Нарықтық экономика жағдайындағы шағын кәсіпкерлік қызметтің ғылыми негіздері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
I Тарау. Нарықтық экономика жағдайындағы шағын кәсіпкерлік қызметтің ғылыми негіздері
1.1. Шағын кәсіпкерлік қызмет . экономикалық категория ... .. 4
1.2. Кәсіпкерлік қызметтің факторлары, түрлері және шетелдік тәжірибе ... ... ... 9
1.3. Шағын кәсіпкерлікті басқарудың аумақтық (облыстық) жүйесін құру және атқарымдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... 14
II Тарау. Шағын кәсіпкерліктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және экономикалық тұрғыда дамуының қазіргі мәні
2.1. Оңтүстік Қазақстан облысында шағын кәсіпкерліктің қазіргі жәйі, оның кәсіпкерлік қызметке әсері ... ... ... ... 22
2.2. Кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік.экономикалық салдары ... ... ... ... ... ... ... 24
ІII Тарау. Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру және жетілдіру жолдары
3.1. Шағын кәсіпкерлікті дамыту . кәсіпкерлік қызметтің алғы шарты ... ... ... ...30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
Қолданған әдебиеттер

Кәсіпкерлік күрделі де, көп жақты әлеуметтік-экономикалық даму процестерінің ұзақ мерзімді тарихи кезеңінен өтіп келеді. Жүздеген жылдар ішінде кәсіпкерлік қызметтің негізгі нысандары мен көп жақты типтері өңделіп шықты.
Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлікті “Азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың немесе заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершіліктеріне алынып жүзеге асырылатын азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі” деп қарастырылған.
Кәсіпкерлік – бұл нарықтық экономикада адамдардың меншігіне негізделген, несиеге алынған және басқа да мүдделерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық, шығармашылық және басқа да қызметтердің кәсіби түрі, яғни, кәсіпкер өз қызметінің нәтижесіне толық жауапкершілікпен қарай отырып, экономикалық басқару шешімдерін дербес қабылдайды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты табыс табуға бағытталған коммерциялық жетістік болып саналады, ал кәсіпкерлік қызмет тәуекелді қажет етеді.
Кәсіпкерлік класс мемлекеттің өтпелі кезеңдегі экономикалық ахуалын жақсартуда қоғамның әлеуметтік қарама-қайшылықтарын және экономикалық реформалардың табысты шешілуіне кепілдік бере алады.
Кәсіпкерліктің мәні ерте кезден бері әлеуметтік-экономикалық ғылым орталарының назарында болып келді. Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық-әлеуметтік және мәдени көкейтесті аспектілері кеңестік экономикалық теорияның сыртында қалып қойды. Көптеген онжылдықтар кезінде отандық саяси экономиканың нәтижесінде капиталистік пайдаланудан артта қалды. Шаруашылық қызметтердің арнайы субьектісі ретінде кәсіпкерліктің дәрменсіздіктерін дәлелдеді. Бұл экономикалық дамуда іскерліктің кері әсер етуіне және ғылым саласындағы терминдер жиынтығына сәйкес келетін қолданудан алып тастауға әкелді.

1. Қазақстан Республикасының Заңы “Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы” 1992 жылы 4 шілде.
2. Қазақстан Республикасының Заңы “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” 1997 жылы 19 маусым.
3. Қазақстан Республикасының Заңы “Жеке кәсіпкерлік туралы” 1997 жылы 19 маусым.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы “Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығын қорғау туралы” 1998 жылы 27 сәуір.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы “Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы” 2003 жылы 29 желтоқсан.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы “Мемелкеттік органдардың шағын кәсіпкерлік субьектілерінің қызметіне тексерулер жүргізу ережесін бекіту туралы” 2003 жылы 17 маусым.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы “Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің қызметіне мемелкеттік органдардың тексерулер жүргізу ережесі туралы” 2003 жылы 17 маусым.
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкалары” 2001 жылы 19 желтоқсан.
9. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы “Шаруашылық серіктестіктер туралы” 1995 жылы 2 мамыр.
10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы “Шағын кәсіпкерлік субьектілері болып табылатын заңды тұлғалардың үлгілік жарғысы туралы” 1997 жылы 29 қыркүей.
11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы “Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкалары” 2001 жылы 6 желтоқсан.
12. Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. “Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік”. Оқу құралы. Астана. Фолиант. 2005 ж.
13. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. “Кәсіпорын экономикасы”. Алматы.Экономика. 2003 ж.
14. Бисенғазиев М.Б., Хамитов А.Ш. “Кәсіпкерлік негіздері”. Орал. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. 2001 ж.
15. Под. Редакцией Власовой В.М. “Основы предпринимательской деятельности”. Маркетинг.Учебное пособие. Москва. Финансы и статистика. 2000г.
16. Под. Редакцией Мамырова Н.К. “Основы предпринимательства”. Учебное пособие. Алматы. Экономика. 1997г.
17. Под. Редакцией Власовой В.М. “Основы предпринимательской деятельности”. Финансовый менеджмент. Учебное пособие. Москва. Финансы и статистика. 2000г.

Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Тарау. Нарықтық экономика жағдайындағы шағын кәсіпкерлік қызметтің ғылыми
негіздері
1. Шағын кәсіпкерлік қызмет – экономикалық категория
... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Кәсіпкерлік қызметтің факторлары, түрлері және шетелдік
тәжірибе ... ... ... 9
1.3. Шағын кәсіпкерлікті басқарудың аумақтық (облыстық) жүйесін құру және
атқарымдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
II Тарау. Шағын кәсіпкерліктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және
экономикалық тұрғыда дамуының қазіргі мәні
2.1. Оңтүстік Қазақстан облысында шағын кәсіпкерліктің қазіргі жәйі, оның
кәсіпкерлік қызметке
әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .. 22
2.2. Кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік-экономикалық
салдары ... ... ... ... ... ... ... 24
ІII Тарау. Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру және жетілдіру жолдары
3.1. Шағын кәсіпкерлікті дамыту – кәсіпкерлік қызметтің алғы шарты
... ... ... ...30
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
Қолданған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 38
Кіріспе
Кәсіпкерлік күрделі де, көп жақты әлеуметтік-экономикалық даму
процестерінің ұзақ мерзімді тарихи кезеңінен өтіп келеді. Жүздеген жылдар
ішінде кәсіпкерлік қызметтің негізгі нысандары мен көп жақты типтері
өңделіп шықты.
Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлікті “Азаматтардың
өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың
(заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және
азаматтардың немесе заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және
мүліктік жауапкершіліктеріне алынып жүзеге асырылатын азаматтардың және
мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық
қызметі” деп қарастырылған.
Кәсіпкерлік – бұл нарықтық экономикада адамдардың меншігіне
негізделген, несиеге алынған және басқа да мүдделерді пайдалану арқылы
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық,
шығармашылық және басқа да қызметтердің кәсіби түрі, яғни, кәсіпкер өз
қызметінің нәтижесіне толық жауапкершілікпен қарай отырып, экономикалық
басқару шешімдерін дербес қабылдайды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты
табыс табуға бағытталған коммерциялық жетістік болып саналады, ал
кәсіпкерлік қызмет тәуекелді қажет етеді.
Кәсіпкерлік класс мемлекеттің өтпелі кезеңдегі экономикалық ахуалын
жақсартуда қоғамның әлеуметтік қарама-қайшылықтарын және экономикалық
реформалардың табысты шешілуіне кепілдік бере алады.
Кәсіпкерліктің мәні ерте кезден бері әлеуметтік-экономикалық ғылым
орталарының назарында болып келді. Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық-
әлеуметтік және мәдени көкейтесті аспектілері кеңестік экономикалық
теорияның сыртында қалып қойды. Көптеген онжылдықтар кезінде отандық саяси
экономиканың нәтижесінде капиталистік пайдаланудан артта қалды. Шаруашылық
қызметтердің арнайы субьектісі ретінде кәсіпкерліктің дәрменсіздіктерін
дәлелдеді. Бұл экономикалық дамуда іскерліктің кері әсер етуіне және ғылым
саласындағы терминдер жиынтығына сәйкес келетін қолданудан алып тастауға
әкелді.
Соңғы кездері экономикалық зерттеулер мына себептерді ашуға
бағытталуда: әр мемлекеттегі бірдей шартпен берілген инвестициялар
экономикалық өсудің қарқындылығына, техникалық прогрес деңгейінің өсуіне
және Жалпы Ұлттық Өнім көлемінің артуына әкеліп соғады.

Кәсіпкерлік: пайда болу тарихы, экономикадағы орны, мазмұны және мәні
Қазіргі түсіндірмелі сөздіктерде ағылшын тілінен аударғанда “кәсіпкер”
түсінігі, “тәуекел ете отырып кәсіпорынды ұйымдастырушы және басқарушы
тұлға ретінде қарастырылған”.
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның
белсенділігі мен іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір
сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен
байланысты болатын шығар. Павловтың классификациясы бойынша адамдардың
қандай типтері белсенді, іскер болар екен? Өздерініңіз ойлаңызшы: холерик
пе, сангвиникпе, флегматик пе, әлде меланхолик пе? Сан есебінен алғанда
белсенділік өте азғантай энергетикалық шығыннан, шамадан тыс энергия
шығынына дейін, кейде қоғамдық идеалды іске асыруға дейін баруы мүмкін.
Мысалы, Париж коммунасы, Ұлы Октябрь социалистік революциясы. Сапа жағынан
спонтандық белсенділік (ішкі себептермен пайда болған, сыртқы әсерлермен
болмаған), өмірдің шектелген түрі және еріксіз белсенділік (қайғы-қасірет
шегу), сонымен бірге еркін белсенділік. Адамдардың белсенділігі әр түрлі
болады: саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери, тарихи, айуандық және
басқа да болып бөлінеді.
Кәсіпкерлік ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі,
қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол
өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал-
жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында жұмыс істеген. Бұл
тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
ХҮІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды,
акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда
компаниясы, 1660 жылы Ост-Индия сауда компаниясы. ХҮІІ ғасырдың аяғында
акционерлік банктер іске қосылды.
Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан дамып келеді.
Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік кең түрде дамыды.
Күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды қолөнершілер, шеберлер қолдан ою
жасап, тоқыма тоқып, халықтың сұранысын қанағаттандырып отырды. Ресейде
Петр І патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной
қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылғы
реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.
Кәсіпкерлік түсінігі (enterpreneur) тәуекелге негізделген шаруашылық
субьектісі ретінде ең алғаш рет ХVІІІ ғасырда француз экономисі Ришар
Кантильонның (1680-1734) “Коммерция табиғаты туралы жалпы мақала” кітабында
жарияланған еді. Ол кәсіпкер ретінде тіркелмеген табыстармен айналысушы
адамдарды (саудагер, қолөнершілер, шаруа және басқалар) және экономикалық
қызметпен айналысатын, тұрақсыз және бағасы алдын-ала белгіленген
тауарларды сату-сатып алу процестеріне тартылған тұлғаларды атады. Ришар
Кантильон кәсіпкердің негізгі белгісі ретінде тәуекелге дайындығы деп
санады.
Кәсіпкерліктің маңызды сипаттамасы ретінде тәуекелді бағалаған ойын
қуаттады және осы пікірді жалғастыруды жүзеге асырды. Олар кәсіпкерлік
табыс немесе оның бөлігі, осы және басқа да нысанда тәуекелге төлем болып
саналатынын және авансыланған капитал мен жалақыдан ерекшеліктерін атап
көрсетті.
Кәсіпкерліктің әлуетін зерттеуде Францияның теоретик экономистерімен
салыстырғанда ағылшын классиктерінің саяси экономиясының ғылымға қосқан
үлестері шектеулі ғана. Адам Смит “халық байлығын құраудың бастамасы -
кәсіпкерлік қызмет екенін” көре білді, бірақ материалистік және
диалектикалық негіздерде кәсіпкерліктің жан-жақты экономикалық маңызын Карл
Маркс аша білді. Нарықтық капиталистік шаруашылықтың өзін-өзі дамыту заңы –
қосылған құн заңының негізін қалыптастырды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында кәсіпкер және капиталист арасындағы
айырмашылықтарын жүргізудің мүмкіндігі пайда болды. Бәрі де айқын болды,
яғни осы екі қызметтің өзара байланыстарында ешқандай айырмашылық
болмады, экономистер ертерек кәсіпкер мен капиталистердің арасындағы
шекараны бөлуге тырысқанымен, ешбір нәтижеге жете алмады. Көптеген
қиыншылықтарға кездесе берді. Френсис Уокер Америкада, Альфред Маршалл
Ұлыбританияда, Мангольд және басқа да зерттеушілер Германияда барлық
назарларын кәсіпкерлік қызметке көбірек бөлді.
1890 жылы Ұлыбританияда экономикалық теорияның кәсіпкерлікке қатысты
ұзақ немқұрайдылықтарынан кейін А.Маршаллдың “Экономика принциптері” деген
еңбегі жарық көрді. Кәсіпкерлік қызметті зерттеушілер кәсіпкерлік қызметтің
экономикалық тепе-теңдіктің шарттары ретінде, кәсіпкерлік қызметтегі
инновациялық компоненттердің маңыздылығын, машина және технологиялық
процестерді ендірудегі белсенді рөлін атап өтті. Маршаллдың толық
түсініктемесі бойынша “кәсіпкерлік таланттың” практикалық мүддесін ұсынды,
бірақ “кәсіпкерліктің жаны” мәнісіндегі ойлары ХХ ғасырдың басындағы
М.Вебер және В.Зомбарт айқындаған түсініктермен көпшілігінде сәйкес
келмеді.
Немістің әлеуметтанушысы, экономисі, тарихшысы Макс Вебер (1864-1920)
кәсіпкерліктің “идеал түрі” – этикалық сапасының айқын көрінісі -
өнеркәсіптік төңкерістің және индустриялық капитализмнің кезеңінде
қалыптасты. Бұл қызметті жетілдіруде “тапқан байлық арқылы билікке және
құрметке деген ұмтылыс басты орын алады, бірақ кәсіпкерлік қызмет тұтастай
алғанда – бұл өмір талабы, яғни адам жұмыс үшін жаратылған” деді.
Немістің әлеуметтанушысы, экономисі, тарихшысы В. Зомбарт (1863-1941)
капиталистік кәсіпкерліктің ұғымын жалғастырды. Капитализмнің шығу тегі
оның жанын дамытумен тығыз байланысты. Бұл міндеттерді шешуде, ол “жанды
іздеп табу, яғни осы және басқа да шаруашылық кезеңдерде үстемдік еткен,
қазіргі кезеңдегі шаруашылықтың дамуына әсер етушілерді” зерттеу
қажеттілігіне тоқталды.
Бүгінгі ғылымның теориктері, бірінші зерттеушілері, кәсіпкерлік
теориясын жалғастырушы ізбасарлары, апогей болған, австрия-венгерлік
экономист және социолог Иозеф Шумпетер (1883-1950) болды. М.Вебер және
В.Зомбарт дәстүрлерін жалғастыра отырып, кәсіпкерліктің адами факторларын
үйрену, өзінің теорияларының орталығына кәсіпкерлік тұлғасын қойды.
Шумпетердің “батыры”, тек әлемдік өркениеттің тамаша әлеуметтік-мәдени
құндылықтары ғана емес, сонымен қатар жаңа сапаны ендіруде, ХХ ғасырдағы
ғылыми-техникалық прогрестің жетілуіне және экономикалық өсудің қарқынды
дамуына қозғалтқыштар бола алды. ХХ ғасырдың 70-80 жылдары кәсіпкерлікті
түсіну үшін күрделі белгілерін анықтау қажеттілігі туындады, яғни
кәсіпкерлер (“антрепренер”) – табыс алуда коммерциялық тәуекелге баратын
адам. ХХ ғасырдың 30-50 жылдардағы И.Шумпетердің еңбектері, ол бірінші рет
ғылымда кәсіпкерлік ұғымын технологияның дамуымен, жаңадан
енгізілгендермен, экономикалық өсумен байланыстырған еді. И.Шумпетердің
анықтамасына сәйкес “кәсіпкерлік қызмет - өндірістің негізгі факторларын
пайдалану арқылы жаңа құрамдастырымдарды жүзеге асырудағы шаруашылық
субьектілері” деп атап көрсетті. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы
И.Шумпетердің еңбектері келесі экономикалық ойлардың дамуына әсер етті. Ол
кезде технократиялық тұжырымдамалардың ол адаптивті түсінуде ресурстарды
басқаратын осы және басқа да міндеттерде креативті шығармашылық тәртіптерін
айырмашылықтарын атап өтті. Ол өзінің “Капитализм, социализм және
демкратия” деген еңбектерінде “созидательді күйреушілік” тұжырымдамасын
шығарды. Ол бұл түсінікті экономикалық процестердің өрістік табиғатының
құбылмалығын басқа сөздермен бейнелеу үшін пайдаланды. Жаңа ұғымдармен
ауыстырдың қажеттілігін атады. И.Шумпетердің пікірінше, “икемділік – бұл
бизнеске өту үшін қажетті мүмкіндіктер” болып саналады. Ол кәсіпкерліктің
әр түрлі теорияларын зерттей келе, кәсіпкерлік қызметке мынадай анықтама
берді: “Бұл тәуекелмен байланысты жаңа құрамдастырым құруға, айқын және
жасырын сұраныстың төлем қабілеттілігінің табыстылығын қанағаттандыруға
бағытталған қызмет”. И.Шумпетер экономикалық өрістің қозғаушы күшін ашуға
ұмтылған. Оның зерттеулерінің түпкі мақсаты “іскер белсенділік кезеңі”
(business cycles) деп аталатын теорияға негізделген еді. Бұл әлемдік
экономикада дағдарыс кезеңдерін жақсартуға және гүлдендіруге толқын түрінде
беріліп отыратын бақылады. Ғалым экономикалық дамытудың құрылымдық
өзгерістерін және кәсіпкерліктің инновациялық қызметтері болып табылатын
қозғалтқыш ретінде ғылыми болжам жасады. Ғылыми-техникалық прогрес
саласындағы кейінгі практикалық зерттеулер кәсіпкерлік қызметке инновацияны
ендірудің маңыздылығында толық қуатталды 13. И.Шумпетердің пікірінше
“кәсіпкер жаңа құрамдастырымдарды жүзеге асырудағы мүмкіндіктерді қолдану
үшін жаңадан енгізілген ой-пікір және күш-қуатпен қаруланған” болуы керек.
Сондықтан ол инновациялық қызметке мынадай анықтама береді: экономикалық
жүйені дамытуда негізгі әсер етуші кәсіпкерлік қызметтің сипаттамасы болып
табылады. И.Шумпетердің пікірінше меншік құқы кәсіпкердің негізгі белгілері
болып табылмайды. Кәсіпкер, бұл жаңа құрамдастырымдарды жүзеге асыратындар,
оның ішінде акционерлік қоғамдардың қызметкерлері, мемлекеттік шенеуніктер
де жатады. И.Шумпетердің пікірінше, кәсіпкерлік қызмет экономиканы және
экономикалық өсуде бәсекеге қабілеттіліктің тұрақты көздері ретінде
жағдайдың жаңашыл қызметі болып табылады. И.Шумпетер капитализмге өзіне
ұсыну үшін эволюциялық процес түрінде инновацияның толқынын бір-біріне
үздіксіз ауыстыратын процестің қажеттігін дәлелдеді және оны “креативті
құрылымның бұзылуы” (creative destruction) деп атады. Оның пікірінше
нарықтық жүйенің табыстылығы (жетістіктері) тек статистикалық оңтайлы тепе-
теңдіктің тиімді жетістіктерімен ғана емес, технологияда серпінділік
өзгерістерді жүргізудің қабілеттілігі және осы өзгерістер арқылы
серпінділік өсуге жетудегі іс-әрекеттермен де тұжырымдалады. И.Шумпетердің
капитализмге эволюциялық жолмен креативті құрылымның бұзылуы жүйесімен
кәсіпкерліктің инновациялық белсенділігінің салдарынан экономикалық
теорияға революциялық ғылымға қосқан үлесі болып табылады. Бірақ,
эволюциялық теорияның ортақ ойлары негізінен “табиғи іріктелген ойлар”
болып саналады. И.Шумпетердің теориясында бұл ұғым анықтауды және айқын
талдауды қажет ететін аса дамытуды талап етті. Бірақ та қазір біз түсінеміз
обьективті тарихи себептері креативті құрылымның бұзылуы теориясынан 50 жыл
кейін ерте күтіп отырмыз. Бұл қатынаста Ульрих Виттпен толық келісуге
болады, яғни кәсіпкерлік теориясы аса қажет болмаса да, эволюциялық
экономика үшін негізгі жетіспеушіліктері ретінде ұсынылады. Кәсіпкерлік
барлық уақытта өндіріс факторларын, еңбек нысандарын, қызметті
ұйымдастыруда өзгеру процестерін жеделдету арқылы экономиканы жаңа
өлшемдермен өлшеуге көшіреді және тепе-теңдікті сақтауда кедергі болады.
И.Шумпетердің кәсіпкерлікті зерттеу саласындағы теориясы кәсіпкерліктің
обьективті және субьективті жағынан да, “классикалық” болып саналады.
Шумпетерлік үлгіні “ Жаңа австриялық мектептің” өкілдері Ф.Фон Хайек
және И.Кирцнер жалғастырды және одан әрі толықтырды. Олар кәсіпкерлердің
сұраныс және ұсыныс ауытқуларын, бәсекелі жағдайдағы нарықтық қатынастарды
өз уақытысында қадағалау және реттеудің маңыздылығын қуаттады. Жаңа
Австриялық мектептің өкілдері нарықтық қатынастар кезіндегі кәсіпкерлік
қызметтерге зерттеу жүргізді. Ф.Фон Хайек үшін негізгі құндылық “адамдардың
экономикалық еркіндігі” болып саналады. Экономикалық шешімдерді
қабылдаудағы жеке тәуелсіздігі – кәсіпкерлік қызметтегі ең бастысы, өзінің
экономикалық әлуетімен көбірек табысты қызмет етуімен көрінеді.
Кәсіпкерлердің еркіндігі экономикалық жүйеде адамдардың еркіндігінің
айқындығы болып табылады. Ф.Фон Хайек теориясында ең негізгі орынды
анықсыз білім тұжырымдамасы алады. Әрбір кәсіпкер белгілі бір білімді
алады, белгілі бір шешімдерді өзінің қатысумен немесе қатысуынсыз
қабылдайды, өзінің ақпараттық артықшылықтарын пайдалана отырып, ерекше
үйлестіруші бола алады. Ф.Фон Хайектің пікірінше бұл - нарық болып
табылады, ал нарық сұраныс және ұсыныс арқылы қажеттіліктерді
қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.Ф.Фон Хайектің түсінігінше кәсіпкерліктің
маңызы – жаңа экономикалық мүмкіндіктерді зерттеу және іздеу.
ХХ ғасырда кәсіпкерлік қызмет туралы ой-пікірлерін білдірген бірқатар
ғалым-экономистер бар, атап айтқанда: Девид Макклеланд Кәсіпкер – бұл
бірқалыпты тәуекелмен жұмыс жасайтын батыл адам десе, Питер Друкер
Кәсіпкер – бұл жоғары тиімділіктің кез-келген мүмкіндіктерін пайдалана
алатын адам ретінде қарастырды. Ал Альберт Шапиро Кәсіпкер – әлеуметтік-
экономикалық жағдайларды ұйымдастыруда бастама жасай алатын адам.
Тәуекелмен қызмет атқара отырып кейбір сәтсіздіктерде толық
жауапкершілікпен қарай алады деп анықтама берсе, Карл Веспер Кәсіпкер -
экономист, психолог. Ал басқа да кәсіпкерлер мен саясатшылардың көздеріне
әр түрлі болып көрінеді деді. Ал енді Гиффорд Пиншот Интрапренер және
антрепренер деп бөлді. Интрапренер – бұл антрепренер, жұмыс істеп жатқан
кәсіпорындардың негізінде қызмет атқарады, ал меншікті антрепренердің
кәсіпкерден айырмашылығы, ол жаңа кәсіпорынды құрушы деген тоқтамға
келді. Ал Роберт Хизрич те Кәсіпкерлік қызмет – белгілі бір құны бар
нәрсені жасаушы процесс, ал кәсіпкерлер – бұл барлық мүмкіндіктерін, уақыт
және күш жігерін жұмсай отырып, өзіне қаржылық, психологиялық және
әлеуметтік тәуекел жасайды, нәтижесінде қаражат алады және өз
жетістіктерімен қанағаттанады деген шешімге тоқтады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мынадай түйін жасауға болады:
кәсіпкерлік қызметтің әр түрлі теориялары бір-біріне қайшы келмейді, қайта
бір-бірін толықтырып отырады. Барлық экономикалық теорияны тудыратындар
экономиканың дамуында кәсіпкерлік қызметтің маңыздылығын атап өтті. Ал енді
1-кестеде “кәсіпкер” ұғымының даму тарихы көрсетілген.
“Кәсіпкер” түсінігінің даму тарихы 1.1-сурет
Орта ғасырда Шеру және музыкалық ұсынымдарды ұйымдастырушы, ірі
көлемдегі немесе өндірістік жобалардың орындалуына
жауап беруші тұлғалар
ХVІІІ ғасырда Тұлғалар мемлекетпен келісім-шарт жасасады, ал
құны алдын-ала келісіліп қойылады. Мұндай адам
келісім-шарттың орындалуына қаржылық
жауапкершілікті түгел мойнына алады. Егер осы
соманы толықтай пайдалана алса, артылған сомаға
өзі ие бола алады
1725 жылы Кәсіпкер - бұл тәуекелмен жұмыс жасайтын адам,
Ришар Кантильон ұсынылған капиталдың қызметі кәсіпкерлік қызметтен
ерекшеленеді
1795 жылы Кәсіпкерлік қызмет үшін жауапкершілігі бар тұлға,
Бодо олар кәсіпорынды ұйымдастырады және жұмыс
атқарады, жоспар жасайды, қызметтің орындалуын
бақылайды
1803 жылы Капиталдан түскен табыстың кәсіпкерлік қызметтен
Жан-Батист Сэй түскен табыстан айырмашылығы бар
1876 жылы Кім капиталды ұсынып одан белгілі бір көлемде
Френсис Уокер пайыз алғаннан, өзінің ұйымдастырушылық
қабілеттерімен табыс тапқанды ажырата білуі қажет
1934 жылы Кәсіпкер – бұл жаңашыл, яғни жаңа технологиялармен
Йозеф Шумпетер әзірлеуші адам
1961 жылы Кәсіпкер – бұл бірқалыпты тәуекелмен жұмыс
Девид Макклеланд жасайтын батыл адам
1964 жылы Кәсіпкер – бұл жоғары тиімділіктің кез-келген
Питер Друкер мүмкіндіктерін пайдалана алатын адам
1975 жылы Кәсіпкер – әлеуметтік-экономикалық жағдайларды
Альберт Шапиро ұйымдастыруда бастама жасай алатын адам.
Тәуекелмен қызмет атқара отырып кейбір
сәтсіздіктерде толық жауапкершілікпен қарай алады
1980 жылы Кәсіпкер экономист, психолог және басқа да
Карл Веспер кәсіпкерлер мен саясатшылардың көздеріне әр түрлі
болып көрінеді
1983 жылы Интрапренер және антрепренер. Интрапренер – бұл
Гиффорд Пиншот антрепренер, жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың
негізінде қызмет атқаратын, ал меншікті
антрепренер-кәсіпкерден айырмашылығы, ол жаңа
кәсіпорынды құрады
1985 жылы Кәсіпкерлік қызмет – белгілі бір құны бар нәрсені
Роберт Хизрич жасаушы процесс, ал кәсіпкерлер – бұл барлық
мүмкіндіктерін уақыт және күшін жұмсай отырып,
өзіне қаржылық, психологиялық және әлеуметтік
тәуекел жасайды, нәтижесінде қаражат алады және өз
жетістіктерімен қанағаттанады
2. Кәсіпкерлік қызметтің факторлары, түрлері және шетелдік тәжірибе
Кәсіпкерліктің маңызын атап өтуде, оның белгілі бір белгілеріне
тоқталып өтуге болады.
Біріншіден, бұл дербес және бастамашыл қызмет. Бұл белгілер кәсіпкерлік
қызметтің еріксіз көздерін көрсетеді. Азаматтар және бірлестіктер өздері
кәсіпкерлік қызметті бастайды, яғни өздері билік етеді және қызметті жүзеге
асырады. Айта кету керек, егер қызмет дербес немесе бастамашыл болмаса,
онда ол кәсіпкерлік қызмет болып саналмайды.
Екіншіден, кәсіпкерлік қызмет – меншік иесінің өзінің тәуекел етуі және
мүліктік жауапкершілігі негізінде қызмет етуі. Сондықтан кәсіпкерлік қызмет
меншік иесі өздерінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі негізінде
қызмет етпесе, онда ол кәсіпкерлік қызметке жатпайды.
Кәсіпкерлік қызмет қандай да бір игілікті пайдалануға немесе ие болуға
бағытталады, яғни табыс табады. Бірақ әр түрлі кедергілер кездесетіндіктен,
үнемі табыстылық бола бермейді. Сондықтан мұндай жағдайда коммерциялық
тәуекел етуі немесе кәсіпкерліктің мүліктік жауапкершілігі аса қажет болып
саналады.
Үшіншден, кәсіпкерлік қызмет – бұл табыс табуға бағытталған қызмет.
Сондықтан кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты жөнінде баяндалады.
Мәселен, кәсіпкердің қайырымдылығы немесе игілікті ісі, болмаса жасаған
бизнес жоспары.
Нарықты экономика кезінде кәсіпкерліктің мақсаты тек өнім өндіру немесе
қызмет көрсету ғана емес, осы табыс алу кезіндегі кәсіпкердің мақсатына
жетудегі іс-әрекеттері.
Кәсіпкерлік табыс – табыстың ерекше түрі, яғни іскерлігі және арнайы
шығармашылық белсенділігі үшін сыйақы, шағын бизнес саласындағы
коммерциялық табыс әкелетін жаңа ойлар, техника мен технология енгізгенде
пайда болады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің
субьектісі болып табылады:
1. Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары
(қызметтері заң талабына сай болса).
2. Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттігі шектеулі тұлғалар.
3. Азаматтық бірлестіктер.
Кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері:
• дербестік және тәуелсіздік;
• экономикалық ынталылық;
• шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
• жаңашылдық.
Кәсіпкерлік қызмет төмендегідей екі нысанда жүзеге асады:
1. Меншік иесінің өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі
негізінде.
2. Кәсіпорынды меншік иесі атынан басқару. Меншіктің мұндай ережелері
өзара міндеттерді анықтай отырып, келісім арқылы реттеледі.
Бұл келісімде: мүлікті пайдаланудың құқықтарын шектеу, әр түрлі
қызметті іске асыру, материалдық жауапкершілік пен өзара қаржылық қарым-
қатынас шарттары мен тәртіптері, келісімді сақтаудың негіздері мен шарттары
жасалады.
Меншік иесінің келісім жасалған сәттен бастап кәсіпкердің іс-әрекетіне
араласуға құқығы жоқ (алдын-ала келісімдер мен кәсіпорынның жарғысында және
заңда көзделінген жағдайларды қоспағанда).
Ал мұнда кәсіпкердің бірнеше құқықтары бар, атап айтқанда:
• келісімнің бастамаларын жүзеге асырып қаржы-қаражат тарту;
• интеллектуалды меншік обьектілерінің, азаматтар мен заңды
тұлғалардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау;
• өндірістік бағдарламалар жасау;
• өз өнімдеріне тұтынушылар мен жеткізіп берушілерді таңдау;
• Қазақстан Республикасының заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға
белгілеуді реттеу;
• сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;
• кәсіпорынды басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді жолға
қою;
• кәсіпорын иесінің атынан қызметкерлер жалдау және оларды
жұмыстан босату.
Кәсіпкер тұтынушының ақша төлеп алатын қажетті заттарын өндіруді өз
міндетіне алады.
Экономиканың негізін екі фундаменталды ақиқат құрайды және олар шын
мәнінде экономиканың барлық мәселелерін қамтиды.
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе
тойымсыз.
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.
Кәсіпкерлік қызметтің факторларына экономикалық ресурстар жатады.
Экономикалық ресурстар – тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат,
адам және адамдардың өндірген құрал-жабдық ресурстары.
Олар: фабрика, зауыт және ауыл шаруашылық құрылыстары, әр түрлі
жабдықтар, құралдар, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін
өндіруге қолданылатын машиналар, әр түрлі көлік, байланыс құралдары,
материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер, жер және
қазбалы байлықтар.
Олар мынадай үлкен екі категорияға бөлінеді:
1. Материалдық ресурстар – жер, оның табиғи байлығы және капитал;
2. Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну
үшін кәсіпкердің 4 қызметін түсіну керек, атап айтқанда:
1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім
өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни
өндірістің қозғаушы күші, себебі орындаған жұмысы мен көрсеткен
қызметі табыс беретініне сенеді.
2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына
алады және кәсіпорынның (фирманың) іс бағытын айқындайды.
3. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар
өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа
формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
4. Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін
істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қорытындысында не
болатынын білген жөн (капитализм кеңес өкіметі емес, ешкім жай
ғана көмек көрсетпейді). Кәсіпкер тек қана өз уақытын, еңбегін,
іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске
кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің
қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерлік қызметтің қозғаушы күші – мол пайда табу.
Жоғарыда көрсетілген ресурстар, яғни өндіріс факторлары жеке
кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі. Ресурстарға төлемдердің
түрлері:
1. Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз салады.
2. Жер, су бергеніне рента алады.
3. Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбекақы алады.
4. Кәсіпкерлік табысты таза табыс деп атайды, ол залал болуы да
мүмкін.
Кәсіпкерлік қызмет бірнеше түрде жіктеледі (1.3-сурет):
• меншікке байланысты;
• салалық бағыныштылығына қарай;
• шаруашылық қызметінің сипаты мен түрі бойынша;
• құқықтық ережелер бойынша.
Кәсіпкерліктің түрлері:
1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері
болады:
• өндірістік; коммерциялық; қаржылық; кеңес беру.
2. Меншік түрлері бойынша:
• жеке меншік; мемлекеттік; муниципиалды;
• сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
3. Меншіктер саны бойынша:
• жеке адамның кәсіпкерлік ісі; ұжымның құрамы болуы керек.
4. Кәсіпкерліктің формасы бойынша екіге бөлінеді:
• ұжымдық-құқықтық; ұжымдық-экономикалық.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы №131-І Заңының 3-
бабына сәйкес шағын кәсіпкерлік субьектілері:
1. Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар және қызметкерлерінің
орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің
жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде алпыс мың еселенген
айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субьектілері
болып табылады.
2. Шағын кәсіпкерлік субьектілері Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің
кез-келген түрін жүзеге асырады.
3. Заңды тұлға құрмайтын жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ мынадай
ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар:
• толық серіктестік;
• командитті серіктестік;
• жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
• қосымша жауапкершілігі бар шектеулі серіктестік;
• өндірістік кооператив – шағын кәсіпкерлік субьектілері болуы
мүмкін.
Шағын кәсіпкерліктің экономикалық маңызын талдау бағыттары екі жағдайда
анықталады: біріншіден, экономиканың секторы ретінде өзі қалыптасады және
дами алады (ұлттық, аймақтық, жергілікті деңгейде); екіншіден, ол
кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі болып саналады.
Экономиканың секторы ретінде шағын кәсіпкерлікке көшу қоғамдық
өндірістің екі жақты бірлігін айқындау негізінде қалыптасты: ұйымдық-
техникалық және әлеуметтік-экономикалық.
Ұйымдық-техникалық жағы өндірістік күшті дамытуды ұсынады, яғни
өндірістің материалдық-техникалық әлементтері жұмыс күші және өндірісті
ұйымдастыру нысандарының, сонымен қатар өндірісті шоғырландыру,
мамандандыру және орталықтандыру жүйесі мен әдістерінің жиынтығы.
Әлеуметтік-экономикалық жақтары өндірістік қатынастарды құрайды және
төменде аталған жағдайлармен толықтырылып, шағын кәсіпорындардың
қалыптасуына мүмкіндік жасайды:
1) меншік иелерінің және оның отбасы мүшелерінің жеке еңбегі арқылы;
2) меншік иесінің өндірістік басқару қызметтерімен және жалдамалы еңбекті
пайдаланумен сәйкес келуі.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту икемді аралас экономиканы қалыптастыруда
жалпы әлемдік үрдістерге жауап береді, шаруашылық үлгілерін және әр түрлі
меншік нысандарының үйлесуі, бәсекеге қабілетті нарықтық экономиканың
күрделі жинақталуы, ірі, орта және шағын өндірістерді мемлекеттік реттеу.
Егер ірі бизнес – бұл қаңқа және дамыған экономиканың белдігі болса, онда
орта және шағын кәсіпкерлік – шаруашылық тірі организмнің бұлшық еттері
болып саналады. Бұл көптеген жағдайда экономикалық өсудің қарқынын, халықты
жұмыспен қамту жағдайын, Жалпы Ұлттық Өнімнің құрылымын және сапасын
анықтауда бастапқы секторлары болып табылады.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту көптеген маңызды артықшылықтармен
ерекшеленеді:
▪ меншік санын ұлғайту арқылы орта класты қалыптастыру –
демократиялық қоғамда саяси тұрақтылықтың негізгі кепілдігі;
▪ халықтың экономикалық белсенділігінің үлесі артады,
азаматтардың табыстылығын арттыру және әр түрлі әлеуметтік
топтардың жақсы тұрмыстарында тепе-теңдікті реттейді;
▪ аз ғана капитал жұмсау арқылы, жаңа жұмыс орындарын құру,
әсіресе, қызмет көрсету саласында;
▪ азаматтардың, оның ішінде мемлекеттік сектордан босап
қалғандардың, сонымен қатар халықтың әлеуметтік төмен топ
өкілдерінің жұмысқа орналасуы;
▪ өндірістік монополияны тарату және бәсекелі ортаны құру;
▪ материалдық, қаржылық және табиғи ресурстарды жұмылдыру,
оларды аса тиімділікпен пайдалану.
Кәсіпкерліктің түрлері 4-сурет

атқарымдылығы
Аграрлық секторда шағын кәсіпкерлікті дамыту деңгейі аймақтарда
әлеуметтік-экономикалық және табиғи-климаттық жағдайларға байланысты
ерекшеленеді, сонымен қатар аймақтың басқару органдарының қызметтері де.
Аймақтарда жергілікті басқару органдары кәсіпкерлікті дамытуға назар
аудармайтын болса, жаңа кәсіпорындарды құру кезінде қадағалауы тиіс және
аймақтың толыққанды нашар экономикалық дамуы байқалады.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудың аймақтық саясаты жалпы мемлекеттік
заңдылықтар мен реттеудің көлемінде жүзеге асырылуы қажет, мұнда
кәсіпкерлікті аймақтың басқарудың бірқатар шектеулерін атап өтуге болады.
Бірақта жергілікті салықтардың мөлшері, кәсіпкерлікті қаржылық ынталандыру,
ақпараттық көздерде және өндіріс құралдарына қол жеткізу, аймақта ең
төменгі күнкөрістің салыстырмалы арзандығы, кәсіпкерлікті ашу және қызмет
көрсету кезіндегі нысаншылдықтың қалыс қалуы, кейбір аймақтарда бизнес
инфрақұрылымының саны бизнесті қалыптастыру үшін басқалармен салыстырғанда
аса тиімді және тартымды болуы мүмкін.
Тәжірибеде көрсеткендей, егер аймақта немесе облыста жергілікті басқару
органдары кәсіпкерлікті қолдауда белсенді қызмет атқарса, онда жаңадан
құрылған шағын кәсіпкерлік субъектісінің саны артады.
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың аймақтық (облыстық) деңгейлерде
негізгі бағыттары мынадай:
1. Облыста дамытудың әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын жасау және
тарату, шағын бизнесті дамыту негізінде жаңа жұмыс орындарын ашу.
2. Ауылдың кәсіпкерлік жүйесінде инвестиция және басқа да қаржыландырудың
мемлекеттік емес көздерін тарту.
3. Кеңес беру орталығын құру және осындай орталықтарды ұйымдастыру арқылы
жергілікті атқарушы органдарға көмек беру.
4. Ауыл кәсіпкерлігі үшін мамандарды даярлау және қайта даярлау курстарын
ашу.
5. Шағын кәсіпкерліктің мүддесін қорғау.
Аумақ немесе облыс деңгейіндегі кәсіпкерлікті қолдаудың бірінші
бағыттары – шағын бизнесті дамыту базасында аймақты экономикалық дамытудың
бағдарламасын жасау.
Бұл бағыттар аймақтың экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында,
кәсіпкерлікке көмек көрсету және оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату
жолымен енгізілуі қажет.
Аграрлық секторда аймақтық бағдарламаны жасау кезінде мүмкіндігінше
аймақтың өз күшімен және өз қаражаттарымен қызмет көрсетуін, сонымен бірге
кәсіпкерлік қызметтегі жеке тұлғаларды қатыстыруды ескеру қажет.
Басқыншылық және сыртқы көмектер оларды жүзеге асырудың қосымша көздері
болуы мүмкін. Аймақтық жобаларды қолдау деңгейінің белгілері билік етуші
орталық органдардың, тек олардың экономикалық тиімділігі ғана емес, сонымен
қатар аймақты дамытудың тұрақтылығы, келешегі, жаңа жұмыс орындарын құруы
болып табылады. Сол себепті сыртқы көмектер білікті, нақты және атаулы
болуы қажет.
Аграрлық сектордағы аймақтық саясаттың мақсаты – ауыл шаруашылық
өндірістерін маргиналды (аз өнімді) салада оңтайландыру, яғни мұндай
өндірістің оңтайландыру құрылымы аса тиімді экономикалық қажеттіліктің және
табиғатты қорғаудың нақты шаралары. Ол бәсекеге қабілетсізділік жағдайларда
өндірістің құрылымын өзгертуді және әртараптандыруды ынталандыруы қажет.
Бұл байланыстарда басты назар сараланған факторларды пайдаланудың
қарқындандыру ретінде және салынған қаражаттардың ең жоғарғы тиімділігін
қамтамасыз ету үшін экстенсивтендіру.
Аймақ деңгейіндегі кәсіпкерлікті дамытудың саясаты мына төмендегілерді
қамтуы қажет:
• облыстық және аудандық деңгейде шағын кәсіпкерлікті қолдауда
инфрақұрылым элементтерін құрудағы шаралар;
• кәсіпкерлік қызметке халықтың көбірек тарту, әсіресе жұмыссыз
жүргендерді.
Қазақстанның аграрлық секторының өзіндік ерекшеліктері оның әр түрлі
табиғи-климаттық жағдайымен қоса, жоғарыда атап өткенбіз, аймақ бойынша
ауыл кәсіпкерлігін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау кезінде сараланған
жолдарды талап етеді. Аймақтық бағдарлама өндірістің мақсатқа сай және
тиімділік принциптерінен және ауыл шаруашылық өнімдерінің немесе ауыл
шаруашылығы салаларының осы және басқа да түрлерін дамытудан құрылуы керек.
XIX ғасырдың ортасында Ресейлік аграрлық ғылымының атақты зерттеушілерінің
бірі М. Вольский факторлардың арасынан аймақтың агарарлық саясатты
жүргізудің сараланған жолды анықтаудағы қажеттілік деп, ең бірінші кезекте
табиғи жағдайларды атап көрсетті (43,18 бет). Бұл факторларды көптеген
Қазақстандық ғалымдар да ерекше бөледі (44,45,46). Мәселен, Солтүстік
аймақтың табиғи-климаттық жағдайы астық шаруашылығын дамыту үшін аса
қолайлы болып келеді. Сондықтан кәсіпкерлікті дамыту негізінен осы бағыттар
бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
Шығыстағы аймақтар жарма (тары, қарақұмық, горох, сұлы), майлы дақылдар
(өсімдік майы) шаруашылығы үшін; ал мал шаруашылығында майлы етті қойларды
және марал шаруашылықтары үшін тиімді болып саналады.
Оңтүстік аймақтың облыстарының жағдайы негізінен жүгері, күріш, көкөніс
және бақша дақылдары, жүзім және жеміс-жидек дақылдары үшін қолайлы. Ал мал
шаруашылығында биазы жүнді қой мен қаракөл қойлары өсіріледі.
Орталық аймақтың облыстары жайылым жерлеріне бай. Сондықтан мұнда ауыл
кәсіпкерлігі майлы-етті қой шаруашылығына, етті мал шаруашыылығы және
үйірлеп жылқы өсірумен айналысуы қажет.
Батыс аймақтың облыстары кәсіпкерліктің мал және қой шаруашылығына
мамандануына аса тиімді, сонымен бірге балық шаруашылығы үшін молынан
мүмкіндіктері бар.
Аграрлық секторда аймақтық саясаттың міндеттері нақты аймақтарды
экономикалық және әлеуметтік дамытудың ғылыми негіздерін қалыптастыру
болып табылады, бірінші кезекте оның мақсаттары жалпы экономикалық өсудің
айтарлықтай деңгейіне бейімделуге жету үшін негізгі тетіктерді қолдану
керек. Сол себепті есепке алу керек, жеке капитал қаражаттарын өндірістік
жүйеге салады, белгілі бір табыс әкеледі, ал инвестиция тұрақты сипаттағы
(инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік, мәдени жүйе және т.б) бюджеттен жүзеге
асуы тиіс.
Сондықтан, кәсіпкерлікті дамыту базасында аймақтың экономикалық өсу
саясаты дұрыс жасалуы, өндірілген өнімдердің өзіндік құнының төмендеуіне,
аймақтарды кеңірек мамандандыруға, өндірістерді табиғи-климаттық және
экономикалық жағдайларды есепке ала отырып шоғырландыруға және әрбір
аймақтың толыққанды тұрақты өсуіне әкеледі.
Облыс және аймақ деңгейіндегі екінші бағыт – ауыл кәсіпкерлігі жүйесіне
инвестиция тарту. Бұл бағыт макроэкономикалық деңгейдегі жалпы мемлекеттік
бағдарлама көлемінде жүзеге асырылуы тиіс.
Үшінші бағыт консалтингтік орталықты құру болып табылады. Әлемдік
тәжірибеде көрсеткендей, фермерлік шаруашылықтың жартысына жуығына ақпарат
және білім жетіспеді, сондықтан бұл мемлекет қызметтерінің ауылдық шағын
кәсіпкерлікті қолдау бағыттарының бірі болып саналады.
Кеңес беру қызметтерінің негізгі атқаратын қызметіне жататындар:
• экономикалық, қаржылық, инвестициялық, салықтық, сыртқы экономикалық,
кедендік саясат және өз бизнестерін енгізу сұрақтары бойынша ауыл
кәсіпкерлеріне дербес түрде кеңес беру;
• қызмет түрлерінің лицензиялануы, кәсіпорынның тіркелуіне қажетті
құжаттар, бизнес жоспар және құрылтайшылық құжаттарды жасау және
ресімдеуді жүзеге асыру;
• құқықтық қызмет көрсету;
• жарнама және баспалық қызметтер;
• жергілікті кеңес беру (ақпараттық) қызметтерді ұйымдастыру.
Кеңес беру орталықтары және қызмет орындары аудан бюджеті есебінен және
ақылы негізде іске асырылуы қажет. Облыстық және аудан деңгейінде кеңес
беру қызметтерін құру – негізінен кеңес беру қызметтердің нарығында нақты
қажеттіліктердің пайды болуына және құрылымын алдын-ала қарастыру қажет.
Төртінші бағыт болып – ауыл кәсіпкерлерінің біліктілігін жоғарлату және
қайта дайындау бағдарламалары. Қазақстан Республикасындағы ауылдық
кәсіпкерліктің өз деңгейінде дамымауының басты себебі қаржылық-несиелік
және инвестициялық қолдаудың төменділігімен, инфрақұрылымның және заңдардың
әмбебеп еместігінен, бірақ анықтамалық деңгейінде өркениетті кәсіпкерліктің
дамуына деген білімнің жоқтығы. Соңғы жылдары кадрлардың технологиялық
консерватизмі және қызметтерінің сауатсыздығы байқалады, техникалық,
құқықтық, экономикалық, әлеуметтік-саяси және экологиялық білімдердің
тапшылығы – АӨК-дегі аграрлық реформаларда кадрлық әлеуеттің қалыс қалуын
көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтердің бесінші бағыты – шағын кәсіпкерлік мүддесін
қорғау.
Кәсіпкерлік қызмет, оның ішінде ауыл кәсіпкерлігі өзінің құқықтық
статусы бойынша жеткілікті қорғалған институтқа жатпайды.
Қазақстан Республикасындағы 1999–2000 жылға арналған шағын
кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сай
кәсіпкерлікті қорғаудың негізгі бағыттары болып табылады:
• кәсіпкерлікті қорғау инфрақұрылымын дамыту;
• кәсіпкерлікті қорғауда ақпараттық қамтамасыз етудің жүйесін құру;
• кәсіпкерлікті қорғауда нормативті-құқықтық базаны жетілдірілу;
• кәсіпкерлікті қорғау саласында мамандандырылған кадрларды дайындау,
қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
• кәсіпкерлікті қорғау саясатында пропагандалық қолдау;
• кәсіпкерлікті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жүйесін құру.
Бұл кәсіпкерлерді қорғау құқықтарының бағыттарын ауыл кәсіпкерлеріне
қатысты қолдануға болады. Қазақстан Республикасының заңында тұтынушы
құқықтарымен, сала, салааралық және аумақтық принциптерге сәйкес
кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша мамандандырылған ассоциацияларға
бірігуіне болады. Кәсіпкер құқықтарын қорғау ассоциациялары нақты
кәсіпкерлікті қорғау механизмімен, барлық құқық кешенімен қамтамасыз етілуі
керек.
Ауыл кәсіпкерлігін қолдаудың локальды деңгейі
Шағын ауыл кәсіпкерлігін қолдаудың локальды деңгейі негізінен жеке
кәсіпкерлерге, фермерлерге қызмет көрсетуші жергілікті кеңес беру
қызметтерінің құрылуынан пайда болады, сонымен бірге бұл қызмет көрсетулер
ауыл шаруашылығының аудандық департаментінің бөлімшелері ретінде немесе
ауылшаруашылық жоғарғы оқу орындарының, колледждерінің, аграрлық
мамандықтардағы ғылыми зерттеу ұйымының базасы негізінде құрылуы мүмкін.
Жергілікті кеңес беру қызметтерінің негізгі атқаратын қызметіне
қатыстылар:
1. Шаруа қожалықтарын, кооператив және басқа да шаруашылық түрлерін
ұйымдастыру және құру кезіндегі кеңес беру;
2. Жекелеген шаруашылық түрлеріне, шаруашылық топтарына бизнес
жоспарларды жасау және іске асыруға көмек беру;
3. Жеке кәсіпкерлерді іс жүргізуді енгізуге, экономика, менеджмент,
маркетинг, бухгалтерлік есеп негіздері бойынша оқыту;
4. Ветеронария, өсімдіктерді қорғау, жануарларды көбейту, өсімдіктерді
өсірудің басымдық техногогияларын қолдану жөнінде кеңес беру.
5. Өнімді өткізуде бірлесіп жүзеге асыру.
Қызметтерге сұраныстың пайда болуына байланысты жергілікті кеңес беру
қызметтерінің жүйелік құрылымы кезең бойынша жүргізілуі мүмкін.
Кеңес беру қызметінің жұмыстарына жеке ауыл шаруашылық
кәсіпкерліктерінің инфрақұрылымын мемлекеттік қаржылардырудың нысаны
ретінде субсидияларды тартудың маңызы ерекше. Кеңес беру қызметінің
жұмыстарында халықтың жұмысқа тартылу саясатына тікелей қатысы бар, себебі
ауыл тұрғындарының өздігінен жаңадан жұмыс бастауларына көмек ретінде,
жұмыссыздықтың алдын алу нысаны болып табылады. Кеңес беру мекемелерінің
пайда болуы, ауыл кәсіпкерлігінің тұрақты дамуына, соның нәтижесінде
аграрлық өндірістің тұрақтануына жаңа серпін негізінде жүзеге асырылуы
мүмкін.
Сонымен, ауыл шаруашылығында шағын кәсіпкерлікті қолдау және басқару
жүйесінің көп деңгейлі мемлекеттік атқарымдылығының сызбасы төмендегідей
Аграрлық сектордағы шағын кәсіпкерлікті басқарудың және әкімшілік қолдаудың
көп деңгейлі жүйесі (құрылымы)
Басқару және қолдаудың жалпы мемлекеттік деңгейі
қаржы-несие және инвестициялық саясат;
шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының құрылуы;
шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қолдау;
нормативті-құқықтық базаның жетілдірілуі;
қоғамда кәсіпкерлік климаттың пайда болуы
Аймақтық (облыстық) деңгей
облыстың дамуына бағытталған әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың
жасалуы және таратылуы, шағын кәсіпкерлікті дамытудың негізінде жаңа
жұмыс орындарын құру;
ауыл кәсіпкерлігінің салаларына инвестициялар және басқа да
қаржыландырудың көздерін тарту;
кеңес беру орталықтарының құрылуы және осындай орталықтарды ұйымдастырушы
жергілікті атқарушы органдарға көмек беру;
шағын ауыл кәсіпкерлігі үшін кадрларды дайындау және қайта даярлауға
бағытталған курстардың ұйымдастырылуы;
шағын кәсіпкерлік мүдделерін қолдау;
Кәсіпкерлікті қолдаудың локальды деңгейі
шаруа қожалықтары, кооператив және басқа да шаруашылықтарды ұйымдастыру
және құру жөніндегі кеңестер;
шаруашылық топтарын, жекелеген шаруашылық түрлерін және бизнес жоспарды
іске асыруға бағытталған көмектер;
жеке кәсіпкерлерді бизнес негіздері бойынша оқыту;
өсімдіктерді өсіру, жануарларды көбейтудің басымдық технологияларын
қолдану жөніндегі кеңестер;
өнімдерді өткізуді бірлесіп жүзеге асыру;
Шағын кәсіпкерліктің дамуына тежеулі себептердің мүмкін жолдарын
ликвидациялау: мемлекет жағынан нормативтер.
Ауыл экономикасының дамуына бағытталған реформалар бүгінгі таңда көп
жолдауларда көрсетілгенмен, олар өз деңгейінде іске асырылмауда. Ауыл
кәсіпкерлігінің дауына әсер ететін проблемаларды қарастырар болсақ, онда
мынадай қорытындыға келеміз:
1. Нәтижесі жоқ қаржы экономикалық саясат: қаржылық ресурстардың жоғары
құндылығы және тапшылығы, құрылыс пен техникалық жабдықтар құнының
жоғарылығы.
2. Кәсіпкерлік инфрақұрылымының нарықтық жағдайындағы және өнімді
өткізудегі қиыншылықтар.
3. Мемлекеттен конструктивті емес қарым–қатынастар: бюрократия, сыбайлас
жемқорлық.
4. Заң базаларының жетілдірілмеуі.
5. Кәсіпкерлік іс-әрекет саласында қажетті білімнің берілмеуі.
6. Халық деңгейінде кәсіпкерлікті қолдау пропагандаларының әлсіздігі.
Жоғарыда көрсетілген факторлар мемлекеттік басқару саласына жатады.
Осыдан облыстық, аудандық бөлек кәсіпкерлік проблемалары өз деңгейінде
шешілуі мүмкін емес. Бұл жерде өте жақсы жоспарларды жүзеге асыруда
мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері қажет. Ауыл кәсіпкерлерінің алдында
проблемалардың көптеген түрлері бар, соның ішінде мемлекет жағынан қолдауды
қажет етеді. Шағын кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар және оларды
қысқартудың төменде жолдары көрсетілген.

ерекшеленеді, сонымен қатар аймақтың басқару органдарының қызметтері.
Аймақтарда жергілікті басқару органдары кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа
кәсіпорындарды құру кезінде қадағалауға назар аудармайтын болса, онда

1.Нәтижесіз қаржы-экономикалық саясат
Қаржылық ресурстардың жоғарғы құндылығы.
Қаржы ресурстары нарығына ауыл кәсіпкерлігінің қолы жетпейді. Мұның
себебі ретінде сондағы қайта қаржыландыру ставкасының жиі өзгеруі,
ауылшаруашылық өнімдеріне өндіруге бағытталған жоғары тәуекелділікті атауға
болады. Мұндай жағдайларды жою үшін мынадай міндеттер ұсынылуда:
- ауыл кәсіпкерлерін несиелеуде жеңілдік механизмінің жетілдірілуі;
- қолдауды таңдау механизмінің орындалуы;
-коммерциялық қаржы құрылымдарымен көрсетілген несиелерді
сақтандыру;
- екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу
жұмыстарын реттеу;
- ауыл шаруашылық жұмыстарына бағытталған жерлерді нарықтық айналыс
процесіне енгізу;
- облыстық және жергілікті бюджеттен, шағын кәсіпкерлердің даму
қорынан, ауыл шаруашылықтан қаржылық қолдау қорынан мақсатты
несиелендірілуі;
- халықаралық қаржылық ұйымдардан заемдардың тартылуы.
Материалдық-техникалық жабдықтарда жоғарғы бағаның болуы және
мамандандырылған отандық және импорттық жабдықтар өндірісінің тапшылығы
байқалады.
Бүгінгі таңда материалдық-техникалық нарықта жетіспеушілік байқалмайды,
ал соларды алуға деген қаржылық ресурстардың жоқтығы көрінеді.
Бұл мәселелер өз шешімін табады, егер мемлекет жағынан жағдайлар
жасалса:
- ауыл шаруашылық техникаларын жалға беру және МТС желісін тереңдету
жұмыстарын іске асыру;
- лизингтік қатынастарды дамыту, лизинг бойынша Оттавалық конвенциясына
қосылу;
- лизингтік техникаларды және құрал-жабдықтарды лизинг бойынша
жеткізуге кедендік салықтық режимінің қамтамасыз етілуі;
- лизинг берушілерге қаржы-тауарлық ресурстарды қайтару, тарту
механизмдерін дамыту;
- отандық көліктер шығару кәсіпорындарының іс-әрекеттерін қайта бастау.
Кәсіпкерліктің нарықтық инфрақұрылымының жағдайы және өнімді өткізудегі
қиындықтар.
Бүгінгі күні нарықтық инфрақұрылым халықаралық деңгейге сай емес. Соның
негізінде ауыл кәсіпкерлері ақпараттық нарыққа, техникалық немесе
технологиялық сервистеріне және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz