Экономикалық категория ретiнде ақшаның мәнi


Кiрiспе
1 Ақшаның даму эволюциясы, қызметi, нарықтағы рөлi
Ақшаның даму кезеңдерi, қызметтерi және экономикалық мағынасыАқша .өтiмдi актив ретiнде және оның нарықтығ экономикадағы рөлi
2 Ақша нарығындағы ұсыныс және сұраныс
Ақшаға сұраныс және оның негiзгi мотивтерi¤тiмдiлiктi таңдау теориясы және ақша нарығындағы тепе.теңдiк
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi
Ақша – бұл тарихи даму ‰рдiсi барысында қалыптасқан экономикалық категория болып саналады. Ол қоғам дамуының әрбiр кезеңiндегi өндiрiс және айырбас процестерiнде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғамның экономикалық дамуы к‰рделенген сайын, ақшаның маңызы арта т‰седi. Ақша – тауарлы өндiрiстiң өнiмi. Ақша- кез-келген тауар айналысының құрамдас бөлiгi және оның нәтижесi. Тауар және ақша бiр-бiрiнен ажырамайды, себебi ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да м‰мкiн емес /1, 23б/.
Ақша тауардан дами отырып тауар болып қала бердi, бiрақ тауардың жалпылама эквивалентi ретiнде. Расында да, ақша адамдарға ежелден-ақ таныс. Бiрақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зерттей келiп, көптеген ғалымдар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан- жақты ашып, жауап бердi.
1. Сейiтқасымов ¤.С. Ақша, несие, банктер.– А., Экономика, 2001.– 466 б.
2. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары.– А., Экономика, 2000. – 328 бет.
3. Линвид Т.Г. Макроэкономическая теория и переходная экономика.– М., ИНФРА-М, 1996.– С.560
4. Экономикалық теория негiздерi Оқулық.– А., Санат, 1998.–455 бет.
5. Гальперин В.М. Макроэкономика.– С.-Пб., Экономика и финансы, 1997.–С.710
6. Жуков Е.Ф. Общая теория денег и кредита.– М., Банки и биржи ЮНИТИ, 1998.–С.359
7. Мэнкью Н.Г. Макроэкономика.– М., МГУ, 1994.–С736
8. Агапов Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика.– М., Дело и сервис, 1999.–С.416

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Көлемі: 26 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 700 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Жоспар

Кiрiспе
1. Ақшаның даму эволюциясы, қызметi, нарықтағы рөлi
Ақшаның даму кезеңдерi, қызметтерi және экономикалық мағынасыАқша -өтiмдi
актив ретiнде және оның нарықтығ экономикадағы рөлi
2. Ақша нарығындағы ұсыныс және сұраныс
Ақшаға сұраныс және оның негiзгi мотивтерi¤тiмдiлiктi таңдау теориясы және
ақша нарығындағы тепе-теңдiк
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi

Кiрiспе

Ақша – бұл тарихи даму ‰рдiсi барысында қалыптасқан экономикалық
категория болып саналады. Ол қоғам дамуының әрбiр кезеңiндегi өндiрiс және
айырбас процестерiнде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды
көрсетедi. Қоғамның экономикалық дамуы к‰рделенген сайын, ақшаның маңызы
арта т‰седi. Ақша – тауарлы өндiрiстiң өнiмi. Ақша- кез-келген тауар
айналысының құрамдас бөлiгi және оның нәтижесi. Тауар және ақша бiр-бiрiнен
ажырамайды, себебi ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да
м‰мкiн емес 1, 23б.
Ақша тауардан дами отырып тауар болып қала бердi, бiрақ тауардың
жалпылама эквивалентi ретiнде. Расында да, ақша адамдарға ежелден-ақ таныс.
Бiрақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi
көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зерттей
келiп, көптеген ғалымдар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-
жақты ашып, жауап бердi.
Ақшаның қажеттiлiгi туралы әр уақытта әр т‰рлi ойлар айтылған.
Мысалы, рационалистiк концепцияны (ақыл-ой талабына ғана енгiзілген
көзқарас( жақтаушылар ақша адамдар арасындағы келiсiм құралы, ол айырбас
кезiнде құндардың қозғалысына қажеттi арнаулы құрал деп т‰сiндiрдi. Бұл
ойды жақтаушы Аристотель өзiнiң (Никомахова этика( деген кiтабында
(Айырбасқа қатысатындардың барлығы өзара салыстырмалы болу ‰шiн шарттылыққа
негiзделген әлдебiр өлшем болуы қажет( деп жазған 2,24б. Бұл ой көне Рим
қоғамындағы заңға енгiзiлiп, оның қағидасы бойынша император ақшаның құнын
заңмен бекiткен.
Ал, XVI ғасырдың бас кезiнде (1516 ж.( утопиялық социализмнiң
негiзiн қалаушы Томас Моор өзiнiң (Золотая книга о наилучшем устройстве
государства и новом острове Утопия( деген еңбегiнде (барлығын ақшамен
өлшегенде мемлекеттiк iстердiң табысты және дұрыс шешiлуi м‰мкiн болар ма
екен( деп жазған 2, 24б.
Сондай-ақ, XIX ғасырда утопист-социалистер Прудон, Оуэн, Грейт және
басқалары да ақшаға терiс көзқараста болды. Мысалы, Прудон тауар өндiрiсiн
сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды. Сол
сияқты 1832 ж. Р. Оуэннiң тауарларды ақшасыз (еңбек бондарын( қолданып,
жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарларды бағалаумен айырбас ж‰ргiзуге
ұмтылған әректтерi сәтсiздiкпен аяқталған.
Сөйтiп, рационалистiк концепцияны жақтаушылар тобы – ақша адамдар
арасындағы келiсiмнен туған айырбастың техникалық құралы деген көзқараста
болды.
Ал, эволюциялық концепцияны (өрiстеу, бiрте-бiрте даму көзқарасын(
жақтаушылар бұл (жұмбақты( басқаша шешкен. Бұл концепция қоғамдық тауар
өндiрiсiн зерттей келiп, ақша адамдардың еркiнсiз айырбастың ұзақ дамуының
нәтижесiнде б‰кiл тауарлар әлемiнен бөлiнiп шыққан ерекше тауар екенiн
дәлелдейдi.
Алғашқы болып ақшаның тауарлы жаратылысын дәлелдеп, ақша теориясының
дамуына көп еңбек сiңiрген К.Маркс. Ол айырбастың жай, ең қарапайым
формасынан ақшалы формасына дейiнгi ұзақ даму жолдарын зерттей келiп,
ақшаның жұмбақ сырын жоққа шығарды. Сондай-ақ, К.Маркс ақшаның қажеттiлiгi
жөнiнде (егер ақша жойылса, бiз қоғамдық өркендеудiң не ең жоғарғы
дәрежесiнде болармыз, не ең төменгi сатысына лақтырылып тастармыз( деп өз
ойын қорытындылаған. Ал, коммунизм тек қиял, сондықтан ақша болды, ақша бар
және одан әрi де бола бермек 2, 25б.
Ал, қазiргi кездегi нарықтық экономикада ақшаның маңызы өте зор. Мен
өзiмнiң осы курстық жұмысымда – ақшаның экономикада қаншалықты маңызды рөл
алатынына тоқталып өттiм. Және де тек маңыздылығы на ғана емес, сонымен
қатар ақшаның атқаратын қызметтерiне, оған деген сұраныстың туу
себептерiне, ақша ұсынысына және ақша нарығындағы тепе-теңдiк жағдайларына
да тоқталып өттiм.

1. АҚШАНЫҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ, ҚЫЗМЕТТЕРI ЖӘНЕ НАРЫҚТАҒЫ Р¤ЛI

Ақшаның даму кезеңдерi, қызметтерi және экономикалық мағынасы

Ақша – ежелгi заманнан пайда болған ерекше тауар болып саналады.
Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы өнiм болып табылады. Тауар – бұл сату
немесе айырбастау ‰шiн өндiрiлген еңбек өнiмi.
Әрбiр ерекше тауар мiндеттi т‰рде тұтыну құны ретiнде көрiнедi.
Оның құны жасырын т‰рде болады және тек қана ақшаға теңестiру жолымен
табылады. Тауарлар және ақшалар бiр немесе осы тауар формасының нақты
қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-бiрiн табады
және өзара бiр-бiрiне ауысады.
Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты неғұрлым жиi айырбасталатын
тауар – барлық басқа тауарлардың бiр-бiрiмен өзара айырбасталу құралы
бола алады. Тауар айналысының тарихи-эволюциялық даму процесiнде жалпы
құндық-эквивалеттiк немесе ресiмделмеген ақша формасын әр т‰рлi тауарлар
қабылдады. Әр елдiң географиялық орналасу жағдайына байланысты олардың
жалпы эквивалент рөлiндегi ақшалары әр т‰рлi болды.
Кейiн келе, жалпы эквивалент ретiнде – металл ақшалар қолданыла
бастады. Ежелгi Спартада, Жапонияда, Африкада темiр, мырыш, қорғасын,
мыс, к‰мiс, алтын т‰рiндегi ақшалар пайдаланды. Рим императоры Дионисий
Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйдырған.
Қытайда және кейбiр ежелгi мемлекеттерде мыс – ақша ретiнде пайдаланды.
XVII ғасырларда Солт‰стiк Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын
дөңгелешiктер қолданылды 1, 11 б.
Кейiннен металдардың арасында басты рөл алтын мен к‰мiске өте
бастады, өйткенi олар жалпы эквивалент ‰шiн керек аса қажеттi сапаларға
ие едi.
Сөйтiп, монеталардың пайда болуы – ақшаның құрылуындағы соңғы
кезең болып саналады.
Ақшаның т‰пкiлiктi мағынасын ұғыну ‰шiн, алдымен оның атқаратын
қызметтерiн айқындап алу керек. Ақшаның әрбiр қызметi – оның тауар
айырбастау процесiнен туындайтын, тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының
формасы ретiндегi әлеуметтiк-экономикалық маңызының белгiлi-бiр жағын
мiнездейдi. Мысалы, К.Маркс өзiнiң әйгiлi еңбегi (Капиталда(- ақшаның 3
формасын: алтын, қағаз, несие және 5 қызметiн: құн өлшемi, айналыс
құралы, төлем құралы, қор жинау және әлемдiк ақшалар деп атап көрсеткен.
Ендi, осылардың әрқайсысына тоқталып өтейiн.
Ақша – құн өлшемi ретiнде. Құнды өлшеу қызметi тауар өндiрiсi
жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi
ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн
атқарады. ¤зiнiң жеке құны бар тауар ғана құн өлшемi бола алады.
Ақша – құн өлшемi қызметiн идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды.
Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейiн орындалады.
Сөйтiп, құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы ‰шiн тауардың
бағасын белгiлеу қажет болғаны.
Сонымен, құн өлшеу қызметi – жалпы эквивалент ретiндегi ақшаның
тауарға деген қатынасын көрсетедi.
Айналыс құралы. Бұл тауар айналысындағы ақшаның атқаратын екiншi
қызметi. Бұл жерде тауарлар бiр-бiрiмен айырбасталғанда ақша делдалдық
қызмет атқарады. Ақша пайда болғаннан кейiн тiкелей тауар айырбастау (Т-
Т( тауар айналысы формасына (Т-А-Т( айналды. Бұнда екi акт бар: бiрiншiсi
Т-А - ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау, ал екiншiсi А-Т
– ақшаға басқа қажеттi тауарды сатып алу. Ақшаның бұл қызметi тауар
айналымына сапалық өзгерiстер енгiздi. Атап айтқанда:
Бiрiншiден, Т-А – процесi өнiм өндiрушiнiң өнiмдi өндiруге жұмсаған
еңбегiн қоғам таныды деген мағынаны бiлдiредi.
Екiншiден, бiр нарықта тауарды сатып алып, басқа бiр нарыққа сатып,
ақша т‰рiне айналдырып алуға м‰мкiндiк туады.
‡шiншiден, тауарды ақшаға айналдырып (Т-А(, қажет тауарды сатып
алғанға дейiн қалдыруға болады.
Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс
қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы
негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасымен анықталады
1,20 б.
Төлем құралы. Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату
уақыты оған ақша төлеу уақытымен сәйкес келе бермейдi. Төлемдi кешiтiре
отырып, сатылған тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы қызметiн
атқарады.

Ақшаның төлем құралы қызметi тек тауар айналысын қамтумен
шектелiп қана қоймай, сонымен бiрге ақша қаржылық және несиелiк
қатынастарға да қызмет етедi. Ақшаның төлем құралы қызметiнiң айналыс
құралы қызметiнен айырмашылығы, бұл қызметiнде ақша сату сатып алу
процестерiн аяқтайды және қолма-қол ақшамен қатар несие ақшалары да
ж‰редi.

Дамыған нарық жағдайында iрi сауда келiсiмдерiнде ақша көбiне
төлем құралы ретiнде қолданылады. Несие қатынастарының дамуы қолма-қол
ақшаны қатыстырмастан қарыз мiндеттемелерiн (мысалы, вексель( өзара
есепке алу жолымен өтеуге м‰мкiндiк туғызады.
Сөйтiп, ақшаның төлем құралы қызметi несие қатынастары мен несие
ж‰йесiн дамытты.
Қорлану және қазына жинау құралы. Ақшаның айналыс және төлем
құралдары қызметiн орындауы ‰шiн қажеттi мөлшерде белгiлi-бiр уақытта
ақша қорын жинау керек. Әр т‰рлi жағдайларға байланысты тауар айналысы (Т-
А-Т( тоқтап (Т-А( қалуы м‰мкiн. Осының нәтижесiнде ақша айналысы да
тоқтап, белгiлi-бiр тауарларды сатқаннан соң ақша жиналып қалады. Әрине
ақша қорын жинау әр т‰рлi нақты себептерге байланысты.
Тауар айналымының ‰зiлiссiз бiрқалыпта ж‰руi ‰шiн қажеттi ақша
мөлшерi өзгерiп отырады. Сондықтан, бiр кезде айналысқа қосымша қосып,
кейде, керiсiнше ондағы ақшаны шығару қажет болады.
Қазiргi жағдайда, қазына жинау қызметi айналыстағы ақша массасын
реттегiш рөлiн атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттiң сақтандыру қоры
ретiнде болады. Алтын резервтерi мемлекетке экономикалық тәуелдiлiктiң
болуына кепiлдеме бередi. Қазiр Қазақстан Республикасының ¦лттық банктегi
алтын резерв қоры 7 млрд. 707 млн. теңгенi құрайды.
Қорыта айтқанда, ақшаның қор жинау және байлық құру құралы қызметi
арқылы ұлттық табысты қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу процестерi
ж‰редi.
Д‰ниеж‰зiлiк ақша. Халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң дамуы, шаруашылық
байланыстардың интернационалдануы тауар және ақша айналысының ұлттық
шеңберден шығып, әлемдiк нарықтың пайда болуына әсер еттi. Бұл
экономикалық қатынастар – ақшаның д‰ниеж‰зiлiк қызметiнiң алғы шарты.
Сондықтан ақша халықаралық сауда-саттыққа қызмет көрсетедi.
Кейбiр елдердiң ұлттық ақша белгiлерiнiiң д‰ниеж‰зiлiк ақша ретiнде
қолдануының себептерi:
Бiрiншiден, бұл елдердiң д‰ниеж‰зiлiк сауда мен несие
қатынастарында жоғары ‰лестi салмағы бар;
Екiншiден, бұл елдердiң басқа елдерге айтарлықтай несие беруге
м‰мкiндiгi бар 2, 23 б.
Бiр сөзбен айтқанда, экономикасы дамыған және әлемдiк нарықтағы
тауарларының ‰лес салмағы қомақты мемлекеттердiң ұлттық валютасы
д‰ниеж‰зiлiк ақша бiрлiгi ретiнде ж‰редi.
Жоғарыда айтып өткендей, ақша – бұл тарихи дамыған экономикалық
категория. Ол қоғам дамуының әрбiр сатысында өндiрiс және айырбас
процесiнде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды
бiлдiредi. Қоғам – экономиканың әр т‰рлi ‰лгiсiне өткенде ақшаның маңызы
арта т‰седi. Мысалы, орталықтанған жоспралы экономикада керiсiнше ақшаның
мәнi шектеулi болды.
Ал, қазiргi жағдайдағы нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор.
Себебi, әр т‰рлi меншiк жағдайында (мемлекеттiк, кооперативтiк, жеке(
жұмыс iстейтiн тауар өндiрушiлер өндiретiн және сататын өнiмнiң көлемiн,
т‰рiн және бағасын бекiтуге дербестiк алды.
Сондықтан да, ақша – нарықтық экономикада ақша-несиелiк реттеуде
айналыстағы ақша массасының өсуiн тежеу, инфляциялық процестердi жеңу
және өнiмдi ынталандыру бағытында қолданылады.

Ақша - өтiмдi актив ретiнде және оның нарықтық экономикадағы рөлi

Ақша – бұл төлем құралын атқаратын активтер болып саналады. Ал,
өтiмдiлiк - өзiнiң номиналды құнын жоғалтпай тез, әрi ыңғайлы есеп
айырысу құралын атқаратын активтердi бейнелейдi. Яғни, ақша - өте өтiмдi
активтер болып табылады 3,230 б.
¤тiмдi т‰сiнiгi – ақша категориясын анықтау ‰шiн маңызды. Қандай
болмасын м‰лiктiң немесе активтiң өтiмдiлiгi дегенде, оның оңай сатылуы
және құнын жоғалтпай ақша т‰рiне айналу м‰мкiндiгiн айтады 4,370 б.
Демек, активтердiң ең өтiмдi т‰рi – ақша болып табылады. Сол сияқты,
жоғары өтiмдi м‰лiктерге: алтын, бағалы метелдар мен тастар, мұнай, өнер
шығармалары жатады. Ал, өтiмi төмендеу болатындарға: ‰йлер, құрал-
жабдықтар (бизнесмендер оларды (мұздатылған( құралдар деп те атайды(
жатады.
Фирмалар, ‰й шаруашылығы немесе мемлекет иелiгiндегi кез-келген
м‰лiктi сатуға болатындықтан, ал келген т‰сiмдердi басқа заттарды сатып
алуға жұмсауға болатындықтан, оны сатып алу м‰мкiндiгiнiң қор жинау
құралы ретiнде қарастыруға болады. Әйткенмен де, ақшаның басқа ешқандай
активтер ие бола алмайтын 2 қасиетi бар:
Бiрiншiсi, ақша – жаратылысынан айналыс құралы болып
табылатындықтан, оны басқадай активтерге айырбастаудың қажеттiгi жоқ;
Екiншiсi, актив ретiндегi ајшаның бұл ерекшелiгi – олардың
номиналды құны не өсе алмайды, не азая алмайды. Бұл расында да осындай,
себебi ақша құн өлшемi болып табылады және барлық номиналды бағаларды
анықтау ‰шiн қолданылады 5, 175 б.
Актив өтiмдiлiк қасиетiне ие болады, егер ол төлем құралы ретiнде
қолданылса немесе оңай төлем құралына айналса және өзiнiң номиналды құнын
жоғалтпаса. Бiрақ, ешқандай да актив ақша деңгейiндегiдей өтiмдiлiкке ие
емес және ие бола алмайды.
¤неркісiбi өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау ‰шiн
негiзгi ақша агрегаттарының төмендегi жиынтығын пайдаланады:
М1 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноталар, тиындар, ал кейбiр
мемлекеттерде қазыналық билеттер( және банктiк ағымдағы шоттардағы
салымдар жатады;
М2 – М1 + мерзiмдi 4 жылға дейiнгi коммерциялық банктердегi
мерзiмдi және жинық салымдары жатады;
М3 - М2 + арнаулы несие мекемелерiндегi жинақ салымдары кiредi;
L – М3 + iрi коммерциялық банктердiң депозиттiк сертификаттары
қосылады;
Қорыта айтқанда, әрбiр ақша агрегаты өзiнен алдыңғылардың барлық
элементтерiн өзiне бiрiктiрiп ‰лкен ақша жиынын құрайды.

Ақшаға нарықтық экономикада өте маңызды ‰лесi тиедi. Оның негiзгi
төрт себебi бар:
Бiрiншiден, ақша – экономикалық ж‰йеде тауар өндiрушiлер
арасындағы қатынасты ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні
Несие экономикалық категория ретінде
Инфляция - экономикалық категория ретінде
Ақша экономикалық категория ретінде
Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
Жекеменшік экономикалық категория ретінде
Экономикалық категория ретінде сақтандыру
Жұмыссыздық экономикалық категория ретінде
Займдар –экономикалық категория ретінде
Кәсіпкерлік экономикалық категория ретінде
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь