Өзін-өзі бағалау туралы түсінік


Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
СӨЖ
Тақырыбы:Өзін-өзі бағалау туралы түсінік
Орындаған:Ризабекұлы. Т
Тексерген:Әбжан. Г
2012жыл
Жоспары:
1. өзін-өзі бағалауды қалыптастырушы бірнеше
Факторлар.
2. Өзін-өзі бағалау құрылымы.
3. Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады.
4. Қорытынды.
өзін-өзі бағалауды қалыптастырушы бірнеше
факторлар
Осы жұмыста өзін-өзі бағалауды қалыптастырушы бірнеше факторлардың (жасерекшелік, жыныстық, әлеуметтік) өзара байланысын, олардың өзін-өзі бағалаудың дамуына әсерін қарастыруға әрекет жасалынды. Сондай-ақ жеке адам мен өзін-өзі түсінуі талқыланады. Өзін-өзі бағалаудың маңыздылығы: істеген істері мен жеткен жетістіктерінің нәтижесін бағалау.
Адамның өзін-өзі бағалауы не тым жоғары, не өте төмен (адекватты емес) болуы мүмкін екенін ескеретін болсақ, бұл екеуі де адам өмірін ауырлатады. Адекватты емес өзін-өзі бағалау сол адамның өзіне ғана емес онымен өндірістік, тұрмыстық және т. б. қатынастардағы адамдар өміріне де жағымсыз әсер етеді. Б. Г. Ананьев өзара түсінісу процесінде адамдардың екі түрлі білім: басқалар және өзі жайлы қалыптасады десе, В. С. Мерлин өзіндік сана - сезім дамуының 4 кезеңін бөліп көрсетеді:
1. Тепе - теңдік сатысы: бала өзін қоршағандардан, алғашқыда анасынан бөле бастайды;
2. «Мен сатысы» (2 - 3 жасқа қарай) өзін іс-әрект субъектісі ретінде ұғынумен байланысты;
3. Өзінің психикалық қасиеттерін ұғыну ;
4. Жеткіншектік кезеңде пайда болатын әлеуметтік- адамгершіліктік өзін-өзі бағалау.
И. М. Чеснокова бойынша сана - сезімнің мынадай екі деңгейі бар:
1. «Мен және басқа адам» шеңберінде өзі жайлы білім қабылданады және оны басқа адам түсіндіреді, ал кейін ол өзіне ауысады.
2. «Мен және мен» шеңберінде адам өз мінез- құлқын жүзеге асыратын мотивациясымен байланыстырады. Өзін-өзі бағалау тұлға мінез - құлқын реттеуге қатыса отырып, өзін тану мен өзіне деген эмоциялық - құндылық қатынастың нәтижесі болып табылатын өзіндік сана- сезімнің негізі ретінде қарастырылады.
А. В. Бороздина бойынша өзін-өзі бағалау өз- өзіне деген қатынасқа негізделмейді, керісінше, оның өз-өзіне деген қандайда бір жағымды немесе жағымсыз қатынасын туғызуға қабілетті. О. В. Хулоева өзін-өзі бағалауды адамның өзі жайлы білімдері мен өзіне қатынасының бірлігі ретінде түсінеді.
Өзін-өзі бағалау құрылымы
Өзін-өзі бағалау құрылымы екі компонент түрінде көрсетілген көңіл - күй және когнитивтік. Шетелдік гуманитарлық теорияда, өзін-өзі бағалауды аффектілік білім алумен салыстырады. К. Роджерс өзін-өзі бағалаудың көңіл - күйлік компонетін «аффектіні» өзіне жинауы, өзін қабылдау деп түсінсе, У. Джеймс өзін-өзі сыйлау деп түсінеді. Өзіндік бағалау- әлеуметтік жағынан шартталған психикалық құрлым болып табылады. Оның дамуының негізгі шарты баланың айналасындағыларымен қарым -қатынасы мен іс-әрекеті. Қарым-қатынас кезінде бала бағалаудың шарттарын, салыстырудың тәсілдерін игереді. Ғылыми мәліметтер өзіндік бағалаудың өсуі индивид өмірінде маңызды құндылық аспект ретінде орын алатындығын көрсетеді. Бала өзін бақытты сезіну үшін өзі туралы оң түсінікте болу керек. Жетіншек жастың ең негізгі мазмұны ол балалықтан ересектік шаққа өтуі. Бұл өтпелі кезең мектепте оқушылар мен мектеп психологы арасындағы қарым-қатынас дамуының маңыздылығын көрсетеді. Біздің көзқарасымыз бойынша мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің жемістілігі оқушылар тарапынын олардың өз еркімен қарым-қатынас жасау формасы психологпен жеке жұмыс жасауымен байланысты. К. Н. Крупская жеткіншек жастағы балалардың өздеріне тән психикалық ерекшеліктерін айта отырып: «Бұл жартылай бала, жартылай ересек» деп тұжырым жасады.
Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады
Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады. Өзін-өзі бағалаудың негізін жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады, және осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі де өте қызықты болды. Тұтас педагогикалық процесстегі қатынастар жүйесіне енгеннен бастап бала өзін басқа балалармен салыстырып, зерттеп, мынандай сұрақтарға: «-Неге мен осындаймын?», «Басқалар мені қалай қабылдайды?», «Өмірде мен қандай жетістіктерге жете аламын?»-деген сұрактарға жауап іздеп, өзінің барлық мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады. Өзін-өзі нақты бағалау, өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалау жоғарлатылған, нақты, төмендетілген болуы мүмкін. Тұрақты және жаңа ақпараттар әсеріне, жинақтаған тәжірибесіне, қоршаған адамдардың пікірлеріне байланысты өзгеріп отыратын бейімделгіш өзін-өзі бағалау түрі адамның дамуы мен тиімді еңбек етуі үшін ең қолайлы бағалау болып саналады.
Өзіне-өзі бұйыру дегеніміз адамның өзіне-өзі берген қысқа, үздік-үздік үкімі.
Өзіне-өзі бұйыру адам өзін нақты бір іс-әрекет жасау керектігіне сендіріп, енді басқаша әрекет жасауға болмайды деп сезгенде ғана қолданылады. Бұйырықты түрде өзінен бір іс-әрекетің орындалуын талап ету қажеттілігі адамның өз кемшіліктерін анық көріп тұрып, бірақ сол жоспарланған істі орындауға күші жетпей тұрған кезде қолданылады. Өзіне-өзі бұйыру еріктік процесспен тығыз байланысты. Өзіне-өзі бұйыруда жаттығу үшін адам өзіне дауыстап бұйырық беріп оны қайта-қайта қайталап орындап отыруы қажет. Өз бұйырыгын екі апта аралығында орындап жүрген адамда өз бұйырығын автоматты түрде орындау әдеті пайда болады.
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуде өзін-өзі құптаудын маңызы зор. Әр адамның есінде өздерінің үлкен жетістіктерге жеткен кездері жақсы сақталып қалады. Адамның жетістіктері оған рухани, интеллектуалдық, күш-жігерлік қорларының ішкі мүмкіншіліктерін байқатып, өмірдің жаңа белестерін жеңе алатынына сенімділік тудырады. Кейбір өмірлік жағдайларда адам «өткенді ойлап» осындай жағдайдан қалай жол тауып шыққанын еске түсіргені абзал.
Өзін-өзі бақылау - адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық процесстер мен көңіл-күйлерін түсінуі, бағалауы және реттеуі. Бұл тәсіл адамға айналадағылармен
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz