Мектепке дейінгі жас балалық шақтағы ерік-жігер дамуының жалпы заңдылықтары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

І. Мектепке дейінгі жас балалық шақтағы ерік-жігер дамуының жалпы заңдылықтары.

1. 1 Мектепке дейінгі жас баланың ерік-жігерлік мінез құлқына жалпы сипаттама

а) Мінез құлқының жалпы сипаттамасы;

б) ерікті іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы

в) баланың ерік жігерлік мінез құлқына сипаттама

1. 2 Мектепке дейінгі жаста еріктік іс-әрекеттің қалыптасуы

а) еріктік іс-әрекеттің қалыптасуындағы сезінудің атқаратын рөлі

б) еріктік іс-әрекеттің қалыптасуындағы сөйлеудің (сөйлеу тілінің) рөлі

І. Кіріспе

Мектепке дейінгі балалық шақ - адам өмірінің кішкене бір бөлігі. Бар жоғы алғашқы жеті жас, бірақ, олар, адамның содан кейінгі алдағы өмірі үшін үлкен мәнге ие болып, табылады. Дамудың бұл кезеңі өте шапшаң әрі қарқынды өтеді, бұл кезеңде психиканың барлық жақтары дамиды. Баланың жеке тұлғалық негіздері қалыптасады, интенсивті танымдық дамуы жүреді, ерік жігерлік мінез-құлқы мен сезім түйсіктері дамиды.

Ерік жігерлік мінез-құлықты тәрбиелеу баланы мектепке дайындаумен байланысты болып табылатын маңызды тапсырмалардың бірі болып табылады. Өз іс-әрекетін мақсатқа сай құру, алға қойылған мақсаттарға сәйкес әрекетін реттеу, әрекеттің мативтері мен мақсаттарының арасындағы әртүрлі қатынастың маттасуын орната білу белгілі бір талаптарға бағынады - осының барлығы мектептегі оқудың сәттілігінің, сондай-ақ алдағы еңбек әрекеттерінің нәтижелілігінің маңызды шарты болып табылады.

Бала әлеуметтік маңызды жеке тұлға ретінде қалыптаса бастайды, ол тек өзі үшін ғана емес, сонымен қатар ұжым үшінде әрекет ете бастайды: ол ересектермен және өз құрбыларымен қарама-қатынас орната алады, өзін-өзі ұстау білу дағдыларына ие, өзін белгілі бір жағдайларға бағындыра алады. Ол өз әрекеттері мен мотивтерінің бағалануы ең алдымен оны қоршаған адамдардың көзқарасымен анықтағанын түсінеді. Қалыптасып үлгерген ерік-жігердің арқасында бала қажырсыз, ынжық емес, керісінше өзіне индивидуалдық ерекшеліктері тән, құндылық қасиеттері қалыптасқан жеке тұлға болады.

Көптеген ғалымдар жеке тұлға мектепке дейінгі балалық шақтан тыс қалыптасады деп есептейді, алайда дәл осы қысқа уақытта (небары төрт жыл) бала өзін-өзі ұстауды үйренеді, қаламағанды жасауға мәжбүрлейді, ережені сақтап, тапсырылған істі істеуге тырысады және т. б.

Осының бәрі - мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуының белгісі. Баланың мектепте оқуға дайын екендігінің маңызды шарттарының бірі 6-7 ж. Қалыптасатын мінез-құлықтың еріктілігі екенділігі мәлім. Оның қалыптасуы ересектердің ықпалымен кіші мектепке дейінгі жаста қалыптаса бастайды.

Ғалымдардың осы мәселеге деген қызығушылықтарына қарамастан (мысалы: Г. М. Бреслов, Е. О. Смирнова, Г. Г. Кравцовтың, еңбектері) соңғы жылдары балалардың еріктік мінез-құлықтарына қатысты кейбір аяғына дейін анықталмаған сұрақтар (мәселелер) қалады. Іс жүзінде ешкім балалардың ерік жігерінің дамуындағы кемшіліктері туралы мәселелерге көңіл аудармайды. Мұны біздің осы проблемаға деген қызығушылығымыз көрсетті.

І Негізгі бөлім. Мектепке дейінгі балалық шақтағы ерік дамуының жолын заңдылықтары.

1. 1 Мектепке дейінгі жас баланың ерік жігерлік мінез-құлқына жалпы сипаттама.

Ерік - бұл адамның өз мінез-құлқы мен іс-әрекетін саналы түрде басқара білуі. Ол мақсатқа жетудегі кедергілерді жеңуге көмектеседі. Кедергілер қаншалықты көп болса және адамның мақсатқа жетуге деген құштарлығы күшті болған сайын, еріктік әрекетте бұлшық еттік және жүйкелік қысымның соншалықты жоғары болғандығын талап етеді. Бұл қысымды адам, еріктік күш жұмсау ретінде бастан кешіреді. Ерік жігерлік қысым жағдайын адам өз әрекетін, тежеу және өзінің басқада сырттай сезімдерін білдіруден тежелу кезінде де бастан өткізеді. Табандылық, қалауыңнан бас тару, қоғамдық мәні бойынша анағұрлым жоғарғы мотивтерге төтеп беру де ерікті қысымды, күш жұмсауды, яғни шынайы еріктік әрекетті талап етеді.

Адам мақсатқа жетудегі мүмкін деген жолдары мен амал-тәсілдерін қарастырады, әр жолдағы қозғалыс, іс-әрекеттерін, кездесуі мүмкін кедергілерді, оларды жеңудің жолдарын (әдістерін) ойластырады, әрбір тәсілді, оның нәтижелілігін және өз мүмкіндіктеріне сәйкестігін алдын-ала бағалайды.

Әрекеттің мақсатын таңдау, және оған жетуге деген талпыныс жеке тұлғаның жалпы бағыттылығымен; қызығушылығымен, бейімділіктерімен, көзқарас және сенім жүйесімен байланысты.

Ерік жергілік әрекеттің соңы үнемі қандай да бір сезімнен аяқталынады. Осылайша, еріктік іс-әрекет сөздік ойлау ес, қиял және басқа да психикалық процестердің пайдаланылуын талап етеді.

Алайда В. К. Котырло өзінің «Мектепке дейінгі жас баланың еріктік мінез-құлқының дамуы» атты кітабында «Ересек адамның еркінің сипаттамасын алып кішкене баланың еріктік мінез-құлқына ауыстыра салуға болмайды» деп жазған.

Баланың мінез-құлық жалпы адамгершілік заңдылықтарына бағына отырып психикалық дамудың жасерекшелік қаңдылықтарына да тәуелді.

Ал мұндай жағдайда баланың еріктік мінез-құлық дегеніміз не? Олай болса әдебиеттерге жүгінейік.

Еріктің пайда болуы мен дамуының негізі М. Сеченовтың психологиялық рефлекторлы табиғаты туралы ілімінде берілген. Ерікті «Ми мен моральдық сезімнің әрекеттік жағы» ретінде анықтай отырып Сеченов, ал бір затқа байланысты басқаратын өзіндігі жоқ қандайда бір агент емес екендігін атап өткен.

Сеченовтың жағдайы ерікті іс-әрекеттер - ол өмірлік қажеттіліктердің әсерімен жатталған әрекеттер екендігі туралы айтады. Басқаша айтқанда ерік қозғалыстың туындауына себеп болады, ал қозғалыстың өзі және оның орындалуы алдыңғы орындалу тәсілдері мен анықталынады.

Л. С. Выготский еріктік мінез-құлықты механикалық және мәні жағынан әлеуметтік ретінде қарастырған, ал бала еркінің даму көзін баланың өзін қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасынан қарастырған. Осының барысында ол еріктің әлеуметтік бейімділігінің жетекші рөлі баланың ересектермен қарым-қатынасында деп есептеген. Алдымен ересектер сөздің көмегімен баланың мінез-құлқын ретке келтіреді, содан соң үлкендердің талаптарының мазмұнын түсіне отырып бала өзінің сөйлеу тілінің көмегімен өзінің ерік жігерлік даму жолында алға қарай маңызды қадам жасай отырып, өз мінез-құлқын реттейді. Сөйлеу тілін меңгергеннен кейін, сөз бала үшін тек қарым-қатынас құрамы ғана емес, сондай-ақ өз мінез-құлқын (іс-әрекетін) ұйымдастырудың құралы болады. Выготскийдің ойынша генетикалық жоспарда ерік - бұл өз мінез-құлық процесін меңгеру кезеңі.

С. Л. Рубинштейннің ойынша балаға туғаннан инстинктивті және шартсыз рефлектаорлы, көзқарастар тән. Еріктік әрекетті орындау үшін бала ең алдымен өз тәні мен оның ағзамарын меңгеруі керек, яғни ерікті қозғалыстарды үйренуі керек. Бұл баланың өз импульсивті және рефлекторлы қозғалыстарын белгілі бір көрнекті нәтижелермен байланыстыру мөлшеріне байланысты болады: алдымен қол кездейсоқ ойыншыққа тиіп кетеді, сосын осындай бірнеше қозғалыстардан кейін, ол ойыншыққа тартыла бастайды, - еріксіз қозғалыстар ерікті қозғалысқа айналады. Осы меңгерілген ерікті қозғалыстар өз кезегінде қалағаныңды іске асыруға ьағытталғанын анағұрлым күрделі еріктік қозғалыстардың пайда болуы үшін негіз болып табылады. Осылайша, тек қозғалыс ғана емес, әрекет болып табылатын еріктік акттің пайда болуы еріктік мінез-құлықтың ізашар дамуына дайындалынады.

Егер дамудың бастапқы даму кезеңдерінде балалық ерік-жігер - бұл эмоционалды сезімдердің үйлесімі болса, ал нәтижесінде бала сол мезетте қалауын жеңуін білдіретін кейбір өзін-өзі ұстауға қабілетті бола бастайды.

Алғашқы балалық шақ кезеңі ерік жігер қалыптасуы үшін не береді?

Бастапқы 1-ші жылдың өзінде-ақ ерікті қозғалыстар, ең алдымен жармасып ұстау, әсіресе іздестіру қозғалысы үдемелі дамып отырады. Ерікті қозғалыстар бұрынғы болған әсерлердің негізінде іске асырылады, осылайша балалық шақ - бұл ерікті қозғалыстардың қалыптасуы кезеңі болып табылады.

Әрі қарай біз келесі жағдайларды қарастыра аламыз: ерік балаға туа берілген емес, ол өмір барысында тәрбиенің әсерімен қалыптасады. Дамудың әртүрлі этанындағы балалардың еріктік әрекеттерінің анализі ерік жігердің жеке тұлғаның жалпы даму пррцесінен бөлек өзбетінше қалыптаспайтындығын көрсетеді. Көптеген ғалымдардың еңбектері (Сеченов И. М., Павлов И. П., Быков К. М. ) баланың еркінің дамуы шартты рефлекстердің пайда болу процесін білдіреді, ал еріктік әрекеттің табиғаты адамның өзін қоршаған әлеммен өзара қатынасының ерекше формасы ретіндегі генетикалық қарастырылуы барысында ашылады.

Запорожец А. В., И. М. Сеченовтың сезіну мен қозғалыстың үйлесімдігі туралы іліміне сүйене отырып, еріксіз қозғалыстар мен әрекеттердің негізінде қалыптасқан ерікті қозғалыстар мен ерік жігерлік әрекеттердің пайда болу процесін сипаттап берген.

А. В. Запорожец өзінің «Ерікті қозғалыстардың дамуы» (таңдаулы психологиялық еңбектер. Т. 2. ) кітабында былай деп жазған: «Ерікті қозғалыстардың проблемасы ерік жігер проблемасымен заңсыз түрде жиі араласатын болғандықтан бұл проблемалар бірбірімен байланысты болса да мүлдем әртүрлі мәнге ие екендіктерін атап кету керек. Ерік жігер ауданы тек қозғалыстармен ғана шектеліп қоймайтындығын айтпағанның өзінде (ерікті есте сақтау, зейін т. б. орын алады) осы аталған проблеманың мазмұнын ажырату үшін анағұрлым терең негіздер бар. Ерік жігер психологиясы үшін анағұрлым маңыздысы әлеуметтік, ең алдымен моральдық талаптардың оның әрекеттерін анықтайтын белгілі бір жеке тұлғаның өнегелік мотивтер мен қасиеттерге айналуы болып табылады.

Өз кезегінде Д. БЭльконин баланың дүниеге келгеннен бастап ересек жасқа дейінгі дамуы - оның қоғамның мүшесі ретінде, жеке тұлға ретінде қалыптасу процесі туралы жазған.

Мектепке дейінгі балалық шақтың қай кезеңінде маңызды мезеті қиыншылықтарды жеңе білу болып табылатын еріктік регуляцияның бастамасын іздеуге болады.

Еріктілікті (еріктік регуляцияның жоғарғы формасы ретінде) кеңестік бірқатар психологтар мотив пен мақсаттың сәйкестілігі емес, олардың қатынастары кіретін іс-әрекеттің ерекше құрылымының сипаттамасы ретінде қарастырады (Монтьев А. Н., Непомиящая Н. И., Мануйлекко З. Б. ) № Бір әрекеттің екіншісіне алғашқы саналы түрде бағынуы және мотивацияның алғашқы матасуы мектепке дейінгі жас болады, «бұл бала дамуындағы іс-әрекеттің алғашқы матасуының қалыптасқан, осы матасудың механизмдерінің жасала бастаған, мектепке дейінгі жас кезең болып табылады».

Дамыған ерік жігердің астарында жеке тұлғаның жоғарғы тенденциялар үшін төмендегісін жеңе отырып қиын жағдайларда өзін-өзі меңгере білуін, яғни адамгершілікті мінез-құлықтың жоғарғы, құндылығын іске асыруын түсіне отырып, - осы өзін-өзі меңгеруді анағұрлым қарапайым мінез-құлықтық актілер дайындайтындығын ұйғару қиын емес. Сондықтан мектепке дейінгі балалық шақтың әртүрлі этаптарындағы еріктік мінез-құлықтың жастық ерекшеліктерін, оның даму динамикасын, мақсатқа жетумен оның жолындағы қиыншылықтарды жеңу мотивациясының алатын орнын зерттеу өте маңызды.

1. 2 Мектепке дейінгі балалық шақтағы еріктік іс-әрекеттің қалыптасуы.

Адамның еркі міндетті түрде оның іс-әрекетінде байқалады, яғни оның жүйкелік және бұлшық еттің қысымының жұмысында байқалынады, өйткені адам қалған мақсатына жету жолында әртүрлі қиыншылықтарды жеңуі керек: сырты (арақашықтық, жолдың қиыншылықтары) және ішкі (физикалық әлсіздік, қаламау. Міне сондықтанда ең алдымен бала өзінің тәнін меңгеруді үйренеді. Балаға өз денесін басқару өте қиынға түседі. Бастапқыдабұл өзін-өзі сырттай бақылауды талап ететін ерекше тапсырма - бала тек өзінің қолына, аяғына кеудесіне қарап отырған кезде ғана қимылсыз болады, мұны олар басқарудан шығып кетпесін деп бақылайды. Тек содан кейін ғана балалар біртіндеп бұлшық еттін түйсінудің (сезінудің) негізінде өз денесінің жағдайын басқарады.

Яғни ерікті қозғалыстың туындауы үшін бала орындайтын қозғалыс сигналдық мағынаға ие болуы керек. Тек осындай жағдай да ғана бұрын болмаған қимыл қозғалыстар сезілетіндей болады. Олар ерікті қозғалыстың пайда болуына дайындайды.

«Қимыл-қозғалыстың сезінерлігі олардың еріктілігінің міндетті бірлігі ғана емес, сондай-ақ олардың аса қажетті алғышарты болып табылады. Ерікті басқарылымға айналмас бұрын қозғалыс сезінерлік болуы тиіс», - деп жазды А. В. Запорожец.

Біртіндеп сөйлеу тілін меңгеру және баланың мінез-құлқын реттеудегі сөйлеу тілінің рөлін көтеру баланың еріктік іс-әрекетінің дамуынының маңызын құрайды.

Еріктік әрекеттің негізінде әрдайым «сөздік компонент» жатады, өйткені ерікті қимыл-қозғалыстар (алдымен сыртқы сөйлеу тілінде, содан соң ішкі с. т. айтылатын) сөзбен байланысты. Сөзбен үнемі қозғалыс мақсаты беріледі, сөз қимыл қозғалыс жасалына бастайтын белгі болып табылады. И. П. Павлов сөзді - қозғалыстың (қимылдарының) басталу белгісі» деп атаған. Бала алдымен ересектердің сөздік нұсқауларын орындайды, сосын үлкендердің сөздік нұсқауларындағы өзінің іс-әрекетін басқаруды үйренген соң, бала ондағы қоғамдық талаптардың мазмұнын түсінеді, және оны өз бетінше орындай бастайды. Осылайша? Еріктік іс-әрекеттің орындалуы сөзбен жоспарлау мен реттеуге тәуелді болады, дәл сөздік формада бала өзінің не істек керек екендігін құрастырады, мотивтермен күресу жағдайында қабылдау керек шешімдерді өз-өзімен ақылдасады, бұл істі не үшін орындайтындығы туралы өзінің есіне түсіріп қояды, өзіне мақсатқа жету керек деп бұйрық береді. Сөйлеу тілі баланың мінез-құлқында осы реттеуші мағынаға бірден ие болмайды. Бала бұрын үлкендер өзіне қолданған мінез-құлықты басқару формаларын, өзінің әрекетін сөз арқылы басқару және реттеу дағдысын меңгереді.

Бала сөйлеу тілін жақсы түсінетін болса да, және оны өзін қоршаған адамдарын қарым-қатынастарына кеңінен қолданса да, мектепке дейінгі балалық шақтың бастапқы кезеңінде жіде болса сөз формалары нұсқаулар бойынша қандайда бір күрделі әрекеттерді орындай алмайды. Үлкендердің нұсқауы оны қандай да бір істі бастауға немесе аяқтауға ғана ынталандыра алады. Ал баланың өз сөйлеу тіліне келетін болсақ, ол бұл кезеңде әрекетті немесе оның нәтижесін ғана білдіреді, бірақ әлі де болса әрекетті жоспарлап реттеуге келмейді. Бала сөзбен әрекеттің мақсатын белгілей алады, бірақ ол ешқашан белгілеген ісінің (әрекетінің) қалай орындалынатынын сөзбен анықтай алмайды.

Орта мектепке дейінгі жас бала үшін үлкендердің сөз нұсқаулары анағұрлым тұрақты мағынаға ие болады. Нұсқауды алып, мағынасын түсінген соң абал бірден әрбір қозғаоысқа жеке нұсқауды қажет етпей ақ әрекетті дұрыс орындай бастайды. Баланың өз сөзі істі жоспарлауға және оны басқаруға пайдаланыла бастайды («Арманның суретін саламын. Алдымен көп ағаштар саламын, сосын қоян және түлкінің суретін саламын») . Осының барысында бала өз іс-әрекетін бағыттай отырып дауыстап сөйлей реттеуі әліде толық жетіле қоймаған. Балалардың әрекеттерінің мақсаты мен мотивтік өзбетінше ұстау кезіндегі сезінетін қиыншылық осымен түсіндіруге болады.

Жоғарғы мектепке дейінгі жас бала үлкендердің салыстырмалы түрде күрделі сөздік нұсқауларын орындау біліктілігін меңгереді. Өз іс-әрекетін сөзбен жоспарлау барысында ол көбінесе дауыстап өз іштей басқарады. Алайда қиын жағдайларда тіпті үлкен мектепке дейінгі жас балалар өздерін сырттай-дауыстап сөйлей отырып басқарады.

1. 3 Мектепке дейінгі балалық шақтағы мінез-құлық мотивтерінің матасуының қалыптасуы мен дамуы.

Бала еркінің даму проблемасы баланың іс-әрекетінің үлгілік мотивтің қалыптасуыпроблемасы тығыз байланысты. Егер кішкене баланың мінез-құоқы қабылданатын жағдайдың тікелей ерекшелігі бойынша анықталынатын болса, онда мектепке дейінгі жас баланың іс-әрекетін реттеудегі үдеп отыратын ролді балаға қоршаған орта қоятын талаптар мен ережелер атқарады. Бала қоғамдық мазмұнын түсінеді, өзін қоршаған адамнан қарым-қатынас жасау процесінде бағынуға мәжбүр болатын құндылық нормаларын түсінеді. Белгілі бір жағдайларда осы қоғамдық талаптардың мәні баланың ішкі талаптарының мазмұнына айналады және бала оны сыртқы көмектің қажетінсіз, өз ынтасы бойынша, тәуелсіз өз бетінше әрекеттерінде басшылыққа ала отырып іске асыра бастайды. Бала мінез-құлық ережелерін меңгергеніне байланысты үнемі өзін-өзі қалағандай ұстай алмайтындығын түсіне бастайды. Сондықтан үлкендердің «болады және болмайтындығын» аулақ болуға ынталандыратын міндеттемелер туындайды.

Осы жерде ерік өзінің «моральдық» түсіне ие болады.

Өз мінез құлқын басқару баланың түйсіну объектісі болады. Бұл оның дамуындағы жаңа сатыны объектісі басқа адамдармен қарым-қатынас жүйесіндегі баланың алатын орны және өз мүмкіндіктері болып табылатын жеке сананың қалыптасу сатысы білдіреді. Жеке сананың пайда болуы органикалық тұрғыда өз мінез-құлқын ерікті түрде басқарудың қалыптасумен байланысты. Алайда мінез-құлықты саналы түрде басқару мектепке дейінгі балалық шақта қалыптаса бастайды. Еріктік іс-әрекеттер байқаусыз имульситі іс-әрекеттермен қатар өмір сүреді кіші мектепке дейінгі жас баланың мінез-құлқы толығымен имупльситві іс-әрекеттен тұрады, еріктің байқалынуы тек уақыт өте осыған аса қолайлы жағдайларда ғана байқалады.

Орта мектепке дейінгі жас балаларда осындай көрсеткіштердің саны артып отырады бірақ олар мінез-құлықта әліде болса маңызды орын алмайды. Тек үлкен мектепке дейінгі жас бала салыстырмалы түрде ұзақ ерікті күш жұмсауға қабілетті болады.

Бала өз қабылдауын есте сақтауын басқара бастайды. Есте сақтау мен еске түсіру пратсестерін басқару бала өз алдына арнайы мақсат қойып мысалы: ұнаған тақпақ, ертегіні еске сақтап бастағанда, яғни 4жасына таман мүмкін болады.

Ойлау әрекетін басқару орта және үлкен мектеп дейінгі жас балаларда байқалады. Мысалы: Басқатырғышты шешуге тырыса отырып олар біріншісімен екіншісіне жүйелі түрде ауыса отырып әртүрлі нұсқау шешім пайдаланған кездер.

Осылайша мектепке дейінгі жас баланың мінез-құқында өзгерістер болады: іс-әрекеттерін ерікті түрде, тек іс-әрекеттері ғана емес толық мінез-құлқын ерікті түрде басқару мүмкін болады.

Мектепке дейінгі жас балалардың ерікті мінез-құлқы мен қасиеттерінің дамуы үшін үлкендердің бағасы өте маңызды. Осы бағалаудың негізінде балаларда өздерінің нені жақап жасай алатындықтары және нені мүлдем жасай алмайтындарын түсініп қабылдайды. Ересек адамның баға беруі әсіресе 4-5 жастағы балалар үшін өте маңызды. Балалар үлкендер жақтырмайтын істерден тиыла отырып олардың жағымды көз қарасына бөленуге тырысады.

Сондай-ақ мектепке дейінгі жас балаларда сана сезім дамиды - өзі қандай, қандай қасиеттерге ие, оған деген қоршаған адамдардың көзқарасы қандай және мұндай көзқарас не үшін туғандығын ойланып түсіну. Сана сезім әсіресе өзін-өзі бағалауда ерекше байқалады, яғни баланың өз жетістіктері мен сәтсіздіктерін, өз қасиеттері мен мүмкіндіктерін бағалауы.

Өзін-өзі дұрыс бағалай үшін бала алдымен өзі сырттан бақылай алатын басқа адамдарға баға беріп үйренуі тиіс. Ал бұл бірден іске аса қоймайды. Осы кезеңде өз құрбыларын бағалай отырып, бала ересектердің өздері яғни олар туралы пікірлерін қайталайды. Осы жағдай өзін-өзі бағалауда да байқалады («Мен жақсымын, өйткені анам солй дейді») .

Баланың басқа адамдарды, олардың істерін және қасиетін өзбетінше бағалауы бастапқыда оның өзінің осы адамдарға деген қарым-қатынасына тәуелді болады. Бұл жеке алғанда ертегілер мен әңгімелеріндегі кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауда байқалады. Жақсы, жағымды кейіпкердің кез келген іс-әрекеті жақсы болып бағаланылады, ал жамандікі - жаман болып бағаланады. Алайда кейіпкерлердің қасиеттері мен іс-әрекетінің бағасы біртіндеп, оларға және жағдайды түсіну мен сол қасиеттер мен іс-әрекеттер шынайы мағынасына қарай құрыла бастайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте балалық шақ жасындағы балаға сипаттама жасап, психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу
Балалар психологиясы пәнінен дәрістер
Балалар психологиясындағы жаңатарау
Мектепке дейінгі балалық шақ
Ерте балалық шақтың жалпы сипаттамасы
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ пәні бойынша
ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуы
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктеріне теориялық сипаттамасы
Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық даму заңдылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz