Махмул Теймур шығармаларындағы мысырлықтардың образын ашу
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ...3.6
Бөлiм I. Махмуд Теймур және шығармашылығы ... ... ... ... ... ... ..7.35
I.1 Жазушының балалық және жастық шағы ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.9
I.2 Жазушы шығармаларындағы шумақтары мен шынайы әңгiмелер ... ... ... ... ... 10.18
I.3 Новелла шебері ... ... ... ... ... ... ... ... .19.35
Бөлiм II Махмуд Теймур шығармашылығындағы негiзгi қағидалары ... ... ... ..36.48
II.1 Ақиқатты iздеу ... ... ... ...36.39
II.2 Адам баласының тағдырына ой жүгiрту ... ... ... ... ... ... ... ... .40.46
II.3 Жаңа заман табалдырығында. ... ... 47.48
Қорытынды ... ... ... ...49.50
Қолданылған әдебиеттер

Араб елінің ұлттық мақтанышы танылатын ғажайып жазушаларының арасында Махмуд Теймурдың алатын орны зор. Махмуд Теймур жаңа араб әдебиетінің негізін қалаушы жазушылардың бірі. Оның творчествадағы ауыр жолы мысыр халқының ұлт-азаттық күресі және қиын қыстау кезеңімен сәйкес келеді.
Махмуд Теймур өз шығармаларында қоғамда болып жатқан ащы шындықты көрсете отырып, сол замандардағы арабтар арасындағы орын алып отырған әдет – ғұрып заңдылықтарының қатыкездігін, адам теңсіздігін айта кетіп, араб қоғамының алғары ілгерлеуіне зор үлесін қосты. Махмуд Теймур көп еңбегі сіңген саланың бірі – ағартушылық саласы еді. Ол бұл жолда да аянбай еңбек етті. Адамдар жүрегінде қайырымдылық, адамгершілік, еңбекқорлық сынды сезімдерді орнатқысы келді.
Қараңғы бөлмеде есік таппай қиналып жүрген қараң араб халқы үшін бір май шырақ жағып, есікке баратын түзу жолды көрсеткісі келді. Махмуд Теймур қолға алған, жаршысы болып шыққан тақырыптардың бірі өзі өмір сүрген Мысыр елінің қоғамы мен халқының сол кездегі өмірі және әл ауқаты, адамдар арасындағы қатыгездік және қараңғылық сынды кемшіліктер еді. Ол мысырлықтар образы теңсіздігі үшін күресін өз шығармаларында айқын білдіреді.
Әлем әдебиетіндегі өзекті тақырыптардың бірі – белгілі бір халықтың образы, оның жан дүниесін, жан – жақты ашу, одан жалпы адамзаттық құндылықтарды бағалау болып табылса, араб әдебиетіндегі Махмуд Теймурдың шығармаларында да осы мәселені көтеріп, ұлттық менталитетімен ерекшеленетіні сөзсіз.

Араб тілінде
1. Абу Али амил артист (Абу Али становится артистом). Каир, 1934.
2. Абу-ль-Холь йатиру (Летающий сфинкс). Каир, 1947.
3. «Абу-ш-шавариб» ва кисас ухра («Усатый» и другие рассказы). Ка¬ир, 1953.
4. Абу Шуше (Абу Шуше). Дамаск, 1943.
5. Аль-Адаб аль-хадиф (Воинствующая литература). Каир, 1959.
6. «Амм Митвалли» ва кисас ухра («Амм Митвалли» и другие расска¬зы). Каир, 1925.
7. Ана аль-катил (Я убийца). Каир, 1961.
8. Аль-Атлал (Следы прошлого). Каир, 1934.
9. Аль-Васба аль-ула (Первый прыжок). Каир, 1937.
10. Замир аль-хайй (Уличный музыкант). Каир, 1953.
11. Ила-ль-лкка аййуха-ль-хубб (До встречи, любовь). Каир, 1959. :
12. Интисар эль-хайат (Торжество жизни). Каир, 1963.
13. Ихсан лиллах (Подайте во имя Аллаха). Каир, 1959.
14. Кала ар-рави (Говорит рассказчик). Каир, 1942.
15. «Кала ар-рави» ва кисас ухра («Говорит рассказчик» и другие рас¬сказы). Каир, 1972.
16. Калб ганийа (Сердце красавицы). Каир, 1937.
17. Канабил (Бомбы). Каир, 1943.
18. Клиубатра фи Хан аль-Халили (Клеопатра в Хан аль-Халили). Каир, 1946.
19. «Кулл ам ва антум бихайр» ва кисас ухра («С Новым годом, с но¬вым счастьем» и другие рассказы). Изд. П. Каир, 1956.
20. «Махтуб ала-ль-джабин» ва акасис ухра («Написано на лбу» ш дру¬гие рассказы). Каир, 1941.
21. Маламих ва гудун (Черты и складки). Каир, 1950.
22. Аль-Масабих аз-зурк (Синие фонари). Каир, 1960.
23. Аль-Махба ракм 13 (Убежище № 13). Каир, 1942.
24. Аль-Музаййифуна (Мошенники). Каир, 195—.
25. Наббут аль-хафир (Дубинка стражника). Каир, 1958.
26. «Ан-Наби аль-инсан» ва макалат ухра («Пророк и человек» и другие статьи). Каир, 1959.
27. Нпда аль-маджхул (Зов неведомого). Бейрут, 1939.
28. Нушу аль-кисса ва татаввуруха (Зарождение и развитие повествова¬тельной литературы). Каир, 1936.
29. «Раджаб-афанди». Кисса мисриййа («Раджаб-эфенди». Египетский рассказ). Каир, 1928.
30. Ас-Саируна (Революционеры). Каир, 1935.
31. Салва фи махабб ар-рих (Сальва в порывах ветра). Каир, 1947.
32. Таммурханна аджаб (Прекрасная Тамархенна). Каир, 1958.
33. Фанн аль-касас (Искусство повествования). Изд. II, Каир, 1948.
34. Фирауп ас-сагир (Маленький фараон)1. Изд. II. Каир, 1948.
35. «Аль-Хаджж Шалаби» ва акасис ухра («Аль Хадж Шалаби» и дру¬гие рассказы). Каир, 1930.
36. Халф ал-лисам (За покрывалом). Каир, 1948.
37. «Шабаб ва ганиййт» ва акасис ухра («Юноши и девушки» и другие рассказы). Каир, 1951.
38. Аш-Шейх Афаллах (Шейх Афаллах). Каир, 1936.
39. «Аш-Шейх Джума» ва акасис ухра («Шейх Джума» и другие расска¬зы). Изд. I. Каир, 1925.
40. «Аш-Шейх Джума» ва акасис ухра («Шейх Джума» и другие рас¬сказы). Изд. П. Каир, 1927.
41. «Аш-Шейх Сеййид аль-абит» ва акасис ухра («Шейх Сеййид слабо¬умный» и другие рассказы). Каир, 1926.
42. Шифах гализа (Толстые губы). Каир, 1946.
43. Шумрух (Шумрух). Каир, 1958.
Орыс тіліндегі жинақтар
44. Арабская проза. М., 1956.
45. Египетские новеллы. М., 1956.
46. Живи, Египет! Рассказы. М., 1974.
47. Карьера доктора Фануса, Рассказы современных египетских писате¬лей. М., 1977.
48. Место на земле. Рассказы современных египетских писателей. М., 1977.
49. Рассказы арабских писателей. М., 1955.
50. Синие фонари. Повесть и рассказы. М., 1970.
51. Современная арабская проза. М.— Л., 1961.
52. Современная арабская новелла. М., 1963.
53. Шесть гиней. Новеллы египетских писателей. М, 1964.
54. Шейх Джума. Рассказы. М., 1957.
Махмуд Теймур жайында зертеулер
55. Али-заде Э. А. Египетская новелла. Зарождение и формирование жанра. М., 1974.
56. Аль-Алим Махмуд Амин. Новые ценности в современной еги¬петской литературе.—Современная арабская литература. М., 1969.
57. Борисов В. М. Современная египетская проза. М., 1961.
58. Крачковский И. Ю. Из писем к египетскому писателю Махмуду Теймуру.— Избранные сочинения. Т. III. M.—Л., 1956.
59. Крачковский И. Ю. Махмуд Теймур и его новые произведения.— Избранные сочинения. Т. III. M.— Л., 1956.
60. Крачковский И. Ю. Над арабскими рукописями. М., 1965.
61. Шарбатов Г. Ш. Арабская новелла.— «Современный Восток», 1958, № 9.
62. Аль-Абйари Фатхи. Махмуд Теймур ва фанн аль-уксуса-ль-арабиййа (Махмуд Теймур и арабская новелла). Каир, 1961.
63. Аль-Абйари Фатхи. Алам Махмуд Теймур (Мир Махмуда Тей-мура).— «Аль-Хиляль». 1972, № 5.
64. Дайф Шауки. Аль-Ада б алъ-араби-ль — муасир фи Миср (Сов¬ременная арабская литература в Египте). Изд. 5-е. Каир, 1974.
65. Аль-Джунди Анвар. Кисса Теймур (Проза Теймура). Каир, 1951.
66. С злах ад-Дин Абу Салим. Махмуд Теймур аль-адибу-ль-ин-сан (Махмуд Теймур — писатель и человек). Каир, 1961.
67. Ac-Си б аи Юсуф. Латамат ва ласамат (Пощечины и поцелуи). Бейрут, 1959.
68. Наджм Мухаммед Юсуф. Фанн аль-кисса (Искусство повест¬вования). Бейрут, 1955.
69. Хидр Аббас. Аль-Кисса аль-касира фи Миср мунзу нашатиха хатта сана 1930 (Новелла в Египте со времени зарождения до 1930). Каир, 1967.
70. Хакки Яхья. Фаджр аль-кисса аль-мисриййа (Заря египетского рассказа). Каир, 1962.
71. Шуша Фару к. Махмуд Теймур.—«Аль-Адаб». 1960, № 9.
72. Юн и с Абдаль-Хамид. Фанн аль-кисса алъ-касира фи адабина-ль-хадис (Жанр новеллы" в нашей новой литературе). Каир, 1973.
73. Abdel-Meguid A. The Modern Arab Short Story. Cairo, 195—. Gabrieli Fr. «II Santo» novella marabuttica di M. Taimur.— Annali
74. Institute Orientate di Napoli. Vol. Ill, 1949. Gabrieli F r. L'opera letteraria di Mahmud Taimur.— Oriento Mo-
75. derno. Vol. XXXII, 1952. Gabrieli F r. Uno seritto di Mahmud Taimur sulla sua formazione
76. letteraria.—Oriento moderno. Vol. XIX, 1939. L a n d a u J. M. Studies in the Arab Theater and Cinema. Philadelphia,
77. 1958. Sakkut H. The Egyptian novel and its main trends from 1913 to
78. 1952. Cairo, 1971. Vial Charles. Le personnage de la femme dans le roman et la
79. Nouvelle en Egypte de 1914a 1960. Lille, 1974.

Жоспар
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-6
Бөлiм I. Махмуд Теймур және шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... 7-35
I.1 Жазушының балалық және жастық
шағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-9
I.2 Жазушы шығармаларындағы шумақтары мен шынайы
әңгiмелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 10- 18
I.3 Новелла
шебері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .19-35
Бөлiм II Махмуд Теймур шығармашылығындағы негiзгi
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .36-48
II.1 Ақиқатты
iздеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...36-39
II.2 Адам баласының тағдырына ой
жүгiрту ... ... ... ... ... ... ... ... .40-46
II.3 Жаңа заман табалдырығында.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47-48
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...49-50
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.51-53
Кіріспе
Араб елінің ұлттық мақтанышы танылатын ғажайып жазушаларының
арасында Махмуд Теймурдың алатын орны зор. Махмуд Теймур жаңа араб
әдебиетінің негізін қалаушы жазушылардың бірі. Оның творчествадағы ауыр
жолы мысыр халқының ұлт-азаттық күресі және қиын қыстау кезеңімен сәйкес
келеді.
Махмуд Теймур өз шығармаларында қоғамда болып жатқан ащы шындықты
көрсете отырып, сол замандардағы арабтар арасындағы орын алып отырған әдет
– ғұрып заңдылықтарының қатыкездігін, адам теңсіздігін айта кетіп, араб
қоғамының алғары ілгерлеуіне зор үлесін қосты. Махмуд Теймур көп еңбегі
сіңген саланың бірі – ағартушылық саласы еді. Ол бұл жолда да аянбай еңбек
етті. Адамдар жүрегінде қайырымдылық, адамгершілік, еңбекқорлық сынды
сезімдерді орнатқысы келді.
Қараңғы бөлмеде есік таппай қиналып жүрген қараң араб халқы үшін
бір май шырақ жағып, есікке баратын түзу жолды көрсеткісі келді. Махмуд
Теймур қолға алған, жаршысы болып шыққан тақырыптардың бірі өзі өмір сүрген
Мысыр елінің қоғамы мен халқының сол кездегі өмірі және әл ауқаты, адамдар
арасындағы қатыгездік және қараңғылық сынды кемшіліктер еді. Ол мысырлықтар
образы теңсіздігі үшін күресін өз шығармаларында айқын білдіреді.
Әлем әдебиетіндегі өзекті тақырыптардың бірі – белгілі бір
халықтың образы, оның жан дүниесін, жан – жақты ашу, одан жалпы адамзаттық
құндылықтарды бағалау болып табылса, араб әдебиетіндегі Махмуд Теймурдың
шығармаларында да осы мәселені көтеріп, ұлттық менталитетімен
ерекшеленетіні сөзсіз.
Махмуд Теймурдың Жарымес Шейх Сеид әңгімесін мысалға ала кетсек,
ондағы бас кейіпкер жарымес шейх бейнесі діни – философиялық сондай – ақ
психологиялық тұрғыдан талданып, әр ұлттың өкілі өзінің этникалық
менталитетіне, ұлттық таным түсінігіне, оның дүниемен біте қайнасып, өзара
іштей жіпсіз байланыста екенін дәлелдей түседі.
Қаншама әдебиет өкілдері әр кезеңдерде тәуелділік ұғымынан арылуға
тырысып, осы тақырыпқа өлмес шығармалар жазып, бүкіл қаламгерлік ғұмырын
арнады. Халықты жеке адамның тағдырын құрбандықа шалудан тазартып, арылту
үшін үлкен шығармашылық мектептерден өтіп, халықтың санасын оятуға еңбек
етті. Бақытты ұрпақ тәрбиелеудің жолын көрсетуді мақсат етті. Махмуд
Теймурдың айтпағы да осы мәселелермен тығыз байланысты еді. Өйткені жарымес
шейх тағдырының тасталқан болып бақытынан айырылуы, ең алдымен араб
халқының ұлттық дүниетанымымен, діни – философиялық көзқарастарынан бастау
алып жатқанын аңғару қиын емес еді.
Шейх Сеид сынды араб қоғамындағы әдет – ғұрып қағидалалары мен
қоғам қатыгездігінің құрбаны болып отырған қаншама мың адамның тағдырын
көрсете отырып, қара халықтың көзін ашу Махмуд Теймурдың Жарымес Шейх
Сеид шығармасының басты мақсаты еді.
Біздің талдап отырғанымыз мысырлықтар образы яғни бұл миллиондаған
адамның обрызы. Махмуд Теймур өз шығармаларында басты кейіпкер ретінде алып
отырған образдар қоғаммен және қоғамдық оймен арпалысып өз бақытына жетіп
жетпеуін айта отырып, басқа да мысырлықтардың қатыгез қоғам мен әдет –
ғұрып үкімдерімен жалғыз күресіп, бақытқа жету жолын іздеген мақсаттарының
аяғының неге алып баратынын көрсету біздің мақсатымыз еді.
Диплом жұмысымыздың зерттеу өзектiлiгi:
Шығыста атақты жазушылар, ақындар, ойшылдар өте көп болған, солардың
бiреуi Махмуд Теймур болатын. Жалпы әдебиетте Теймурдың өзiне өзектi етiп
алған шығармашылық жолы шағын әңгiмелер мен новеллалар едi.
Теймур шағын әңгiмелерге жан-тәнiмен кiрiскенi соншалықты, оны шағын
әңгiмелері атасы деп те атап кеттi. Ол осы шағын әңгiмелерi арқылы арап
елдерiндегi күнделiктi болып жатқан әр түрлі драммалық немесе комедиялық
тақырыптарда халықтың шынайы келбетiн баяндайтын. Новеллалары арқылы ол
окырман санасын мәдениетке, тербие мен тәртiпке баулайтын. Ол Мысыр елiнiң
әдебиетiн дамыту мақсатында жене оны бүкiл әлемге паш ету үшiн көп тер
төктi.
Теймур шағын әңгiме мен новеллалардан да басқа сол кездегi өзектi тiл
мәселесiне көп көңiл бөлетiн. Жазушы өзiнiң еңбектерiн арап әдеби және көше
тiлдерiнде жазатын. Оның ойынша екi тiлдiң де маңыздылығы Мысыр халқы үшiн
үлкен едi. Арап әдеби тiлi, тiлдiң негiзi және құран тiлi одан бiз бас
тартпауымыз керек, ал көше тiлi аммия болса ол бiздiң Мысыр халқының салт-
дәстүрiне кiредi. Бiрақ жазушының күнделiктi колданатын тiлi аммия едi.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсат арап әдебиетiмен тереңірек танысып,
ондағы жазушылардың пiкрiн бiлу, сонымен қатар арап әдебиетiн жақсы
меңгерiп, басқаларға үйрету.
Диплом жұмысы барысында біздің басқа да көздеген мақсаттарымыз:
- Махмул Теймур шығармаларындағы мысырлықтардың образын ашу;
- Жазушының көздеген мақсатын ашу;
- Жазушының өз дегеніне жетіп, жетпегендігін ашу;
Диплом жұмысымыздың осы мақсаттарды ашу барысындағы міндеттер;
- Махмуд Теймур шығармаларына талдау жасау;
- Махмуд Теймурдың шығармаларында кездескен мысырлықтардың өмірін
талқылау арқылы оның образын көрсету;
- Араб қоғамына және әдет – ғұрпына терең үңіле, дұрыс – бұрысын
көрсету;
Диплом жұмысының зерттеу әдiстерi:
Диплом жұмысы барысында сипаттамалық, салыстырмалық талдау
әдiстерi колданылды
Деректер мен әдебиеттер
Бұл бітіру жұмысын жазу барысында, мен А.Долинина, Э.А.Али-Заде,
Крачковский И.Ю. сынды жазушыларының Махмуд Теймур және оның шығармашылығы
жайында, өмірі жайында әртүрлі тілінде әрқалай жылдары шыққан еңбектері
қолданылдық. Бұл еңбектерден өте керекті материалдарға қол жеткіздік.
Сондай – ақ Махмуд Теймур жайлы ақпар беру үшін интернет
желісіндегі бірнеше сайттарды қолдандық.
Мысырдың әдет – ғұрпы, дәстүрлі шаралары, араб ескі әдеті бойынша
мысырлықтардың қоғамдағы рөлін айқындау үшін Мәскеу қаласында 1984 жылы
прогресс баспаханасында жарық көрген Араб инциклопедиясы және Мәскеу
қаласындағы ғылым баспаханасында жарық көрген Шығыс халықтарының
күнтізбелік әдет – ғұрыптары мен дәстүрлі шаралары атты еңбектерін
қолдандым. Бұл еңбекте бүкіл бір жыл бойы араб халқының мерекелік шаралары
көрсетіліп оған Мысырдың әр аймағында қалай дайындалатындығы жайлы сөз
етілген.
Ал мысырлықтардың образын жазу үшін Мәскеу қаласында 1974 жылы
шыққан Махмуд Теймур орыс тіліне тәржімаланған таңдамалы, шығармалар
жинағы, повесттер мен әңгімелері жинақтары қолданылды.
Құрылымы
Бітіру жұмысымыз кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан
тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмыстың тақырыбының өзектілігі, зерттеудің
мақсаты мен міндеттері айқындалып және пайдаланылған әдебиет жөнінде
мәлімет көрсетілген.
Диплом жұмысымыздың негізгі бөлімінің алғашқы тарауы Махмуд
Теймур және оның шығармашылығы деп аталып, бұл тараудың бірінші бөлігінде
Махмуд Теймурдың балалық шағы мен жастық шағы, шығармашылыққа деген алғашқы
қадамдары, қоғамға еткен еңбектері жайлы сөз еттік. Екінші бөлігінде Махмуд
Теймур шығармашылығында көбінен кездесетін өлең шумақтары мен шынайы
әңгімелерге ой жүгірттік. Ол шығармаларында өзі жүгіріп-ойнап өскен Каир
қаласының көшелерінде балалық шақтан бері көріп келе жатқан оқиғаларды сөз
ете отырып, мысырлықтардың шынайы образын көрсеткісі келгені жайлы жазған
шығармаларына талдау жасадық.
Екінші тарау Махмуд Теймур шығармашылығындағы негiзгi
қағидалары деп аталады. Бұл тарау Ақиқатты iздеу, Адам баласының
тағдырына ой жүгiрту, Жаңа заман табалдырығында, делінген үш бөліктен
тұрады.
Алғашқы бөлікте Махмуд Теймурдың шығармаларында кездесетін
мысырлықтардың өз арасындағы қатыгездік пен қиянатқа себепкер іздейміз.
Жазушы да бұл мәселелерді өз шығармаларында көтеріп, мысырлықтардың көзін
ашқысы келді. Халықты ақиқатқа жетелегісі келгені жайлы және ақиқатқа барар
бұлақтың бастауы болғысы келетін жайлы екінші бөлімнің алғашқы бөлігінде
нақтырақ сөз еттік.
Адам баласының тағдырына ой жүгiрту деп аталатын екінші бөлімде
жазушының замандас мысырлықтары жайлы олардың талқыға түскен тағдырлары
жайлы жазған шығармаларына көз жүгіртіп, олардың бақытсыз өмірлеріне
себепкер іздейміз. Адам баласының тағдыры біреудің ермек қылар ойыншығы
емес екені жайлы ащы шындықты айтқан жазушының осы қағидасы туралы жаздық.
Үшінші бөлікті Жаңа заман табалдырығында деп арнайы бөлек
жаздық. Жазушының шығармашылық жолы сол кездегі Мысырда болып жатқан ұлт-
азаттық күреспен сәйкес келетіні жайлы жоғарыда сөз еткендей бұл бөлікте
Махмуд Теймурдың өз қаламын қару етіп азаттық жолында ағылшын бодауынан
босануға ат салысқаны жайлы сөз еттік. Сондай-ақ жазушының болашақтан зор
үміт еткені туралы жаздық.
Қорытынды бөлімінде жұмысымыздың қорытындысын жасап, қол
жеткізген ой – түйінімізді келтірдік.
Бөлiм I. Махмуд Теймур және шығармашылығы
I.1 Жазушының балалық және жастық шағы.
Махмуд Теймурға әдебиет сүйген, әдебиетпен өмiр сүрген отбасында
дүниеге келу нәсiп етiлдi. Олардың қанында кiтәпқа деген махаббат, бiлiмге
деген құштарлық дәстүрге айналып, ұрпактан- ұрпаққа берiлiп жатты. Махмуд
Теймурдың туған атасы - Исмаил Теймур мәдениет адамы едi.
Атасының жеке үй кiтәпханасында көптеген шығыстың классикалық
әдебиеттерiмен, көптеген тамаша қолжазбаларға бай едi.
Исмаил Теймурдың әдебиетпен терең танысуы, әдебиетке жан – тәнiн салуы,
кызығып оқуы, оның балаларына да әсер етпей коймады. Оның қыздарының бiрi
Айша Теймур (1840-1902) атақты ақын болды. Ол түрiк, араб, парсы, тiлдерiн
жетiк меңгерiп, осы тiлдерде көптеген өлеңдер жазды. Айша Теймур өте мәшһүр
болды. Исмаилдың баласы Ахмед Теймур (1871-1930). Ол көбіне араб
мәдениетiн, әдебиетiн меңгерген белгiлi тiлшi. Ол Араб тiлiнiң бай тiл
екендiгiн жазды, көне Мысыр ескерткiштерi туралы, сонымен қатар Мысыр
тарихы туралы көптеген қолжазба еңбектерiн қалдырды. Ахмед Теймурдың жұбайы
ерте дүние салғандыктан, ол өзiнiң (кiшкентай) сәби балаларымен калды. Оның
үш баласы болды: Бiрiншi баласы Исмаил (1891-1942) жылдар арасында өмiр
сүрген Махмуд Теймурдың үлкен ағасы. Екiншi баласы Мухаммед (1892-1971)
жылдар аралығында өмiр сүрген Махмуд Теймурдың екiншi ағасы. Үшiншi баласы
Махмуд 1894 жылдың 16-шы маусымында дүниеге келген. Бұл үш сәби баланың
аналарының орнын жоқтатпай, аналарының орнына ана болған Айша Теймур едi.
Айша балалрға жұмсақ, мейiрiмдi болатын. Ахмед болса, ол өзiнің балаларына
тек қана әкелiк мiндетiн өтеп қоймай, сонымен қатар балаларына шынайы дос
болды. Ол балаларына тәрбиешi және балалары одан мысал аларлықтай үлгi бола
бiлдi. Махмуд есейіп қалған сәтінің өзінде-ақ әкесi Ахмед туралы: Әкемiз
бiздi саналы түрде бос қойды, осы кiсi мәпелеп, тыйым салғаннан көрi, әлде
- қайда даналырақ - дедi [59, б.23].
Махмуд өзiнiң бауырларымен Дарб Саада кварталындағы өздерiнiң үлкен
үйлерiндегi жеке кiтапханадағы сан алуан кiтәптарды оқып, әкесiне Мысыр
елiнiң түпкiр - түпкiрiнен келетiн ғалымдар, соның iшiнде, атап етсек -
Мухаммед Абдо, Ахмед Теймурдың ұстазы, тiлшi шейх аш - Шинкити, ақын Махмуд
Сами аль - Баруди т.б. көптеген дана кiсiлердiң, дана сөздерiн естiп өскен
Махмуд Теймурдың әдебиетке деген ықыласы сол кезде - ақ ауған едi.
Махмуд Теймурдың ағаларымен бiрге сол кездегi ең жақсы, бiлiмi мол
деген (бастауыш) мектепке барды. Мухаммед пен Махмудтың жастайынан әдебиет
пен өнерге деген құлшыныс, ынталарын көрген әке Ахмед, оларға сол кездегi
ең атақты болған ақын жырларын жаттата бастады. Солардың iшiнде: муаллақу
Имру - ль - Қайса жырлары. Бұл бiзге де, әкемiзге де ұнайтын - деп жазады
Махмуд. Теймур өзiнiң еңбектерiнiң бiрiнде - бiз тiптi кiшкентай
болатынбыз, бастапқы кездерде бiрде - бiр шумақты жаттай алмайтынбыз. Бiрақ
та бiрнеше айлар өткен соң, бiз муаллақуды толық жаттап алдық [44, б.56].
Бастауыш мектептiң, араб тiлi пәнiнен сабақ беретiн мұғалiмi Махмуд
Теймурдың аузынан ұлы жазушыньң шумақтарын естiгенде аң - таң болдық. Ахмед
Теймур өзiнiң әдеби кештерiн ұйымдастырушы едi, ағайынды Мухаммед пен
Махмуд қонақтардьң алдында өздерiнiң жаттаған араб классиктерiнiң өлеңдерiн
оқитын. Ахмед сонымен қатар, балаларды театрға да қызықтыруға тырысты.
Себебi осы театрды жастайынан ұнататын едi. Кішкентай ағайындылар Абд аль -
Азиза көшесінің бойындағы Искандара, Фарака театрларына әрдайым баратын
едi. Үйлерiне келген соң, сол көрген қойылымдарын өздерi үйде қайталайтын.
Мухаммед он жасқа келгенде өлең жаза бастайды. Ол өлеңдерiнде мұгалiмдер
мен оқушыларды, футбол құрамаларын мақтайтын. 1902 жылы Ахмедтiң анасы
кайтыс болады, осы жылы Айша Теймурда дүние салады. Дарб Саададағы үлкен
үйден көшуге Ахмед бел байлайды. Себебi: ондағы әрбiр нерсе оған өткендi
есiне салып тұратындықтан және Ахмедтің денсаулығы да нашарлап, оған оның
дәрiгерлерi бұл жерден көш, себебi бұл үй өте ызғарлы, - дейдi. Сөйтіп,
Ахмед балаларымен Каирдың айналасындағы Айн Шамс деген мекенге қоныс
аударады. Ахмедтiң достары Айн Шамсқа да келiп тұратын, әрбiр келген
зияраттарынан Махмуд пайда алатын едi. Бiрақ, уақыт өткен соң Ахмед қала
ортасындағы Аль - Хилимийна кварталына көшедi. Жазғы күндерiн олар Айн -
Шамсте өткiзетiн едi. Махмуд Теймур Айн Шамстағы өткiзген күндерiн, өзiнiң
жастық шағындағы ең бiр қызықты мезеттер деп есептейдi. Ауылда тұрып
жүргенде, Махмуд Теймур Мысыр шаруаларымен танысып, олардың балаларымен
араласып, ойнап, қолтық қоян араласып кетедi. Кейiн Махмуд Теймур өзiнiң
жазбаша жұмыстарының iшiнде шаруалар туралы, олардың өмiрi, кәсiбi т.б.
еңбектерiн жазады. Соның iшiнде әсiресе қарт қарауыл, ол Махмудқа көп
ертегi айтып беретiн. Жылдар өткен соң Махмуд Теймур Шейх Джума еңбегiн
жазып шығарады. Бұл еңбегiнде басты кейiпкер қарт қарауыл болды [54, б. 1-
2].
Сонымен қатар, Махмуд Теймур ең бiрiншi рет өмiрiнде қатал, зұлымдықты
басынан өткiзедi. Бiр күнi Махмуд өзiнiң досының үйiндегi қожайының өзiнiң
малайларына иттi таспен ұрғызып, өлтiртiп жатқанын көредi, қаңсыраған итке
жәрдемдесейiн деген кезде, малайлары Махмудты сабап жiбередi. Осы оқиғаға
байланысты кейiн Махмуд өзiнiң өмiрiн жазған кезде ескередi. Он төрт жасар
Махмуд жазғы демалыста өзiнiң ең бiрiншi әңгiмесiн Ардың маңыздылығы
деген әңгiмесiн жазады және осы әңгiмесiн әкесiне бағалауға бередi. Бұл
әңгімеде Үндi Қызымен ағылшын әскерiнiң арасында болған жағдай туралы
жазады [66, б.76]. Сенiмдi дос және рухани жол сiлтеушi Махмудтың сенiмдi
досы да, рухани жол сiлтеушiсi де оның туған бауыры, кiшi ағасы Мухаммед
болды. Махмудтың әдеби көзқарастарын нығайтуға, әрi қарай дамуына Мухаммед
(ағасы) көп ат салысты. 1911 жыл Мухаммед орта мектептi тамамдап шығады.
Әкесiнiң кеңесiмен Мухаммед Еуропаға оқуға барады. Ол Францияда заңгер
мамандығын оку үшiн Париж қаласына келедi. Ол Сорбоннада үш жыл бойы заңды
оқиды. Мухаммед заң туралы қызығуын қоймағанын бiлiп, Француз әдебиетiн
оқып, оның жан - тәнi әдебиетімен, тiлмен, мәдениетпен, өнермен байланысты
екенiн бiледi. Францияда оқып жүрiп, Мухаммед iнiсi Махмудпен хат алысып
тұрады. 1941 жылы Мухаммед демалысқа Каирға келедi. Содан соң қайтып
Францияға баруды өмiрiнiң соңына дейiн аңсап өтедi. 1914 жылы Махмуд Теймур
орта мектептi үздiк бiтiрiп, ауыл - шаруашылық мектебіне окуға кiрiседi.
Бiрақ қатты ауырып, үш ай төсек тартып қалады. Дертiнен жазылған кезде,
Махмуд оқуына қайта үлгеремiн деп тырысқанымен әлiде басылмаған ауруы,
әлсiздiгi оны ол оқуды тастауға мәжбүр етедi. Онымен ағасы Мухаммед жеке
сабаққа ынталандыру үшін оқуын қадағалайды. Өзiнiң Батыстан үш жыл
көпешiнде алған бiлiмiн, оқыған кiтәптарын Махмудқа үйретедi. Махмуд Араб
жазушыларының кiтәптарымен: М.Л. аль - Манфалути, дж. Х. Джебрана т.б.
танысты. Осы кезде Махмуд француз, ағылшын тiлдерiн жетiк меңгергендiктен
А. де Мюссе, В. Гюго, О. Уайлъда т.б. еңбектерiн оқып таныса бередi.
Танысқан еңбектерiнiң iшiнде, әсiресе, Мухаммадқа Иса ибн Хишамның, М. Аль
- Мувайлики Зайнаб, М. Х. Хайкальдiң әңгiмелерi таң қалдырады. Кейiнiрек
ағайынды екеуi Ас – Суфур газетiнде редакторлық жұмыс атқарады. Осы
газетте 1916 жылы 20-шы желтоқсанда Махмуд Теймурдың ең бiрiншi мақаласы
жарық көредi. Кейiн екi - үш жылдар бойы Махмуд Теймур Мысыр елінің саяси
көзқарастарын ұстанып, Мысыр елiнiң Англиядан егемендiгiн алу жөнiнде
мақалалар жаза бастайды. Махмуд Теймурды әлемдiк әдебиетке жетелеген
шығарма Француз жазуышысының Мопассан едi. Бiрiншi дүние жүзiлiк соғыс
аяғына таман Махмуд Теймурға Чеховтың ағылшын тiлiне аударылған кiтәбi
түседi. Оның iшiндегi ең бiрiнші танысқан әңгiмесi – дуэль болды. Осы
Антон Чеховтан бастаған, Махмуд Теймур орыс әдебиетiмен танысуын бастап
кеттi. 1919 жылы Махмуд Теймур үйленедi [57, б.167]. Жанұя құру турасында
Махмуд Теймурда бәрi тамаша болды. Ол өзiнiң әйелi туралы, әйелiнің қайтыс
болған кезде, өзiнiң қартайған шағында өкiнiшке және қызықты сәттерiн есiне
алатын едi. Менiң әйелiм көз жұмған соң, менiң жүрегiмнiң есiктерi жабылды,
одан кейiн мен ешкiмдi жақсы көрмедiм - дейдi Теймур. Махмуд Теймурдың үш
баласы, оның екеуi - қыз және бiреуi ұл бала болды. 1921 жылы Махмудтың
ағасы Мухаммед Теймур 30 жасқа толып, бұл пәни дүниеде көз жұмады. Бұл
оқиға Махмуд Теймурға қатты тиедi. 1922 жылы Махмуд өзiнiң ағасының жазып
кеткен пьессасын үш том кiтәпқа түсiредi.
I.2 Жазушы шығармаларындағы шумақтары мен шынайы әңгiмелер.
1922 жылы Махмуд Теймур өзiнiң бiрiншi новелласын Шейх джума жазып
шығарады. Осы новелладан кейiн басқа да көптеген еңбектерi жарық көредi.
Оның iшiнде: Шейх Джумадан кейiн Амм Митвалли, бұдан кейiн тағы үш
үлкен новелла Шейх Сейсiнд (1926), Раджаб – Эфенди (1928), АЛЬ - Хадж
Шәләби (1930). Жазушы өзіне кешірімді болуларын өтініп, оқырмандарға
былай дейді: Міне, мынау менің ең бірінші мысырлық әңгімелер жинағым. Мені
не өзім өте тілейтін табыс, не мені қорқытпайтын сәтсіздік күтіп тұр. Мен
әділетті сындарыңды, ең қатал болса да қабылдауға дайынмын [40, б.3-4].
Неге мұндай сабырлық? Өйткені, Теймур өздерінің таңдаған жолы - ұлттық
мысырлық әдебиетті құрудың дұрыстығына сенімді. Шейх Джума жинағы араб
новелласының шынайы жолға түскен кезінде шықты. Теймур өзінің жол
салушылары: Мухаммед Теймурдың жаңа мектебінің бірінші әңгімешісі
М.Х.Хайкаль, Көздер нені көреді? суретінің авторы Иса Убейда, Исхан
Ханум мен Сурая атты екі әңгімелер жинағын шығарған Шихаты Убейда,
Ассоциация пера атты эмигранттық әдеби ұйымының ливан реалист жазушылары
М.Нуайме, А.М.Хаддаданың (қайғылы сабақ жинағына кірген әңгімелері бар)
реалистік (шынайы) ой - мақсаттарын жалғастырып дамытады. Біз атап
өткендей, мысырлық жазушылардың шынайы шығармаларында ғибраттылықтың (ақыл
үйреткіш адамгершілік, ресми мәлімдеме) элементтері сол кезде - ақ
сақталған болатын, Махмуд Теймурға өнердің міндеттеріне, адамды суреттеуге
жаңашылдықпен қарауға шамасы келді. Шейх Джуманың алғы сөзінде ол релист
- жазушы ретінде мысырлық әңгімелердің әдебиетінің теориялық сұрақтарын
көтереді. Оларға шынайы көзқарасты жариялау - жазушының саналы түрде
шығармашылық мақсаты. Теймур қоғам өмірдегі әдебиеттің танымдық, тәрбиелік,
эстетикалық рөліне үлкен мән береді. Ол әңгіменің кейбір әдебиетшілердің
қате түсінгеніндей оқырмандарды алдандырмау үшін емес, өмірдегі терең
шындыққа әсер ететін міндеттері мен мәндері туралы айтты. Теймур суретшінің
негізгі мақсаты өмірді қандай болса да тура солай көрсетуі керек деп
есептей отыра, замандастарға мынандай үндеу тастайды: Біздің халқымыз
туралы және біздің өміріміз туралы қандай ауыр және ащы болса да, тек
шындықты айтыңдар! Біздің жанымызды жаулап алған еместер жойылсын! [66,
б.267]. Әңгімеші (новеллист) тақырыптарын іздеу кезінде тек өмірден алынған
матвриалдарға, ғажайып пен жиіркеніметін, тәтті мен ащыға, әділеттілік пен
қаталдыққа, күлкі мен қайғыға толы терең көздерге көңіл аудару қажет.
Оқырмандар өздерін көріп оқиғаның, жасырын мағынасын түсінетіндей
өзгешеайна жасауы қажет. Әңгіменің күші, - деп жазады Теймур, - дурліккен
оқырмандардың оқиғаларына емес, турашылдық пен шындыққа негізделген Ұста
Шихата ақы талап етеді әңгімесіне Теймур мынандай сөздермен шолу жасайды:
Өмірде масқара, қасіретті құбылыстар бар, новелисттің міндеті оларды қалай
болса, тура солай суреттеу... [66, б.268]. Теймур әдебиет өмірде болмайтын
нәрселер туралы, нақты өмір, нақты адамдарға қатысы жоқ бейнені жасауға
құқығы жоқ екеніне сенімді. Декадентшіл (кейінде қалған, кертартпа)
әдебиеттің зияны өте зор, өйткені ол адамдардың ақылын алдамшы жолға
итереді, ешқандай мағынасы жоқ, шатасқан шешімдерімен, өздерінің өтірігімен
оларды бұзады. Теймурдың байқағыш көздері мысырлық өмірдің әр - түрлі
бұрыштарына кіріп кетеді. Жазушы балалық шақтағы естеліктеріне байланысты
ауылдан және Каир көшелерінен өзінің әңгімелері мен кейіпкерлеріне керекті
сюжеттерді табады. Сезіну мен қайғыруға қабілеті бар Теймур әлеуметтік
әділетсіздіктен шет қала алмайды. Қалайша байлық, салтанат және кедейлік,
қайырлық қатар жүреді? Тоқтық, жалқаулардың өмірімен болашағы жоқ, қайғымен
өмір сүріп келе жатқан жай адамдарды өмірі қалайша қатар болады? Неге бір
адамдар керемет, ғажайып үйлерде тұрады, қымбат машиналармен жүреді, ал
екіншісі тар, кір, адаи көргісіз көшелерде тұрады, таңның атысынан күн
батқанша тер төгіп еңбек етеді. Кейіннен әлеуметтік әділетсіздіктің
қиындығын көрмеген, ауқатты отбасынан шыққан Теймур халықтың қасіретін
қалайша терең сегінгенін сұрағанда, ол былай жауап берген: Мен Мысыр
жерінде туғаным, ең бірінші жарықты кедейлер тұратын көшелерде көргенмін...
Қалада қолөнершілермен, жай жұмысшылармен, еңбекшілермен араласқанмын,
бірақ әкеленің достарының арасында ғалымдар, әдебиетшілер, студенттер,
профессорлар болған. Олар арап елі және шет елден болатын. Олар маған жақын
да алыс. Бірде мен олардың сезімдері мен ойларын бөлісе алатынымды
түсіндім.
Теймур тағы мынаны түсінді: қоғамда адамдарды аталарының шыққан тегіне,
әлеуметтік жағдайларына қарап бағалайды, ол адамдар бір - бірінен ақшаға
қарап қатынасады. Теймур адамның ақшаға бағыныштылығы туралы Госпожа
Таваддуд әңгімесінде айтады. Таваддуд ханым әкесі қайтыс болған соң үлкен
байлықты өзіне мұра етеді. Қулығының арқасында ол байлығын көбейте алады.
Оның алыс бір ағайыны - кедкей өте қиын жұмыссыз жағдайда қалады, ал әйелі
жақын арада босануы тиіс еді. Сондықтан ол Таваддуд ханымнан жылап,
жалынып, қарызын қайтаратынын айтып көмек сұрайды. Бірақ бұл әйелде
байлықтың буынан аяушылық сезімнен еш нәрсе қалмаған еді. Ол бейшараға тек
5 қирш тиынын ұсынады. Сенің банкіңде 40 мың болып тұрып, маған бір фунт
бере алмайсың ба? - деп ашуланып кедей туысқаны тиынды еденге лақтырып
жібереді [65, б.88].
Теймурдың ащы әңгіменің ең соңғы бөлігінде көрінеді: Таваддуд
ханым ұзақ уақыт еденде еңбектеп әрең қозғалады: ол 5 қирш тиынды іздеген
еді. Жазушыны шығыс мұсылман әйелдерінің тағдыры қатты ойландырады.
Теймурды Мысыр әйелдерінің нан табу үшін жезөкшелікпен айналысатыны,
құқықтарының жоқтығы қабалжытады.
Теймурдың Ұста Шихата ақы талап етеді деген әңгімесінің
кейіпкері Икбаль ханым бір кезде қарапайым, өте таза жан болатын, енді
өзінің денесін сатуға мәжбүр болған. Бұл жағдайға оны алқаш және ойынпаз
күйеуі жеткізген болатын. Ол қайтыс болған соң да сол салынған жолдан кете
алмай, лас жағдайда, күннен - күнге төмендеп, бақытсыздық пен қайғыға өмір
сүреді. Мунир бекке хат әңгімесі көңілсіз. Жазушы өзінің кейіпкерінің
(отбасы бақыты мен махаббаты армандаған кәрі қыз) уайымына үлкен
түсінушілікпен қарайды. Қызының өз өмірін құрастыру туралы арманын білетін
әкесі: Қызым, уайымдама, өзім саған лайықты күйеу тауып беремін деп өзін
де алдандырады [58, б.140]. Қыз аяқастынан (кенеттен) Мунир бектен хат
алады. Қуанышты әсермен ол махаббат сөздеріне толы хатты қайта - қайта оқи
береді. Қыз ең бірінші кездесу, той туралы ойлайды... Бірақ бұл хат оған
емес, аттас адамға болып шығады. Арманы құлап, соңғы үміті жоғалады. Айнаға
ұзақ қараған қыз, өзінің әрсіз, ешкімге қажеті (керегі) жоқ екеніне көзі
жетеді. Сол кездерде арап жазушылары әйелдердің жағдайы туралы ерекшк көп
жазатын. Әйел теңдігі, отбасы, неке мысыр зиялылары үшін ең негізгі мәселе
болатын. Атап айтқан да, Иса мен Шихата Убейды деген ағайындылар әйелдер
тақырыбына көп тоқталып, кейіпкерлердің психологиясына ерекше көңіл
аударатын. Убейдалар ойлап тапқан әйелдерден нақты бағыттарын көруге
болады. Олар осы заманның толық құқығы бар, қоғамдық өмірге белсенді
араласатынмүшесін көргілері келеді. Мухаммед Теймур еркек пен әйелдің қарым
- қатынасы берік қатынас пен сыйласымдылықта деп ойлайды. Нағыз махаббат,
оның ойынша, дүние мулікке қарамайды, байлық пен оған қатысты есеп бақытқа
апаратын жолды бөгейді. Махмуд Теймур шариғат заңымен пайда болған некені
өте ұят нәрсе деп ойлайды. Ол қыздарының тағдырын көбінесе пайдақорлық
мақсатымен шешіп, оларға өздеріне өмірдегі жартыларын таңдауға рұқсат
етпейтін ата - аналарды кінәлайды. Дүние мүлікке қарап, есеппен пайда
болғаннеке ұзаққа бармайды. Бұл туралы Кәфафи - эфенди жобасы әңгімесінде
айтады [61, б.133-134]. Үнемі жұмысқа берілген кәрі ғалым күйеуіне әйелі
тек ешкіммен араласпайтын, үйдегі өмірді қанағат тұтатын бір зат сияқты.
Жас әйелді жалғыздық күйеуінің бірінші некесінен туған жеңілтек баласымен
жақындасып, оның ойлап жүрген жобасына сақтаған. Ақшасын ұрлап,
сүйіктісімен қашып кетеді. Жанжалды оқиға газет бетінде жария болады.
Масқара болған күйеуі Каирдан мүлдем кетеді. Теймурдың хикаяларының негізгі
түрі - автордың атынан айтатын әңгімесі. Өткен арап әдебиетіне сай ашық
насихатты мойындамайтын Теймур авторлардың тура бағасынан қашады. Жазушы
өзінің алдына тура әділ міндет қояды, өмірді алаламай тура көрсетіп,
оқырмандардың өздеріне шешім шығаруды қалдырады. Бірақ Теймур немқұрайды
бақылаушы емес, жай ғана ол өте салмақты, барлық әңгімелерде үнемі
қатысады. Теймур өзінің адамзаттық қасиетін қорғап, ғасырлар бойы
қалыптасқан дәстүрге қарсы шыққан әйелдерді сыйлайды. Теймурды буржуазиялық
цивилизация дамушылықпен қатар қасіретті де әкем жатқаны үшін дұшпандық пен
жек көрушілік тудырады. Жазушы буржуазиялық ортадан шыққан шенеуніктердің
алтын жастардың өмірін ашық суреттейді. Рухани қызығушылықтан айрылған
олар тек қыдырымпаздықпен айналысып, бос уақыттарын асханаларда жәй
сөздермен айтумен өткізеді.
Бай Сулейман - эфендидің баласы (Таныс арқылы) 25 жасқа дейін орта
мектептің оқушысы. Ол оқуды тастап, лас, бұзылған өмір сүреді, көп уақытын
бұзықты жерлерде өткізеді. Оны мектептен шығарамыз дейді, ал әкесі үйден
қуып, мұрагерліктен айырам дейді. Сонымен Сулейман - эфенди өзінің
баласынан кішкене ғана үлкенірек, берексіз бір дәрігерден өтірік ауруы
туралы анықтама сұрайды. Бұрынғы дәрігердің ашынасы болған әйелдің өтініші
мен оның қайта ораламын деген сөзі Сулейман - эфендиді жағымсыз
жағдайлардан сақтап қалады [61, б.135-136].
До востребования әңгімесінің кейіпкері достарына әйелдер
алдындаөзінің табысы екенін көрсеткісі келеді, бірақ жолдастарының ойынша
ол әдемішілікке қарсы емтиханнан өтпей қалады. Жас жігіт өзіне - өзі хат
жазып, барып алатын хатқа жібереді. Ақылынан адасқандар тек қана
мерекешіл Алтын жастар емес, жетіспеушіліктен шаршаған кедейде. Әкесінен
қалған байлықты және әйелінің ақшасын шашып құртқан пошта қызметкері Насри
(Әркім өзінше ақылынан адасады) ойына жеті фунт жалақымен аянышты өмір
сүреді. Әйелі, төрт баланы бағу үшін, үйден үйге жүріп жұмыс істейді. Бір
күні Насри далада түнейді. Ол өзінің қайғылы жағдайы туралы ойланып,
досынан көмек сұрап былай дейді: Білесің бе, әйелім мен төрт балам күні
бойы нәр жатқан жоқ. Қожайын пәтер ақысын төлемеймін, ие үйдің есігін
ашпаймын деп қорқытады. Бір бақытсыздықтан соң тағы біреуі.. Өтінемін,
досым, құтқаршы. Шынымен, мен сені жиі қарыз алғанмын, бірақ, ант етемін
бұл соңғы рет. Менде темекі алуға да ақша жоқ. Қарызға ақща алған Насри
қуанту үшін үйіне асығып келеді. Бірақ жолда өзінің ашына әйелін
кездестіріп, барлық соңғы ақшасын соған құртады. Аш отырған бала - шағасын
ұмытады.
Темурдың қалжыңы, кейіпкерлерінің өмірі сияқты көңілсіз. Кейде олар
күлкілі, ойсыз жағдайларға тап болады, бірақ оқырман күлмейді, өйткені
күлкілі жағдайлардың ар жағынан жазушы терең қайғыны көрсетеді. Шаруа
балалары Махмудты феллах деп босқа атамаған сияқты. Нағыз феллах сияқты ол
өзін - өзі нағыз шаруаға ақылды және көңілсіз жағдайлар үмітін жоғалтпауға
көмектеседі. Ақырында, мамандық әңгімесінде кейіпкерді үлкен қаланың шуға
толы өмірі қызықтырып кетеді. Ол Каирге білім алу үмітімен ауылдан келген
еді. Бірақ ол оқи алмайды. Ешқандай жұмысы жоқ ол, уақытын кафелерде
жолдастарымен өткізіп, өмір туралы, жастардың құлдырап бара жатқандығы
туралы мәні жоқ бос әңгімелермен өткізеді. Өзін олардың қатарына
жатқызбайды. Ол жолдасының бұрынғы аталары мен әжелерінің заманының,
әйелдер үйден шықпыйтын уақыттың өтіп кеткені туралы ойын бөлісетінін
айтады. Әңгіменің кейіпкері әкесі жіберген ақшамен өмір сүреді. Әкесі оны
үкіметмекемелерінде қызмет жасайтын, алдыңғы қатарлы шенеунік болса екен
деп армандайды. Басқа балалары сияқты. Бұл мақсатқа кейіпкер өзі де жеткісі
келеді, бірақ жақсы мамандыққа қщлы жетпейді. Барлық барған жерлерінде оның
жолы болмайды. Бірде ол жолдасынан қалада жаңа көңіл көтеретін мекеменің
ашылғанын естиді. Жас жігіт сонда асығады. Бір жезөкше әйел оның жүрегін
жаулап алып, барлық ақшасын соған құртады. Баласының лайықсыз қылықтарын
білген әкесі оған ақша беруден бас тартып, оның ауылға тез арада оралуын
талап етеді. Оған лайықты жұмыс тауыпқойғанын айтады. Бірақ кейіпкердің
әуестенушілігі әкесінің мұрагерліктен айырамын деген қоқан - лоқысынан
күштірек болады [59, б.56].
Қайыршылыққа ұшыраған кейіпкер сол қалпы жұмыс іздейді. Көңіл көтеретін
жерде аспаздың орны босайды.
Енді ол күнде өзінің ашынасымен көңіл көтере алады. Жаңа қоғамда жазушы
адамдардың жандарын жаралайтын әр түрлі қасқыр заңдардың пайда болғанын
байқайды. Әр түрлі топтың өкілдері екі жүзділікке, пайда күнделікке,
жәдігөй жауыздыққа ұшырайды, тап болады. Міне, бір топ адамдар адал өмір
сүрген бейшараны соңғы сапарға шығарып салып жатыр. Ол кәміл жұмаққа
барады. (Біздің тақсыр, қожайын). Бірақ бұл топта күлкі естіліп қалады:
біреулері күлкілі әңгімелер айтса, екіншілері қызықты оқиғаларды айтып тұр.
Керек кезінде қайғыра қалады.
Пашаның үйінде бала кезінен өскен кәрі құл құранды жатқа біледі. Ол
алладан оның қожайынына кешірімді болуын жылай отырып сұрайды. Бірақ
шынында құл қожайыны үшін емес, айырылысып кеткен әйелі үшін қайғырады.
Оған әйелін тек молда ғана қайтара алады. Молда риалды ұстаған қолын
көргенде ғана, құтқарушы аятты оқиды.
Малай жерлеу шеруінен үйіне қайтады. Онда оны жаңадан қосылған әйел
күтіптұр. Көз жасы біртіндеп азая түседі, аяғында мүлдем жоғалады. Ол
қайтыс болған қожайыны үшін емес, өзінің әйелі үшін жас төккен болатын.
Теймур, мысыр жазушыларының ішінде, ең бірінші болып дін қатысты сұрақтарды
қояды, діншілдікке, исламға қызмет жасаушыларға қарсы ашық шығады.
Теймурдың көркем концепциясы негізінен реалисттің концепциясы. Сонымен
бірге жазушының сана - сезімі салтшыл қалыпта қалады. Сана - сезімі екі
түрлі Теймур өзінің шығармашылығында қиялшылдық байқалады. Оның
шығармаларында қиялшыл кейіпкерлер жоқ, өйткені шындыққа қарсы белсенді
күрес жоқ. Буржуазиялық цивилизацияның қоршаған өмірге жаман жағын жазушы
ауылға арнаған өлңедерінен көруге болады. Онда патриархалдық қарым -
қатынас бас алып тұр. Оның сана сезімінде ауыл бұзылған еуропаланған қалаға
қарама қайшы болып көрінеді. Теймур ол таза өнегеліліктің қорғаушысы,
ұлттық дәстүрдің... еуропалық экспансияға қарсы халық жанының қорғаушысы
деп есептейді. Ауыл өмірінің дәстүрлі қалпын бұзатын әр нәрсе Теймурдың
қарама - қайшылық сезімін оятады. Жермен айналысатын шаруалардың
адамгнршілік бастауларын қаланың бұзылған өмірінен қарама қарсы қояды.
Осы ауылдан ғана Теймур буржуазиялық цивилизациядан алыс жағымды
кейіпкерлерін іздейді. Теймур өзіне жағымды кейіпкерді іздеп табады. Бұл
кәрі Шейх Джума - барлық жинаққа атын берген кейіпкер. Бұл дала күзетшісі,
жасық пен балалық шақтың келмеске кеткен адал, сенімді досы, өмір оңай
көрінген кездегі [54, б.87].
Шейх Джума - халықтан шыққан, нағыз философ, осы қатал өмірде
езуінен күлкі кетпейтін, шөл далада және қатты желдің өтінде өскен гүл
сияқты адам. Әңгімесінің басында Теймурдың мынандай сөздері бар: мен тірі
тұрғанда, менің жүрегімде сен туралы жақсы естеліктер қалады, бұл өмірде
қалай тыныш өмір сүрсең, солай тыныш мәңгі ұйқыдағыдай сақталсын. Мен сенің
ұлы адам болғаныңды,менің өміріме үлкен әсер еткеніңді, әдебиетке ең
алғашқы қадамды болуға әсер еткеніңді мойындаймын [54, б.88]. Теймур қала
өмірінің патриархалдық әдет - ғұрыпқа басып кіргеніне, ал буржуазиялық
қатынастардың ескі дәстүрлер мен әдет - ғұрыпты жоюын ойлап күйінеді. Бірақ
бұл үрдістің қажет екенін және қашып құтылуға болмайтынын түсінеді.
Мұндай ой тек Теймурды ғана қобалжытпайтын. Жартылай колониялды
мысырлық қоғамның қарама - қайшылықтарының, әсіресе қалада үлкен күшпен
көрінген ушығуына байланысты, көптеген мысырлық жазушылар мен
журналисттертабиғат әдемілігі мен таза әдет - ғұрыптары бар ауылға үлкен
үмітпен қарады. Ең алғашқы ауылдың таң ғажайыпөмірі туралы айтқан журналист
Лутфи ас Сеид болды. Өзінің Зейнаб атты повестінде М.Х.Хайкаль және
Ауылдағы жан түршігерлік (трагедия) атты әңгімесінде Иса Убейд ауылдағы
шаруалардың тұрмыс - жағдайын дәріптеген.
Бірақ Хайкаль мен Убейдаға қарағанда Теймур бұл тақырыпқа басқаша
қарайды. Патриархалды ауыл оның ойлаған өмірлік арман - мұраты емес. Мысыр
әдебиетшісі Хасан Мухасиб Мысыр ауылындағы феллах жағдайы атты
зерттеуінде ( Каир 1971ж ) Теймурдың ауыл өмірін дәріптеуіне кінә артады.
Әсіресе әлеуметтік езгіні тудыратын себептер үшін, феллахтардың жағдайына
көңіл аудармағаны үшін кінәлайды. Шейх Джума ауыл табиғатының
әдемілігін, сұлулығын дәріптейтін өлеңді еске түсіреді. Оның тамаша суын,
таза ауасын, жалпы рақат өмірін өлеңге қосады. Бірақ Теймурдың ойлағанындай
сиқырлы өмір біздің жердегінағыз шындық өмірге ұқсамайды және бізге
феллахтардың уайымын ұмытуға мәжбүр етеді. Өйткені Теймур ауыл
тұрғындарының созылмалы ауруын, олардың ащы шындыққа қарсы үнсіз
күрестерін шет қалдырады. Бірақ Теймурдың дүниеге көзқарасы немқұрайлы
емес. Ол ауылда қанаушылық, зорлық - зомбылық, әділетсіздіктің бар
екендігін сөзсіз түсінеді. Бұл туралы оның Зек Тулейматқа Париждегі жазған
хаты дәлел бола алады (14 наурыз 1926 ж). Менің көз алдымдағы сурет,
өкінішке орай өте қайғылы. Тар, лас көшелермен мен феллахтардың үйіне, үйге
емес құдай кешірсін, мал қораға, ұяларға, үңгірлерге өттім. Ал
олардыңкейбірінде мен итті де ұстай алмас едім. Көшеде балалар, малдар -
бәрі бір жерге араласып кеткен. Бізге бауырым екеумізге және басқа
қонақтарға түскі тамақ берді. Индейкадан басталып, артынан жеті түрлі тағам
берілді. Ал феллахтар үнеміаштықта жүреді. Өмір қандай әділетсіз еді.
Барлық байлығын шаруаларға таратып бергенТолстой дұрыс істеді ме? Мен
Толстой емеспін, ал егер оның жолын тек сол сияқты әділдік пен теңдікке
сенімді болғанда ғана қуамын. Теймур мұрнымен әділетсіздік пен теңдікке
сенбегендіктен емес, соны тарата алуға мүмкіндігі бар ма, соны айтқысы
келген сияқты. Бейшаралық халге түскендерге жаны ащи отыра, солардың
жағында жан - тәнімен бола отыра, Теймур өмірдің әділетсіз құрылғанына анық
есеп бере алады. Бірақ осы тақырыптан қалай құтылып шығу керек екенін
білмейтін. Міне өмірге көзкарасының кілті осында. Ол әлеуметтік
әділетсіздікті адамгершілікпен қоғамдық жағдайды түсінбесе де қатан қояды.
Осыдан жазушының шығармашылығында сезімділікке берілу, мелодрамалық сарыны
басым. Ол осындай өмірдің шын себептерін түсінбей, қоғамды қалай өзгерту
жолдарын білмейді, сондықтын да зұлымдық-тағдырды мойындайды. Теймурдың екі
жақтылығы өмір осындай атты әңгімесінде анық көрінеді. Жазушының
кейіпкерлері өмірді екі жақты түсінеді. Вафик, әңгімедегі кейіпкерлердің
біреуі, күнделікті шығатын газеттің қызметкері, айналадағы әділетсіздікпен
келіскісі келмейді. Ал Уафиктің достары, керісінше, өмірдің барлық жақсы
жақтарын шеберлікпен қолданады, олар үшін бұл- күлкі және қуаныш. Бұл
әңгімесінде Теймур қоғамның кемістігін айыптайды. Бірде Вафик бір досының
жартылай жалаңаш, аш баланы ұрып-соғып жатқвнын көреді. Бұл қалай, -
айқалап Уафик, - өмірде неге әділдік пен бақыт бар, егер де осы балаға
ұқсайтындар жер бетінде бар болса, - дейді. Маған өмір ылғи таяқтайтын
бақытсыздардың жағдайы түсінікті, өйткені мен де солардың бірімін. Менің
өмірдің лас және ұятсыз екніне көзім жетті. Әлеуметтік әділдік пен адамдық
аяушылық қайда? Егер олар бар болса, онда үйсіз қалған бейшаралардың
жағдайымен қалай салыстыруға болады? Адамзатты оннан тоғызы оннан бір
адамның бақыты үшін қиыншылықпен еңбек етеді? Бұл нағыз әділетсіздік емес
пе? Буржуазиялық ортада бөтен адам, оның жетіспеушілігі мен кемістігін
көтере алмайды. Әңгімесінің аяғында ол қайғырып былый дейді: Маған ауа
жоқ, ауа жоқ! [54, б.89-90].
Адамгершілігі мол көңілмен адамдарға қапырық, тоқыраған өмірдегі
еңбекшілерге қапырық. Бірақ жол жоқ Уафик, қоғамды өзгертуге тырыспай-ақ
қой. Адамдардың істеріне араласпа. Адамдар сенің қамқорлығыңды бағаламайды
- деп Теймур Уафиктің досының атынан айтады. Теймур өзінің негізгі
міндеттерінің бірі деп, әдебіетін барлық халықтың қолы жететіндей
етіпжасау, - деп ойлайды. Сондықтан да ол жай және анық стильге көшуді
дұрыс деп есептейді. Бұл ретте Теймурға Чеховтың әңгімешілері үлгі болады.
Тіл сұрақтары – ең маңызды және күрделі проблема араб, ішінде мысыр
әдебиеті үшін сөйлеу және әдеби тілдің айырмашылығын араб жазушылары
шығармашылық үрдіс кезінде таңдаудың қиын екендігін айтады.
Теймур шейх Джума әңгімесіндегі алға сөзінде әдеби тілдің автор
сөзінде мақсатқа сәйкес қолданылуы мен сөйлеу тілінің диалогтарда
қолданылуы туралы айтты. (Жаңа мектептегі басқа жазушылар да, Мухаммед
Теймурдан басқа, әдеби тіл мен сөйлеу тілін сәйкестендіргісі келді). Теймур
бірінші әңгімелер жинағында-ақ диалогты түрінде, ал автордың сөздерін -
әдеби тілде жүргізеді. Кейіпкерлердің тілі әр түрлі. Сонымен, жай халық
өкілдері жоғарғы сословияның диалектісімен, ал зиялы қауым - әдеби тілмен,
шет тілдерді қолдану арқылы, негізінен француз сөздерін.
Теймурдың жай тілінде, архаизм мен фразеологиядан бос,
тартымдылықтың құпиясы жатыр, сондықтан оқырмандардың көбіне жақын.
Бірінші жинақ - ақ Теймурге табыс әкеледі. Жас жазушының жалпыға
қадірі артады. Каирде, Дамаскіде, Бағдатта араб баспаларының беттерінде
белгілі жазушылар мен әдебиетшілер туралы сүйсінген пікірлер пайда болады.
Барлығы бірауыздан Махмуд Теймурдың шеберлігін атайды, оның өзінің туған
әдебиетінің жаңа түрін ашқаны туралы: оның әнгімелері - өмірден алынған
көріністер, шыншыл суреттеулер (Хайри Саид) новеллист пайда болды. Ол
үшін сөздерінің біркелкі жай болуы – сөзсіз оның қабілеттілігінде (Хусейн
Фавзи); Егер біздің замандас – жазушыларымыз осы автор ұстаған жолмен
жүрсе, онда біздің жаңа әдебиеттің туғанын және оның европалық деңгейге
жеткеніне айта алған болар едік (Абд аль – Меджид Хилми).
Шейх Джуманы Теймур өзінің қолымен И. Ю. Крачковскийге жібереді.
Бірінші рет И.О.Кравсковский туралы Теймур 1924 ж. аяғында, Ахмадом –
пвшвмен орыс шығыстанушысымен хат алысу басталған кезде, әкесінен естиді.
Бұл туралы Махмуд 1935 жылы И. Ю. Крачковскийдің ғылыми жұмыстарының 30
жылын отанында атап өтуі туралы Аль – Хильяль журналы үшін арнайы әңгіме
жазады.
Он жыл бұрын мен Замален көшесінде жеке үйде, барлық адамнан
тығылып, жалғыздықта өмір сүрген, қазір қайтыс болған әкеме барған
болатынмын. Мен оның жұмыс бөлмесіне кіргенде, оны толы кітап пен
дәптерлердің арасынан таптым. Ол жай ғана оларды қарап, жазып отыр екен. Ол
басын көтеріп, көзілдірігін шешті де, маған отыруымды сұрады. Менің көзім
бір мұсылманның мүрдесіне түсті. Мен әкемнен бұл кімнің мүрдесі деп
сұрадым. Күлімсіріген ол: Шейх Тантағидікі, Ресейде жерленген, - деді.
Біздің Тантыдағы жерлесіміз қалайша өзіне моланы орыс елінен таңдаған?, -
деп, мен қызыға сұрадым. Ал әкем осы мысыр оқымыстысы туралы және ол
туралы орыс профессоры Крачковскийді жазғысы келетінін айтты. Осы уақыттан
бастап, Крачковский мен үшін жақын адам болды. Кейіннен мен оның суретін
көрдім. Мені оның салмақты, мейірімді, келбеті мен жарқылдаған көзі
таңғалдырды. Теймурдан жинақтарын алған И. Ю. Крачковский мысыр жазушысына
хат жолдайды. Онда ол оның әңгімелері туралы сын айта отыра, Теймурдың
таңдаған жолына жетуіне барлық жағынан қолдау жасайды. Мен сіздің жарқын
талантының жасаған нәрсені оқыдым да, одан осы заманның мысыр әдебиетінің
жаңа беттерін көрдім. Бұдан он бес жыл бұрын сүйікті мысырға барған кезде
бұл туралы ойлаған да жоқпын, - деп жазады Шейх Джума туралы И. Ю.
Крачковский, - және сіз жаңа жолмен жүргеніңіз туралы дұрыс айтасыз
Теймурға И. Ю. Крачковскийдің хаты үлкен әсер етті. Бұл туралы ол кейіннен
былай деп жазады: Профессордан келген алғашқы хатты мен ұмытпаймын. Мен
оған ыңғайсыздана және абыржип қарадым. Жазуы – арабша, әдемі және таза,
машинканың штифтына (әрине) ұқсайды. Менде осындай үлкен адамның біздің,
арабтардың, алыс елдегі досы екеніне мақтаныш сезім оянды. Ол өзінің өмірін
біздің әдебиетте қызмет етіп, біздің намысымызды көтеру үшін сарп етті
[59, б.146].
Теймурдың өзінің алғашқы жинағының тағдыры туралы қорыққыны бекер
болды. Аяқ астынан пайда болған кең резонанс жазушыға күш беріп, ары қарай
жұмыс істеуіне көмектеседі.
I.3 Новелла шебері.
1925 жылы Махмуд Теймур өмiрiнде бiрiншi рет әйелi екеуi Мысыр елiнен
басқа араб елдерiне сапарға шығады. Екi жылдан астам уакытын Теймур
Францияда өткiзедi. Мiндеттi түрде Швейцарияға зиярат етiп барады. Осы
сапарында Махмуд Теймур еуропалық әдебиетпен, батыс мәдениетінің сан алуан
ағымдары мен жолдарын таныды. Шетелде журген Теймур өзiнiң жерлестерiмен
тығыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz