Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы


СОДЕРЖАНИЕ

Кіріспе2

1. «ШҚО қоршаған ортасының жағдайы туралы аналитикалық мәліметтер сипаттамасы»6

1. 1. Шығыс - Қазақстан облысының қысқаша сипаттамасы. 6

1. 2 Аймақтың экологиясына әсер ететін, ШҚО экономикалық дамуының негізгі факторлары. 7

1. 3 ШҚО -ң экологиялық жағдайларына талдау. 11

Өскемен қаласы. 11

Лениногор қаласы. 15

Радиациялық қауіпсіздік. Мәліметтер табылған жоқ. 16

Зырян ауданы. 16

Глубокий ауданы. 17

Радиациялық қауіпсіздік. Бұл мәліметтер табылған жоқ. 18

Радиациялық қауіпсіздік. Бұл бойынша мәліметтер табылған жоқ. 19

Абай ауданы. 20

2. Жаңармалы табиғи қорлардың қолданылуы және қорғалуы. 21

2. 1 ШҚО табиғи қорларының сипаттамасы. 21

2. 2 Аймағымыздың экологиясы даму патенциалы - қорықтар мен ұлттық саябақтар. 35

3. «Облысымыздағы экологиялық мәселелер және оларды шешудегі стратегиялық міндеттер»37

3. 1. ШҚО бекітілген табиғатты қорғау бағдарламалары бойынша стратегиялық міндеттерді орындаудың анализі. 37

3. 2 Қоршаған ортаны қорғау жөнінде ШҚО-ң экологиялық мәселелері және стратегиялық міндеттері. 42

3. 3 Аймақтық экологиялық мониторинг. 54

Қорытынды:59

Қолданылған әдебиеттер тізімі:61

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: «Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы».

Кіріспе

1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ - ның қоршаған орта және дүниежүзілік даму туралы конференциясы, сондай-ақ 1972 жылы 16 маусымда Стокгольмде БҰҰ-ның қоршаған орта мәселелері туралы конференциясында қабылданған Декларацияны растай және дамыта отырып, 4-ші принципті шығарды: “тұрақты дамуға жету үшін қоршаған ортаны қорғау даму процессінің ажырамас бөлшегі болу тиіс және одан жұлып алынып жеке қарастырыла алмайды”. Бұл принципке “Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясы” толық жауап береді. Қазіргі сәтте Қазақстан экономикасы тұрақты даму дәуіріне жетуде. Сондықтан “Қазақстан Республикасының басшылығының 2000-2002 жылға арналған әрекеттерінің бағдарламасы” қоршаған ортаны қорғау және табиғатты қолдану аумағына жақын мақсатты анықтады: “нашарлау екпіндерін төмендету және қоршаған ортаның сапа тұрақтылығын қамтамасыздандыру. Табиғи және техногендік төтенше жағдайлардан халық қорғанышының беріктілігін жоғарылату, еліміздің жер қорларын қорғау және орынды қолдануын қамтамасыз ету”. Қоршаған Ортаны Қорғау жөніндегі Әрекеттердің Ұлттық Жоспары негізінде (ҚОҚӘҰЖ) Шығыс Қазақстан облысы - Қазақстанның алты экологиялық жаман халдегі облыстарының біріне жатады.

Қазақстанмен бекітілген стратегиялық бағдарлама “Қазақстан 2030”, Халықаралық конвенцияларды шешу шегінде, Қазақстан Республикасының үкіметінің шешімдері және Қазақстан Республикасының “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заңы, Шығыс Қазақстан облысының экологиялық бағдарламарын өңдеушілер 2001-2005 жылға қоршаған ортаны тұрақтандыру сапасын арттыруды, экологиялық тәуекелдердің азаюын және биотүрлілікті сақтауды алға мақсат қылып қойып отыр. Ол үшін экономиканың тұрақты дамуға өткенде, қоршаған ортаның тұрақтану сапаларының алдын қамтамасыз етуші, кешенді орындау әрекеттерін ұйымдастыру қажет, аймақтың қоршаған ортасын жасанды ластануының көлемдері кезеңді төмендеу шарттарын жасау және Шығыс Қазақстан облысының ( ШҚО ) экологиялық жағдайларын жақсарту.

Бағдарламаның негізгі мақсаты болып қоршаған орта сапасының жақсаруына бағытталған, экологиялық аймақтық саясатты қаржыландыру және жоспарлау құралын құру болып табылады. [1]

Осы аймақтық экологиялық бағдарламада ғылыми жақындау негізіне динамикалық тепе-теңдік принципі және орта аралас ауысу жатады. Осыған орай, жалпы жағдайда биосфера белсенді өмірдің ауданы болып қаралады.

Биосфераға әсер ететін жеті фактор бар:

  1. Биосфераға химиялық және физикалық белсенді заттардың тасталынуы.
  2. Салғырт материалдың биосфераға тасталынуы .
  3. Биосфераның түзу қызуы.
  4. Өсімдік қабаты мен құрлықтың бетін өзгеріске ұшырататын, физикалық әсер ету (ұрбандалу, эрозия, жер жырту, өрт) .
  5. Биологиялық әсер ету (агроцеоноздардың дамуы, биологиялық түрлердің интродукциясы және т. б. ) .
  6. Жаңартылмайтын және жаңартылатын қорларды тауып, оларды жою.
  7. Антропогенді (жасанды) реттелген заттың ағымы ( көлік ) .

Бұл жеті фактордың барлығы да үлкен жүйелердің қасиеттерінің өзгеруіне әсерін тигізеді: климаттық, геофизикалық, биологиялық, әлеуметтік.

Бір дипломдық жұмыста біздің облысымыздың барлық экологиялық мәселелерінің тереңдігін қамту мүмкін емес, сондықтан біз ең маңызды және жалпылау бөлімдерін қарастыруға тырысамыз.

Осы зерттеудің ең басты мақсаты ШҚО қоршаған ортасына экологиялық сапалау бағасын беру болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді талқылау керек: ШҚО табиғи қорларының ластану дәрежесін анықтау, аймақтың экологиясына әсер етуші негізгі факторларды айқындау, ШҚО экологиялық жағдайларына талдау жасау, экологиялық аумақтық мониторинг өткізу және облысымыздың экологиялық мәселелерін шешу жөніндегі стратегиялық мақсаттарды белгілеу.

Жұмыс 60 бетте орындалған, 4 кесте, 10 сурет бар. Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және соңында қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші «ШҚО қоршаған ортасының жағдайы туралы аналитикалық мәліметтер сипаттамасы» бөлімінде аймақтың экологиясына әсер етуші негізгі факторларының сұрақтары қарастырылады және ШҚО экологиялық жағдайына талдау беріледі.

Екінші «Табиғи қорларды қолдану және қорғау» бөлімінде аймағымыздың табиғи қорларының жалпы анықтамасы көрсетілген (топырақ жамылғысы, орман қоры, жануарлар әлемі, су қайнарлары және балық қорлары), сонымен қатар қорықтар және ұлттық саябақтар туралы сұрақтар бөлек қарастырылады.

Үшінші «Біздің облысымыздағы экологиялық мәселелер және оларды шешудегі стратегиялық міндеттер» бөлімі аймақтық экологиялық мониторинг және табиғатты қорғау бағдарламалары бойынша стратегиялық міндеттерді орындауды талдауға арналған.

Әдебиеттер тізімі жиырма сегіз көзден тұрады.

Алғаш рет осы жұмыста аймақтың экологиялық сұрақтарын шешуге арналған әрекеттердің стратегиялық жоспары ұсынылып отыр. Біздің зерттеуіміз өте өзекті, өйткені эколог - мамандардың бағалаулары бойынша, «ШҚО қоршаған ортасының жағдайы» экспресс - мәліметтері бойынша өте жоғары болып сипатталады, бірақ егер біз өзімізден кейінгі ұрпаққа бірдеңе қалдырсақ десек, бұл туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар аймақтың экологиясын жақсарту үшін батыл әрекеттер қабылдау қажет.

Осылайша, Шығыс-Қазақстан облысы экологиясының қазіргі мәселелерін шешу, тек комплексті әсерлер және табиғи орталардың бір бірімен әрекеттестіктері және экономика талаптарын ескере отырып, балансталған ғылыми көзқарас негізінде жүзеге асады. Экологиялық мәселелерді шешу құралы болып, табиғи қорларды қорғау және орынды қолдану негізінде ғылыми - аймақтық бағдарлама саналады.

Бұл жұмыстың авторы өзінің ғылыми жетекшісі A. С. Чурсинге және рецензиялаушы В. A. Седелев мырзаға әдеби мәліметтерді беруінде және жұмысты жазу кезіндегі көмегіне үлкен алғыс білдіреді.

1. «ШҚО қоршаған ортасының жағдайы туралы аналитикалық мәліметтер сипаттамасы»

1. 1. Шығыс - Қазақстан облысының қысқаша сипаттамасы.

Шығыс - Қазақстан облысы Қазақстанның шығысында орналасқан және солтүстігінде Ресеймен, шығысында - Қытай халық республикасымен, оңтүстігінде - Алматы, батысында - Павлодар және Қарағанды облыстарымен шекаралас болып келеді. ШҚО ауданын 279, 6 мың км 2 құрайды. ШҚО Алтайдың оңтүстік-батыс бөлігін, Зайсан шұңқырын, Калбин таулы өлкесін, Ертіс жағалауын, Сауыр - Тарбағатай жоталарын алып жатыр. ШҚО негізгі өзені болып - Ертіс өзені саналады. Оның жалпы ұзындығы 4451 км, соның ішінде 1715 км Қазақстан территриясынан өтеді. Ертіс бассейні акваториясының ауданы 270 мың км 2 , су жиынының ауданы - 402, 2 мың км 2 , су ағынының көлемі - 33, 5 млн. м 3 . Қазақстан территориясындағы өзен бассейнінің ауданы 196 мың км 2 , ағын көлемі 33, 86 млн. м 3 . Ертіске жалпы ағын көлемі 26 млн. м 3 , 77 ірі құйылымдар құйылады. Облысымыздың территориясында 1700 өзен, 19 су қоймасы, 46000 көлдер және тоғандар бар, соның ішінде ең ірілері: Зайсан көлі, Марқакөл көлі, Алакөл көлі және Сасықкөл көлі. Жақсы сапалы жер асты суларының көлемі 160 млрд. м 3 -тан аз емес. Бұдан басқа Алтайдың солтүстік-батысында жалпы ауданы 99, 1 км 2 , 350 мұз айдыны бар.

ШҚО ауа салмақтарының батыс-шығыс тасымалдануы тән, біркелкі климаттық белдіктің оңтүстік жартысында орналасқан. Облыстың территриясы біркелкі және әлсіз дымдау аймағына жатады (жауын саны жылына 100-ден 1000 мм-ге дейін, биік тауларда жылына 2500 мм-ге дейін жетеді) . ШҚО климаты өкпек континенттіден біркелкі континенттіге өтеді. Жылдық температураларың құламалары 43-30° С құрайды. Күрделі таулы рельефтердің әсерінен территориялық кешендердің климаттық шарттары тік белдік заңына бағынады. Жиынтық күн радиация шектері жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 4525, 2-ден 5656, 5 МДж/м 2 - қа дейін өзгереді. Радиациялық теңдік (жиынтық радиация мен оның көрсетілуіне және нәтижелі сәулеленуге жұмсалған шығымының айырмасы) бір жыл ішінде жағымды (жазда жағымды, ал қыста жағымсыз) және жылына 1815 МДж м 2 шамасында құрайды. [24]

ШҚО-да топырақтың келесі түрлері бар: қоңыр жартылай шөл далалы, каштан түсті, қарашіріктер, таулы сұр орманды және дерново - подзолистые, таулы - шалғынды және таулы - тундралық. ШҚО-ң үлкен ауданы топырақтың бірінші екі үлгісінен тұрады. Облыстың топырағына хлорид-сульфатты, сульфатты және хлоридті тұздану үлгілері тән. Тұздану дәрежесі әлсізден сорларға дейін ауысады. Облысымыздағы мемлекеттік орман қорының территориясы 3, 37 млн. га. Ауданды алып жатыр. [24]

ШҚО флорасы өсімдіктердің 1285 түріне ие, олардың ішінде сирек кездесетіндеріне 87 түрі жатады. Фауна 19 түрлі сүтқоректілерден, 391 түрлі құстардан, 22 түрлі қос мекенділерден, 5 түрлі жер бауырлап жорғалаушылардан, 37 түрлі балықтардан және 15 мыңнан астам шыбын -шіркей түрлерінен тұрады.

1. 2 Аймақтың экологиясына әсер ететін, ШҚО экономикалық дамуының негізгі факторлары.

Соңғы бес жыл ішінде ШҚО-да көптеген мекемелерді жекешелендіру істерінің шаралары іске асырылған болатын, нәтижесінде дайын өнімнің өтуі жайлы сұрақтарда анықтық жоқ болуы және сырт құралдардың жеткіліксіздігіне байланысты олардың көбі жаңа жеке меншік иелермен кідіртілді. Өнім өндірістерінің көлемдері ұдайы қысқарған болатын (бес еседен арта) . Өнеркәсіпті өнім өндірісінің физикалық көлем көрсеткіші 95% пайыздан асқан жоқ. Көптеген ластаушы өнеркәсіптер жұмыс істемей тоқтап тұрған кезде немесе аздаған ауыртпалықпен жұмыс істеген кезде, ауыспалы кезеңнің кризисі экологиялық жағдайға қолайлы әсер етті. 1997-1998 жылдары одан арғы құлау тоқтатылып, тұрақтану тенденциясына бағытталды, әсіресе түсті металлургияда, энергетикада, атомдық электр станцияларына арналған отын өндірісінде, тамақ өнеркәсіптерінде және басқа да жекеленген орындарда. Осының нәтижесінде өндірістің физикалық көлемдерінің көрсеткіші 100%-дан төмен түскен жоқ. Қазіргі уақытта осы салалардың өндіріс көлемінің өсу шегі анықталды. Қазақстан экономикасының тұрақты дамуға өту шарттарында «Қазақстан Республикасының үкіметтерінің 2000-2002 жылға арналған іс-әрекеттерінің бағдарламасында» қоршаған орта сапасын одан арғы тұрақтандыру мақсаты алға қойылған.

ШҚО пайдалы қазбалар қорларына өте бай. Рудноалтай белдігі үш металлогенді аймаққа бөлінеді: Белоубинск-Сарымсақты-Куритинскті (темір-полиметаллды-сирек жерлік) ; Рудноалтай-Ашлинді (алтын-мыс-полиметаллдық) ; Ертісті-Фуюнді (мыс-алтынрудалы) . Калба-Нарым белдігінде сирекметалды көріну басым болады. Батыс Калбиндік белдік алтынрудалы, сирек жерлікті және сирекметаллды көрінулермен сипатталады. Жарма-Сауырлы белдікте үш металлогеникалық аймақтар бар: Сиректас-Сарсазан-Қобықты (мыс-алтын-сирекметаллды-сирек жерлікті) ; Жарма-Сауыр-Қаратунганды (мыс-алтынрудалы) ; Чарск-Зимунайлы (хром-никель-сынап-алтынрудалы) . Бұл территориялар жаратылыстану экожүйелерінің бұзылуымен, техногенді әсер етудің объектісі болып табылады немесе потенциалды түрде обьектісі болып есептеледі. Қазіргі кезде 412 шикізат жерлері белгілі, олардың ішінде 132-қатты пайдалы қазбалар алынатындар және 280-металл еместер алынатындар.

ШҚО-да табиғатты қорғаушы минералды шикізаттар бар. Бұл цеолиттердің және құрамында цеолиті бар тұқымдардың, серпенитиниттердің, каолиниттің, монтмориллониттердің, жанартау шыныларының, құрамында шунгиті бар тақта тастардың және тағы басқалардың жерлері. Осы шикізат сорбенттер және катализаторлар ретінде сырт және ағынды сулардың тазалауы үшін қолданыла алады. ШҚО-ң қорларының шикізатының жалпы құны болжанушы қорларды -600 млрд. доллар есепке ала отырып, шамамен 180 млрд АҚШ долларын құрастырады.

«Қазақстан Республикасының үкіметтерінің 2000-2002 жылға арналған іс-әрекеттерінің бағдарламасында» таулы-металлургия кешенінің реконструкциясы мақсат етілді және «Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылға арналған таулы-металлургия кешенін дамыту және болашақ 2005 жылға дейін» бағдарламасы өңделген. «ЮНИДО» - өнеркәсіпті дамыту бойынша, БҰҰ қолданатын, инвестициялық климат бағалауының әдістемесімен сәйкесінше, ШҚО тартымдылықтың орташа деңгейінде орналасқан және барынша жоғары баға бойынша 1, 08, бірдейде 2, 0 бағаланады. Бұның барлығы минералды шикізатты алу және өңдеу ары қарайда ШҚО -ң экологиясына әсер ететінін айтады. [2]

Болжау екпіндерінің өсу шегінің сақталынуы 2005 жылда өнеркәсіпті өндіріс көлемдерінің шегі 175, 4 млрд теңгеге жетуі күтіледі. Бұл 2000 жылға қарағанда 39, 2% көбірек, бұны тау-кен қазушы салалардың өндіріс көлемдерінің өсу шегі 28, 8% жеткенде қамтамасыз етуге болады, -40% көмір алу, -49, 3% өңдеу, сонымен қатар 49, 9% түсті металл өндірісінің артуы нәтижесінде, машина және жабдықтаудың -30, 5%, тері және аң терісінен бұйымдардың -26, 2%, мата және тігін бұйымдардың -30, 1%, тағам өнімдерінің -36, 1%, өндіріс және электр энергиясын таратушылар, газды және судың қуаттылығы -17, 9%. Өнеркәсіпті кешенде Малеев кен орнының, қуаттылығы жылына 2 млн. кен тонналарына дейін болатындай құрылысы жалғасады, кеңейту және Жезкент таулы-байытатын комбинатының техникалық қайта қаруландыруы және «Казақмыс» бірлестігінің «Востокказмедь» филиалының Артемьев кен орнының құрылысы, Бектемир циркон-ильменитті жерін игеруі де жалғасуда.

2005 жылға дейін малдың және құстардың өнімділігінің өсуінің арқасында өсімдік шаруашылық және мал шаруашылық өнімдерінің өндірісін арттыруға болады деген болжмадар жасалынған. Ауыл шаруашылығындағы өндірістің көлемінің өсу шегі экологиялық жағдайға кері әсерін тигізбеуі қажет. Ауыл шаруашылығында барлық экологиялық мәселелер 90-шы жылдардағы өндірістің көлемдерінің төмендеуімен байланысты, ШҚО өнеркәсіпті кешеніне әсерімен және меншіктің ауыспалы түрлеріне тәуелді.

Өнеркәсіпте өндіріс көлемдерінің артуы кезінде негативтік экологиялық факторлардың өтемі лайықты шаралардың өткізулерін талап етеді. Экологиялық әсер етудің негізгі себебі - мекемелердің негізгі қорларының жоғары дәрежеде тозығы шығуы. Соңғы он жыл ішінде тазалайтын жабдықтау құралы модернизицияға ұшыраған жоқ. Оның қуаттылығы мекемелердің толық емес тиеуіне жеткілікті болды, бірақ оның физикалық тозуын еске алсақ, ол енді өндірістің өсу шегіне шыдамайды. Көптеген минералды шикізат қорларының көздері қанаудан қажетті тісәлдермен шығарылған жоқ және тасталынып қалған. Өнеркәсіпті мекемелердің негізгі қорларының жаңарту коэффициент динамикасы соңғы үш жылда белгіленген тенденцияның артуын көрсетеді: 1997 жылы -3, 5%; 1998 жылы -3, 8%; 1999 жылы -8, 7%. 1999 жылы тау-кен қазушы өнеркәсіп қорлары 21, 7%-ке жаңартылды, бұл алдыңғы жылдан 3, 5 есеге жоғары, өңдеуші өнеркәсіпте - 10, 6%-ке, өсу шегі 1, 2 есеге; өндірісте және электр энергиясын, газды және суды таратуда тек - 3, 6% -ке. Келтірілген мәліметтерден көрініп тұрғанай, негізгі қорлардың биік дәрежеде тозуы, барлық бағыттар бойынша жеткіліктісіз инвестициялар болғанықтан, олардың жаңарту екпіндері қажеттіліктерден артта қалып жатыр. Бірақ ластайтын заттар лақтырылуының азаю мәселесінің шешімі, тек экологиялық таза технологиялардың қолдануы және енгізілуі кезінде мүмкін және де ең алдымен тауы-металлургия кешенінің мекемелерінде.

1. 3 ШҚО -ң экологиялық жағдайларына талдау.

ШҚО үлкен ауданы географиялық және физикалық аймақ шарттарында ерекшеліктер бар, мекемелердің орналасу аудандары және олардың мамандандырылуы, бұл облыс экожүйелеріне әсер етудегі ерекшеліктерге әкеледі. ШҚО территориясын алдын ала аудандастыруға мынандай мәліметтер қолданылды: атмосфера және су қорлары бойынша 1999-2000жылдардағы ДГП «ВЦС ШҚО» және ШҚО ТУООС; топырақтың ластануы және қоныстанған пунктілер мен аумақтардың экологиялық жағдайларының түрлері, үстіңгі және жер асты суларының ластануы, өсімдік өнімдерінің КСРО Денсаулық министірлігі әдістемесіне сәйкес - Қ. И. Сатпаев атындағы геологиялық ғылымдар институтының Алтайлық бөлімінің 2000 жылға арналған мәліметтері, Өскемен бойынша 2002 жыға арналған және 2005 жылға арналған радиациялық қауіпсіздік бойынша - ЖШС «Геос» мәліметтері.

Өскемен қаласы.

Техногенді және жасанды (антропогенді) әсерлесудің қайнар көздері: түрлі түсті металлургия мекемелері, жылу энергетика, тамақ және өңдеуші өнеркәсіптері, коммуналдық мекемелер, автомобильдік және темір жол көліктері.

Экологиялық мәселелі мекемелер: ААҚ «Казцинк», ААҚ ҮМЗ, АЭС Өскемен ЖЭС, АЭС Согралық ЖЭС, Өскемен ТМК.

Ластану тәсілдері: атмосфералық лақтырылулар, коммуналды-тұрмыс және өнеркәсіпті ағындар, өндіріс шығымдары.

Атмосфера. Барлығы 151 мекеме, 3217 ұйымастырылған және 2484 ұйымдастырылмаған стационарлық қайнар көздері бар мекемелер тіркелген. 2005 жылғы стационарлық қайнар көздерден атмосфераға лақтырылған қалдықтардың көлемі жылына 103, 038 мың тонна болды, бұл 2000 жылға қарағанда 17% көбірек. Ластайтын қалдықтарды жою нәтижелігі 79, 6%-ті құрайды. Лақтырылған қалдықтардың 10, 8%-ті қатты заттар, қалғаны - газ тәрізді және сұйықтар. 2000 жылғы мәліметтер бойынша 68% лақтырылған қалдықтар Өскемен МП ААҚ «Қазақмырыш» үесіне келеді, 15% - АЭС Өскемен ЖЭС-ң, 5% - Жылу орталықтарының, 3% - АЭС Согралық ЖЭС-ң, 9% - қаланың қалған мекемелерінің үлесіне келеді. Атмосфераның күкірт диоксидімен, фенолмен, азот окситерімен, формальдегидпен, шаңмен, хлормен, қорғасынмен, мышьякпен жоғары ластануы байқалады. Көміртек оксидінің шығымы норма шектеріне сай, бірақ 2000 жылы жоғарылау тенденциясы белгіленді. 2000 жылы автокөліктің лақтырған қалдықтары 28, 332 мың тоннаны құрады. Автокөліктің шығаратын қалдықтарының концентрациялары анықталған кезде мына заттардың шекті-мүмкін концентрацияларының артуы байқалады: көмірсутектер - 5 ЖКМ, азот оксидтері - 4 ЖКМ, көміртек оксиді - 3, 5 ЖКМ, күкірт диоксидтері - 1, 5 ЖКМ.

Су қорлары. Ертіс өзені - су сапасынан 3-ші дәрежеге ие болады - біркелкі ластанған, мыспен, мырышпен, азот нитридімен ластану байқалады. Үлбі өзені - 3-ші су сапалық дәрежесіне ие, мыспен, мырышпен ластану байқалады. Қалалық ағынды суларды тазалау жөніндегі критикалық жағдай, жобалы қуаттылық жетіспеушілігімен, тазалайтын орындардың жоқтығымен және тазалайтын орындарды салудың үшінші кезекті құрылыстарының мезгілдерінің созылуымен (1989 ж. басталған) байланысты, тәулігіне 200 мың м 3 жеткіліктісіз тазаланған ағынды сулар шығарылады. Жер асты суларының ластануының Өскемен МП, ҮМЗ, Өскемен ЖЭС және ҮМЗ учаскесінің қоймаларының кең ареалынан құрылады. Ареал шекараларында жер асты суларының ластану деңгейі мырыш, мыс, қорғасын, кадмий, селен, марганец, мышьяк бойынша (Өскемен МП профилі) ондаған және жүздеген ЖМК жетеді, фтор, берилий бйынша 200-300 ЖКМ, нитраттар және нитриттер бойынша 3-30 ЖКМ, аммоний, азот бйынша 50 ЖКМ-ны құрайды (ҮМЗ профилі, өндіріс орталықтары және қоймалар) . [8]

Радиациялық қауіпсіздік. Барлығы қала аумағында 400 радиоактивті ластанудың ошағы (РЛО) анықталған, соның ішінде қаланың солтүстік өнеркәсіпті түйіні аумағында әр түрлі табиғаттың - 255 РЛО. Оардың ішінде 45 РЛО қатты радиоактивтілік шығаруларға (РАШ) жатады.

Жер қорлары. Қаланың оң жағалық аумағында топырақ ластануы кең шектерде алмастырылған - жеке фонның арттыруы 9-дан 1534-ке дейін өнеркәсіпті аймақ шегіне, олар төтенше қауіпті болып сипатталады. Ластанулардың ең негізгі элементарлық құрамы - қорғасын, сынап, кадмий, мырыш, мышьяк, мыс, сүрме, қалайы, күміс, сонымен қатар сирек металлды өндіріске тән токсиканттар(ААҚ «ҮМЗ») болып саналады. Өскемен қаласының аумағының топырағы және оның төңірегінде 9, 7 мың тонна қорғасын, тура сондай көлеме мырыш және 32, 5 тонна техногенді сынап шоғыралған. Бұл қорлардың үлкен бөлігі МП ААҚ «Қазақмырыш» өнеркәсіпті аймақ шектерінде және оған қатысты аумақтарда таралмаған, қоршаған ортаның басқа да компоненттерінің жағдайларына екінші қайтара әсер ететін негізгі қайнар көзі деп қарауға болады, әсіресе - жер асты суларын. Жағалаудың сол жағында топырақтың ластануы 2-3 бірлікті құрайды, бірақ зиянды заттардың шоғырлануы әлі жалғасуда. Қазіргі уақытта тек қана қорғасынның тұрақты артуы бекітілді.

Топырақ, жер асты және жер үсті суларының ластануы бойынша КСРО Денсаулық министірлігінің квалификациясына сәйкес Өскемен қаласының өсімдіктерін экологиялық апатты аймақтарға жатқызуға болады.

Семей қаласы.

Техногенді және жасанды әсерлердің қайнар көздері: жылу энергетика мекемелері, кірпіш, цемент өндірістері, өңдеуші өнеркәсіп, коммуналдық мекемелер, автомобильдік және темір жол көліктері.

Экологиялық мәселелі мекемелер: Семей ЖЭС, АҚ «Цемент», АҚ «Силикат», котельныйлар (қазандықтар), АҚ «Кожмех», Қалалық су каналдың тазалайтын орындары.

Ластану тәсілдері: атмосфералық лақтырылулар, коммуналды-тұрмыс және өнеркәсіпті ағындар, өндіріс қалдықтары.

Атмосфера. Барлығы 107 мекеме, 1648 ұйымдастырылған және 1093 ұйымдастырылмаған стационарлық қайнар көздерібар мекемелер тіркелген. 2000 жылы атмосфераға стационарлық қайнар көздерінің қалдық лақтырылуларының көлемі жылына 22, 931 мың тонна бекітілді, бұл 2000 жылға қарағанда 0, 8%-ке көбірек. Ластайтын заттарды жою нәтижелілігі 71, 9%-ті құрайды. Лақтырылатын қалдықтардың 49, 2%ті ластайтын қатты заттар, қалғаны - газ тәрізді және сұйықтықтар. Атмосфераның шаңмен, көміртек оксидімен, азот диоксидімен ластануының жоғарылауы байқалады. 2000 жылы автокөліктердің зиянды заттар лақтырылуы 19, 657 мың тонна болды. [7]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан облысы
Экологиялық туризмнің жіктелімі
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық туризм дамуы
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы туралы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІ ЛАСТАНУ КӨЗДЕРІ
Оңтүстік Қазақстан боллысының адвентивтік және синантроптық флорасы
Ертіс алабындағы өзен
Орман және аңшылық шаруашылығы
Қазақстандағы қоршаған орта жағдайы
Мұнай және газ өндіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz