерекшелік жасалды) қоныстандыру көзделді. Жан басына шаққандағы үлес едөуір - суармалы жердің үш десятинасына дейін шектелді, оның есесіне мал өрісі мен жайылымдык жерлер қажетінше қалдырылды. Қоныстанушылар жыл бойы салық жеңілдіктерімен қамтамасыз етілді және өскери қызметтен босатылды.
Көші-қон еркіндігін күшейту үшін 1904 жылғы 6 шілдедегі «Село тұрғындары мен егінші мещандарды өз еркімен коныс аударту туралы уақытша ережелердің» зор маңызы болды, оның заң күші бар еді. Жаңа ережелерге сәйкес шаруалардың бұрынғы қоныстанған орындарынан үкіметоргандары-ның рұксатынсыз еркін кетуіне рүксат етілді, ол 1889 жылғы Ережеде бекітілген болатын.
Алайда үкіметтің барлық күш-жігеріне карамастан, қоныс аудару козғалысы ұйымдасқан түрде емес, бұрынғысынша неғұрлым стихиялы түрде жүре берді. Мәселен, 1905 жылы өз бетімен коныс аударушылар саны Акмола облысы бойынша олардың жалпы санының 54, 7%-ы, Семей облысында - 61, 5%-ы, Торғай облысында - 88, 6%-ы болды /15/. Сондықтан XX ғасырдың басынан қоныс аудару қозғалысы ұйьмдасқан сипат алды дегенмен жалпы келісуге болмайды. Жекелеген зертгеушілер «қоныс аудару ісі бойынша толып жатқан зандар мен екімдерге қарамастан, үкімет өз бетімен қоныс аударушыла-рға жеткілікті дәрежеде ыкпал ете алмады, сейтіп ез бетімен қоныс аударушылар саны жылдан-жылға өсе берді» деген тұжырымға келеді. «Үкімет коныс аудару ісіне басшылық етіп отырған жок, оларды кеш біліп, сол оқиғаларды тіркеп отыр», - деп Қазақстанды шаруалар арқылы отарлауға зандык құқык беру жөніндегі үкімет органдарының әрекетгері туралы ашық айтылды /16/.
Қазақстанда XIX ғасырдың аяғынан бастап жер бөлуші топтар жұмыс істеді, олар «бос» деп белгіленген жерлерде коныстану учаскелерін кесіп беруге тиіс болатын. «Бос жерлер» дейтіндерді далалык облыстарды зерттеу женіндегі экспедиция, басқаша айтканда Ф. А. Щербинаның экспедициясы анықтауы керек еді. Экспедицияның жұмысы ол жұмыс істеген жылдардың өзінде-ақ, өсіресе, қазақтардың жер пайдалану нормаларына қатысты көп ескертулер жасады. Солай бола тұрса да, ішінара осы есептеулер бойынша 1893-1905 жылдарда далалык облыстарда 4074180 десятина, оның ішінде Акмола коныстандыру ауданында - 2550202 десятина, Семейде - 499 566 десятина, Торғай-Орал ауданында - 1024412 десятина жер тартып алынды. Барлығы 18 миллион десятина алынуға тиіс болатын /17/. Алайда көп ұзамай бұл цифрлар үкіметті қанағаттандырудан қалды. Қазақтардың жер пайдалану нормаларын, оларды кеміту жағына қарай қайта қарау туралы жөне жаңа экспедициялык зерттеу қажеттігі туралы мәселе қойылды. Дегенменде, мұндай нормаларды әзірлеу кезінде қандай да болсын ғылыми сипат берудің өзіне де қарсы дауыстар естіле бастады. Мәселен, Егіншілік жөне Мемлекеттік мүлік министрлігі егіншілік департаментінін директоры Н. А. Крюков қазақтарды жерге орналастыру туралы мәселе жөніндегі кеңесте Дала өлкесіндегі зерттеулердің қандайына болсын, жалпы земство статистиктеріне қарсы шықты, мұнысын «көшпелі тұрмыс жойылуға тиіс жөне барлық көшпелілер жер иеліктерінің белгілі бір шекарасына ығыстырылуға тиіс», өйткені «көшпелі тұрмыс . . . басқаша айтқанда, ешнәрсе кысым жасамайтын кезбелік» деп дәлелдеді /18/.
Нәтижесінде күштілердің әлсіздерден жерді тартып алуы кауымдар деңгейінде де жүріп жатты. Мөселен, Акмола облысының Көкшетау уезінде қауымдардың үштен екісінде жер жеткіліксіз болды, ал қалған үштен бірі жермен орташа деңгейден сәл жоғары келемде қамтамасыз етілді. Жоғары топтың жер көлемі теменгі топтың жер көлемінен 41 есе асып түсті /19/.
Қазақстандағы жер қатынастарын қиындатқан елеулі себептердің бірі жердің бір белігінің казак әскерлеріне тиесілі болуы еді. 1917 жылға карай Орынбор әскерінде 7, 4 миллион десятинадан астам, Жетісу әскерінде - 681, 5 мьщ десятина, Сібір әскерінде - 4, 9 миллион десятина, Орал өскерінде - 6, 4 миллион десятина, Астрахан әскерінде - 808 мың десятинадан астам жер болды /20/.
Алайда бұл ашкөздік империя саясаты мұнымен тоқтап қалмаған еді. Қазақстандағы күрделі жер қатынастары жағдайында столыпиндік аграрлык реформаны кеңінен жүргізу өріс алды, оның мақсаты қоныстандыру қоз-ғалысын күшейту болатын.
1906-1911 жылдарда Министрлер Кенесінің төрағасы және Ішкі істер І министрі болған П. А. Столыпин елді жаңғырту принциптерін әзірледі, оның бірінші шарты шаруаны жердің иесі етіп бекіту болатын, П. А. Столыпиннің аграрлык саясатының мәні үш заң актісінде көрсетілді, бұл - Сенаттың қарауына берілетін 1906 жылғы 9 карашадағы «Шаруалардың жер иеленуіне және жер пайдалануына қатысты қолданылып I жүрген заңның кейбір қаулыларын толықтыру туралы» жарлык, ол III Мемлекеттік Думада 1910 жылғы 14 маусымдағы «Шаруалардың жер иеленуі жайлы кейбір қаулыларды өзгертулер мен толықтырулар туралы» заң етіп толықтырылды және қайта өнделді. 1911 жылғы 29 мамырда «Жерге орналастыру туралы» заң қабылданды. Аграрлық реформа бой\ынша шараларды жүргізу Сенат Жарлықты қабылдағаннан кейін І906 жылы басталды. 1907 жылғы 1 каңтардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінін, күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыкхан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерден жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу кұқығын» жариялады /21/. Сонымен бірге 1910 жылғы заңның 42-тармағында Азиялық Ресейдің жеріне қоныс аударғандар оларды жаңа қонысқа түпкілікті тіркеген күннен бастап екі жылдан соң шыққан жерлеріндегі қауымдық жерге үміттену құқығын жоғалтады деп арнайы көрсетілді. Сөйтіп, столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері - шаруаларды азат етті жөне олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді жеке пайдалану құкығын беріп, қоныстандырушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жеріне қайтып оралу мүмкіндігін шектеді. Реформа нөтижелерінің бірі - шаруалардың шет аймақтарға, атап айтканда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Казақстанда қоныс аударушылар үшін алынған жердің жалпы мөлшері жөнінде өр түрлі мәліметтердің өзара едәуір айырмашылығы бар. Мәселен, 1917 жылы қоныс аудару органдарының кұзыретгі шенеунігі В. А. Трес-вятский жариялаған деректер бойынша, 1916 жылға карай Дала өлкесінде зерттелген 106 миллион десятина жердің 30 миллион десятинасы, яғни үштен біріне жуығы басы артық жер дейтінге жатқызылған және қазақтардан күшпен тартып алуға арналған /22/. Алайда «Оралдың арғы жағына қоныс аудару жөне жерге орналастыру бойынша шолулар» деректеріне сүйеніп Ә. Б. Тұрсынбаев жасаған есептеулерде 1906-1915 жылдар кезеңі ішінде Ақмола, Семей және Торғай-Орал қоныс аудару аудандарында нақтылы алы-нған қазақ жерлері 15, 8 миллион десятина болған. Оның үстіне Жетісу қоныстандыру округінде - 3, 3 миллион десятина, Сырдария округінде - 2, 5 миллион десятина жер тартып алынған. Қорытынды цифр 21 206 118 десятина болды /23/. Б. С. Сүлейменов те нақ осы деректерді келтіріп береді. Жер-гілікті халықтан тартып алынған жер 9111 учаскеден тұрды. Жалпы қоныс аудару қорына бөліп берілген жермен қоса қазақтардың жер пайдалануынан казак әскерлеріне арналған орман, саяжайларына жөне басқа да казыналык қажеттерге, қалалар мен темір жолдардың орналасуына арнап тартып алын-ған жерлерді қоса есептегенде қоныстандыру қорына тартып алынған жердің жалпы көлемі 45 миллион десятинадан астам болып шығады. Дала өлкесінің уездері мен облыстары бойынша тартып алынған жердің көлемі тең бөлінбеді. Мәселен, Омбы уезінде бұл барлык жердің 52%-ы, Ақмола уезінде - 73%-ы, Қостанай уезінде - 54%-ы болды жөне т. б /24/.
Нәтижесінде мұндай көзсіз қазақ жерін талау 1912-1914 жылдары Қытай еліне қарай ағылған халықтық миграцияға әкеліп соқты. Мәселен, «Русское Слово» газеті өзінің 1912 жылғы 21 желтоқсандағы санында Шымкент уезіндегі бір шенеунік жергілікті қырғыздар (қазақ) жерін күштеп тартып алғандығы, нәтижесінде қорлық көрген халықтың Қытай еліне көш түзегендігі туралы атап өтеді. Мұндай халықтың өз ата қонысынан ауа көшуі болашақ қазақ диаспорасының ұлғаюына себепші болған еді. 1911 жылғы санақ бойынша Қытай еліндегі қазақтар саны 224 мың 900 адамды құраған /25/.
Келесі кезекте А. Столыпин реформасының қауымдарды күйретіп, хуторлық шаруашылықтар құру туралы идеялардың бірі де сөтсіздікке ұшырады. Елде фермерлік шаруашылықты дамыту туралы ой дұрыс айтылған болатын. Бірақ Қазақстан жағдайларында, игерілмеген жерлерде шаруалар арасында, керісінше, тірі қалу кепілі ретінде қауымдардың рөлі арта түсті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz