Бастауыш мектептің 2-сыныбындағы қазақ тілі сабағында білім, білік, дағдына қалыптастыру жолдарын қарастыру



Кіріспе

І.тарау. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жұмысын
ұйымдастырудың педагогикалық. психологиялық негіздері

1.1. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытуда оқушылардың жас ерекшелігін ескеру.
1.2. Оқыту барысында оқушыларға білім, білік дағдыны қалыптастыру жолдары.

ІІ.тарау. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазақ тілі пәнінде білім
.білік, дағдыларын қалыптастыруын әдістемелік негіздері.

2.1. Бастауыш мектептегі қазақ тілі пәні мазмұнының құрылымдық
ерекшеліктері.
2.2. Қазақ тілін оқыту барысында оқушыларға білім,білік, дағдыларын
қалыптастырудың тиімді әдіс. тәсілдерін жүзеге асыру жолдары.
2.3. Сабақ жоспарының үлгілері.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Қосымша
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бет бұрыстармен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Осы кезеңде елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдай отыратын өз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұлттық қасеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып шәкірттің жанына нұр құятын ұстаздық ана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде Ел басы Н.Ә.Назарбаев былай деп үш мәселелерді шешудің төте жолдарына тоқталып, оның осы өзекті мәселелердің шешудегі бағытын айқындады.
-Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы тарихшысы да болғандықтан оқушымен жүйелі жұмыс жүргізілуіне баса назар аударады;
- жастарды тәрбиелеу саласында көтеруге негіз болатын мәселелер ол білім және тәрбие беру саласында ғылымның дамуына оның жедел жүзеге асырылуы мұғаліммен оқушылардың ара қатынасы ғылыми-теориялық білім беруге баса назар аударады.
Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың жеке тұлғалы қасиеттерін санасына қалыптастыру оқу танымдық қызығушылығын арттыру оқу тәрбие ісіндегі өзгерістердің қырымен сырын терең білу міндеттерін айқындау. Соның ішінде бастауыш мектептегі тәрбиемен білім беру тәжірибесіндегі білім, білік, дағдыны қалыптастыруда қазақ тілінің жасайтын қызметінің ерекшелігін түсіндіру, сездіру көкейкесті мәселе болып тұр. Бұл көкейкесті мәселенің мақсаты оқытудағы білім, білік, дағдыларды қалыптастыра отырып бастауыш мектептердегі қазақ тілінің білім беру ерекшеліктері жөнінде болып отыр.
Қазіргі дамудың кезеңіндегі жаңаша ой пікірлер мен педагогикалық көз қарастардың қалыпастырудағы белесіндегі әлеуметтік философия тіл ғылымдарының алқымдылығы кеңейіп, оларды зерттеуде жан жақты толыға түсуде.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

І-тарау. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жұмысын
ұйымдастырудың педагогикалық- психологиялық негіздері

1. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытуда оқушылардың жас ерекшелігін
ескеру.
2. Оқыту барысында оқушыларға білім, білік дағдыны қалыптастыру жолдары.

ІІ-тарау. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазақ тілі пәнінде білім
–білік, дағдыларын қалыптастыруын әдістемелік негіздері.

2.1. Бастауыш мектептегі қазақ тілі пәні мазмұнының құрылымдық
ерекшеліктері.
2.2. Қазақ тілін оқыту барысында оқушыларға білім,білік, дағдыларын
қалыптастырудың тиімді әдіс- тәсілдерін жүзеге асыру жолдары.
2.3. Сабақ жоспарының үлгілері.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Қосымша

Кіріспе

ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бет бұрыстармен
қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Осы кезеңде елімізде жүріп жатқан
ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдай отыратын өз ісіне берілген
жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұлттық қасеттеріміздің асылдарын асқақтата
отырып шәкірттің жанына нұр құятын ұстаздық ана бүгінгі күннің лайықты
тұлғасы деуге болады.
Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде Ел басы
Н.Ә.Назарбаев былай деп үш мәселелерді шешудің төте жолдарына тоқталып,
оның осы өзекті мәселелердің шешудегі бағытын айқындады.
-Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы тарихшысы да болғандықтан
оқушымен жүйелі жұмыс жүргізілуіне баса назар аударады;
- жастарды тәрбиелеу саласында көтеруге негіз болатын мәселелер ол білім
және тәрбие беру саласында ғылымның дамуына оның жедел жүзеге асырылуы
мұғаліммен оқушылардың ара қатынасы ғылыми-теориялық білім беруге баса
назар аударады.
Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың жеке тұлғалы қасиеттерін санасына
қалыптастыру оқу танымдық қызығушылығын арттыру оқу тәрбие ісіндегі
өзгерістердің қырымен сырын терең білу міндеттерін айқындау. Соның
ішінде бастауыш мектептегі тәрбиемен білім беру тәжірибесіндегі білім,
білік, дағдыны қалыптастыруда қазақ тілінің жасайтын қызметінің
ерекшелігін түсіндіру, сездіру көкейкесті мәселе болып тұр. Бұл
көкейкесті мәселенің мақсаты оқытудағы білім, білік, дағдыларды
қалыптастыра отырып бастауыш мектептердегі қазақ тілінің білім беру
ерекшеліктері жөнінде болып отыр.
Қазіргі дамудың кезеңіндегі жаңаша ой пікірлер мен педагогикалық көз
қарастардың қалыпастырудағы белесіндегі әлеуметтік философия тіл
ғылымдарының алқымдылығы кеңейіп, оларды зерттеуде жан жақты толыға
түсуде.
Қазақстан Республикасы Білім туралың заңы қабылданып оның негізінде
Білім ң мемлекеттік бағдарламасы, Жалпы білім беретін бастауыш
сатыдағы мектептің білім мазмұнының тұжырымдамасы ң қабылданды. Осыған
орай еліміздің қайта өркендеуі жағдайында бастауыш сынып оқушыларының
білімдік дағдыға қалыпастыруға және оқуға ынтасын арттыру, осыған деген
көз қарастарын қалыптастыру, сонымен қатар қазақ әдеби тілінің маңызын,
оқушыға ана тілінен білім берудің оны меңгертудің жолдарын үйрететін көп
зерттелген ғылымның бір саласы осы қазақ тілі. Қазақ тілінің оқыту
әдістемесі Лингвистика, логика, педагогика және психология ғылымдарымен
тығыз байланысты. Оны педагогикалық- психологиялық тұрғыдан дұрыс басқару
қазіргі кездегі объективті қажеттілік. Оқушылардың танымдық қызығушылығын
арттыруда отанына шын берілген нағыз патриот адам зат етіп тәрбиелейді.
Сондай-ақ дағды мен білім, тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы
іске аспақ. Осыны небір педагогтар мен психологтар зертеп тер төкті. Атап
айтқанда М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, а. Байтұрсынов, Қоянбаев т.б ерекше
мән берген. Оқушылардың ақыл-ой дамуының негізін олардың меңгеретін
ғылыми білімдерінің жүйесін қалайды. Оқушылардың санасында белгілі білім
қоры болмайтын болса, онда ойлайда алмайды. Оқушыны жеткілікті білім
қорымен қаруландыру және өз бетінше ойлауға үйрету мәселесі егер оқушының
өзінің білім алуға ынтасы болмаған жағдайда шешілуі мүмкін емес. Оқушының
өзін қоршаған дүниенің сырын, берілген оқу материалын түсініп оны өмірде
қолдануы , оқыту ақыл ой санасына, даму,а себепші болады. Баланың
қоршаған дүниені танып білуіне ізденуіне зерттеуді талап ететін оқуға
тәуелді процесс. Бұл процесті орындау үшін қазақ тілінің ролі өте зор.
Бастауыш чынып оқушыларына қазақ тілін оқыту туралы еңбектерін жазып,
зерттеп дәлелденген. Олар мына кісілер Қазыбеков, Әуелбаев, Рахметова.
Осыдан бастауыш сынып оқушыларының оқу танымдық қызығушылығын дамытудың
жолдарын іздестіруде, қазақ тілінің оқыту қажеттілігі туындап отыр.
Сондықтан тақырыптың өзектілігі қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсатымен
міндеттерін анықтайды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектептің 2-сыныбындағы қазақ тілі
сабағында білім, білік, дағдына қалыптастыру жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері: кіші мектеп жасындағы оқушылардың білімдерін
қалыптастыруда ғылыми әдістемелік педагогикалық, психологиялық
әдебиеттерді мазмұнын ашу.
- Оқушының барлық алатын білімін және оқытудағы қоғамда өмірде болған
көзқарасының қалыптасуының негізінде оны қазақ тілі туралы түсінік беру,
оны тәжірибеде жүзеге асыру жолдарын анықтау.
- 4 сыныпта қазақ тілі сабағында оқыту барысында оқытудың тиімді әдіс
тәсілдерін қарастыру.
- Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың зерттеу объектісі жөніндегі білі
жөніндегі біліктіру жолдарын қолдану.
Зерттеу объектісі: Қазақ тілі сабақтарында 2- сынып оқушыларының
жүргізілетін оқытудағы білім, білік, дағдыларды жасау.
Зерттеу пәні: 2 – сынып Қазақ тілі пәні
Зерттеу әдістері: ғылыми әдістемелік әдебиеттер, озат педагогикалық
тәжірибелер, тест, тапсырмалар, бақылаулар.
Диплом жұмысы кіріспеден екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен,
қосымшадан тұрады.

І-тарау. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастырудың
педагогикалық-психологиялық негіздері.

1. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытуда оқушылардың жас ерекшелігін
ескеру.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өмірінде болып
жатқан қоғамдық өзгерістер жаңаша мазмұн мен бағыт бағдар беруде.
Еліміздің заңдылықтарына сәйкес сай білімді әрі жан – жақты
жастарды тәрбиелеу – басты мақсат.
Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы, тірегі елдің тізгіні
солардың қолында. Сондықтан жоғарғы деңгейде педагогикалық білім беруді
бүгінгі талаптарға сай ұйымдастыру оқу тәрбиесі жұмысының тиімді әдіс
түрлерін оқытудың жаңа технологиясын енгізу - қазіргі уақыт талабы.
Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. Келешекте
жастар қандай болу керек деген жанды сұрақ әрбір саналы адамды
ойландыратыны сөзсіз. Сондықтан Елбасымыз Н.Назарбаев "Халқымыздың алдында
ХХІ ғасырды құрушы ескер, өмірге икемделген жан – жақты мәдениетті, жеке
тұлғаны тәрбиелеу керек" – деп жауапты міндет қойып отыр.
Сондықтан осы міндеттер орындалуы – Бастауыш мектептен
басталады. Білім негізі осы жастан басталады. Атамыз қазақ "баланы -жастан"
деп бекер айтпаған ғой. Өмірге деген көзқарасты, білім-біліктің дағдысының
алғашқы негізін беретін осы бастауыш мектеп. Сондықтан оқыту мен
тәрбиелеуде – бастауыш мектептің атқаратын ролі өте зор. Өйткені, бұны
ғылыми тұрғыданда дәлелденген.
Оқушылардың алғашқы білім және ғылым негіздерімен
қаруландырып олардың білуге деген қызығушылығын, құштарлығын арттырып,
біліктілігін ұштап, жан-жақты дамуымен қамтамассыз ету.
Қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты,
заманның жаңа талаптарына сай бастауыш мектеп үрдісіне қойылатын сұраныс
күрделене түсті. Осы кезеңде оқушылардың білімі мен дағдысын қалыптастырып
қоймай оларды дамыта оқыту үрдісін құру жолдарын ғылыми педагогикалық
негіздерін жаңарту да қарастырылады. Яғни оқушылардың білімін, дағдыларын
жоғарғы дәрежеге жеткізу мақсатында, оқыту үрдісінде талаптар, тәсілдер
және жаңа техналогиялар мен әдістерді қолданылуы керек
Мұғалім оқушылардың зердесіне алғашқы қарапайым
ұғымдарды, қабылдауға дайындау. Оның мағынасын түсініп, қабылдауды, олардың
әрі қарай оданда күрделі ғылыми ағымдарды меңгеруіне мүмкіндік беру.
Осындай салауатты саналы адамзат тәрбиелеу үшін оқытушы
оқушының оқу – тәрбие процесінде әрбір баланың жеке басының ерекшелігін
есепке алуы тиіс. Осындай жалпы заңдылықтардың бірі мынада: балада жаңа
психологиялық құрылымдардың пайда болуы міндетті түрде баланың өз
белсенділігімен байланысты жаңа құрылым тіпті ол оқыту үстінде мысалы тәсіл
үстінде сырттан берілсе де іс - әрекетке енгізуі, осы іс - әрекетті
өзгеріске түсірумен байланыстыруы тиіс. Белгілі бір матералды игерудің өзі
түрліше жүзеге асады. Оны қазіргі кезде мектепке арнайы дайындалған
стандарт бағдарламада көрсетілген оқушыға мұғалім сол бағдарламаға сүйене
отырып, өзінің тәжірибесіне сүйене отырып жеткізеді. Бұл жерде баланың даму
дәрежесіне қарай түрлі психологиялық ерекшеліктерге көңіл бөліп,
педогогикалық шарттарды талап етеді. Игеру процесінде бала бағыттылық сана
және іс - әрекет ерекшеліктері бар және адам ретінде көрінеді. Баланың жеке
басының негізгі жақтарының дамуы игеру механизмінің өзгерісін туғызады,
таным психикалық процестерінің (түйсік, қабылдау, зейін, ойлау, сайлау.
т.б.) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері де (қабілет, бейімділік,
мінез.) қалыптасады. Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық бақылағыштық
білуге құмарлық, тапқырлық, іздемпаздық сияқты болымды жақтарыда жетіле
түседі. Іс - әрекеті процесінде әр түрлі қиыншылықтарды жеңу үшін жеке
адамда шешімділік, өзін - өзі ұстай білу, батылдық, табандылық, төзімділік
сияқты ерік қасиеттері пайда болады.
Ал ерік дегеніміз – адамның белгілі бір мақсатқа ұмытылуы мен
белсенді қимылы. Осының арқасында белгілі бір жастағы балаларға тән жетекші
бағыттылық ерекшеліктері ескеріліп отырылуы қажет.
Қазіргі оқу- тәрбие процесінде әр баланың бойындағы жеке
басының ерекшеліктері есепке алынуы тиіс. Әр баланың ұғымы, сезімі, танымы,
қабылдау қабілеті әр түрлі. Ең бастысы - әр баланың жеке басын құрметтеу.
Бұл мақсат орындалуы үшін психикалық даму әлеуметтік тәжірибелі меңгеру
жолымен оқыту арқылы жүзеге асады, яғни тек оқыту психологиясы үшін де
басты идея болып табылады.
Тәрбие нәтижесінде қалыптасқан адамның қажеттіліктерін,
оның мұратын бағалауын әрі өзін-өзі бағалауын білдіретін жеке адамның іс-
әрекетінің жиынтығы, позициясы жоғарғы өтетін ішкі жағдайлар арқылы болатын
түрлі сыртқы іс-әрекет әсерлері жеке адамның бір шама тәуелсіз етеді. Бұл
идеяны жүзеге асыра отырып, совет психологтары жеке адамның психикалық
процестерімен қасиеттерін белсенді қалыптастырудың стратегиясын жасады.
Психикалық дамудың жеткен дәрежесі тіркеумен ғана шектелген басқа
психологиялық- педагогикалық концепцияларға қарама-қарсы, совет
зерттеушілері белсенді қалыптастыру жолымен баланың психикалық дамуының
эксперименттік үлгісін жасады. Советтік педагогикалық және жас ерекшелігі
психологиясының концепциясының бірі ақыл-ой әрекетінің кезеңмен қалыптасу
теориясы болды. Ақыл-ой әрекеті білімдер алу үшін оқушылардың іс-әрекеті
процесінде, әрекеттердің белгілі бір жүйесін оларды орындауы жағдайында
және соның нәтижесінде жүзеге асады. Педагог міндеті- осы процесті жақсы
басқара білуі, оны бақылауы тиіс.
Бастауыш мектеп жасындағы жаңаны игеру оқу әрекетінің
маңыздылығы мен, танымдық ынталарының артуымен тығыз байланысты. Баланың
оқу әрекетін қалыптастыруда ол оқуға, өзін қадағалай (өз білімін, өз
іскерлігін), өз жетістіктерін бағалай білуге бағдарын қамтитындай етіп
ұйымдастыру маңызды. Оқу процесінде бала үшін жаңаны танып білу мәнді
қызықты болуы тиіс.
Психикалық құрылымдар дамуының жалпы заңдылығы болып
олардың субьекті іс-әрекеті негізінде қалыптасуы есептеледі. Бұл әрекет
ересек адамның көмегі және басшылығы арқылы ұйымдасуы мүмкін. Балаларды
оқыту процесінде дамудың жалпы заңдылықтарынан басқа бала психикасы
дамуының әр жағына тән нақты педагогикалық шарттарды ескерудің маңызы бар.
Оқыту процесінде оқушылар әртүрлі оқу пәндерінен білімдер мен әртүрлі іс-
әрекет үйренеді, оқу үстінде балалар адамзаттың және тұтас алғанда ғылымның
өткен жолын қайталамайды. Білімдер мен іс-әрекет тәсілдерін балалар жаңадан
ашып жатпай, сырттан берілгенді игеріп отырады. Өзіндік міндетіне
байланысты жаңа іс-әрекет жаңа тәсіл міндетті түрде оқытуға енгізіледі де
сол мәселені шешудің құралы болады. Балалар жаңа міндеттің өздері бұрын
орындағанымен салыстырмалы түрде қандай өзгешілік бар екенін түсінуі тиіс.
Тек осы жағдайда жаңа іс-әрекеттің қандай бір ерекшелігін байқайды.
Тәсілдер мен білімдерді оқушылардың нақты іс-әрекеттерін нәтижелі қолдануды
қамтамасыз ететін психологиялық механизмдердің қалыптасуымен дамуы басқаша
педагогикалық жағдайларда өтеді. Тәсілдерге қарағанда, іс-әрекет тәрізді
даяр түрде беруге болмайды. Олар біртіндеп, нақтылы материалмен іс-әрекет
жасау процесінде қалыптасады. Арнайы жаттығулардың көмегі арқылы балаларда
білімдер мен іс-әрекеттер тәсілдерінің өте жоғарғы дәрежеде қолдануын
қамтамасыз ететін ой-әрекеттерін қалыптастыруға болады.
Жеке адамның жалпы қасиетінің, атап айтқанда бағдарының
ұйымшылдығының, еріктілігінің қалыптасуына ерекше жағдайларды талап етеді.
Балалар өз іс-әрекетін жоспарлау, даярлау, орындау, бақылау және бағалау
деген кезеңдерін ажырата білуге үйретеді. Әсіресе төменгі сынып оқушылары
жоспарлауды, бағалауды және бақылауды үнемі тастап кетіп отырады. Сондықтан
оларды жүзеге асуына педагогтың тікелей нұсқаулары мен бақылауы, кейін
түрлі белгілер арқылы үнемі сырттай қостап отыру керек. Мақсаттылықты
қалыптастыру- баланың жеке басын жан-жақты қамтитын күрделі процесс. Бір
жағынан балаларды орындайтын жекелеген іс-әрекетті нәтижесімен ұштастыра
білуге мақсаттарын міндеттердің өзгеруіне қарай іс-жағынан, балалардан
белгілі нәтижеге жетуді, іс-әрекетті аяғына дейін жеткізуді, берілген
талаптарды ескеруді, ғана талап етіп қоймай алынған нәтижені бала үшін
ерекше бөліп қарап, көзделген мақсат, міндет тұрғысынан оны талдап, тәуір
нәтижеге жеткен балаларды атап өту қажет. Мұның өзінде бағалау бала
түсінігінше формальды міндетті сипатта болмай, оның осы іс-әрекеттегі
жетістіктерін талдаумен байланысты болуы тиіс. Бағыттылықты қалыптастыру
шарттары осы іс-әрекет ерекшеліктерін бөліп көрсетуді және оның іс-әрекетті
орындаумен байланысты баланың жеке басына баға беру арқылы қол жетеді.
Баланың даму процесін оның қайсібірі жағынан өзгеруімен сипаттауға
болмайды, өйткені бұл күрделі әрі көп жақты процесс. Сондықтан
психологиялық дамудың алуан жақтарының қамтамасыз ететін педагогикалық
шарттарда сан түрлі.
Педагогикалық ғылымдар салалары өзара бірыңғай байланысып,
қисынды бір ізгілікпен дамиды. Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз
байланыста дамиды. Адамды жан-жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу
проблемасын шешу үшін педагогика басқа ғылымдармен байланысып отырады.
Әсіресе соның ішінде- Философия ғылымы.
Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын
түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып білуге көз қарастың
негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне
білушілікке тәрбиелейді. Тәрбиенің мақсаттары халыққа білім берудің мазмұны
педагогикалық процесті ұйымдастыру сияқты проблемаларды зерттеудің
барысында, педагогика ғылымы алдын –ала болған нақтылы әдіснамалық жүйеге
сүйенеді. Ғылым педагогика тәрбие процесінің ерекшеліктерін негізгі
кезеңдерін, басқа құбылыстармен өзара қатынастарын қарастырады. Олардың
заңдылықтарын анықтап қалыптастырады.
Педагогика материал үстік диалектиканың қарама-
қарсылықтардың бірлігі мен күресін, сан өзгерістерінің сапа өзгер істеріне
ауысу және теріске шығаруды негізгі заңдарын тәрбие, білім беру және оқыту
барысында шығармашылықпен пайдаланады. Бұны ғылыми философия тұрғысында
былай түсіндіруге болады: ескінің орнын жаңа басады, дамудың кезеңі екінші
кезеңге ауысады деген сөз.
Қай саланың, өзінің бұрынғы өмір сүру формасын теріске
шығармайтын дамудың болуы мүмкін емес деген қағида пайда болады.
Педагогиканың тағы бір шарты психологияға тығыз байла-
нысты. Педагогика тәрбие мен дидактикаға психологиялық ғылыми мәлметтерге
сүйене отырып зерттелді ол педагогика осы мәселелерді терең пайдалана
отырып адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді
әдістері мен құралдарын анықтап ашады.
Осы екі ғылымдардың зерттейтіні адам.
Педагогика ғылымы мектеп гигенасымен тікелей байланысты. Мектеп
гигиенасы жас ұрпақтың денсаулығын сақтау нығайту және дамыту жайындағы
ғылыми ғылым мектеп ғимаратында, сыныпта таза ауа желдеткіші жоқ болса,
оқушылардың басы ауруы мүмкін. Жарықтың нашарлығы баланың көзіне әсер
етеді, көру мүшесінің қызметін нашарлайды. Міне біз педагогикалықтың
бірнеше шарттарына тоқталдық. Солардың барлығы сай болған жағдайда біз
баланың өз деңгейінде оқытуымызға мүмкіндік болады. Біз педагагикалық
ғылыммен психологиялық ғылымды бөле жара қарамай осы екеуінің құрылуының
алғашқы тәжірибелеріне сүйене отырып, осы екеуін практикамен жақындастыру
тек оқыту мен тәрбиелеу процесінің өзіндік эксперименттік зерттеу жолында
ғана мүмкін. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының маңызды
теориялық әрі методологиялық міндеттерінің дұрыс шешімдерін табу болады.
Бұл жерде оқыту процесіне қатысты бар психологиялық дамудың қайнар көздері
деген проблема алдыңғы орынға шықты.
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологияның дамуын
мынадай тұрғыда қарауымыз мүмкін. Бұл үшін оқытумен тәрбиелеудің жолдарын,
маңызды тәсілдерін анықтап балаға деген қарым-қатынасты ересек адамдармен
салыстыра отырып олардың өздеріне тән ерекшеліктерін түсіністік пен қарап
кез келген қиындықты шешуге болады. Осы педагогикалық және жас ерекшелігі
психологияның саласында психиканың қайнар көздері (фактор) әртүрлі
түсіндіруші екі ағым айқындалады.
1. Биологиялық факторды биогенетикалық даму дейміз. Бұл дегеніміз туа
бітті ерекшеліктерін мойындау.
2. Социогенетикалық дамуы. Оның мінез-құлқы мен дамугенетикалық
білімділігі - қоршаған ортаға байланысты белсенділігі.
Адамның психологиялық дамуының әлеуметтік табиғатын ескеру бұл
процестің күрделілігімен сан қырлылығын түсінуге мүмкіндік береді, өйткені
адамның бүтіндей дамуы, яғни жеке адамның дамуы ретінде көрінеді.
Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы
білімдерді іс-әрекет әдістерін күрделінуден тұрады. Мысалы: 6-7 жасар
баларға заттарды арнаулы белгілері бойынша біріктіру үшін эталон - үлгі
қолдануды үйреткен жағдайда, балалардың жіктеу операция-сының механизмі мен
даму сатыларын елеулі өзгеріске түсіреді. Балалар жаңа операцияларды
олардың өздеріне тән функцияларында, яғни берілген операция орындау құралы
болатын іс-әрекетпен байланыстырып игеруі керек. Мысалы:1-ші сынып
оқушылары арифметикалық амалдарды арифметикалық есеп пен шығарады. Ал бала
кері есеп құрастыру барысында қателесуі мүмкін.Мысалы табақшада 6-ы алма
бар, оның 2-ін Сымбат алды. Табақшадан Айгерім біреуін алды. Қалғаның
Жандос алды. Жандос неше алма алды? Деп бұл есепке кері есеп құрастыруға
болады.
1.Сонымен оқыту мазмұны балалар игеретін білім мен іс-әрекет
тәсілдерінің ерекшеліктері оқытудағы білізділік балалар дамуының негізгі
қырларының бірін сипаттайды. Мысалы: арифметикалық санды салыстырмалы түрде
шығарту.
2. Оқушыға ойыншықтарды бөліп беріп, оны санатып қайсыні, көп екенін
айтқызып, орындату.
Мұндағы мақсат есептің шығарылуда нақты шарттармен
үйлестіріп және шарттардан осы қарым-қатынасқа сай келетін элементтерді
бөліп шығаруы тиіс. Оқушыларды мұндай арақатынаста, жоғарғы формаларына
(нақтылы және абстрактілі білімнің арақатынасын белгілеп, байланыстыра
білуге үйретіп отыру керек. Осылардың барлығын меңгерту үшін оқытушы
дидактикалық теорияны басты ролде алып отыру керек. Оқушыларды кең білім
шеңберімен қаруландыру, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру керек. Сондықтан білім беру мазмұнын мектеп реформасына, жалпы
білім беру бағдарламасы талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына
сәйкес ғылым негізінде дәлелдеп, іске асыру қажет. Негізгі мақсат
оқушыларды қоғамдық өмірдің барлық саласына белсенді қатысуға даярлау. Ол
үшін мектепте оқытудың мақсатын, міндеттерін, принциптерін мен
заңдылықтарын анықтау және жүзеге асыру.
Дидактиканың негізгі категориялары.
1. білім беру, 2 оқыту, оқу оқыту принципі, оқыту процесі және
компоненттері міндеттері формалары әдістері, құралдары оқытудың нәтижелері.
Осылардың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге оның
озат тәжірибені зерттеп жинақтауға және осы оқыту мен тәрбие процесіне
енгізуге байланысты. Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі –
оқу пәндері бойынша сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пәнінің негізгі
ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқын баяндалуы керек, оларды ғылым
мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз
етілсін "-деп мектеп реформасында жазылған. Оқыту процесінің табысты болуы.
Біріншіден, мұғалімнің өз пәнінен теориялық және практикалық дайындығына
оқу процесін ұйымдастыру және басқара білуіне, екіншіден, білім дағдысына
жоғарғы мәдениеттілігіне ғылым мен техника жетістіктерін пайдалана білуіне,
үшіншіден мұғалім мен оқушылардың арасындағы адамгершілік өзара қатынас
және бірлікке байланысты. Тәжірибелі мұғалім олардың жаңа еңбектерін терең
зерттеп, оны тиімді пайдалана білуі тиіс. Бұл мұғалімдердің шығармашылықпен
пайдалану оқыту процесін жақсартудың шешуші жолдары.
Адам баласының іс-әрекетінде процесс термині жиі кездеседі Мысалы:
еңбек процесі, биологиялық процесс т.б.
Оқыту процесі терең берік және дәл білім алу таным жолындағы
оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі – бұл мұғалім мен
оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге
білім беру міндеттерін шешу.
Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымдық практикалық
іскерлігі мен дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін басқару үшін, жүйесін
құрылымын, бөліктерін және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын жете
білу керек. Сонда ғана жүйе ретінде қарастырылады.
Ол өзінің құрылымы және бөліктерімен сипатталады.
Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі.
1. Мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы және оқушылармен қарым-
қатынасы.
2. Оқушылар сынып ұжымы.
3. Оқыту әдістері.
4. Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың
техникалық құралдары.
5. Оқыту нәтижелері.
Оқу процесінде білімнің іскерліктің және дағдының өзара мүмкіндік
туғызады.Оқыту екі жақты процесс, онда мұғалім мен оқушылардың
ынтымақтастық іс-әрекеттері мен тәсілдеріне үйретеді. Оқу – бұл оқушылар іс-
әрекеттерінің, яғни обьективтік әлемді танудың ерекше формасы. Оқыту
процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар мыналар.1.Оқытудың білім беру
функциясы. Бұл оқушыларды білім байлығымен қаруландырып, өз бетімен білім
алуға іскерлік пен дағдыны игертеді. 2. Оқытудың тәрбиелік функциясы –
тәрбиелей отырып, дамыта оқыту байқағыштығын, ойын, есін, қиялын дамытады
оқушылардың сеніміне, моральдық нормаларды, мінез-құлықты игеруді қамтиды.
3.Оқытудың дамыту функциясы. Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып жеке
адамның таным қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді, таным- қабілетін
дамытады. Оқушылардың таным іс-әрекетін барынша дамыту, ой-өрісін дамыту
өз бетінше білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Сондықтан
мына төмендегі идеяларға саяды.
1. Таным қабілетінің дамуы. Бұған қабылдауды зейінді, есте сақтауды,
қиялды, ойлауды, дамыту.
2. Оқушыларға білім беру және обьективтік шындықты тану мәселері
жайындағы оқулықтың ролі. Мектеп бағдарламасына арналған арнайы
оқулықтар арқылы жүзеге асырылады.
3. Оқытудың әдістерімен формаларын жетілдіру әңгіме әдісі, түсіндіру,
лекция, кітаппен жұмыс, демонстрация, иллюстрация, зерттеу,
ұйымдастыру, саяхат, семинар осылар жатады.
4. Мұғалімнің теориялық дайындығы педагогикалық шеберлігі,
білімдарлығы оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші
құралдарының бірі. Мұғалімнің оқытудағы танымдық іс-әрекетінің
психологиялық- педагогикалық негіздерін жақсы меңгеруші керек.
Оқыту процесінің логикалық оның құрылымен анықтайды, ал оның
құрылымына оқыту процесінің - танымдық іс-әрекетінің кезеңдері
кіреді -танымдық міндеттерін жете түсіндіру.
Оқушылардың дамуындағы бағыт мүдделердің дамуымен және болашаққа жоспарлау,
бір нәрсені шын мәнінде танып білуге ұмтылуынан, өзі мазмұны мектеп
программасының шеңберінен танымдық іс-әрекеттің дамуына себепші болады.
Оқушының белсенділігі артып, кітапқа, аспапқа өзгеде нәрселерге деген
құштарлығын арттыру.
- Жаңа материалды қабылдау. Оқушыларға жаңа материалды өткен материал
арқылы байланыстыра отырып, түсіндіру, білімділік мақсатын, дамытушылық,
мақсатын ендіру.
- ұғыну- бұл саналы түрде ғылыми білімді заңдылықтарды ұғу.
- Бекіту бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді тәсілі.
Білімді іскерліктік де дағдыны практикада қолдануы оқушылардың
өзіндік қасиетін дамытады. Оқушылардың өз бетімен дамуына практикалық
ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары мүмкіндік туғызады. Оқушылардың
барлық жетістіктерін білім сапасын, пайымдау сауаттылығын, жалпы ой
өрісінің даму дәрежесін ескеріп талдау жасап отырған жөн.
Негізінде оқыту процесінде кездесетін логикалық бір ізділікпен былай
жазуға болады. Нақтық аңғару, абстракты ойлау, практика. Оқытумен
тәрбиелеудің негізгі педогогикалық- психологиялық теориялары деп осыларды
айтамыз. Осымен қатар оқу басқа істермен айналысуына шек қоймайды. Осы
жасқа тән екі форма өзіне -өзі қызмет ету мен ұсақ түйек жасау формасында
еңбекке ерекше роль беріледі. Бастауыш сыныптарда өзіне -өзі қызмет етудің
әдеттері мен дағдыларын дамыту мен бекіту – балалардың үлкендердің еңбегін
құрметтеу, адамдардың өміріндегі еңбектің ролін түсіну сезімдерін тәрбиелеу
ұзақ дене еңбегіне даяр болу үшін жақсы негіз. Жанұяда және мектепте бала
өзіне- өзі қызмет ету жөніндегі міндеттерді терең толғанатындай жағдай
жасау маңызды. Мысалы таза және мұнтаздай бол деп талап қою бала өзінің
киім қоятын жерін және басқа да мүліктерін өздігінен тәртіпке келтіретін
жағдайдың жасалуымен ұштасуы керек. Балалар өзіне -өзі қызмет ете отырып,
әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудың тәсілдеріне үйренеді, өздерінің
жауапкершілігін сезінеді. Олар өздерінің адамгершілік борышым дейді,
сонымен қатар үлкендердің еңбегін бағалайды. Олардан үлгі алады. Мектеп
жағдайында өзіне -өзі қызмет ету- оқу құралдарды, кабинеттерді, мебельдерді
тазалу жатады. Өзіне-өзі қызмет етуде балаларға талап қойғыштық және оны
жақсы ұйымдастыру – бастауыш сынып оқушыларын коллективтік еңбекке қатысу.
Олар жолдастық қолдауға және өзара көмекке үйренеді. Коллективтің жалпы
міндеттеріне саналы түрде қарап, жұмыстың дер кезінде адал орындауға және
жеке жауапкершілігін сезінеді. Мектеп пен жанұядағы алдыңғы мақсат – бұл
өзіне-өзі қызмет етудің берік жүйесін жасау, тұрмыстың еңбекті әр баланың
күнделікті өмір игілігіне айналдыру қажет. Мұндай әр түрлі еңбектің
тұрмыстық түрлерін орындау барысында балалардың ақсаусақтық нәуетектікке
жол берілмейді. Оларға дұрыс бағыт беру мұғалімдердің, ата-аналардың және
әр бір жан ұя мүшелерінің адамгершілік борышы. Оқу еңбегі бала үшін ойға
толы, ұзақ, инемен құдық қазғандай, ақыл-ойдың кемелдеуін талап ететін ең
ауыр еңбек. Оқу еңбегінің күрделілігі оның нәтижесі бірден оқушыларға
көріне, бермеуде. Достарым сыныпта балалар қағаз бен балшық пен қаңылтыр
сыммен жұмыс жасайды. Осы кезеңде қаңылтырды кесуде тапқырлық, оны
жапсырғанда ептілікке, тазалықққа баулиды. Балалар өз қолдарымен жасаған
пайдалы заттарына терең қанағаттанғандық сезіміне бөлейді. Қолдан әр түрлі
заттарды дайындау және үйлестірілген іс-әрекеттерді жетілдіру үшін оларды
бұлшық еттің және сол сияқты көзбен көрудің негізінде бақылауды
қалыптастыруды қажет етеді.

1.2. Оқыту барысында оқушыларға білім,білік дағдыны қалыптастыру
жолдары.

Оқушыларға өзіне-өзі қызмет етудегі ерекшеліктерін осылай талдадық.
Оның мақсаты еңбекке баулу еді. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының
жеке басының дамуына тоқталайық. Олардың жалпы қасиеттерінің қалыптасуы мен
дамуы да ерекше жағдайларды талап етеді. Олар іс-әрекеттің жоспарлау,
даярлау, орындау, бақылау және бағалау деген кезеңдерін ажырата білуге,
үйретеді. Бастауыш сыныпта іс-әрекеттерін жиі тексеріп отыру керек.
Мақсаттылықты балаға қалыптастыру керек. Балалар жекеленген іс-әрекеттерді
мақсатпен нәтижесімен ұштатыра білуі керек. Екінші жағынан балаларды
белгілі бір нәтижеге жетуді, іс-әрекеттің аяғына дейін жеткізуді берілген
тапсырмаларды талаптарды ескермей, олар үшін алынған нәтижені ерекше бөліп
қарау, мақсат, міндетке жеткенін, оны талдап балаларды атап айту қажет.
Баланы моральдың жағынан тәрбиелеу мектепке дейінгі кезеңдерде басталады.
Ал оларды мектепке ғана орындалуы үнеміде мақсатқа бағытталып отыратын
моральдық талаптардың айқында кең мінез- құлық нормаларының және
ережелерінің аса кең жиынтығы үйретіледі. Біз бұлардың бәрін қалыптастыру
үшін этика тәрбиесіне көңіл бөлейік. Этика 2-ге бөлінеді:
1) Нормативті этика. 2) Мораль теориясы. Нормативті этика игілік
жақсылық, жамандық әділеттілік мәселелерін зерттейді. Жеке адамның мінез-
құлқының кодексін жасайды. Мораль теориясы моралдың мәнін нормаларын тарихи
сипатын анықтайтын заңдылықтарды зерттейді. Моральдық теорияға ұжымшылдық,
гуманисттік, белсенді- нарекетшіл моральдар жатады. Балалардың мінез-құлық
нормаларымен ережелерін шын мәнінде және негізінен игеруі алдымен
педагогтың, олардың орындалуын тексерудің жақсы жетілген әдістері мен
тәсілдері жүйесінің бар екенін білдіреді. Осы нормаларды және ережелерді
айқын тұжырымдау, орындауда міндетті түрде мадақтап, ұқыпсыздық пен
тәртіпсіздікте тиісті шаралар қолдану- кіші мектеп оқушыларының
тәртіптілігі мен ұйымшылдығын тәрбиелеудегі маңызды шарттары. Жеке адамның
психикалық дамуы- бұл оның іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы саналығының өсіп
жетілуі. Сананың дамуы мен адамның қоршаған дүниені жете түсінуін, яғни
оның табиғи әлеуметтік ортаға көзқарасы. Сана дегеніміз – обьектив шындық
бейнесі. Сана іс-әрекетте пайда болады. Еңбек және қоғамдық қатынастың
нәтижесінде қоршаған ортаны түсінеді, сана сезімі дамиды. Даму барысында
сыртқы көріністерді байқайды. Өзін-өзі бақылауды, бағалауды, намысты, өз
қадірін сезуге талпындырады. Баланың осы жасында қалыптасқан осындай
қасиеттер жеке адамның ішкі және табиғи жетістігі. Балаға осындай мінез-
құлықты қалыптастыру барысында өзара қарым-қатынастың өте маңызы зор. Бұның
алдында да айтылғанда коллективтікке баулу деп жатырмыз. Атап айтқанда
бастауыш сынып оқушыларға мұғалімнің нұсқауы және басшылығына ала отырып
меңгереді. Мысалы, ұйымдасқан түрде сабақты орындауы өздерінің бір-біріне
көмектесуі міне осыдан барып өзара қатынас пайда болады. Мектепте өткен
бірнеше аптадан соң бірінші сынып оқушыларының көпшілігінің ұялшақтығы
абыржуы жойылады. Балалар өздерінің жанындағы балаға көңіл бөле бастайды,
өзімен көз-қатынас жасай бастайды. Осы жағдайда орнату барысында әрбір
оқушы өзінің шын мәніндегі дара ерекшеліктерімен көрінеді. Бастауыш мектеп
оқушыларының өзара қатынасына тән белгі олардың достығы өмірдің сыртқы
мақсаттары мен кездейсоқ мүдделері ортақтастығына негізделеді. Оқушылар
өзара қарым-қатынастан басқа үлкендердің ықпалымен және солардың
жетекшілігінің арқасында олар менде тығыз байланыста болуы керек. Бұл үшін
жанұяда баламенен жолдастық қарым-қатынаста болуы керек. Өзінің жанұясының
жылы шырайын қамқорлығын сезінуі. Ата –ана мен баланың арасында ұрыс-керіс
болдырмаумен, жанұя мүшелерін мұғалім тығыз байлаынысып отырады. Көздеген
үлгілі бір мүддеге жету үшін мұғалім баланың назарын соған аударып, талап
көмек қажетсінетін болса, оған керегінше көмек көрсету қажет. Бұл мәселеге
мұғалім мен ата- ана бірдей қамқорлық көрсететін болса, бала ризашылықпен
толық сенім білдіріп, зор ықласпен оқып білім алуға, еңбек етуге тырысады.
Мұғалім оқушының ептілігі зеректігі, батылдығы үшін берген бағаға өте
ынталы етеді. Баланың өзі қалағанынан басқаша бағаланса өте қатты
қынжылады. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары өздерін-өздері бағалауды жақсы
меңгермейді. Бұл жерде мұғалім жетекшілік ету қажет. Сондықтан мұғалімнің
пікірі оқушы үшін елеулі де үзілді- кесілді болып табылады.Бастауыш мектеп
оқушылары мұғалімнің беделін сөзсіз мойындайды. Олар мұғаліммен әртүрлі
кездейсоқтық қарапайымнан бастап маңызда да дара себептермен сөйлеседі.
Балалар өздерінің қам-қаракетін, қынжылыстарын, үйдегі оқиғаларын
мұғаліммен ашық бөліседі. Оқушылардың оқу барысында қызметтері. Алдымен
ұқыптылыққа,төзімділік қасиеттерін меңгерте отырып, сабақта зейінді
тыңдау,берілген тапсырманы аяқтауда тиянақтылық көрсету және үйге берілген
тапсырманы орындау. Сабаққа керекті құралдарды түгел қолдану жас тұрғысынан
даму процесінде баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі өзгерістердің бәрі
жоғарыда айтылған жағдайдың бәрі үйренудің фактілері. Мысалы, оқушы
сыныптағы қарапайым сабаққа қажет, тақта, өзі отырған партаның неден
жасалғанын білмейді, оны мұғалім түсіндіреді сонан ұғыну процесі жүреді.
Міне бұл жағдайда есту арқылы жүзеге асты. Алайда бөлмеге кірген адам
сыныпта не барып бірден көреді. Адам көру адаптациясын үйрене алмайды. Ол
көру жүйесінің туа біткен физиологиялық қасиеті болып табылады. Үйрену- іс-
әрекеттің орнықты нысаналы өзгерісі бұл өзгеріс мұның алдындағы іс
-әрекетінің нәтижесінде пайда болады және организмнің тікелей туа біткен
физиологиялық реакциялардан туындайды. ұғымдарды тіркеу үшін адамда
белгілердің арнайы жүйесі тіл, оны сөздер және сөйлемдерді байланыстырады.
Ұғымды білдіру құралы тіл адамның үйренуін сезімдік тәжірибеге, жалпы
қабылданатын жеке заттарға байланыстары мен қатынастарын ескеруге мүмкіндік
береді. Сондықтан сөздермен белгіленетін ұғымдарды үйрену бүкіл адамзаттың
өз тарихи даму барысында жинақталған білімдерге меңгеру. Оқушылар үйренуде
2 түрде өтеді. Сенсорлық үйрену моторлық үйрену. Сенсорлық үйренуде
қабылдау, білу, тануды қамтиды. Ал моторлық үйренуде қимылдарды таңдау,
программаларды біріктіру, жіктеу жүйелеу. Оқушыларды оқу барысында үйренуде
когнитивтік деңгейде адамда іс-әрекет заттардың мәнді қасиеттері мен
байланыстарын табу, талдау, іріктеу, қорыту және тиянақтау процестері осы
қасиеттерімен байланыстырады. Пайдалану жөніндегі мақсатқа сәйкес әрекеттер
қалыптастырады. Үйрену жаттығулары бақылау, ұғыну және өзін-өзі бақылау
негізінде жүзеге асады. Бұлар ұғынылып барып қойылған мақсаттар мен
міндеттер арқылы басқарылады. Когнитивтік деңгейдегі тиісті сынып есептерін
шешу үшін қажет іс жүзіндегі білім мен практикалық іс-әрекеттерге үйрену.
Сонан соң қорытылған теориялық білім мен ақыл-ой іс -әрекеттерін үйрену
болады.Үйренудің аталған бұл деңгейлері мен түрлері белгілі бір шамада
жасалатын түрде бөлінген. Мұның алдындағы деңгейлер жоғалып кетпейді олар
бар болғаны қайта құрылып келесі деңгейде үйренуге бағынады да оның
құрылымына кіре бастайды. Когнитивтік үйренудің ең жоғарғы деңгейлерінде
қалыптасуды да сондай-ақ моторлық жектеулерде кіреді. Ойы атап айтқан жазу
сызу т б. Үйрену стихилы болуы мүмкін адамның басқа кісілермен айналадағы
дүниемен қарым-қатынасы және өзара іс-әрекетте пайда болуы мүмкін. Бала
мектеп реформасына сай жүріп-тұруға мінез-құлықтың көптеген дағдыларын нақ
осылай едәуір дәрежеде стихиялы түрде меңгереді. Бірақ білім мен
іскерліктерді осылай стихиялы түрде меңгерумен қатар үйрену көптеген
жағдайларда нысаналы процесс ретінде арнайы ұйымдастырылған жағдайларда
жүзеге асырылады. Үйренудің бұл мақсатқа сай ұйымдастырылуын оқыту деп
атайды. Оның көп тараған түрі мектепте оқыту. Оқыту элементі семья
тәрбиесінде сондай – ақ адамдардың өзара қарым - қатынастары басқа
жағдайларда байқалады. Оқытуды оқытатын адаммен оқитын адамның арасындағы
белсенді өзара әрекет деп сипаттауға болады бұның нәтижесінде оқитын адамда
белгілі бір білім, іскерлікпен дағдыларды қалыптастырады үйренушінің ықпалы
үйренушінің белсенділігін оятады, ал бұл орайда күні бұрын қойылған
тиянақты мақсатқа жеткенде осы арқылы бұл белсенділікті басқарады. Оқытуда
оқушының сыртқы және ішкі белсенділігін ынталандыру және оны басқару
процесі деп көрсетуге болады. Мұғалім оқушының белсенділігіне жағдайлар
жасайды, оған бағыт береді, бақылайды бұған қажетті құралдар мен информация
береді.
Оқушы өз мақсатына жетуі үшін оқытушы оқуға деген ынтасын арттырып білім
өзіне білуге әуестігін, мәдени деңгейін көтеруге ұмтылдыра ала беруі керек.
Олар оқушының мінез-құлқын әшейін басқаруды ғана емес оқушыны тәрбиелеуді
мақсаттарын, мүдделерін қалыптастыруды талап етеді. Осындай жағдайда
оқушының бір затқа, оқиғаларда, және іс-әрекеті адамның белгілі бір
белсенділігінің түп негіздеріне, іс-әрекеттің себептеріне айналады. Бұл
негіздерді топтық категорияға бөлуге болады. 1. Ішкі негіздер. 2. Сыртқы
негіздер.
3.Жеке түпкі негіздер деп.
Ішкі негіздер туа біткен қажеттіліктің арасында оқуға ынталандыру үшін
белсенділік қажеттіліктері мен информацияға қажеттіліктері ерекшеленеді.
1. Сыртқы негіздер талаптар адамға іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі бір
түрлерін, формаларын ұсынады. Мысалы. мектепте оқушылардан сабаққа
уақтылы кеуді, мұғалімнің айтқанын тыңдауды оның тапсырмаларын орындауды
талап етеді.
2. Жеке түпкі негіздер. Олар адамның мүдделерімен ұмтылыстарымен,
бағдарларымен, сенімімен, дүниеге көзқарасымен, өзі туралы түсінігі мен
қоғамға көзқарасымен анықталады.
Мұндай құндылықтар өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі орнықтыру, өзін көрсету,
белгілі қажеттіліктерін, қанағаттандыру, өмірлік мұраттар мен үлгілер болуы
мүмкін. Мысалы егер ретінде оқудың нәтижелері ұсынылса, ал ынталандыру үшін
іс-әрекеттің ішкі негіздері пайдаланылса мотивтендіруге оқудағы табыстарды
наградамен, қоғамдық мақұлдаумен, болашақ жұмыс үшін пайдалылығы
ұштастырумен қол жеткізеді. Осындай жағдайлады пайдалану барысында талап
етуде, сенім білдіруде, қолайлы мүмкіндік жасауда білінеді. Оқудың
нәтижелерін жеке мотивтендіруге бұл нәтижелер өзін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төменгі сыныпта информатиканы оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Еңбекке баулу пәнін оқыту барысындағы пәнаралық байланысты жүзеге асыру
Студенттердің сыныптарға бөлінуі
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
Көмекші мектеп оқушыларына геометриялық материалдарды оқыту жолдары
Қазақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда дидактикалық материалдарды пайдалану
Оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары
Пәнаралық байланыс ұғымы
Бақылау сыныбындағы оқушылардан неге сұрақ қоймайсыңдар
Пәндер