Адамзаттың ғаламдық проблемалары
1. Адамзаттың ғаламдық проблемаларын дәлелдейік
1. Ғаламдық проблемалар ұғымы
2. Бейбітшілік пен қарусыздану, жаңа дүниежүзілік соғысқа жол бермеу проблемасы
3. Экологиялық проблема

Ғалымдардың, саяси қайраткерлер мен қалың жұртшылықтың назарын аударып отырған адамзаттың ғаламдық проблемаларын көптеген ғалымдар, олардың ішінде география да зерттейді. Оған себеп, олардың әрқайсысының өзінің географиялық астары бар және дүние жүзінің түрлі аймақтарында түрліше байқалады. Н.Н.Баранскийдің кезінде географтарды «континенттер дәрежесінде ойлануға» шақырғанын есімізге түсірейік. Алайда қазіргі кезде бұлай байыптау жеткіліксіз. Ғаламдық проблемаларды тек қана «ғалам бойынша» және тіпті «аймақ бойынша» да шешуге болмайды. Оларды шешуді елдер мен аудандардан бастау керек. Ғалымдардың «Ойлау ғаламдық болсын, іс-әрекек аудандық болсын» деген ұран ұсынуы осыдан.
Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Ғалымдардың, саяси қайраткерлер мен қалың жұртшылықтың назарын
аударып отырған адамзаттың ғаламдық проблемаларын көптеген ғалымдар,
олардың ішінде география да зерттейді. Оған себеп, олардың әрқайсысының
өзінің географиялық астары бар және дүние жүзінің түрлі аймақтарында
түрліше байқалады. Н.Н.Баранскийдің кезінде географтарды континенттер
дәрежесінде ойлануға шақырғанын есімізге түсірейік. Алайда қазіргі кезде
бұлай байыптау жеткіліксіз. Ғаламдық проблемаларды тек қана ғалам бойынша
және тіпті аймақ бойынша да шешуге болмайды. Оларды шешуді елдер мен
аудандардан бастау керек. Ғалымдардың Ойлау ғаламдық болсын, іс-әрекек
аудандық болсын деген ұран ұсынуы осыдан.
Тақырыптың жоспар-сызбасы
1. Адамзаттың ғаламдық проблемаларын дәлелдейік
1. Ғаламдық проблемалар ұғымы. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы дүние жүзі
халықтары алдында көптеген шиеленіскен және күрделі проблемаларды
қойды. Олар ғаламдық проблемалар деген атқа ие болды.
Бүкіл дүние жүзін, бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазіргісі мен
болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды,
барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін
проблемаларды ғаламдық проблемалар деп атайды.
Ғаламдық проблемалар өзінің бір-бірімен әрекеттесуінде өзінше мынадай
үшбұрыш құрайды: халқы – әлеуметтік және экономикалық даму – айналадағы
орта.
2. Бейбітшілік пен қарусыздану, жаңа дүниежүзілік соғысқа жол бермеу
проблемасы. Соғыс барлық тарихи дәуірлерде қоғамның дамуына әсерін
тигізіп отырды. Бірақ бұрын ешқашан да тұтас елдер мен континенттерді
жойып жіберудің нақты мүмкіндігі болған емес. Ол мүмкіндік ракета
техникасына қоса, ядролық қарудың жасалуына байланысты ХХ ғасырдың
екінші жартысында туды. Бейбітшілік пен қарусыздану, дүние жүзілік
жаңа соғысты болдырмау, адамзаттың құрып кетпеуі және өзін-өзі сақтауы
қазіргі заманның шын мәнісінде №1 проблемасына айналуы, міне,
сондықтан.
Ол 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында ғана шын мәнінде шешіле
бастады. Қырғықабақ соғыс тоқтатылды. Ондаған жылдар бойы Шығыс пен
Батысты бөліп келген темір перде жойылды. Қазір дүние жүзін ядролық
қарумен жою қаупі іс жүзінде алынып тасталды. Алайда жаппай қырып-жоятын
қару-жарақтың аймақтық жан-жалдарға ұласа отырып, тарала беруі дүние жүзіне
бұрынғыдан да көбірек қауіп төндіруде.
3. Экологиялық проблема: Жер біреу ғана! Ноосфера (парасаттылық саласы)
туралы ілімнің негізін қалаушы академик В.И.Вернадский (1863-1945) 40-
жылдарда-ақ адамдардың шаруашылық әрекеті географиялық ортаға
табиғаттың өзінде өтіп жататын геологиялық процестерден кем әсер
етпейді,-деп жазған болатын. Содан бері қоғам мен табиғаттың
арасындағы зат алмасу әлденеше есе өсті және ғаламдық көлемге жетті.
Алайда табиғатты жаулап ала отырып, адамдар өздерінің тіршілік
әрекетінің табиғи негіздерін айтарлықтай дәрежеде бұзды. Айналадағы
орта жағдайы едәуір нашарлады. Оны белгілі француз океанологы Жак Ив
Кусто былай сипаттады: Бұрын табиғат адамды қорқытатын, енді адам
табиғатты қорқытады. Кейбір елдер мен аудандарда экологиялық жағдай
өте қатты шиеленісіп, экологиялық дағдарыс деңгейіне жетті. Айналадағы
ортаның ластануынан келетін әлеуметтік, эстетикалық және басқа
шығындарды былай қойғанда, экономикалық шығынның өзі ғана жылына
көптеген миллиард доллармен есептеледі. Оның үстіне, Жер климатының
бақылаусыз өзгеруі, стратосфераның озон қабатының бұзылуы секілді
дүниежүзілік экологиялық қауіп туды. Экологиялық проблеманың
адамзаттың аман қалу проблемасына айналуы, міне, сондықтан.
Қазіргі уақытта барған сайын көптеген елдер оны шешу үшін өздерінің
күш-жігерін біріктіре бастады. Ұзаққа созылатын экологиялық қауіпті жоюмен
қатар, төтенше экологиялық жағдайларда көмек көрсетілуде. Осының бәрі БҰҰ-
ның 70-жылдары ұсынған Жер біреу ғана! деген ұранын жүзеге асыруды
көздейді. Дүниежүзілік қауымдастық мынадай жағдайды басшылыққа алады:
экологиялық проблеманы шешудің басты жолы – адамдардың өндірістік және
өндірістік емес іс-әрекетін қалыпты экологиялық дамуды – айналадағы ортаны
бүкіл адамзаттың және әрбір адамның мүддесіне сай өзгертуді қамтамассыз
ететіндей етіп ұйымдастыру.
4. Демографиялық проблема – ғасыр проблемаларының бірі. Бұл проблеманың
бір-біріне қарама-қарсы екі бағыты бар.
Біріншіден, бірқатар дамыған елдерде халықтың ұдайы өсуінің бұзылуына,
оның тез қартаюына және сананың азаюына әкелір соғып отырған демографиялық
дағдарыс алаңдатпай қоймайды. Демографтар мұнадай процесті халық санының
азаюы (депопуляция) деп атайды.
Екіншіден, Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің көпшілігінде халық
санының тез өсуі бұдан гөрі көбірек алаңдатты. Оның үстіне, жас адамдардың
үлесі өте жоғары болып отырғанда, халықтың табиғи өсу қарқыны тез кемиді
деп күту қиын. Осыған қарамастан, демограф-ғалымдар 60-жылдардағы
демографиялық жарылыстың шыңы артта қалды деп тұжырымдайды. Африканы
қоспағанда, халықтың ұдайы өсуінің екінші түріне жататын барлық аймақтарда
баланың туылуы мен халықтың өсуі біртіндеп кеми бастады.
Мысал. 60-жылдардың басында дүние жүзінің халқы орта есеппен жылына
2%, 80-жылдардың аяғында - 1,6% артты, ғасырдың аяғында бұл процесс 1,5-
ке дейін, ал ХХІ ғасырдың басында – 1,2%-ке дейін төмендеуі тиіс.
БҰҰ демографиялық проблеманы шешу мақсатымен Халық саны саласындағы
бүкіл дүние жүзілік іс-әрекет жоспарын қабылдады. Оны жүзеге асыруға
географтар мен демографтар да қатысады. Мұнда прогресшіл күштер отбасын
жоспарлау бағдарламалары халықтың ұдайы өсуін жақсартуға көмегін тигізе
алады деп есептейді. Бірақ тек демографиялық саясат жеткіліксіз. Ол адамдар
өмірінің экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсартуға ұласуы тиіс.
5. Энергетикалық және шикізат проблемалары: себептері мен шешу жолдары.
Бұл бәрінен бұрын адамзатты отынмен және шикізатпен сенімді түрде
қамтамасыз ету проблемалары. Бұрын да қорлармен қамтамасыз етудің
белгілі бір шиеленіскен кездері болған. Бірақ әдетте бұл табиғат
қорлары құрамы жасақталмаған аудандар мен елдерге қатысты болатын.
Ғаламдық көлемде ол бірінші рет 70-жылдары туды деуге болады. Оның
бірнеше себептері бар.
Оларға мұнайдың, табиғи газ бен отын және шикізаттың кейбір басқа
түрлерінің барланғанқорының айтарлықтай шектеулілігі, өндірудің кен-
геологиялық жағдайларының нашарлауы, өндіру және тұтыну аудандары
арасындағы территориялық алшақтықтың артуы, өндіруді табиғат жағдайлары өте
қатаң жаңадан игерілген аудандарға қарай жылжыту және т.с.с. жатады. Демек,
қазіргі дәуірде, минералдық қорларды бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде
тиімді пайдаланып ұдайы өндіру қажет.
Бұл үшін ҒТР зор мүмкіндіктер береді. Пайдалы қазбаларды Жер
қойнауынан неғұрлым толық алу, өндірістің энергия мен материалды қажет
етуін азайту, жаңа кен орындарын ашу және бұрын шама жетпеген кен орындарын
игеру, сарқылмайтын энергетика қорларын айналымға қосу, атом және сутегі
энергетикасы, МГД-генераторлар, отын элементтері және ең ақырында
басқарылатын термоядорлық синтез саласындағы прогресс секілді мәселелердің
шешілуі де ҒТР-ға байланысты.
Жер қойнауында бар және Жер мен жер төңірегі кеңістігінде пайда болып
отыратын энергетика мен шикізаттың жалпы мөлшерінің молдығы соншалық,
теория жүзінде олардың сарқылуы туралы сөз қозғамаған жөн болар еді.
6. Азық-түлік проблемасы – Жер бетінде өсіп келе жатқан халықты азық-
түлікпен қалай қамтамасыз ету керек? Ежелгі даналықө сөзде: Адам өмір
сүру үшін тамақтанады, тамақтану үшін өмір сүрмейді делінген. Оның
қалыпты тіршілігі мен іс-әрекетіне қажетті тағам мөлшері жынысқа,
жасқа, салмаққа, бойға, еңбектің сипаты мен жағдайларына,
территорияның климат ерекшеліктеріне байланысты. Ғалымдар тұтынылатын
тағамның калориялық нормасы тәулігіне 2300 – 2600 ккал және 70 – 100 г
белоктан кем болмауға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz