Қазіргі заман мәдениеті мен оның негізгі мәселелері



І.Кіріспе
1.тарау Қазіргі заман мәдениеті мен оның негізгі мәселелері
А)Республика мәдениет саясатын нақты жүзеге асырудағы ролі
Б)ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілген мәдени шаралар
2.тарау.Тарихи.мәдени мұраларды, әлем әдебиетінің ең үздік үлгілерін жарыққа шығаруды жандандыру
3.тарау.Мәдениет саясатын дамытуда, халық өнерінің алатын орны ерекше
ІІ.Қорытынды
Қазақстан егемендік алуымен байланысты қазақ халқының рухани өмірінде мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының кең жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды.
Тәуелсіз Қазақстанның әдебиеті мен ұлттық тілінің мәртебесін көтеруде бірқатар шаралар іске асырылуда. XX ғ. 30-шы жылдары нәубетке, жазықсыз жазаға ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды, басқа да салалар бойынша ма-мандарды ақтау жүзеге асты. А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, М. Дулатовтың, Ш. Қүдайбердиевтің, Ә. Бөкейхановтың, X. Досмұхамедовтың, Ж. Аймауытовтың және басқалардың кітаптары жарық көрді. Бұлардың шығармалары ұмыт болып, мектептерде, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында соңғы кезге дейін оқытылмаса, енді оқу орындарының бағдарламаларына кеңінен енгізіліп, оқушы-студент жастарға олар жөнінде жан-жақты дәріс беріледі. Мемлекеттің жаңа кезеңдегі жүргізіп отырған ұлт саясатымен байланысты қазақ тілін қайта түлету, мейлінше көкейкесті проблемаға айналды. 1989 ж. қыркүйектегі Тіл туралы Заң және Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша ол мемлекеттік тіл деп жарияланды. Іс жургізуді қазақ тіліне көшіру жөнінде жан-жақты шаралар белгіленіп, олар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Қазақстанның барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ тілінде оқыту бөлімдері ашылды. Мұның өзі ауылдан қазақша оқып келген жастардың ана тілінде тиянақты білім алуына жағдай жасады.
1.Н.Ә. Назарбаев Тарих толқынында. Алматы «Атамұра»
1999. -14 б.
2.Н. Ә. Назарбаев. Қазақстан – 2030. // Егемен Қазақстан –
Алматы, 1997.
3.Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алматы:Қазақстан, 1974, 235 б
4.Х.Маданов « Қазақ мәдениетінің тарихы» Алматы;1998 жылы
5. Х.Маданов« Қазақ халқының арғы-бергі тарихы»
Алматы;1995 жылы

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

І.Кіріспе
1-тарау Қазіргі заман мәдениеті мен оның негізгі мәселелері
А)Республика мәдениет саясатын нақты жүзеге асырудағы ролі
Б)ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілген мәдени шаралар
2-тарау.Тарихи-мәдени мұраларды, әлем әдебиетінің ең үздік үлгілерін
жарыққа шығаруды жандандыру
3-тарау.Мәдениет саясатын дамытуда, халық өнерінің алатын орны ерекше
ІІ.Қорытынды

Кіріспе

Қазақстан егемендік алуымен байланысты қазақ халқының рухани өмірінде
мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен
мәдениет өз дамуының кең жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі
партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды.
Тәуелсіз Қазақстанның әдебиеті мен ұлттық тілінің мәртебесін
көтеруде бірқатар шаралар іске асырылуда. XX ғ. 30-шы жылдары нәубетке,
жазықсыз жазаға ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды, басқа да салалар бойынша
ма-мандарды ақтау жүзеге асты. А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, М.
Дулатовтың, Ш. Қүдайбердиевтің, Ә. Бөкейхановтың, X. Досмұхамедовтың, Ж.
Аймауытовтың және басқалардың кітаптары жарық көрді. Бұлардың шығармалары
ұмыт болып, мектептерде, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында соңғы
кезге дейін оқытылмаса, енді оқу орындарының бағдарламаларына кеңінен
енгізіліп, оқушы-студент жастарға олар жөнінде жан-жақты дәріс беріледі.
Мемлекеттің жаңа кезеңдегі жүргізіп отырған ұлт саясатымен байланысты қазақ
тілін қайта түлету, мейлінше көкейкесті проблемаға айналды. 1989 ж.
қыркүйектегі Тіл туралы Заң және Қазақстан Республикасының Конституциясы
бойынша ол мемлекеттік тіл деп жарияланды. Іс жургізуді қазақ тіліне көшіру
жөнінде жан-жақты шаралар белгіленіп, олар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда,
Қазақстанның барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ тілінде
оқыту бөлімдері ашылды. Мұның өзі ауылдан қазақша оқып келген жастардың ана
тілінде тиянақты білім алуына жағдай жасады.

І.Қазіргі заман мәдениеті мен оның негізгі мәселелері
1.1.Республика мәдениет саясатын нақты жүзеге асырудағы ролі

1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан үкіметі тұңғыш рет
идеологиялық өктемдіктен бас тартатынын, мәдени-шығармашылық бостандықты
жариялап, оны қорғау, өнерге қол жеткізуге көмектесетін жағдайлар туғызу,
жариялылықты қамтамасыз ету және шығармашылық қызметкерлерінің жұмысын
халыққа жария ету жөнінде міндеттемелер алды. Міне, осының нәтижесінде
экономикалық қиындықтарға қарамастан, республикада мәдениеттің басты ошағы
болып саналатын мемлекеттік театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта
жаңадан Көкшетауда қазақтың музыкалық драма театры, Ақтөбеде драма театры,
Ақмолада музыкалық драма театры, Батыс Қазақстан облысында мәдениет
институты және қазақ драма театры, Мәдениет министрлігі жанынан күрделі
мәдениет мәселелері бойынша Ғылыми орталық ашылды.
Өнердегі менеджменттің тиімді үлгісінің өмірге келген жайттары орын алды.
Мәселен, Айман Мұсаходжаева "Солистер академиясы" оркестрін ұйымдастырып,
бүкіл музыкалық білім беруді қайта құру жөнінде ұтымды жүмыс жүргізді.
Соның нәтижесінде 1998 жылы Астана қаласында тұңғыш рет ұлттық музыка
Академиясы құрылды. Жәния Әубәкірова музыкалық мектептің негізінде колледж,
ал жазушы Әбдіжәміл Нүрпейісов "пен-клубын" ашты. Осының бәрі өнер
саласындагы дарынды адамдардың өз идеяларын жүргізу үшін сауатты нысандар
тауып жатқанын көрсетеді. Соңгы жылдары Президент Н. Ә. Назарбаевтың
шығармашылық жастармен кездесуі дәстүрге айналды. Мәдениет және өнер
қайраткерлеріне арналған Елбасының стипендиясы тағайындалды. Ол жыл сайын
беріліп тұрады.
Еліміздің көп ұлтты мәдениетін дамытуда 40-тан астам ұлттық мәдени
орталықтар мен Қазақстан халықтарының біріккен Ассамблеясы бірсыпыра
жұмыстар жүргізуде. Нарықтық экономика талаптарына бейімделе отырып, 1996
жылы 22 жекеменшік киностудия мен 12 жекеменшік галерея мемлекеттің
жәрдемінсіз жұмыс істеді. Соңғы кезде көптеген мәдени шаралар мемлекеттің
қаржылай қолдауынсыз жүргізілуде. Республика мәдениет саясатын нақты жүзеге
асыруда жоғары кәсіби мәдениет кадрлары мен мамандардың атқаратын ролі зор.
Осы жағдайды ескере отырып, мәдениет саласына қажетті кадрларды дайындау
ісі республиканың 5 жоғары 39 орташа арнайы оқу орындарында жүзеге асырылып
келеді. Сонымен қатар шығармашылық жас таланттарды тәрбиелеп өсіруде
жазушылар, композиторлар, суретшілер, театр және кино өнері тағы басқа
шығармашылық одақтардың алатын орны ерекше. Олар тек мемлекет идеологиясын
жүзеге асыру қызметімен шектелмей, шығармашылық жастардың өсіп-жетілуіне
зор ықпал ететін шараларды іске асырып отыр.
Қазақстан мәдениетінің дамып-жетілуіне соңғы кездерде өткізіліп жүрген
республикалық және халықаралық конкурс-фестивальдің маңызы өте зор. Атап
айтқанда, "Азия дауысы", "Жас қанат", "Дәстүрлер жүлдесі", "Шығыс маусымы",
"Үкілі домбыра", "Жігіттің сұлтаны", "Ермек Серкебаев шақырады" классикалық
музыка фестивалі, мемлекеттік "Қазақкино" компаниясының бастауымен шетелдік
кино күндерін өткізу дәстүрге айналды.
Соңғы жылдары еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент
Н. Ә. Назарбаевтың 2000 жылды - Мәдениетті қолдау жылы деп жариялауының
үлкен маңызы болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерін дамытуға, олардың
материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуір жұмыстар атқарылды. 727
мәдениет мекемелері жаңадан ашылды. Оның қатарында 468 кітапхана, 239 клуб,
5 жаңа театр мен 5 мұражай бар. Театрлар Астанада, Петропавлда, Оралда,
Өскеменде және Түркістан қаласында ашылды. Корей музыкалық комедия театры,
республикалық неміс драма театры, Н. Сац атындағы орыс академиялық балалар
және жасөспірімдер театры жеке ғимараттарға көшті. Мәдениетті қолдау жылы
аясында барлығы 2368 мәдени объекті: 1449 кітапхана, 681 клуб үйі, 49
мұражай, 11 театр, 6 кинотеатр, 2 филармония ғимараттары жөндеуден өтті.
Мәдениетті қолдау жылының шын мәніндегі шарықтау шегі Түркістан қаласының
1500 жылдық тойын тойлаумен сабақтас келді. Бұл үлкен тойды өткізу
барысында Қазақстан мемлекеті Күлтөбе, Отырар сияқты қалалардың, Қожа Ахмет
Иассауидің кесенесін, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәде-ни қорығын т.
б. нысандарды қайтадан жаңғыртты.

1.2.ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілген мәдени шаралар

XXI ғасырдың басында ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілген Түркістан
қаласының 1500 жылдық мерейтойы, Тараз қаласының 2000 жылдығы еліміздің
беделіне бедел қосты. Өйткені Түркістан қаласы қазақ және Орталық Азиядағы
басқа да халықтардың өзіндік бір рухани және мәдени орталығы, екінші Мекке
болып саналады. Осы орайда, біздің мемлекетіміздің мәдениет жөніндегі
саясатының басты назары ұлтымыздың рухани мүмкіндігін әлемге барынша
танытуға бағытталып отырғанын айтқан жөн. Мұның өзі біздің халықаралық
мәдени байланысымызды нығайтуға үлкен ықпалын тигізеді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері аз уақыттың ішінде, қазақ ұлтының және
басқа халықтардың мәдениетін, оның қайнар қуатын тек өз елімізде ғана емес,
сонымен қатар бүкіл әлемге таныта бастады. 1995-1997 жылдары ЮНЕСКО
ауқымында Қазақстан Республикасының екі үлкен мерекесі атап өтілді. Олар:
Ұлы Абайдың 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерей тойлары. 1996
жылы Желтоқсан оқиғаларының 10 жылдығын, 1916 жылғы ұлт-азаттық
қозғалысының 80 жылдығын, дарынды ақын, дана тәлімгер, халықтар достығын
жырлаушы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерей тойын тойлау еліміздің
тарихындағы жарқын оқиға болды. Ал 1997 жыл жалпыұлттық татулық және саяси
қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланып, еліміздің барша
қауымы 1932 жылы 3 миллион адамынан айырылған қазақ халқының ұлы
қасіретінің 65 жылдығын және сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлттық
интеллигенция қасіретінің 60 жылдығын атап өтті.
¥лы Абайдың 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық мерей тойлары
арқылы Қазақстан рухани тәуелсіздігін және әлемдік мәдениеттің үдерісіне
тікелей қатыса алатынын көрсетті. Оған дәлел ретінде кемеңгер жазушы
Мұхтардың шығармашылығының бүкіл дүние жүзінің 72 елінде жариялануын айтуға
болады. Сөйтіп, Абай, Мұхтар шығармалары, оларға арналып өткізілген тойлар
арқылы бұрын белгісіз болып келген қазақ халқы бүкіл әлемге танылды.
2000 жылы қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары Сәбит Мұқановтың, Иса
Байзақовтың, Бауыржан Момышұлының, Жұбан Молдағалиевтіц, Әнуар Әлімжановтың
мерей тойлары кеңінен атап өтілді. Жыл аясында Қазақстан мәдениетінің
дамуына айтулы үлес қосқан республиканың белгілі өнер қайраткерлері Ғ.
Жұбанованың, О. Жәнібековтің, С. Мұхамеджановтың, К. Күмісбековтің және
тағы басқалардың есімдерін мәңгі есте қалдыру шаралары жүзеге асырылды.
Еліміздің Президенті жарлығымен 1998 жыл - Халық бірлігі мен ұлттық тарих
жылы деп атап өтілді. Тарих жылы тұтастай алғанда 23 ірі-ірі ғылыми
форумдардың өткізілуімен ерекшеленді. Соның ішінде Республика ¥лттық ғылым
академиясы тарихында тұңғыш рет АҚШ, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан,
Түркия, Жапония ғалымдарының қатысуымен отандық тарих проблемаларына
арналған арнайы сессия өткізілді. Сондай-ақ, "Жібек жолы және Қазақстан",
"А. Байтұрсынов - ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері", "Құрманғазы және
мыңжылдықтар тоғысындағы дәстүрлі музыка", "Қазақстанмен шекаралас
аумақтардың тас дәуірі" сияқты халықаралық, "Шал Күлекеұлы және ақындық
дәстүр", "Қоғамдық гуманитарлық ғылымдардағы қыпшақтану" және т. б.
республикалық ғылыми конферен-циялар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
XX ғ. соңғы жылы Қазақстан ғалымдары Мұхамед Хайдар Дулати, Қорқыт ата,
Құрманғазы, Амангелді Иманов сияқты бірегей тұлғалардың, сондай-ақ Аңырақай
шайқасының 270 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығы сияқты айтулы мерей
тойларды өткізуге жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізді. Республиканың
барлық облыстарына, сондай-ақ, көрші елдердің шекаралас аудандарына ірі-ірі
24 ғылыми экспедициялар аттандырылды. Олар кең байтақ республикамыздың 74
ауданын аралады. Қазақ деген халық ғұмыр кешкен жерлерде ең ірі, ең іргелі
этно-мәдени зерттеулер жүргізілді. Сонымен қатар қазақ сахарасының ежелгі
дәуірінен мағлұмат беретін археологиялық зерттеулер жасалды. Археологиялық
экспедициялар, негізінен Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде, Ордабасы
тарихи-мәдени аймағында, Орталық Қазақстан аумағындағы ортағасырлық
отырықшылық орталықтары және т. б. жерлерде жұмыс істеді. Осының
нәтижесінде Тараз қаласына таяу жерде тастан өріліп жасалған ғажап
архитектуралық ғимарат - Ақыртас кешені ашылып зерттелді. Халықаралық
деңгейде Италияның Мантуя қаласында "Алтын адам: Қазақстан далалары қола
дәуірінен халықтардың ¥лы қоныс аударуына дейін" - атты көрмесі зор
абыроймен өтті. Көрме өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл мәдениетінің сипаты
Этика ұғымы және оның заты
Мәдениет ғылымының қалыптасып, дамуы
Оқушыларды зергерлік бұйымдардың жасалу технологиясының әдістемелік ерекшеліктеріне бейімдеу
Тіл мәдениеті және сөйлеу әдебі
Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлау жүйесі
Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының қазіргі жағдайы
Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ – түрік әдеби-мәдени байланыстары
Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Мектепті педагогикалық басқарудың құрылымы
Пәндер