«Казақ» термині туралы мақала



1 «ҚАЗАҚ» ТЕРМИНІ ТУРАЛЫ
2 Енисейден табылған VIII ғасырдағы ертедегі түрік ескерткіші
3 Қазаққа айналу институтының сипаттамасы
Зерттеушілер екі жүз жылға жуық уакытбойы «казақ» терминінің шығу-ын түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасап келеді. Айтылғ-ан көзқарастар ауқымы өте кең,мейлінше иланымды ғылыми болжамдар-дан қиыннан қиыстырылыпшығарылған этимологияларға дейін бар. Алай-да, казақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікірді, тегінде, әзірше ешкім айта алган жоқ.,
Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуына байланысты соңғы уақытта жалпы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне және атап айтқанда қазақ терминіне ден қою едәуір арта түсті. Ғылыми басылымдар мен газет-журналдардың беттерінде қазак терминіне әйтеуір бір қатысы бар жарияланымдар пайда бол-ды. Бірен-сарандарында ғана болмаса, оларда баяндалған пікірлер өткен кез-дерде айтылған кезқарастарғанегізделген.
Қазак атауының шығу тегі туралы мәселені шешкен кезде зерттеушілердің едәуір белігі тайпа атауына терминологиялық сәйкестікті іздестіру жолына түсті. Алдын ала атап өткен жөн, бұл әдістемелік тәсіл, зерттеушілік практиканың көрсетіп отырғанындай, салғастырылатын ұғымдардың жақындық дәрежесі туралы неғұрлым айқын түжырымдар жасау үшін әлі де көп жеткіліксіз. Қазақ сөзіне үндес терминдерді ғалымдардың Қазақстан аумағы-нан едәуір алыс жерлердентапқаны аз кездеспейді. Бүл орайда олардың этникалық байланыстарының терендігін көрсете алатын тарихи-мәдени сипаттағы жүйелі сәйкестіктерді анықтау қажетінен айналып өтілді.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ТЕРМИНІ ТУРАЛЫ
Зерттеушілер екі жүз жылға жуық уакытбойы казақ терминінің шығу-ын
түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасап келеді. Айтылғ-ан
көзқарастар ауқымы өте кең,мейлінше иланымды ғылыми болжамдар-дан қиыннан
қиыстырылыпшығарылған этимологияларға дейін бар. Алай-да, казақ сөзін
түсіндіретін түпкілікті пікірді, тегінде, әзірше ешкім айта алган жоқ.,
Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуына байланысты соңғы уақытта жалпы қазақ
халқының тарихы мен мәдениетіне және атап айтқанда қазақ терминіне ден қою
едәуір арта түсті. Ғылыми басылымдар мен газет-журналдардың беттерінде
қазак терминіне әйтеуір бір қатысы бар жарияланымдар пайда бол-ды. Бірен-
сарандарында ғана болмаса, оларда баяндалған пікірлер өткен кез-дерде
айтылған кезқарастарғанегізделген.
Қазак атауының шығу тегі туралы мәселені шешкен кезде зерттеушілердің
едәуір белігі тайпа атауына терминологиялық сәйкестікті іздестіру жолына
түсті. Алдын ала атап өткен жөн, бұл әдістемелік тәсіл, зерттеушілік
практиканың көрсетіп отырғанындай, салғастырылатын ұғымдардың жақындық
дәрежесі туралы неғұрлым айқын түжырымдар жасау үшін әлі де көп
жеткіліксіз. Қазақ сөзіне үндес терминдерді ғалымдардың Қазақстан аумағы-
нан едәуір алыс жерлердентапқаны аз кездеспейді. Бүл орайда олардың
этникалық байланыстарының терендігін көрсете алатын тарихи-мәдени сипаттағы
жүйелі сәйкестіктерді анықтау қажетінен айналып өтілді.
Тарихнамада кабылданған ұқсастыру жөнінде мынадай негізгі болжамдар бар.
Н. М. Карамзин мен А. Вамберидің ізімен зерттеушілер көбінесе Византия
императоры Константин Багрянородныйдың (X ғасырдың орта шені) Кавказдын,
солтүстік батысында жатқан Казахия елі деп айткан мәліметтерін келтіреді.
Айтылуының үндестігі негізінде авторлар Казахия терминінде казақ этнонимі
көрініс тапқан деп санайды. Сөйтіп осы негізде казак халкы X ғасырдан
бастап белгілі болган деген тұжырым жасалады. Казахия деп окудың
дұрыстығына қатысты біз түзету жасауға тиіспіз, ол мынадай: түпнұсқада
(грекше) екінші сөзде дзета (з) емес, кдйта сигма (с) берілген. Демек
елдің атауы Касахия деп оқылуға тиіс. Константин Багрянородныйдын хабарын
түсіндіре келіп, В. Минорский Касахия деп касогтар айтылып отырғанын әбден
айқын көрсеткен . Казахия және қазақ халқы атауын ұқсастыру тарихшылардың
қосымша материалдар, атап айтқанда, мұсылмандар дүниесінің жазбаша
деректемелерінен алынған материалдар тарту мүмкіндігін кеңейтті. Мәселен,
араб тарихшысы әрі географы әл-Масудидің (X ғ.) Китаб ат-танбих ва-ль-
ишраф деген шығармасывда Кубань өзені ауданындағы кавказ халықтары мен
тайпаларынын, атаулары арасында ка-Шак этникалық қауымы — әл-касакия74 атап
өтіледі. Көрнекті неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі терминнің бір
ғана этнос-касогтардың атауын беретіндігін көрсетгі . Кім жазғаны белгісіз
парсы тілді Худуд әл-алам деген географиялық еңбектің (X ғ.) аландар
өлкесі туралы хабарлары да карастырылып отырған тақырып аясына жатады, онда
Қара теңіз жағалауында орналасқан Касаг қаласы, әдебиетте жазылып
жүргеніндей, этникалық қауым емес, нақ қала туралы деректер келтіріледі.
Касогтар туралы орыс жылнамаларында да айтылады. Повесть временных лет
шығармасында Ку-бань өзенінің оңтүстігінде орыс княздары Святослав (965 ж.)
пен Мстиславтың (1022 ж.) касогтармен жүргізген соғыстары туралы акпарат
бар . Касог термині бірінші рет VIII ғасырдың аяғы - IX ғасырдың басында
монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касах, касахия,
касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта ғасырлардағы белгілі бір шағын
кавказ тайпасын (немесе тайпалар бірлестігін) білдірудің әр алуан түрлері
болып табылады деген түжырым шығады. Кавказтанушылар касогтарды (ертедегі
грузин ескерткіштерінде кашаг түрінде белплі) Кіші Азияның хет-то-несит
дәуіріндегі каскакашка этнонимі мен көптен бері жакындастырып жүр. Осыдан
касогтардың қазақтарға қосылысы туралы көзкарас қаншалықты ақталған және
дәлелденген деген заңды сұрақ туады. Қазақ этнонимінің касог, касахия
(казахия?) атауымен байланысы туралы пікір мейлінше декларативтік
сипаттағы пікір, олардың арасында ешқандай тарихи сәйкестік болмаса да, ол
пікір сөздердің үндестігінен туындайтын болжамға негізделген. Касогтар
автохтондық кавказ тілдерінің біреуінде сөйлейтін абхаз-адыгей тобының
ерекше кіші тобына кірген. Тілі, шыққан тегі, тұрмыс жағдайы және дене
тұрпатының ерекшеліктері жағынан олардың қазақтардан және олардың түркі
тілдес ата-бабаларынан айырмашылығы күшті. Касогтардың этникалық бөліну
процестері және соларға байланысты Кавказдан орта ғасырлар дәуірінде
Қазақстан аумағына көшуі байқалған жоқ. Касогтардын, көршілері Балқанға
барып қоныс теуіп, оған қазіргі Болгария атағын берген ертедегі түркі
тілдес бұлғарлардың тарихи аренада атқарғаны сияқты рөл оларға берілмеді.
Сондықтан касогтардың қазақтар-мен байланысы туралы пікір ешқандай сын
көтермейді. Әдебиетте қазақ сөзін араб тарихшысы Ибн Асам әл-Куфи айтады
мыс деген (3. В. Тоганға сілтеме жасайтын көзқарас та бар. Біз ден қойып
отырған термин Арран мен Дағыстанда хазарларға қарсы соғыс жүргізген араб
қолбасшысы Марванға арналған Китаб әл- футух тарихи шығармасында (IX
ғасырдың аяғы - X ғасырдың басы) айтылады. Еңбектің түпнұсқасында былай деп
жазылған: 736 жылы Марван Касак (қазақ емес. — Ред.) деп аталатын жерде
қыстап шықты, Кура өзенінен өтіп, Шаки қаласына беттеді. Контекстен әл-
Куфидің туындысында казақ термині болмағаны, бірақ Үлкен Кавказдың таулы
ауданында, Азербайжанның батысында орналасқ-ан Касак деген жердің аталатыны
көрінеді. Касак және қазақ терминдерін VIII ғасырдағы хронологиялық
проблемаларға байланысты ғана емес, сонымен бірге бір-бірінен алшақ жатқан
тарихи, географиялық және шаруашылық мәдени өлшемдер кешені бойынша да
салғастыруға болмайды.

Фин алтайшысы Г. И. Рамстедке барып тірелетін тағы бір пайымдауды көрсете
кетуге болады, ол қазақ терминін монғолдың хасаг-терген деген сөз
тіркесінен шығарады. Қасиетті жылнамада (XIII ғ.) айтылатын бұл қоссөзді
ұғым арбаны білдірген. Иранист А. А. Семенов қодцаған бұл көзқарастың еш
дәлелі жоқ. Оның иланымды болмайтын себебі синхрондық тұрғьщан алғанда да,
тарихи перспективасы тұрғысынан алғанда да хасаг-терген термині
Қазақстанды мекендеген түркі тілділер арасында арбаның атауы ретінде
керініс таппаған.
Енисейден табылған VIII ғасырдағы ертедегі түрік ескерткішінен В. В. Радлов
қазғақым оғлым (менің асырап алған ұлдарым) деген тіркесті оқыған, Сыртқы
ұқсастығы жағынан ғана емес, сонымен қатар қазғақ және қазақ терминдері
мәндерінің жакындығы негізіндеВ. П. Юдин бұл сөздерді салыстыруға болады
деген. Зертгеушінің пікірінше, қазғақым ұғымындағы ғ дыбысының VII—VIII
ғасырларда түріктердің ауызекі сөзінде қолданылуы әбден мүмкін, ал
кейініректе түсіп қалып, бұл сөздің қазақ түріне ие болуы ықтимал. Ол
қазғақ түріндегі қазақ терминін кейіннен этникалық мағынаға ие болған
саяси мәні жағынан алып қараған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи
фонетикасының заңдылықтарымен үйлеспейтіндігі себепті ол бұдан кейін
мамандар тобынан қолдау таппады.
Сонымен бірге нарративтік деректемелердің басқа материалдары негізіңде
Қазақстан аумағы шегінде шоғырланған бірнеше салыстырулар жасалды. Олардың
бірі үш қарлұқ тайпасының хасактар (хаски) деп оқылуы жөнінде И. Маркварт
айтқан пікір болып табылады, зерттеушілер соңғыларын қазақтармен
салыстырды. Бір қатар авторлар қазіргі кезде де осы кезқарасты
үстанғанымен, оны дәлелденген деп санауға болмайды. Тоғыз қарлұқтайпасының
атауларын XIII ғасырдағы парсы тілдес әдебиетші АуфидіңДжавами өл-хи-каят
ва лавами ар-риваят антологиясының көрінеу бұрмаланған мәтіні бой-ынша
Маркварт ұсынғандай оқу алдын ала, сындарлы емес сипатта болды. Жетісу мен
Оңтүстік Қазақстанда мекендеген қарлұқ конфедерациясы туралы қарастырылып
отырған мәліметтер IX—X ғасырларға жатады. Неғұрлым ертеректегі жазбаша
ескерткіштерден, атап айтқанда, әл-Марвазидің арабша географиялық еңбегінен
алынған материалдарға В. Минорскийдің текстологиялық және
салыстырмалытарихи талдау жолымен қарлұқтардың тайпалық қүрамы жөніндегі
контекстің оқылуына елеулі түзетулер енгізді. Бүл ретте, хасактардың
орнына баскиль деген негізделген коньюнктура енгізілді.
Араб саяхатшысы Әбу Дулафтың шығармасында қазлақ түрінде қазақ
этнонимі айтылады деген пікірді көрінеу негізсіз деп санау керек. Әбу Дулаф
X ғасырдың орта шенінде Қазақстан аумағы арқылы батысынан шығысына қарай
Қытайға жол жүріп өткен. Түркі тайпаларына арналған Рисалада баяндалған
саяхат туралы естеліктерін орыс тіліне Н. Н. Пантусов аударды. Аударма
мәтінінде хазлақ деген этникалық атау айтылған, ол исламдық қазлақ үшін
прототипке айналып, сонан соң бейнебір қазақ түрін алған. Сонымен бірге
Н. Н. Пантусовтың харлұк деудің орнына хазлақ сөзін дұрыс оқымағанын
керсете кету қажет, қарл үқ атауының жазылуы орта ғасыр-лардағы араб
әдебиетінде солай берілген. Сол арқылықарлұқтар мен қазақ-тар арасына
тендік белгісі қойылған, бұл біліктілік емес.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлт этнографиясын зерттеудің кезеңдері
Аудармада экспрессивті құралдарды қолдануды талдау
Лингвоконцептология теориясы және әлемнің тілдік бейнесі.Концепттер ұғымы
Дандай Ысқақұлының әдеби сын тарихы
Баспасөз жарияланым аттарының тілдік – стильдік ерекшеліктері
Адманың баспасөз жариялым атауынан алатын әсері
2003 жылы тіл мен әдебиет саласы бойынша бекітілген кейбір терминдердің қалыптасуы, бірізділігі, жүйелілігі
Ислам дінінің пайда болу және таралу тарихы
Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы
Американдық газет мәтіні ұлттық-мәдени ақпарат көзі ретінде және оны аудару ерекшеліктері
Пәндер