Сұлтанбек Қожанұлы мемлекет және қоғам қайраткері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ...03
1. Тарау. С. Қожановтың өмір жолы ... 08
1.1. Сұлтанбек Қожановтың балалық шағы ... ... ... ... ... ... ... ... ...08
1.2. С. Қожановтың шығармашылығы ... .22
2. Тарау. Сұлтанбек Қожанов мемлекет және қоғам қайраткері ... 26
2.1. С. Қожанов жауапты қызметтерде ... 26
2.2. Мәскеуде «Қожановшылдық» қайдан туды? ... ... ... ... ... ... ... .40
2.3. С. Қожановқа тағылған жалған жала
Қорытынды ... ... ... ... ... ..45
Қолданылған әдебиеттер

Бұдан жарты ғасыр бұрын ілеріде заңсыз жапа шеккендер есімі халыққа қайтарылып, қайта құрудың әділетті аясында тиісті қадір – құрметке бөленіп жатқан қазіргі шақта оқырман назарын сондай ықыласқа лайық мына тұлғаға аударуды парызым санап бітіру жұмысымның тақырыбы етіп алдым.
Бітіру жұмысымның көкейтестілігі 1937 жылғы Сталиндік зұлматтың құрбаны , жазықсыз жазаланған көрнекті мемлекет қайраткері , публицист С. Қожановтың өмірбаяны, қоғамдық қызметі , еліне сіңірген еңбегі.
Менің бітіру жұмысым кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.
Бітіру жұмысымды С. Қожановтың сол кездегі кеңес өкіметінің көсемі В.И.Ленинмен және 1937жылғы Сталиндік зұлматтың құрбаны, жазықсыз жазаланған көрнекті мемлекет қайраткері, публицист Сұлтанбек Қожанұлының (1894-1938) өмір баяны, қоғамдық қызметі, еліне сіңірген еңбегі баян етілді. Оның В.И.Ленинмен кездесуі, В.В.Куйбышевпен, С.М.Кировпен, И.В.Сталинмен жүздесіп, әріптес болуы, сондай-ақ халқымыздың аяулы ұлдары Т.Рысқұлұлы, Н.Төреқұлұлы, М.Жұмабайұлы, тағы басқалармен қоян-қолтық араласа еңбек етуі баяндалды.
Бітіру жұмысымның негізгі мақсаты мен міндеттері мемлекет және қоғам қайраткері С.Қожановты хлқымызғ паш ету.
Ақталғанына отыз жылдан асқанымен, не Қазақ Совет Энциклопедиясынан, не басқа анықтамалықтардан С.Қожанов туралы ешқандай өмірбаяндық дерк таба алмайсыз. Таңқаларлық жәйт.

1. Құдайбергенұлы Ж. «Түркістанмен тағдырлас қайраткер» 1998ж.
2. Тілегенов Қ. «Халық қаһарманын ұмытпайды» Оңтүстік Қазақстан 1997ж 30 тамыз 2 бет.
3. Нұрпеісов Н. «Ахметке ара түсіп, Мағжанды сүйрегені үшін. Оңтүстік Қазақстан 2004ж. 17 тамыз. 6 бет.
4. «Аяаулы аға туралы айтар сөз» Оңтүстік Қазақстан. 1994ж. 25 маусым. 4 бет.
5. Жаңақорғани Ж. «Өткен күнде белгі бар. Ақиқат. 1994ж. 9. 73 бет.
6. Жолдасов С. Ақсүмбеден ұшқан ақиық. Оңтүстік Қазақстан 1994ж. 13 тамыз.
7. «Ұлтын сүйген ұл» С Қожанов 110 жаста. Жас алаш. 2004ж. 12 қазан 4 бет.
8. Әлиқызы А. «Аға есімі ұрпақ есінде» Атамекен. 1998ж. 14 қазан. 4 бет.
9. Қырғызбаев Ө. «Ұлтымыздың мақсатынша болған С Қожановтың туылғанына 110 жыл» Оңтүстік Қазақстан 2004ж. 28 қазан 5 бет.
10. Оңтүстік Қазақстан. 2004ж. 23 қазан. 13 бет.
11. Сырұлы Н. «Сұр жебедей» 2004ж. 23 қазан. 13 бет.
12. Тілеуов Г. «Жазықсыз жазаланған тұлғалар» Ташкент. 2000ж. 29 бет.
13. Тұрантегі Д. Оңтүстік Қазақстан. 2004ж. 21 тамыз. 4 бет.
14. Жолтай Әлмашұлы. «Түрмеде сөнген шырақ»
15. «Арай» журналы 1998ж N8.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылымминистрлігі
Қазақ-Араб Университеті
Қазақстан тарихы және География кафедрасы
БІТІРУ-БІЛІКТІЛІК ЖҰМЫСЫ.
Тақырыбы: Сұлтанбек Қожанұлы мемлекет және
қоғам қайраткері
Тарих-философия факультетінің 25-11
тобының студенті
Аманов Ш. А.
Ғылыми жетекші:
т.ғ.к., профессор
Жанысбеков Ә. Ж.
Шымкент 2005 ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..03
1. Тарау. С. Қожановтың өмір
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 08
1.1. Сұлтанбек Қожановтың балалық
шағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 08
1.2. С. Қожановтың
шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..22
2. Тарау. Сұлтанбек Қожанов мемлекет және қоғам қайраткері ... 26
2.1. С. Қожанов жауапты
қызметтерде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.2. Мәскеуде Қожановшылдық қайдан туды?
... ... ... ... ... ... ... .40
2.3. С. Қожановқа тағылған жалған
жала ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 48
Кіріспе
Бұдан жарты ғасыр бұрын ілеріде заңсыз жапа шеккендер есімі
халыққа қайтарылып, қайта құрудың әділетті аясында тиісті қадір –
құрметке бөленіп жатқан қазіргі шақта оқырман назарын сондай
ықыласқа лайық мына тұлғаға аударуды парызым санап бітіру
жұмысымның тақырыбы етіп алдым.
Бітіру жұмысымның көкейтестілігі 1937 жылғы Сталиндік зұлматтың
құрбаны , жазықсыз жазаланған көрнекті мемлекет қайраткері , публицист С.
Қожановтың өмірбаяны, қоғамдық қызметі , еліне сіңірген еңбегі.
Менің бітіру жұмысым кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан
тұрады.
Бітіру жұмысымды С. Қожановтың сол кездегі кеңес өкіметінің
көсемі В.И.Ленинмен және 1937жылғы Сталиндік зұлматтың құрбаны,
жазықсыз жазаланған көрнекті мемлекет қайраткері, публицист
Сұлтанбек Қожанұлының (1894-1938) өмір баяны, қоғамдық қызметі,
еліне сіңірген еңбегі баян етілді. Оның В.И.Ленинмен кездесуі,
В.В.Куйбышевпен, С.М.Кировпен, И.В.Сталинмен жүздесіп, әріптес болуы,
сондай-ақ халқымыздың аяулы ұлдары Т.Рысқұлұлы, Н.Төреқұлұлы,
М.Жұмабайұлы, тағы басқалармен қоян-қолтық араласа еңбек етуі
баяндалды.
Бітіру жұмысымның негізгі мақсаты мен міндеттері мемлекет
және қоғам қайраткері С.Қожановты хлқымызғ паш ету.
Ақталғанына отыз жылдан асқанымен, не Қазақ Совет
Энциклопедиясынан, не басқа анықтамалықтардан С.Қожанов туралы
ешқандай өмірбаяндық дерк таба алмайсыз. Таңқаларлық жәйт. Өйткені
ол ревалюция тудырған айшықты тұлғалар қатарындғы қйраткер. Ендеше
оның сонша ұмыт қалдырылуы қалай? Абайлап қарасақ, мәселе оның
Қакзақстан партия ұйымы тарихындғы 20жылдардың алғашқы жартысынд
қылаң беріп, белсенділер тақпыртымен дабырайған шылдық-
шілдіктердің бірімен таңбаланғнында екен.
Тұтқындалғанға дейін (1937 жылғы 16 июль) Советтік бақылау
комиссиясының Өзбекістан бойынша өкілінің орынбасары болып істеген
Сұлтанбек Қожанұлы Қожановты айыптау жөніндегі істі СССР жоғарғы
сотының әскери коллегиясы 1957 жылдың 5 июльінде қайта қарады, -
делінген онда. - Әскери коллегияның Сұлтанбек Қожанұлы Қожановқа
қатысты 1938 жылғы 8 февральдағы үкімі жаңадан ашылған жағдайларға
байланысты қайтып алынып, қылмыс құрамы болмағандықтан іс
тоқтатылды. Сұлтанбек Қожанов қайтыс болған соң ақталды.
Қазіргі Шымкент облысы, Созақ ауданындағы Ақсүмбе деген
жерде 1894 жылы туған Сұлтанбектің қысқа ғана балалық шағы сол
Қаратау баурайында, шаруасы жартымсыз, сіңірі шыққан кедей малшы
болған әкесі Қожан Қоңқанұлының қолында өседі. Көп балалы қойшы
Қожанның ұлдарының үлкені Сұлтанбек екен. Патша үкіметі өзінің
отардағы ісіне септесер болашақ қолшоқпарларын тәрбиелеу мқсаты
мен орыс-тузем мектептерін ашып, оқытатын балаларды әр болыстан
жинауға кіріскенде, ауқаттылар тұқымын шоқындырып алудан
қорғаншақтағандықтан, жеребе бір қора ұл-қызы бар кедей – кепшек
Қожанның бақташы болып жүрген еті тірі, пысық жеткіншегі –
Сұлтанбегіне түседі. Осындай жағдаймен он бір жасар баланың
тұрмыс салтына өзгеріс енеді - әкесі оны Түркістанға әкеліп,
танысының үйіне орналастырады. Мұнда ол бір ауыз орысша сөз
білместен орыс-түзем мектебінің партасына отырады әрі күнкөріс
талабына орай етікшінің жәрдемшісі ретінде жұмыс істей бастайды.
Зирек бала орысшаға тез түсініп, төрт кластық бастауыш орыс-
түзем мектебін ойдағыдай аяқтайды да үш кластық қалалық училищені
бітірген соң, білім қуып Ташкентке келеді. Ізденімпаз жас өспірім
Сұлтанбек сондағы мұғалімдер семинариясына түсуге талпынады, ол
Түркістан уезінің түземдіктері үшін төрт орын бөлінгені Алдын ала
біліп алғантын. Алайда тым жүдеу киінген жарлы баланы бұл оқу
орны маңайлатқысы да келмейді. Тек өзінің ұстазы, Түркістан
қазақтары арасында Ұзын сақал атанып кеткен орыс тілінің мұғалімі
Иван Михайлович Яковлевтің араласуымен ғана кокурс бойынша қабылдау
емтиханын тапсыруға рұқсат алады. Сынақтардан мүдірмей өтеді.
Семинарияда оқыған жылдарында Сұлтанбек жалпы білімін көтеру мен
қатар қоғамдық озық ой пікірлері мен таныса бастайды,
мұғалімдердің астыртын ұйымдарының жүргізген жұмыстарына қатысады.
Өзі оқып жүрген мұғалімдер семинариясында 1915жылы Кеңес атты
жасырын үйірме ұйымдастырады. Оқуды 1916 жылы мақтау грамотасымен
тамамдайдыда Әндіжан өзіндегі орыс-түзем мектебінің мұғалімі болып
тағайындалады. Онд бір жыл істейді, сосын туған жеріне оралып,
ауыл метептернде бала оқытуға кіріседі. Қожановтың белсенді саяси
жұмысқа саясижұмысқа біржола ден қоюын февраль ревалюциясы мүмкін
етті. Ол Ташкентке барып, мұғалімдер институтында тыңдаушы бола
жүре, буырқанған саясат жолдарынан өз бағытын адастырмас дұрыс
жолды табуға тырыстырды ал ол кездегі жағдай нүрделі болатын.
Патша тақтан құлаған сәтте туындаған саяси мүмкіндіктерді ең
алдымен ұлттық буржуазия мен оған іркес-тіркес жүрген интилегенция
тобы пайдаланып қалуға ұмтылды бұл топ өлкенің Европа капиталымен
тығыз байланысқан түрде капиталистік жолмен дамуын қолдайтын олар
уақытша өкіметтің Түркістандағы сенімді тірегіне айналды. Тағы
бір шапшаң ұйымдасқан топ – мешіт үстемдігін орнатуға тырысқан
мұсылман дін басылары еді. Олардың Улема атты ұйымы өлкені
шариғат негізінде басқару үшін уақытша үкіметтің алдына федероация
болу талабын қойды. Буржуазиялық ұлт интелегенциясын орыстарға
беріліп, шариғатты мойындамағандығы мешіттен аллыстатады. Ал
еңбекші бұхара негізінен осы екі топтың соңынан шұбыратындай
сыңайда-тын, сондықтан да оларды ревалюцияшыл өз ұйымдарына
біріктірудің, сөйтіп орыс пролетариятына жақындастырудың маңызы зор
болды. Бұл орайда жергілікті халық арасынан шыққан
ревалюцианерлердің кең көлемде үгіт насихат, ұйымдастыру жұмыстарын
жүргізгені белгілі. Сұлтанбек те батыл түрде сол жолды ұстанды.
Жоғары да аталған костры журналының мағұлыматына қарағанда –
Қожанов февраль ревалюциясы күндерінен бастап киргиз газетінің
редакторлары газет улемистермен, олардың ұйымы ресми жойылған
сәтке дейін, күшейе түскен күрес жүргізді.
Түркістан халықтары еңбекші бұхарасының тілегі ревалюцияшыл
пролетарият қозғалысы мен үндесіп жтқанын сол кездегі кейбір
басшы қайраткерлер ұлы октябрь жеңісінен кеінде түсіне қоймады.
Мәселен 1917 жылғы 19 ноябрьде Ташкентте өткен советтердің үшінші
съезінде комфранция мынадай декларация қабылдады: Қазірг уақытта
өлкенің жоғары ревалюциялық өкіметіне мұсылмандарды енгізу тиімсіз
болып табылады, өйткені солдат жұмысшы және рестиян советі
өкіметіне түземдік халықтың көз - қарасында ешқандай айқындық жоқ,
әрі түземдік халықтың көз-қарасында ешқандай айқынды өлкелік
өкімет органдарында өкілділігі болуын франция құп аларлықтай,
таптық пролетр ұйывдары жоқ. Езілген халықтардың күллі
ревалюцияшыл элементтерін баурап алып , басқаруға тиіс пролетар
партиясының өкілдері трапынан жергілікті халыққа мұндай сенімсіздік
көрсетілуі ортақ іске көп залалын тигізді. Оның басты
себептерінің бірі - әсерлер ықпалының сол тұста зор болғандығында
жатыр еді. Ескі отаршылдық көзқрастан арыла алмаған ондай
қайраткерлер жергілікті халықтың аштыққа ұрынуы да көз жұмып
қарады. Сол шақта теріс пиғылдары мен жанаямас күреске түскен
Тұрар Рысқұловтың қатарында Сұлтанбек Қожановта болды. Тұрар
өлкедегі аштыққа қарсы күрес комиссиясын басқарып Сұлтанбек 1918
жылдың көктемінде омиссия тапсырысымен Түркістан уезіне аттанды.
Мұнда ол жергілікті капиталистер мен байлардан азық-түлік, киіз
үй жинап, Созақ, Түркістан, Жаңақорған, тағы басқа елді
мекендерде ашыққан адамдарды тамақтандыратын пунктер ашуды
ұйымдастырды.
1-Тарау. С. Қожановтың өмір жолы
1. С. Қожановтың балалық шағы.
Ақсүмбе – жер аты. Әйгілі Қаратаудың қарасүйер тұсы. Осы
өлкенің жер жағдайымен жете таныс кісі болмаса, Ақсүмбені екінің
бірі біле беруі екіталай.
Қарт Қаратаудың қойнауында туып, балалық, жастық шағымыз сонда
өтсе де атағы жер жарған Ақсүмбе трихына, Ақсүмбе шежіресіне
пәлендей зейін қойып, зердеге түймегеімізге кейінірек өкнгеніміз
бар. Шындыққа жүгінер болсақ, бұл Қаратаудың қай қойнауы шежіре
емес дейсіз. Не көп – атау көп. Не көп – тарихи орын көп.
Келіншектау, Талдысу, Ынтымақ, Ботасоқты, Наридірген, Тастүскен,
Тоқтамыс, Қатынқамал, Сопасыздың сазы... Осылайша кете береді,
кете береді. Ал, осы атаулардың әрқайсысына зейін сала қарап,
тарихына үңілсеңіз – тұнған сыр. Тыңдаңыз да жаза беріңіз. Тек
тыңдайтын құлақ керек.
Бір жылдары қазақтың белгілі ақыны Асқар тоқмағанбетов осы
Қаратаудың кең құшағындағы ең бір шұрайлы жерде демалғаны бар.
Табиғатына тарихы, тарихына табиғаты сай тау қойнауында жатып
ерекше әсерленген арқалы ақын Асекең жанындағы суырып салма ақын,
бертінде республикамыздың халық ақыны болған Манап Көкеновке бұрылып
былай деп сауал қойыпты:
Ақын ең Қаратауда туып өскен,
Сағымын арман етіп қуып өскен.
Қиялдың көк дауылын қамшы қылып
Бұрқанып төбесіне бұлт көшкен.
Ақын ең жас та болсаң көрген
көпті,
Тауың бар Қарны жарық,
Ботасоқты.
Отырмын соның жайын сұрағалы,
Қалай сол ел аузында аңыз
болыпты.
Сонда ауыз екі сөзге дес бермеген Манап ағамыз дереу
жауабын бере қойған екен:
Бұл таудың аңызы да, жыры да
көп,
Тылсымды, терең жатқан сыры да
көп.
Барлығын баяндасақ бастан – аяқ
Таусылмас шығар шыңы, құзы да
көп.
Жолбарыс таудың ішін еткен
мекен,
Бір нардың ботасын мрет еткен
екен.
Ботасоқты деп елде аңыз
қалып,
Аталып бұл тау сонан кеткен
екен.
Жаралы бота қашып, арып – ашып,
Жығылғанда тас тілген қарнын
жарып.
Жазықсыз жас ботаны есіркеп ел,
Содан бастап атаған Қарны
жарық.
Жер тарихи, ел тарихы жайлы ой толғаған ол екеуінің айтысы
Қаратаудың қатпар – қатпар жыр жолына түсірген асыл қазына болып
қалды.
Айтыс А. Тоқмағанбетовтың де, М. Көкеновтың де кезекті жыр
жинақтарында жарияланды. Мұнда көптеген тарихи атаулар жыр
кестесіне түсірілсе де, не себептен еені белгісіз, Ақсүмбе туралы
сөз айтылмапты. Ақсүмбе жайлы білетініміз мынау тектес аңыз әңгіме
ғана: Ақсүмбе – кісі аты деседі. Ертеде осы ймақта атағы жер
жарған, елінің қамын ойлаған Ақсүмбе есімді батыр болған дейді.
Ақсүмбе батыр қайратымен де, айбынымен де, ақыл – парасатымен де,
көзге түсе біліпті. Ол жерінің де, елінің де қорғаны болыпты.
Ауылының айбаты болыпты. Сонысына тәнті болған халқы осы аймаққа
Ақсүмбе деген ат беріпті...
Ал, расына келсек, Ақсүмбе жайлы аңыз көп. Әңгіме де
жетерлік. Дегенде тегін кісі болмағандығы айқын. Болмаса ел
жүрегінен берік орын теуіп қалу екінің бірінің пешенесіне жазылған
ба...
Ал, енді біреулер Ақсүмбе кісінің аты емес, сол атағы жер
жарған жаужүрек батырдың астына мінген сенімді серігі – тұлпардың
аты екен деседі. Кім біледі, ода рас шығар.
Ия, сөзді ілгері сабақталық.
Осы Ақсүмбе аталатын кішкене ауылдың түтіні түтеп, оты
жанғалы бері де не ықылым заман өтпеді дейсіз. Ақсүмбе Ақсүмбе
болғалы талай бұлақ ағып – ағып, сарқылды. Талай – талай есіл
ерлер еңіреп жүріп көз жұмды. Татих доңғалағы тоқтаған ба.
Ауыл – сол ауыл.
Төбесінен төне қараған көне Қаратау – сол Қаратау. Тек
ұрпақтар алмасуда. Адамдар жаңаруда.
Ақсүмбені ежелден мекен еткен халық қоңыраттарды. Қоңырат
руының божбан атасы, оның ішінде – жәукімдер еді. Сол жәукім атаның
ұрпақтары қай кезде де билікке таласпаған, кісіге қиянат жасауды
білмеген, момын ел – ді. Момын елдің де бір басшысы болады ғой.
20 ғасырдың бас кезінде Ақсүмбенің датқасы – Сапарбай
Мырзабайұлы еді. Сапарбай – көзі ашық, көкірегі ояу азамат. Датқа
деген атқа масайрамайда қалмайтын. Кей – кейде ауылды азан – қазан
етіп, елдің берекесін алып, Түркістанның қала бегінің барлығын
жария ететін. Түркістанның қала бегі – Бектұрсын мүледе ат ізін
салмайтын. Алда – жалда келе қалса, оның қошеметі зор болатын.
Сол Сапарбай датқа бір күні түйеден түскендей етіп, жарлық
қылды.
- уа, халайық, мен сендерге Бектұрсын бегіміздің жарлығын
жеткізгелі тұрмын. Біздің Ақсүмбеден биылғы жылы Түркістанға екі
бала оқуға бару керек. Жібермесек, айып төлейміз, - деді.
Ел үрпейісіп – үрпейісіп, үрейленіп қалды. Бұған дейін оқу
білім дегеніміз ой тұрмақ, түсіне кірп шықпайтын, өзінің бұйығы
тірлігіне разы аыуыл адамдарына мына жарлық тікенектей қадалғаны.
- Ау, неге үндемейсіңдер? Айтсаңдаршы, кімді жібереміз...
– Сапарбай дікектеп тұр.
Бір тұстан ауыл ақсақалы Қоңқаң бой көрсеткен.
-Е, қарағам... – деді ол кісі даусын кеней сөйлеп.- Сенің
әкең Мырзабайды білуші едік. Мырзабай бүкіл әулеттің қамын жеп,
ешкімге есемізді жібермеген еді. Сен болсаң ақсақалдарға ақыл сала
сөйлеп, кеңесе отырып келісімге келу орнына жан алқымға аласың
келіп. Осының орынсыздау ғой...
Көптің ортасынан біреу күңк етті. Көп сөйлеп, көсемсей
бергенше, балаларыңның басы бар, біреуін жібермей ме оқуға
дегенін құлағы шалып қалды.
Е, несі бар – деді Қоңқаң ақсақал жұлып алғандай. – Айтсам,
ел бірлігін, ағайын татулығын сөз қылдым. Марқұм Мырзакеңнің
ризалық сөзін айттым. Бала шағаның басы бар екені рас. Берсек
береміз де. Мына тұрған Түркістанға оқуға жіберу сұмдықтың үлкені
ме екен...
Сол күні Қоңқаң шалдың немересі, ескіше хат танып қалған
зерек ұл – Сұлтанбек оқуға баратын екеудің бірі болып жазылды.
Сұлтанбек ол екзде небәрі 11-12 жастағы бала болатын.
Кішкентай ғана Ақсүмбе ауылынан басқа жаққа ұзап шыға қоймапты.
Алыс – алыстағы үлкен қалаларды былай қойғанның өзінде мынау тұрған
Түркістанға да бір рет барып қайтуды тағдыр маңдайға жазбапты.
Әйтеуір сырттай атына қанық. Түркістанды атақты Қожа Ахмет
Яссауи күмбезі бар екенін біледі. Ол жайлы ауылдың Ақсақал
қарасақалдары әр бас қосуда әңгіме қылысатын.
- Шіркін, біздің Ахмет Ясауи күмбезіне не жетсін. Меккеде –
Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет деп неге айтады дейсіз. Мекке –
Мәдениеге қолы жетпегендер Ахмет Ясауиге келіп жығылсада қажы болып
қайтады, - деп ауыз ашарларда, той – томалақтарда бастары біріккен
шал-шауқандар құж-құж әңгіме шертетін.
Мұның бәрі жас Сұлтанбектің кеудесінде сайрап тұр.
Әттең деп арман ететін сондайда. Түркістанға барып, Ясауи
күмбезін көріп қайтар ма еді. Үлен адамдар сықылды мінажат
қылсам, мен де қажы болып қайтар ма еді, қайтер ем...
Осындай балаң ойын бір жолы атсы Қоңқаққа айтқанды, ана
кісі мырс етіп күліп жібергені бар.
- Неге күлесіз, мен шын айтып тұрсам... – деп Сұлтанбек
бұртыйа қалған.
Атасы айтты:
- Қарағым, сен әлі кішкентайсың. Қажы болу үшін әуелі пірге
жығылу керек, бес уақытылы намазды жібермеу қаза керек.
Сұлтанбек әңгімеге одан бетер ынтаға түскен.
- Ал, сонда пірге жығылу деген не? Ол көзге көрінбейтін
адам ба?
- Жо-қ – деді Қоңқаң пір деген өзіміз секлді кісілер ғой.
Айталық осы аймақта аты шыққан тәуір молдалар, ишандар, қажылар
болса, соның бәрі бір құдайға құлшылық еткен кісі өзіне пір
етеді. Соған пірге жығылады. Соның алдында бұдан былайғы жерде
боқтық сөз айтпасқа, өтірік сөйлемеске, ұрлық жасамасқа, кісіге
қианат жасамасқа ант етеді. Ал, егер кейінгі уақытта, сол айтқнын
орындамай, шартты бұзса, пірі оны құдай алдына күнаһар пенде деп
жазуға мүдделі.
- Ә-ә, - деді Сұлтанбек енді түсінгендей ыңғай танытып. Сонан
соң кенет жұлып алғандай:
-Ата, сіздің піріңіз бар ма? Деген.
- Е, балам, ол ойда бар іс. Күні кешеге дейін тірлік дедік,
бала-шаға дедік. Анау дедік, мынау дедік. Бірде артық бірде кем
сөйлеп жаттық. Енді о дүниені де ойлайтын уақыт жетті. Бұл жұмыр
басты пенденің бір жаратушы алдында күнәсіз жетерлік қой. Қайдам,
кешірсе жақсы... – деп әлденені ойлап, маңдайын тайанды.
Қай кезде де сезім тал, зергек бала атасын біртүрлі аяп
кеткен. Соданда оның көңілін аулағысы келіп:
Ата, сіз әлі-ақ қажы боласыз, әлі көп жыл өмір сүресіз, -
деді. Қоңқақ сол кезде басын көтеріп немересін емірене иіскеді.
Бала көңіл осыған мәз болды.
Сұлтанбек атасын кішкене күнінен жақсы көріп өсті. Ол
қыстың ұзақ кештерінде барлық немерелерін жанына жинап алып,
қызық-қызық ертегілер, хиссалар айтатын. Оның біреуінен екіншісі
қызық. Дала үскірік аяз сіреп тұрған кезде атасының күпісіне
оранып отырып, маздап жанған ошақтың түбінде қоңыр көлеңкеде ертегі
тыңдаған қандай ғанибет. Аңыз – хиссалар бала көңілін қияларға
алып ұшатын. Арманға берілетін. Ертегідегі батырлар секілді күні
ертең елінің, жернің қамқоры, жанашыры болсам деп қиял кемесінде
тербелетін.
Осы атасы Қоңқаң болмаса мұнда бала көңілін аулайтын да адам
жоқ екен. Өз әкесі Қожанбайдың қойын бағады. Таңала көбеннен
қара кешке дейін үй бетін көрмейді шешесі де жұмыс басты.
Тамақ әзірлейді. Кір жуады. Киіз басады. Әйтеуір таусылмайтын
шаруа.
Бала күнінде шешесінің жанына барып отыратын. Сондайда
ойлайтын: Бұл недеген көп кір? Тамақты неге мұнша көп
пісіреді? Осындай жұмыстан босап, қашан демалады екен?... Ішінен
шешесін аяитын. Бірақ қолынан не келеді.
- Апа, шаршадыңыз ғой. Қалғанын ертең-ақ бітірмейсіз бе? –
деген жолы.
Сонда шешесі жіпсіген маңдайын білегімен ысып жіберіп:
- Е, балақаным бұл бүгіннің шаруасы, ертеңнің өз жұмысы
бар, - деп жауап қайырған.
- Сонда демалуға болмайды ма? Ауырып қалсаңыз қайтесіз?...
- Қайдан демалайын сендерді асырау үшін тамақ керек емес
пе. Жұмыс істемесек, кім бізге ас береді. Кімнен қос
алақанымызды жайып қайыр сұраймыз қа бай бізге қайырым етеді
дейсің.
Сосын үндемеген.
Ішінен тісін қайраған. Осыдан өскен соң көп дүние тауып,
атасын да, әкесін де, шешесін де Ауыр жұмыстан біржолата
босатамын деп арман қылған.
Бала қөңіл нені арман қылмайды. Оның орындалатыны бар,
орындалмайтыны бар.
Бірақ Сұлтанбек кішкентайынан бір бет болатын. Бір нәросені
ойға алса болды, қашан соны бітіргенше тыным көрмей, әбегерге
түсетін еді. Оның сол мінезін байқаған атасы да:
-Әй, осы Сұлтанымның темірі қатты түбі бір жерден шығар
дейтін. Темірі қатты деген сөз Сұлтанбекке қатты ұнайтын темірі
қатты дегенді болашақ батыр болады деп топшылайтын. Алайда, өз
бойынан баяғының батырларына тән ерекшеліктерді байқаған емес. Рас,
қатарларының арасында әлсіз де көрінбейді. Анау – мынаусымен белдесе
кетсе оңайлықпен әл бермейтін. Өзі қатарларының біразы Сұлтанбектен
сескенетін де. Бертін келе қара күштің заманын өткенін, мықты
болу үшін ақыл-парасат, білім керек екенін өзі де түсіне
бастаған.
Күні кеше екі баланың бірі болып Түркістанға оқуға баратын
болдым дегенде Сұлтанбектің пәлендей қинала қоймағаны содан еді.
Оқысам оқиын, Ақсүмбеде жүре берсем, көптің бірі болып қала
беремін бе. Ер жеткен соң, байдың малын баққызар. Одан басқа не
болушы еді. Біздің кішкене Ақсүмбеден оқыған кісілер шығуы керек
қой деп жеке қалғанда өзінен өзі күбірлеп қоятын.
Енді бар ой мүддесі де сол болды. Жолға атанар күнді
күтіп қалған да еді.
- Әй, Қоңқақ ! Бұл сенің не қылғаның? Мұсылманның баласын
кәпрдің оқуына жіберіп, бір аллаға күпірлік іс қылғалы
тұрғаныңды білемісің өзі – деп, шоқша сақалды, шүңірек көз,
қаз мойынды бір замандасы жағасынан ала түскен.
- Сен кісінің сойылын соқпа, өз шаруаңды-ақ түзеп ал.
Сауат ашу – күпірлік емес, - деді Қоңқаң анаған тістене тіл
қатып.
Қайдам-ау баланың сауатын ашамын деп, ақыр аяғында баланың
обалына қалып жүрме. Тіршілік болып тұрса осы айтқанымды есіңе
аларсың. Көпті көрген мына кәрі бас осы әрекетіңді құптамайды-
ақ. Қайтейін енді айтсаң айтқаныңнан қайтпайтын бір қыңырлығың
бар ғой. Соныңа басқаның да тағы да.
Е, құрдас-ай, заман ағымына, уақыт үніне неге құлақ
түрмейсің. Біз өмір сүрген уақыт бөлек, бұлардың уақыты бөлек...
Заманың түлкі болса тазы болып шал дегенің өзің емес пе ең
ылғыйда айта беретін соныңды бүгін нг ұмытып қалдың а?
-Ол басқ бұл басқа екеуінің арасы жер мен көктей.
Бөрілерді жеңу үшін бөрілердің арасына барып, ұзын арқан, кең
тұсаумен – ақ жығуға болмас па. Ата бабамыздың ежелден ұстанған
әдісі солай еді ғой, Қоңқаң солай демей көрші, кәні.
Келіншегі бірнәрсе деп күліңкіледі ме, жол сапарға жиналуға
бірер күн қалғанда Қожан да мұрнының астынан мүңгірлеп әкесі
Қоңқаққа бұл не қылғаның дегендей қарсы емеурін білдіріп қалған.
Жағалай жатқан қалың ел. Соның тап ортасынан бізге ғана
түскен де ауыр салмақ. Баласының басы бар тек біз ғана екеміз.
Отырған жоқ па дүйім жұрт. Оларды неге көрмейді бұл Сапарбай...
– деп, зіркілдеп сөйлесін. Сөз сорабын Сапарбайға бұра айтса да,
астарында сіз де қарап жүрмейсіз, үндемей-ақ қойсаңыз ғой,
үндемеген үйдей бәледен құтылады деп, бұдан да сытылып шығып
кетермек деген сықылды ашсы сарын жатты.
Мұны көпті көрген кәрі кеуде айнытпастан дөп баса қойған.
- Енді болары болып, бояуы сіңген соң, малтаны езе беріп
қайтеміз. Айтылған сөз атылған оқ. Е, несі бар, оқуға бару
сонау Сібірге жер аудару емес қой. Менің білуімде ендігі жастардың
бар үміт тілегі, арман мүддесі сол білімде қалып бара ма
деймін. Әлі-ақ көрерсің, оқымағанға нан жоқ дейтін заман
тумаса да. Осыны жаңылысқыр кеуде сезетіндей ме қалай. Сары
уайымға салына берме балам. Сұлтаным әлі-ақ еліңнің, бүкіл
халқымның шын сұлтаны болады, - деп, Қоңқақ ақсақал сақалын
салалап қойып, әлдене деп күбірлеп бата қылды. Содан соң:
- Баланың өзімен де сйлестің емес пе. Көңілі соғып тұр.
Оқуға талапты. Ендеше несіне шаршаймыз, - деген. Бұдан әрі
әңгімені көп созбады орнынан көтерілдде, тысқа беттей беріп:
Әй, Қожан, мына Раымбегің, ана Әмірәлің қыздарың тұрғанда
жалғыссырай қоймапсыз. О, несі әй – деді жерге шырт түкріп
жіберіп.
Екі күннен соң Қоқаң атын әзер әзірледі. Сұлтанбекте таң
атқалы бері әбігерге түскен. Үлкен қалаға баратынын ойлап, жүрегі
алып ұшса да осы кішкене ғана ауылды қияда алмайтын сынды. Дәл
бүген Ақсүмбенің тасына дейін ыстық көрініп кеткені. Іштей толқып,
өкпесі аузына тығылса да, онысын сыртқа сездіргісі де жоқ.
Әсіресе, Қоңқақ атасы мұнысын байқасада зекіп тастауыда
ықтимал. Ағасы Райымбек пен өзімен тете інісі Әмірәлі екеуі
бұның жанынан шықпайды. Әшейінде үшеуі үш жвққа тайып отырушы
еді. Бірін-бірі күн ұзақ көрместен жүре беретін. Ал, бүгінгі
күннің орны алабөтен. Райымбек пен Әмірәлі ойларын ашып айтпаса
да, бұны қия алмай жүргені жанарларынан көрініп-ақ тұр.
- Онда барған соң хабар беріп тұр. Үлкен қаладан хат жазуға
болады дейді ғой. Сен де сөйт, - деп Райымбек үлкендік жасап,
ақыл айтқансиды.
- Әрине, оқуға түскен соң демалыс алып, келіп-кетіп тұрмаймын
ба. Түркістан жердің түбі дейсіңдер ме, - деп Сұлтанбек те оларды
жұбатқансиды.
Ақыры не керек, ат әзір болған соң, Қоңқаң немересін
мінгестірді де, жолға аттанды.
Торы ат желе жортып ауыл үстіндегі кішкене қыратқа
көтерілгенде Сұлтанбек атасына сездірместен ақырын бұрылып
артына қараған. Алақандай жерге орын тепкен туған жер
Сұлтанбектің көзіндегі қос моншақ жаспен бұлдырап тұрды.
Жарау ат өзінің бөкен желісінен танар емес.
Баланың өрекпіген көңілін басайын деді ме, атасы торыны
сипай қамшылап қойып:
- Сұлтанжан, Түркістандағы мектепті бітірген соң, кім
боласың? – деп сұрақ берген.
- білмеймін, - деді бұл.
- Е, неге білмейсің. Құйтақандай күніңде бастық болам,
кедей, бай деген атауды мүлде жоям демеуші ме ең. Әлде ол
райыңнан енді мүлде қайтып қалдың ба, ә?
- Жоқ, - деді Сұлтанбек. – Ол есімде ғой. Әйтсе де бастық
бола салу оңай шаруа емес шығар. Соны ойлап...
- Ә, ә, енді өзіңе ақыл кіре бастады ма. Бастық деген
көрінгеннің қол шоқпары емес. Елді билеу екінің бірініңпешенесіне
жазыла салмаған. Елді кемеңгер билейді. Дүйім жұртқа билер
ғана билік айтады. Ілгеріде қаз дауысты Қазыбек би деген атаң
өткен. Қаз дауысты Қазыбектің аузынан шыққан сөзі халқының
көңіліне қона кеткен. Қазыбек би турасында әңгіме де, аңыз да
көп. Бертінде мына Сыр сағасында Шиелі ауылынан Досбол деген
шешен шыққан. Досбол айтқан екен деген әңгіме осы күнге дейін
ел аузында жүр...
- Ата, - деді Сұлтанбек әңгімеге ынтыға түсіп. - Біздің Сыр
бойының елін жыр елі деп неге атағаған? Ақын жыраулары көп болған
ба сонда?
- Әлбетте, қарағым. Халық мұндай атақты тектен тек бере ме.
Кәрі сыр мен мына төбемізден төніп тұрған қарт Қаратаудың арасын
қаншама жезтаңдай әншілер, күйшілер, ақындар, жыршылар мекен
қылмады дейсің. Мен де барлығын біле бермеймін ғой. Дегенмен,
көнекөз қариялардың айтуынша осы аймақта Жиенбай, Сәрсенбай,
Тасберген, Қазанқап, Әлшекей іспетті Жыршы-күйшілер, Мәделі, Майлы
Құлыншақ, Молда Мұса, Бұдабай, Мұхан, Құлан секілді шайырлар
болыпты. Бұлардың бірқатары күні бүгінгі дейін тірі. Мысалы әлгі
Әлшекей деген күйшіні, Құлан деген ақынды ана жылы өз көзіммен
көрдім. Ой, екуі де сұмдық екен. Әлшекей домбыраға тіл бітірген
сұңғыла күйші де, Құлан – тілінің қотыры бар өткір ақын екен. Ә,
әлі есімде сол Құлан ақын бір сөзінде:
Атымды сұрасаң – Құланмын,
Қырғызалының ішінде сыбанмын.
Жайыңды жұртым білгелі
Әдейі келген шығармын
Жақсыға жаным жайдары.
Жаманға шұбар жыланмын, -
деп төгіп тастағаны бар. Міне, балам осындай өнерлі ұрпақтары
шығар Сыр бойын жыр елі, ән елі деп дүйім жұртқа таратып
жүрген...
Торы аттың артында атасына жармасып отырып, Сұлтанбек іштей
шіркін, ақын болып елдің ойындағысын жыр кестесіне түсірер ме
еді деп арман қылды. Бұл ойдың басына келуі тек бүгін ғана
емес. Анада Ақсүмбеде жүрген кезде атасының ұзын сонар әңгімесінен
соң өлең шығарып көрейінші талап қылған бар-ды. Алайда, онысынан
түк те шықпады. Өлең деген еріккеннің ермегі емес екенін сонда
ұққан сияқты еді. Енді қазір тағы сол ойдың қайта мазалай
бастағаны...
Торы ат жорға желіспен отырып, түс ауа Бабай қыстағына алып
келді. Бабай қыстауы санаулы ғана баспанасы бар кішкене ауыл
екен. Осында ат басын тіреген соң, Қоңқақ көкжиекке қарай еңкейіп
бара жатқан күнге қарап тұрды да:
- Бүгін түркістанға жете алмаспыз осында қоналық, - деді.
Сұлтанбек аттан сырылып түсе берді.
Ертесіне қайтадан торы атты жолға әзірлеп, жүргелі жатқанда
қонған үйдің қожайыны – таба сақалды ксі күле сөйлеп:
- Әй, Қоңқақ, сен өзің бұрын соңды Түркістанға барып келіп
жүргенбе едің, - деген.
- Е, бармай ше! мына тұрған Түркістан емеспе таяқтастам
жердегі әзірет сұлтанға бармай не көрініпті, - деп Қоңқақта сыр
бергісі келмей өзеурей сөйлеген. Ал, расына келгенде ана шаруа
деп, мына шаруа деп жүріп, талай жылдан бері бәір ретте ат ізін
салмаған екен-ау. Ішінен соны ойлап тұрды. Көне түркістан бұл
күнде мүлде өзгеріп кеткен болар. Барған соң адасып кетпесе
неғылсын. Заманға лайық адамдарыда қзгерген болар. Ертелі кеш құж-
құж қайнап жатар базары ше. Тұп – тура құмырсқаның илеуіндей – ау.
Оның соңы ойын оқып қойғандай қаба сақал:
- Түркістан қазір мүлде өзгерген. Үлкен қала. Ақшаң жоқ
болса, аштан қатасың. Теңгең болмаса сенммен адам баласы
сөйлеспейді, - деп бұлардың зәре құтын ала сөйледі.
Қоңқақ сонда да сыр берген жоқ.
- Ас, суыңа рахмет. Алдағыны тәңірден сұрадықғ, - деді де,
торы тебініп қалып, желе жортып, жүріп кетті.
Бабай қыстағынан біршама ұзап шыққан соң, ескі арықтың
бойымен өрлеп келе жатып, Қоңқақ әлденедегі қаба сақалдың жымысқы
сөзін тағы да есіне түсірді. Содан соң артындағы немересіне:
Сұлтанжан жаңағы сақал не деді осы? Түркісиан тиыны жоқ адамдарды
қабылдмайды ма, - деп, көкейдегі күдігін айтқкндай болған.
- Мүмкін әзілдегені шығар ол сақал менімен көп әзілдеспеуші
еді. Түркістан өзгерген екен онда. Өңей саудагерлер мекеніне
айналғаны да. Қой, қарап қалғанша, әрекетімізді қылалық. Ең болмса,
торы атқа мына тұстан тантық етер көк балауса орып алайық, -
деді де, атының басын тартты.
Екулеп ескі арықты бойлай өскен көк құрақты орды. Сосын
теңге бөліп, аттың екі жағына байлап алды. Екі бау көк құрақ
екі бүйіріне кезек сабалап келе жатқан торы аттың үстінде маңда
терін білегімен ысырып атстап бойын әлде бір шаттық керней
жөнелген Қоңқақ енді ыңылдап әндетіп қояды. Сұлтанбек атасының
қарлығыңқы қоңыр үніне балқи түсті. Жас күнің де әдемі әнші
болған шығар деп ойлады ол. Кісі қартайған соң даусы да
ескірер болар...
Сәлден соң атасы да әнін доғарып үн-түнсіз күй кешті. Ол
кісіде ой жетегіне еріп кетті.
Сұлтанбек те өзімен - өзі. Алдағы күңгірт тағдыры мазалай
түскен. Қайда оқиды? Кімдермен оқиды? Өмір бұның а не дейді сый –
сыбаға тартпақ? Оқимын, қалаға барамын деп өзеуріп несі бар
еді? Жұрт қатарлы Ақсүмбеде жүре берсе біреу бұның бірнәрсесн
тартып алатын ба еді. Еһ, Түркістан: кәрі Түркістан... сен мені
жатырқамасаң жарар еді.
Біраздасын ауа райы тез өзгеріп, көкте найзағай жарқылдаған.
Бұл жақта жаздың ыссы кезінде де аяқ астынан бұл көтеріліп,
жаңбыр жауатыны бар еді. Тап осының кері келгені тұр.
- Қап, әкеңнің... – деді Қоңқақ атын қамшыла түсіп. – Біз
ұрлық қылған күні ай жарық болған деген осы. Жаңбырдың астында
қалып қоймасақ жарар еді. Сенде тым жеңіл киінген екенсң. Жаздың
жаңбыры жайсыз келеді. Өкпеңнен өтіп кетеді. Мұндайда суық тиіп
ауыра қаласың, жазылуың қиын. Қап, мынаны-ай, ә...
Торы атқа қамшыны басып-басып жіберді.
Ал, таяқ тастам жерде ежелгі Яссы топырағы – кәрі ТҮркістан
қаласыда көрініп тұр.
1.2 С.Қожановтың шығармашылығы.
Сұлтанбек Қожанұлының шығармашылығы жайында сөз қылғанда, біз
оны мына төмендегі екі топқа бөліп қарауға тиіспіз.
1. Сұлтанбек – журналист, публицист.
2. Сұлтанбек - әдебиетші, ақын.
Енді осы айтқандарымызды кішкене шамамыз жетекнше таратып
әңгімелеп көрелік.
Сұлтанбектің партия, кеңес қызметтеріне белсене араласа
жүріп, өз ойлары мен тұжырымдарын мерізімдік баспасөз беттерінде
жиі жариялатуы негізінен алғанда 1924-1925 жылдары болып табылады.
Сұлтанбек Қожанұлының партиялық қызметінің анық жарқырап
көрінетін тұсы - осы кезең. Жоғарыда әңгімелеп кеткеніміздей,
Сұлтекең 1924 жылдан бастап қазақ автаномиясының басына келеді.
Әуелі Орынборда басталған Бұл жұмысы қазақ республикасының жаңа
астанасы – Қызлордаға дейін жалғасып жатыр.
Осы екі-үш жыл ішінде Сұлтанбек Қожанұлының көптеген
мақалалар, проблемалық материялдар, публицистикалық ой толғандар
ариялатады. Оның жазғандары сол кезде үзбей шығып тұрған Ақ
жол, Жас қайрат, Еңбекшіл қазақ газеттерінде, Қызыл
Қазақстан журналында жарық көріп жатты. Және ол бұл кезеңде
баспасөзде тиіп қашып араласпады, үнемі байланыста болып, заман
ағымына өз үнін қосып отырған.
Бір ғана мысал. Ақ жол газетінің 1924 жылғы қаңтарынан
желтоқсанына дейінгі аралықтағы нөмірлерін парақтап шыққанымызда,
сонда жарияланған мақалаларының өзі отыздан асып кетті. Ал бұған
басқа да мәселен, әдебиетшілік, ақындық жұмыстарын қосыңыз. Бұл
бір кісіге аз ба? Әрине жоқ.
Оқырмандарға Ақ жолда жарияланған бірқатар мақалаларының
тақырыптарын айта кетейік.
Аз күн (Ленин жөнінде) (№ 396 ), Жас буын, жаңа жұрт –
жаңа жолға түсіңіздер (№ 402), Көп сұмдықтың бірі (№ 480),
Міндет ауырлады, шығу керек (№ 485), Қазақстан мен Қырғызстан
ынтымақта болсын (№ 507), Ұлт мәселесі – іс мәселесі (№ 424),
тағы басқалары.
Тақырыптарының өзі айтып тұрғанындай, Сұлтанбек сол кезеңде
барлық мәселелерге араласып, ойын білдіріп отыруға тырысқан.
Сұлтанбек Қожанұлы халық арасында жүрген шала сауатты атқа
мінерлерге тілмашсымақтарға аяусыз соққы беріп отырды. Оларды
сқзімен де, мақалаларымен де түйреді. Шалағай адамдарға ел
тағдырын сеніп тапсыруға болмайтынын айтты.
Қызыл Қазақстан журналының 1925 жылғы екінші нөмерінде
Сұлтанбектің Жалаң ұрандардан іске өту керек деген мақаласын
бастырды. Мақала өткір де ащы жазылды. Қазақ еліндегі былықшылық
ру таласы, билік таласына ашына жауап қатты.
Сұлтанбек Қожанұлы мұндай өз көзінің ащы шындығын ашына
айтқан мақалаларды атым шықсын, беделім өссін деп жазбағаны
белгілі.
Сұлтанбек екі сөзінің бірінде жастарға сенім артты. Болашақ
жастардікі екенін қадап айтты. Ақ жол, Қызыл Қазақстан, Жас
қайрат басылымдарында жастарға арнаған көптеген мақалалары
жарияланды.
Қысқасы Сұлтанбек Қожанұлының журналистік, публицистік
еңбектері арнайы тоқталуды, зерттеуді қажет етеді.
Ол газет бетінде әдебиет тарихы, әдебиет мәселелері жөніндегі
материалдарды үзбей оқып оған үн қосып отыруды өзіне міндет
санаған. Ақ жолда Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы деген
мақала (1924 жылы ақпанның 19-ы ) Жарияланып, оған Сұлтанбек
жауап жазады. Ондағы Ұлт әдебиетін жасау, тіл түзеу 1905 жылдан
басталды деген пікірге дау білдіре отырып , Онда Абайды,
Алтынсаринды қайда қоямыз? дейді. Ахмет Байтұрсыновқа лайықты баға
берілмегеніне қапа болады. Қысқасы, Сұлтанбек Қожанұлы осы
мақаласында (Жақындық па, жалақорлық па?, І. IV) әдебиеті,
оның арғы бергісін терең білетінін танытқан.
Сұлтанбек Қожанұлы өз жанынан өлең де шығарып, сол кездің
әлеуметтік мәселелеріне ақын ретінде де үн қоса білген. Қазақ ел
болса екен, кеудесін көтерсе екен деген арман көкейінде түйткіл
болып қамалып жатқан. Содан ба екен, оның жазғандарының бәрі де
қоғамның кеселін көрсетуге, жақсылыққа ұмтылуға арналып отырады.
Сұлтанбек Қожанұлы сол жылдарда Шынға ұқсаған пірлер (Ақ
жол, 31.08.24жыл) Қазақ мақалдарынан (Ақ жол, 5.09.24 жыл),
бұл кім? (Ақ жол, 28.07.1924 жыл) нені айтайын? (Ақ жол
3.04.24 жыл), тағы басқа өлеңдер шығарып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz